Зерттеулердің, консалтингтік көрсетілетін қызметтер мен мемлекеттік тапсырманың құнын айқындау қағидаларын бекіту туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасының Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрінің 2021 жылғы 4 маусымдағы № 195/НҚ бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2021 жылғы 9 маусымда № 22969 болып тіркелді

      Қазақстан Республикасы Бюджет кодексінің 34-бабының 5-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

      1. Қоса беріліп отырған Зерттеулердің, консалтингтік көрсетілетін қызметтер мен мемлекеттік тапсырманың құнын айқындау қағидалары бекітілсін.

      2. Қазақстан Республикасы Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігінің Қаржы және әкімшілік жұмысы департаменті заңнамада белгіленген тәртіппен:

      1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;

      2) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды;

      3) осы бұйрық Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігінің Заң департаментіне осы тармақтың 1) және 2) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтер ұсынуды қамтамасыз етсін.

      3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі аппарат басшысының міндетін атқарушыға жүктелсін.

      4. Осы бұйрық алғаш ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
      Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш
      өнеркәсібі министрі Б. Мусин

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасының

      Қаржы министрлігі

  Қазақстан Республикасының
Цифрлық даму, инновациялар
және аэроғарыш өнеркәсібі
министрінің
2021 жылғы 4 маусымдағы
№ 195/НҚ бұйрығымен
бекітілген

Зерттеулердің, консалтингтік көрсетілетін қызметтер мен мемлекеттік тапсырманың құнын айқындау қағидалары

1-тарау. Жалпы ережелер

      1. Осы Зерттеулердің, консалтингтік көрсетілетін қызметтер мен мемлекеттік тапсырманың құнын айқындау қағидалары (бұдан әрі - Қағидалар) Қазақстан Республикасының 2008 жылғы 4 желтоқсандағы Бюджет кодексінің (бұдан әрі - Бюджет кодексі) 34-бабының 5-тармағына сәйкес әзірленді және Зерттеулердің, консалтингтік көрсетілетін қызметтер мен мемлекеттік тапсырманың құнын белгілеу тәртібін айқындайды.

      2. Осы Қағидаларда қолданылатын негізгі ұғымдар:

      1) арнайы шығыстар - көрсетілетін қызметтердің ерекшелігіне тікелей байланысты шығыстар;

      2) базалық шығыстар - қызметтерді көрсетумен тікелей байланысты тікелей шығындар.

      Осы Қағидаларда пайдаланылатын өзге де ұғымдар мен терминдер Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес қолданылады.

2-тарау. Зерттеулердің, консалтингтік көрсетілетін қызметтер мен мемлекеттік тапсырманың құнын айқындау тәртібі

      3. Мемлекеттік тапсырма нысанында іске асыру жоспарланатын бюджеттік инвестициялық жобалардың құны жобалық-сметалық құжаттама, техникалық-экономикалық негіздеме, қаржы-экономикалық негіздеме және инвестициялық ұсыныс негізінде айқындалады.

      4. Шығыстарды тиімді жоспарлауды қамтамасыз ету мақсатында әкімшілік шығыстар осы Қағидалардың 3-тармағында көзделген жағдайларды қоспағанда, зерттеулерді, консалтингтік қызметтерді және мемлекеттік тапсырманы (бұдан әрі - көрсетілетін қызметтер) орындауға бөлінген тиісті қаржы жылына арналған бюджет қаражаты сомасының 20 пайызынан аспайды.

      5. Көрсетілетін қызметтердің құнын айқындау кезінде осы Қағидаларға қосымшаға сәйкес көрсетілетін қызметтер құнының есебінде көрсетілген негіздеуші құжаттармен расталған базалық және арнайы шығыстар ескеріледі.

      6. Республикалық бюджет қаражаты есебінен қызмет көрсету құнына сыйлықақы төлеуге, мастер-кластар өткізуге арналған шығыстар, өкілдік шығыстар кірмейді.

      7. Көрсетілетін қызметтердің құнын айқындау кезінде базалық және арнайы шығыстарға жатпайтын, сондай-ақ негіздеуші құжаттармен расталмаған шығыстар ескерілмейді.

      8. Келесі жоспарлы кезеңге арналған көрсетілетін қызметтердің құнын айқындау кезінде қаржы нарығының валюталардың айырбастау бағамдарына әсері, инфляция коэффициенті және шарттық міндеттемелерді орындау мерзімінің ұзақтығы ескеріледі.

      9. Зерттеулер жүргізу үшін қажетті тауарлардың құнын айқындау кезінде олардың мемлекеттік сатып алу веб-порталындағы орташа бағасы пайдаланылады.

  Зерттеулердің, консалтингтік
көрсетілетін қызметтер мен
мемлекеттік тапсырманың
құнын айқындау қағидаларына
қосымша
  Нысан

Қызметтер құнының есебі Қызметті орындаушының атауы __________________________________

Шығыс баптарының атауы

Бірлік үшін бағасы (теңге)

Саны

Сомасы (теңге)

Қысқаша негіздеме

1

2

3

4

5

БАРЛЫҒЫ 20__ жыл:





1. Базалық шығыстар:





1) еңбекке ақы төлеу қоры - әлеуетті өнім берушінің немесе мемлекеттік тапсырманы орындаушының бекітілген штат кестесіне сәйкес қызмет көрсетуге тікелей қатысатын мамандардың жалақысы бойынша шығыстар





2) салықтар және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер





3) іссапар шығыстары





4) коммуналдық қызметтер





5) байланыс қызметтері





6) көлік қызметтері





7) полиграфиялық шығыстар (бланк өнімдерін тираждау: сауалнамалар, бағыт парақтары, карточкалар, зерттеу есептері, тест тапсырмалары, құжаттарды түптеу, тігу және өңдеу)





8) үй-жайды жалға алу шығыстары





9) тауар-материалдық қорлар бойынша шығыстар





2. Арнайы шығыстар:





1) қызметтерді орындау үшін қажетті жабдықтар мен құралдарды сатып алу және жөндеу;





2) бөгде ұйымдардың қызметтері, оның ішінде:





банктік кызметтер





күзетті қамтамасыз ету қызметтері





аутсорсинг қызметтері





қатты тұрмыстық қалдықтарды шығару





тар мамандардың қызметтері





зертханааралық салыстырмалы сынақтар





білім беру қызметтері





3) әлеуетті өнім берушінің немесе мемлекеттік тапсырманы орындаушының теңгеріміндегі негізгі құралдардың амортизациялық аударымдары





4) жанар-жағармай материалдарын сатып алу





5) міндетті сақтандыру түрлері





6) нотариаттық қызметтер





7) сарапшылардың, оның ішінде халықаралық сарапшылардың қызметтері





8) утилизациялау





9) стационарлық және жылжымалы зертхананың шығыстары (аккредиттеу, инспекциялық тексеру, өлшеу құралдарын және сынақ жабдығын тексеру, арнайы киім, жеке қорғаныш құралдары, шатырлар, жатын қаптар, сынамаларды іріктеу және сақтауға арналған ыдыстар)





10) экспедициялық шығыстар





11) талдауларды орындауға арналған шығыстар





12) талдамалық материалдарды жариялауға, патенттеуге және сатып алуға арналған шығыстар





13) курьерлік қызметтер (материалдарды тарату)





14) аударма қызметтері





      Бірінші басшы _______________                  ________________________

      Тегі, аты, әкесінің аты

      (болған кезде)

      Бас бухгалтер _________________                  ________________________

      Тегі, аты, әкесінің аты

      (болған кезде)

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады