Ғимараттарды, асханалардың, монша-кір жуу комбинаттарының үй-жайларын және олардағы әскери мүлікті мүліктік жалдауға (жалға алуға) өтеусіз уақытша беру қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрінің 2017 жылғы 7 тамыздағы № 422 бұйрығына өзгеріс енгізу туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрінің 2021 жылғы 28 маусымдағы № 417 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2021 жылғы 9 шiлдеде № 23434 болып тіркелді

      БҰЙЫРАМЫН:

      1. "Ғимараттарды, асханалардың, монша-кір жуу комбинаттарының үй-жайларын және олардағы әскери мүлікті мүліктік жалдауға (жалға алуға) өтеусіз уақытша беру қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрінің 2017 жылғы 7 тамыздағы № 422 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 15645 болып тіркелген) өзгеріс енгізілсін:

      көрсетілген бұйрықпен бекітілген Ғимараттарды, асханалардың, монша-кір жуу комбинаттарының үй-жайларын және олардағы әскери мүлікті мүліктік жалдауға (жалға алуға) өтеусіз уақытша беру қағидалары осы бұйрыққа қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.

      2. Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің Әскерлерді пәтерлерге орналастыру бас басқармасы Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:

      1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;

      2) осы бұйрықты алғашқы ресми жарияланғанынан кейін Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігінің интернет-ресурсына орналастыруды;

      3) мемлекеттік тіркелген күннен бастап күнтізбелік он күн ішінде осы тармақтың 1) және 2) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігінің Заң департаментіне жолдауды қамтамасыз етсін.

      3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрінің жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.

      4. Осы бұйрық лауазымды адамдарға, оларға қатысты бөлігінде жеткізілсін.

      5. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
Қорғаныс министрі
Н. Ермекбаев

  Қазақстан Республикасы
Қорғаныс министрінің
2021 жылғы 28 маусымдағы
№ 417 бұйрығына
қосымша
  Қазақстан Республикасы
Қорғаныс министрінің
2017 жылғы 7 тамыздағы
№ 422 бұйрығымен бекітілген
қосымша

Ғимараттарды, асханалардың, монша-кір жуу комбинаттарының үй-жайларын және олардағы әскери мүлікті мүліктік жалдауға (жалға алуға) өтеусіз уақытша беру қағидалары

1-тарау. Жалпы ережелер

      1. Ғимараттарды, асханалардың, монша-кір жуу комбинаттарының үй-жайларын және олардағы әскери мүлікті мүліктік жалдауға (жалға алуға) өтеусіз уақытша беру қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) ғимараттарды, асханалардың, монша-кір жуу комбинаттарының үй-жайларын және олардағы әскери мүлікті (бұдан әрі – мүлік) мүліктік жалдауға (жалға алуға) өтеусіз уақытша беру тәртібін айқындайды.

      2. Қағидаларда мынадай ұғымдар пайдаланылады:

      1) тамақтандыруды және (немесе) монша-кір жуу қызметін көрсетуді ұйымдастыру жөніндегі шарт – Қазақстан Республикасының мемлекеттік сатып алу туралы заңнамасы шеңберінде жасалған Қазақстан Республикасы Қарулы Күштері мемлекеттік мекемелерінің (әскери бөлімдерінің) жеке құрамын тамақтандыруды және (немесе) оларға монша-кір жуу қызметін көрсетуді ұйымдастыру жөніндегі шарт;

      2) жалға беруші – олардың мүдделерінде тамақтандыруды және (немесе) монша-кір жуу қызметін көрсетуді ұйымдастыру жөніндегі шарттар жасалған Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің республикалық мемлекеттік мекемелері;

      3) баланс ұстаушы – оған мүлік бекітіліп берілген, Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің республикалық мемлекеттік мекемесі;

      4) жалға алушы – жеке және заңды тұлғалар.

      3. Жалға берушінің мүлікті өтеусіз уақытша беруі жеке және заңды тұлғалардың тамақтандыруды және (немесе) монша-кір жуу қызметін көрсетуді ұйымдастыру жөніндегі шарттық міндеттемелерді орындауын қамтамасыз ету мақсатында жүзеге асырылады.

      4. Жалға алушыға уақытша пайдалануға берілуге жататын мүлік тізбесін тамақтандыруды және (немесе) монша-кір жуу қызметін көрсетуді ұйымдастыру жөніндегі шарт жасалғаннан кейін жалға беруші жасайды.

2-тарау. Ғимараттарды, асханалардың, монша-кір жуу комбинаттарының үй-жайларын және олардағы әскери мүлікті мүліктік жалдауға (жалға алуға) өтеусіз уақытша беру тәртібі

      5. Мүлікті өтеусіз уақытша беру үшін жалға беруші мен жалға алушы тамақтандыруды және (немесе) монша-кір жуу қызметін көрсетуді ұйымдастыру бойынша жасалған шарттардың мерзімдері шегінде Ғимараттарды, асханалардың, монша-кір жуу комбинаттарының үй-жайларын және олардағы әскери мүлікті мүліктік жалдауға (жалға алуға) өтеусіз уақытша берудің шартын жасайды (бұдан әрі – Шарт).

      6. Жалға беруші жалға алушымен тамақтандыруды және (немесе) монша-кір жуу қызметін көрсетуді ұйымдастыру жөніндегі шартты Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің аумақтық қазынашылық органында тіркеген күннен бастап бес жұмыс күні ішінде Шарт жасайды.

      7. Шарты кемінде бір жыл мерзімге жасалған жағдайларда мүлікті өтеусіз пайдалану құқығы "Жылжымайтын мүлікке құқықтарды мемлекеттік тіркеу туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 5-бабының 1) тармақшасына сәйкес тіркелуге жатады.

      8. Шарты жасалған күннен бастап үш жұмыс күні ішінде жалға беруші Қағидаларға қосымшаға сәйкес нысан бойынша қабылдау-беру актісіне сәйкес барлық мүлікті жалға алушыға береді.

      9. Қабылдау-беру актісі жалға алушыға, жалға берушіге және баланс ұстаушыға мемлекеттік және орыс тілдерінде үш данада жасалады және жалға алушы мен жалға беруші қол қояды.

  Ғимараттарды, асханалардың,
монша-кір жуу
комбинаттарының үй-жайларын
және олардағы әскери мүлікті
мүліктік жалдауға (жалға алуға)
өтеусіз уақытша беру
қағидаларына қосымша
  нысан

Қабылдау-тапсыру актісі

      _________қаласы                                    20___жылғы "___" ___________

      __________________________________________________________________ Жалға беруші

      (жалға берушінің атауы)

      деп аталтын

      _______________________________________ атынан, бір тараптан Жарғы негізінде әрекет

      (лауазымы, Т. А. Ж. (болған кезде)

      ететін және _____________________________________________________________________

      (лауазымы, Т.А.Ж. (болған кезде)

      атынан ________________________________________________________________негізінде

      (құрылтай құжаттардың атауы және тіркеу күні) әрекет ететін

      _________________________________________________________ Жалға алушы деп аталтын

      (жалға алушының атауы)

      20___жылғы "___"______№___мүліктік жалдау шартына сәйкес_______________мекенжайы

      бойынша орналасқан, жалпы алаңы ___________________ объектіні қабылдауды-тапсыруды жүргізді.

      1. Объектінің сипаттамасы: __________________________________________________

      2. Берілетін объектінің және ондағы әскери мүліктің анықталған ақаулықтар тізбесімен техникалық жай-күйі (егер бар болса):______________________________________

      3. Коммуникациялардың болуы: ______________________________________________

      (сумен жабдықтау және кәріз, жылумен және энергиямен қамтамасыз ету,

      ________________________________________________________________________________газдың берілуі болған жағдайды жазу)

      4. Есепке алу құралдарының (су-кәріз бен электр энергия көрсеткіштері):___________

      ________________________________________________________________________________

      (белгіленген лимитті (лимиттер бойынша есепті) артық жұмсаған жағдайда коммуналдық қызметтерді өтеу үшін аудандық пайдалану бөлімі (гарнизон) ұсынады)

      5. Осы Акт жалға берушіге, жалға алушыға және баланс ұстаушыға біреуден үш (3) данада жасалды.

ЖАЛҒА БЕРУШІ:
________________________________
________________________________
(жалға берушінің атауы)
________________________________
________________________________
________________________________ ________________________________
(орналасқан орны)
________________________________
________________________________
________________________________
________________________________
(тегі, аты, әкесінің аты (болған кезде)
________________________________
________________________________
(қолы)

М.Ө.

ЖАЛҒА АЛУШЫ:
_______________________________
________________________________
(жалға алушының атауы)
________________________________
________________________________
________________________________
________________________________
(орналасқан орны)
________________________________
_______________________________
________________________________
________________________________
(тегі, аты, әкесінің аты(болған кезде)
________________________________
________________________________ (қолы)

М.Ө.


Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады