"Әкету кедендік бажы қолданылатын тауарлар тізбесін, мөлшерлемелер көлемін және олардың қолданылу мерзімін және Шикі мұнай мен мұнайдан өндірілген тауарларға әкету кедендік бажы мөлшерлемелерінің көлемін есептеу қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2016 жылғы 17 ақпандағы № 81 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Сауда және интеграция министрінің 2021 жылғы 9 маусымдағы № 400-НҚ бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2021 жылғы 12 маусымда № 23000 болып тіркелді

      БҰЙЫРАМЫН:

      1. "Әкету кедендік бажы қолданылатын тауарлар тізбесін, мөлшерлемелер көлемін және олардың қолданылу мерзімін және Шикі мұнай мен мұнайдан өндірілген тауарларға әкету кедендік бажы мөлшерлемелерінің көлемін есептеу қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2016 жылғы 17 ақпандағы № 81 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 13217 болып тіркелген) мынадай өзгерістер енгізілсін:

      көрсетілген бұйрықпен бекітілген Әкету кедендік бажы қолданылатын тауарлар тізбесіне, мөлшерлемелер көлеміне және олардың қолданылу мерзіміне:

      "Әкету кедендік бажы қолданылатын тауарлардың жекелеген түрлері, мөлшерлемелер көлемі және олардың қолданылу мерзімі" деген 1-бөлімде:

      "

5101

Кард немесе тарақпен тарауға ұшырамаған жүн

10 %, бірақ 1 тоннасына 50 евродан кем емес

тұрақты

5102

Кардтық немесе тарақпен тарауға ұшырамаған, биязы немесе қылшықты, жануарлар қылы

10 %, бірақ 1 тоннасына 50 евродан кем емес

тұрақты

5103

Иіру қалдықтарын қоса алғанда, бірақ түтілген шикізатты қоспағанда, жануарлар жүнінің немесе биязы немесе қылшықты қылының қалдықтары

10 %, бірақ 1 тоннасына 50 евродан кем емес

тұрақты

5104 00 000 0

Жүннен немесе жануарлардың биязы немесе қылшықты қылынан жасалған түтілген шикізат

10 %, бірақ 1 тоннасына 50 евродан кем емес

тұрақты

      "

      деген жолдар мынадай редакцияда жазылсын:

      "

5101

Кард немесе тарақпен тарауға ұшырамаған жүн

0

2023 жылғы 30 сәуірді қоса алғанға дейін

10 %, бірақ 1 тоннасына 50 евродан кем емес

2023 жылғы 1 мамырдан бастап

5102

Кардтық немесе тарақпен тарауға ұшырамаған, биязы немесе қылшықты, жануарлар қылы

0

2023 жылғы 30 сәуірді қоса алғанға дейін

10 %, бірақ 1 тоннасына 50 евродан кем емес

2023 жылғы 1 мамырдан бастап

5103

Иіру қалдықтарын қоса алғанда, бірақ түтілген шикізатты қоспағанда, жануарлар жүнінің немесе биязы немесе қылшықты қылының қалдықтары

0

2023 жылғы 30 сәуірді қоса алғанға дейін

10 %, бірақ 1 тоннасына 50 евродан кем емес

2023 жылғы 1 мамырдан бастап

5104 00 000 0

Жүннен немесе жануарлардың биязы немесе қылшықты қылынан жасалған түтілген шикізат

0

2023 жылғы 30 сәуірді қоса алғанға дейін

10 %, бірақ 1 тоннасына 50 евродан кем емес

2023 жылғы 1 мамырдан бастап

      ".

      2. Қазақстан Республикасы Сауда және интеграция министрлігінің Сыртқы сауда қызметі департаменті заңнамада белгіленген тәртіппен:

      1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;

      2) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Сауда және интеграция министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.

      3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Сауда және интеграция вице-министріне жүктелсін.

      4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
      сауда және интеграция министрі Б. Сұлтанов

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасының

      Ауыл шаруашылығы министрлігі

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасының

      Индустрия және инфрақұрылымдық

      даму министрлігі

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасының

      Қаржы министрлігі

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасының

      Ұлттық экономика министрлігі

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады