"Тарифтерді қалыптастыру қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2019 жылғы 19 қарашадағы № 90 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2021 жылғы 2 маусымдағы № 56 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2021 жылғы 3 маусымда № 22922 болып тіркелді

      БҰЙЫРАМЫН:

      1. "Тарифтерді қалыптастыру қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2019 жылғы 19 қарашадағы № 90 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 19617 болып тіркелген) мынадай өзгерістер енгізілсін:

      көрсетілген бұйрықпен бекітілген Тарифтерді қалыптастыру қағидаларында:

      247-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "247. Сумен жабдықтау және (немесе) су бұру жөніндегі реттеліп көрсетілетін қызметтерге арналған тарифті саралау мақсатында тұтынушылар мынадай топтарға бөлінеді:

      1) бірінші топ – жеке тұлғалар, жылу энергиясын өндіру процесінде өз мұқтаждарына су тұтыну көлемдері және ыстық сумен жабдықтау қызметтерін ұсыну кезінде (ыстық сумен жабдықтаудың ашық жүйесі кезінде) үстемелеп толтыру көлемдерінің шегінде жылу энергиясын өндірумен айналысатын ұйымдар, бекітілген нормативтік техникалық шығындар көлемдерінің шегінде жылу энергиясын берумен және таратумен айналысатын ұйымдар және сумен жабдықтау және (немесе) су бұру саласында реттеліп көрсетілетін қызметтерді ұсынатын ұйымдар;

      2) екінші топ – өзге де тұтынушылар – бірінші және үшінші топқа кірмейтін заңды тұлғалар;

      3) үшінші топ – бюджет қаражаты есебінен ұсталатын ұйымдар.";

      248-тармақ алынып тасталсын;

      249-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "249. Бірінші топ үшін сумен жабдықтау және (немесе) су бұру жөніндегі реттеліп көрсетілетін қызметтерге арналған тариф мынадай формула бойынша айқындалады:



      |мұндағы:

      T1 – бірінші топтың тұтынушылары үшін бір текше метрге сумен жабдықтау және (немесе) үшін сумен жабдықтау және (немесе) су бұру қызметтеріне бір текше метр тариф, теңге;

      T0– бір текше метр үшін сумен жабдықтау және (немесе) су бұру қызметтеріне осы Қағидалардың талаптарын ескере отырып айқындалған тариф, теңге;

      k1– инфляцияға әсерін ескере отырып, айқындалған тұтынушылардың бірінші тобына сумен жабдықтау және (немесе) су бұру қызметтерін көрсетуден түскен кірістерді қайта бөлуге арналған коэффициент.";

      250-тармақ алынып тасталсын;

      251 және 252-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:

      "251. Екінші топ үшін сумен жабдықтау және (немесе) су бұру жөніндегі реттеліп көрсетілетін қызметтерге арналған тариф мынадай формула бойынша айқындалады:



      мұндағы:

      T2 – екінші топтың тұтынушылары үшін бір текше метрге сумен жабдықтау және (немесе) су бұру жөніндегі реттеліп көрсетілетін қызметтерге арналған тариф, теңге;

      T0– бір текше метр үшін сумен жабдықтау және (немесе) су бұру қызметтеріне осы Қағидалардың талаптарын ескере отырып айқындалған тариф, теңге;

      k2– инфляцияға әсерін ескере отырып, айқындалған тұтынушылардың екінші тобына сумен жабдықтау және (немесе) су бұру қызметтерін көрсетуден түскен кірістерді қайта бөлуге арналған коэффициент.

      252. Тұтынушылардың үшінші тобы үшін тариф барлық шығыстарды жабады (оның ішінде тұтынушылардың бірінші және екінші тобы жаппаған шығындардың бір бөлігін өтейді):



      мұндағы:

      T3– тұтынушылардың үшінші тобы үшін сумен жабдықтау және (немесе) су бұру қызметтеріне тариф бір текше метр, теңге;

      V0– барлық тұтынушылардың сумен жабдықтау және (немесе) су бұру қызметтерін тұтыну көлемі, текше метр;

      V1– тұтынушылардың бірінші тобының сумен жабдықтау және (немесе) су бұру қызметтерін тұтыну көлемі, текше метр;

      V2– тұтынушылардың екінші тобының сумен жабдықтау және (немесе) су бұру қызметтерін тұтыну көлемі, текше метр;

      V3– тұтынушылардың үшінші тобының сумен жабдықтау және (немесе) су бұру қызметтерін тұтыну көлемі, текше метр.".

      2. Табиғи монополияларды реттеу комитеті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:

      1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;

      2) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды;

      3) осы бұйрық Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде осы тармақтың 1) және 2) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің Заң департаментіне ұсынуды қамтамасыз етсін.

      3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Ұлттық экономика вице-министріне жүктелсін.

      4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасы
Ұлттық экономика министрі
А. Иргалиев

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасының

      Индустрия және инфрақұрылымдық

      даму министрлігі

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасының

      Экология, геология

      және табиғи ресурстар министрлігі

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасының

      Энергетика министрлігі

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады