"Қоғамдық маңызы бар нарықтарда баға белгілеу қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2017 жылғы 1 ақпандағы № 36 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2021 жылғы 18 маусымдағы № 64 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2021 жылғы 23 маусымда № 23161 болып тіркелді

      БҰЙЫРАМЫН:

      1. "Қоғамдық маңызы бар нарықтарда баға белгілеу қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2017 жылғы 1 ақпандағы № 36 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 14778 болып тіркелген) мынадай өзгерістер енгізілсін:

      көрсетілген бұйрықпен бекітілген Қоғамдық маңызы бар нарықтарда баға белгілеу қағидаларында:

      9-қосымша осы бұйрықтың қосымшасына сәйкес жаңа редакцияда жазылсын;

      12-қосымшаның:

      1-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:

      "1. Субъектілердің тауарлық газды бөлшек саудада өткізуінің шекті бағасын есептеу "Газ және газбен жабдықтау туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 6-бабының 7) тармақшасына сәйкес бекітілетін ішкі нарықта тауарлық газды көтерме саудада өткізудің шекті бағаларын (бұдан әрі – көтерме сауда бағалары) саралау арқылы тұтынушылардың бірінші тобынан бастап алтыншы және сегізінші топтарына тауарлық газды бөлшек саудада өткізу бағаларын саралауды ескере отырып (газды магистральдық газ құбырлары арқылы тасымалдау және сақтауға тарифті ескере отырып), әрбір облыс, республикалық маңызы бар қала, астана үшін жеке жүзеге асырылады. Тұтынушыларды жетінші тобы үшін көтерме сауда бағаларын саралау жүзеге асырылмайды.";

      3-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:

      "3. Тауарлық газды бөлшек саудада өткізудің сараланған шекті бағасын белгілеу мақсатында тұтынушылардың мынадай топтары бөліп көрсетілген:

      тұтынушылардың І тобы – тауарлық газды газ тарату жүйесінен бөлшек саудада өткізу жөніндегі көрсетілетін қызметті алатын тұрмыста тұтынушылар (халық);

      тұтынушылардың ІІ тобы – тауарлық газды халық үшін жылу энергиясын өндіру мақсатында сатып алатын жылу энергетикасы компаниялары (бұдан әрі – халық үшін ЖЭК);

      тұтынушылардың ІІІ тобы – тауарлық газды заңды тұлғалар үшін жылу энергиясын өндіру мақсатында сатып алатын жылу энергетикасы компаниялары (бұдан әрі – заңды тұлғалар үшін ЖЭК);

      тұтынушылардың IV тобы – тауарлық газды электр энергиясын өндіру үшін сатып алатын жылу энергетикасы компаниялары;

      тұтынушылардың V тобы – тұтынушылардың I, II, III, IV, VI, VII және VIII топтарына жатпайтын өзге де тұтынушылар;

      тұтынушылардың VI тобы – бюджет қаражаты есебінен ұсталатын бюджеттік ұйымдар;

      тұтынушылардың VII тобы – тауарлық газды мұнай-газ-химия өнімдерін өндіру жөніндегі инвестициялық жобаларды іске асыру мақсатында өнеркәсіптік өндірісте отын және (немесе) шикізат ретінде пайдалану үшін сатып алатын және газбен жабдықтау жөніндегі уәкілетті орган бекітетін тізбеге енгізілген заңды тұлғалар;

      тұтынушылардың VIII тобы – тауарлық газды тұтынушыларға одан әрі өткізу мақсатында сығымдалған және (немесе) сұйытылған табиғи газды өндіру үшін сатып алатын заңды тұлғалар.".

      2. Табиғи монополияларды реттеу комитеті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:

      1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;

      2) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды;

      3) осы бұйрық Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде осы тармақтың 1) және 2) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің Заң департаментіне ұсынуды қамтамасыз етсін.

      3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Ұлттық экономика вице-министріне жүктелсін.

      4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасы
Ұлттық экономика министрі
А. Иргалиев

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасының

      Индустрия және инфрақұрылымдық

      даму министрлігі

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасының

      Энергетика министрлігі

  Қазақстан Республикасы
Ұлттық экономика министрінің
2021 жылғы 18 маусымдағы
№ 64 Бұйрыққа
қосымша
  Қоғамдық маңызы бар
нарықтарда баға белгілеу
қағидаларына
9-қосымша

Тауарлық газды бөлшек саудада өткізудің шекті бағасының құрылымы (филиалдар бөлінісінде)

Атауы

Өлшем бірлігі

Деңгейі

1

Тауарлық газды көтерме саудада өткізудің шекті бағасы

теңге/1000 м3


2

Тауарлық газды газ тарату жүйелері арқылы тасымалдауға арналған тариф



3

Тауарлық газды бөлшек саудада өткізу шығындары (жабдықтау үстемеақысы)



4

Тауарлық газдың шекті бағасының жиыны, оның ішінде



Тауарлық газды газ тарату жүйелері арқылы тасымалдауға арналған тарифті есепке алусыз *

1

Тұрмыста тұтынушылар (халық)



2

Жылу энергетикасы компаниялары халық үшін жылу энергиясы өндірісіне тауарлық газды тұтыну көлемінде



3

Жылу энергетикасы компаниялары заңды тұлғалар үшін жылу энергиясы өндірісіне тауарлық газды тұтыну көлемінде



4

Жылу энергетикасы компаниялары электр энергиясы өндірісіне тауарлық газды тұтыну көлемінде



5

Тұтынушылардың I, II, III, IV, VI, VII және VIII топтарына жатпайтын өзге де заңды тұлғалар



6

Бюджет қаражаты есебінен ұсталатын бюджеттік ұйымдар



7

Тауарлық газды мұнай-газ-химия өнімдерін өндіру жөніндегі инвестициялық жобаларды іске асыру мақсатында өнеркәсіптік өндірісте отын және (немесе) шикізат ретінде пайдалану үшін сатып алатын және уәкілетті орган бекітетін тізбеге енгізілген заңды тұлғалар



8

Тауарлық газды тұтынушыларға одан әрі өткізу мақсатында сығымдалған және (немесе) сұйытылған табиғи газды өндіру үшін сатып алатын заңды тұлғалар



Тауарлық газды газ тарату жүйелері арқылы тасымалдауға арналған тарифті есепке алумен

1

Тұрмыста тұтынушылар (халық)



2

Жылу энергетикасы компаниялары халық үшін жылу энергиясын өндіруге тауарлық газды тұтыну көлемінде



3

Жылу энергетикасы компаниялары заңды тұлғалар үшін жылу энергиясы өндірісіне тауарлық газды тұтыну көлемінде



4

Жылу энергетикасы компаниялары электр энергиясы өндірісіне тауарлық газды тұтыну көлемінде



5

Тұтынушылардың I, II, III, IV, VI, VII және VIII топтарына жатпайтын өзге де заңды тұлғалар



6

Бюджет қаражаты есебінен ұсталатын бюджеттік ұйымдар



7

Тауарлық газды мұнай-газ-химия өнімдерін өндіру жөніндегі инвестициялық жобаларды іске асыру мақсатында өнеркәсіптік өндірісте отын және (немесе) шикізат ретінде пайдалану үшін сатып алатын және уәкілетті орган бекітетін тізбеге енгізілген заңды тұлғалар



8

Тауарлық газды тұтынушыларға одан әрі өткізу мақсатында сығымдалған және (немесе) сұйытылған табиғи газды өндіру үшін сатып алатын заңды тұлғалар



      Ескертпе: Тұтынушы тауарлық газды газ тарату жүйелері арқылы тасымалдауға арналған тарифті есепке алусыз сатып алған жағдайда.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады