Кәсіпкерлік субъектілері үшін салықтық әкімшілендірудің жекелеген нормаларын қолдану жөніндегі пилоттық жобаны іске асыру қағидалары мен мерзімдерін бекіту туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2021 жылғы 18 маусымдағы № 588 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2021 жылғы 22 маусымда № 23152 болып тіркелді

      "Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы" Қазақстан Республикасы Кодексінің (Салық кодексі) 68-бабы 1-1-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

      1. Қоса беріліп отырған Кәсіпкерлік субъектілері үшін салықтық әкімшілендірудің жекелеген нормаларын қолдану жөніндегі пилоттық жобаны іске асыру қағидалары мен мерзімдері бекітілсін.

      2. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік кірістер комитеті Қазақстан Республикасының заңнамаcында белгіленген тәртіппен:

      1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;

      2) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің интернет-ресурсында орналастырылуын;

      3) осы бұйрық Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде осы тармақтың 1) және 2) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Заң қызметі департаментіне ұсынуды қамтамасыз етсін.

      3. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
Қаржы министрі
Е. Жамаубаев

  Қазақстан Республикасы
Қаржы министрінің
2021 жылғы 18 маусымдағы
№ 588 Бұйрықпен
бекітілген

Кәсіпкерлік субъектілері үшін салықтық әкімшілендірудің жекелеген нормаларын қолдану жөніндегі пилоттық жобаны іске асыру қағидалары мен мерзімдері

1-тарау. Жалпы ережелер

      1. Осы Кәсіпкерлік субъектілері үшін салықтық әкімшілендірудің жекелеген нормаларын қолдану жөніндегі пилоттық жобаны іске асыру қағидалары мен мерзімдері (бұдан әрі – Қағидалар) "Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы" Қазақстан Республикасы Кодексінің (Салық кодексі) (бұдан әрі – Салық кодексі) 68-бабы 1-1-тармағына сәйкес әзірленді және кәсіпкерлік субъектілері үшін салықтық әкімшілендірудің жекелеген нормаларын қолдану жөніндегі пилоттық жобаны (бұдан әрі – пилоттық жоба) іске асыру тәртібі мен мерзімдерін айқындайды.

      2. Пилоттық жоба Қазақстан Республикасының аумағында мынадай кезеңде:

      1) 2021 жылғы 1 қаңтардан бастап 2021 жылғы 31 желтоқсанға дейін:

      Қазақстан Республикасы ратификациялаған халықаралық шарттарды іске асыру мақсатында қабылданған Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерінде көзделген жағдайларда салық төлеушілер үшін;

      импортталған тауарларды өткізген жағдайда салық төлеушілер үшін;

      электрондық шот-фактуралар ақпараттық жүйесінің "Виртуалды қойма" модуліне келіп түскен тауарлар осындай салық төлеушілерге өткізілген жағдайда, қосылған құн салығын (бұдан әрі – ҚҚС) төлеушілер болып табылмайтын салық төлеушілер үшін;

      құны республикалық бюджет туралы заңда белгіленген және осындай мәміле жасалған күнге қолданыста болатын айлық есептік көрсеткіштің 1000 еселенген мөлшерінен асатын азаматтық-құқықтық мәміле бойынша Қазақстан Республикасында қосылған құн салығын төлеуші ретінде тіркелмеген резидент-заңды тұлғалар (мемлекеттік мекемелер мен орта білім беретін мемлекеттік ұйымдарды қоспағанда), қызметін Қазақстан Республикасында филиал, өкілдік арқылы жүзеге асыратын бейрезиденттер, дара кәсіпкерлер, жеке практикамен айналысатын адамдар үшін;

      2) 2021 жылғы 8 ақпаннан бастап 2021 жылғы 31 желтоқсанға дейін:

      бөлшек салықтың арнаулы салық режимін қолдануға ауысу туралы хабарламаны табыс еткен салық төлеушілер үшін іске асырылады.

      3. Мыналар:

      1) кәсіпкерлік субъектілері;

      2) мемлекеттік кірістер органдары пилоттық жобаның қатысушылары болып табылады.

2-тарау. Жекелеген жағдайларда электрондық нысандағы шот-фактура жазып беру бөлігінде пилоттық жобаны іске асыру тәртібі

      4. Осы Қағидалардың 2-тармағының 1) тармақшасының бесінші абзацында көрсетілген, Қазақстан Республикасының Кәсіпкерлік кодексіне сәйкес кәсіпкерлік субъектілері болып табылатын салық төлеушілер үшін шот-фактура жазып беру талап етілмейді.

      Осы Қағидалардың 2-тармағының 1) тармақшасының екінші, үшінші және төртінші абзацтарында көзделген жағдайларда, тауарларды:

      1) сатып алынған тауарды жеке, отбасылық, үй ішінде немесе кәсіпкерлік қызметке байланысты емес өзге де пайдалану (түпкілікті тұтыну) мақсатында пайдаланылатын жеке тұлғаларға өткізу кезінде;

      2) ҚҚС төлеушілері болып табылмайтын, Қазақстан Республикасының Кәсіпкерлік кодексіне сәйкес микро кәсіпкерлік субъектілері болып табылатын салық төлеушілермен жеке және заңды тұлғаларға өткізу кезінде шот-фактура жазып беру талап етілмейді.

      Осы тармақта көрсетілген салық төлеушіден тауарларды, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді сатып алған жағдайда және тауарларды, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді алушы 2021 жылғы 31 желтоқсаннан кешіктірілмей осы тауарларды, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді жеткізушіге шот-фактура жазып беру талабымен жүгінген жағдайда, жеткізуші осындай талапты жүгіну күнінен бастап күнтізбелік 15 (он бес) күн ішінде орындайды.

      2021 жылға арналған корпоративтік табыс салығы бойынша салық міндеттемесін айқындау мақсатында осы Қағидалардың 2-тармағы 1) тармақшасының бесінші абзацында көрсетілген тұлғалардан сатып алынған тауарлар, жұмыстар, көрсетілген қызметтер бойынша электрондық нысандағы шот-фактураның болуы талап етілмейді.

3-тарау. Бөлшек салықтың арнаулы салық режимін қолдану бөлігінде пилоттық жобаны іске асыру тәртібі

      5. Қазақстан Республикасының Кәсіпкерлік кодексіне сәйкес шағын және орта кәсіпкерлік субъектілері болып табылатын және "Бөлшек салықтың арнаулы салық режимін қолдану мақсаттары үшін қызмет түрлерін айқындау туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2021 жылғы 2 ақпандағы № 30 қаулысымен айқындалған қызмет түрлерінің біреуін немесе бірнешеуін жүзеге асыратын салық төлеушілер бөлшек салықтың арнаулы салық режимін қолдануға ауысу үшін қолданылатын салық салу режимі туралы хабарламаны орналасқан жері бойынша мемлекеттік кірістер органына қағаз жеткізгіште немесе электрондық нысанда, оның ішінде "Электрондық үкімет" веб-порталы арқылы табыс етеді.

      6. 2021 жылғы 31 наурызға дейін қолданылатын салық салу режимі туралы хабарламаны ұсынған және 2021 жылғы 1 наурыздағы жағдайы бойынша режимді қолдану шарттарына сәйкес келетін салық төлеушілер үшін бөлшек салықтың арнаулы салық режимін қолданудың басталу күні 2021 жылғы 1 наурыз болып табылады.

      7. Мемлекеттік кірістер органдары қолданылатын салық салу режимі туралы ұсынылған тиісті хабарламалар негізінде пилоттық жобаның қатысушылары болып танылған шағын және орта кәсіпкерлік субъектілерін есепке алуды жүргізеді.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады