БҰЙЫРАМЫН:
1. "Әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларына бөлшек сауда бағаларының шекті мәндерін және оларға бөлшек сауда бағаларының шекті рұқсат етілген мөлшерін белгілеу қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің міндетін атқарушының 2015 жылғы 30 наурыздағы № 282 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 11245 болып тіркелген) мынадай өзгерістер енгізілсін:
2-тармақ 4) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
"4) осы бұйрықты облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың және астананың жергілікті атқарушы органдарының назарына жеткізуін қамтамасыз етсін.";
көрсетілген бұйрықпен бекітілген Әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларына бөлшек сауда бағаларының шекті мәндерін және оларға бөлшек сауда бағаларының шекті рұқсат етілген мөлшерін белгілеу қағидаларында:
4, 5, 6 және 7-тармақтары мынадай редакцияда жазылсын:
"4. Әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларына бөлшек сауда бағаларының шекті мәндерін есептеу үшін Статистикалық жұмыс жоспарына сәйкес мемлекеттік статистика органдары қалыптастыратын ресми статистикалық ақпарат пайдаланылады.
Әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарлары бағаларының деңгейі мен өзгеруі бойынша жарияланған ресми деректер ақпарат көзі болып табылады.
Әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларына бөлшек сауда бағаларының шекті мәндерін есептеу мынадай формула бойынша жүзеге асырылады:
pi = Pbase*rav,i,
мұнда:
pi – әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларына i-ші тоқсандағы бөлшек сауда бағаларының шекті мәні, теңгемен;
pbase – тауар бойынша базалық бөлшек сауда бағасы, теңгемен;
rav,i – тауар бойынша соңғы үш жылдағы i тоқсандағы (тоқсандардағы) баға индексінің орташа өзгерісі, пайызбен;
i – тоқсанның реттік нөмірі.
Астанадағы, республикалық және облыстық маңызы бар қалалардағы әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларының ағымдағы жылғы 20 қарашадағы бөлшек сауда бағасы тауар бойынша базалық бөлшек сауда бағасы болып табылады.
Тауар бойынша соңғы үш жылдағы тоқсандарда баға индексінің орташа өзгерісі мынадай формула бойынша есептеледі:
мұнда:
rn,i – тауар бойынша n-ші жылғы i тоқсандағы (тоқсандардағы) баға индексі, пайызбен;
rn-1,i – тауар бойынша n-1-ші жылғы i тоқсандағы (тоқсандардағы) баға индексі, пайызбен;
rn-2,i – тауар бойынша n-2-ші жылғы i тоқсандағы (тоқсандардағы) баға индексі, пайызбен;
n – бөлшек сауда бағаларының шекті мәндері белгіленетін жылдың алдындағы жыл.
5. Облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың және астананың жергілікті атқарушы органдары (бұдан әрі – жергілікті атқарушы органдар) мемлекеттік статистика органдарының деректері негізінде әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларының шекті мәндері мен ағымдағы бөлшек сауда бағаларына салыстырмалы талдау жүргізеді және тоқсан сайын есептік кезеңнен кейінгі айдың 5 күніне сауда қызметін реттеу саласындағы уәкілетті органға (бұдан әрі – уәкілетті орган) ұсынады.
6. Жергілікті атқарушы органдар уәкілетті органға:
1) жыл сайын ағымдағы жылғы 5 желтоқсанға дейін әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларына бөлшек сауда бағаларының алдағы жылдың бірінші, екінші және үшінші тоқсандарына арналған шекті мәндерін бекіту бойынша ұсыныстар;
2) жыл сайын ағымдағы жылғы 20 ақпанға дейін ағымдағы жылдың төртінші тоқсанына әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларына бөлшек сауда бағаларының шекті мәндерін бекіту бойынша ұсыныстар енгізеді.
Әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларына бөлшек сауда бағаларының шекті мәндерін анықтау мақсатында уәкілетті орган он жұмыс күні ішінде жергілікті атқарушы органдар ұсыныстарды берген күннен бастап макроэкономикалық талдау жүргізеді.
7. Макроэкономикалық талдау қорытындысы бойынша уәкілетті органның тиісті шешімін алғаннан кейін жергілікті атқарушы органдар әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларына бөлшек сауда бағаларының шекті мәндерін белгілеудің алдындағы жылғы 31 қаңтарға дейін бірінші, екінші және үшінші тоқсандарға және ағымдағы жылғы 25 наурызға дейін ағымдағы жылдың төртінші тоқсанына арналған әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларына бөлшек сауда бағаларының шекті мәндерін бекітеді.";
11-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"11. Әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларына бөлшек сауда бағаларының шекті рұқсат етілген мөлшері Әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларына бөлшек сауда бағаларының шекті рұқсат етілген мөлшерін бекіту жөніндегі комиссияның (бұдан әрі – Комиссия) ұсынымы негізінде облыс, республикалық маңызы бар қала, астана әкімінің қаулысымен бекітіледі.";
14 және 15-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:
"14. Осы Қағидалардың 8-тармағында көзделген жағдайларда Комиссия бес жұмыс күн ішінде облыс, республикалық маңызы бар қала, астана әкімдігіне ұсыным енгізеді.
15. Комиссияның ұсынымы негізінде облыс, республикалық маңызы бар қала, астана әкімдігі азық-түлік тауарларының атауларын, осындай тауарларға бөлшек сауда бағаларының шекті рұқсат етілген мөлшерлерін және оларға енгізілетін шекті рұқсат етілген бөлшек сауда бағаларының мерзімдерін көрсете отырып, Қазақстан Республикасының тиісті өңірінің аумағында сатылатын әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларына бөлшек сауда бағаларының шекті рұқсат етілген мөлшерін бекіту туралы қаулы қабылдайды.".
2. Қазақстан Республикасы Сауда және интеграция министрлігінің Ішкі сауда департаменті заңнамада белгіленген тәртіпте:
1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;
2) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Сауда және интеграция министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Сауда және интеграция вице-министріне жүктелсін.
4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының сауда және интеграция министрі |
Б. Сұлтанов |
"КЕЛІСІЛДІ"
Қазақстан Республикасы
Ауыл шаруашылығы
министрлігі
"КЕЛІСІЛДІ"
Қазақстан Республикасы
Қаржы министрлігі
"КЕЛІСІЛДІ"
Қазақстан Республикасы
Ұлттық экономика
министрлігі