Мемлекеттік сатып алуды жүзеге асыру қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2015 жылғы 11 желтоқсандағы № 648 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы

Жаңартылған

Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2021 жылғы 17 маусымдағы № 581 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2021 жылғы 19 маусымда № 23120 болып тіркелді.

      ЗҚАИ-ның ескертпесі!
      Бұйрықтың күшін жою көзделген - ҚР Қаржы министрінің 09.10.2024 № 687 (01.01.2025 бастап қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      БҰЙЫРАМЫН:

      1. "Мемлекеттік сатып алуды жүзеге асыру қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2015 жылғы 11 желтоқсандағы № 648 бұйрығына (Қазақстан Республикасы Нормативтік құқықтық актілерінің мемлекеттік тізімінде № 12590 болып тіркелген) мынадай өзгерістер енгізілсін:

      көрсетілген бұйрықпен бекітілген Мемлекеттік сатып алуды жүзеге асыру қағидаларында (бұдан әрі - Қағидалар):

      Тауарларды мемлекеттік сатып алу туралы үлгілік шартта:

      5.1-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:

      "5.1. Өнім беруші Тауар арналған пунктте Тапсырыс берушінің өкіліне мынадай құжаттарды ұсынады:

      1) жүкқұжат түпнұсқасы (дана саны көрсетіледі);

      2) ақпарат Тауардың өзінде және/немесе орамасында көрсетілген не Тауар сапасы дайындаушы кәсіпорынның мөртаңбасымен немесе белгілерді таратып жаза отырып, басқа белгімен Тауардың өзінде және/немесе оның орамасында расталған жағдайларды қоспағанда, Тауардың жиынтығы, оның техникалық сипаттамасы, пайдалану қағидалары, кепілдігі туралы мәліметтерді және Тауардың сапасын және оның Қазақстан Республикасында танылған нормативтік-техникалық құжаттарға сәйкестігін айқындау үшін қажетті басқа да мәліметтерді қамтитын дайындаушы зауыт (жөнелтуші) берген зауыттың сапа сертификатының және/немесе техникалық паспортының түпнұсқалары немесе нотариалды куәландырылған көшірмелері;

      3) сәйкестігін міндетті түрде растауға жатпайтын Тауарларды қоспағанда, өнім беруші растаған Тауардың сәйкестігін бағалау туралы құжаттың (сәйкестік сертификаты / сәйкестігі туралы декларация / мемлекеттік тіркеу туралы куәлік) көшірмесі;

      4) Дайындаушының немесе Өнім берушінің (қажет болған кезде) кепілдік (міндеттеме) сертификаты;

      5) егер Тауар Қазақстанда шығарылған болса, онда "Тауардың шығарылған елін айқындау, тауардың шығарылуы туралы сертификат беру және оның күшін жою жөніндегі қағидаларды бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің міндетін атқарушының 2015 жылғы 24 ақпандағы №155 бұйрығымен бекітілген Тауардың шығарылған елін айқындау, тауардың шығарылуы туралы сертификат беру және оның күшін жою жөніндегі қағидаларға (Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерін мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 10947 болып тіркелген) (бұдан әрі – Тауардың шығарылған елін айқындау, тауардың шығарылуы туралы сертификат беру және оның күшін жою жөніндегі қағидалары) сәйкес белгіленген тәртіпте Тауардың шыққан жері туралы "СТ-KZ" сертификатының түпнұсқасы немесе белгіленген үлгідегі көшірмесі, не уәкілетті ұйым растаған көшірмесі беріледі.

      Егер жеткізілетін қазақстандық тауарлардың көлемі екі және одан көп бірлікті құраса, онда белгіленген үлгідегі түпнұсқасы немесе көшірмесі не жеткізілетін көлемге (үлгіге берілген сертификатты қоспағанда) немесе сериялық өндіріс өніміне тауардың шығарылған елін айқындау, тауардың шыққан жері туралы сертификат беру және оның күшін жою жөніндегі қағидаларға сәйкес берілген "СТ-KZ" тауардың шыққан жері туралы сертификаттың уәкілетті ұйым куәландырған көшірмесі ұсынылады.

      Егер Тауар шетелде шығарылған болса, онда шығарған елдің тиісті органы Тауардың шыққан жері туралы айқындау, тауардың шығарылуы туралы сертификат беру және оның күшін жою жөніндегі қағидаларында белгіленген тәртіпте Тауардың шыққан жері туралы тиісті сертификаттың тұпнұсқасы немесе көшірмесі беріледі.";

      Құрылыс саласындағы жұмыстарды мемлекеттік сатып алу туралы үлгілік шартта:

      6.2-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:

      "6.2. Мердігер/Орындаушы орындалған жұмыстарды қабылдап алу/тапсыру кезінде Тапсырыс берушіге мынадай құжаттарды ұсынады:

      1) егер жұмыстар қазақстанда шығарылған материалдардан және жабдықтардан орындалған болса, онда "Тауардың шығарылған елін айқындау, тауардың шығарылуы туралы сертификат беру және оның күшін жою жөніндегі қағидаларды бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің міндетін атқарушының 2015 жылғы 24 ақпандағы №155 бұйрығымен бекітілген Тауардың шығарылған елін айқындау, тауардың шығарылуы туралы сертификат беру және оның күшін жою жөніндегі қағидаларға (Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерін мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 10947 болып тіркелген) (бұдан әрі – Тауардың шығарылған елін айқындау, тауардың шығарылуы туралы сертификат беру және оның күшін жою жөніндегі қағидалары) сәйкес белгіленген тәртіпте Тауардың шыққан жері туралы "СТ-KZ" сертификатының түпнұсқасы немесе белгіленген үлгідегі көшірмесі, не уәкілетті ұйым растаған көшірмесі беріледі;

      2) егер жұмыстар шетелде шығарылған материалдардан және жабдықтардан орындалған болса – Тауардың шығарылған елін айқындау, тауардың шыққан жері туралы сертификат беру және оның күшін жою жөніндегі қағидаларында белгіленген тәртіпте шығарған елдің тиісті органы берген Тауардың шыққан жері туралы тиісті сертификаттың тұпнұсқасы немесе көшірмесі.";

      Жұмыстарды мемлекеттік сатып алу туралы үлгілік шарт жобалау-сметалық құжаттаманы (техникалық-экономикалық негіздеме) әзірлеу бойыншада:

      тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын, орыс тіліндегі мәтіні өзгермейді:

      "Жобалау-сметалық құжаттаманы (техникалық-экономикалық негіздеме) әзірлеу бойынша жұмыстарды мемлекеттік сатып алу туралы үлгілік шарт";

      5.8-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:

      "5.8. Жобалаушы/Орындаушы орындалған жұмыстарды қабылдау/тапсыру кезінде Тапсырыс берушіге мынадай құжаттарды ұсынады:

      1) егер жұмыстар Қазақстанда шығарылған материалдардан және жабдықтардан орындалған болса, онда "Тауардың шығарылған елін айқындау, тауардың шығарылуы туралы сертификат беру және оның күшін жою жөніндегі қағидаларды бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің міндетін атқарушының 2015 жылғы 24 ақпандағы №155 бұйрығымен бекітілген Тауардың шығарылған елін айқындау, тауардың шығарылуы туралы сертификат беру және оның күшін жою жөніндегі қағидаларға (Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерін мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 10947 болып тіркелген) (бұдан әрі – Тауардың шығарылған елін айқындау, тауардың шығарылуы туралы сертификат беру және оның күшін жою жөніндегі қағидалары) сәйкес белгіленген тәртіпте Тауардың шыққан жері туралы "СТ-KZ" сертификатының түпнұсқасы немесе белгіленген үлгідегі көшірмесі, не уәкілетті ұйым растаған көшірмесі беріледі;

      2) егер жұмыстар шетелде шығарылған материалдардан және жабдықтардан орындалған болса – Тауардың шығарылған елін айқындау, тауардың шығарылуы туралы сертификат беру және оның күшін жою жөніндегі қағидаларында белгіленген тәртіпте шығарған елдің тиісті органы берген Тауардың шыққан жері туралы тиісті сертификаттың тұпнұсқасы немесе көшірмесі.";

      Құрылыспен байланысты емес жұмыстарды мемлекеттік сатып алу туралы үлгілік шартта:

      6.2-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:

      "6.2. Мердігер/Орындаушы орындалған жұмыстарды қабылдап алу/тапсыру кезінде Тапсырыс берушіге мынадай құжаттарды ұсынады:

      1) егер жұмыстар Қазақстанда шығарылған материалдардан және жабдықтардан орындалған болса, онда "Тауардың шығарылған елін айқындау, тауардың шығарылуы туралы сертификат беру және оның күшін жою жөніндегі қағидаларды бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің міндетін атқарушының 2015 жылғы 24 ақпандағы №155 бұйрығымен бекітілген Тауардың шығарылған елін айқындау, тауардың шығарылуы туралы сертификат беру және оның күшін жою жөніндегі қағидаларға (Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерін мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 10947 болып тіркелген) (бұдан әрі – Тауардың шығарылған елін айқындау, тауардың шығарылуы туралы сертификат беру және оның күшін жою жөніндегі қағидалары) сәйкес белгіленген тәртіпте Тауардың шыққан жері туралы "СТ-KZ" сертификатының түпнұсқасы немесе белгіленген үлгідегі көшірмесі, не уәкілетті ұйым растаған көшірмесі беріледі;

      2) егер жұмыстар шетелде шығарылған материалдардан және жабдықтардан орындалған болса – Тауардың шығарылған елін айқындау, тауардың шығарылуы туралы сертификат беру және оның күшін жою жөніндегі қағидаларында белгіленген тәртіпте шығарған елдің тиісті органы берген Тауардың шыққан жері туралы тиісті сертификаттың тұпнұсқасы немесе көшірмесі.".

      2. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік сатып алу және квазимемлекеттік секторының сатып алу әдіснамасы департаменті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:

      1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;

      2) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды;

      3) Осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Заң қызметі департаментіне осы тармақтың 1) және 2) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтердің ұсынылуын қамтамасыз етсін.

      3. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
Қаржы министрі
Е. Жамаубаев

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады