Шет мемлекеттердің сәйкестік сертификаттарын, өнімді сынау хаттамаларын, сәйкестік белгілерін және сәйкестікті бағалау туралы өзге де құжаттарды тану қағидаларын бекіту туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Сауда және интеграция министрінің м.а. 2021 жылғы 29 маусымдағы № 434-НҚ бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2021 жылғы 9 шілдеде № 23422 болып тіркелді.

      ЗҚАИ-ның ескертпесі!
      Осы бұйрық 01.07.2021 бастап қолданысқа енгізіледі.

      "Техникалық реттеу туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 39-бабының 1-тармағына сәйкес, БҰЙЫРАМЫН:

      1. Қоса беріліп отырған Шет мемлекеттердің сәйкестік сертификаттарын, өнімді сынау хаттамаларын, сәйкестік белгілерін және сәйкестікті бағалау туралы өзге де құжаттарды тану қағидалары бекітілсін.

      2. Мыналардың:

      1) "Сәйкестікті растау мәселелері жөніндегі нормативтік құқықтық актілерді бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің міндетін атқарушының 2015 жылғы 26 наурыздағы № 331 бұйрығының (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 10979 болып тіркелген);

      2) "Сәйкестікті растау мәселелері жөніндегі нормативтік құқықтық актілерді бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің міндетін атқарушының 2015 жылғы 26 наурыздағы № 331 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Сауда және интеграция министрінің 2020 жылғы 20 ақпандағы № 30-НҚ бұйрығының (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 20055 болып тіркелген) күші жойылды деп танылсын.

      3. Қазақстан Республикасы Сауда және интеграция министрлігінің Техникалық реттеу және метрология комитеті заңнамада белгіленген тәртіпте:

      1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;

      2) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Сауда және интеграция министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.

      4. Осы бұйрық 2021 жылғы 1 шілдеден бастап қолданысқа енгізіледі және ресми жариялануға тиіс.

      Қазақстан Республикасының
Сауда және интеграция министрінің м.а.
Е. Казанбаев

  Қазақстан Республикасының
Сауда және интеграция
министрінің м.а.
2021 жылғы 29 маусымдағы
№ 434-НҚ Бұйрығымен
бекітілген

Шет мемлекеттердің сәйкестік сертификаттарын, өнімді сынау хаттамаларын, сәйкестік белгілерін және сәйкестікті бағалау туралы өзге де құжаттарды тану қағидалары

1-тарау. Жалпы ережелер

      1. Осы Шет мемлекеттердің сәйкестік сертификаттарын, өнімді сынау хаттамаларын, сәйкестік белгілерін және сәйкестікті бағалау туралы өзге де құжаттарды тану қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) "Техникалық реттеу туралы" Қазақстан Республикасы Заңының (бұдан әрі – Заң) 39-бабының 1-тармағына сәйкес әзірленді және шет мемлекеттердің сәйкестік сертификаттарын, өнімді сынау хаттамаларын, сәйкестік белгілерін және сәйкестікті бағалау туралы өзге де құжаттарды тану тәртібін айқындайды.

      2. Осы Қағидаларда мынадай негізгі ұғымдар қолданылады:

      1) өтініш беруші – сәйкестікті бағалауды жүргізу үшін өнімді, процестерді және көрсетілетін қызметті ұсынған, Қазақстан Республикасының немесе Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттің заңнамасына сәйкес тіркелген, дара кәсіпкер ретінде тіркелген заңды тұлға немесе жеке тұлға (дайындаушы, импорттаушы, дайындаушы уәкілеттік берген тұлға, сатушы);

      2) сәйкестікті растау жөніндегі орган – сәйкестікті растау жөніндегі қызметті жүзеге асыру үшін белгіленген тәртіппен аккредиттелген заңды тұлға.

      3. Сәйкестікті растаудың шетелдік жүйелерінде берілген шет мемлекеттердің сәйкестік сертификаттарын, өнімді сынау хаттамаларын, сәйкестік белгілерін және сәйкестікті бағалау туралы өзге де құжаттарды тану сәйкестікті бағалау туралы нәтижелерді өзара тану туралы жасалған халықаралық келісімдер (шарттар) болған кезде жүзеге асырылады.

      4. Халықаралық шарттар немесе аккредиттеу жөніндегі халықаралық немесе өңірлік мемлекеттік емес, үкіметтік емес ұйымдармен шарттар болмаған жағдайда импортталатын өнімнің сәйкестігін растау Қазақстан Республикасының аумағында қолданылатын техникалық регламенттердің талаптарына сәйкес жүзеге асырылады.

      5. Шет мемлекеттердің сәйкестік сертификаттарын, өнімдерді сынау хаттамаларын, сәйкестік белгілерін және сәйкестікті бағалау туралы өзге де құжаттарды тану жөніндегі жұмыстарды жүргізу үшін уәкілетті орган өзінің (www.gov.kz) ресми сайтында:

      1) Қазақстан Республикасы сәйкестікті растау нәтижелерін тану туралы шарттар жасасқан мемлекеттердің;

      2) Қазақстан Республикасының аккредиттеу жөніндегі органымен осы келісімдердің қатысушылары болып табылатын елдерді көрсете отырып, өзара тану туралы келісімдер жасасқан шет мемлекеттер тізбесін қалыптастырады және жаңартады.

      6. Шет мемлекеттердің сәйкестік сертификаттарын, өнімді сынау хаттамаларын, сәйкестік белгілерін және импортталатын өнімге сәйкестікті бағалау туралы өзге де құжаттарды тануды өзінің аккредиттеу саласында мәлімделген өнім (тауар) түрі бар сәйкестікті растау жөніндегі органдар осы Қағидаларға қосымшаға сәйкес нысан бойынша өтінім берушінің өтінімі (бұдан әрі – өтінім) негізінде шарт негізінде жүзеге асырады.

      Шет мемлекеттердің сәйкестік сертификаттарын, өнімдерді сынау хаттамаларын, сәйкестік белгілерін және сәйкестікті бағалау туралы өзге де құжаттарды тануды жүзеге асыратын сәйкестікті растау жөніндегі органдардың тізбесі аккредиттеу жөніндегі органның (www.nca.kz) ресми сайтында орналастырылады.

      7. Міндетті растауға жататын және өткізуге арналған импортталатын өнімге сәйкестікті растаудың шетелдік жүйелерінде берілген шет мемлекеттердің сәйкестік сертификаттарын, өнімді сынау хаттамаларын, сәйкестік белгілерін және сәйкестікті бағалау туралы өзге де құжаттарды тану жөніндегі жұмыстар оның қазақ және орыс тілдеріндегі ақпаратымен қолдап отыруы болған кезде жүргізіледі.

      8. Ақпаратта өнімнің, өтініш беруші елдің және кәсіпорынның атауы, сақтау (жарамдылық, пайдалану) мерзімі, сақтау шарттары, қолдану тәсілі (егер көрсетілген ақпараттың болуы техникалық регламентпен регламенттелсе) көрсетіледі.

      9. Сәйкестікті растау жөніндегі орган өтінім тіркелген кезден бастап жеті жұмыс күнінен аспайтын, ал тез бұзылатын өнім үшін – екі жұмыс күнінен аспайтын мерзімде өтінімді қарау нәтижелері бойынша шешімді өтініш берушіге жібереді.

2-тарау. Шет мемлекеттердің сәйкестік сертификаттарын тану тәртібі

      10. Шет мемлекеттердің сәйкестігі міндетті расталуға жататын өнімге берілген сәйкестік сертификаттарын тану оларды Заңның 7-бабының 2-тармағының 1) тармақшасына сәйкес уәкілетті орган бекітетін Сәйкестікті бағалау қағидаларында (бұдан әрі – сәйкестік сертификаты) белгіленген нысан бойынша сәйкестік сертификаттарына қайта ресімдеу жолымен жүзеге асырылады.

      11. Шет мемлекеттердің сәйкестік сертификаттарын сәйкестікті растау жөніндегі орган тану үшін өтінім беруші өтінімге:

      1) шет мемлекеттің сәйкестік сертификатының түпнұсқасы не сәйкестік сертификатын берген сәйкестікті растау жөніндегі органның немесе сертификаттың түпнұсқасын ұстаушы болып табылатын кәсіпорынның (фирманың) қолымен және мөрімен куәландырылған оның көшірмесін;

      2) шет мемлекеттің сәйкестік сертификатында көрсетілген нормативтік құжатты, егер ол Қазақстан Республикасында қолданылатын халықаралық құжат болып табылмаса;

      3) өнімге ілеспе құжаттарды: кедендік декларацияның, өнімнің (тауардың) шығу тегі туралы сертификаттың, келісімшарттың, жүкқұжаттың, шот-фактураның көшірмелерін, өнімді сынау хаттамасын, гигиеналық қорытындыны, ветеринариялық құжатты, фитосанитариялық сертификатты, сапа менеджменті жүйесіне сертификатты (бар болса);

      4) сәйкестендіру үшін дара бұйым өнімінің үлгісін (дара бұйымдар жеткізілген жағдайда) қоса береді.

      12. Өтінімді және ұсынылған құжаттарды талдау негізінде сәйкестікті растау жөніндегі орган осы Қағидалардың 11-тармағында көзделген мерзімдерде шет мемлекеттің сәйкестік сертификатын тану жөніндегі жұмыстарды жүргізу туралы шешім қабылдайды және Қазақстан Республикасының азаматтық заңнамасына сәйкес өтініш берушімен жұмыстарды жүргізуге шарт жасасады не шет мемлекеттің сәйкестік сертификатын тану жөніндегі жұмыстарды жүргізуден бас тарту туралы жазбаша дәлелді жауап жібереді.

      13. Шет мемлекеттің сәйкестік сертификатын тану туралы шешім қабылдау үшін мынадай рәсімдер жүргізіледі:

      1) өтінімге қоса берілген құжаттарды сараптау;

      2) сәйкестік сертификаты ресімделген өнімді (тауарды) сәйкестендіру;

      3) тұтынушыға арналған ақпараттың болуын тексеру.

      14. Сәйкестікті растау жөніндегі орган құжаттарға сараптама жасау кезінде олардың түпнұсқалығын белгілейді және өнім сертификатталған нормативтік құжаттардың талаптарына әкелінетін өнімге Қазақстан Республикасының аумағында қолданылатын техникалық регламенттердің және стандарттау жөніндегі нормативтік құжаттардың талаптарына сәйкестігін салыстыруды жүргізеді.

      Өнімге қойылатын жекелеген көрсеткіштер бойынша салыстырылатын нормативтік құжаттардың әртүрлі талаптары кезінде сәйкестікті растау жөніндегі орган өнімнің Қазақстан Республикасының аумағында қолданылатын техникалық регламенттердің және стандарттау жөніндегі нормативтік құжаттардың белгіленген талаптарына сәйкестігін растау үшін толық көлемде немесе жекелеген көрсеткіштер бойынша қайта сынақтар жүргізеді.

      15. Өнімді (тауарды) сәйкестендіруді жиынтығында оның нормативтік құжатқа, тауарға ілеспе құжаттамаға, жеткізуге арналған шартқа (келісімшартқа), ерекшелікке, этикеткасына, заттаңбаға немесе өнімді (тауарды) сипаттайтын құжатқа сәйкестігін растау үшін жеткілікті болатын белгілер, өлшемдер, көрсеткіштер және талаптар бойынша сәйкестікті растау жөніндегі органның сарапшы-аудиторы жүзеге асырады.

      Өнімді сәйкестендіру кезінде өтініш берушінің өнімді (тауарды) таңбалауда ақпараттың болуы бөлігінде Қазақстан Республикасының аумағында қолданылатын техникалық регламенттердің және стандарттау жөніндегі нормативтік құжаттардың талаптарын сақтауы ескеріледі. Өнімді сәйкестендіру және сақтау шарттарының нәтижелері сәйкестендіру актісінде көрсетіледі.

      16. Жекелеген көрсеткіштер бойынша сынақтар жүргізе отырып, шет мемлекеттің сәйкестік сертификатын тану үшін сертификатта сәйкестікке қосымша сынақтар жүргізілген нормативтік құжат көрсетіледі.

      17. Шет мемлекеттің сәйкестік сертификатын тану бойынша оң шешім қабылданған жағдайда сәйкестікті растау жөніндегі орган сәйкестік сертификатын ресімдейді.

      18. Сәйкестік сертификатында өнімге қойылатын міндетті талаптарды белгілейтін Қазақстан Республикасында қолданылатын техникалық регламент көрсетіледі және "Сертификат негізінде берілді..." деген бөлігінде шет мемлекеттің танылған сәйкестік сертификатына сілтеме жасай отырып, елді, оны берген органды, сертификаттың нөмірін және берілген күнін көрсете отырып жазба жасалады.

      19. Жаңадан берілген сәйкестік сертификатының қолданылу мерзімін өнімнің жарамдылық мерзіміне және қайта ресімделетін шетелдік сертификаттың қолданылу мерзіміне байланысты, бірақ бір жылдан аспайтын сәйкестікті растау жөніндегі орган белгілейді.

      20. Егер сериялық өндіріс өніміне берілген шет мемлекеттің сәйкестік сертификатының қолданылу мерзімі аяқталса, ал оның қолданылу кезеңінде шығарылған өнім сатушыда өткізілсе, онда сертификаттың қолданылуы өнімді сақтау шарттары сақталған кезде оның бүкіл жарамдылық немесе сақтау мерзіміне қолданылады.

      21. Тез бұзылатын өнімге сәйкестік сертификаттары стандарттау жөніндегі нормативтік құжаттарда көрсетілген сақтау және тасымалдау шарттары сақталған кезде ғана танылады.

      22. Сертификатты берген елде дайындалмаған өнімге берілген сәйкестік сертификаты танылмайды, ал өнім стандарттау жөніндегі нормативтік құжаттарда белгіленген барлық міндетті көрсеткіштер бойынша сәйкестікті растаудан өтеді.

      23. Сәйкестікті растау жөніндегі орган өтінім тіркелген кезден бастап жеті жұмыс күнінен аспайтын, ал тез бұзылатын өнім үшін – екі жұмыс күнінен аспайтын мерзімде өтінімді қарау нәтижелері бойынша шешімді өтініш берушіге жібереді.

      24. Сәйкестікті растау жөніндегі орган өтінімді қарау нәтижелері бойынша шет мемлекеттердің сәйкестік сертификаттарын, өнімді сынау хаттамаларын, сәйкестік белгілерін және сәйкестікті бағалау туралы өзге де құжаттарды танудан бас тарту туралы шешім қабылдайды, егер:

      1) өтінім және оған қоса берілетін құжаттар тиісінше ресімделмеген;

      2) өтінімге осы Қағидалардың 11, 25 және 29-тармақтарында көзделген құжаттардың толық емес топтамасы қоса берілген;

      3) ұсынылған құжаттарда анық емес ақпарат қамтылған;

      4) өнімді (тауарды) оның айырым белгілері бойынша анық сәйкестендіруді жүргізу мүмкіндігі жоқ болған;

      5) тұтынушыға арналған ақпарат болмаған жағдайларда.

      Бас тарту себептері жойылған жағдайда, өтініш беруші шет мемлекеттердің сәйкестік сертификаттарын, өнімді сынау хаттамаларын, сәйкестік белгілерін және сәйкестікті бағалау туралы өзге де құжаттарды тану үшін қайта жүгінеді.

3-тарау. Өнімді сынау хаттамаларын тану тәртібі

      25. Сәйкестікті растау саласындағы өнімді сынау хаттамаларын тану рәсімі импорттаушыда (өтінім берушіде) сынақ зертханасының (орталығының) немесе танылатын құжатты ресімдеген ұйымның немесе құжаттардың түпнұсқаларын ұстаушы болып табылатын кәсіпорынның (фирманың) қолымен және мөрімен (бар болса) куәландырылған құжаттардың түпнұсқалары (сынақ хаттамалары немесе есептері) немесе олардың көшірмелері немесе нотариалды куәландырылған көшірмелері болған кезде жүргізіледі.

      26. Анық көрінетін қолдар мен мөрлер (бар болса) болған кезде тануға ұсынылған құжатта сәйкестікті растау жөніндегі орган құжаттың титулдық бетіне сәйкестікті растау саласындағы жұмыстар үшін тану рәсімінен өткені туралы жазба жасайды, ол орындаушының қолымен және сәйкестікті растау жөніндегі органның мөрімен (бар болса) куәландырылады.

      27. Тану рәсімінен өткен өнімді сынау хаттамасында көрсетілген сынақ нәтижелері сәйкестік сертификатын немесе сәйкестік туралы декларацияны ресімдеу үшін пайдаланылады.

4-тарау. Сәйкестік белгілерін және сәйкестікті бағалау туралы өзге де құжаттарды тану тәртібі

      28. Сәйкестік белгісін және сәйкестікті бағалау туралы өзге де құжаттарды тану үшін өтінім беруші өтінімге:

      1) Сертификаттау туралы мәліметтер келтірілген жерде (сәйкестік сертификатының нөмірі мен берілген күні, сертификатты берген органның атауы) сәйкестік белгісімен таңбаланған өнімнің (ыдыстың, ораманың) үлгісін, пайдалану және (немесе) техникалық құжаттарын;

      2) мәлімделетін өнім Қазақстан Республикасында қолданылатын халықаралық немесе өңірлік құжат санатына кірмеген жағдайда оған сәйкес дайындалған нормативтік құжатты;

      3) өнімге ілеспе құжаттаманы: кедендік декларацияның және өнімнің (тауардың) шығу тегі туралы сертификаттың, келісімшарттың, жүкқұжаттың, шот-фактураның көшірмелерін, өнімді сынау хаттамасын, гигиеналық қорытындыны, ветеринарлық құжатты, фитосанитарлық сертификатты, сапа менеджменті жүйесінің сертификатын қоса береді.

      29. Сәйкестік белгісін және сәйкестікті бағалау туралы өзге де құжаттарды тану туралы шешім қабылдау үшін мынадай рәсімдер жүргізіледі:

      1) сәйкестік белгісі салынған өнімді (тауарды) және тұтынушы үшін ақпараттың жеткіліктілігін сәйкестендіру;

      2) сәйкестік белгілерін тану үшін негіздемені тексеру (Қазақстан Республикасының мемлекеттік техникалық реттеу жүйесінде аккредиттеу немесе сәйкестікті растау нәтижелерін өзара тану туралы тиісті келісімдердің болуы);

      3) сәйкестік сертификатын беру және дайындаушыға (сатушыға) өнімді (тауарды) сәйкестік белгісімен таңбалау құқығын беру фактісін тексеру.

      30. Сәйкестік белгісін және сәйкестікті бағалау туралы өзге де құжаттарды тану жөніндегі оң шешім болған кезде сәйкестікті растау жөніндегі орган сәйкестік сертификатын ресімдейді.

      Сәйкестік сертификатында "Сертификат... негізінде берілді" деген бөлімде сәйкестік белгісін тануды жүргізу туралы сілтеме жасалып, оны берген ел, орган, сертификат нөмірі мен берілген күні көрсетіледі.

  Шет мемлекеттердің сәйкестік
сертификаттарын, өнімді сынау
хаттамаларын, сәйкестік
белгілерін және сәйкестікті
бағалау туралы өзге де
құжаттарды тану қағидаларына
қосымша
  Нысан

Өтінім *

      Сәйкестікті растау жөніндегі

      органның басшысына

      ________________________________

      ________________________________

      (органның атауы, заңды мекенжайы)

      Қазақстан Республикасының Мемлекеттік техникалық реттеу жүйесінде

      ______________________________________________________

      (өтініш берушінің атауы, оның заңды мекенжайы, телефоны)

      ____________________________________________________ тұлғасында

      (өтініш беруші кәсіпорын басшысының немесе жеке тұлғаның

      лауазымы, тегі, аты, әкесінің аты (бар болса)

      _____________________________________________ тану жүргізуге

      (құжаттың немесе сәйкестік белгісінің атауы)

      ___________________________________ тану рәсімін жүргізуді сұрайды

      (құжаттың немесе сәйкестік белгісінің атауы,

      __________________________________________________________

      құжатты берген органның немесе зертхананың №, берілген күні, атауы) және сәйкестік туралы декларацияны тіркеуді жүргізуді немесе Қазақстан Республикасының техникалық реттеудің мемлекеттік жүйесінде сәйкестік сертификатын _____________________________

      (өнімнің атауы, типі, моделі, маркасы,

      _________________________________________________________________

      саны, елі, өтініш беруші кәсіпорын)

      беруді сұрайды.

      Мәлімдеген құжатты (белгіні) тану рәсіміне байланысты барлық шығыстарды оның нәтижелеріне қарамастан төлеуге міндеттенемін.

      Өтініш беруші _____________ __________________________________

      (жеке қолы)            (тегі, аты, әкесінің аты (болған кезде)

      Мөрдің орны (бар болса)** 20__жылғы "___" ____________

      Ескертпе:

      * өтінімге ол бойынша тануды жүргізу ұсынылатын құжат немесе белгіленген тәртіппен ресімделген оның көшірмесі қоса беріледі. Шетелдік сәйкестік белгісін тану үшін өтінімге белгіленген тәртіппен ресімделген өтініш беруші кәсіпорынның сапа паспортының түпнұсқасы, сондай-ақ сәйкестікті растау жөніндегі жұмыстарды жүргізген және импортталатын өнімді сәйкестік белгісімен таңбалауға рұқсат берген өтініш беруші кәсіпорынның және шетелдік органның деректемелері (пошталық мекенжайы, телефоны, факсы, электрондық поштасы) қоса беріледі.

      ** заңды тұлға үшін.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады