ЗҚАИ-ның ескертпесі!
Осы бұйрық 01.07.2021 бастап қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының 2021 жылғы 2 қаңтардағы Экология кодексінің 265-бабының 8) тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
1. Осы бұйрыққа қосымшаға сәйкес Жасыл белдеулерде орналасқан ормандарды пайдалану, күзету, қорғау, молықтыру ерекшеліктері бекітілсін.
2. Қазақстан Республикасы Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігінің Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі комитеті заңнамада белгіленген тәртіппен:
1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;
2) осы бұйрық ресми жарияланғаннан кейін оның Қазақстан Республикасы Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігінің интернет-ресурсында орналастырылуын;
3) осы бұйрық мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күн ішінде Қазақстан Республикасы Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігінің Заң қызметі департаментіне осы тармақтың 1) және 2) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтердің ұсынылуын қамтамасыз етсін.
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Экология, геология және табиғи ресурстар вице-министріне жүктелсін.
4. Осы бұйрық 2021 жылғы 1 шілдеден бастап қолданысқа енгізіледі және ресми жариялануға жатады.
Қазақстан Республикасының Экология, геология және табиғи ресурстар министрі |
М. Мирзагалиев |
"КЕЛІСІЛДІ"
Қазақстан Республикасы
Индустрия және инфрақұрылымдық
даму министрлігі
"КЕЛІСІЛДІ"
Қазақстан Республикасы
Қаржы министрлігі
"КЕЛІСІЛДІ"
Қазақстан Республикасы
Ұлттық экономика министрлігі
Қазақстан Республикасының Экология, геология және табиғи ресурстар министрінің 2021 жылғы 30 маусымдағы № 224 бұйрығымен бекітілген |
Жасыл белдеулерде орналасқан ормандарды пайдалану, күзету, қорғау, молықтыру ерекшеліктері
1-тарау. Жалпы ережелер
1. Осы Жасыл белдеулерде орналасқан ормандарды пайдалану, күзету, қорғау, молықтыру ерекшеліктері (бұдан әрі – Ерекшеліктер) Қазақстан Республикасының 2021 жылғы 2 қаңтардағы Экология кодексінің (бұдан әрі – Кодекс) 265-бабының 8-тармағына сәйкес әзірленді және жасыл белдеулерде орналасқан ормандарды пайдалану, күзету, қорғау, молықтыру ерекшеліктерін айқындайды.
2. Ерекшеліктер қалалар мен елді мекендердің жасыл белдеуінде орналасқан ормандарды пайдалану, қорғау, қорғау, молайту саласын айқындайды.
3. Жасыл белдеу шектеулi шаруашылық қызметiнiң режимiмен қала ормандарының, елдi мекендердiң және емдеу-сауықтыру мекемелерiнiң жасыл аймақтарының жерлерінің жиынтығы болып табылады.
4. Жасыл белдеу қалалар мен елді мекендердің айналасында оның өсіп келе жатқан күйінде өзіне тән экологиялық және әлеуметтік маңызды функцияларын пайдалану мақсатында құрылады (оттегінің бөлінуі, көмірқышқыл газын сіңіру, топырақты су мен жел эрозиясынан қорғау, судың беткі ағынын жер астына, санитариялық-гигиеналық және климатты реттейтін қасиеттерге ауыстыру).
5. Жасыл белдеу жергілікті атқарушы органдардың шешімімен қала ормандарының, елді мекендердің және емдеу-сауықтыру мекемелерінің жасыл аймақтарының аумақтарынан бөлінеді немесе қалалар мен ауылдық елді мекендердің аумағында орман шаруашылығын жобалау жөніндегі жұмыс жобалары негізінде құрылады. Жасыл белдеу Қазақстан Республикасының Орман кодексіне (бұдан әрі - Орман кодексі) сәйкес орман иелену құқығымен заңды тұлға нысанында құрылады.
2-тарау. Жасыл белдеулерде орналасқан ормандарды пайдалану, күзету, қорғау, молықтыру ерекшеліктері
6. Жасыл белдеуде келесі қызмет түрлері жүзеге асырылады:
1) жаппай орман кесуді және өзге де екпелерді кесуді қоспағанда, ағаш кесу;
2) экологиялық-ағарту қызметі;
3) ғылыми қызмет;
4) туристік және рекреациялық қызмет;
5) жанама орман пайдалану (шөп шабу, ара ұялары мен омарталарды орналастыру, дәрілік өсімдіктер мен техникалық шикізатты, жемістерді, жаңғақтарды, саңырауқұлақтарды, жидектерді және басқа да тамақ өнімдерін, түскен жапырақтарды, қамысты дайындау және жинау).
7. Жасыл белдеу аумағындағы 7-тармақта аталған қызметтің барлық түрлері Орман кодексіне сәйкес жүргізіледі.
8. Жасыл белдеулердің аумақтарында Кодекстің 265-бабында көрсетілген қызмет түрлеріне тыйым салынады.
1-параграф. Жасыл белдеуде орналасқан ормандарды күзету және қорғау
9. Жасыл белдеуде орналасқан ормандарды сақтау және қорғау Орман кодексіне сәйкес жүзеге асырылады.
10. Ормандарды күзету мыналарды қамтиды:
1) орман өрттерінің алдын алу және оларды сөндіру;
2) заңсыз ағаш кесудің және ағаштарды зақымдаудың алдын алу;
3) ормандардың тұрмыстық және құрылыс қоқыстарымен ластануын болдырмау.
11. Орманды қорғау мыналарды қамтиды:
1) ағымдағы, экспедициялық, аэровизуальдық және орман патологиялық зерттеулер;
2) орман зиянкестері мен ауруларының дамуын жалпы, алдын ала және егжей-тегжейлі бақылау;
3) орман зиянкестері мен ауруларына қарсы күрес жөніндегі жерүсті және авиациялық жұмыстарды жүзеге асыру;
4) орман зиянкестері мен аурулары ошақтарының профилактикасын және оларды жою;
5) санитариялық және басқа да ағаш кесулерді жүргізу.
2-параграф. Жасыл белдеуде орналасқан ормандарды молықтыру
12. Орман кодексінің 73-бабына сәйкес мемлекеттiк орман қорында ормандарды молықтыру мен орман өсiру жөнiндегi жұмыстар көлемi орман орналастыру және осы салаға маманданған жобалау-iздестiру ұйымдары әзiрлеген, мемлекеттiк экологиялық сараптамадан өткен жобалармен айқындалады.
13. Ормандарды молықтыру мен орман өсіру және олардың сапасына бақылау жасау Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2014 жылғы 22 желтоқсандағы № 18-02/681 бұйрығымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 10119 тіркелген) бекітілген Ормандарды молықтыру мен орман өсіру және олардың сапасына бақылау жасау қағидаларына сәйкес жүргізіледі.
14. Ормандарды молықтыру және орман өсіру мынадай әдістермен жүзеге асырылады:
1) орманның табиғи жаңаруы;
2) орманның табиғи жаңаруына жәрдемдесу шараларын жүргізу;
3) орман екпелерін құру.
4) жасыл белдеу қажеттіліктері үшін орман тұқымбақтарын күтіп-ұстау;
5) тұрақты орман тұқымы учаскелерін құру.