"Шетелдіктер мен азаматтығы жоқ адамдардың Қазақстан Республикасына келуіне шақыруларын ресімдеу, шақыруларын келісу, Қазақстан Республикасының визаларын беру, күшін жою, қалпына келтіру, сондай-ақ олардың қолданылу мерзімдерін ұзарту және қысқарту қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрінің міндетін атқарушысының 2016 жылғы 24 қарашадағы № 11-1-2/555 және Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2016 жылғы 28 қарашадағы № 1100 бірлескен бұйрығына өзгерістер енгізу туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрінің 2021 жылғы 11 маусымдағы № 11-1-4/228 және Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2021 жылғы 11 маусымдағы № 336 бірлескен бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2021 жылғы 14 маусымда № 23021 болып тіркелді

      БҰЙЫРАМЫЗ:

      1. "Шетелдіктер мен азаматтығы жоқ адамдардың Қазақстан Республикасына келуіне шақыруларын ресімдеу, шақыруларын келісу, Қазақстан Республикасының визаларын беру, күшін жою, қалпына келтіру, сондай-ақ олардың қолданылу мерзімдерін ұзарту және қысқарту қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрінің міндетін атқарушысының 2016 жылғы 24 қарашадағы № 11-1-2/555 және Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2016 жылғы 28 қарашадағы № 1100 бірлескен бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 14531 болып тіркелген) мынадай өзгерістер енгізілсін:

      көрсетілген бұйрықпен бекітілген Шетелдіктер мен азаматтығы жоқ адамдардың Қазақстан Республикасына келуіне шақыруларын ресімдеу, шақыруларын келісу, Қазақстан Республикасының визаларын беру, күшін жою, қалпына келтіру, сондай-ақ олардың қолданылу мерзімдерін ұзарту және қысқарту қағидаларында:

      3-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "3. Осы Қағидаларда мынадай ұғымдар пайдаланылады:

      1) азаматтығы жоқ адам – Қазақстан Республикасының азаматы болып табылмайтын және өзінің басқа мемлекеттің азаматы болып табылатыны туралы дәлелі жоқ адам;

      2) "Астана" халықаралық қаржы орталығы (бұдан әрі – АХҚО) – Қазақстан Республикасының Президенті айқындайтын дәл белгіленген шекарасы бар, қаржы саласындағы ерекше құқықтық режим қолданылатын Нұр-Сұлтан қаласының шегіндегі аумақ;

      3) "Астана Хаб" халықаралық технологиялық паркі (бұдан әрі – "Астана Хаб") – Қазақстан Республикасы Үкіметінің "Астана Хаб" халықаралық технологиялық паркін айқындау туралы" 2018 жылғы 16 қазандағы № 644 қаулысымен айқындаған, ақпараттық-коммуникациялық технологиялар саласындағы индустриялық-инновациялық қызметті іске асыру үшін қолайлы жағдайлар жасалатын бірыңғай материалдық-техникалық кешенге меншік құқығында немесе өзге де заңды негіздерде иелік ететін заңды тұлға;

      4) бизнес - көшіп келушілер – Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес кәсіпкерлік қызметті жүзеге асыру мақсатында келген көшіп келушілер;

      5) бұрынғы отандас – Қазақ Кеңестік Социалистік Республикасында немесе Қазақстан Республикасында туған немесе бұрын оның азаматтығында болған және шетелде тұрақты тұратын адам;

      6) "Бүркіт" бірыңғай ақпараттық жүйесі (бұдан әрі – "Бүркіт" БАЖ) – виза алушылардың Қазақстан Республикасына келуін-кетуін және болуын бақылау бойынша біріздендірілген ақпараттық жүйе;

      7) вербалды нота – шет мемлекеттердің сыртқы саяси ведомстволарының, дипломатиялық және оларға теңестірілген өкілдіктерінің, консулдық мекемелерінің, халықаралық ұйымдардың және олардың өкілдіктерінің, соның ішінде виза алушыларды шақыру және визалар беру мақсатында берген жазбаша өтініштері;

      8) визалық көші-қон порталы (бұдан әрі – ВКП) – көші-қон процестерімен байланысты құжаттарды ресімдеуді автоматтандыруға арналған портал (www.vmp.gov.kz);

      9) діни қызмет – діндарлардың діни қажеттіліктерін қанағаттандыруға бағытталған қызмет;

      10) келуге және кетуге берілетін рұқсат (бұдан әрі – виза) – осыған уәкілеттік берілген Қазақстан Республикасы мемлекеттік органдарының көшіп-қонушының паспортындағы немесе оны ауыстыратын құжатындағы белгісі не осыған уәкілеттік берілген Қазақстан Республикасы мемлекеттік органдарының ақпараттық жүйедегі белгісі, ол визада белгіленген уақытқа, мақсаттарда және шарттармен Қазақстан Республикасының аумағына келуге, оның аумағы арқылы өтуге, онда болуға және Қазақстан Республикасының аумағынан кетуге құқық береді;

      11) Қазақстан Республикасының Сыртқы істер министрлігінің нұсқауы (бұдан әрі – ҚР СІМ нұсқауы) – нақты міндеттерді шешу мақсатында және Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің және/немесе Үкіметінің тапсырмаларына, Қазақстан Республикасының мемлекеттік органдарының, ұйымдарының және шет елдердегі мекемелерінің, шет мемлекеттердің сыртқы саяси ведомстволарының, дипломатиялық және оларға теңестірілген өкілдіктерінің, консулдық мекемелерінің, халықаралық ұйымдар мен олардың өкілдіктерінің жазбаша өтінішітерінің негізінде Қазақстан Республикасының Сыртқы істер министрлігінде (бұдан әрі – ҚР СІМ) және оның шет елдердегі мекемелерінде шақыруларды қабылдау және келісу, визаларды беру, күшін жою, қалпына келтіру, қолданылу мерзімдерін ұзарту немесе қысқартуды жүзеге асыру туралы Қазақстан Республикасының шет елдердегі мекемелерінің басшыларымен, Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігі Консулдық қызмет департаменті директорымен, директорының орынбасарларымен және паспорттық-визалық басқармасы басшысымен жедел шешім қабылдау үшін қабылданған жазбаша түрде ресімделген тапсырмалары;

      12) Қазақстан Республикасының шет елдердегі мекемелері (бұдан әрі – ҚР шет елдердегі мекемелері) – Қазақстан Республикасының шет елдерде орналасқан дипломатиялық және оларға теңестірілген өкілдіктері, сондай-ақ консулдық мекемелері;

      13) аумақтық полиция органдары (бұдан әрі – ҚР ІІМ) - облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың және көлік полиция департаменттерінің көші-қон қызметінің бөлімшелері;

      14) ҚР ІІМ нұсқауы – нақты міндеттерді шешу мақсатында және Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің және/немесе Үкіметінің тапсырмаларына, Қазақстан Республикасының шет елдердегі мекемелерінің, мемлекеттік органдардың және ұйымдардың жазбаша өтініштері негізінде шақыруларды ресімдеу, визаларды беру, күшін жою, қалпына келтіру, ұзарту, қолданылу мерзімдерін ұзарту немесе қысқартуды жүзеге асыру туралы Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі Көші-қон қызметі комитетінің төрағасы (төрағаның орынбасарлары) жедел шешім қабылдау үшін қабылдаған жазбаша түрде ресімделген тапсырмалары;

      15) қолдаухат – шақырушы тараптың, Қазақстан Республикасының визаларын беру, күшін жою, қалпына келтіру, олардың қолданылу мерзімдерін ұзарту және қысқарту туралы, сондай-ақ Қазақстан Республикасына келуге ниеті бар виза алушылардың жазбаша өтініштері;

      16) маусымдық шетелдік жұмыскерлер – климат немесе өзге де табиғи жағдайларға байланысты белгілі бір кезең (маусым) ішінде, бірақ бір жылдан аспайтын мерзімде, атқарылатын маусымдық жұмыстарды орындау үшін жұмыс берушілермен жұмысқа тартатын көшіп келушілер;

      17) миссионерлік қызмет – Қазақстан Республикасы азаматтарының, шетелдіктердің, азаматтығы жоқ адамдардың, Қазақстан Республикасында тіркелген діни бірлестіктердің атынан Қазақстан Республикасының аумағында діни ілімді таратуға бағытталған қызметі;

      18) өз бетінше жұмысқа орналасуға арналған біліктілік туралы анықтама (бұдан әрі – біліктілік сәйкестігі туралы анықтама) – Қазақстан Республикасында экономиканың басым салаларында сұранысқа ие кәсіптер бойынша өз бетінше жұмысқа орналасу үшін біліктілік талаптары мен білім деңгейіне сәйкес келетін шетелдіктер мен азаматтығы жоқ адамдарға халықтың көші-қоны мәселелері жөніндегі уәкілетті орган анықтаған тәртіппен берілетін "Халықты жұмыспен қамту туралы" Қазақстан Республикасының Заңымен белгіленген нысандағы құжат (экономикалық қызмет түрлеріндегі);

      19) тұрақты тұруға арналған рұқсат – Көші-қон туралы заңмен белгіленген талаптар сақталған кезде көшіп келушілерге ҚР ІІМ беретін және Қазақстан Республикасының аумағында тұрақты тұру құқығын беретін құжат;

      20) уәкілетті қызметкер – қолдаухатты келісуге және визаларға қол қоюға құқығы бар ҚР шет елдердегі мекемелерінің, ҚР СІМ және ҚР ІІМ қызметкерлері;

      21) форс-мажорлық жағдайлар – төтенше және болмай қоймайтын жағдайлар салдарынан туындайтын еңсерілмейтін күш оқиғалары (дүлей апаттар, әскери әрекеттер және басқа да ұқсас жағдайлар);

      22) халықаралық өзара түсіністік қағидаты – екі мемлекеттің азаматтары үшін визаларды ресімдеу кезінде тең жағдайлар ұсыну;

      23) халықаралық ұйым – мемлекетаралық немесе үкіметаралық ұйым;

      24) шақырушы тарап – виза алушылардың Қазақстан Республикасына/нан келуіне/кетуіне жәрдемдесетін Қазақстан Республикасының орталық мемлекеттік органдары, облыстық әкімдердің, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың аппараттары, шет мемлекеттердің сыртқы саяси ведомстволары, дипломатиялық және оларға теңестірілген өкілдіктері, консулдық мекемелері, халықаралық ұйымдар және олардың өкілдіктері, сонымен қатар Қазақстан Республикасында тіркелген жеке және заңды тұлғалар;

      25) шетелден шақыру туралы құжаттар (бұдан әрі – шақыру) – Қазақстан Республикасына жеке істер бойынша келуге ҚР ІІМ берген шақыру, не болмаса виза алушыларға Қазақстан Республикасының визаларын беру туралы ҚР ІІМ-мен келісілген шақырушы тараптың қолдаухаты немесе вербалды нота;

      26) шетелдік – Қазақстан Республикасының азаматы болып табылмайтын және өзінің басқа мемлекеттің азаматы болып табылатындығы туралы дәлелі бар адам;

      27) этникалық қазақ – шетелде тұрақты тұратын ұлты қазақ (олардың ұлттық тиесілігін растайтын құжаттары болған кезде) шетелдік немесе азаматтығы жоқ адам;

      28) АХҚО-ның инвестициялық резиденті – АХҚО-ның инвестициялық салық резиденттігі бағдарламасына сәйкес инвестицияларды жүзеге асырған, сондай-ақ "Астана" халықаралық қаржы орталығы туралы" Қазақстан Республикасының 2015 жылғы 7 желтоқсандағы Конституциялық Заңында көзделген шарттарға сай келетін шетелдік немесе азаматтығы жоқ адам.";

      7-тармақта:

      5) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:

      "5) "Жеке басты куәландыратын құжаттар туралы" Қазақстан Республикасы Заңымен көзделген нысанға сәйкес босқынның жол жүру құжаты.";

      11-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "11. Шақырушы тарап шақыруды ресімдеу үшін ҚР ІІМ-ге немесе "Азаматтарға арналған үкімет "Мемлекеттік корпорациясы" коммерциялық емес акционерлік қоғамы (бұдан әрі - Мемлекеттік корпорация) арқылы өзінің тіркелген жері бойынша өтінішхат және "Қазақстан Республикасының визаларын беру бойынша қабылдаушы тұлғалардың шақыруларын қабылдау және келісу" мемлекеттік қызметін көрсету үшін қажетті мынадай құжаттарды ұсынады":

      1) Қазақстан Республикасына жеке сапар бойынша келуге шақыруды ресімдеу үшін:

      жеке басты куәландыратын құжат (салыстыру үшін);

      осы Қағидаларға 3-қосымшаға сәйкес нысан бойынша екі данада толтырылған кесте;

      мемлекеттік баждың төленгенін растайтын құжат (Мемлекеттік корпорацияға жүгінген және "электрондық үкіметтің" төлем шлюзі (бұдан әрі - ЭҮТШ) арқылы мемлекеттік баж төленген жағдайда осы құжатты ұсыну талап етілмейді).

      2) заңды тұлғаның не жеке кәсіпкердің шақыруын ресімдеу үшін:

      осы Қағидаларға 3-қосымшаға сәйкес нысан бойынша екі данада толтырылған кесте;

      мемлекеттік баждың төленгенін растайтын құжат (Мемлекеттік корпорацияға жүгінген және ЭҮТШ арқылы мемлекеттік бажды төлеген кезде осы құжатты ұсыну талап етілмейді);

      өкілдің өкілеттігін растайтын құжат.

      Мемлекеттік корпорацияның қызметкері көрсетілетін қызметті алушы Мемлекеттік корпорацияға жүгінген кезде жеке басын куәландыратын құжаттар туралы мәліметтерді, заңды тұлғаны немесе жеке кәсіпкерді мемлекеттік тіркеу туралы мәліметтерді, көрсетілетін қызметті алушының "Қазақстан Республикасының визаларын беру бойынша қабылдаушы тұлғалардың шақыруларын қабылдау және келісу" мемлекеттік көрсетілетін қызмет үшін мемлекеттік баж сомасын бюджетке төлегенін растайтын құжатты (ЭҮТШ арқылы төлеген жағдайда) және басқа да қажетті мәліметтерді "электрондық үкімет" шлюзі арқылы тиісті мемлекеттік ақпараттық жүйелерден алады.

      Қазақстан Республикасының зейнетақы және әлеуметтік қамсыздандыру мәселелерін реттейтін заңнамасында көзделген жағдайларды қоспағанда, Мемлекеттік қызметтер туралы заңның 5-бабына сәйкес мемлекеттік қызметтер көрсету кезінде көрсетілетін қызметті алушылардан ақпараттық жүйелерден алынуы мүмкін құжаттар мен мәліметтерді көрсетілетін қызметті берушіге, Мемлекеттік корпорацияға салыстыру үшін түпнұсқалары ұсынылған құжаттардың нотариалды куәландырылған көшірмелерін талап етуге жол берілмейді.

      Егер Қазақстан Республикасының заңдарында өзгеше көзделмесе, Мемлекеттік корпорацияның қызметкері мемлекеттік қызмет көрсету кезінде заңмен қорғалатын құпияны қамтитын, ақпараттық жүйелердегі мәліметтерді пайдалануға көрсетілген қызметті алушының жазбаша келісімін алады.

      Мемлекеттік қызметті көрсетуге қойылатын негізгі талаптардың тізбесі, оның ішінде процестің сипаттамасы, ұсыну нысаны, мазмұны және нәтижесі, сондай-ақ мемлекеттік қызметті көрсету ерекшеліктерін ескере отырып, өзге де ақпарат осы Қағидаларға 3-1-қосымшаға сәйкес "Қазақстан Республикасының визаларын беру бойынша қабылдаушы тұлғалардың шақыруларын қабылдау және келісу" мемлекеттік қызмет стандартында келтірілген.

      Шетелдікке және азаматтығы жоқ адамға шақыруды жеке сапар бойынша "В10" санатындағы визаны, сондай-ақ іскерлік мақсатта "В1", "В2", "В3" санатындағы визаны бір мәрте кіруіне "электрондық үкімет" веб-порталы (бұдан әрі - портал) арқылы ВКП –мен ресімдеу үшін:

      1) электрондық цифрлық қолтанба арқылы авторизациялау жолымен ВКП-да тіркелу;

      2) шетелдіктің айқындамалық деректерін елде болу мерзімі мен уақытша тұру орнын көрсете отырып толтыру;

      3) "Қазақстан Республикасының визаларын беру бойынша қабылдаушы тараптардың шақыруларын қабылдау және келісу" мемлекеттік қызметін көрсету үшін мемлекеттік бажды ЭҮТШ арқылы төлеу;

      4) өзінің электрондық цифрлық қолтанбасы арқылы сұрау салуды растау (қол қою) қажет.

      Порталға жүгінген кезде мемлекеттік қызмет көрсетуге сұрауды қабылдау мәртебесі туралы ақпарат, сондай-ақ мемлекеттік қызмет көрсетудің нәтижесі қызмет алушының "жеке кабинетіне" жолданады.";

      12-тармақта:

      1) және 2) тармақшалары мынадай редакцияда жазылсын:

      "1) инвесторлар үшін – Қазақстан Республикасының инвестициялар жөніндегі уәкілетті органының немесе АХҚО Әкімшілігінің қолдаухаты;

      2) іскерлік сапарға арналған көпмәртелік визаны ресімдеу үшін – Қазақстан Республикасына сапардың іскерлік сипатын растайтын шарттың немесе келісімшарттың көшірмесі (этникалық қазақтарды, бұрынғы отандастарды және осы Қағидалардың 4-қосымшасына сәйкес, визаларды ресімдеу кезінде шақыруды міндетті түрде көрсетуден босатылатын экономикасы дамыған, саяси және көші-қоны тұрақты мемлекеттердің (бұдан әрі – мемлекеттер тізімі) азаматтарын қоспағанда);";

      13-тармағы 1) тармақшасының бірінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:

      "1) ұсынылған құжаттарға сұратылған сапар мақсатының, визаның мәртелігінің, жарамдылық мерзімінің және оны беру орнының сәйкестігі. Визаны беру орны, АХҚО қатысушылары мен органдарын, АХҚО инвестициялық резиденттерінің және олардың отбасы мүшелерінің, "Астана Хаб" қатысушылардың жұмыскерлерін немесе "Астана Хаб" жұмыскерлерін қоспағанда, виза алушының азаматтығына тиесілі елге қатысты консулдық округке сәйкес немесе мына шарттардың біреуі:";

      17-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "17. ҚР шет елдердегі мекемелерінде, ҚР СІМ-де немесе ҚР ІІМ-де көрсетілетін қызметті алушының нақты орналасқан жері немесе шақырушы тараптың тіркелген орны бойынша визаларды беру үшін "Шетелдіктер мен азаматтығы жоқ адамдардың Қазақстан Республикасына келу және Қазақстан Республикасынан кету құқығына Қазақстан Республикасының аумағында визаны беру, қалпына келтіру және ұзарту" және "Қазақстан Республикасына кіруге және Қазақстан Республикасының аумағы арқылы транзиттік өтуге визалар беру, олардың мерзімін ұзарту" мемлекеттік қызметтерді көрсетуге қажет мынадай құжаттар мен мәліметтер ұсынылады:

      1) көлемі 3,5х4,5 сантиметр түрлі-түсті немесе қара-ақ фотосуреті бар виза алуға арналған визалық сауалнама;

      2) ҚР шет елдердегі мекемелерінде немесе Қазақстан Республикасының халықаралық әуежайында виза ресімдеу кезінде ҚР ІІМ-де немесе ҚР СІМ-де тіркелген қолдаухаттың нөмірі және оны тіркеу күні (виза алушыға нөмірді және шақыруды беру күнін шақырушы тарап хабарлайды), немесе осы Қағидалардың 25-тармағында көзделген виза санаттарын алушылардың қолдаухаттары;

      3) шет мемлекеттің жарамды дипломатиялық, қызметтік және шетелдік паспорты, не болмаса Қазақстан Республикасы осы қалыпта таныған және Қазақстан Республикасының мемлекеттік шекарасын кесіп өтуге құқық беретін жеке басты куәландыратын өзге құжат (бұдан әрі – паспорт);

      4) консулдық алым немесе мемлекеттік бажды төлегенін растайтын төлем құжатының түпнұсқасы;

      5) 1-қосымшаға сәйкес виза алуға қажетті қосымша құжаттар.

      Электрондық виза портал арқылы ВКП арқылы ресімделеді.

      Электрондық визаны алу үшін ВКП-да тіркеу және мына мәліметтерді көрсете отырып, жеке деректерді толтыру жүзеге асырылады:

      1) ҚР ІІМ-де тіркелген шақырудың нөмірі, күні (шақырудың нөмірі мен берілген күнін визаны алушыға шақырушы тарап хабарлайды);

      2) консулдық алым төлеу.

      Шет мемлекеттің құзыретті мекемесі не оған арнайы уәкілеттік берілген тұлға өз құзыреті шегінде және оның белгіленген нысаны бойынша берген немесе куәландырған, шет мемлекеттің елтаңбалы мөрімен бекітілген құжаттар арнайы куәландыру рәсімінен өткеннен кейін ғана қабылданады (заңдастыру немесе апостильдеу).

      Мемлекеттік қызметтерді көрсетуге қойылатын негізгі талаптардың тізбесі, оның ішінде процестің сипаттамасы, ұсыну нысаны, мазмұны және нәтижесі, сондай-ақ мемлекеттік қызметтерді көрсету ерекшеліктерін ескере отырып, өзге де ақпарат осы Қағидаларға 4-2 және 4-3-қосымшаларына сәйкес "Шетелдіктер мен азаматтығы жоқ адамдардың Қазақстан Республикасына келу және Қазақстан Республикасынан кету құқығына Қазақстан Республикасының аумағында визаны беру, қалпына келтіру және ұзарту" және "Қазақстан Республикасына кіруге және Қазақстан Республикасының аумағы арқылы транзиттік өтуге визалар беру, олардың мерзімін ұзарту" мемлекеттік қызмет көрсету стандарттарында келтірілген.";

      22-1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "22-1. Электрондық виза шақыру негізінде беріледі және тек виза алушы үшін жарамды және бірге жүретін адамдарға қолданылмайды. Паспортты ауыстырған кезде электрондық визаны қайтадан алу қажет.

      Электрондық визаны ресімдеу уақыты – 30 минут.

      Шетелдіктер жарамды электрондық визамен тек Қазақстан Республикасының халықаралық әуежайлардағы бақылау пункттері арқылы Қазақстан Республикасының аумағына келеді және кетеді.

      ВКП-ға электрондық визаны ресімдеу процесінде электрондық виза шақырушы тараптың шақыруында көрсетілген деректердің негізінде қалыптастырылады. Консулдық алым ЭҮТШ арқылы төленгеннен кейін, ресімделген виза көрсетілетін қызметті алушының "жеке кабинетіне" түседі. Көрсетілетін қызметті алушы электрондық визаны ресімдеу алдында шақыруда көрсетілген ақпараттың паспорттық деректермен сәйкестігін салыстырып тексереді және растайды.

      Қазақстан Республикасына келген кезде ресімделген электрондық визадағы және шетелдіктің паспортындағы ақпараттың сәйкессіздігі анықталған жағдайда, электрондық виза жарамсыз деп есептеледі.

      Бір мәртелі электрондық туристік, іскерлік және емделу үшін визалар осы Қағидаларға 4-4-қосымшаға сәйкес мемлекеттердің азаматтарына беріледі.";

      48-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "48. Шет мемлекеттердің сыртқы саяси ведомстволарының, дипломатиялық және оларға теңестірілген өкілдіктерінің, консулдық мекемелерінің, халықаралық ұйымдардың және олардың өкілдіктерінің шақыруы бойынша ҚР аумағына келген адамдарға – аталған ұйымдардың жазбаша өтініштері негізінде - ҚР СІМ "А1", "А2" (бір мәртелі виза 90 тәулікке дейін), "А3" және "А4" (бір мәртелі виза 90 тәулікке дейін) санаттарындағы визаларды ұзартады.

      "А2" мен "А4" санаттарындағы визалардан басқа визалардың қолданылуын 1 жылға дейін мерзіміге ұзарту жүзеге асырылады.";

      49-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "49. ҚР ІІМ мынадай санаттағы визаларды ұзартады:

      1) "А5" – шақырушы тараптың қолдаухаты және инвестициялар жөніндегі уәкілетті органның жазбаша растауы немесе АХҚО әкімшілігінің қолдаухаты негізінде. Визаның қолданылуын 3 жылға дейінгі мерзімге ұзарту жүзеге асырылады. АХҚО инвестициялық резиденттері және олардың отбасы мүшелері визасының қолданылуын ұзарту 5 жылға дейінгі мерзімге жүзеге асырылады;

      2) "А3" - Қазақстан Республикасының мемлекеттік органдарының шақыруы бойынша ҚР аумағына келген адамдарға – Қазақстан Республикасының мемлекеттік органының жазбаша өтініші негізінде;

      3) "В2" – алғашқы визаны алуға шақыру ресімдеген және Қазақстан Республикасына келу мақсаты көрсетілген шақырушы тараптың қолдаухаты негізінде. Визаның қолданылуын 30 тәулікке дейін ұзарту жүзеге асырылады;

      4) "В7" – бұрын шақыру ресімдеген шақырушы тараптың, сондай-ақ Қазақстан Республикасы орталық атқару органдарының немесе "Астана Хаб" қолдаухаттары негізінде. Визаның қолданылуын 90 тәулікке дейінгі мерзімге ұзарту жүзеге асырылады;

      5) "В8" – Қазақстан Республикасында тұрақты тұру рұқсатын ресімдеуге арналған құжаттарды тапсырғаннан кейінгі қолдаухат негізінде. Визаның қолданылуын 30 тәулікке дейін ұзарту жүзеге асырылады;

      6) "В21" – алдын ала тергеу жүргізіп жатқан органның немесе қылмыстық іс қаралып жатқан соттың жазбаша өтініші негізінде - алдын ала тергеу не сот тыңдауын аяқтауға қажетті мерзімге беріледі. Визаның қолданылуын ұзарту 180 тәуліктен аспауы тиіс;

      7) "С1" – арызданушының қолдаухаты негізінде 1 жылға дейінгі мерзімге;

      8) "С2" – Көші-қон туралы заңында анықталған мерзімдерге шақырушы тараптың жазбаша өтініші негізінде мынадай құжаттар болған кезде:

      шақырушы адамда отбасының әрбір мүшесін ұстауға кемінде айына Қазақстан Республикасының республикалық бюджет туралы заңымен белгіленген ең төменгі еңбекақы көлеміндегі ақшаның болуын растауы;

      шақырушы адамның "Тұрғын үй қатынастары туралы" 1997 жылғы 16 сәуірдегі Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес Қазақстан Республикасының аумағында алаңы отбасының әрбір мүшесіне белгіленген ең төменгі нормативтерге сәйкес келетін тұрғын үйдің болуын растауы;

      шақырушы адамның отбасы мүшелері үшін медициналық сақтандырудың болуы;

      Қазақстан Республикасының немесе шет мемлекеттің уәкілетті мемлекеттік органдары ұсынған шақырушы адаммен отбасылық қарым-қатынастарды растайтын құжаттардың нотариатты түрде куәландырылған көшірмелері;

      9) "С3" – бұрын алғашқы визаны алуға шақыру ресімдеген және, егер мұндай рұқсат Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес талап етілетін болса, еңбекші көшіп келушінің рұқсатнамасы болған кезде, шақырушы тараптың қолдаухаты негізінде.

      Еңбек қызметі Қазақстан Республикасының басқа өңірлерінде жүзеге асырылған жағдайда шақырушы тарап еңбекші-көшіп келушіні іссапарға жіберу туралы бұйрықты ұсынады (не шарт немесе келісімшарт).

      "С3" санатындағы визаның қолданылу мерзімін ұзарту рұқсаттың жарамдылық мерзіміне, бірақ 3 жылдан артық емес (АХҚО қатысушылары мен органдарына, "Астана Хаб" қатысушыларының жұмыскерлеріне немесе "Астана Хаб" жұмыскерлеріне – 5 жылдан аспайтын мерзімге) мерзімге жүзеге асырылады;

      10) "С4" – қолдаухат және заңды тұлғамен жасалған еңбек шарты негізінде – Қазақстан Республикасының резидентімен біліктілік сәйкестігі туралы анықтамада көрсетілген мамандық бойынша. Визаның қолданылу мерзімін ұзарту еңбек шартының қолданылу мерзіміне, бірақ 3 жылдан артық емес мерзімге жүзеге асырылады;

      11) "С5" – Қазақстан Республикасының астанасының, республикалық маңызы бар қалаларының, облыстарының және оның аудандарының жергілікті атқарушы органдарының жазбаша өтініштері негізінде. Визаның қолданылуын ұзарту 2 жылға дейінгі мерзімге жүзеге асырылады;

      12) "С7" - діни қызмет саласын жүзеге асыратын уәкілетті органдағы мекемемен келісілген Қазақстан Республикасының аумағында тіркелген діни бірлестіктің жазбаша өтініші негізінде. Визаның қолданылуын ұзарту 180 тәулікке дейінгі мерзімге жүзеге асырылады;

      13) "С9" - Қазақстан Республикасында тіркелген оқу орнының немесе білім саласындағы уәкілетті органның қолдаухаты негізінде. Визаның қолданылуын 1 жылға дейінгі мерзімге ұзарту жүзеге асырылады;

      14) "С12" - Қазақстан Республикасы азаматтарының, не болмаса Қазақстан Республикасының аумағында тұрақты тұратын шетелдіктердің және азаматтағы жоқ адамдардың – шетелдік пациентке тұрақты күтім қажеттілігін растайтын, Қазақстан Республикасының медициналық ұйымдарында емделіп жатқан немесе жақын туыстарына тұрақты күтім қажеттілігін растайтын Қазақстан Республикасының медициналық ұйымдары берген құжаттар бар болғанда қолдаухат немесе ҚР ІІМ нұқсауының негізінде. Визаның қолданылу мерзімін ұзарту емделуге қажет мерзімге, бірақ 1 жылдан артық емес мерзімге жүзеге асырылады.";

      Шетелдіктер мен азаматтығы жоқ адамдардың Қазақстан Республикасына келуіне шақыруларын ресімдеу, шақыруларын келісу, Қазақстан Республикасының визаларын беру, олардың күшін жою, қалпына келтіру, сондай-ақ олардың қолданылу мерзімдерін ұзарту және қысқарту қағидаларына 1-қосымшада:

      27-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "

27.

С1

Визаны Қазақстан Республикасының шет елдердегі мекемелер: (Қазақстан Республикасы ІІМ-мен келісусіз) және Қазақстан Республикасы ІІМ мынадай құжаттар негізінде береді:
1) өтініш иесінің ұлтын растайтын шет мемлекеттің құзыретті органы беретін құжаттар - жеке басты куәландыратын құжаттарда ұлты туралы жазбасы болмаған жағдайда;
2) басым тәртіппен (ол болған кезде) қандастарды иммиграциялық квотаға енгізуге құқық беретін құжаттар;
3) өтініш беруші мен оның отбасы мүшелерінде Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің 2011 жылғы 30 қыркүйектегі № 664 бұйрығымен бекітілген (нормативтік құқықтық актілердің мемлекеттік тіркелімінде № 7274 нөмірімен тіркелген) Шетелдіктердің және азаматтығы жоқ адамдардың Қазақстан Республикасына кіруге тыйым салатын аурулардың жоқтығы туралы анықтама;
4) соттылығының болуын не жоқтығын растайтын тұрақты тұру мемлекетінің немесе азаматтығына тиісті мемлекеттің уәкілетті органының берген құжаты.

  ";

      28-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "

28.

С2

Визаны ҚР шет елдердегі мекемелері (ҚР ІІМ келісімінсіз) мына құжаттардың негізінде береді:
1) шақырушы адамның қолдаухаты (еркін нысанда);
2) Қазақстан Республикасы азаматтарын қоспағанда, шақырушы адамның уақытша тұруға рұқсаты (нотариалды куәландырған көшірмесі);
3) шақырушы адам мен отбасы мүшелерінің жеке басын куәландыратын құжат (нотариалды куәландырған көшірмесі);
4) шақырушы адамның Қазақстан Республикасының республикалық бюджет туралы заңында белгіленген кемінде ең төменгі жалақы мөлшерінде әрбір отбасы мүшесін ай сайын ұстауға ақшасының болуын растау;
5) шақырушы адамның "Тұрғын үй қатынастары туралы" 1997 жығы 16 сәуірдегі Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес Қазақстан Республикасының аумағында алаңы отбасының әрбір мүшесіне белгіленген ең төменгі нормативтерге сәйкес келетін тұрғын үйдің болуын растауы (нотариалды куәландырылған көшірмесі);
6) шақырушы адамның отбасының әрбір мүшесі үшін медициналық сақтандыру;
7) Қазақстан Республикасының немесе шет мемлекеттік уәкілетті органдары ұсынған, шақырушы адаммен (Қазақстан Республикасының заңнамасымен танылатын некеде кемінде үш жыл тұрған жұбайы (зайыбы)) отбасылық қатынасты растайтын құжат (осы Қағидалардың 17- тармағына сәйкес нотариалды куәландырған көшірмесі ұсынылады);
8) шақырушы адамның отбасының кәмелетке толған мүшелеріне соттылығының болуын не жоқтығын растайтын құжаты (тұрақты тұру мемлекетінің немесе азаматтығына тиісті мемлекеттің уәкілетті органының берген).

  ";

      31-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "

31.

С5

Визаны ҚР шет елдердегі мекемелері шақырудың негізінде келесі құжаттар бар болғанда береді:
1) Қазақстан Республикасына шетелдіктер мен азаматтығы жоқ адамдарға кіруге кедергі болатын және еңбек етуге кедергі болатын аурулардың жоқ екендігін растайтын медициналық анықтама;
2) медициналық сақтандыру;
3) соттылықтың болуын не жоқтығын растайтын тұрақты тұру мемлекетінің немесе азаматтығына тиісті мемлекеттің уәкілетті органының берген құжаты;
4) егер шетел мемлекетінің заңнамасымен көзделген болса, тұрақты тұру мемлекетінің немесе азаматтығына тиісті мемлекеттің уәкілетті органымен берген, кәсіпкерлік қызметті жүргізуге сот шешімі бойынша тыйым салудың бар немесе жоқ екендігін растайтын құжат.
Виза алушы кәмелеттік жасқа толуы керек.

  ";

      Шетелдіктер мен азаматтығы жоқ адамдардың Қазақстан Республикасына келуіне шақыруларын ресімдеу, шақыруларын келісу, Қазақстан Республикасының визаларын беру, олардың күшін жою, қалпына келтіру, сондай-ақ олардың қолданылу мерзімдерін ұзарту және қысқарту қағидаларына 2-қосымшада:

      9) тармақшаның екінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:

      ""В10" және "С1" санаттардағы визаларда Қазақстан Республикасында тұрақты тұру рұқсатынының құжаттарын келісуден өткізген және шақыруды ресімдеген органның атауы көрсетіледі (мысалы: "Нұр-Сұлтан қаласының ПД").";

      Шетелдіктер мен азаматтығы жоқ адамдардың Қазақстан Республикасына келуіне шақыруларын ресімдеу, шақыруларын келісу, Қазақстан Республикасының визаларын беру, олардың күшін жою, қалпына келтіру, сондай-ақ олардың қолданылу мерзімдерін ұзарту және қысқарту қағидаларына 3-1-қосымшада:

      2-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "

2

Мемлекеттік көрсетілетін қызметті ұсыну тәсілдері

Өтінішті қабылдау және мемлекеттік қызмет көрсету нәтижелерін беру:
1) көрсетілетін қызметті беруші;
2) "Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорациясы (бұдан әрі – Мемлекеттік корпорация) коммерциялық емес акционерлік қоғамы;
3) шақыруды рәсімдеу кезінде шетелдіктерге және азаматтығы жоқ адамдарға "В1", "В2", "В3", "В10" санатындағы бір мәртелі визаны алу үшін - "электрондық үкімет" веб-порталы (бұдан әрі – портал) арқылы жүзеге асырылады.

  ";

      3-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "

3

Мемлекеттік қызмет көрсету мерзімі

Көрсетілетін қызметті берушіге, Мемлекеттік корпорацияға құжаттар пакетін тапсырған сәттен бастап – 5 (бес) жұмыс күні.
Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитеті (бұдан әрі – ҚР ҰҚК) 3 жұмыс күніне дейінгі мерзімде қолдаухатты келісуді қамтамасыз етеді. ҚР ҰҚК органдарының жазбаша сұрау салуы бойынша көрсетілген 5 жұмыс күн мерзімі күнтізбелік 30 күнге дейін ұзартылады.
Көрсетілетін қызметті беруші мемлекеттік қызмет көрсетуді ұзартудың себептері мен мерзімін көрсете отырып, көрсетілетін қызметті алушыға жазбаша хабарлайды, ал көрсетілетін қызметті алушы Мемлекеттік корпорацияға жүгінген кезде мемлекеттік қызмет көрсету мерзімін ұзарту туралы хабарлама 3 жұмыс күні ішінде Мемлекеттік корпорацияға әрі қарай көрсетілетін қызметті алушыны ақпараттандыру үшін жолданады.
Келісім беретін мемлекеттік орган жауапты белгіленген мерзімде бермеген жағдайда мемлекеттік қызмет келісім алғаннан кейін 1 жұмыс күнінің ішінде көрсетіледі (қызмет көрсетушіге жүгінген жағдайда).
Порталға жүгінген жағдайда - 5 (бес) жұмыс күні.

  ";

      4-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "

4

Мемлекеттік қызмет көрсету нысаны

Электронды (ішінара автоматтандырылған)/ қағаз түрінде

  ";

      5-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "

5

Мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесі

Шетелдіктер мен азаматтығы жоқ адамдардың Қазақстан Республикасына келуіне шақыруларын ресімдеу, шақыруларын келісу, Қазақстан Республикасының визаларын беру, күшін жою, қалпына келтіру, сондай-ақ олардың қолданылу мерзімдерін ұзарту және қысқарту қағидаларының (бұдан әрі – Қағидалар) 3-қосымшасына сәйкес нысан бойынша қолдаухаттың бірінші данасына уәкілетті қызметкердің қолымен куәландырылған және көрсетілетін қызметті берушінің мөрімен бекітілген келісу нөмірін қою арқылы Қазақстан Республикасына келуіне шақыруын ресімдеу не мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тарту туралы дәлелді жауап.
Порталдағы шақыру электрондық құжат түрінде ресімделеді.

  ";

      7-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "

7

Жұмыс кестесі

1) көрсетілетін қызметті беруші – 2015 жылғы 23 қарашадағы Қазақстан Республикасының Еңбек кодексіне сәйкес демалыс және мереке күндерін қоспағанда, дүйсенбіден бастап жұманы қоса алғанда, сағат 13.00-ден 14.30-ға дейінгі түскі үзіліспен сағат 9.00-ден 18.30-ға дейін. Өтінішті қабылдау және мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесін беру көрсетілетін қызметті алушыны тіркеу орны бойынша сағат 13.00-ден 14.30-ға дейінгі түскі үзіліспен, сағат 9.00-ден 17.30-ға дейін жүзеге асырылады. Көрсетілетін қызметті беруші қабылдауды кезек күту тәртібімен, алдын ала жазылусыз және жеделдетіп қызмет көрсетусіз жүзеге асырады;
2) Мемлекеттік корпорация - 2015 жылғы 23 қарашадағы Қазақстан Республикасының Еңбек Кодексіне сәйкес жексенбі және мереке күндерін қоспағанда, белгіленген жұмыс кестесіне сәйкес дүйсенбіден бастап сенбіні қоса алғанда түскі үзіліссіз сағат 9.00-ден 20.00-ге дейін;
3) портал – жөндеу жұмыстарын жүргізуге байланысты техникалық үзілістерді қоспағанда, тәулік бойы (көрсетілетін қызметті алушы Кодекске сәйкес жұмыс уақыты аяқталғаннан кейін, демалыс және мереке күндері жүгінген кезде өтініштерді қабылдау және мемлекеттік қызмет көрсету нәтижелерін беру келесі жұмыс күні жүзеге асырылады).

  ";

      8-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "

8

Мемлекеттік қызмет көрсету үшін қажетті құжаттар тізбесі

1) Қазақстан Республикасына жеке сапар бойынша келуге шақыруды ресімдеу үшін:
2) жеке басты куәландыратын құжат ( жеке басын сәйкестендіру үшін);
3) осы Қағидаларға 3-қосымшаға сәйкес нысан бойынша екі данада толтырылған кесте;
мемлекеттік баждың төленгенін растайтын құжат.
Заңды тұлғаның не жеке кәсіпкердің шақыруын ресімдеу үшін:
1) осы Қағидаларға 3-қосымшаға сәйкес нысан бойынша екі данада толтырылған кесте;
2) мемлекеттік баждың төленгенін растайтын құжат.
3) өкілдің өкілеттігін растайтын құжат;
Сұрау салған визаның санатына байланысты қосымша ұсынылады:
1) инвесторлар үшін – Қазақстан Республикасының инвестициялар жөніндегі уәкілетті органының немесе АХҚО Әкімшілігінің қолдаухаты;
2) іскерлік сапар мақсатында көп мәртелік визаны ресімдеу үшін – (этникалық қазақтарды, бұрынғы отандастарды және Қағидаларға 4-қосымшаға сәйкес мемлекеттер тізімінде көрсетілген елдердің азаматтарын қоспағанда) шарттың немесе келісімшарттың көшірмесі;
3) діни іс-шараларға қатысу немесе миссионерлік қызметті жүзеге асыру үшін – діни қызмет саласында реттеуді жүзеге асыратын уәкілетті орган ведомствосының жазбаша келісімі;
4) Қазақстан Республикасының аумағында түзеу мекемелерінде жазасын өтеп жатқан адамдарға бару үшін – ҚР ІІМ Қылмыстық-атқару жүйесі комитетінің жазбаша келісімі;
5) Қазақстан Республикасының азаматтарын асырап алу үшін – Қазақстан Республикасының балалар құқықтарын қорғау саласындағы уәкілетті органының жазбаша келісімі;
6) еңбек қызметін жүзеге асыру үшін, оның ішінде маусымдық шетелдік жұмыскерлер үшін - жұмыс берушіге шетелдік жұмыс күшін тартуға берілген рұқсат не өз бетінше жұмысқа орналасу үшін біліктілік сәйкестігі туралы анықтама, "Қазақстан Республикасына шетелдік жұмыс күшін тартуға арналған квотаны белгілеу және оны Қазақстан Республикасының өңірлері арасында бөлу қағидаларын бекіту, еңбек қызметін жүзеге асыру үшін жергілікті атқарушы органдардың шетелдік жұмыс күшін тартуға арналған рұқсаттары талап етілмейтін адамдарды айқындау және Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдерінің күші жойылды деп тану туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2016 жылғы 15 желтоқсандағы № 802 қаулысына сәйкес шетелдік жұмыс күшін тартуға арналған рұқсат талап етілмейтін шетелдіктер мен азаматтығы жоқ адамдар үшін мынадай құжаттар қосымша ұсынылады:
қандастар үшін:
Халықтың көші-қоны мәселелері жөніндегі уәкілетті органмен бекітілген нысан бойынша қандас куәлігінің көшірмесі мен түпнұсқасы (салыстыра тексеру үшін);
теңіз, өзен кемелері, әуе көлігі экипаждарының мүшелері, "Жоғары оқу орындарына ерекше мәртебе беру туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің 2001 жылғы 5 шілдедегі № 648 Жарлығына сәйкес ерекше мәртебе берілген жоғары оқу орындарының профессорлық-оқытушылар құрамы, сондай-ақ "Білім туралы құжаттарды тану және нострификациялау қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2008 жылғы 10 қаңтардағы № 8 бұйрығымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 5135 болып тіркелген) (бұдан әрі – Білім туралы құжаттарды тану және нострификациялау қағидалары) белгіленген тәртіпте расталған құжаттары бар жоғары оқу орындарында басшылар лауазымдарында жұмыс істейтін, жоғары білімі бар және экономика саласында кадрларды даярлауды жүзеге асыратын оқытушылар үшін:
шетелдік қызметкермен еңбек келісімшартының көшірмесі;
"Астана" халықаралық қаржы орталығының (бұдан әрі – АХҚО) қатысушылары мен органдары тартатын адамдар үшін:
заңды тұлғаны АХҚО қолданыстағы құқығына сәйкес тіркеуді/ аккредитациялауды растайтын сертификаттың көшірмесі;
шетелдік қызметкермен еңбек келісімшартының көшірмесі;
Білім туралы құжаттарды тану және нострификациялау қағидаларында белгіленген тәртіпте расталған құжаттары бар жоғары білімді, ұлттық басқару холдингінде құрылымдық бөліністердің басшыларынан төмен емес лауазымдарда жұмыс істейтін адамдар үшін:
Қазақстан Республикасында құрылымдық бөліністердің бірінші басшыларының шетелдік қызметкерді тағайындауы туралы ұлттық басқару холдингінің бұйрығы;
ұлттық басқару холдингінің директорлар кеңесі мүшелері ретінде жұмыс істеуге тартылатын адамдар үшін:
ұлттық басқару холдингінің директорлар кеңесінің жалпы жиналысынан үзінді;
шетелдік заңды тұлғалардың филиалдарының немесе өкілдіктерінің бірінші басшысы болып жұмыс істейтін адамдарға:
шетелдік қызметкерді бірінші басшы етіп тағайындау туралы құрылтайшының шешімі не құрылтайшылардың жалпы жиналысынан үзінді;
олардың жарғылық капиталында шетелдік қатысудың жүз пайыз үлесімен қазақстандық заңды тұлғалардың бірінші басшылары болып жұмыс істейтін адамдарға:
шетелдік қызметкерді Қазақстан Республикасында бірінші басшы етіп тағайындау туралы құрылтайшының шешімі не құрылтайшылардың жалпы жиналысынан үзінді;
олардың жарғылық капиталында шетелдік қатысудың жүз пайыз үлесімен қазақстандық заңды тұлғалардың бірінші басшыларының орынбасарлары болып жұмыс істейтін адамдарға:
басшының орынбасары лауазымына жұмысқа қабылдау және тағайындау туралы бұйрықтың көшірмесі;
7) оқу практикасынан немесе тағылымдамадан өту үшін – Қазақстан Республикасының орталық атқарушы органдарының немесе "Астана Хаб"-тың "Астана Хаб" бағдарламалары бойынша оқудан өту үшін қолдаухаты;
8) гуманитарлық уәждер бойынша – қолдаушы халықаралық ұйымның немесе оның өкілдігінің Қазақстан Республикасында аккредитациядан өткенін не Қазақстан Республикасы ратификациялаған гуманитарлық көмек көрсету туралы халықаралық шарты болған кезде осы елдің заңнамасына сәйкес оның болу еліндегі шетелдік үкіметтік емес ұйымда (қорда) ресми тіркелгенін растайтын құжат;
9) білім алу үшін – Қазақстан Республикасының оқу орнының немесе Қазақстан Республикасының білім беру мәселелері жөніндегі уәкілетті органының қолдаухаты;
10) Қазақстан Республикасының азаматтары болып табылатын жақын туыстарын не Қазақстан Республикасының аумағында тұрақты тұратын және медициналық мекемелерде емделіп жатқан виза алушыларды күтіп-бағу үшін – Қазақстан Республикасында орналасқан медициналық ұйым берген және тұрақты күтіп-бағу қажеттілігін, сондай-ақ туыстық дәрежесін растайтын құжаттар.

  ";

      Шетелдіктер мен азаматтығы жоқ адамдардың Қазақстан Республикасына келуіне шақыруларын ресімдеу, шақыруларын келісу, Қазақстан Республикасының визаларын беру, олардың күшін жою, қалпына келтіру, сондай-ақ олардың қолданылу мерзімдерін ұзарту және қысқарту қағидаларына 4-2-қосымшада:

      4-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "

4

Мемлекеттік қызметті көрсету нысаны

Электронды (ішінара автоматтандырылған)/ қағаз түрінде

  ";

      8-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "

8

Мемлекеттік қызметті көрсетуге қажетті құжаттар тізбесі

1) көлемі 3,5х4,5 сантиметр түрлі-түсті немесе қара-ақ фотосуреті бар виза алуға арналған визалық сауалнама;
2) ҚР шет елдердегі мекемелерінде немесе Қазақстан Республикасының халықаралық әуежайында виза ресімдеу кезінде ҚР ІІМ-де немесе ҚР СІМ-де тіркелген қолдаухаттың нөмірі және оны тіркеу күні (виза алушыға шақырудың нөмірін және берілген күнін шақырушы тарап хабарлайды), немесе осы Қағидалардың 25-тармағында көзделген виза санаттарын алушылардың қолдаухаты;
3) шет мемлекеттің жарамды дипломатиялық, қызметтік және шетелдік паспорты, не болмаса Қазақстан Республикасы осы қалыпта таныған және Қазақстан Республикасының мемлекеттік шекарасын кесіп өтуге құқық беретін жеке басты куәландыратын өзге құжат (бұдан әрі – паспорт);
4) мемлекеттік бажды төлегенін растайтын төлем құжатының түпнұсқасы;
5) осы Қағидаларға 1-қосымшаға сәйкес виза алуға қажетті қосымша құжаттар.
Визаларды беру негіздері Қағидаларға 1-қосымшаға сәйкес анықталады.
Қосымша:
"С3" (еңбек қызметін жүзеге асыру үшін) санатындағы визаны беру үшін қосымша:
1) шақырушы тараптың қолдаухаты;
2) жергілікті атқарушы органдар жұмыс берушіге шетелдік жұмыс күшін тарту үшін берген рұқсат ұсынылады.
"Қазақстан Республикасына шетелдік жұмыс күшін тартуға арналған квотаны белгілеу және оны Қазақстан Республикасының өңірлері арасында бөлу қағидаларын бекіту, еңбек қызметін жүзеге асыру үшін жергілікті атқарушы органдардың шетелдік жұмыс күшін тартуға арналған рұқсаттары талап етілмейтін адамдарды айқындау және Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдерінің күші жойылды деп тану туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2016 жылғы 15 желтоқсандағы № 802 қаулысына сәйкес шетелдік жұмыс күшін тартуға арналған рұқсат талап етілмейтін шетелдіктер мен азаматтығы жоқ адамдар үшін мынадай құжаттар қосымша ұсынылады:
қандастар үшін:
Халықтың көші-қоны мәселелері жөніндегі уәкілетті органмен бекітілген нысан бойынша қандас куәлігінің көшірмесі мен түпнұсқасы (салыстыра тексеру үшін);
теңіз, өзен кемелері, әуе көлігі экипаждарының мүшелері, "Жоғары оқу орындарына ерекше мәртебе беру туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің 2001 жылғы 5 шілдедегі № 648 Жарлығына сәйкес ерекше мәртебе берілген жоғары оқу орындарының профессорлық-оқытушылар құрамы, сондай-ақ Білім туралы құжаттарды тану және нострификациялау қағидаларында белгіленген тәртіпте расталған құжаттары бар жоғары оқу орындарында басшылар лауазымдарында жұмыс істейтін, жоғары білімі бар және экономика саласында кадрларды даярлауды жүзеге асыратын оқытушылар үшін:
шетелдік қызметкермен еңбек келісімшартының көшірмесі;
"Астана" халықаралық қаржы орталығының (бұдан әрі – АХҚО) қатысушылары мен органдары тартатын адамдар үшін:
1) заңды тұлғаны АХҚО қолданыстағы құқығына сәйкес тіркеуді/ аккредитациялауды растайтын сертификаттың көшірмесі;
2) шетелдік қызметкермен еңбек келісімшартының көшірмесі;
Білім туралы құжаттарды тану және нострификациялау қағидаларында белгіленген тәртіпте расталған құжаттары бар жоғары білімді, ұлттық басқару холдингінде құрылымдық бөліністердің басшыларынан төмен емес лауазымдарда жұмыс істейтін адамдар үшін:
3) Қазақстан Республикасында құрылымдық бөліністердің бірінші басшыларының шетелдік қызметкерді тағайындауы туралы ұлттық басқару холдингінің бұйрығы;
ұлттық басқару холдингінің директорлар кеңесі мүшелері ретінде жұмыс істеуге тартылатын адамдар үшін:
4) ұлттық басқару холдингінің директорлар кеңесінің жалпы жиналысынан үзінді;
шетелдік заңды тұлғалардың филиалдарының немесе өкілдіктерінің бірінші басшысы болып жұмыс істейтін адамдарға:
5) шетелдік қызметкерді бірінші басшы етіп тағайындау туралы құрылтайшының шешімі не құрылтайшылардың жалпы жиналысынан үзінді;
олардың жарғылық капиталында шетелдік қатысудың жүз пайыз үлесімен қазақстандық заңды тұлғалардың бірінші басшылары болып жұмыс істейтін адамдарға:
6) шетелдік қызметкерді Қазақстан Республикасында бірінші басшы етіп тағайындау туралы құрылтайшының шешімі не құрылтайшылардың жалпы жиналысынан үзінді;
олардың жарғылық капиталында шетелдік қатысудың жүз пайыз үлесімен қазақстандық заңды тұлғалардың бірінші басшыларының орынбасарлары болып жұмыс істейтін адамдарға:
7) басшының орынбасары лауазымына жұмысқа қабылдау және тағайындау туралы бұйрықтың көшірмесі.
Визалардың барлық санатындағы визаларын ұзартуға:
1) виза алу үшін Қағидаларға 5-қосымшаға сәйкес визалық сауалнама не көлемі 3,5х4,5 сантиметр түрлі түсті не ақ-қара фотосуреті;
2) паспорт;
3) мемлекеттік бажды төлегенін растайтын төлем құжатының түпнұсқасы.
Қосымша:
1) "А5" – шақырушы тараптың қолдаухаты және Қазақстан Республикасының инвестициялар жөніндегі уәкілетті органның жазбаша растауы негізінде не АХҚО Әкімшілігінің қолдаухаты негізінде. Визаның жарамдылық мерзімін ұзарту 5 жылға дейінгі мерзімге жүзеге асырылады;
2) "В2" – Қазақстан Республикасында болу мақсатын көрсете отыра, бұрын алғашқы виза алу үшін шақыру ресімдеген шақырушы тараптың қолдаухаты негізінде. Визаның жарамдылық мерзімін ұзарту 30 тәулікке дейінгі мерзімге жүзеге асырылады;
3) "В7" – бұрын шақыру ресімдеген шақырушы тараптың, сондай-ақ Қазақстан Республикасының орталық атқару органдарының, АХҚО немесе "Астана Хаб" қатысушылары мен органдарының қолдаухаты негізінде. Визаның жарамдылық мерзімін ұзарту 90 тәулікке дейін мерзімге жүзеге асырылады;
4) "В8" – Қазақстан Республикасында тұрақты тұруға рұқсат ресімдеу үшін құжаттарды тапсырғаннан кейін қолдаухат негізінде. Визаның жарамдылық мерзімін ұзарту 30 тәулікке дейін мерзімге жүзеге асырылады ;
5) "В21" – алдын ала тергеп-тексеруді не сот тыңдауын аяқтауға қажет мерзімге алдын ала тергеп-тексеру жүзеге асыратын органның не қылмыстық істі қарап жатқан соттың жазбаша өтініші негізінде. Визаның жарамдылық мерзімін ұзарту 180 тәуліктен артық емес мерзімге жүзеге асырылады;
6) "С1" - 1 жылдан артық емес мерзімге өтініш берушінің қолдаухаты негізінде;
7) "С2" – келесі құжаттар болған кезде Көші-қон туралы Заңмен анықталған мерзімдерге шақырушы тараптың жазбаша өтініші негізінде:
шақырушы адамда отбасының әрбір мүшесін күтіп-бағуға айына, республикалық бюджет туралы Қазақстан Республикасының заңында белгіленген ең төмен жалақыдан кем емес мөлшерде қаржылай қаражаттың болуын растауы;
шақырушы адамның "Тұрғын үй қатынастары туралы" 1997 жығы 16 сәуірдегі Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес Қазақстан Республикасының аумағында алаңы отбасының әрбір мүшесіне белгіленген ең төменгі нормативтерге сәйкес келетін тұрғын үйдің болуын растауы;
медициналық сақтандыруы - шақырушы адамның отбасы мүшелері үшін;
көрсетілетін қызметті алушының шақырушы адаммен отбасылық қатынастарын растайтын, Қазақстан Республикасының немесе шет мемлекеттің осыған уәкілетті мемлекеттік органдары ұсынған құжаттардың нотариатта куәландырылған көшірмелері;
8) "С3" – егер мұндай рұқсат Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес талап етілсе, бастапқы визаны алуға шақыруды бұрын ресімдеген шақырушы тараптың өтінішхаты негізінде және жұмыс берушіге шетелдік жұмыс күшін тартуға арналған рұқсатының болуы.
Қазақстан Республикасының басқа өңірінде еңбек қызметін жүзеге асырған кезде шақырушы тарап еңбекші көшіп-келушінің іссапарға жіберілуі туралы бұйрықты (не шарт немесе келісімшарт) ұсынады.
"С3" санатындағы визаның жарамдылығын ұзарту 3 жылдан артық емес мерзімге (АХҚО қатысушылар мен органдарына, "Астана Хаб" қатысушыларының жұмыскерлеріне немесе "Астана Хаб" қызметкерлеріне – 5 жылдан артық емес) жүзеге асырылады;
9) "С4" – қолдаухат және заңды тұлға – Қазақстан Республикасының резидентімен біліктілігіне сәйкестігі туралы анықтамада көрсетілген мамандығы бойынша еңбек шарты негізінде. Визаның жарамдылық мерзімін ұзарту еңбек шартының әрекет ету мерзіміне, бірақ 3 жылдан аспайтын мерзімге жүзеге асырылады;
10) "С5" – астана, Қазақстан Республикасының республикалық маңызы бар қалалардың және облыстардың және олардың аудандарының жергілікті атқарушы органдарының жазбаша өтініші негізінде. Визаның жарамдылық мерзімін ұзарту 2 жылға дейінгі мерзімге жүзеге асырылады;
11) "С7" – діни қызмет саласын реттеуді жүзеге асыратын уәкілетті органның ведомствосымен келісілген Қазақстан Республикасының аумағында тіркелген діни бірлестіктің жазбаша өтініші негізінде. Визаның жарамдылық мерзімін ұзарту 180 тәулікке дейінгі мерзімге жүзеге асырылады;
12) "С9" – Қазақстан Республикасында тіркелген білім беру мәселесі бойынша уәкілетті органның немесе оқу орындарының қолдаухаты негізінде. Визаның жарамдылығын ұзарту 1 жылға дейінгі мерзімге жүзеге асырылады;
13) "С12" – медициналық ұйымдармен берілген, Қазақстан Республикасының медициналық мекемесінде емделіп жатқан қызмет алушыға – шетелдік пациентке ұдайы күтім қажеттілігін растайтын құжаттар не жақын туыстарына – Қазақстан Республикасының азаматтарына не Қазақстан Республикасының аумағында тұрақты тұратын шетелдіктерге ұдайы күтім қажеттілігін растайтын құжаттар болған кезде қолдаухат не ҚР ІІМ нұсқауы негізінде. Визаның жарамдылық мерзімін ұзарту емделуге қажетті, бірақ 1 жылдан артық емес мерзімге жүзеге асырылады.
Немесе портал арқылы:
Бір мәртелі электронды туристік, іскерлік және емделуге арналған визаларды алу үшін көрсетілетін қызметті алушының электрондық сұрауы.

  ";

      Шетелдіктер мен азаматтығы жоқ адамдардың Қазақстан Республикасына келуіне шақыруларын ресімдеу, шақыруларын келісу, Қазақстан Республикасының визаларын беру, олардың күшін жою, қалпына келтіру, сондай-ақ олардың қолданылу мерзімдерін ұзарту және қысқарту қағидаларына 4-3-қосымшада:

      2-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "

2

Мемлекеттік көрсетілетін қызметті ұсыну тәсілдері

Өтінішті қабылдау және мемлекеттік көрсетілетін қызметтің нәтижесін беру:
1) көрсетілетін қызметті беруші;
2) В1, "В2", "В3", "В12" және "С12" бір мәртелі визаларды ресімдеу үшін - "электрондық үкімет" порталы арқылы жүзеге асырылады (бұдан әрі - портал).

  ";

      3-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "

3

Мемлекеттік қызметті көрсету мерзімдері

Көрсетілетін қызметті берушіге құжаттардың топтамасын тапсырған сәттен бастап – 5 (бес) жұмыс күннен аспайды.
Портал арқылы жүгінген уақытта - 1 (бір) жұмыс күні.
Егер келісуші мемлекеттік орган көрсетілген мерзімде жауап ұсынбаған жағдайда, мемлекеттік көрсетілетін қызмет келісім алғаннан кейін 1 жұмыс күннің ішінде ұсынылады (көрсетілетін мемлекеттік қызметті берушіге жүгінген уақытта).

  ";

      4-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "

4

Мемлекеттік қызметті көрсету нысаны

Электронды (ішінара автоматтандырылған)/ қағаз түрінде

  ";

      7-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "

7

Көрсетілетін қызметті берушінің жұмыс кестесі

1) көрсетілетін қызметті беруші - 2015 жылғы 23 қарашадағы Қазақстан Республикасының Еңбек Кодексіне сәйкес демалыс және мереке күндерінен басқа, дүйсенбіден бастап жұманы қоса алғанда, сағат 13.00-ден 14.30-ға дейінгі түскі үзіліспен сағат 09.00-ден 18.30-ға дейін.
Құжаттарды қабылдау және мемлекеттік қызмет көрсету нәтижелерін беру, сағат 13.00-ден 14.30-ға дейінгі түскі үзіліспен, сағат 09.00-дан 17.30-ға дейін жүзеге асырылады.
Қазақстан Республикасының аумағынан тыс жерде мемлекеттік қызметті берушінің құжаттарды қабылдау сағаты 09.30-дан 12.30-ға дейін, ал мемлекеттік қызмет көрсету нәтижелерін беру сағаты 16.00-ден 17.00-ге дейін жүзеге асырылады. Сәрсенбі қабылдамайтын күн.
2) портал - жөндеу жұмыстарына байланысты техникалық үзілістерді қоспағанда, тәулік бойы (көрсетілетін қызметті алушы жұмыс уақыты аяқталғаннан кейін, демалыс және мереке күндері жүгінген кезде, өтініштерді қабылдау және мемлекеттік көрсетілетін қызметті көрсету нәтижелері келесі жұмыс күні жүзеге асырылады).

  ";

      8-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "

8

Мемлекеттік қызметті көрсетуге қажетті құжаттар тізбесі

Қазақстан Республикасына кіруге виза ресімдеу үшін:
Көрсетілетін мемлекеттік қызмет берушіге:
1) көлемі 3,5х4,5 сантиметр түрлі-түсті немесе қара-ақ фотосуреті бар виза алуға арналған визалық сауалнама;
2) ҚР шет елдердегі мекемелерінде немесе ҚР СІМ-де виза ресімдеу кезінде ҚР ІІМ-де немесе ҚР СІМ-де тіркелген қолдаухаттың нөмірі және оны тіркеу күні (виза алушыға шақырудың нөмірін және берілген күнін шақырушы тарап хабарлайды), немесе осы Қағидалардың 25-тармағында көзделген виза санаттарын алушылардың қолдаухаты;
3) шет мемлекеттің жарамды дипломатиялық, қызметтік және шетелдік паспорты, не болмаса Қазақстан Республикасы осы қалыпта таныған және Қазақстан Республикасының мемлекеттік шекарасын кесіп өтуге құқық беретін жеке басты куәландыратын өзге құжат (бұдан әрі – паспорт);
4) консулдық алымды төлегенін растайтын төлем құжатының түпнұсқасы;
5) осы Қағидаларға 1-қосымшаға сәйкес виза алуға қажетті қосымша құжаттар.
порталға:
1) электрондық өтініш;
2) ҚР ІІМ тіркелген шақыру хаттың нөмірі, күні (шақыру хаттың нөмірі мен күнін шақырушы тарап хабарлайды);
3) консулдық төлемді төлеу туралы мәлімет.

  ".

      2. Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігінің Консулдық қызмет департаменті:

      1) Қазақстан Республикасы заңнамасында белгіленген тәртіппен осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;

      2) Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігінің ресми интернет-ресурсына орналастыруын;

      3) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігінің Заң қызметі департаментіне осы тармақтың 1) және 2) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді ұсынуды қамтамасыз етсін.

      3. Осы бірлескен бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрінің бірінші орынбасарына және Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің бірінші орынбасарына жүктелсін.

      4. Осы бұйрық алғаш ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасы
Ішкі істер Министрі
Е. Тургумбаев
     
      Қазақстан Республикасы
Сыртқы істер министрі
М. Тілеуберді

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасы

      Ақпарат және қоғамдық

      даму министрлігі

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасы

      Білім және ғылым министрлігі

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасы

      Денсаулық сақтау министрлігі

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасы

      Еңбек және халықты әлеуметтік

      қорғау министрлігі

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасы

      Индустрия және инфрақұрылымдық

      даму министрлігі

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасы

      Ұлттық қауіпсіздік комитеті

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасы

      Цифрлық даму, инновациялар

      және аэроғарыш министрлігі

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады