ЗҚАИ-ның ескертпесі!
Осы бұйрық 01.07.2021 бастап қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасы Экология кодексінің 398-бабының 10-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
1. Қоса беріліп отырған Қазақстан Республикасының теңізінде, ішкі су айдындарында және сақтық аймағында мұнайдың авариялық төгілуін жоюға арналған диспергенттер мен хердерлердің тізбесіне диспергенттер мен хердерлерді енгізу қағидалары бекітілсін.
3. Қазақстан Республикасы Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігінің Экологиялық реттеу және бақылау комитеті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:
1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;
2) осы бұйрық ресми жарияланғаннан кейін оның Қазақстан Республикасы Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігінің интернет-ресурсында орналастырылуын;
3) осы бұйрық мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігінің Заң қызметі департаментіне осы тармақтың 1) және 2) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтердің ұсынылуын қамтамасыз етсін.
4. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Экология, геология және табиғи ресурстар вице-министріне жүктелсін.
5. Осы бұйрық 2021 жылғы 1 шілдеден бастап қолданысқа енгізіледі және ресми жариялануға жатады.
Қазақстан Республикасының Экология, геология және табиғи ресурстар министрі |
М. Мирзагалиев |
"КЕЛІСІЛДІ"
Қазақстан Республикасының
Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрі
"КЕЛІСІЛДІ"
Қазақстан Республикасының
Төтенше жағдайлар министрі
"КЕЛІСІЛДІ"
Қазақстан Республикасының
Энергетика министрі
Қазақстан Республикасының Экология, геология және табиғи ресурстар министрінің 2021 жылғы 10 маусымдағы № 191 бұйрығымен бекітілген |
Қазақстан Республикасының теңізінде, ішкі су айдындарында және сақтық аймағында мұнайдың авариялық төгілуін жоюға арналған диспергенттер мен хердерлер тізбесіне диспергенттер мен хердерлерді енгізу қағидалары
1. Осы Қазақстан Республикасының теңізінде, ішкі су айдындарында және сақтық аймағында мұнайдың авариялық төгілуін жоюға арналған диспергенттер мен хердер тізбесіне диспергенттер мен хердерлерді енгізу қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) Қазақстан Республикасының Экология кодексінің 398-бабының 10-тармағына сәйкес әзірленді және Қазақстан Республикасының теңізінде, ішкі су айдындарында және сақтық аймағында мұнайдың авариялық төгілуін жоюға арналған диспергенттер мен хердерлер тізбесіне диспергенттер мен хердерлерді енгізу қағидаларын белгілейді.
2. Осы Қағидаларда мынадай негізгі терминдер пайдаланылады:
диспергенттер – беткі-активті заттар мен еріткіштердің қоспасы, олар мұнай дағының табиғи процестердің әсер етуінен бұзылғанға дейін судың қабатында қала отырып, онымен барынша тиімді араласа алатын ұсақ тамшыларға бөлінуіне мүмкіндік береді;
хердерлер – мұнайдың төгілуін жою әдістерінің, көмегімен судың бетін кейіннен тазарту үшін мұнай дағын тартуға және қалыңдатуға қабілетті беткі-активті заттар.
3. Қазақстан Республикасының теңізінде, ішкі су айдындарында және сақтық аймағында мұнайдың авариялық төгілуін жоюға арналған диспергенттер мен хердерлер тізбесіне енгізуді қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкілетті орган жүзеге асырады.
4. Хердерлерді тізбеге енгізу туралы ұсынысты заңды немесе жеке тұлғалар қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкілетті органға ұсынады.
5. Жеке және заңды тұлғалар қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкілетті органға мынадай құжаттарды ұсынады:
1) диспергенттердің немесе хердерлердің тиімділігін тестілеу нәтижелерімен зертханалық зерттеу жүргізу есебі және нәтижелері.
Диспергенттер мен хердерлердің тәжірибелік тиімділігі, диспергенттің немесе хердердің жоспарлы қолданылуына қатысты, мұнай үлгісімен далалық сынақтар жүргізуді талап етеді.
Диспергент, егер ол қырық пайыз және одан да көп тиімділік шегіне жетсе, тиімді болып саналады.
Егер хердер қолдану нәтижесінде дақ тартылып, мұнай қабыршағының қалыңдығы үщ миллиметрге дейін және одан жоғары болып, 30 минут бойы ұсталса, сондай-ақ хердердің жер бетіндегі керілу деңгейіне метрге отыз миллиньютон диапазонында қол жеткізілсе, хердер тиімді болып саналады.
2) паспорттың немесе өнімнің қауіпсіздік сертификатының болуы.
6. Диспергенттер мен хердерлерді тізбеге енгізу туралы ұсынысты қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкілетті орган тіркелген кезден бастап жиырма жұмыс күнінен аспайтын мерзімде қарайды.
7. Бас тартқан жағдайда қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкілетті орган жеке немесе заңды тұлғаны мынадай себептерді көрсете отырып, электрондық құжат нысанында хабардар етеді:
1) Қағидалардың 5-тармағында көзделген құжаттардың толық топтамасы ұсынылмаған;
2) диспергенттер мен хердерлердің тиімділігіне тестілеуді өткізу есебі мен нәтижелері тестілеуді өткізу тәртібіне сәйкес келмейді;
3) зерттеу нәтижесінде диспергент қырық пайыз және одан да көп тиімділік шегіне жеткен жоқ;
4) хердерді зерттеу нәтижесінде дақ тартылмады және мұнай қабыршағының қалыңдығы үш миллиметрге дейін және одан жоғары ұлғайған жоқ және 30 минут бойы ұсталмады, ал хердердің беткі керілуі метрге отыз миллиньютон диапазонына жеткен жоқ.
8. Осы Қағидалардың 5-тармағының 1) және 2) тармақшаларында айқындалған өлшемшарттар жиынтығының осы диспергенттің немесе хердердің сәйкестігін белгілеу кезінде диспергенттер мен хердерлерді тізбеге енгізу қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкілетті органның бекітуі диспергенттер мен хердерлерді тізбеге енгізудің өлшемшарты болып табылады.
9. Диспергенттер мен хердерлерді тізбеге енгізу мерзімдері қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкілетті орган заңды немесе жеке тұлғаға диспергенттер мен хердерлерді енгізу туралы ұсынысының оң қаралғаны туралы хабарлама жіберген кезден бастап үш ай.
10. Тізбе қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкілетті органның ресми интернет-ресурсында орналастырылады.