"Еңбек нарығының қажеттіліктерін ескере отырып, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі, жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білімі бар кадрларды даярлауға, жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдарының дайындық бөлімдеріне, сондай-ақ мектепке дейінгі тәрбиелеу мен оқытуға, орта білім беруге және қосымша білім беруге мемлекеттік білім беру тапсырысын орналастыру қағидаларын бекіту туралы" Қазақтан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2016 жылғы 29 қаңтардағы №122 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2021 жылғы 8 шiлдедегі № 321 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2021 жылғы 8 шiлдеде № 23371 болып тіркелді

      БҰЙЫРАМЫН:

      1. "Еңбек нарығының қажеттіліктерін ескере отырып, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі, жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білімі бар кадрларды даярлауға, жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдарының дайындық бөлімдеріне, сондай-ақ мектепке дейінгі тәрбиелеу мен оқытуға, орта білім беруге және қосымша білім беруге мемлекеттік білім беру тапсырысын орналастыру қағидаларын бекіту туралы" Қазақтан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2016 жылғы 29 қаңтардағы № 122 бұйрығына (Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілері мемлекеттік тізімінде № 13418 болып тіркелген) келесі өзгерістер енгізілсін:

      Осы бұйрықпен бекітілген Еңбек нарығының қажеттіліктерін ескере отырып, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі, жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білімі бар кадрларды даярлауға, жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдарының дайындық бөлімдеріне, сондай-ақ мектепке дейінгі тәрбиелеу мен оқытуға, орта білім беруге және қосымша білім беруге мемлекеттік білім беру тапсырысын орналастыру қағидаларында:

      1-тармақ жаңа редакцияда жазылсын:

      "Осы Қағидалар "Білім туралы" Қазақстан Республикасы Заңының (бұдан әрі - Заң) 5 - бабының 43) тармақшасына сәйкес әзірленген және еңбек нарығының қажеттіліктерін ескере отырып, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі, жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білімі бар кадрларды даярлауға, жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдарының (бұдан әрі-ЖЖОКБҰ) дайындық бөлімдеріне, сондай-ақ мектепке дейінгі тәрбиелеу мен оқытуға, орта білім беруге және қосымша білім беруге мемлекеттік білім беру тапсырысын орналастыру тәртібін белгілейді."

      10-тармақ жаңа редакцияда жазылсын:

      "10. Магистрлер мен философия докторларын (PhD)/бейіні бойынша докторларды, оның ішінде өңірлік ЖЖОКБҰ мен ғылыми ұйымдарға мақсатты даярлау үшін мемлекеттік білім беру тапсырысы меншік нысанына қарамастан ЖЖОКБҰ-да орналастырылады.";

      42-тармақ жаңа редакцияда жазылсын:

      "42. Конкурс өткізу туралы хабарландыру білім беру саласындағы уәкілетті органның және (немесе) тиісті саланың уәкілетті органның (бұдан әрі – ТСУО) интернет-ресурстарында жарияланады.";

      45-тармақ жаңа редакцияда жазылсын:

      "45. Комиссия шешімдері отырысқа қатысушы Комиссия мүшелерінің қарапайым көпшілігінің ашық дауыс беруі арқылы қабылданады және ол төраға қол қоятын хаттамамен ресімделеді. Дауыс бірдей болған жағдайда Комиссия төрағаның дауысы басты болып табылады.";

      46-тармақ жаңа редакцияда жазылсын:

      "46. Жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білімі бар кадрларды даярлауға арналған мемлекеттік білім беру тапсырысын орналастыру конкурсына қатысу үшін ЖЖОКБҰ-ның саласындағы уәкілетті органға және (немесе) ТСУО электрондық форматта мынадай құжаттарды қамтитын конкурстық өтінімді ұсынады:

      1) Қағидаларға 8-қосымшаға сәйкес белгіленген нысандағы ЖЖОКБҰ-ның өтінімін;

      2) Қағидаларға 9-қосымшаға сәйкес белгіленген нысандағы ЖЖОКБҰ-ның сауалнамасын;

      3) Қағидаларға 10-қосымшаға сәйкес белгіленген нысандағы ЖЖОКБҰ-ның ақпараттық картасын;

      4) Қағидаларға 11-қосымшаға сәйкес белгіленген нысандағы тиісті оқу жылына жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білімі бар кадрларды даярлауға арналған мемлекеттік білім беру тапсырысын орналастыру ұсынысын.

      ЖЖОКБҰ ұсынған ақпараттық карталардың көрсеткіштері бойынша даулы мәселелер туындаған жағдайда осы Ереженің 46-тармағының 3) тармақшасына сәйкес Комиссия растау құжаттарын сұратады.";

      47-тармақ жаңа редакцияда жазылсын:

      "47. Конкурстық өтінімге кіретін құжаттарға ЖЖОКБҰ-ның бірінші басшысы қол қояды, мөрмен расталады және электрондық форматта және (немесе) ақпараттық жүйе арқылы онлайн конкурс өткізу туралы хабарландыруда көрсетілген тәртіппен ұсынылады.

      Бұл ретте ЖЖОКБҰ ұсынған мәліметтер қажет болған жағдайда Білім берудің бірыңғай ақпараттық жүйесі деректерімен сәйкестігі тұрғысында салыстырылады.";

      48-тармақ жаңа редакцияда жазылсын:

      "48. Конкурстық өтінім білім беру саласындағы уәкілетті органға және (немесе) ТСУО электрондық форматта конкурс өткізу туралы хабарландыруда көрсетілген сағат пен күннен кешіктірілмей жіберіледі. Конкурстық өтінімдерді беру мерзімі аяқталғаннан кейін келіп түскен конкурстық өтінім кешігу себептеріне қарамастан қаралмайды. Конкурстық өтінімдерге оларды беру мерзімі өткеннен кейін қандай да бір өзгерістер енгізуге жол берілмейді.";

      49-тармақ жаңа редакцияда жазылсын:

      "49. Комиссия конкурстық қарастырады, олардың конкурстық құжаттамалар талаптарына сәйкестік деңгейін анықтайды және оларды бағалауды Қағидаларға 12-қосымшаға сәйкес жүргізеді.";

      50-тармақ жаңа редакцияда жазылсын:

      "50. ЖЖОКБҰ оқу орнынан кейінгі білімі бар мамандарды даярлауға арналған мемлекеттік білім беру тапсырысын орналастыру конкурсына білім бағдарламалары тобы бойынша әскери, арнаулы оқу орындарын қоспағанда, танылған аккредиттеу органдарының тізіліміне енгізілген институционалдық және (немесе) мамандандырылған аккредиттеуден өткен жоғары оқу орындары қатысады.

      ЖЖОКБҰ бітірушілердің жұмысқа орналасу көрсеткішінің шекті мәнін Комиссия айқындайды.

      Ерекшелік лицензияны алғаш алған кадрларды даярлаудың жаңа бағытын, сондай-ақ экономиканың басым салалары бойынша жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білімі бар кадрларды даярлау үшін жаңадан құрылған ЖЖОКБҰ құрайды. Бұл ретте ЖЖОКБҰ-дың тізбесін Комиссия айқындайды.";

      51-тармақ жаңа редакцияда жазылсын:

      "51. Жоғары білімі бар кадрларды даярлауға арналған мемлекеттік білім беру тапсырысын орналастыру үшін ЖЖОКБҰ-ды анықтау кезінде Комиссия келесі негізгі өлшемшарттарды ескереді:

      1) Қазақстан Республикасының жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білімі бар кадрларды даярлау бағыттарының сыныптауышы алғашқы рет енгізілген бағыттарды қоспағанда, тиісті бағыт бойынша білім алушылар контингентінің болуы;

      2) ЖЖОКБҰ кадрлық қамтамасыз ету және ғылыми-білім беру процесін материалдық – техникалық қамтамасыз етуі;

      3) оқу, оқу-әдістемелік әдебиеттермен және өзге де ақпараттық ресурстармен қамтамасыз етілуі;

      4) ЖЖОКБҰ-да жүргізілген ғылыми зерттеулердің ғылыми әлеуеті мен деңгейі ( ЖЖОКБҰ үшін);

      5) білім алушыларды жатақханамен, қоғамдық тамақтандыру және медициналық қызмет көрсетумен қамтамасыз ету мүмкіндігі;

      6) аккредиттелген білім беру бағдарламаларының болуы;

      7) бітірушінің жұмыспен қамтылуы және қажеттілігі;

      8) ЖЖОКБҰ халықаралық және/немесе ұлттық рейтингілерге қатысуы;

      9) "Атамекен" ҰКП өткізетін рейтингіде ЖЖОКБҰ орны.";

      52-тармақ жаңа редакцияда жазылсын:

      "52. Жоғары оқу орнынан кейінгі білімі бар кадрларды даярлауға арналған мемлекеттік білім беру тапсырысын, оның ішінде докторантураға нысаналы орындар орналастыру үшін ЖЖОКБҰ-ды анықтау кезінде Комиссия мынадай негізгі өлшемшарттарды басшылыққа алады:

      1) ЖЖОКБҰ-ның халықаралық және/немесе ұлттық рейтингілерге қатысуы;

      2) бірлескен ғылыми жобаларды орындау және зерттеу базасын ұсыну туралы аккредиттелген әріптес ғылыми ұйымдармен, оның ішінде шетелдік жасалған шарттардың болуы;

      3) ЖЖОКБҰ-ның профессорлық-оқытушылық құрамынан ғылым докторы/ғылым кандидаты ғылыми дәрежелері және философия докторы (Phd)/бейіні бойынша доктор дәрежесі бар ғылыми жетекшінің болуы;

      4) шетелдік әріптес ЖОО-лармен (ғылыми ұйымдармен) бірлесіп, ғылыми-білім беру жобаларын орындау;

      5) жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру бағдарламалары бойынша білім беру қызметін жүргізу талаптарына сәйкес ғылыми-білім беру процесін кадрлық қамтамасыз ету ("Өнер" мамандықтарының тобы үшін, оның ішінде құрметті атақтары және Қазақстан Республикасының мемлекеттік наградалары бар оқытушылар);

      6) әлемдік ғылыми және білім беру ресурстарына қол жеткізу; жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру бағдарламалары бойынша білім беру қызметін жүргізу талаптарына сәйкес материалдық-техникалық қамтамасыз ету;

      7) аккредиттелген білім беру бағдарламаларының болуы;

      8) гранттық және бағдарламалық-мақсатты қаржыландыру және басқа дадереккөздер негізінде іргелі және қолданбалы зерттеулер бойынша ғылыми және ғылыми-техникалық бағдарламалар мен жобаларды орындау;

      9) ЖЖОКБҰ-да білім алушылардың жатақханада тұруы үшін орындардың, қоғамдық тамақтандыру және медициналық қызмет көрсету пункттерінің болуы;

      10) мәлімделген мамандықтар бойынша ЖЖОКБҰ-ды бітіргеннен кейінгі бірінші жылы түлектердің жұмысқа орналасуы және жұмыспен қамтылуы туралы мәліметтер.";

      53-тармақ жаңа редакцияда жазылсын:

      "53. Тиісті білім беру бағдарламаларының тобы бойынша бітіргеннен кейін 4 жыл ішінде докторантура түлектері оқуын аяқтаған және философия докторы (PhD), бейіні бойынша доктор дәрежесін бекітпеген ЖЖОКБҰ-ны конкурсқа жіберу комиссияның шешімі бойынша жүзеге асырылады.";

      54-тармақ жаңа редакцияда жазылсын:

      "54. Дайындық бөлімдеріне тыңдаушыларды оқытуға мемлекеттік білім беру тапсырысын орналастыру конкурсына қатысу үшін ЖЖОКБҰ білім беру саласындағы уәкілетті органға және (немесе) ТСУО электрондық форматта мынадай құжаттарды қамтитын конкурстық өтінімді ұсынады:

      1) Қағидаларға 13-қосымшаға сәйкес белгіленген нысандағы ЖЖОКБҰ-ның өтінімін;

      2) Қағидаларға 9-қосымшаға сәйкес белгіленген нысандағы ЖЖОКБҰ-ның сауалнамасын;

      3) Қағидаларға 14-қосымшаға сәйкес белгіленген нысандағы дайындық бөлімдеріне тыңдаушыларды оқытуға мемлекеттік білім беру тапсырысын орналастыру ұсынысын.";

      55-тармақ жаңа редакцияда жазылсын:

      "55. Дайындық бөлімдеріне тыңдаушыларды оқытуға мемлекеттік білім беру тапсырысын орналастыру үшін ЖЖОКБҰ анықтау кезінде Комиссия мынадай негізгі өлшемшарттарды басшылыққа алады:

      1) білім беру процесінің кадрлық және материалдық-техникалық қамтамасыз етілуі және педагогтердің біліктілік деңгейі; талапкерлерді кешенді тестілеудің барлық пәндері бойынша оқытушылардың болуы;

      2) оқу, оқу-әдістемелік әдебиеттермен және өзге де ақпараттық ресурстармен қамтамасыз етілуі;

      3) ЖЖОКБҰ-да білім алушыларға жатақхана, қоғамдық тамақтану және медициналық қызмет көрсету орындарының жеткілікті болуы.";

      57-тармақ жаңа редакцияда жазылсын:

      "57. Комиссия бағалауды ескере отырып жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім кадрларды даярлауға арналған мемлекеттік білім беру тапсырысын орналастыру туралы шешім қабылдап, мыналарды көрсетеді:

      1) конкурс шарттары бойынша жоғары білімі бар кадрларды даярлауға арналған мемлекеттік білім беру тапсырысы орналастырылатын ЖЖОКБҰ-ның тізбесі;

      2) конкурс шарттары бойынша магистратурада кадрлар даярлауға арналған мемлекеттік білім беру тапсырысы орналастырылатын жоғары оқу орындарының тізбесі, оның ішінде жеке ЖЖОКБҰ үшін көлемі көрсетілген;

      3) конкурс шарттары бойынша білім беру бағдарламалары тобының бөлінісінде, оның ішінде философия докторларын (PhD)/бейіні бойынша докторларды мақсатты түрде даярлау үшін көлемін көрсете отырып, докторантурада кадрларды даярлауға арналған мемлекеттік білім беру тапсырысын орналастыратын базалық ЖЖОКБҰ-ның тізбесі;

      4) ЖЖОКБҰ-ның дайындық бөлімдерінде тыңдаушыларды оқыту үшін, оның ішінде тілдік дайындық деңгейін арттыру үшін көлемі көрсетілген мемлекеттік білім беру тапсырысы орналастырылатын ЖЖОКБҰ;

      5) конкурс шарттары бойынша білім беру бағдарламалары тобының бөлінісінде көлемі көрсетіле отырып, жоғары білімі бар педагогтерді даярлауға арналған мемлекеттік білім беру тапсырысы орналастырылатын ЖЖОКБҰ.";

      58-тармақ жаңа редакцияда жазылсын:

      "58. Конкурстық комиссия жұмысының нәтижелері бойынша Министрдің немесе оның міндетін атқарушы тұлғаның бұйрығымен жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білімі бар кадрларды даярлауға арналған мемлекеттік білім беру тапсырысын орналастыру бекітіледі және білім беру саласындағы уәкілетті органның интернет-ресурстарында және (немесе) ТСУО.";

      10 және 12 қосымшалар осы бұйрыққа 1 және 2 қосымшаларға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.

      2. Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің Жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім департаменті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:

      1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;

      2) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің ресми интернет-ресурсында орналастыруды;

      3) осы бұйрық мемлекеттік тіркеуден өткеннен кейін он жұмыс күні ішінде осы тармақтың 1) және 2) тармақшаларында көзделеген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді Қазақстан Респуликасы Білім және ғылым министрлігінің Заң департаментіне ұсынылуын қамтамасыз етсін.

      3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Білім және ғылым вице-министріне жүктелсін.

      4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
Білім және ғылым министрі
А. Аймагамбетов

  Қазақстан Республикасының
Білім және ғылым министрі
2021 жылғы 8 шілдедегі
№ 321 бұйрығына
1 қосымша
  Еңбек нарығының
қажеттіліктерін ескере отырып,
техникалық және кәсіптік, орта
білімнен кейінгі, жоғары және
жоғары оқу орнынан кейінгі
білімі бар кадрлар даярлауға,
сондай-ақ жоғары және (немесе)
жоғары оқу орнынан кейінгі
білім беру ұйымдарында
дайындық бөлімдеріне, мектепке
дейінгі тәрбиелеу мен оқытуға,
орта білім беруге және қосымша
білім беруге мемлекеттік білім
беру тапсырысын орналастыру
қағидаларына
10-қосымша

Жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдарының ақпараттық картасы ________________________________________________ (Жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдарының) атауы ________________________________________________ (білім беру бағдарламасы тобының коды, атауы)

№ п/п

Жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдары туралы жалпы мәліметтер

Мән түрі

1.

Институционалдық және (немесе) мамандандырылған аккредиттеу

бар/жоқ

2.

Білім беру порталының болуы

бар/жоқ

3.

Халықаралық рейтинг:
-Times higher education
-- QS World University Rankings
-

Позициясы:
(100+)=15 балл;
(200+)=13 балл; (300+) = 11 балл; (400+) = 9 балл; (500+)=7 балл; (700+)=5 балл.

4.

Оқу процесі үшін пайдаланылатын оқу-зертханалық базаны жаңартуға бөлінетін жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдарының бюджетінен бөлінетін қаражаттың үлесі

Әрбір 1% үшін - ЖОО бюджетінен +1 балл.

5.

Білім беру объектілерінің, оның ішінде ерекше білім беру қажеттіліктері бар адамдарға қойылатын санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылық саласындағы нормативтік құқықтық актілердің талаптарына сәйкес келетін меншікті немесе жалға алынған жатақхананың, хостелдің, қонақ үйдің болуы

Әрбір 500 орын үшін - 1 балл;
1000 орын-2 балл.

6.

Жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдарының болмауы Қазақстан Республикасының Мемлекеттік сатып алу порталының мемлекеттік сатып алуға жосықсыз қатысушылар тізілімінде конкурсқа қатысуға құжаттар беру сәтінде

бар/жоқ

7.

ЖЖОКБҰ-да ерекше білім беру қажеттіліктері бар адамдар үшін жағдайлардың болуы (кіру жолдары, ақпараттық-навигациялық қолдау құралдары, баспалдақтарды пандустармен немесе көтергіш құрылғылармен қайталау, баспалдақтар мен пандустарды тұтқалармен жабдықтау, есіктер мен баспалдақтарды қарама-қарсы бояумен бояу, мүгедектердің автокөлік құралдарын қою үшін орындар бөлу).

бар/жоқ

8.

Білім беру саласындағы уәкілетті орган бекіткен талаптарға сәйкес студенттер мен ОПҚ контингенті туралы өзекті деректер базасымен жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдарының ақпараттық жүйесінің болуы және нақты деректердің ұлттық білім беру деректер базасымен сәйкестігі

бар/жоқ

I.

Жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру бағдарламаларының топтары бойынша жалпы мәліметтер


1.

Жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білімі бар даярлау бағыттары бойынша білім беру қызметін жүргізу құқығына арналған лицензияға қосымша (жіберу/жібермеу)

жіберу/жібермеу

2.

Институционалдық және (немесе) мамандандырылған аккредиттеу

Институционалдық және (немесе) мамандандырылған аккредиттеудің болуы +2 балл

3.

"Атамекен" ҰКП рейтингісінде жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдарының білім беру бағдарламасының позициясы"

Ортадан жоғары-50 балл;
Орташа – 30 балл;
Ортадан төмен-10 балл;

4.

Түлектерді жұмысқа орналастыру, білім беру бағдарламасының топтары бойынша жұмысқа орналастырылған бітірушілердің %

80 % - дан астам-3 балл; 70% - 2 балл;
60 % - дан артық-1 балл;
50% - дан кем- 0 балл.

5.

Білім беру бағдарламаларының тізілімінде тіркелген Білім беру бағдарламаларының тиісті топтары бойынша Білім беру бағдарламаларының болуы

жоқ/бар

6.

Білім беру бағдарламаларының тізілімінде тіркелген ағылшын тіліндегі білім беру бағдарламаларының болуы

жоқ/бар

ІІ.

Педагог кадрлық қамтамасыз етілуі және біліктілік деңгейі


1.1.

Штаттық оқытушылардың жалпы саны:

саны, бүтін.

ғылым докторлары

саны, бүтін.

PhD докторлары

саны, бүтін.

ғылым кандидаттары

саны, бүтін.

1.2.

/ оның ішінде білім беру бағдарламаларының топтары бойынша)

саны, бүтін.

ғылым докторлары

саны, бүтін.

PhD докторлары

саны, бүтін.

ғылым кандидаттары

саны, бүтін.

1.3.

Ағылшын тілін меңгерген бейіндік пәндер бойынша ОПҚ саны: IELTS (АЙЛТС) – 4,5 – тен кем емес; TOEFL PBT – 493 – тен кем емес; TOEFL ITP – 150 – ден кем емес; TOEFL CBT – 166-ден кем емес; TOEFL IBT-58-ден кем емес); CEFR-В1; APTIS-38-ден кем емес.

5 ОПҚ – 1 балл.

2.

Бір академиялық кезеңнен кем емес мерзімге келісім-шарт бойынша ЖОО-да жұмыс істейтін шетелдік оқытушылардың саны

1 ОПҚ – 0,3 балла.

3.

жалпы ЖОО бойынша ОПҚ дәрежелілігі %

10 % -1 балл.

4.

білім беру бағдарламасы бойынша ОПҚ дәрежелілігі %

10 % -1 балл.

III.

ОПҚ ғылыми-зерттеу қызметі


1.

Гранттық және бағдарламалық-нысаналы қаржыландыру негізінде іргелі зерттеулер/қолданбалы зерттеулер бойынша орындалатын ғылыми және ғылыми-техникалық бағдарламалар/ жобалар саны

Әрбір бағдарлама (жоба) үшін-1 балл.

2.

ОПҚ орындаған ғылыми-зерттеу жұмыстарының жалпы көлемі (теңгемен)

50 млн.теңгеден кем - 0,5 балл;
50 млн.теңгеден астам. – 1 балл;
100 млн.теңгеден астам - 2 балл;
300 млн.теңгеден астам. - 3 балл;
500 млн.теңгеден астам - 4 балл;
1000 млн.теңгеден астам – 5 балл;
50 000 млн.теңгеден астам - 10 балл.

3.

ОПҚ орындаған халықаралық ғылыми-зерттеу жұмыстарының жалпы көлемі (теңгемен)

50 млн.теңгеден кем - 0,5 балл;
50 млн.теңгеден астам. – 1 балл;
100 млн.теңгеден астам - 3 балл;
150 млн теңгеден астам. - 3,5 балл;
300 млн.теңгеден астам. – 5 балл.

3.1

/оның ішінде 1 штаттық оқытушыға (теңгемен)

саны

4.

ОПҚ ғылыми жарияланымдарының саны:


- Clarivate Analytics деректер базасына белгілі бір тоқсандарға (Q1-Q4) енгізілген шетелдік рейтингтік журналдарда немесе Scopus деректер базасындағы citescore бойынша процентиль көрсеткіші

Q1-Q2 журналдарында 10 мақала және / немесе citescore бойынша процентильден 90-5 баллдан жоғары;
Q3-Q4 журналдарында 10 мақала және / немесе citescore бойынша пайыз 50-2 баллдан жоғары;
Citescore бойынша пайыздық журналдарда 10 мақала 35 – 1 баллдан жоғары.

5.

Меншікті ғылыми басылымдардың саны

Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің Білім және ғылым саласындағы сапаны қамтамасыз ету комитеті ұсынған журналдар тізіміне кіретін ғылыми басылымдарының болуы – 5 балл 1 журнал;
Халықаралық деректер базасына кіретін Web of Science, Scopus, -15 балл 1 журнал

IV.

Корпоративтік серіктестік және халықаралық қызмет


1.

QS ТОП 700+рейтингіне кіретін жоғары оқу орындарымен бірлескен (қос дипломды) білім беру бағдарламаларының саны

1 бағдарлама – 1 балл.

2.

Шетелдік білім беру ұйымдарымен бірлескен қаржыландырылатын зерттеу жобаларының саны

1 бағдарлама – 1 балл.

3.

Бірлескен халықаралық білім беру жобаларының саны

1 бағдарлама - 1 балл.

      Ескертпе:

      - егер кадрларды даярлау екі жыл ішінде жүзеге асырылмаған жоғары білімнің білім беру бағдарламасының тобына өтінім берілген жағдайда, білім беру бағдарламасының тиісті тобы конкурсқа жіберілмейді;

      - шындыққа сәйкес келмейтін дұрыс емес деректер ұсынылған жағдайда жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдары комиссия шешімі бойынша конкурсқа жіберілмейді.

      - ақпараттық картада ұсынылған деректердің дұрыстығына жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымының бірінші басшысының қолы қойылады.

  Бұйрығына
2 қосымша
  Еңбек нарығының
қажеттіліктерін ескере отырып,
техникалық және кәсіптік, орта
білімнен кейінгі, жоғары және
жоғары оқу орнынан кейінгі
білімі бар кадрлар даярлауға,
сондай-ақ жоғары және (немесе)
жоғары оқу орнынан кейінгі
білім беру ұйымдарында
дайындық бөлімдеріне, мектепке
дейінгі тәрбиелеу мен оқытуға,
орта білім беруге және қосымша
білім беруге мемлекеттік білім
беру тапсырысын орналастыру
қағидаларына
12-қосымша

Ақпараттық карталар бойынша ЖОО ранжирлеу әдістемесі

ЖОО туралы жалпы мәліметтер

Шартты белгілер

Мәннің түрі

1

Институционалдық және (немесе) мамандандырылған аккредиттеу (бар/жоқ)

А1

бар/жоқ

2

Білім беру порталының болуы

А2

бар/жоқ

3

Халықаралық рейтинг:
-Times higher education
-- QS World University Rankings

А3

сан, бүтін, 0-1000

4

Оқу процесі үшін пайдаланылатын оқу-зертханалық базаны жаңартуға бөлінетін жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдарының бюджетінен бөлінетін қаражаттың үлесі

А4

сан

5

Білім беру объектілерінің, оның ішінде ерекше білім беру қажеттіліктері бар адамдарға қойылатын санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылық саласындағы нормативтік құқықтық актілердің талаптарына сәйкес келетін меншікті немесе жалға алынған жатақхананың, хостелдің, қонақ үйдің болуы

А5

сан, бүтін

6

Жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдарының болмауы Қазақстан Республикасының Мемлекеттік сатып алу порталының мемлекеттік сатып алуға жосықсыз қатысушылар тізілімінде конкурсқа қатысуға құжаттар беру сәтінде

А6

бар/жоқ

7

ЖЖОКБҰ-да ерекше білім беру қажеттіліктері бар адамдар үшін жағдайлардың болуы (кіру жолдары, ақпараттық-навигациялық қолдау құралдары, баспалдақтарды пандустармен немесе көтергіш құрылғылармен қайталау, баспалдақтар мен пандустарды тұтқалармен жабдықтау, есіктер мен баспалдақтарды қарама-қарсы бояумен бояу, мүгедектердің автокөлік құралдарын қою үшін орындар бөлу).

А7

бар/жоқ

8

Білім беру саласындағы уәкілетті орган бекіткен талаптарға сәйкес студенттер мен ОПҚ контингенті туралы өзекті деректер базасымен жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдарының ақпараттық жүйесінің болуы және нақты деректердің ұлттық білім беру деректер базасымен сәйкестігі

А8

бар/жоқ

І

Білім беру бағдарламаларының тобы бойынша жалпы мәліметтер



1

Жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі даярлаудың бағыттары бойынша білім беру қызметін жүргізуге құқық беретін лицензияға қосымша (жіберу/жібермеу)

B1

жіберу/ жібермеу

2

Институционалдық және (немесе) мамандандырылған аккредиттеу

В2

бар/жоқ

3

"Атамекен" ҰКП рейтингісінде жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдарының білім беру бағдарламасының позициясы"

В3

сан, бүтін

4

Түлектерді жұмысқа орналастыру, білім беру бағдарламасының топтары бойынша жұмысқа орналастырылған бітірушілердің %

В4

сан

5

Білім беру бағдарламаларының тізілімінде тіркелген Білім беру бағдарламаларының тиісті топтары бойынша Білім беру бағдарламаларының болуы

В5

бар/жоқ

6

Білім беру бағдарламаларының тізілімінде тіркелген ағылшын тіліндегі білім беру бағдарламаларының болуы

В6

бар/жоқ

II

Кадрлық қамтылуы және педагогтердің біліктілік деңгейі

1.1.

Штаттық оқытушылардың жалпы саны:

C1.1.

сан, бүтін

ғылым докторлары

C1.1.1.

сан, бүтін

PhD докторлар

C1.1.2.

сан, бүтін

ғылым кандидаттары

C1.1.3.

сан, бүтін

1.2.

/оның ішінде мамандығы бойынша (саны)

C1.2.

сан, бүтін

ғылым докторлары

C1.2.1.

сан, бүтін

PhD докторлар

C1.2.2.

сан, бүтін

ғылым кандидаттары

C1.2.3.

сан, бүтін

магистрлер

C1.2.4.

сан, бүтін

1.3

Ағылшын тілін меңгерген бейіндік пәндер бойынша ОПҚ саны: IELTS (АЙЛТС) – 4,5 – тен кем емес; TOEFL PBT – 493 – тен кем емес; TOEFL ITP – 150 – ден кем емес; TOEFL CBT – 166-ден кем емес; TOEFL IBT-58-ден кем емес); CEFR-В1; APTIS-38-ден кем емес.

C1.3.

сан, бүтін

2

Бір академиялық кезеңнен кем емес мерзімге келісім-шарт бойынша ЖОО-да жұмыс істейтін шетелдік оқытушылардың саны

C2

сан, бүтін

3

жалпы ЖОО бойынша ОПҚ дәрежелілігі %

C3

сан

4

білім беру бағдарламасы бойынша ОПҚ дәрежелілігі %

C4

сан

ІІІ

ОПҚ ғылыми-зерттеу қызметі



1

Гранттық және бағдарламалық-нысаналы қаржыландыру негізінде іргелі зерттеулер/қолданбалы зерттеулер бойынша орындалатын ғылыми және ғылыми-техникалық бағдарламалар/ жобалар саны

D1

сан, бүтін

2

ОПҚ орындаған ғылыми-зерттеу жұмыстарының жалпы көлемі (теңгемен)

D2

сан

3

ОПҚ орындаған халықаралық ғылыми-зерттеу жұмыстарының жалпы көлемі (теңгемен)

D3

сан

3.1

/оның ішінде 1 штаттық оқытушыға (теңгемен)

D3.1

сан

4

ОПҚ ғылыми жарияланымдарының саны:
- Clarivate Analytics деректер базасына белгілі бір тоқсандарға (Q1-Q4) енгізілген шетелдік рейтингтік журналдарда немесе Scopus деректер базасындағы citescore бойынша процентиль көрсеткіші

D4

сан, бүтін

5

Меншікті ғылыми басылымдардың саны

D5

сан, бүтін

ІV

Корпоративтік әріптестік және халықаралық қызмет



1

QS ТОП 700+рейтингіне кіретін жоғары оқу орындарымен бірлескен (қос дипломды) білім беру бағдарламаларының саны

E1

сан, бүтін

2

Шетелдік білім беру ұйымдарымен бірлескен қаржыландырылатын зерттеу жобаларының саны

E2

сан, бүтін

3

Бірлескен халықаралық білім беру жобаларының саны

E3

сан, бүтін

      Ескертпе:

      ** – жоғары оқу орнын бітірушілердің жұмысқа орналасу көрсеткішінің шекті мәнін Комиссия айқындайды;

      *** – ұсынылған мәліметтерден есептеледі.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады