"Қазақстан Республикасы еңбек заңнамасы сақталуының тәуекел дәрежесін бағалау өлшемшарттары мен тексеру парақтарын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің 2015 жылғы 25 желтоқсандағы № 1022 және Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2015 жылғы 28 желтоқсандағы № 801 бірлескен бұйрығына өзгерістер енгізу туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 2021 жылғы 4 маусымдағы № 194 және Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2021 жылғы 9 маусымдағы № 58 бірлескен бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2021 жылы 10 маусымда № 22986 болып тіркелді

      БҰЙЫРАМЫЗ:

      1. "Қазақстан Республикасы еңбек заңнамасы сақталуының тәуекел дәрежесін бағалау өлшемшарттары мен тексеру парақтарын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің 2015 жылғы 25 желтоқсандағы № 1022 және Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2015 жылғы 28 желтоқсандағы № 801 бірлескен бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 12656 болып тіркелген) мынадай өзгерістер енгізілсін:

      Қазақстан Республикасы еңбек заңнамасының сақталуына тәуекел дәрежесін бағалау субъективті өлшемшарттары осы бұйрыққа 1-қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын;

      Өнім шығарумен және жасаумен, пайдалы қазбаларды игерумен, өндірумен және қайта өңдеумен, құрылыспен және өндірістік қызметтің басқа да түрлерімен айналысатын ұйымдарға қатысты Қазақстан Республикасы еңбек заңнамасының сақталуын тексеру парағы осы бұйрыққа 2-қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын;

      Өндірістік емес саладағы (денсаулық сақтау, білім беру, мәдениет, әлеуметтік қамсыздандыру, сауда, тұру және тамақтану бойынша қызметтер) ұйымдарға қатысты Қазақстан Республикасы еңбек заңнамасының сақталуын тексеру парағы осы бұйрыққа 3-қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын;

      Жұмыскерлері еңбек қызметін кеңсе үй-жайларында жүзеге асыратын өндірістік емес саладағы ұйымдарға қатысты Қазақстан Республикасы еңбек заңнамасының сақталуын тексеру парағы осы бұйрыққа 4-қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.

      2. Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің Еңбек, әлеуметтік қорғау және көші-қон комитеті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:

      1) осы бірлескен бұйрықты Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;

      2) осы бірлескен бұйрық ресми жарияланғаннан кейін оны Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды;

      3) осы бірлескен бұйрық мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде осы тармақтың 1) және 2) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің Заң қызметі департаментіне ұсынуды қамтамасыз етсін.

      3. Осы бірлескен бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау бірінші вице-министрі А. Ә. Сарбасовқа жүктелсін.

      4. Осы бірлескен бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасы
Ұлттық экономика министрі
__________А. Иргалиев
      Қазақстан Республикасының
Еңбек және халықты әлеуметтік
қорғау министрі
__________С. Шапкенов

      КЕЛІСІЛГЕН

      Қазақстан Республикасы
Бас прокуратурасының
      Құқықтық статистика
және арнайы есепке алу
жөніндегі комитеті

  Қазақстан Республикасы
Ұлттық экономика министрінің
2021 жылғы 9 маусымдағы
№ 58 мен
Қазақстан Республикасының
Еңбек және халықты
әлеуметтік қорғау министрі
2021 жылғы 4 маусымдағы
№ 194 бұйрығына
қосымша
  Қазақстан Республикасының
еңбек заңнамасын сақтаудағы
тәуекел дәрежесін бағалау
өлшемшарттарына
қосымша

Тәуекел дәрежесін бағалаудың субъективті өлшемшарттары

Р/с №

Еңбек заңнамасын сақтаудағы тәуекелдер өлшемшарттары

Бұзушылық дәрежесі

Еңбек қызметіне байланысты жазатайым оқиғалар

1

Ауыр немесе адам өлімімен аяқталған еңбек қызметіне байланысты жазатайым оқиғаның болуы

Өрескел

2

Зардап шеккен адамдардың өндірістік жарақаттарының ауырлық дәрежесіне қарамастан, бір мезгілде екі және одан да көп жұмыскерлер ұшыраған еңбек қызметіне байланысты топтық жазатайым оқиғаның болуы

Өрескел

Алдыңғы тексерулердің және субъектіге бару арқылы профилактикалық бақылау нәтижелері (ауырлық дәрежесі төменде көрсетілген талаптарды сақтамаған жағдайда белгіленеді)

1

Ауыр және адам өлімімен аяқталған еңбек қызметіне байланысты жазатайым оқиғаларды тергеп-тексеруді жүргізу сонымен қатар, зардап шеккен адамдардың өндірістік жарақаттарының ауырлық дәрежесіне қарамастан, бір мезгілде екі және одан да көп жұмыскерлер ұшыраған топтық жазатайым оқиғалар

Өрескел

2

Жұмыскерлерге жыл сайынғы ақы төленетін негізгі еңбек демалысын: жыл сайынғы ақы төленетін қосымша еңбек демалысын; оқу демалысын; жүктілікке және баланың (балалардың) тууына, жаңа туған баланы (балаларды) асырап алуға байланысты демалыс; бала үш жасқа толғанға дейін оның күтіміне байланысты жалақы сақталмайтын демалыс беру

Өрескел

3

Жұмыс уақыты мен демалыс уақытының режимдерін сақтау

Өрескел

4

Жалақыны және өзге де төлемдерді толық әрі уақтылы төлеуді қамтамасыз ету, оның ішінде жұмыскердің өмірі мен денсаулығына келтірілген зиянды өтеу

Өрескел

5

Жұмыскерлерді жеке және ұжымдық қорғану құралдарымен, арнайы киіммен қамтамасыз ету

Өрескел

6

Еңбекке уақытша қабілетсіздік парағының сондай-ақ, еңбекке уақытша қабілетсіздік парағын төлеуді растайтын құжат болуы

Елеулі

7

Жыл сайынғы төленетін еңбек демалысының (жыл сайынғы еңбек демалысы) пайдаланылмаған күндері үшін өтемақы төлемдері

Елеулі

8

Өндірістік объектілерді және қосалқы бөлімшелерді жұмыс берушінің аттестаттаудан өткізгенін растайтын аттестаттау нәтижесі туралы есептің болуы

Елеулі

9

Еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау бойынша қызметтің немесе маманның болуы

Елеулі

10

Еңбек қауіпсіздігі жағдайларын жасау, сондай-ақ жұмыскерлерді еңбек қауіпсіздігі мен еңбекті қорғау талаптарына сәйкес жабдықталған жұмыс орнымен, жабдықтармен, құралдармен, техникалық құжаттамамен және еңбек міндеттерін орындауға қажетті құралдармен қамтамасыз ету

Елеулі

11

Еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау мәселелері бойынша оқытуды, нұсқаулық беруді және білімдерін тексеруді жүргізуге арналған құжаттаманың болуы

Елеулі

12

Жұмыскер еңбек (қызметтік) міндеттерін атқарған кезде оны жазатайым оқиғалардан міндетті әлеуметтік сақтандыру, жұмыскерлерді міндетті әлеуметтік сақтандыру шарттарының болуы.
Жұмыс беруші қызметті персонал беру жөніндегі қызметтерді көрсетуге арналған шарт шеңберінде жіберуші тарап ретінде жүзеге асырған жағдайда, ол өзі жасасатын персонал беру жөніндегі қызметтерді көрсетуге арналған шарттарға сәйкес кәсіптік тәуекел сыныбы қабылдаушы тараптың кәсіптік тәуекел сыныбынан немесе қабылдаушы тараптың ең жоғары кәсіптік тәуекел сыныбынан төмен емес экономикалық қызмет түріне жатқызылуға тиіс.

Елеулі

13

Жұмыс берушінің жұмыспен қамту және жұмыс берушінің кінәсінен жұмыста мертігуге, кәсіптік ауруға шалдыққан мүгедектерді кәсіптік оңалту саласындағы міндеттерді сақтауы

Елеулі

14

Еңбек саласындағы құқықтар мен бостандықтарды іске асырудағы тең мүмкіндіктерді қамтамасыз ету (өтініш түскен жағдайда тексеріледі)

Елеулі

15

Тәртіптік жаза қолдану тәртібін сақтау

Елеулі

16

Ұжымдық шарттың, әлеуметтік әріптестік келісімдердің талаптарын орындау

Елеулі

17

Жұмыскерлерге қатысты еңбек шартының болуы

Елеулі

18

Балалардың еңбегін пайдалануға қойылған тыйымды сақтау

Елеулі

19

Еңбекақы төлеу және еңбек жағдайлары бөлігінде, оның ішінде персонал беру жөніндегі қызметтер көрсетуге арналған шарт жасасу кезінде жіберуші тараптың қызметкерлеріне қатысты еңбек саласындағы кемсітушілік

Өрескел

20

Жеке еңбек дауларын қарау жөніндегі келісу комиссиясын құру туралы жұмыс берушінің актісінің болуы, сондай-ақ келісу комиссиясының жеке еңбек дауын белгіленген мерзімдерде қарауы

Елеулі

21

Жыл сайынғы ақы төленетін негізгі еңбек демалысын, ең төменгі айлық жалақы беру, күнделікті жұмыс ұзақтығы (жұмыс ауысымы) және ерекше жұмыс режимімен және еңбек жағдайларымен, жұмысынан айрылумен, жұмыскердің еңбек міндеттерін немесе Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген өзге де міндеттерді орындаумен байланысты шығындарын өтеумен байланысты өтемақы төлемдері, сондай-ақ жұмыскерлерді немесе еңбек қатынастарында тұрмайтын өзге де адамдарды кәсіптік даярлау, қайта даярлау және біліктілігін арттыру бойынша төлемдер бөлігіндегі кепілдіктерді жүзеге асыру

Елеулі

22

Жұмыскердің еңбек қызметін растайтын құжаттарды, сондай-ақ еңбек қызметімен байланысты өзге де құжаттарды беру

Елеулі

23

Мүгедектер, пробация қызметінің есебінде тұрған адамдар, сондай-ақ бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған адамдар және ата-анасынан айырылған немесе кәмелеттік жасқа толғанға дейін ата-анасының қамқорлығынсыз қалған білім беру ұйымдарының түлектері болып табылатын жастар қатарындағы азаматтар үшін жұмыс орындарының белгіленген квотасын орындау, сондай-ақ уәкілетті органға жұмыс берушінің таратылуына байланысты жұмыскерлердің алдағы жұмыстан босатылуы туралы ақпаратты беруі, уәкілетті органға бос жұмыс орындары туралы мәліметтерді уақтылы беру, жұмысқа қабылдау немесе жұмысқа қабылдаудан бас тарту туралы уақтылы хабарлау

Болмашы

24

Жұмыс берушінің шетелдік жұмыс күшін жергілікті атқарушы органның рұқсатынсыз тартуы немесе халықтың көші-қоны мәселелері жөніндегі уәкілетті орган берген өз бетінше жұмысқа орналасу үшін біліктілік сәйкестігі туралы анықтамалары немесе еңбекші көшіп келушіге ішкі істер органдары беретін рұқсаттары жоқ шетелдіктер мен азаматтығы жоқ адамдардың еңбегін пайдалануы, сонымен қатар жұмыс берушiнiң шетелдiк жұмыскердi жергiлiктi атқарушы органның шетелдiк жұмыс күшiн тартуға рұқсатында көрсетiлген лауазымға (кәсiпке немесе мамандыққа) сәйкес келмейтiн лауазымға (кәсiпке немесе мамандыққа) тартуы.
Жұмыс беруші рұқсаттар бойынша тартатын шетелдік жұмыс күшінің саны еңбек қызметін персонал беру жөніндегі қызметтерді көрсетуге арналған шарт шеңберінде жүзеге асыратын жіберуші тараптың жұмыскерлері ескеріле отырып, халықты жұмыспен қамту мәселелері жөніндегі уәкілетті орган айқындайтын қазақстандық кадрлар санының пайыздық арақатынасына сәйкес келуге тиіс.

Өрескел

25

Жұмыс беруші жұмысқа қабылдау, жұмыстан босату, ауыстыру, төлеу, шектету, жүргізілген ұсталымдар, демалыстар беру, қосымша төлемдерін белгілеу және кепілдіктер бөлігінде тиісті тұрде қабылдаған актілердің сәйкес келуі

Болмашы

26

Жұмыс берушінің қызметкермен еңбек шартын жасасу және тоқтату, қызметкер мен жұмыс берушінің деректемелері бөлігінде мәліметтерді қамтитын оған енгізілетін өзгерістер мен (немесе) толықтырулар туралы ақпаратты, белгілі бір мамандық, кәсіп, біліктілік немесе лауазым бойынша жұмысты (еңбек функциясын), жұмыстың орындалатын орнын, еңбек шартының мерзімін, жұмыстың басталу күнін, еңбек шартының жасалған күні мен реттік нөмірін еңбек шарттарын есепке алудың бірыңғай жүйесіне енгізу

Өрескел

27

Өндірістік кәсіпорындарда еңбекті қорғауды басқару жүйесін енгізу және оның жұмыс істеуіне бақылау жүргізу

Өрескел

28

Мәжбүрлі еңбекті пайдалануға тыйымды сақтау

Өрескел

Уәкілетті органдар мен ұйымдар ұсынатын мәліметтерді талдау нәтижелері

1

Жұмыскерді еңбек (қызметтік) міндеттерін орындауы кезінде жазатайым оқиғалардан міндетті әлеуметтік сақтандыру шартының жасалмауы туралы мәліметтердің болуы

Өрескел

Бақылау субъектісі ұсынатын, оның ішінде мемлекеттік органдар, мекемелер және салалық ұйымдар жүргізетін автоматтандырылған ақпараттық жүйелер арқылы берілетін есептілік пен мәліметтерді мониторингілеу нәтижелері

1

Кәсіпорындар ұсынатын өндірістік объектілерді еңбек жағдайлары бойынша аттестаттаудан өткізу нәтижелерін Қазақстан Республикасының Ұлттық экономика министрлігінің Статистика комитетінің республиканың зиянды, ауыр және (немесе) қауіпті еңбек жағдайлары бар кәсіпорындары бойынша мәліметтерімен салыстыру кезіндегі сәйкессіздіктердің анықталуы

Елеулі

2

Басшылар мен қауіпсіздік және еңбекті қорғауды қамтамасыз етуге жауапты адамдардың еңбек қауіпсіздігі және оны қорғау бойынша білімдерін тексерудің қанағаттанарлықсыз нәтижесі

Өрескел

3

Өндірістік объектілерді еңбек жағдайларына байланысты аттестаттау бойынша есептерден мынадай көрсеткіштерге сәйкессіздікті анықтау:
1) өндірістік орта факторларының зияндығы мен қауіптілігі; 2) жеке қорғаныс құралдарын беру нормасына сәйкес қамтамасыз ету;
3) жарақаттану қауіпсіздігі;
4) еңбек процесінің ауырлығы;
5) еңбек процесінің шиеленісі;

Өрескел

Расталған шағымдар мен өтініштердің болуы және саны

1

Тексеру нәтижелерімен расталған жалақы төленбеу (үш немесе одан көп ай) мәселесі бойынша бір жыл ішінде жеке тұлғалардың жүгінуі туралы бірнеше фактілер (екі және одан да көп) не бiр ұжымдық өтiнiш

Өрескел

  Қазақстан Республикасы
Ұлттық экономика министрінің
2021 жылғы 9 маусымдағы
№ 58 мен
Қазақстан Республикасының
Еңбек және халықты
әлеуметтік қорғау министрі
2021 жылғы 4 маусымдағы
№ 194 бұйрығына
қосымша
  Қазақстан Республикасы
Денсаулық сақтау және
әлеуметтік даму министрінің
2015 жылғы 25 желтоқсандағы
№ 1022 және
Қазақстан Республикасы
Ұлттық экономика министрінің
2015 жылғы 28 желтоқсандағы
№ 801 бірлескен бұйрығына
2-қосымша

Өнім шығарумен және жасаумен, пайдалы қазбаларды игерумен, өндірумен және қайта өңдеумен, құрылыспен және өндірістік қызметтің басқа да түрлерімен айналысатын ұйымдарға қатысты Қазақстан Республикасы еңбек заңнамасының сақталуын тексеру парағы

      Бақылау субъектісіне бару арқылы тексеруді/профилактикалық

      бақылауды тағайындаған мемлекеттік орган

      _________________________________________________________________

      Бақылау субъектісіне бару арқылы тексеру/профилактикалық бақылау

      тағайындау туралы акт

      _________________________________________________________________

      (№, күні)

      Бақылау субъектісінің атауы

      Бақылау субъектісінің жеке сәйкестендіру нөмірі, бизнес сәйкестендіру нөмірі

      Орналасқан мекенжайы _______________________________________

      _________________________________________________________________

Р/с №

Талаптардың тізбесі

Талап етіледі

Талап етілмейді

Талаптарға сәйкес келеді

Талаптарға сәйкес келмейді

1

Ауыр және адам өлімімен аяқталған еңбек қызметіне байланысты жазатайым оқиғаларды тергеп-тексеруді жүргізу, сонымен бірге зардап шеккен адамдардың өндірістік жарақаттарының ауырлық дәрежесіне қарамастан, бір мезгілде екі және одан да көп жұмыскерлер ұшыраған топтық жазатайым оқиғалар

2

Жұмыскерлерге жыл сайынғы ақы төленетін негізгі еңбек демалысын: жыл сайынғы ақы төленетін қосымша еңбек демалысын; оқу демалысын; жүктілікке және баланың (балалардың) тууына, жаңа туған баланы (балаларды) асырап алуға байланысты демалыс; бала үш жасқа толғанға дейін оның күтіміне байланысты жалақы сақталмайтын демалыс беру

3

Жұмыс уақыты мен демалыс уақытының режимдерін сақтау

4

Жалақыны және өзге де төлемдерді толық әрі уақтылы төлеуді қамтамасыз ету, оның ішінде жұмыскердің өмірі мен денсаулығына келтірілген зиянды өтеу

5

Жұмыскерлерді жеке және ұжымдық қорғану құралдарымен, арнайы киіммен қамтамасыз ету

6

Еңбекке уақытша қабілетсіздік парағының сондай-ақ, еңбекке уақытша қабілетсіздік парағын төлеуді растайтын құжат болуы

7

Жыл сайынғы төленетін еңбек демалысының (жыл сайынғы еңбек демалысы) пайдаланылмаған күндері үшін өтемақы төлемдері

8

Еңбек жағдайлары бойынша өндірістік объектілерді және қосалқы бөлімшелерді жұмыс берушінің аттестаттаудан өткізгенін растайтын аттестаттау нәтижесі туралы есептің болуы

9

Еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау бойынша қызметтің немесе маманның болуы

10

Еңбек қауіпсіздігі жағдайларын жасау, сондай-ақ жұмыскерлерді еңбек қауіпсіздігі мен еңбекті қорғау талаптарына сәйкес жабдықталған жұмыс орнымен, жабдықтармен, құралдармен, техникалық құжаттамамен және еңбек міндеттерін орындауға қажетті құралдармен қамтамасыз ету

11

Еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау мәселелері бойынша оқытуды, нұсқаулық беруді және білімдерін тексеруді жүргізуге арналған құжаттаманың болуы

12

Жұмыскер еңбек (қызметтік) міндеттерін атқарған кезде оны жазатайым оқиғалардан міндетті әлеуметтік сақтандыру, жұмыскерлерді міндетті әлеуметтік сақтандыру шарттарының болуы.
Жұмыс беруші қызметті персонал беру жөніндегі қызметтерді көрсетуге арналған шарт шеңберінде жіберуші тарап ретінде жүзеге асырған жағдайда, ол өзі жасасатын персонал беру жөніндегі қызметтерді көрсетуге арналған шарттарға сәйкес кәсіптік тәуекел сыныбы қабылдаушы тараптың кәсіптік тәуекел сыныбынан немесе қабылдаушы тараптың ең жоғары кәсіптік тәуекел сыныбынан төмен емес экономикалық қызмет түріне жатқызылуға тиіс.

13

Жұмыс берушінің жұмыспен қамту және жұмыс берушінің кінәсінен жұмыста мертігуге, кәсіптік ауруға шалдыққан мүгедектерді кәсіптік оңалту саласындағы міндеттерді сақтауы

14

Еңбек саласындағы құқықтар мен бостандықтарды іске асырудағы тең мүмкіндіктерді қамтамасыз ету (өтініштер түскен жағдайда тексеріледі)

15

Тәртіптік жаза қолдану тәртібін сақтау

16

Ұжымдық шарттың, әлеуметтік әріптестік келісімдерінің талаптарын орындау

17

Жұмыскерлерге қатысты еңбек шартының болуы

18

Балалардың еңбегін пайдалануға қойылған тыйымды сақтау

19

Еңбекақы төлеу және еңбек жағдайлары бөлігінде, оның ішінде персонал беру жөніндегі қызметтер көрсетуге арналған шарт жасасу кезінде жіберуші тараптың қызметкерлеріне қатысты еңбек саласындағы кемсітушілік

20

Жеке еңбек дауларын қарау жөніндегі келісу комиссиясын құру туралы жұмыс берушінің актісінің болуы, сондай-ақ келісу комиссиясының жеке еңбек дауын белгіленген мерзімдерде қарауы

21

Жыл сайынғы ақы төленетін негізі еңбек демалысын, ең төменгі айлық жалақы, күнделікті жұмыстың ұзақтығы (ауысымдық жұмыс) ұсыну бойынша кепілдіктерді жүзеге асыру, арнайы жұмыс режимі мен еңбек жағдайлары, жұмысынан айрылу, жұмыскердің еңбек өтіліне байланысты шығындардың немесе Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген өзге де шығындарын өтеуіне байланысты өтемақы төлемдері сондай-ақ жұмыскерлердің немесе еңбек қатынастарында болмайтын басқа тұлғалардың біліктілігін арттыру, қайта даярлау және біліктілігін арттыру бойынша төлемдер

22

Жұмыскердің еңбек қызметін растайтын құжаттарды, сондай-ақ еңбек қызметімен байланысты өзге де құжаттарды беру

23

Мүгедектер, пробация қызметінің есебінде тұрған адамдар, сондай-ақ бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған адамдар және ата-анасынан айырылған немесе кәмелеттік жасқа толғанға дейін ата-анасының қамқорлығынсыз қалған білім беру ұйымдарының түлектері болып табылатын жастар қатарындағы азаматтар үшін жұмыс орындарының белгіленген квотасын орындау, сондай-ақ уәкілетті органға жұмыс берушінің таратылуына байланысты жұмыскерлердің алдағы жұмыстан босатылуы туралы ақпаратты беруі, уәкілетті органға бос жұмыс орындары туралы мәліметтерді уақтылы беру, жұмысқа қабылдау немесе жұмысқа қабылдаудан бас тарту туралы уақтылы хабарлау

24

Жұмыс берушінің шетелдік жұмыс күшін жергілікті атқарушы органның рұқсатынсыз тартуы немесе халықтың көші-қоны мәселелері жөніндегі уәкілетті орган берген өз бетінше жұмысқа орналасу үшін біліктілік сәйкестігі туралы анықтамалары немесе еңбекші көшіп келушіге ішкі істер органдары беретін рұқсаттары жоқ шетелдіктер мен азаматтығы жоқ адамдардың еңбегін пайдалануы, сонымен қатар жұмыс берушiнiң шетелдiк жұмыскердi жергiлiктi атқарушы органның шетелдiк жұмыс күшiн тартуға рұқсатында көрсетiлген лауазымға (кәсiпке немесе мамандыққа) сәйкес келмейтiн лауазымға (кәсiпке немесе мамандыққа) тартуы.
Жұмыс беруші рұқсаттар бойынша тартатын шетелдік жұмыс күшінің саны еңбек қызметін персонал беру жөніндегі қызметтерді көрсетуге арналған шарт шеңберінде жүзеге асыратын жіберуші тараптың жұмыскерлері ескеріле отырып, халықты жұмыспен қамту мәселелері жөніндегі уәкілетті орган айқындайтын қазақстандық кадрлар санының пайыздық арақатынасына сәйкес келуге тиіс.

25

Жұмыс беруші жұмысқа қабылдау, жұмыстан босату, демалыстар беру, қосымша төлемдер, өтемақы төлемдері мен кепілдіктер, беру, төлеу, тоқтата тұру, ұстап қалу, ұстап қалу бөлігінде еңбек қатынастарына қатысты қабылдаған актілердің болуы

26

Жұмыс берушінің қызметкермен еңбек шартын жасасу және тоқтату, қызметкер мен жұмыс берушінің деректемелері бөлігінде мәліметтерді қамтитын оған енгізілетін өзгерістер мен (немесе) толықтырулар туралы ақпаратты, белгілі бір мамандық, кәсіп, біліктілік немесе лауазым бойынша жұмысты (еңбек функциясын), жұмыстың орындалатын орнын, еңбек шартының мерзімін, жұмыстың басталу күнін, еңбек шартының жасалған күні мен реттік нөмірін еңбек шарттарын есепке алудың бірыңғай жүйесіне енгізу

27

Өндірістік кәсіпорындарда еңбекті қорғауды басқару жүйесін енгізу және оның жұмыс істеуіне бақылау жүргізу

28

Мәжбүрлі еңбекті қолдануға тыйымды сақтау

      Лауазымды адам (адамдар) ___________ ________________________

      (лауазымы, қолы)

      _________________________________________________________________

      тегі, аты, әкесінің аты (бар болған жағдайда)

      Бақылау субъектісінің басшысы

      _________________________________________________________________

      (лауазымы, қолы)

      _________________________________________________________________

      тегі, аты, әкесінің аты (бар болған жағдайда)

  Қазақстан Республикасы
  Ұлттық экономика министрінің
  2021 жылғы 9 маусымдағы
  № 58 мен
  Қазақстан Республикасының
  Еңбек және халықты
  әлеуметтік қорғау министрі
  2021 жылғы 4 маусымдағы
  № 194 бұйрығына
  қосымша
  Қазақстан Республикасы
  Денсаулық сақтау және
  әлеуметтік даму министрінің
  2015 жылғы 25 желтоқсандағы
  № 1022 және
  Қазақстан Республикасы
  Ұлттық экономика министрінің
  2015 жылғы 28 желтоқсандағы
  № 801 бірлескен бұйрығына
  3-қосымша

Өндірістік емес саладағы (денсаулық сақтау, білім беру, мәдениет, әлеуметтік қамсыздандыру, сауда, тұру және тамақтану бойынша қызметтер) ұйымдарға қатысты Қазақстан Республикасы еңбек заңнамасының сақталуын тексеру парағы

      Бақылау субъектісіне бару арқылы тексеруді/профилактикалық бақылауды тағайындаған мемлекеттік орган

      _________________________________________________________________

      _________________________________________________________________

      Бақылау субъектісіне бару арқылы тексеру/профилактикалық бақылау тағайындау туралы акт

      _________________________________________________________________

      (№, күні)

      Бақылау субъектісінің атауы

      _________________________________________________________________

      _________________________________________________________________

      Бақылау субъектісінің жеке сәйкестендіру нөмірі, бизнес сәйкестендіру нөмірі

      _________________________________________________________________

      Орналасқан мекенжайы ____________________________________________

      ______________________________________________________________________

Р/с №

Талаптардың тізбесі

Талап етіледі

Талап етілмейді

Талаптарға сәйкес келеді

Талаптарға сәйкес келмейді

1

Ауыр және адам өлімімен аяқталған еңбек қызметіне байланысты жазатайым оқиғаларды тергеп-тексеруді жүргізу, сонымен бірге зардап шеккен адамдардың өндірістік жарақаттарының ауырлық дәрежесіне қарамастан, бір мезгілде екі және одан да көп жұмыскерлер ұшыраған топтық жазатайым оқиғалар

2

Жұмыскерлерге жыл сайынғы ақы төленетін негізгі еңбек демалысын: жыл сайынғы ақы төленетін қосымша еңбек демалысын; оқу демалысын; жүктілікке және баланың (балалардың) тууына, жаңа туған баланы (балаларды) асырап алуға байланысты демалыс; бала үш жасқа толғанға дейін оның күтіміне байланысты жалақы сақталмайтын демалыс беру

3.

Жұмыс уақыты мен демалыс уақытының режимдерін сақтау

4.

Жалақыны және өзге де төлемдерді толық әрі уақтылы төлеуді қамтамасыз ету, оның ішінде жұмыскердің өмірі мен денсаулығына келтірілген зиянды өтеу

5.

Жұмыскерлерді жеке және ұжымдық қорғану құралдарымен, арнайы киіммен қамтамасыз ету

6.

Еңбекке уақытша қабілетсіздік парағының сондай-ақ, еңбекке уақытша қабілетсіздік парағын төлеуді растайтын құжат болуы

7.

Жыл сайынғы төленетін еңбек демалысының (жыл сайынғы еңбек демалысы) пайдаланылмаған күндері үшін өтемақы төлемдері

8.

Еңбек жағдайлары бойынша өндірістік объектілерді және қосалқы бөлімшелерді жұмыс берушінің аттестаттаудан өткізгенін растайтын аттестаттау нәтижесі туралы есептің болуы

9.

Еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау бойынша қызметтің немесе маманның болуы

10.

Еңбек қауіпсіздігі жағдайларын жасау, сондай-ақ жұмыскерлерді еңбек қауіпсіздігі мен еңбекті қорғау талаптарына сәйкес жабдықталған жұмыс орнымен, жабдықтармен, құралдармен, техникалық құжаттамамен және еңбек міндеттерін орындауға қажетті құралдармен қамтамасыз ету

11.

Еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау мәселелері бойынша оқытуды, нұсқаулық беруді және білімдерін тексеруді жүргізуге арналған құжаттаманың болуы

12.

Жұмыскер еңбек (қызметтік) міндеттерін атқарған кезде оны жазатайым оқиғалардан міндетті әлеуметтік сақтандыру, жұмыскерлерді міндетті әлеуметтік сақтандыру шарттарының болуы.
Жұмыс беруші қызметті персонал беру жөніндегі қызметтерді көрсетуге арналған шарт шеңберінде жіберуші тарап ретінде жүзеге асырған жағдайда, ол өзі жасасатын персонал беру жөніндегі қызметтерді көрсетуге арналған шарттарға сәйкес кәсіптік тәуекел сыныбы қабылдаушы тараптың кәсіптік тәуекел сыныбынан немесе қабылдаушы тараптың ең жоғары кәсіптік тәуекел сыныбынан төмен емес экономикалық қызмет түріне жатқызылуға тиіс.

13.

Жұмыс берушінің жұмыспен қамту және жұмыс берушінің кінәсінен жұмыста мертігуге, кәсіптік ауруға шалдыққан мүгедектерді кәсіптік оңалту саласындағы міндеттерді сақтауы

14.

Еңбек саласындағы құқықтар мен бостандықтарды іске асырудағы тең мүмкідіктерді қамтамасыз ету (өтініштер түскен жағдайда тексеріледі)

15.

Тәртіптік жаза қолдану тәртібін сақтау

16.

Ұжымдық шарттың, әлеуметтік әріптестік келісімдерінің талаптарын орындау

17.

Жұмыскерлерге қатысты еңбек шартының болуы

18.

Балалардың еңбегін пайдалануға қойылған тыйымды сақтау

19.

Еңбекақы төлеу және еңбек жағдайлары бөлігінде, оның ішінде персонал беру жөніндегі қызметтер көрсетуге арналған шарт жасасу кезінде жіберуші тараптың қызметкерлеріне қатысты еңбек саласындағы кемсітушілік

20

Жеке еңбек дауларын қарау жөніндегі келісу комиссиясын құру туралы жұмыс берушінің актісінің болуы, сондай-ақ келісу комиссиясының жеке еңбек дауын белгіленген мерзімдерде қарауы

21.

Жыл сайынғы ақы төленетін негізі еңбек демалысын, ең төменгі айлық жалақы, күнделікті жұмыстың ұзақтығы (ауысымдық жұмыс) ұсыну бойынша кепілдіктерді жүзеге асыру, арнайы жұмыс режимі мен еңбек жағдайлары, жұмысынан айрылу, жұмыскердің еңбек өтіліне байланысты шығындардың немесе Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген өзге де шығындарын өтеуіне байланысты өтемақы төлемдері сондай-ақ жұмыскерлердің немесе еңбек қатынастарында болмайтын басқа тұлғалардың біліктілігін арттыру, қайта даярлау және біліктілігін арттыру бойынша төлемдер

22.

Жұмыскердің еңбек қызметін растайтын құжаттарды, сондай-ақ еңбек қызметімен байланысты өзге де құжаттарды беру

23.

Мүгедектер, пробация қызметінің есебінде тұрған адамдар, сондай-ақ бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған адамдар және ата-анасынан айырылған немесе кәмелеттік жасқа толғанға дейін ата-анасының қамқорлығынсыз қалған білім беру ұйымдарының түлектері болып табылатын жастар қатарындағы азаматтар үшін жұмыс орындарының белгіленген квотасын орындау, сондай-ақ уәкілетті органға жұмыс берушінің таратылуына байланысты жұмыскерлердің алдағы жұмыстан босатылуы туралы ақпаратты беруі, уәкілетті органға бос жұмыс орындары туралы мәліметтерді уақтылы беру, жұмысқа қабылдау немесе жұмысқа қабылдаудан бас тарту туралы уақтылы хабарлау

24.

Жұмыс берушінің шетелдік жұмыс күшін жергілікті атқарушы органның рұқсатынсыз тартуы немесе халықтың көші-қоны мәселелері жөніндегі уәкілетті орган берген өз бетінше жұмысқа орналасу үшін біліктілік сәйкестігі туралы анықтамалары немесе еңбекші көшіп келушіге ішкі істер органдары беретін рұқсаттары жоқ шетелдіктер мен азаматтығы жоқ адамдардың еңбегін пайдалануы, сонымен қатар жұмыс берушiнiң шетелдiк жұмыскердi жергiлiктi атқарушы органның шетелдiк жұмыс күшiн тартуға рұқсатында көрсетiлген лауазымға (кәсiпке немесе мамандыққа) сәйкес келмейтiн лауазымға (кәсiпке немесе мамандыққа) тартуы.
Жұмыс беруші рұқсаттар бойынша тартатын шетелдік жұмыс күшінің саны еңбек қызметін персонал беру жөніндегі қызметтерді көрсетуге арналған шарт шеңберінде жүзеге асыратын жіберуші тараптың жұмыскерлері ескеріле отырып, халықты жұмыспен қамту мәселелері жөніндегі уәкілетті орган айқындайтын қазақстандық кадрлар санының пайыздық арақатынасына сәйкес келуге тиіс.

25.

Жұмыс беруші жұмысқа қабылдау, жұмыстан босату, демалыстар беру, қосымша төлемдер, өтемақы төлемдері мен кепілдіктер, беру, төлеу, тоқтата тұру, ұстап қалу, ұстап қалу бөлігінде еңбек қатынастарына қатысты қабылдаған актілердің болуы

26

Жұмыс берушінің қызметкермен еңбек шартын жасасу және тоқтату, қызметкер мен жұмыс берушінің деректемелері бөлігінде мәліметтерді қамтитын оған енгізілетін өзгерістер мен (немесе) толықтырулар туралы ақпаратты, белгілі бір мамандық, кәсіп, біліктілік немесе лауазым бойынша жұмысты (еңбек функциясын), жұмыстың орындалатын орнын, еңбек шартының мерзімін, жұмыстың басталу күнін, еңбек шартының жасалған күні мен реттік нөмірін еңбек шарттарын есепке алудың бірыңғай жүйесіне енгізу

27

Мәжбүрлі еңбекті қолдануға тыйымды сақтау

      Лауазымды адам (адамдар) ____________________________________

      (лауазымы, қолы)

      _________________________________________________________________

      тегі, аты, әкесінің аты (бар болған жағдайда)

      Бақылау субъектісінің басшысы

      _________________________________________________________________

      (лауазымы, қолы)

      _________________________________________________________________

      тегі, аты, әкесінің аты (бар болған жағдайда)

  Қазақстан Республикасы
Ұлттық экономика министрінің
2021 жылғы 9 маусымдағы
№ 58 мен
Қазақстан Республикасының
Еңбек және халықты
әлеуметтік қорғау министрі
2021 жылғы 4 маусымдағы
№ 194 бұйрығына
қосымша
  Қазақстан Республикасы
Денсаулық сақтау және
әлеуметтік даму министрінің
2015 жылғы 25 желтоқсандағы
№ 1022 және
Қазақстан Республикасы
Ұлттық экономика министрінің
2015 жылғы 28 желтоқсандағы
№ 801 бірлескен бұйрығына
4-қосымша

Жұмыскерлері еңбек қызметін кеңсе үй-жайларында жүзеге асыратын өндірістік емес саладағы ұйымдарға қатысты Қазақстан Республикасы еңбек заңнамасының сақталуын тексеру парағы

      Бақылау субъектісіне бару арқылы тексеруді/профилактикалық

      бақылауды тағайындаған мемлекеттік орган

      _________________________________________________________________

      _________________________________________________________________

      Бақылау субъектісіне бару арқылы тексеру/профилактикалық бақылау тағайындау туралы акт

      _________________________________________________________________

      (№, күні)

      Бақылау субъектісінің атауы

      _________________________________________________________________

      _________________________________________________________________

      Бақылау субъектісінің жеке сәйкестендіру нөмірі, бизнес сәйкестендіру нөмірі

      _________________________________________________________________

      Орналасқан мекенжайы ____________________________________________

      _________________________________________________________________

Р/с №

Талаптардың тізбесі

Талап етіледі

Талап етілмейді

Талаптарға сәйкес келеді

Талаптарға сәйкес келмейді

1

Ауыр және адам өлімімен аяқталған еңбек қызметіне байланысты жазатайым оқиғаларды тергеп-тексеруді жүргізу сонымен қатар, зардап шеккен адамдардың өндірістік жарақаттарының ауырлық дәрежесіне қарамастан, бір мезгілде екі және одан да көп жұмыскерлер ұшыраған топтық жазатайым оқиғалар

2

Жұмыскерлерге жыл сайынғы ақы төленетін негізгі еңбек демалысын: жыл сайынғы ақы төленетін қосымша еңбек демалысын; оқу демалысын; жүктілікке және баланың (балалардың) тууына, жаңа туған баланы (балаларды) асырап алуға байланысты демалыс; бала үш жасқа толғанға дейін оның күтіміне байланысты жалақы сақталмайтын демалыс беру

3.

Жұмыс уақыты мен демалыс уақытының режимдерін сақтау

4.

Жалақыны және өзге де төлемдерді толық әрі уақтылы төлеуді қамтамасыз ету, оның ішінде жұмыскердің өмірі мен денсаулығына келтірілген зиянды өтеу

5.

Еңбекке уақытша қабілетсіздік парағының сондай-ақ, еңбекке уақытша қабілетсіздік парағын төлеуді растайтын құжат болуы

6.

Жыл сайынғы төленетін еңбек демалысының (жыл сайынғы еңбек демалысы) пайдаланылмаған күндері үшін өтемақы төлемдері

7.

Еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау бойынша қызметтің немесе маманның болуы

8.

Еңбек қауіпсіздігі жағдайларын жасау, сондай-ақ жұмыскерлерді еңбек қауіпсіздігі мен еңбекті қорғау талаптарына сәйкес жабдықталған жұмыс орнымен, жабдықтармен, құралдармен, техникалық құжаттамамен және еңбек міндеттерін орындауға қажетті құралдармен қамтамасыз ету

9.

Еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау мәселелері бойынша оқытуды, нұсқаулық беруді және білімдерін тексеруді жүргізуге арналған құжаттаманың болуы

10.

Жұмыскер еңбек (қызметтік) міндеттерін атқарған кезде оны жазатайым оқиғалардан міндетті әлеуметтік сақтандыру, жұмыскерлерді міндетті әлеуметтік сақтандыру шарттарының болуы.
Жұмыс беруші қызметті персонал беру жөніндегі қызметтерді көрсетуге арналған шарт шеңберінде жіберуші тарап ретінде жүзеге асырған жағдайда, ол өзі жасасатын персонал беру жөніндегі қызметтерді көрсетуге арналған шарттарға сәйкес кәсіптік тәуекел сыныбы қабылдаушы тараптың кәсіптік тәуекел сыныбынан немесе қабылдаушы тараптың ең жоғары кәсіптік тәуекел сыныбынан төмен емес экономикалық қызмет түріне жатқызылуға тиіс.

11.

Жұмыс берушінің жұмыспен қамту және жұмыс берушінің кінәсінен жұмыста мертігуге, кәсіптік ауруға шалдыққан мүгедектерді кәсіптік оңалту саласындағы міндеттерді сақтауы

12.

Еңбек саласындағы құқықтар мен бостандықтарды іске асырудағы тең мүмкідіктерді қамтамасыз ету (өтініштер түскен жағдайда тексеріледі)

13.

Тәртіптік жаза қолдану тәртібін сақтау

14.

Ұжымдық шарттың, әлеуметтік әріптестік келісімдерінің талаптарын орындау

15.

Жұмыскерлерге қатысты еңбек шартының болуы

16.

Балалардың еңбегін пайдалануға қойылған тыйымды сақтау

17.

Еңбекақы төлеу және еңбек жағдайлары бөлігінде, оның ішінде персонал беру жөніндегі қызметтер көрсетуге арналған шарт жасасу кезінде жіберуші тараптың қызметкерлеріне қатысты еңбек саласындағы кемсітушілік

18.

Жеке еңбек дауларын қарау жөніндегі келісу комиссиясын құру туралы жұмыс берушінің актісінің болуы, сондай-ақ келісу комиссиясының жеке еңбек дауын белгіленген мерзімдерде қарауы

19.

Жыл сайынғы ақы төленетін негізі еңбек демалысын, ең төменгі айлық жалақы, күнделікті жұмыстың ұзақтығы (ауысымдық жұмыс) ұсыну бойынша кепілдіктерді жүзеге асыру, арнайы жұмыс режимі мен еңбек жағдайлары, жұмысынан айрылу, жұмыскердің еңбек өтіліне байланысты шығындардың немесе Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген өзге де шығындарын өтеуіне байланысты өтемақы төлемдері сондай-ақ жұмыскерлердің немесе еңбек қатынастарында болмайтын басқа тұлғалардың біліктілігін арттыру, қайта даярлау және біліктілігін арттыру бойынша төлемдер

20

Жұмыскердің еңбек қызметін растайтын құжаттарды, сондай-ақ еңбек қызметімен байланысты өзге де құжаттарды беру

21.

Мүгедектер, пробация қызметінің есебінде тұрған адамдар, сондай-ақ бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған адамдар және ата-анасынан айырылған немесе кәмелеттік жасқа толғанға дейін ата-анасының қамқорлығынсыз қалған білім беру ұйымдарының түлектері болып табылатын жастар қатарындағы азаматтар үшін жұмыс орындарының белгіленген квотасын орындау, сондай-ақ уәкілетті органға жұмыс берушінің таратылуына байланысты жұмыскерлердің алдағы жұмыстан босатылуы туралы ақпаратты беруі, уәкілетті органға бос жұмыс орындары туралы мәліметтерді уақтылы беру, жұмысқа қабылдау немесе жұмысқа қабылдаудан бас тарту туралы уақтылы хабарлау

22.

Жұмыс берушінің шетелдік жұмыс күшін жергілікті атқарушы органның рұқсатынсыз тартуы немесе халықтың көші-қоны мәселелері жөніндегі уәкілетті орган берген өз бетінше жұмысқа орналасу үшін біліктілік сәйкестігі туралы анықтамалары немесе еңбекші көшіп келушіге ішкі істер органдары беретін рұқсаттары жоқ шетелдіктер мен азаматтығы жоқ адамдардың еңбегін пайдалануы, сонымен қатар жұмыс берушiнiң шетелдiк жұмыскердi жергiлiктi атқарушы органның шетелдiк жұмыс күшiн тартуға рұқсатында көрсетiлген лауазымға (кәсiпке немесе мамандыққа) сәйкес келмейтiн лауазымға (кәсiпке немесе мамандыққа) тартуы.
Жұмыс беруші рұқсаттар бойынша тартатын шетелдік жұмыс күшінің саны еңбек қызметін персонал беру жөніндегі қызметтерді көрсетуге арналған шарт шеңберінде жүзеге асыратын жіберуші тараптың жұмыскерлері ескеріле отырып, халықты жұмыспен қамту мәселелері жөніндегі уәкілетті орган айқындайтын қазақстандық кадрлар санының пайыздық арақатынасына сәйкес келуге тиіс

23.

Жұмыс беруші жұмысқа қабылдау, жұмыстан босату, демалыстар беру, қосымша төлемдер, өтемақы төлемдері мен кепілдіктер, беру, төлеу, тоқтата тұру, ұстап қалу, ұстап қалу бөлігінде еңбек қатынастарына қатысты қабылдаған актілердің болуы

24.

Жұмыс берушінің қызметкермен еңбек шартын жасасу және тоқтату, қызметкер мен жұмыс берушінің деректемелері бөлігінде мәліметтерді қамтитын оған енгізілетін өзгерістер мен (немесе) толықтырулар туралы ақпаратты, белгілі бір мамандық, кәсіп, біліктілік немесе лауазым бойынша жұмысты (еңбек функциясын), жұмыстың орындалатын орнын, еңбек шартының мерзімін, жұмыстың басталу күнін, еңбек шартының жасалған күні мен реттік нөмірін еңбек шарттарын есепке алудың бірыңғай жүйесіне енгізу

      Лауазымды адам (адамдар) ___________________ _______________

      (лауазымы, қолы)

      ______________________________________________________________

      тегі, аты, әкесінің аты (бар болған жағдайда)

      Бақылау субъектісінің басшысы

      ______________________________________________________________

      (лауазымы, қолы)

      ______________________________________________________________

      тегі, аты, әкесінің аты (бар болған жағдайда)

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады