Мемлекеттік көміртегі кадастрын жүргізу қағидаларын бекіту туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Экология, геология және табиғи ресурстар министрінің 2021 жылғы 10 маусымдағы № 190 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2021 жылғы 19 маусымда № 23110 болып тіркелді

      ЗҚАИ-ның ескертпесі!
      Осы бұйрық 01.07.2021 бастап қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының 2021 жылғы 2 қаңтардағы Экологиялық кодексінің 303-бабының 3-тармағына сәйкес, БҰЙЫРАМЫН:

      1. Қоса беріліп отырған Мемлекеттік көміртегі кадастрын жүргізу қағидалары бекітілсін.

      2. Қазақстан Республикасы Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігінің Климаттық саясат және жасыл технологиялар департаменті заңнамада белгіленген тәртіппен:

      1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;

      2) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігінің ресми интернет-ресурсында орналастырылуын;

      3) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркегеннен кейін он жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігінің Заң қызметі департаментіне осы тармақтың 1) және 2) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалауы туралы мәліметтердің ұсынылуын қамтамасыз етсін.

      3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Экология, геология және табиғи ресурстар вице-министріне жүктелсін.

      Осы бұйрық 2021 жылғы 1 шілдеден бастап қолданысқа енгізіледі және ресми жариялануға тиіс.

      Қазақстан Республикасының
Экология, геология және табиғи
ресурстар министрі
М. Мирзагалиев

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасы

      Цифрлық даму, инновациялар және

      аэроғарыш өнеркәсібі министрі

  Қазақстан Республикасының
Экология, геология және табиғи
ресурстар министрінің
2021 жылғы 10 маусымдағы
№ 190 Бұйрығымен бекітілген

Мемлекеттік көміртегі кадастрын жүргізу ережесі

1 тарау. Жалпы ережелер

      1. Осы Мемлекеттік көміртегі кадастрын жүргізу қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) Қазақстан Республикасы Экологиялық кодексінің 303-бабының 3-тармағына сәйкес әзірленді және мемлекеттік көміртегі кадастрын жүргізу тәртібін айқындайды.

      2. Осы Қағидаларда мынадай ұғымдар пайдаланылады:

      1) Мемлекеттік көміртегі кадастры - парниктік газдардың шығарылу көздерін, олар шығарған шығарындылар көлемін, сондай-ақ қондырғының операторы үшін белгіленген шекаралар шегінде парниктік газдардың шығарылуын қысқарту немесе сіңірілуін ұлғайту көлемін есепке алу жүйесін;

      2) Көміртегі бірліктерінің саудасы жүйесінің операторы - парниктік газдардың шығарылуы мен сіңірілуі саласындағы мемлекеттік реттеу мен халықаралық ынтымақтастықты техникалық және сараптамалық қолдап отыруды қамтамасыз ететін, қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкілетті органның парниктік газдардың шығарылуын реттеу жөніндегі ведомстволық бағынысты ұйымы;

      3) Квоталау субъектісі - парниктік газдардың квоталанатын шығарылу көлемі экономиканың реттелетін секторларында жылына жиырма мың тонна көміртегі диоксидінен асатын квоталанатын қондырғының операторы;

      4) Әкімшілендіру субъектісі - парниктік газдардың квоталанатын шығарылуының көлемі экономиканың реттелетін секторларында жылына он мыңнан жиырма мың тоннаға дейінгі көміртегі диоксидін құрайтын қондырғы әкімшілендірілетін қондырғының операторы.

      3. Мемлекеттік көміртегі кадастрын (бұдан әрі – Мемлекеттік кадастр) Көміртегі бірліктерінің сауда жүйесінің операторы қалыптастырады және жүргізеді.

2 тарау. Мемлекеттік көміртегі кадастры жүргізу

      4. Мемлекеттік кадастрды жүргізу есепті жылдан кейінгі жыл ішінде жүзеге асырылады.

      5. Мемлекеттік кадастрды жүргізу кезінде Қазақстан Республикасы Экологиялық кодексінің 294 – бабының 2-тармағына сәйкес қондырғы операторларының парниктік газдарды түгендеу туралы есептерінің электрондық нысандары (бұдан әрі - бекітілген есептің электрондық нысаны) пайдаланылады.

      6. Әкімшілендіру субъектілер және квоталау субъектілер мемлекеттік көміртегі кадастрында тіркеледі және есепті кезеңнен кейінгі жылдың 1 сәуіріне дейін бекітілген есептің электрондық нысанын толтырады.

      Бұл ретте әкімшілендіру субъектілері ұсынатын парниктік газдарды түгендеу туралы есептер верификациялауға жатпайды.

      7. Әкімшілендіру субъектісі бекітілген есептің электрондық нысаны толтырғаннан кейін оған электрондық цифрлық қолтаңбаны қолдану арқылы қол қояды.

      8. Әкімшілендіру субъектісі верификациясыз мемлекеттік көміртегі кадастрында бекітілген есептің электрондық нысаны кезеңнен кейінгі жылдың 1 сәуіріне дейін жібереді.

      9. Көміртегі бірліктерін сату жүйесінің операторы есепті бекітілген есептің электрондық нысанына сәйкестігі тұрғысынан қарайды және оны берілген күнінен бастап күнтізбелік 30 күн ішінде тіркейді.

      Бекітілген есептің электрондық нысанына сәйкес келмеген жағдайда оны пысықтауға жібереді.

      10. Әкімшілендіру субъектісі бекітілген есептің электрондық нысаны 10 жұмыс күні ішінде енгізіледі және жібереді.

      11. Квоталау субъектісі бекітілген есептің электрондық нысаны толтырғаннан кейін оған электрондық цифрлық қолтаңбаны қолдану арқылы қол қояды және верификация үшін валидация және верификация жөніндегі аккредиттелген органға жібереді.

      12. Валидация және верификация жөніндегі аккредиттелген орган мемлекеттік көміртегі кадастрында парниктік газдарды түгендеу туралы есепті жыл үшін парниктік газдарды түгендеу туралы есепті 15 жұмыс күні ішінде тіркейді верификациялауды жүргізеді.

      13. Парниктік газдарды түгендеу туралы есепке түзетулер енгізу қажет болған жағдайда Валидация және верификация жөніндегі аккредиттелген орган субъектісіне түзетулер енгізу қажеттілігін анықтағаннан кейін оны квоталау пысықтауға күнтізбелік 3 күні ішінде жібереді.

      14. Квоталау субъектісі пысықтауға жіберілгеннен кейін 10 жұмыс күні ішінде бекітілген есептің электрондық нысанын енгізіледі және жібереді.

      15. Верификация процестері жүргізілгеннен және анық деректер бекітілген есептің электрондық нысанына енгізілгеннен кейін Валидация және верификация жөніндегі аккредиттелген орган парниктік газдарды түгендеу туралы есепті растайды және оған электрондық цифрлық қолтаңбаны қолдану арқылы қол қояды.

      16. Квоталау субъектісі парниктік газдарды түгендеу туралы есепті жылдан кейінгі жылдың 1 сәуіріне дейін валидация және верификация жөніндегі аккредиттелген орган растаған парниктік газдарды түгендеу туралы есептің электрондық нысанын жібереді.

      17. Көміртегі бірліктерін сату жүйесінің операторы Парниктік газдарды түгендеу туралы верификацияланған парниктік газдарды түгендеу туралы есепті оған жіберген күнінен бастап 20 жұмыс күні ішінде оны бекітілген есептің электрондық нысанға сәйкестігі, верификацияның болуы, парниктік газдар шығарындылары есептерінің дұрыстығы және парниктік газдар шығарындыларын есептеу үшін пайдаланылған коэффициенттерді қолдану және қарау нәтижелері бойынша қарайды:

      1) парниктік газдарды түгендеу туралы есепті осы тармақтың бірінші абзацының талаптарына ол сәйкес келген жағдайда тіркейді;

      2) парниктік газдарды түгендеу туралы есеп осы тармақтың бірінші абзацының талаптарына сәйкес келмеген жағдайда, оны квоталау субъектісіне пысықтауға жібереді, сондай-ақ валидация және верификация жөніндегі аккредиттелген органдарға қатысты шаралар қабылдау үшін 3 жұмыс күні ішінде қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкілетті органды хабардар етеді.

      18. Көміртегі бірліктерімен сауда жүйесінің операторы парниктік газдарды түгендеу туралы верификацияланған есепті өзінің ішкі құжаттамасына сәйкес осы Қағидалардың 17-тармағына сәйкес қарайды.

      19. Осы Қағидалардың 17-тармағында көрсетілген мерзім аяқталғаннан кейін мемлекеттік көміртегі кадастрында парниктік газдарды түгендеу туралы есептің нәтижелерін қараудың есепке тиісті мәртебесін береді.

      20. Парниктік газдарды түгендеу туралы тіркелген есептердің негізінде көміртегі бірліктерінің саудасы жүйесінің операторы парниктік газдар шығарындылары мен сіңірулерін талдауды және болжауды жүзеге асырады және қажет болған жағдайда қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкілетті органға парниктік газдар шығарындыларын реттеу саласындағы Қазақстан Республикасының заңнамасын жетілдіру жөнінде ұсыныстар енгізеді.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады