"Қазақстан Республикасының аудиторлығына кандидаттарды аттестаттау жөніндегі біліктілік комиссияларын қалыптастыру және олардың қызметін жүзеге асыру қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2009 жылғы 19 наурыздағы № 115 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2021 жылғы 9 маусымдағы № 547 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2021 жылғы 14 маусымда № 23024 болып тіркелді

      ЗҚАИ-ның ескертпесі!
      Осы бұйрық 06.07.2021 бастап қолданысқа енгізіледі

      БҰЙЫРАМЫН:

      1. "Қазақстан Республикасының аудиторлығына кандидаттарды аттестаттау жөніндегі біліктілік комиссияларын қалыптастыру және олардың қызметін жүзеге асыру қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2009 жылғы 19 наурыздағы № 115 бұйрығына (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 5632 болып тіркелген) мынадай өзгерістер енгізілсін:

      тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:

      "Қазақстан Республикасының аудиторлығына кандидаттарды аттестаттау жөніндегі Біліктілік комиссиясын қалыптастыру және оның қызметін жүзеге асыру қағидаларын бекіту туралы";

      1 тармақ келесі редакцияда мазмұндалсын:

      "1. Қазақстан Республикасының аудиторлығына кандидаттарды аттестаттау жөніндегі Біліктілік комиссиясын қалыптастыру және оның қызметін жүзеге асыру қағидалары бекітілсін.";

      Көрсетілген бұйрықпен бекітілген Қазақстан Республикасының аудиторлығына кандидаттарды аттестаттау жөніндегі біліктілік комиссияларын қалыптастыру және олардың қызметін жүзеге асыру қағидалары осы бұйрыққа қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.

      2. Қазақстан Республикасы Қаржы Министрлігінің Бухгалтерлік есеп, аудит және бағалау әдіснамасы департаменті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:

      1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;

      2) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің интернет-ресурсында орналастырылуын;

      3) осы бұйрық Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде осы тармақтың 1) және 2) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтердің Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Заң қызметі департаментіне ұсынылуын қамтамасыз етсін.

      3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Қаржы вице-министріне жүктелсін.

      4. Осы бұйрық 2021 жылғы 6 шілдеден бастап қолданысқа енгізіледі және ресми жариялануға тиіс.

      Қазақстан Республикасының
Қаржы министрі
Е. Жамаубаев

  Қазақстан Республикасы
Қаржы министрінің
2021 жылғы 9 маусымдағы
№ 547 бұйрығына
қосымша
  Қазақстан Республикасы
Қаржы министрінің
2009 жылғы 19 наурыздағы
№115 бұйрығымен
бекітілген

Қызметті қалыптастыру және жүзеге асыру қағидалары Кандидаттарды аттестаттау жөніндегі біліктілік комиссиясының Қазақстан Республикасының аудиторларына

1 тарау. Жалпы ережелер

      1. Осы Қазақстан Республикасының аудиторлығына кандидаттарды аттестаттау жөніндегі Біліктілік комиссиясын қалыптастыру және оның қызметін жүзеге асыру қағидалары (бұдан әрі – қағидалар) "Аудиторлық қызмет туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 7-бабының 8) тармақшасына сәйкес әзірленді және Қазақстан Республикасының аудиторлығына кандидаттарды аттестаттау жөніндегі Біліктілік комиссиясын қалыптастыру және оның қызметін жүзеге асыру тәртібін айқындайды.

2 тарау. Қазақстан Республикасының аудиторлығына кандидаттарды аттестаттау жөніндегі Біліктілік комиссиясын қалыптастыру және оның қызметін жүзеге асыру тәртібі

      2. Қазақстан Республикасының аудиторлығына кандидаттарды аттестаттау жөніндегі біліктілік комиссиясы (бұдан әрі – Комиссия) аудиторлық қызмет жөніндегі кәсіби Кеңестің (бұдан әрі-кәсіби кеңес) атқарушы органы болып табылады.

      Комиссияның құрамына уәкілетті органның өкілі және кәсіби ұйымдардың өкілдерінің тең саны кіреді, сондай-ақ практикамен айналыспайтын сарапшылар кіруі мүмкін.

      Комиссия оның мүшелерінің тақ санынан тұрады, бірақ 7 (жеті) адамнан артық емес, олардың кемінде 3 (үш) "аудитор" біліктілік куәлігі және (немесе) сертификатталған қоғамдық бухгалтердің (СРА), дипломды сертификатталған бухгалтерлер қауымдастығының (ACCA), басқарушылық есеп жөніндегі дипломды бухгалтерлер институтының (cima дипломы) және Англия мен Уэльстің алқаби бухгалтерлері институтының (ICAEW) толық біліктіліктерінің бірі бар".

      3. Комиссия Қазақстан Республикасының аумағында аудиторлық қызметпен айналысқысы келетін аудиторларға кандидаттарды аттестаттау мақсатында құрылады.

      4. Кәсіби кеңес кәсіби ұйымдардың, уәкілетті мемлекеттік органның (бұдан әрі – уәкілетті орган) атына құрылатын комиссияға енгізу үшін кандидатураларды ұсыну туралы сұрау салу жібереді.

      5. Комиссия төрағасы болып кемінде 5 (бес) жыл аудит жүргізу саласында жұмыс тәжірибесі бар аудитор сайланады. Комиссия төрағасы Комиссия мүшелерінің қарапайым көпшілік дауысымен 3 (үш) жыл мерзімге сайланады.

      Бір адам қатарынан 2 (екі) рет төраға болып сайланбайды.

      6. Біліктілік комиссиясының төрағасы және (немесе) Комиссия мүшесі болып сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылық жасағаны үшін жауаптылыққа тартылған адам сайланбайды.

      7. Комиссия мүшесі болып, практикамен айналыспайтын сарапшыны қоспағанда кемінде 2 (екі) жыл аудит жүргізу саласында жұмыс тәжірибесі бар аудитор сайланады.

      Аудит жүргізу саласында кемінде 10 (он) жыл жұмыс тәжірибесі бар практикамен айналыспайтын сарапшыны Комиссия құрамына Комиссия төрағасы ұсынады.

      8. Комиссия отырысы жоспарланатын жылдың алдындағы жылдың 10 желтоқсанына дейін жыл сайын бекітілетін жұмыс жоспарына сәйкес өткізіледі.

      Комиссия отырысы Комиссия мүшелерінің жалпы санының кемінде 2/3 пайызы болған кезде заңды деп есептеледі. Комиссия шешімдері қатысып отырған Комиссия мүшелерінің қарапайым көпшілік дауысымен қабылданады. Дауыстар тең болған жағдайда Комиссия төрағасының дауысы шешуші болып табылады.

      9. Комиссияның кезектен тыс отырысы Комиссия төрағасының немесе комиссияның кемінде 3 (үш) мүшесінің талап етуі бойынша өткізіледі. Комиссия комиссияның кезектен тыс отырысын өткізу туралы шешім қабылданған күннен бастап 3 (үш) жұмыс күні ішінде оның өткізілетін орны мен уақыты және қарауға ұсынылатын мәселелер туралы хабардар етеді.

      Іс қағаздарын жүргізуді, хаттамаларды дайындауды Комиссия хатшысы қамтамасыз етеді. Хатшы Комиссия мүшесі болып табылмайды және Комиссия мүшелерінің көпшілік дауысымен сайланады.

      10. Еңбек демалысы, жалақы сақталмайтын демалыс, еңбекке уақытша жарамсыздық кезеңі, іссапар жағдайларын қоспағанда, Комиссия мүшесі кезекті отырыстарға (қатарынан 3 (үш) реттен артық) қатыспаған жағдайда, Комиссия Төрағасы кәсіби кеңеске және (немесе) уәкілетті органға өкілін Комиссия құрамынан шығару және оны ауыстыру туралы ұсыныс енгізеді.

      11. Кәсіби ұйымның өкілі Комиссия құрамынан шыққан немесе уәкілетті органның өкілі жұмыстан босатылған кезде кәсіби кеңес комиссия құрамынан шыққан күннен бастап 5 (бес) жұмыс күні ішінде Комиссия құрамына тиісті өзгерістер енгізеді.

      12. Уәкілетті орган Комиссияның құрамына кіретін уәкілетті органның өкілі туралы Комиссияға жазбаша хабарлайды.

      13. Уәкілетті органның өкілі комиссия отырысына аудиторлар тізіліміндегі ақпарат негізінде аудиторлыққа кандидаттарды аттестаттаудан өткен адамдарға "аудитор" біліктілік куәліктерінің нөмірлерін береді.

      Уәкілетті органның өкілі емтихан процесіне өтеусіз негізде қатысады.

      14. Аудиторларға кандидаттарды аттестаттаудан өткізу тәртібін бұзушылықтар анықталған жағдайда уәкілетті органның өкілі Комиссия төрағасына жазбаша түрде ескертулер енгізеді.

      Комиссия Төрағасы уәкілетті органның өкілін сайлаған жағдайда оның ескертулерін Комиссия қарайды.

      Комиссия бұл ескертулерді дереу қарайды және қажет болған жағдайда оларды жою жөнінде шаралар қабылдайды.

      Ұсынылған ескертулер мен олар бойынша қабылданған шешімдер комиссия отырысының хаттамасына енгізіледі.

      Комиссия бұзушылықтарды жоймаған және (немесе) аудиторлыққа кандидаттарды аттестаттауды жүргізу тәртібін бұзушылықтар бойынша уәкілетті орган өкілінің ескертулерін негізсіз қабылдамаған жағдайда, уәкілетті орган комиссияның шешіміне кәсіби кеңестің апелляциялық комиссиясына немесе сотқа шағым жасайды.

      15. Қабылданған шешім біліктілік емтиханын өткізгеннен кейін күнтізбелік 30 (отыз) күн ішінде комиссия төрағасы мен отырысқа қатысқан Комиссия мүшелері қол қоятын хаттамамен ресімделеді.

      16. Комиссия:

      біліктілік емтиханын өткізу процесін ұйымдастырады;

      аудиторлыққа кандидаттарды аттестаттауды өткізу орны мен уақыты туралы аудиторлыққа кандидаттарды уақтылы хабардар етеді;

      біліктілік емтиханын өткізу үшін тиісті жағдайларды қамтамасыз етеді;

      отырыс өткізілетін күнге дейін 5 (бес) жұмыс күнінен кешіктірмей Комиссия құрамына кіретін уәкілетті органның өкіліне комиссия отырысының өткізілетін орны мен уақыты туралы хабарлайды;

      уәкілетті орган өкілінің ескертулері мен ұсыныстары бойынша шешім қабылдайды;

      халықаралық қаржылық есептілік стандарттары қоры бекіткен халықаралық қаржылық есептілік стандарттарына, аудит стандарттарына және Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес келетін аудиторлыққа кандидаттарды аттестаттау бағдарламасын әзірлейді, бекітеді және кәсіби кеңес басқармасымен келіседі;

      шолу, ұйымдастыру және бағалау топтарының құрамын бекітеді;

      біліктілік емтиханын өткізу күнін бекітеді;

      аудиторлыққа кандидаттарды аттестаттауға құжаттар қабылдайды;

      біліктілік емтиханының нәтижелерін қарау арқылы аудиторлыққа кандидаттарды аттестаттауды жүргізеді;

      аудиторлыққа кандидаттарды аттестаттау сапасын жақсарту мақсатында шарттық негізде іс жүзіндегі аудиторлар мен бухгалтерлерді, арнайы пән оқытушыларын, ғалымдарды тартады;

      аудитор біліктілік куәлігін беру туралы шешім қабылданған күннен бастап бір ай ішінде бұқаралық ақпарат құралдарында "аудитор" біліктілігін беру туралы комиссияның шешімін қазақ және орыс тілдерінде жариялайды;

      аудиторлыққа кандидаттарды жүргізілген аттестаттау нәтижелері бойынша осы бұйрыққа қосымшаға сәйкес нысан бойынша "аудитор" біліктілік куәлігін және "аудитор" біліктілік куәлігінің нөмірін, тегін, өз атын, әкесінің атын (бар болса) көрсете отырып, аудитордың жеке мөрін береді);

      шешім қабылданған күннен бастап 15 (он бес) жұмыс күні ішінде уәкілетті органға біліктілік куәлігінің нөмірін көрсете отырып, комиссия отырысының хаттамасын және "аудитор" біліктілігі берілген адамдар комиссияға ұсынған құжаттардың нотариат куәландырған көшірмелерін ұсынады.

  Қалыптастыру қағидаларына
және қызметін жүзеге
асыру Біліктілік
комиссиясы кандидаттарды
аттестаттау бойынша
Қазақстан Республикасының
аудиторларына
қосымша
  Нысан

Қазақстан Республикасы

БІЛІКТІЛІК КУӘЛІГІ "АУДИТОР"

      Шешімімен ______________________________________________________________

      __________________________________________________________________________

      (Қазақстан Республикасының аудиторлығына кандидаттарды аттестаттау жөніндегі

      Біліктілік комиссиясының атауы)

      "_____" ___________________ жылғы №__

      __________________________________________________________________________

      __________________________________________________________________________

      (тегі, аты, әкесінің аты (бар болған жағдайда))

      "аудитор" біліктілігі берілді.

      Куәлік № _________________________________________________________________

      Төрағасы ________________________________________________________________

                              (тегі, аты, әкесінің аты (бар болған жағдайда)

      _________             _______________

      (қолы)       (мөр орны (бар болған жағдайда))

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады