"Қазақстан Республикасы мемлекеттік авиациясының ұшуды жүргізу қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрінің 2017 жылғы 14 желтоқсандағы № 744 бұйрығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрінің 2021 жылғы 2 шiлдедегі № 429 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2021 жылғы 9 шiлдеде № 23430 болып тіркелді

      БҰЙЫРАМЫН:

      1. "Қазақстан Республикасы мемлекеттік авиациясының ұшуды жүргізу қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрінің 2017 жылғы 14 желтоқсандағы № 744 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 16210 болып тіркелген) мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:

      көрсетілген бұйрықпен бекітілген Қазақстан Республикасы мемлекеттік авиациясының ұшуды жүргізу қағидаларында:

      2, 3 және 4-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:

      "2. Осы Қағидаларда пайдаланылатын негізгі анықтамалар:

      1) авиациялық бөлім (бұдан әрі – бөлім) – Қазақстан Республикасы мемлекеттік авиациясының жойғыш, бомбалаушы, шабуылшы, көлік, армиялық және оқу-жаттығу әуе кемелерінің (бұдан әрі – ӘК) ұшуын жүргізуді, оларды пайдалануды, жөндеуді және сақтауды жүзеге асыратын республикалық мемлекеттік мекеме, Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитетінің Авиациялық қызметі Авиациялық басқармасы, авиациялық комендатуралар, авиациялық мүлік қоймалары, Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігінің (бұдан әрі – ҚР ҚМ), Қазақстан Республикасы Мемлекеттік күзет қызметінің (бұдан әрі – ҚР МКҚ), Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің (бұдан әрі – ҚР ІІМ) және Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитетінің (бұдан әрі – ҚР ҰҚК) құрылымдық бөлімшелері, олардың құрамына ұшқышсыз ұшу аппараттарын пайдаланатын бөлімшелер, сондай-ақ авиациялық персоналды даярлау жөніндегі оқу-жаттығу орталықтары, ұшқышсыз ұшу аппараттарын жауынгерлік даярлау және жауынгерлік қолдану оқу-жаттығу орталықтары кіреді;

      2) авиациялық бөлімнің басшы ұшқыш құрамы – авиациялық эскадрилья командирінен, авиациялық бөлім бастығынан (бұдан әрі – авиациялық эскадрилья командирі) және одан жоғары (жеке авиациялық эскадрильяда буын (жасақ) командирінен, топ ұшқышынан (бұдан әрі – буын (жасақ) командирінен және одан жоғары) лауазымдарды атқаратын ұшқыш құрам;

      3) авиациялық техникаға қызмет көрсету жөніндегі авиациялық жердегі мамандар – арнайы даярлығы бар, әуе кемелерінің ұшуын, авиациялық жұмыстарды жерде қамтамасыз ету, әуе кемелеріне техникалық қызмет көрсету, әуе қозғалысын басқарудың жердегі техникалық құралдарын пайдалану, навигациялау, қону және байланыс, әуе қозғалысын ұйымдастыру және оған қызмет көрсету, әуе қозғалысын басқару жөніндегі қызметті жүзеге асыратын авиациялық персонал;

      4) арнайы әуе кемелері – оларда орнатылған арнайы жабдықты пайдаланумен міндеттерді орындау үшін арналған ӘК;

      5) арнайы мақсаттағы алаң – ұшу даярлығының түрлері бойынша жеке жаттығуларды пысықтауды қамтамасыз ететін арнайы дайындалған және белгіленген алаң;

      6) арнайы тапсырма – мемлекеттік авиацияны басқару органдарының басшылары бекітетін жауынгерлік, ұшу, оқу-ұшу, арнайы даярлық Курстарында (бағдарламаларында) көзделмеген тапсырмаларды орындауға ұшу (бұдан әрі – Курстар);

      7) аспаптар бойынша ұшу – пилоттық-навигациялық аспаптар бойынша экипаж ӘК-ның кеңістіктегі жай-күйін және оның болатын орнын толық немесе ішінара айқындайтын жағдайларда орындалатын ұшу;

      8) ӘК командирі – экипажда үлкені болып табылатын және ӘК-ның ұшуды орындауына және қауіпсіздігіне жауап беретін пилот (ұшқыш) (бұдан әрі – ӘКК);

      9) ӘК-ның ұшу маршруты – негізгі бұрылу пункттермен айқындалған жер (су) бетіне ӘК-ның берілген (белгіленген) ұшу траекториясының проекциясы;

      10) мемлекеттік авиация әуеайлағының аға авиациялық бастығы – әуеайлақта жауынгерлік даярлықты (жүргізу қызметін) ұйымдастыратын және мемлекеттік авиацияның басқару органы (азаматтық авиация саласындағы уәкілетті орган) тағайындаған осы әуеайлақта орналасқан мемлекеттік авиацияның авиациялық бөлімдері командирлері, азаматтық авиация кәсіпорындары мен ұйымдарының бастықтары қатарынан лауазымды адам;

      11) метеомаман – арнайы дайындығы бар және әуе кемелерінің ұшуын қамтамасыз етумен, метеорологиялық бөлімшенің техникалық құралдарын пайдаланумен, қызмет көрсетумен және регламенттік жұмыстарды жүргізумен байланысты лауазымды атқаратын және авиациялық жерүсті маман;

      12) әуе қозғалысын басқару орталықтары (бұдан әрі – ӘҚБ орталықтары) – "Әуе кеңістігін пайдалану және авиация қызметі туралы" 2010 жылғы 15 шілдедегі Қазақстан Республикасы Заңының (бұдан әрі – Заң) 15-бабы 29) тармақшасына сәйкес мемлекеттік авиация саласындағы өуәкілетті орган бекітетін Әуе қозғалысын басқару жөніндегі нұсқаулыққа сәйкес Қазақстан Республикасының әуе кеңістігін пайдалануды жоспарлауға және үйлестіруге, Қазақстан Республикасының әуе кеңістігін пайдалану тәртібінің сақталуын бақылауға, оларға белгіленген жауапты аудандар шегінде әуе қозғалысының тұрақтылығын және ұшу қауіпсіздігін қамтамасыз етугеарналған Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің әуе қозғалысын басқару жедел органдары;

      13) әуе қозғалысына қызмет көрсету маршруты – әуе қозғалысына қызмет көрсетуді (бұдан әрі – ӘҚҚК) қамтамасыз ету мақсатында қозғалыс ағынын бағыттауға арналған белгіленген маршрут;

      14) әуеайлақтық ұшу шеңбері – әуеайлақ ауданындағы белгіленген маршрут, олар бойынша (немесе оның бөлігінде) ұшып шыққаннан кейін биіктік алу, қонуға кіру үшін төмендеу, қонуды күту, әуеайлақ (ұшу алаңы) үстінен ұшуды орындау жасалатын әуеайлақ ауданында белгіленген маршрут;

      15) әуеайлақтан тыс ұшу – ұшып шығу әуеайлағына қонумен басқаруды басқа әуе қозғалысын басқару органына бере отырып, әуеайлақ ауданының әуе кеңістігі шекараларынан тыс орындалатын ӘК-ның ұшуы;

      16) әуеайлақтық ұшу – ұшып көтерілу әуеайлағы ауданының әуе кеңістігі шекараларында орындалатын ӘК-ның ұшуы;

      17) бақыланатын әуе кеңістігі – олардың шегінде әуе қозғалысын басқару (диспетчерлік қызмет көрсету) қамтамасыз етілетін белгілі бір мөлшердегі әуе кеңістігі;

      18) бақыланбайтын әуе кеңістігі – олардың шегінде әуе кеңістігінің жіктеуішіне сәйкес тек әуе қозғалысына ұшу-ақпараттық қызмет көрсету қамтамасыз етілетін немесе әуе қозғалысын басқару болмайтын әуе кеңістігі;

      19) белгіленбеген қону алаңы – ұшуда, ӘК-ның ұшып көтерілуі және қонуы үшін жарамды ӘК экипажы таңдаған жер учаскесі, су немесе өзге де жазықтық;

      20) белгіленген қону алаңы – қажет болған кезде ұшуды басқару және қамтамасыз ету құралдарымен жарақтандырылған алдын ала таңдалған немесе ӘК-ның ұшып көтерілуі және қонуы үшін жарамды, өз координаталары, таңбалануы бар жер учаскесі, су немесе өзге де жазықтық;

      21) бүйiрлі эшелондау – ӘК-ны бір биіктікте арақашықтық немесе олардың жол желілері арасындағы бұрыштық ығыстыру бойынша белгіленген аралықта бөліп орналастыру;

      22) бірлесіп орналастыру әуеайлағы – мемлекеттік, азаматтық және эксперименттік авиацияға жататын ӘК орналастырылатын азаматтық және мемлекеттік авиацияның әуеайлақтары;

      23) векторлау (радиолокациялық бағыттау) – радиолокатор деректерiн пайдалану негізінде белгіленген курстарды көрсету арқылы ӘК-ны навигациялық бағыттауды қамтамасыз ету;

      24) ерекше жағдай – авиациялық техниканың кенеттен iстен шығуы немесе ӘК-ның, жолаушылар мен экипаждың қауiпсiздiгiн қамтамасыз ету үшiн экипаждан стандартты емес iс-әрекеттер жасау талап етілетiн жағдайларға ӘК-ның тап болуы нәтижесiнде туындайтын жағдай;

      25) жазық жер – 25 км радиуста салыстырмалы түрде 200 м дейiн бедерлi жергілікті жер;

      26) жақын ұшып келу – жер тиімділігін пайдалануға мүмкіндік беретін биіктік диапазоны шегінде маневр жасау әуеайлағы алаңы (келіп қону алаңы) үстінде және рульді басқару үшін қабылданған жылдамдықтарда тікұшақтың орын ауыстыруы;

      27) жауынгерлік әуе кемесі – жауынгерлік міндетті орындауға арналған ӘК;

      28) жел бағының өзгеруі – атмосфераның салыстырмалы шағын учаскесінде жел бағыты елеулі өзгергенде оның жылдамдығының және (немесе) бағытының жоғары градиенті;

      29) жоғарғы пилотаж – ӘК-ның күрделі пилотаж фигураларын олардың үйлесімінде орындауы. Одан басқа, жоғары пилотажға төңкеріліп ұшудың барлық фигуралық түрлері және қолайсыз артық салмақпен фигураларды орындау жатады. Жоғары пилотаж жоғары маневрлі және маневрлі ӘК-да орындалады;

      30) жүріп өтудің аяқталуы – ӘК-ның жүріп өтуде қозғалыс бағытын қауіпсіз өзгертуді орындауға мүмкіндік беретін ӘК-ны жасаушы зауыттың басшысы бекіткен ӘК-ны ұшуда пайдалану жөніндегі нұсқауда (нұсқаулықта) (бұдан әрі – ҰПН) айқындалған басқару жылдамдығына қол жеткізген сәт;

      31) инженерлік-техникалық құрам – арнайы дайындығы бар және авиациялық техникаға қызмет көрсетумен, пайдаланумен, сақтаумен және жөндеумен байланысты лауазымдарды атқаратын авиациялық персонал;

      32) көлденең эшелондау – ӘК-ны бiр биiктiкте уақыт немесе қашықтық бойынша жол желiсi бойымен белгiленген аралықтарда бөліп орналастыру;

      33) көліктік-жауынгерлік әуе кемелері – адамдарды, жүктерді және жанар-жағармай материалдарын тасымалдауға және жауынгерлік міндеттерді орындауға арналған ӘК;

      34) көліктік әуе кемелері – адамдарды, жүктерді тасымалдауға арналған ӘК;

      35) күрделі пилотаж – әуе кемесімен 45º (10º) астам тангаж бұрыштарымен және 60º (30º) астам кренмен пилотаж фигураларын орындау;

      36) қарапайым пилотаж – әуе кемесімен 45º (10º) дейін тангаж бұрыштарымен және 60º (30º) дейін кренмен пилотаж фигураларын орындау;

      37) қашықтан басқарылатын авиациялық жүйе (бұдан әрі – ҚБАЖ) – ұшқышсыз ұшу аппаратын (бұдан әрі – ҰҰА) қамтитын конфигурацияланатын элементтер кешені, онымен байланысты станциялар, қажетті басқару және бақылау желілері, сондай-ақ ұшуды орындау барысында кез келген сәтте қажет болуы мүмкін кез келген басқа да жүйелер;

      38) қону – биіктіктен түзеле бастағаннан (тік қону кезіндегі тежей бастағанан) бастап жер, су немесе өзге де жазықтыққа жанасу және жүріп өту (тік қону кезінде жерге қонғаннан кейінгі қозғалтқыштың дросселденуі) аяқталу сәтіне дейін ӘК-ның баяулаған қозғалысы;

      39) қонудағы көрініс – ӘК кабинасынан төмендеу глиссадасындағы дәл жерге түсу жолақтарының (дәл жерге түсу орны – тікұшақтар үшін) басталуы немесе ұшу-қону жолақтарының жарықтары анықталатын және танылатын арақашықтық;

      40) қырлы жергілікті жер – 25 км радиуста бедерлі қималары мен қатысты биіктеу 200-ден 500 м қырқасы бар жергілікті жер;

      41) мемлекеттік авиацияны басқару пункті– операциялық әуе қозғалысы кезінде ӘК-ның ұшуын бақылау және басқару жөніндегі міндеттерді орындайтын командалық пункт, командалық-диспетчерлік пункт, старттық командалық пункт, авиацияны бағыттау пункті, уақытша (қосалқы) басқару пункті, әуедегі командалық пункт, авиацияны әуедегі бағыттау пункті (бұдан әрі – басқару пункті);

      42) метеорологиялық көрініс – метеорологиялық қызмет техникалық құралдар көмегімен немесе шолу бағдарлары бойынша айқындайтын көлденең көрініс;

      43) навигациялық даярлық – ұшқыштар мен штурмандарды ұшуда бағдарлауды жүргізуге, жауынгерлік (ұшу) тәртіптің және ұшу бағытының параметрлерін белгіленген уақытта белгіленген нүктеге шығуымен ұстауға бағытталған ұшу даярлығынң түрі;

      44) оқу-жаттығу әуе кемелері – ұшқыш құрамын ұшуды басқару техникасы мен әуе навигациясына үйретуге арналған ӘК;

      45) оқу-жауынгерлік әуе кемелері – ұшқыш құрамын ұшуды басқару техникасына, әуе навигациясына, жауынгерлік қолдануға және жауынгерлік міндеттерді орындауға үйретуге арналған ӘК;

      46) отынның аэронавигациялық қоры – қосалқы әуеайлаққа (қону алаңына) бағыттаумен, бекітілген маршруттан ауытқумен, қарсы соққан жел жылдамдығының күшеюімен және басқа да мән-жайлармен туындаған ұшу жоспары өзгерген жағдайда қажетті ұшып көтерілу әуеайлағынан (қону алаңынан) белгіленген әуеайлаққа (қону алаңына) дейін ұшуға арналған есептелген мөлшерден тыс отын резерві;

      47) өтпелі қабат – өту биіктігі мен өту эшелоны арасындағы әуе кеңістігі, көлденең ұшу режиміндегі ӘК-ның өтпелі қабатта ұшуына жол берілмейді;

      48) өту биіктігі – барометрлік биіктік өлшегіштің қысым шәкілін берілген эшелонды алу кезінде сынап бағанасы 760 миллиметр (1013,25 мбар/гПа) қысым мәніне ауыстыру үшін әуеайлақ ауданында белгіленген салыстырмалы (абсолютті) биіктік;

      49) өту эшелоны – барометрлік биіктік өлшегіштің қысым шәкілін сынап бағанасы 760 миллиметр (1013,25 мбар/гПа) қысымынан әуеайлақ қысымына немесе теңіз деңгейіне келтірілген ең аз қысымға ауыстыру үшін белгіленген төменгі қауіпсіз эшелон;

      50) пилотаж – оның кеңістіктік орны мен ұшу режимін өзгертумен сипатталатын ӘК әдейі орындайтын маневрлер. Күрделілік дәрежесі бойынша пилотаж қарапайым, күрделі және жоғары, ал оған қатысатын ӘК саны бойынша – дара және топтық болып бөлінеді;

      51) старттық уақыт – ӘК-ның экипажына ұшуды орындауға жол берілетін уақыт кезеңі;

      52) тасымалдар – ӘК бір әуеайлақтан (алаңнан) басқасына жолаушыларды (әскерлерді) немесе жүктерді (жайынгерлік техниканы) жеткізу мақсатында ұшуы;

      53) таулы жер – 25 км радиуста бедерлi қималары мен салыстырмалы түрде 500 м және одан да астам қырқасы бар жер, сондай-ақ теңiз деңгейiнен 2000 м және одан да астам биiктiктегi жер;

      54) топтық ұшу – топ құрамындағы бір ӘКК-нің басқаруымен екі немесе одан да көп ӘК-ның бірлесіп ұшуы;

      55) тік эшелондау – белгіленген аралықтардағы биіктік бойынша ӘК-ны таратып орналастыру;

      56) тік эшелондаудың қысқартылған минимумы (Reducе Vertical Separation Minimum) – RVSM қолданумен ұшуға рұқсаттамасы бар ӘК эшелондау үшін эшелондар арасында 8850 м (FL 290) және 12500 м (FL 410) диапазоныында қолданылатын тік эшелондау аралығы;

      57) тік көрініс – жер бетінен жер бетіндегі объектілер тігінен төмен көрінетін деңгейге дейінгі барынша жоғарғы қашықтық;

      58) ҰҰА-ны басқару пункті – ӘК-ны қапшықтан басқару үшін пайдаланылатын жабдықты қамтитын қашықтан басқарылатын авиациялық жүйе элементі;

      59) ҰҰА операторы – ҰҰА-ның ұшуы кезінде оны басқаратын авиациялық маман;

      60) ұшқыш – әуе кемесін басқару жөніндегі функцияларды орындауға рұқсат берілген әуе кемесі экипажының мүшесі;

      61) ұшқыш құрамы – ұшқыштар, штурмандар, борттық жолсеріктер, ұшқыш оқу орындарының курсанттары (тыңдаушылары) және ӘК экипажының құрамында ұшуда функцияларды орындайтын басқа да лауазымды адамдар;

      62) ұшу ауысымы – уақыт ішінде ұшу орындалатын ұшудың жоспарлы кестесімен айқындалған кезеңі;

      63) ұшу жұмысы – ұшу тапсырмасын орындау бойынша ұшу құрамымен жүргізілетін жұмыс;

      64) ұшу ауысымының жетекшісі – ұшуды ұйымдастыру, жүргізу мен бақылау үшін ұшу ауысымына тағайындалған авиациялық бөлімнің басшылық ұшу құрамы қатарынан лауазымды адамдар;

      65) ұшу ауысымының ұзақтығы – ұшудың жоспарлы кестесіне сәйкес бірінші ӘК ұшып көтерілуі басталған сәттен бастап және соңғысы қонуды аяқтаған сәтке дейін есептелген уақыт;

      66) ұшу даярлығы жөніндегі құжаттар – әртүрлі метеорологиялық жағдайларда оларды күндіз және түнде ұшуға даярлау кезінде жеке құрамды үйрету мазмұнын, ауқымы мен жүйелілігін, дағдыларын жетілдіруді, мамандандыруды және қолдауды айқындайтын құжаттар;

      67) ұшу реттілігі – жауынгерлік міндеттерді орындаумен байланысты емес бірлесіп ұшқан кездегі ӘК-ның өзара орналасуы;

      68) ұшу тапсырмасы – Курспен айқындалған немесе тікелей командир (бастық), авиациялық бөлімнің басшы ұшқыш құрамы, әуе қозғалысын басқару органы, мемлекеттік авицияның басқару органы ұшқышқа берген әуе кемесінің ұшып көтерілуінен бастап қонуға дейінгі ұшуға тапсырма;

      69) ұшу уақыты – ұшып көтерілуі (тік ұшып көтерілу кезінде жер немесе су бетінен көтерілуі) кезіндегі ӘК-ның екпін ала бастағаннан бастап жүріп өту аяқталғанға немесе тік қону кезінде жер (су) бетімен жанасқанға дейінгі уақыт;

      70) ұшу эшелоны – қысымның сынап бағанасы 760 миллиметр (1013,25 мбар/гПа) стандартты кезінде есептелген және аралықтың белгіленген мөлшеріне басқа биіктіктен төмен болатын шартты биіктік;

      71) ұшуға басшылық жасау – ӘК экипаждарының ұшу тапсырмаларын толық, уақтылы және қауіпсіз орындауын қамтамасыз етуге бағытталған ұшуға тартылатын ұшуға басшылық жасау тобының және басқару пунктері есептоптарының іс-қимылдары;

      72) ұшуға басшылық жасау тобы – авиациялық бөлім командирі, авиациялық басқарма бастығы (бұдан әрі – авиациялық бөлім командирі) (мемлекеттік авиация басқару органының басшысы, Әскери-әуе күштерінің қолбасшысы) өз жауапкершілігі аймағында ұшуға басшылық жасау (басқару, бақылау) үшін ұшуды (ұшып өтуді) жүргізу кезеңіне тағайындайтын авиациялық жердегі мамандар және/немесе ұшқыш құрамы;

      73) ұшудағы көрініс – ұшудағы ӘК кабиналарынан көрініс;

      74) ұшуды басқару техникасы – жеке құрамды ұшып көтерілуға, қонуға, дара және топ құрамында кеңістіктік маневрлерді орындауға үйретуге бағытталған ұшу даярлығы түрі;

      75) ұшуды жүргізу – авиациялық бөлімдер жеке құрамының ұшуды дайындау, жүргізу және талдау бойынша келісілген іс-қимылдары процесі;

      76) ұшуды орындау – басқарылатын және ұшқышсыз ӘК-ның экипаждары жүзеге асыратын әуе кеңістігінде ұшу аппаратының қозғалысын басқару процесі;

      77) ұшуды объективті түрде бақылау – командир (бастық) жүргізетін жеке құрамды оқыту сапасын жетілдіру, ӘК-ның ұшу қауіпсіздігін және сенімділігін арттыру мүддесінде барлық объективті бақылау құралдары мен деректерін кешенді пайдалануға бағытталған іс-шаралар жүйесі;

      78) ұшуды жүргізуді ұйымдастыру – бөлімдердің командирлері мен штабтары жүргізетін ұшуды жүргізуге шешім қабылдауды, ұшуға міндеттер қоюды, ұшуды жоспарлауды, жеке құрамды, ұшуға басшылық жасау тобының адамдарын, ӘК-ны, жерүсті қамтамасыз ету құралдарын және әуеайлақты ұшуға дайындауды, ауа райын барлауды орындауды және ұшуды талдауды қамтитын іс-шаралар кешені;

      79) ұшудың жоспарлы кестесі – белгіленген үлгідегі құжат, онда командирдің ұшуды жүргізуге шешімі және оларға қатысатын экипаждарға тапсырмалары графикалық түрде және мәтінмен баяндалған (бейнеленген);

      80) ұшу-қону жолағында көру мүмкіндігі – оның шегінде ұшу-қону жолағының осьтік сызығында болатын ӘК пилоты ұшу-қону жолағы бетіндегі таңбалау белгілерін немесе ұшу-қону жолағын шектейтін немесе оның осьтік сызығын белгілейтін жарықтарды көре алатын қашықтық;

      81) ұшу-тактикалық даярлық – ұшқыш құрамды дара, бөлімшелер мен бөлімдер құрамында жауынгерлік іс-қимылдарды жүргізуге (жауынгерлік міндеттерді орындауға) үйретуге бағытталған ұшу даярлығы түрі;

      82) ұшып өту – ӘК басқа әуеайлаққа (алаңға) қонумен орындайтын ұшу;

      83) ұшып көтерілу – ӘК-ның орнынан қозғалу сәтінен (тік ұшып көтерілу кезіндегі жерден көтерілу сәтінен) бастап жер (су) бетінен немесежасанды жазықтан көтерілу және 10 м биіктік (тік ұшып көтерілу кезіндегі жазықтық экраны ықпал ету биіктігін) алғанға дейінгі қозғалыс жылдамдығы;

      84) шайқалу – ӘК-ның турбуленттi атмосферада ұшу кезiндегі ретсiз қозғалысы:

      қалыпты шайқалу – ӘК жағдайының және (немесе) абсолюттік биіктігінің қалыпты, бірақ бұрынғыдай сенімді басқаруды қамтамасыз ететін өзгеруі, мұндағы ӘК ауырлық күші ортасында акселерометр көрсеткіші 0,5/1,0g, ұшып көтерілу және қону кезіндегі бірқалыпты шайқалу ±0,3/0,4g болған кезде;

      қатты шайқалу – ӘК жағдайының және (немесе) абсолюттік биіктігінің күрт өзгеруі, мұнда қысқа кезеңдер ішінде ӘК әуе жылдамдығының тән өзгеруімен, ӘК ауырлық күші ортасындағы акселерометр көрсеткіші 1.0 g асатын, ал ұшып көтерілу және қону кезінде үстемнің ±0,4g шамадан астам болуымен басқаруға бағынбайды;

      85) шекара аймағы – әкімшілік-аумақтық бірлігі аумағының шектерінде Мемлекеттік шекараға шектесетін Қазақстан Республикасы аумағының бөлігі;

      86) шекарамаңы жолағы – Қазақстан Республикасының құрлықтағы Мемлекеттік шекарасына ені 25 км, сондай-ақ ені 22,2 км (12 теңіз милі) аумақтық сулар үстінде шектесетін әуе кеңістігі;

      87) электрондық ұшу планшеті – жабдықтан және қолданбалы бағдарламалардан тұратын және оған ұшуды немесе ұшумен байланысты міндеттерді орындауда деректерді сақтау, жаңарту, бейнелеу және өңдеу жөніндегі функцияларды пайдалануға мүмкіндік беретін ұшу экижпажына арналған электрондық ақпарат жүйесі.

      3. Қазақстан Республикасы мемлекеттік авиациясының басқару органдарына мыналар жатады:

      1) Қазақстан Республикасы Қарулы Күштері Әуе қорғанысы күштері бас қолбасшысының басқармасы – ҚР ҚМ авиациясында;

      2) Қазақстан Республикасы Ұлттық ұланының бас қолбасшылығы – Қазақстан Республикасы ішкі істер органдарының авиациясында;

      3) ҚР ҰҚК Авиациялық қызметі (бұдан әрі – ҰҚК АҚ) – ұлттық қауіпсіздік органдарының авиациясында.

      4. Ұшқыш құрамының және ұшуға басшылық жасау тобының кәсіби қызметті бастау үшін негіздеме:

      1) ұшқыштар, штурмандар үшін – арнайы оқу орындарын бітіргені туралы құжат (диплом, куәлік);

      2) басқа ұшқыш құрамына және ұшуға басшылық жасау тобының адамдары үшін – жауынгерлік (арнайы) даярлық курстарына (ұшуға даярлық бағдарламаларына) сәйкес оқуды аяқтағаннан кейін ұшуға (ұшуға басшылық жасауға) рұқсат беру туралы бұйрық;

      3) кәсіптік қызметке жарамдылық туралы медициналық сараптама қорытындысы;

      4) кәсіби қызметті жүзеге асыруға қажетті білімінің және дағдыларының болуы туралы мәліметтер көрсетілген ұшу кітапшасы (ұшу жетекшісінің кітапшасы) болып табылады.";

      13-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "13. Ұшу мақсаттары бойынша былай бөлінеді:

      1) жауынгерлік – авиациялық зақымдау құралдарын қолданумен жауынгерлік міндеттерді немесе тағайындалуы бойынша мемлекеттік авиацияның ӘК-ны жауынгерлік қолданудың басқа да міндеттерін орындау үшін;

      2) арнайы – төтенше жағдай немесе ерекше кезең жарияланған кезде ұлттық қауіпсіздікті және мемлекеттің аумақтық тұтастығын қамтамасыз ету, құқық тәртібін және Мемлекет шекараны күзету жөніндегі міндеттерді орындау үшін;

      3) көлік – жолаушыларды, жүктерді, бағажды және пошталық жөнелтілімдерді жеткізу үшін;

      4) іздеу-құтқару, авариялық-құтқару және халыққа медициналық көмек көрсету үшін (оның ішінде табиғи және техногендік сипаттағы зілзала кезінде);

      5) оқу-жаттығу:

      шығару – ұшқыш құрамда ӘК-ны басқару, навигациялау техникасын және оны жауынгерлік қолдануды табысты меңгеруін қамтамасыз ететін практикалық дағдылар мен шеберлікті шынықтыру үшін ұшу;

      бақылау – ұшқыш құрамды жаттықтырып ұшуды орындауға тексеру үшін;

      жаттықтыру – алған ұшу дағдыларын машықтандыру және оларды одан әрі жетілдіру үшін;

      сынақ – ұшқыш құрамның ұшу және тактикалық даярлық түрлері бойынша міндеттерді орынадуға әзірлігін айқындау үшін ұшу;

      6) жерүсті радиотехникалық құралдарды ұшып тексеру – локациялау, навигациялау және байланыс радиотехникалық құралдарын, жерүсті қону жүйелерін тексеру және теңшеу үшін;

      7) ӘК-ның айналып ұшуы (танысып, бақылап ұшуы) – ұшу кезінде ӘК-ның жүйелері мен агрегаттарының және қуат беру қондырғыларының жұмысын тексеру үшін;

      8) ұшырып апару – ӘК-ны авиажөндеу кәсіпорнынан (авиациялық жөндеу бөлімінен, базадан) авиациялық бөлімге немесе кері қарай, сондай-ақ бір авиациялық бөлімнен екіншісіне ұшырып апару мақсатында ұшу;

      9) көрнекі – авиациялық және парашюттік техниканы көрсету, авиация жетістіктерін насихаттау үшін, сондай-ақ жаппай-саяси, спорттық және мәдени іс-шараларды өткізу мақсатында.";

      22-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "22. Жалпы әуе қозғалысына қатысатын ӘК-ның барлық ұшуы Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникациялар министрі міндетін уақытша атқарушының 2011 жылғы 16 мамырдағы № 279 бұйрығымен бекітілген Әуе қозғалысын ұйымдастыру және оған қызмет көрсету жөніндегі нұсқаулыққа (бұдан әрі – Әуе қозғалысын ұйымдастыру және оған қызмет көрсету жөніндегі нұсқаулық) (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 7006 болып тіркелген) және "Қазақстан Республикасының азаматтық авиациясында ұшуды жүргізу қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрі міндетін атқарушының 2017 жылғы 28 шілдедегі № 509 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 15852 болып тіркелген) (бұдан әрі – Азаматтық авиацияда ұшуды жүргізу қағидалары) сәйкес жүзеге асырылады.";

      27-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "27. Бірлесіп орналасу әуеайлақтары аудандарында азаматтық авиация ӘК-ның әуе қозғалысына, сондай-ақ мемлекеттік авиацияның әскери-көлік және (немесе) көлік ӘК-ның жеке ұшуына және ұшып өтуіне қызмет көрсетуді ӘҚҚ органының (қызметінің) кезекші ауысымы жүзеге асырады.

      Азаматтық және мемлекеттік авиацияның бірлесіп орналасу әуеайлақтары аудандарында бір уақытта аралас және операциялық әуе қозғалысын жүзеге асырумен байланысты әуе қозғалысына қызмет көрсету (әуе қозғалысын басқару) ерекшеліктері Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникациялар министрінің 2011 жылғы 25 ақпандағы № 91 және Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрінің 2011 жылғы 18 наурыздағы № 128 бірлескен бұйрықтарымен бекітілген (Нормативтiк құқықтық актiлерді мемлекеттiк тіркеу тізілімінде № 6922 болып тіркелген) Қазақстан Республикасының азаматтық және мемлекеттік авиациясының бірлесіп орналастыру әуеайлақтарын пайдалану қағидаларына (бұдан әрі – Қазақстан Республикасының азаматтық және мемлекеттік авиациясының бірлесіп орналастыру әуеайлақтарын пайдалану қағидалары) сәйкес айқындалады.

      Аралас ӘҚҚК органдары мен ӘҚБ органдары арасында ӘК-ның қауіпсіз және кедергісіз ұшуын жүргізуге қатысты ақпаратпен алмасу жүргізіледі.";

      мынадай мазмұндағы 34-1, 34-2, 34-3 және 34-4-тармақтармен толықтырылсын:

      "34-1. Ұшып шығу (қонуға беттеу) схемасынан тыс әуеайлақ ауданында қауіпсіз ұшу биіктігін есептеу кезінде жергілікті жер бедерінің артуын және ондағы жасанды кедергілерді есепке алу жолағы маршрут осінің екі жағынан күндіз – 5 км, түнде – 10 км болып белгіленеді.

      34-2. Ұшып шығу (қонуға беттеу) схемасы бойынша ұшу кезінде кедергілерді есепке алу жолағы маршрут осінен екі жағынан 5 км болып белгіленеді.

      34-3. Әуе трассаларынан тыс ұшу кезінде жергілікті жер бедерінің және жасанды кедергілердің артуын есепке алу жолағының ені күндіз және түнде ұшу маршруты осінің екі жағынан – 25 км.

      34-4. Күндіз жазық немесе қыратты жергілікті жерде бұлттардың төменгі шегінің нақты және болжамды биіктігі 150 м төмен емес және аспаптық ұшу жылдамдығы сағатына 300 км аспайтын ӘК үшін 3000 м және одан жоғары көріну кезінде жасанды кедергілер биіктігі есепке алынбайды.";

      45-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "45. Метеожағдайлар ШҰР бойынша ұшуды орындау үшін талаптарға сәйкес келмейтін мәндерге дейін нашарлаған кезде жауапкершілік ауданында (аймағында) ұшу орындалатын тиісті ӘҚБ органының рұқсаты бар болған кезде күндіз және түнде ШҰР бойынша арнайы ұшу көзделеді.

      Ұшу орындалатын жауапкершілік ауданындағы (аймағындағы) ӘҚБ органы ӘК экипажын метеожағдайдың ШҰР бойынша ұшуды орындау үшін талаптарға сәйкес келмейтін мәндерге дейін нашарлауы туралы хабардар етеді.";

      47, 48, 49 және 50-тармақтар алып тасталсын;

      74-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "74. Ұшу эшелонын (биіктігін) ӘҚБ (ӘҚҚК) органының рұқсатымен өзгертуге жол беріледі.";

      77-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "77. Берiлген эшелонда ұшу қауiпсiздiгiне қатер төнген кезде (қауіпті метеорологиялық құбылыстарға кез болу, авиациялық техниканың істен шығуы) ӘКК ол туралы ӘҚБ (ӘҚҚК) органына дереу баяндаумен эшелонды (биіктікті) дербес өзгертуге жол беріледі.

      Бұл жағдайда ӘКК мынадай жүйелікпен әрекет етеді: ұшу эшелонын (биіктігін) өзгертпей, ӘК-ны маршрут осiнен 30˚ оңға (немесе солға – ұшу қауіпсіздігін қамтамасыз ету шарттарына қарай) бұрады және 20 км ұшып өткеннен кейiн оны бiр уақытта таңдалған эшелонға дейiн биiктiкті өзгертумен бастапқы бағытқа шығарады. ӘКК маневрдi орындағаны туралы ӘҚБ (ӘҚҚК) органын хабардар етеді.

      Шұғыл жағдайларда төмендеу ҰПН-ның шектеуi шегiнде бұрылу басталған сәттен бастап дереу орындалады. Ұшудың жаңа эшелонын (биіктігін) алғаннан кейiн ӘКК ӘҚБ органдарымен келісу бойынша ӘК-ны ӘҚҚ маршрутына шығарады.

      Әуе трассаларына кіру, олардан шығу және оларды кесіп өту алдын ала келісілген эшелондарда (биіктіктерде) және учаскелерде жүргізіледі.

      ӘК әуе трассасын кесіп өту немесе оған кіру үшін эшелонды (биіктікті) оның шегіне дейін 10 км қалғанда алады.

      Мемлекеттік авиацияның әуе кемелері ұшуды орындау кезінде ӘК экипажына әуе трассасына кіру үшін оның шегіне жақын келгенге дейін 5 минут бұрын ӘҚҚ (ӘҚБ) органынан рұқсат алуы және кіру шарттарын алуы қажет.

      Егер ұшып шығу әуеайлағы әуе трассасына жақын орналасса, оны кесіп өтуге рұқсат ету және шарттар ӘҚҚ және ӘҚБ органдары арасында келісіледі және ұшып шығу алдында ӘКК-ға беріледі.";

      81-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "81. ӘК экипажы ұшып көтерілгеннен кейін өту биіктігін кесіп өткен кезде барометрлік биіктік өлшегіш қысымының шәкілін стандартты атмосфералық қысымға ауыстыруды жүргізеді.

      Өту биіктігі ұлғаю жағына 100 м еселік мәнге дейін дөңгелектенген әуеайлақтың бақылау нүктесінен 50 км аспайтын радиуста әуеайлақ ауданындағы (MSA) ең төменгі қауіпсіз ұшу биіктігінен төмен емес болып белгіленеді.

      Төменгі эшелоннан төмен биіктікте әуеайлақтан тыс маршрут бойынша ұшу үшін ӘК экипажы авиацияны басқару пунктінен орташа теңіз деңгейіне келтірілген ұшу маршрутындағы ең төменгі қысым мәнін сұрайды.";

      107-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "107. Қазақстан Республикасы мемлекеттік авиациясы ӘК-ның ұшуын орындау үшін ӘК түрін (модификациясын) ҰПН-ға сәйкес ұшу құрамынан экипаждар құрылады. ӘКК-ге ұшқыш оқу орнын бітірген, ұшу біліктілігінің болуы туралы куәлігі (құжаты) және осы үлгідегі ӘК-ны дербес басқару құқығына рұқсаты бар адам тағайындалады, ол нысаны осы Қағидаларға 7-қосымшада келтірілген ұшқыштың ұшу кітапшасына жазылады.

      Мемлекеттік авиация ӘК-ның ұшуын толық немесе қысқартылған экипаж құрамы орындайды.

      Қысқартылған экипаж құрамына мынадай жағдайларда ұшуды орындауға жол беріледі:

      1) курстардың (оқу-ұшу даярлығы бағдарламаларының) талаптарына сәйкес ұшқыш әскери оқу орындары курсанттарының (тыңдаушыларының) ұшуды басқару техникасын пысықтау;

      2) егер ол ҰПН-да көзделсе, екі орынға арналған оқу-жаттығу жауынгерлік және оқу-жаттығу әуе кемелерінде ұшқышсыз нұсқаушы орындығында (нұсқаушы кабинасында);

      3) Қазақстан Республикасы мемлекеттік авиациясы басқару органдары (Әскери-әуе күштері қолбасшысы) немесе басқару пункттері басшыларының шешімі бойынша арнайы ұшуды (арнайы тапсырмаларды) орындау.";

      118-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "118. Әуе кемесінің командирі:

      1) ұшуға дайындалады, жұмыс дәптерлерінде өзінің жоспарланған ұшу тапсырмаларын орындауға әзірлігі туралы жазбалар жасайды;

      2) ұшуға әзірлікке бақылаудан өтеді;

      3) экипаж мүшелерін даярлауға басшылық жасайды және олардың ұшу тапсырмасын орындауға әзірлігін бағалайды;

      4) ұшуға нақты қауіпсіздік шараларын әзірлейді;

      5) борттағы адамдардың қауіпсіздігін, ӘК, жүктер мен мүліктің сақталуын қамтамасыз ету бойынша шаралар қабылдайды;

      6) ӘК экипажын ұшудағы ерекше жағдайларда әрекет етуге, сондай-ақ ӘК мәжбүрлі қонғаннан (тастап кеткеннен) кейін әрекет етуге даярлайды;

      7) ұшуалды режимін сақтайды және ӘК экипажы мүшелерінің оны орындауына қол жеткізеді;

      8) ұшу алдында ҰПН-да белгіленген ауқымда ӘК-ны қарап-тексереді, тексереді және қабылдап алады;

      9) ӘК экипажы мүшелерінің керек-жарағын және ӘК-ның жарақтандырылуын осы Қағидалардың 109, 112 және 113-тармақтарының талаптарына сәйкестігін тексереді;

      10) аэронавигациялық ақпарат құжаттарын пайдалану рәсімін нақтылайды, осы құжаттардың борттық даналарын бақылаудағысымен салыстырып тексеруді бақылайды;

      11) ӘК бортында жолаушылардың орналасуын, мүліктің бекітілуін (арқанмен байлануын) бақылайды;

      12) жолаушыларға ӘК бортында өзін-өзі ұстау шарттары және қажетті жабдық пен құтқару құралдарын пайдалану алгоритмі туралы нұсқау береді;

      13) ұшуға шешім қабылдайды;

      14) ӘК экипажы мүшелерінің ұшудағы жұмысына басшылық жасайды;

      15) өзі басқаруында болатын әуе қозғалысын басқару органының, топ командирінің (жетекшісінің) командаларын орындайды;

      16) радиоалмасу режимін сақтайды және ӘК экипажы мүшелерінің оларды сақтауын бақылайды;

      17) ұшу тапсырмасына сәйкес ұшуды орындайды;

      18) ұшуда бағдарлауды жүргізеді;

      19) отынның нақты қалдығын және ұшу уақытын бақылайды;

      20) ұшу алдында және ұшуда метеорологиялық, орнитологиялық және әуедегі жағдайды талдайды, ауа райының қауіпті құбылыстары туралы өзі басқаруында болатын ӘҚБ органына баяндайды;

      21) әуедегі жағдай күрделенген кезде ұшуды жалғастыруға (тоқтатуға) шешім қабылдайды;

      22) қырағы болады және басқа әуе кемелеріне және жерүсті кедергілеріне қауіпті жақын келуге жол бермейді;

      23) өзі басқаруында болатын ӘҚБ органына авиациялық техниканың істен шығуы туралы, ұшу тапсырмасын орындауды өзгерту немесе тоқтату туралы, сондай-ақ ӘК-ны мәжбүрлі қондыруға немесе оны тастап кетуге шешім қабылдағаны туралы баяндайды;

      24) ұшу аяқталғаннан кейін борттық журналға немесе ӘК-ны дайындау журналына әуе кемесінде анықталған ақаулықтар туралы, ӘК жүрісіндегі немесе оның жүйелерінің жұмысындағы ауытқулар туралы, отынның қалдығы туралы жазбаларды уақтылы енгізеді;

      25) ӘК экипажымен ұшуды талдайды;

      26) ұшу құжаттамасын уақтылы толтырады және ӘК экипажы мүшелерінің оны жүргізуін бақылайды.";

      123-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "123. Ұшқыш құрамын ӘК-ның алғаш рет меңгерілетін түрінде (модификациясында) ұшуға рұқсат ету теориялық пәндерді білуін тексеру нәтижелері бойынша теориялық қайта оқытып-үйретуден (арнайы бағдарламалардан өткеннен) және тренажерларда (ӘК кабиналарында) практикалық сабақтарды өткізгеннен кейін жүзеге асырылады.

      Борттық радиобайланыс, барлау авиациялық құралдарын қолдануға, әуе басқару пункттерінен авиацияның ұшуын жауынгерлік басқаруға, ұшақтарды, тікұшақтарды және авиациялық қозғалтқыштарды, әуе кемелерінің қару-жарағын, көлік және басқа да жабдығын борттық пайдалануға тиісті әскери-есептік мамандықтарына сәйкес лауазымдарға тағайындалған авиациялық персоналға жол беріледі.";

      128-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "128. Әуе кемелерінің ұшуын, танысып, бақылап, апарып ұшуын орындауға:

      1) 2-сыныптан төмен емес сыныптық біліктілігі бар экипаж командирлеріне;

      2) ұшқыш әскери оқу орындарының курсанттарын (тыңдаушыларын) қоспағанда,курстарды даярлаудың тиісті түрі бойынша ұшуда үзіліссіз және ұшу техникасында (әуе навигациясы, жауынгерлік қолдану) тұрақты дағдылары бар ұшу құрамына ұшқыш құрамы және ҰАҰ операторлары рұқсат етіледі.";

      мынадай мазмұндағы 128-1-тармақпен толықтырылсын:

      "128-1. Ұшқыш әскери оқу орындарының курсанттарын (тыңдаушыларын) қоспағанда, ұшқыш құрамын көрнекі ұшуға жіберу оны тиісті бағдарлама бойынша даярлағаннан кейін тікелей көрнекі ұшу алдында Қазақстан Республикасы мемлекеттік авиациясы басқару органы басшысының (Әскери-әуе күштері қолбасшысының) бұйрығымен жүргізіледі.";

      129-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "129. Ұшқыш құрамын жаңа авиациялық техникада ұшуға және Курстарда көзделмеген ұшуға жіберу бөлім командирінің (ведомство басшысының, Қазақстан Республикасы мемлекеттік авиациясы басқару органы басшысының, Әскери-әуе күштері қолбасшысының) бұйрығымен ресімделеді.";

      131-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "131. Мемлекеттік авиация басқару органдарының (Әскери-әуе күштері қолбасшысы басқармасының) және мемлекеттік авиацияның ұшу қауіпсіздігін қадағалау жөніндегі органның ұшқыш-инспекторлары (инспектор-ұшқыштары), штурман-инспекторлары (инспектор-штурмандары) ұшуға жеке өзі тексерген ұшқыш құрамына рұқсат береді.";

      143-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "143. Ұшқыш құрамының білімін тексеруді бөлім командирі (Әскери-әуе күштерінің қолбасшысы, Қазақстан Республикасы мемлекеттік авиациясы басқару органының басшысы, сондай-ақ ведомство басшысы айқындайтын тәртіппен) тағайындаған комиссия жүргізеді. Одан басқа, ұшқыш құрамының білімін тексеруді олардың тікелей және тура бастықтарының жүргізуіне жол беріледі.";

      147-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "147. Нұсқаушы ретінде ұшуды орындау тиісті метеорологиялық жағдайларда және ұшу түрлері бойынша ұшу құрамына ұшудағы үзілісті белгіленген үзіліс шамасына ұзартады, бірақ жаттығып ұшу күнінен 1,5 реттен астам емес, ал нұсқаушының нұсқаушылық орындықтан дербес тапсырманы орындау – 2 реттен астам емес.

      Авиациялық бөлімнің командиріне ай сайын перде жабық күйде қону жүйелерін қолдана отырып, қонуға беттеумен кемінде үш рет ұшуды орындайтын (пердемен жабдықталмаған әуе кемелерінде күрделі метеорологиялық жағдайларда қонуға беттеуді және қонуды елестету мүмкіндігі бар авиациялық тренажерда айына кемінде бес рет "ұшуды" орындау кезінде) ұшқыштарға күрделі метеорологиялық жағдайларда жаттығып ұшудағы барынша үзілісті 2 реттен аспайтындай етіп ұзартуға жол беріледі. Бұл ретте "Glasscockpit" кабинасы бар әуе кемелері үшін ұшуды тренажерда орындау жылына кемінде 1 рет ұшқыш құрамының тиісті сертификат (есеп беру құжаттары) алуымен ұшу кезінде ерекше жағдайлар туындаған кездегі және КМЖ-да және ҚМЖ-да ұшу кезінде әрекет ету жөніндегі кезеңдік даярлық (біліктілікті арттыру) жоспарлары бойынша тренаждық даярлықты пысықтаумен жүргізіледі.

      Күрделі метеорологиялық жағдайларда ұшуда үзілістері болмаған ӘКК-ға ауа райы минимумы кезінде жаттықтыру ұшуындағы үзілісті 2 реттен асырмай, олар ай сайын Курстарда айқындалған перделерді пайдаланумен және оны барынша төмен биіктікте ашумен әуе кемелеріндегі қону жүйелерін қолдана отырып, қонуға кемінде үш рет қонуға беттеуді орынған кезде (перделермен жабдықталмаған әуе кемелерінде ай сайын күрделі метерологиялық жағдайларда қонуға беттеуді және қонуды елестетуге мүмкіндік беретін авиациялық тренажерларда кемінде бес рет "ұшуды" орындаған кезде) үзілісті арттыруға жол беріледі.";

      154 және 155-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:

      "154. Ұшып өтуді (жолаушылар мен жүктерді жеткізуді) орындайтын көлік ұшақтарының экипаждарына бастапқы уақыт 14 сағаттан аспайтын кезде тәулігіне 12 сағаттан аспайтын жалпы ұшудың болуына жол беріледі.

      Көрсетілген ұшуды және бастапқы уақытты Қазақстан Республикасы Мемлекеттік авиациясын басқару органы басшысының (Әскери-әуе күштері қолбасшысының) арнайы ұшу, сондай-ақ Қазақстан Республикасының Мемлекеттік шекарасын кесіп өтуді немесе жауынгерлік міндеттерді орындауға байланысты ұшуды орындаған жағдайда – 4 сағаттан аспайтын уақытқа, экипаж құрамында ұшуды жүзеге асыратын көлік ұшағы, мамандардың екінші жиынтығы (ұшқыш, штурман және борттық техник (инженер) болған жағдайда – екеуден аспайтын уақытқа ұлғайтуға жол беріледі.

      155. Ұшып өтуді алаңға қонып орындаумен жеткізуді жүзеге асыратын тікұшақ экипажына бастапқы уақыт 12 сағат болған кезде тәулігіне жалпы ұшу 8 сағаттан аспайтын болуға жол беріледі.

      Көрсетілген ұшуды және бастапқы уақытты Қазақстан Республикасы Мемлекеттік авиациясын басқару органы басшысының (Әскери-әуе күштері қолбасшысының) арнайы ұшуды, сондай-ақ Қазақстан Республикасының Мемлекеттік шекарасын кесіп өтуге байланысты ұшуды орындаған жағдайда – 2 сағаттан аспайтын уақытқа ұлғайтуға жол беріледі.

      Барлық жағдайларда бастапқы уақыт ішіндегі алаңға қонудың жалпы саны 12-ден аспауға тиіс.";

      157-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "157. Ұзақтығы 12 сағаттан астам немесе әрбір ұзақтығы 6 сағаттан астам ұшудың екі кезеңінен астам ұзақ қонбай ұшуды орындайтын экипаждарға кемінде 10 сағат ұшу алдында демалыс беріледі. Ұшу аяқталғаннан кейін сонымен қатар ұшудан кейін демалыс беріледі:

      1) ұшу ұзақтығы 16 сағатқа дейін немесе екі және одан да көп ұшу кезеңдерінің ұзақтығы 6 сағаттан астам болған кезде – кемінде бір тәулік;

      2) 16 сағаттан астам болған кезде – кемінде екі тәулік.";

      мынадай мазмұндағы 157-1-тармақпен толықтырылсын:

      "157-1. Жалпы ұшу 4 сағат және одан да көп көп ұшу тапсырмасын орындаған немесе ұшудың 3 және одан да көп кезеңін орындаған экипаждарға кемінде 12 сағат ұшудан кейін демалыс беріледі.";

      160-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "160. Ұшқыш әскери оқу орындарының курсанттарын (тыңдаушыларын) қоспағанда, 12 айдан астам уақыт жыл сайынғы демалысын пайдаланбаған ұшқыш құрамы және ҰАҰ операторлары ұшудан шеттетіледі. "Әскери қызмет және әскери қызметшілердің мәртебесі туралы" 2012 жылғы 16 ақпандағы Қазақстан Республикасының Заңы 46-бабының 1-тармағына сәйкес ұшқыш жұмысындағы әскери қызметшілерге жыл сайынғы негізгі демалысына қосымша 10 тәулік демалыс беріледі. Қосымша демалыс негізгі демалыстан шығу күнінен 12 ай өткен соң берілген жағдайда ұшуға рұқсат 2 айдан аспайтын мерзімге ұзартылады.";

      171 және 172-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:

      "171. Әзірленген жоспарлы кестені мыналар талдайды және қол қояды:

      1) авиациялық бөлім командирінің ұшуға дайындығы жөніндегі орынбасары, ол талдау нәтижесінде мыналарды айқындайды:

      ұшу ауысымының негізгі тапсырмалары жоспарланған жаттығуға және экипаждардың даярлық деңгейіне сәйкестігін (күтілетін метеорологиялық жағдайларды ескере отырып);

      ұшқыш құрамының жаттыққандығын қолдауды;

      ұшу дайындығы түрлері бойынша тексерулерді орындауды;

      Курстар міндеттерінен (жаттығуларынан) өту жүйелілігін сақтауды;

      эскадрильялар арасындағы нұсқаушыларды бөлу онтайлылығын және ұшу ауысымын үйрету міндеттеріне даярлау деңгейіне сәйкес келуін;

      экипаждарды ұшудағы үзілістерден кейін дұрыс қатарға қосуды немесе жол берілген авиациялық инциденттерді;

      жоспарланған дербес (жаттығу) ұшуының Курстарға сәйкес келуін;

      эскадрильялар арасындағы оқу-жауынгерлік ӘК-ны бөлуді және олардың ұшу ауысымындағы жүктемесін;

      ұшу саны бойынша ұшу дайындығы жөніндегі нормативтік құжаттар талаптарының және экипажға ұшу ауысымындағы ұшу санының сақталуын;

      ұшу кезеңінің әр түрлерінде әуе кемелері арасындағы қауіпсіз уақытша аралықтың сақталуын;

      объективті бақылау материалдарын ұшуаралығын талдау жоспарының дұрыстығын;

      2) авиациялық бөлімнің штаб бастығы, ол мыналарды айқындайды:

      құрамның толықтығын және ұшуға басшылық жасау тобының тағайындалу және ұшуды қамтамасыз ету заңдылығын;

      олардың даярлық деңгейін және радиолокациялық станциялардың мүмкіндігін ескере отырып, ұшуға басшылық жасау тобына жол берілген жүктемені;

      ұшу ауданындағы шектеулерді сақтауды;

      ұшуды және байланысты әуеайлақтық-техникалық, метеорологиялық, медициналық, іздестіру-құтқару, радиотехникалық қамтамасыз ету мүмкіндігін;

      3) авиациялық бөлімнің инженерлік-авиациялық қамтамасыз ету жөніндегі орынбасары мыналарды айқындайды:

      ӘК-ның типтері мен борттық нөмірлерінің, сондай-ақ олардың санының авиациялық бөлімде бар ақаусыз әуе кемелерінің сәйкес келуін;

      ӘК-ны қайталап ұшды орындауға дайындау үшін қажетті уақытша аралықтарды сақталуын;

      жедел обьективті бақылауға жататын ұшудың бар болуын;

      жоспарланған жаттығулардың ӘК-ны ұшуға пайдаланудағы шектеулерге сәйкес келуін;

      авиациялық зақымдану құралдарының сәйкес келуін;

      4) авиациялық бөлімнің аға штурманы мыналарды айқындайды:

      орналасу әуеайлағы ауданында, полигондарда (десант түсіру алаңына) табиғи жарықтандыруды және ұшуға тапсырмаларды орындауға оның ықпал етуін;

      ұшу маршрутын және бейінін;

      ұшып көтерілуден бастап қонғанға дейін ұшу тапсырмаларын орындау кезектілігін;

      жауынгерлік жаттығуды, полигондарды (десант түсіру алаңын);

      ӘК-ны белгіленген әуе және жерүсті (теңіз) нысаналарына бағыттау тәсілдерін, оқ ату және тактикалық полигондарда ұшуға басшылық жасау ерекшелігін;

      5) авиациялық авиациялық бөлім командирінің ұшу қауіпсіздігі жөніндегі орынбасары немесе мынадай критерийлер бойынша жоспарлы кесетеге талдау жүргізетін ұшу қауіпсіздігіне бақылау жөніндегі міндеттер жүктелген лауазымды адамдар:

      жоспарланған жаттығулардың экипаждардың даярлық деңгейіне сәйкес келуі;

      ӘК экипаждарына жүктеме шектеулерінің сақталуы;

      ұшып көтерілуде, қонуда, маршруттарда, аймақтарда экипаждар арасында талап етілетін уақытша аралықты сақтау;

      ауа райын толық барлау ӘК экипаждарының бар болуы:

      қажетті іздестіру-құтқару күштерімен қамтамасыз ету;

      6) авиациялық бөлім әскери-медициналық қызметінің бастығы мыналарды айқындайды:

      жоспарланған ұшу жүктемесіне ұшқыш құрамының және ұшуға басшылық жасау тобы адамдарының денсаулық жағдайы мен дене бітімі төзімділігінің сәйкес келуін;

      ұшуаралық және ұшудан кейінгі қарап тексерілуге тиіс адамдарды;

      ұшқыш құрам және ұшуға басшылық жасау тобы демалыс режимінің осы Қағидаларға 157, 159, 160, 464 – 466-тармақтарының талаптарына сәйкес келуін.

      172. Жоспарлы кестелерді талдау барысында қандай да бір сәйкес келмеу анықталған кезде тиісті лауазымды адам олар туралы авиациялық бөлімнің командиріне баяндайды.

      Авиациялық бөлімнің командирі жоспарлы кестені талдай отырып, негізгі назарды ұшудың негізгі міндеттері орындауға, үйрету жүйелігін сақтауға және жоғалтылған дағдыларды қалпына келтіруге және ұшу қауіпсіздігін қамтамасыз етуге аударады. Жоспарлы кестелерді талдау нәтижелері бойынша авиациялық бөлімнің командирі ұшуға қабылданған шешімге оның сәйкес келуі туралы қорытынды жасайды.

      Ұшуға міндеттер қою алдында жоспарлы ұшу кестесіне авиациялық авиациялық бөлім командирінің ұшу даярлығы жөніндегі орынбасары, авиациялық бөлім командирінің ұшу қауіпсіздігі жөніндегі орынбасары, авиациялық бөлім командирінің инженерлік-авиациялық қызмет жөніндегі орынбасары, авиациялық бөлімнің аға штурманы, әскери-медициналық қызметтің бастығы және авиациялық бөлімнің штаб бастығы қол қояды.

      Ұшқыш құрамының ұшуға даярлығына бақылау жүргізгеннен кейін жоспарлы ұшу кестесін авиациялық бөлімнің командирі бекітеді және ол авиациялық бөлімнің елтаңбалы мөрімен бекітіледі.";

      174-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "174. Әуеайлақтағы ұшу жетекшісінің көмекшісіне, ұшу (жақын аймақ) жетекшісіне, ұшу (қону аймағы) жетекшісіне, ұшу (қашықтағы аймақ) жетекшісіне (офицерге (жауынгерлік басқару жөніндегі), әуеайлақ аймағындағы ұшу жетекшісіне, авиациялық эскадрилья командирлерінің инженерлік-авиациялық қамтамасыз ету жөніндегі орынбасарларына жоспарлы кестелердің көшірмелері, ал ұшу жетекшісі үшін полигонда (нысананы тағайындау алаңында, әуеден оқ ату аймағында), объективті бақылау тобының бастығына және ұшудың аға инженеріне авиациялық бөлімнің елтаңбалы мөрімен бекітілген жоспарлы кестелердің көшірмелері дайындалады.";

      178-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "178. Ұшуға жалпы даярлық – бұл алдағы айдың ұшу даярлығы міндеттерін сапалы шешу үшін ұшқыштардың, штурмандардың және ҰБТ құрамының теориялық білімі мен тәжірибелк дағдыларын жоғары деңгейде ұстау мақсатында командир, штаб және басшы ұшқыш құрамы жүргізетін іс-шаралар.

      Жалпы даярлауды оқу жылына арналған жауынгерлік даярлық жоспарына сәйкес авиациялық бөлімнің штаб бастығы, мемлекеттік авиация басқару органы басшысының орынбасары (Әскери-әуе күштері қолбасшысының басқармасы) ұйымдастырады және әрбір айдың соңында 3 жұмыс күні ішінде бөлімшелер командирлерінің, құрылымдық бөлімшелер бастықтарының басшылық етуімен өткізіледі.";

      184-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "184. Арнайы тапсырмаға ұшуға (арнайы ұшуға) ӘК экипаждарына міндеттерді, даярлық мазмұны мен ауқымын бөлім командирі немесе авиациялық бөлімнің басшы ұшқыш құрамы қатарынан тағайындалған адам қояды. ӘК экипаждарына міндеттер қажетті лауазымды адамдарды тарта отырып қойылады, дыбыстық жазба техникалық құралдарын пайдаланумен құжаттандырылады және тіркеледі.

      Топ құрамында ұшу тапсырмасын орындау кезінде бөлім командирі топ жетекшісі болып тағайындалады.

      ӘКК (топ үлкені) әзірлікке бақылау жүргізілгеннен кейін бөлім командиріне экипаждың (топтың) арнайы тапсырманы (арнайы ұшуды) орындауға әзірлігі туралы баяндайды.";

      191-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "191. Экипаждар өз бөлімінен қол үздіріп, ұшуды орындау кезінде осындай ұшуды орындау міндеттерін оларға осы экипаждарды іссапарға жіберетін авиациялық бөлім командирі қояды. Қойылған міндеттерге сәйкес іссапарға жіберілетін ӘК экипаждарын даярлауды олардың тікелей бастықтары ұйымдастырады және жүргізеді.

      Жоспарлы ұшуды өз бөлігінен қол үздіріп орындау кезінде ұшқышта (штурманда) өзімен бірге тиісті айға арналған ұшу даярлығының жоспар-кестесінен куәландырылған көшірме, сондай-ақ Қазақстан Республикасы мемлекеттік авиациясының ұшуларын медициналық қамтамасыз ету қағидаларына сәйкес берілген дәрігерлік-ұшқыш комиссиясынан өткені туралы куәлігі болады.";

      199 және 200-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:

      "199. Ұшуалды медициналық бақылауды авиациялық бөлім әскери-медицина қызметінің бастығы командирдің шешіміне сәйкес ұйымдастырады және кезекші дәрігер (медицица қызметкері) жүргізеді. Ұшуалды медициналық бақылаудан ӘК экипажының барлық мүшелері, ұшуға басшылық жасау тобының адамдары, сондай-ақ инженерлік-техникалық құрам және ұшуды қамтамасыз етуге қатысатын жеке құрам дербес өтеді, қарап-тексеру уақытында басқа адамдардың қатысуына жол берілмейді. ӘК экипажының әрбір мүшесі өзін нашар сезінген жағдайда ол туралы өзінің тікелей бастығына және ұшуалды медициналық тексеруді жүзеге асыратын кезекші дәрігерге (медицина қызметкеріне) баяндайды.

      Медициналық персонал жоқ тұрақты орналасу орындарынан қол үздіріп ұшу тапсырмаларын орындау кезінде экипажды ұшу алдындағы медициналық бақылауды ӘКК көзбен шолып қарап-тексеру және сұрап тексеру әдісімен жүргізеді, кейіннен авиациялық бөлім командиріне баяндайды.

      200. Ұшуды жүргізуге шешімді авиациялық бөлім командирі (ұшу ауысымының үлкені) жағдайды бағалағаннан кейін қабылдайды. Жағдайды бағалауды авиациялық бөлім командирі (ұшу ауысымының үлкені) ауызша баяндамауларды қабылдай отырып, авиациялық бөлім басшылық құрамының, қамтамасыз ету бөлімшелері (бөлімдері) командирлерінің, ұшуды басқару тобының және ұшу құрамының қатысуымен ұшуалды нұсқаулар беру сыныбында өткізеді:

      1) ауа райын барлау ӘКК-дан – әуеайлақ (ұшып шығу, айналып ұшу, қону) ауданындағы, ұшу маршруттары бойынша, полгондағы (қону алаңындағы) нақты метеорологиялық жағдай және байланыс және ұшуды радиотехникалық қамтамасыз ету құралдарының жұмысын тексеру нәтижелері туралы;

      2) кезекші синоптиктен – ұшу кезеңіндегі ұшу ауданындағы (маршруттардағы), қосалқы әуеайлақтардағы нақты метеорологиялық, орнитологиялық жағдай және ауа райының болжамы және ұшу қауіпсіздігін қамтамасыз ету бойынша ұсыныстар туралы;

      3) авиациялық бөлімнің штаб бастығынан – әуе кеңістігін пайдалануға өтінімдерді растау, командалық пункттің, басқару мен байланыс құралдарының, қосалқы әуеайлақтардың, полигондардың, десанттау алаңдарының, маршруттардың, аймақтардың әзірлігі туралы;

      4) эскадрилиялар командирлерінен – ұшу құрамының ұшуға әзірлігі туралы;

      5) авиациялық бөлім командирінің инженерлік-авиациялық қамтамасыз ету жөніндегі орынбасарынан немесе ұшудың аға инженерінен – авиациялық техниканың, техникалық бекеттердің, авиациялық қару-жарақты қарап-тексеру бекеттерінің ұшуға әзірлігі туралы;

      6) кезекшілерден:

      әуеайлақтық-техникалық қамтамасыз ету бойынша әуеайлақтың ұшуға дайындығы туралы;

      байланыс және радиотехникалық қамтамасыз ету бойынша байланыс және радиотехникалық қамтамасыз ету құралдарының ұшуға дайындығы, оларды объективті бақылау және электрмен қоректендірудің резервтік көздері туралы;

      7) кезекші дәрігерден – ұшқыш және инженерлік-техникалық құрам, ұшуға басшылық жасау және қамтамасыз ету тобы адамдары денсаулығының жағдайы туралы;

      8) іздестіру-құтқару және парашюттік-десанттық қызмет бастығынан – ұшқыш құрамының керек-жарағы және құтқару құралдары мен парашюттік-десанттық топтың әзірлігі туралы, кезекші іздеу-құтқару күштері мен құралдарының бар болуы және тұрған жері, оларды пайдалану режимі туралы;

      9) жерүсті іздеу-құтқару командасының бастығынан – команда жеке құрамының, бөлінген автокөліктің, құтқару мүлкі мен жарақтардың әзірлігі туралы;

      10) бақылау-жазу аппаратурасы тобының бастығынан – жеке құрам мен объективті бақылау құралдарының жұмысқа әзірлігі туралы."

      203-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "203. Ұшуалды нұсқауларда мыналар ауызша баяндалады:

      1) авиациялық бөлім командирі (ұшу ауысымы жетекшісі) – ұшу нұсқалары, ұшудың басталуы мен аяқталуы, ұшып шығу мен қону курсы, жоспарлы кестедегі өзгерістер, қалыптасқан ахуал шарттарында ұшуды жүргізу тәсілдері;

      2) авиациялық бөлімнің аға штурманы – әуе, жерүсті (теңіз) және ұшу ауданындағы (маршруттар бойынша) навигациялық жағдайлар, навигациялық есептеудің негізгі деректері, өту биіктігі мен деңгейі, қосалқы әуеайлақтарға ұшу үшін отынның ең аз қалдығы, навигациялық және жауынгерлік пайдалану элементтерін жасау кезіндегі қауіпсіздік шаралары, нақты уақытты есептей отырып, ұшатын топтардың немесе жеке ӘК ұшып келу (кету) уақыты, басқа ӘК-ның ұшу аймағы арқылы ұшу уақыты мен деңгейі;

      3) байланыс және ұшуды радиотехникалық қамтамасыз ету бастығы – байланыс құралдарын пайдалану және өзінің және қосалқы әуеайлақтардың ұшуын радиотехникалық қамтамасыз ету ерекшеліктері, басқару пунктерінің шақыру белгілері мен деректері, байланыс құралдары және ұшуды басқару құралдары және ұшуды радиотехникалық қамтамасыз ету, радиобайланыс жүргізу тәсілдері, басқару арналары, тану жүйелерінің деректері (пароль сандары мен сигналдар);

      4) ұшу жетекшісі – ұшу-қону жолағының, басқару жолдарының, әуе кемелері тұрағы орындарының жай-күйін, ұшып шығу және қону курсын, қозғалтқыштарды іске қосу жүйлігін, басқару, әуеайлақтан ұшып шығу, одан кету және шығу, қонуға беттеу және қону жағдайын, жүйе бойынша, маршрут бойынша аймақтарда ұшу биіктігін, басқаруды тарату шептерін, істен шыққан радиобайланыс құралдары бар ӘК-ның әуеайлаққа шығуға арналған эшелоны (биіктігі), қосалқы әуеайлақтарға кету эшелонын, ұшуды басқару ерекшеліктері, ұшуда ерекше жағдайлардағы іс-қимылдар, радиоалмасу жүргізу тәртібі.";

      217-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "217. Ұшу тапсырмасы өзгерген кезде мемлекеттік авиацияның аралық қону әуеайлағында ӘКК (топ жетекшісі) ӘК экипажын қажетті қосымша ұшуға даярлауды және ұшып өтуді қамтамасыз ететін авиациялық бөлімнің аға штурманын және байланыс бастығын әзірлік бақылауынан өтуді ұйымдастырады. Бақылау нәтижелері осы Қағидаларға 13-қосымшаға сәйкес ұшып өту әзірлігін бақылау парағына енгізіледі, ол ӘК экипажына беріледі. Сол парақта ӘК-ның ұшып шығуға әзірлігі туралы белгі қойылады, оны ӘК-ны ұшуға дайындауды ұйымдастырған не (немесе) орындаған мынадай лауазымды адам жасайды:

      1) егер авиациялық бөлімде ұшып өтетін бір түрлі ӘК пайдаланылса, бөлім командирінің инженерлік-авиациялық қызмет жөніндегі орынбасары;

      2) ұшып өтетін ӘК бірге ұшатын инженерлік-техникалық құрам тобының жетекшісі;

      3) егер бірге ұшатын топ болмаса, ал аралық қону әуеайлағында ӘК-ның осы түріндегіге қызмет көрсетуге даярланған мамандар болмаған және экипаждардың оларды ұшуға өздері дайындағанда ӘК тобының жетекшісі (дара экипаж командирі);

      4) ұшып өтетін ӘК экипажы құрамында болған кезде борт инженер (борт техник).

      Ұшу тапсырмасы өзгерген кезде азаматтық авиацияға тиесілі аралық қону әуеайлағында ӘК экипажын ұшуға қажетті қосымша даярлауды және әзірлікті бақылауды ӘКК (топ жетекшісі) жүргізеді. Бұл жағдайда ӘК-ның ұшуға дайындығы туралы белгі ӘК-ны дайындау журналына қойылады.";

      235-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "235. Ауа райын барлау плюс 37° және одан төмен температура кезінде, ол тұрақты үрдіс жағдайында төмендету кезінде жүргізіледі. Қосалқы әуеайлақ ретінде плюс 40°С температурамен әуеайлақты пайдалануға жол беріледі.

      Авиациялық бөлім командирінің (ұшу ауысымы үлкенінінің) шешімімен сыртқы ауа температурасы плюс 30 °С және одан жоғары (минус 30°С және одан төмен) болған кезде ұшу әртүрлі метеорологиялық элементтерді (температура, жел, ылғалдылық, қысым, жел-суық эквиваленті) ескере отырып, жеке құрамның жұмыс қабілетіне және ӘҚ жұмысына ықпал ету жиынтығына және дәрежесіне (бастапқы уақыт, ӘК саны, ұшу тапсырмаларын орындауды жеңілдету) байланысты шектеледі.

      Егер ұшу басталарда, кезеңінде ауа температурасы плюс 30°С жетсе, бірақ ұшудың бір сағаты ішінде температураның плюс 30°С төмендеуіне үрдіс болса, онда ұшу ауысымының ұзақтығы шектелмейді.

      Ұшып өтуді қоспағанда, ұшудың барлық түрлері плюс 38°С және одан жоғары температурада тоқтатылады. Майдандық авиация ұшақтары үшін оқу-жаттықтыру ұшуы плюс 35°С және одан жоғары ауа температурасы кезінде тоқтатылады.

      Сыртқы ауа температурасы плюс 38°С және одан жоғары болған кезде ұшу ӘК түрлері бойынша пайдалану жөніндегі басшылықтарда (нұсқаулықтарда) жазылған шектеулерге сәйкес ұшуды (қонуды) қауіпсіз орындау мүмкіндігін бағалағаннан кейін мемлекеттік авиация басқару органының (ӘӘК қолбасшысының) рұқсатымен тек әскери-көлік авиациясының тікұшақтары мен ұшақтарында орындалады.";

      245-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "245. Ұшуды орындау кезінде ӘК бортында:

      1) ұшу парағы (ұшу кезінде);

      2) ұшу картасы;

      3) аэронавигациялық ақпараттың тиісті құжаттамасы (көлік ӘК жене тікұшақтар үшін);

      4) ауа райы бюллетені (ұшу, ұшырып апару және жеткізу кезінде. ӘК тобы ұшқан кезде – тек жетекші топтың бортында);

      5) жанар-жағармай материалдарын алуға, әуежайлық көрсетілетін қызметтерге арналған құжаттар;

      6) ӘК ұшып өтуге (ұшырып апаруға) арналған борттық карточка (ӘК-ны дайындау борттық журналы) болуы қажет.";

      257-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "257. Бір әуеайлақтан әртүрлі үлгідегі ӘК-ның бір уақытта ұшуын жүргізу тәсілі әуеайлақтың аэронавигациялық паспортымен айқындалады. Мемлекеттік авиация әртүрлі басқару органдары ӘК-ның бірлескен ұшуын жүргізу кезінде жеке ӘК-ны қабылдау және шығару кезінде әуеайлақта ӘК экипаждарын басқару бірыңғай басқару арналарында жүзеге асырылады.

      Әуеайлақтың (тікұшақ айлағының) аэронавигациялық паспорты әрбір әуеайлақ (тікұшақ айлағы) үшін ұшуды ұйымдастыру мен қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында әзірленеді.

      Аэронавигациялық паспортты әуеайлақты (тікұшақ айлағын) пайдаланушы әзірлейді. Әуеайлақта (тікұшақ айлағында) бірнеше пайдаланушы болған кезде аэронавигациялық паспортты мемлекеттік авиация саласындағы уәкілетті органның авиациялық бөлігі әзірлейді.

      Барлық аэронавигациялық ақпарат аэронавигациялық паспорттың тиісті тарауларында жазылатын кестелер, графиктер, суреттер, карта-схемалар және мәтіндік сипаттама түрінде ұсынылады. Әрбір тараудың соңында аэронавигациялық ақпараттың дұрыстығын растайтын құжаттар көрсетіледі. Аэронавигациялық паспортқа бекітілген әуеайлақ карталары мен схемалары енгізіледі.

      Әуеайлақты пайдаланушылар аэронавигациялық паспортқа мәліметтерді осы әуеайлаққа (тікұшақ айлағына) қолданылатын дәрежеде енгізеді.

      Аэронавигациялық паспорттағы мәліметтердің дұрыстығын қолдау мақсатында әуеайлақты (тікұшақ айлағын) пайдаланушылар өзгерістер мен толықтырулар енгізеді.

      Пайдаланушылар аэронавигациялық паспортқа енгізілетін өзгерістер немесе толықтырулар туралы әуеайлақтың аға авиациялық бастығын және өз жауапкершілігі аймағында ӘК қозғалысын басқаруды жүзеге асыратын әуе қозғалысын басқару (қызмет көрсету) органдарын хабардар етеді.";

      292-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "292. ӘКК ретінде әуеде ауа райын барлауды орындауға арнайы даярлықтан өткен және ауа райына барлау жүргізуге авиациялық бөлім командирінің бұйрығымен жіберілген атқаратын лаузымы бойынша бөлімше командирінің (бастықтың) орынбасары лауазымынан төмен емес, ал экипаж құрамында – буын (жасақ) командирінен төмен емес ұшқыштар жіберіледі. Экипаж құрамында қашықтықтан әрекет ететін жойғыштар үшін – сонымен қатар арнайы даярлықтан өткен және ауа райына барлау жүргізуге бөлім командирінің бұйрығымен жіберілген авиациялық эскадрилья штурманынан төмен емес штурмандар.

      Ауа райына толық барлауды орындау кезінде ӘКК ретінде лауазымы бойынша буын (жасақ) командирінен төмен емес ұшқыштар жіберіледі.

      Ауа райын әуеде барлауды жоспарлауға метеорологиялық жағдайларда ауа райын әуеде барлау уақытына болжанған ұшуға дайындалмаған ӘК командирі мен экипаж мүшелеріне жол берілмейді.

      Авиациялық бөлімде ауа райын әуеден барлау уақытында болжанатын метеорологиялық жағдайларда ұшуға дайындалған экипаждар болмаған кезде ауа райын әуеден барлауды ұшуға рұқсаты бар экипаждарға тиісті метеорологиялық жағдайларда орындауға рұқсат етіледі және өткен айда перде астындағы қону жүйелерін қолдана отырып, қонуға беттей отырып, кемінде үш ұшуды орындаған жағдайда жүргізіледі.";

      306-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "306. Баяндауды тыңдағаннан кейін авиациялық бөлім командирі (ұшу ауысымының жетекшісі) ұшу ауысымының алдын ала қорытындыларын шығарады:

      1) ұшуды ұйымдастыруда және жүргізуде кемшіліктерді жою бойынша авиациялық бөлімнің және қамтамасыз ету бөлімдерінің (бөлімшелерінің) басшы лауазымды адамдарына нұсқаулар береді;

      2) инженерлік-авиациялық қамтамасыз ету бөлімінің, метеобөлімшенің және қамтамасыз ету бөлімшелерінің (бөлімдерінің) жұмысын бағалайды;

      3) авиациялық бөлім мен бөлімшелерде ұшуды толық талдау мазмұнын, дайындау және жүргізу алгоритмін айқындайды.

      Авиациялық бөлім командирінің (ұшу ауысымы жетекшісінің) барлық ескертулері, сондай-ақ ұшуды радиотехникалық, метеорологиялық, әуеайлақтық-техникалық қамтамасыз ету сапасын бағалау әуеайлақтағы ұшу жетекшісінің, полигондағы ұшу жетекшісінің журналдарына енгізіледі.

      Ұшуды қамтамасыз ету сапасы үшін бағаларды олардың төмендеуіне себеп болған кемшіліктерді көрсетпей төмендетуге жол берілмейді.

      Байланыс және радиотехникалық қамтамасыз ету құралдарын ұшу алдында аралап ұшу уақытында анықталған және ұшу басталғануға дейін жойылған кемшіліктер үшін байланыс және радиотехникалық қамтамасыз ету бөлімшесіне баға төмендетілмейді.";

      364-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "364. Ұшып өтудің барлық кезеңдерінде ұшуға әзірлігі туралы шешімді ӘК-ның және экипаждардың ұшуға әзірлігін тексергеннен және ұшу, қону әуеайлақтарында және ұшу бағыты бойынша нақты және күтілетін метеорологиялық жағдайларды нақтылағаннан кейін топ жетекшісі (жеке ӘК командирі) қабылдайды.

      Топ жетекшісі (жеке экипаж командирі) жоғары тұрған бастықпен келісу бойынша ұшу әуеайлағының аға авиациялық бастығынан ұшуға рұқсат алады.

      Ұшу әуеайлағында (алаңда) аға авиациялық бастық болмаған кезде ұшуға рұқсатты топтың аға жетекшісі (жеке экипаж командирі) жоғары тұрған бастықпен келісу бойынша ұшуды ұйымдастыратын авиациялық бөлім командирінен алады.

      Ұшып шығу (қону) пунктінде байланыс болмаған жағдайда ұшу туралы шешімді топ жетекшісі (жеке экипаж командирі) байланыс қалпына келтірілген кезде ӘҚБ (ӘҚҚ) органына кейіннен баяндаумен дербес қабылдайды.

      Ұшу парағында ұшу уақытын, қону әуеайлағын, ұшу эшелонын, ұшу шарттарын беру уақыты мен күнін көрсете отырып, әуе кеңістігін пайдалануға рұқсатты топ жетекшісі (жеке экипаж командирі) ұшу әуеайлағының авиациялық диспетчерінен алады.";

      398, 399 және 400-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:

      "398. Ықпал ету нәтижесінде ұшу қауіпсіздігіне төнетін қатерді арттыратын жағдайлар қолайсыз деп саналады.

      Оларға:

      1) найзағай жарқырауы;

      2) атмосфералық турбуленттік, ағындар ағысы, желдің ауысуы, спутниктік турбуленттік;

      3) мұз қату;

      4) атмосфераның жоғары электр белсенділігі жатады.

      399. Егер ұшуда экипаж тапсырманы орындауға мүмкіндік бермейтін қолайсыз метеорологиялық жағдайға тап болса, ӘКК әуе қозғалысын басқару органына (ұшу жетекшісіне) ұшуды орындау мүмкін еместігі туралы баяндайды. Әуе қозғалысын басқару органы (ұшу жетекшісі) экипажға тапсырманы орындауға тыйым салады және ӘК-ның өзінің немесе қосалқы әуеайлаққа шығуын қамтамасыз етуге шаралар қабылдайды. Бұл жағдайда ӘКК (тікұшақ) әуеден таңдап алған алаңға қонуға жол беріледі. Егер экипаж қауіпті ауданнан шығу үшін ұшу режимін өзгерткен жағдайда әуе қозғалысын басқару органы (ұшу жетекшісі) әуе кемесіне қауіпсіз ұшу эшелонын қамтамасыз етеді, ол туралы жауапкершілік ауданында ұшу жүріп жатқан әуе қозғалысын басқару орталығын хабардар етеді.

      400. Жерүсті радиолокациялық бақылау болмаған кезде найзағай ошақтарын анықтау борттық радиолокациялық станцияларынсыз найзағай болатын жағдайда АҰЕ бойынша ұшуға жол берілмейді.";

      мынадай мазмұндағы 400-1, 400-2, 400-3, 400-4, 400-5, 400-6, 400-7, 400-8, 400-9 және 400-10-тармақтармен толықтырылсын:

      "400-1. ӘК найзағай (күшті нөсерлі жауын-шашын) болатын аймаққа борттық радиолокациялық станция (бұдан әрі – РЛС) (ол болған кезде) көмегімен жақындаған кезде күшті-шоғырлы, шоғырланған жаңбырлы бұлтты және күшті нөсерлі жауын-шашын аймақтарын айналып өту мүмкіндігін бағалайды, өз әрекет етуін ӘҚБ органымен келісумен аймақты айналып өтуге және ұшуды жалғастыру мүмкіндігіне шешім қабылдайды.

      ӘҚБ (ӘҚҚ) органы радиотехникалық құралдарды, әуедегі әуе кемелерінен хабарламаларды және басқа да метеорологиялық ақпарат көздерін пайдалана отырып, экипаждарды бұлттылық сипаты, найзағай ошақтарының түзілуі, олардың жылжу бағыты туралы хабардар етеді және ауа райының қауіпті құбылыстары бар аймақтарды айналып өту маршруты туралы ӘКК-ге ұсынымдар береді.

      400-2. Ұшуда найзағай ошақтарына жанасатын күшті-шоғырлы және шоғырланған жаңбырлы бұлттар көрнекі анықталған кезде оларды кемінде 10 км қашықтықта айналып өтуге жол беріледі. Егер олардың арасындағы қашықтық кемінде 30 км болса, екі шоғырланған жаңбырлы бұлттар арасындағы аралықта ұшып өтуге жол беріледі. Көрсетілген бұлттарды берілген биіктікте айналып өту мүмкін болмаған кезде бұлттар астында немесе одан жоғары көрнекі ұшуға жол беріледі.

      ШҰР бойынша күшті-шоғырлы және шоғырланған жаңбырлы бұлттар астынан ұшуға тек күндіз жазықты жерлерде, нөсерлі жауын-шашын аймағынан тыс жерлерде жол беріледі:

      ӘК-ның жергілікті жер бедерінен және жасанды кедергілерден ұшу биіктігі шынайы қауіпсіз биіктіктен төмен емес, бірақ барлық жағдайларда кемінде 200 м;

      ӘК-дан бұлттардың төменгі шегіне дейінгі тік қашықтық кемінде 200 м.

      Күшті-шоғырлы және шоғырланған жаңбырлы бұлттардың жоғарғы шегінің үстінен ұшуды олардың үстінен 500 м төмен емес биіктікте орындауға жол беріледі.

      400-3. Ұшуда борттық РЛС-пен күшті-шоғырлы және шоғырланған жаңбырлы бұлттарды анықталған кезде осы бұлттарды жарықтың жақын шегінен кемінде 15 км қашықтықта айналып өтуге жол беріледі. Жеке найзағай ошақтары бар жаппай бұлттылықты қиып өту борттық РЛС экранындағы жарық шектері арасындағы қашықтық кемінде 50 км болатын жерде жүргізіледі.

      ӘК экипаждарына күшті-шоғырлы, шоғырланған жаңбырлы бұлттарға және қатты нөсерлі жауын-шашын аймақтарына әдейі кіруге жол берілмейді.

      400-4. Турбуленттілік (шайқалу) болуы ықтимал аймаққа кірер алдында экипаж мүшелері мен жолаушылар креслолардағы байлау белдіктерін тағуға тиіс.

      ӘК әуе турбуленттілігі (шайқалу) аймағына түскен кезде ӘКК ҰПН-да ұсынылған ұшу жылдамдығын белгілейді, қажет болған кезде ӘҚБ органының рұқсатымен қауіпті аймақтан шұғыл шығуға шаралар қабылдайды, ұшу эшелонын (биіктігін) өзгертеді.

      400-5. Таулы жергілікті жерде 900 м төмен биіктікте ШҰР бойынша ұшу және ӘК турбуленттік (шайқалу) аймағына түскен кезде ӘКК ӘҚБ органының рұқсатымен ӘК-ны осы аймақтан биіктік алумен шығарады, ұшып шығу әуеайлағына (алаңына) қайтарылады немесе қосалқы әуеайлаққа барады.

      ӘК ұшу қауіпсіздігіне қатер төндіретін турбуленттік (шайқалу) аймағына түскен кезде ӘКК ӘҚБ органына баяндай отырып, ұшу эшелонын (биіктігін) өзгертуге жол беріледі.

      Экипаж бұлттармен байланысты емес және көрнекі анықталатын тік құйынды айналып өтеді. Экипаж көрнекі анықталатын шоғырланған жаңбырлы бұлттармен байланысты тік құйынды (құйынды) олардың көрінетін бүйірлік шекарасынан кемінде 30 км қашықтықта айналып өтеді.

      400-6. Атмосфераның жоғары электрлік белсенділігі жағдайларында ұшу ерекшеліктері:

      құлаққаптардағы шу мен сатыр-сұтыр;

      радиокомпас бағыттамасының ретсіз тербелісі;

      тәуліктің қараңғы уақытында экипаж кабинасы шынысының ұшқындауы және қанат ұштарының жарқылдауы болып табылады.

      Электрленудің пайда болуы бұлт қабатында температура аралығы +5-тен -10°С дейін болуы анағұрлым ықтимал.

      ӘКК күшті электрлену белгілері пайда болған кезде ол туралы ӘҚБ органына баяндайды және оның қауіпті аймақтан шығу бойынша командаларын орындайды. Бұл ретте экипаж командалық радиостанцияны (ӘК бортында бірнеше радиостанция болған кезде) сөндіру қажет. Түнде (шағылысқан кезде) экипаж кабинаға жарық түсіру дәрежесін арттырады.

      400-7. Жоғары электрлену аймақтарында ұшу биігін өзгерту ӘК-ны пайдалану шектеулерін асырмай, ұшудың жоғары тік және азайтылған үдемелі жылдамдығымен орындау қажет.

      Бұлт қабатынан шыққаннан кейін (басқа қабатқа кіргенге дейін) ұзақтығы 5-10 секунд көлденең алаң жасау керек.

      ӘК атмосфералық электр разрядымен зақымданған жағдайда экипажға:

      ӘҚБ (ӘҚҚ) органына осы факті, метеожағдай, разрядпен ӘК-ның зақымдалған орны және биіктігі туралы баяндау;

      қозғалтқыштардың жұмыс параметрлерін бақылау;

      электр жабдығы мен пилотаждық-навигациялық жабдық жұмысын тексеру;

      зақымдануды анықтау мақсатында ӘК-ны тексеру;

      істен шығу мен ақаулық анықталған кезде ҰПН-ға сәйкес әрекет ету қажет.

      400-8. Желдің ауысу жағдайларында ұшып шығу және қонуға беттеу кезінде:

      ҰПН талаптарына сәйкес есептік жылдамдықты арттыру;

      үдемелі және тік жылдамдықтың өзгеруіне жоғары бақылауды жүзеге асыру және есептік параметрлерден және ұшудың берілген траекториясынан туындайтын ауытқуды дереу амалдау;

      егер берілген глиссаданы ұстап тұру үшін төмендеу талап етілсе, қонуға беттеу кезінде ұшып көтерілу режимін пайдаланумен екінші айналымға дереу кету және қосалқы әуеайлаққа беттеу;

      қозғалтқыштардың жұмыс режимін номиналға дейін және (немесе) ҚЖРМ-дан ұшып өткеннен кейін төмендеудің тік жылдамдығы есептіден секундына 3 м/с және одан астамға ұлғайту қажет.

      400-9. Мұз қату болжанған кезде мұз қатуға қарсы жүйемен жарақтандырылмаған ӘК-да ұшуды орындауға жол берілмейді.

      ӘК-ға жерде мұз қатқан жағдайда мұз қатуды жою бойынша жұмыс жүргізілгеннен кейін оған ұшуға рұқсат етіледі.

      Барлық ұшу кезеңдерінде мұз қатуға қарсы жүйе, егер ҰПН жүйені пайдаланудың басқа тәртібін көздемесе, мұз қатуы мүмкін аймаққа кіргенге дейін қосылады.

      400-10. Егер экипаж мұз қатуға қарсы күрес бойынша қабылдаған шаралар тиімсіз болса және осы жағдайларда ұшуды қауіпсіз жалғастыру қамтамасыз етілмесе, ӘКК ӘҚБ органымен келісу бойынша ұшуды қауіпсіз жалғастыру мүмкін болатын ауданға шығару үшін ұшу биіктігін (бағытын) өзгертеді немесе қосалқы әуеайлаққа беттеу немесе әуеден таңдап алынған алаңға қондыру туралы шешім қабылдайды.";

      407 және 408-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:

      "407. Штаттық ұшу немесе ӘКК басшылары ұшу жетекшісінің көмекшілері болып тағайындалады.

      Ұшу жетекшісінің көмекшісіне:

      1) қонуға беттейтін әуе кемелерін қадағалаушы;

      2) қоршау командасы;

      3) прожекторлық есептоп бағынады.

      408. Ұшу (қону аймағы) жетекшісінің, ұшу (жақын аймақ) жетекшісінің, әуеайлақтағы ұшу жетекшісінің немесе тиісті рұқсаты бар ұшқыштар мен штурмандардың штаттық лауазымдарын атқаратын адамдар ұшу (жақын аймақ) жетекшісі болып тағайындалады. Ұшу (жақын аймақ) жетекшісі ұшу (қону аймағы) жетекшісі және қонудың радиолокациялық жүйесін есептобы үшін үлкені болып табылады.";

      419-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "419. ӘК-ны қабылдау және шығару жөніндегі кезекші кемінде екі жыл ұшу жұмыс өтілі бар ӘКК және штурмандар қатарынан тағайындалады. ӘК-ны қабылдау және шығару жөніндегі кезекші қысқартылған ұшуға басшылық ету тобының және ұшуды қамтамасыз ету тобының бастығы болып табылады және әуеайлақтың аға авиациялық бастығына бағынады.";

      мынадай мазмұндағы 454-1 тармақпен толықтырылсын:

      "454-1. Ұшуға басшылық жасау тобы адамдарының білімін тексеруді бөлім командирі (Әскери-әуе күштерінің қолбасшысы, Қазақстан Республикасы мемлекеттік авиациясы басқару органының басшысы) тағайындаған комиссия жүргізеді. Одан басқа, ұшқыш құрамының білімін тексеруді олардың тікелей және тікелей бастықтарына жүргізуге жол беріледі.";

      466-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "466. Ұшуға басшылық жасау тобының құрамына кіретін, 12 ай ішінде жыл сайынғы демалысты пайдаланбаған адамдарға демалыс беріледі немесе олар ұшуға басшылық жасаудан шеттетілуі жатады.";

      474-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "474. Қарапайым метеорологиялық жағдайларда көлік, жауынгерлік және оқу-жауынгерлік ұшақтардың қатысуынсыз ұшуды орындау кезінде әуеайлақ ауданында тікұшақтардың ұшуына басшылық жасауды құрамында мыналар бар ұшуға басшылық жасау тобы жүзеге асырады:

      1) әуеайлақта ұшу жетекшісі;

      2) ұшу (қону аймағы) жетекшісі. Қажет болған кезде авиациялық бөлім командирінің шешімімен тағайындалады;

      3) ұшу жетекшісінің көмекшісі;

      4) кезекші штурман. Маршруттық ұшуды орындау кезінде және қажет болған кезде авиациялық бөлім командирінің шешімімен тағайындалады;

      5) әуеайлақ аймағындағы, қону алаңындағы (нысаналы мақсаттағы) ұшу жетекшісі. Қажет болған кезде авиациялық бөлім командирінің шешімімен тағайындалады.

      Бұл ретте жауапкершілік аймақтары мынадай болып бөлінеді:

      1) әуеайлақтағы ұшу жетекшісі тікұшақ экипажына жақын және алыс аймақта басқаруда, қалықтап тұруда, ұшып көтерілуде және қонуда басшылық жасауды жүзеге асырады. Ұшу жетекшісі қонуға беттеу биіктігі мен әдістерін айқындайды, пилотаж аймағынан, күту аймағынан орын алуға және босатуға, жетекті радиостанцияға шығуға, ұшу шеңберіне беттеуге және одан шығуға команда береді, қонуға беттейтін тікұшақ легін құрайды. Одан басқа, әуеайлақтағы ұшу жетекшісі ұшуда ерекше жағдайлар туындаған кезде экипажға көмек көрсетеді, транзиттік және ұшып өтетін ӘК ұшуына бақылау жүргізеді, ұшуға басшылық жасау тобының жұмысын басқарады, әуеде тікұшақтардың қауіпті жақындауын болдырмау бойынша шаралар қабылдайды;

      2) ұшу жетекшісі (қону аймағы) + 15° секторында қону бағытында тікұшақ қону бағытына бұрылған сәттен бастап жақын жетекті радиостанциядан ұшып өткенге дейін және әуеайлақтағы ұшу жетекшісі (ұшу жетекшісінің көмекшісі) оны шолып анықтағанға дейін экипажға басшылық жасайды. Ұшу (қону аймағы) жетекшісі радиолокациялық құралдардың көрінуі шегінде жақын және алыс аймақтарда тікұшақтардың қозғалысын, пилотаждық аймақтардың орнын тұруды және босатуды, қонуға беттеу, жетекті радиостанцияға шығу, күту аймағына беттеу, шеңберден шығу және ұшу шеңберіне беттеу маршруттары мен схемаларында ұшу параметрлерінің сақталуын бақылайды;

      3) ұшу жетекшісінің көмекшісі әуеайлақтағы ұшу жетекшісіне қонуға беттейтін тікұшақ легін құруда көмек көрсетеді, өз жауапкершілігі аймағында олардың орнын бақылайды, ұшып көтерілуді, қонуға беттеуді және қонуды орындау сапасын бағалайды, жел бағытын және ұшу-қону жолағындағы көрінімді, ұшу-қону жолағы мен басқару жолы бетінің жай-күйін қадағалайды. Одан басқа, ұшу-қону жолағына шолу арқылы беттеу, ұшып көтерілу мен қонуға беттеудегі қателіктерді жөндеу, ұшып көтерілу мен қонуға беттеуде ерекше жағдайлар туындаған кезде ӘК экипажына көмек көрсетеді;

      4) кезекші штурман экипаждардың, ұшу жетекшісінің (қону аймағы), радиолокациялық станция есептоптарының баяндауы, есептік деректер бойынша экипаждың (топтың) маршруттар бойынша тікұшақтың ұшу режимін сақтауын бақылайды;

      5) қону (арнайы мақсаттағы) алаңындағы ұшу жетекшісі әуеайлақтың аэронавигациялық паспортында белгіленген аймақтың әуе кеңістігінде шолып көру шегінде тікұшақ экипажына басшылық жасайды. Қону (арнайы мақсаттағы) алаңындағы ұшу жетекшісі аймақтан орын алуға және оны босатуға, қонуды орындауға және қону алаңынан ұшып көтерілуді орындауға команда береді, аймақта тапсырмаларды орындауға рұқсат береді (тыйым салады), әуеде тікұшақтардың қауіпті жақындауы мен жасанды және табиғи кедергілермен соқтығысуын болдырмау бойынша шаралар қабылдайды. Одан басқа, қону (арнайы мақсаттағы) алаңындағы ұшу жетекшісіне және әуеайлақтық аймақтағы ұшу жетекшісіне ӘК-ның аймақта орынды ұстауын, ұшу параметрлерін және қонуға беттеу схемасын сақтауын, жауапкершілік аймағына беттеуін және одан шығуын бақылау.";

      528 және 529-тармақтар алып тасталсын;

      мынадай мазмұндағы 547-1-тармақпен толықтырылсын:

      "547-1. ӘК ұшуын қамтамасыз ету кезінде Әуе қорғанысы күштері Бас командалық пунктінің (бұдан әрі – ӘҚК БКП) метеоорталығы мемлекеттік авиация басқару органдарының командалық пункттеріне, ӘҚБ органдарына және ӘК командирлеріне (олардың сұрауы бойынша) әуеайлақтарда (қону алаңдарында) нақты және күтілетін метеорологиялық жағдайлар және ӘК-ның ұшу маршруттары туралы деректер береді.

      Ауа райының қауіпті құбылыстары пайда болған, ӘК ұшу маршруттарында және олардың қону әуеайлақтарында (қону алаңдарында) нақты және күтілетін метеорологиялық жағдайлар нашарлаған кезде, ӘҚК БКП-нің метеорологиялық орталығы бұл туралы осы ӘК басқаруындағы (бақылауындағы) ӘҚБ органын және мемлекеттік авиацияның басқару органының командалық пунктін (ӘК тиесілігі бойынша) хабардар етеді.";

      553 және 554-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:

      "553. Ұшуды медициналық қамтамасыз етуді ұшуды өткізуге авиациялық бөлім командирінің шешіміне сәйкес авиациялық бөлім әскери-медицина қызметінің бастығы ұйымдастырады. Медициналық қамтамасыз ету ӘК экипаждары мүшелерінің денсаулығын сақтау және жоғары жұмыс қабілетін ұстау мақсатында барлық ұшуды ұйымдастыру және өткізу кезеңдерінде жүзеге асырылады.

      554. Ұшуды медициналық қамтамасыз ету үшін авиациялық бөлім әскери-медицина қызметінің күштері мен құралдары тартылады.";

      567-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "567. Әрбір ұшу ауысымына ұшуды қамтамасыз ету тобы мынадай құрамда тағайындалады:

      1) ұшу аға инженері;

      2) кезекші инженер-синоптик;

      3) ұшуды әуеайлақтық-техникалық қамтамасыз ету жөніндегі кезекші;

      4) байланыс және ұшуды радиотехникалық қамтамасыз ету жөніндегі аға кезекші;

      5) кезекші дәрігер (медициналық жұмыскер);

      6) хронометражшы;

      7) кезекші планшетші;

      8) қонуға кірген әуе кемесін бақылаушы.

      Көрсетілген адамдарды дайындауды олардың тікелей командирлері (бастықтары) жүргізеді.";

      585-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "585. ҰҰА операторларын ҰҰА осы түріне (модификациясына) даярлау түрлері бойынша нұсқаушы ретінде жіберу Курстың тиісті жаттығулары бойынша тексеру нәтижелері бойынша жүргізіледі.

      ҰҰА операторларын көрнекі ұшуға жіберу оны тиісті бағдарлама бойынша даярлағаннан кейін тікелей көрнекі ұшу алдында Қазақстан Республикасы мемлекеттік авиациясы басқару органы басшысының (Әскери-әуе күштері қолбасшысының) бұйрығымен жүргізіледі.";

      635-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "635. Ұшуды орындау кезінде ҚБАЖ жерүсті басқару станциясында (ұшу жетекшісінде) мыналар:

      1) ұшу маршруттарынан (ауданынан) басқа әуе кеңістігі құрылымының элементтері түсірілуге тиіс дайындалған карта (планшет):

      мемлекеттік шекара, шекара маңындағы жолақ (шекара аймағында ұшуды орындау кезінде);

      олардың нөмірлерін көрсетумен әуе трассалары мен маршруттар учаскелері;

      ӘҚБ аудандарының шекаралары;

      тыйым салынған, қауіпті аймақтар, ұшуға шек қойылған аймақтар;

      полигон аудандары.

      ҰҰА ұшуын әуеайлақтардан 100 км радиуста орындаған кезде қосымша әуеайлақта ұшып көтерілудің (қонуға кірудің) стандартты схемаларын, ұшу-қону жолағының ортасынан азимуттық-қашықтық өлшегіш торды салу қажет;

      2) ӘҚБ орталығымен және таяудағы әуеайлақтың ұшуға басшылық жасау тобымен байланыс схемасы;

      3) ӘҚБ орталығымен өзара іс-қимыл алгоритмі болуы қажет.

      Шекара бөлімшелерінде ҰҰА ұшуын орындау кезінде ҚБАЖ жерүсті басқару станциясында (ұшу жетекшісінде) ӘҚБ орталығымен және таяудағы әуеайлақтың ҰБТ-мен байланыс схемасы, ӘҚБ орталығымен өзара іс-қимыл алгоритмі болуы қажет;";

      8-қосымшаның ескертпесі мынадай редакцияда жазылсын:

      "Ескертпе:

      1) ұшқыш киім-кешегінің тиісті үлгілік жиынтығын қолданудың ұсынылған температура диапазоны адамның ашық ауада 5 м/с және одан көп жел соққан кезде 2 сағат бойы болу уақытына есептелген.

      2) ұшуға арналған ұшқыш киім-кешегінің жиынтығын ұшу күні қарсаңында эскадрилья командирі белгілейді. Ұшып өтетін экипаждар үшін ұшқыш киім-кешегінің жиынтығын ұшқыштар құрамын бөлген бөлім командирі белгілейді.

      3) ұшу тапсырмасының сипатына және оны орындау жағдайларына байланысты бөлім командирі ұшқыш киім-кешегінің үлгілік жиынтығындағы элементтер құрамын өзгертеді;

      4) көліктік ӘК үшін қызметтік міндеттерін орындау кезінде пайдаланушы белгілеген нысанды (арнайы) киімді кию көзделеді.".

      2. Қазақстан Республикасы Қарулы Күштері Әуе қорғанысы күштері бас қолбасшысының басқармасы Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:

      1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;

      2) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігінің интернет-ресурсына орналастыруды;

      3) алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік он күн ішінде осы тармақтың 1), 2) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігінің Заң департаментіне жолдауды қамтамасыз етсін.

      3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы мемлекеттік авиациясы басқару органдарының басшыларына жүктелсін.

      4. Осы бұйрық лауазымды адамдарға, оларға қатысты бөлігінде жеткізілсін.

      5. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
Қорғаныс министрі
Н. Ермекбаев

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасының

      Мемлекеттік күзет қызметі

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасының

      Ұлттық қауіпсіздік комитеті

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасының

      Ішкі істер министрлігі

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады