Қоршаған ортаны қорғау саласындағы лицензияланатын қызмет түріне қойылатын біліктілік талаптарын бекіту туралы

Жаңартылған

Қазақстан Республикасы Экология, геология және табиғи ресурстар министрінің 2021 жылғы 12 шiлдедегі № 245 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2021 жылғы 14 шiлдеде № 23511 болып тіркелді.

      ЗҚАИ-ның ескертпесі!
      Осы бұйрықтың қолданысқа енгізілу тәртібін 5 т. қараңыз.

      Қазақстан Республикасы Экология кодексінің 34-бабының 2-тармағына және "Рұқсаттар және хабарламалар туралы" Қазақстан Республикасының Заңының 12-бабы 1-тармағының 1-1) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

      1. Қоса беріліп отырған Қоршаған ортаны қорғау саласындағы лицензияланатын қызмет түріне қойылатын біліктілік талаптары бекітілсін.

      2. Қазақстан Республикасы Энергетика министрінің "Қоршаған ортаны қорғау саласындағы лицензияланатын қызмет түріне қойылатын біліктілік талаптарын және оларға сәйкестікті растайтын құжаттар тізбесін бекіту туралы" (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде №10333 тіркелген) 2015 жылғы 14 қаңтардағы № 6 бұйрығының күші жойылды деп танылсын.

      3. Қазақстан Республикасы Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігінің Экологиялық реттеу және бақылау комитеті Қазақстан Республикасы заңнамасында белгіленген тәртіппен:

      1) Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде осы бұйрықтың мемлекеттік тіркелуін;

      2) осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін Қазақстан Республикасы Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігінің ресми интернет-ресурсында орналастыруды;

      3) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркегеннен кейін он жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігінің Заң қызметі департаментіне осы тармақтың 1) және 2) тармақшаларымен көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтердің ұсынылуын қамтамасыз етсін.

      4. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Экология, геология және табиғи ресурстар вице-министріне жүктелсін.

      5. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік алпыс күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
Экология, геология және табиғи
ресурстар министрі
М. Мирзагалиев

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасы

      Индустрия және инфрақұрылымдық

      даму министрлігі

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасы

      Ұлттық экономика министрлігі

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасы

      Цифрлық даму, инновациялар

      және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі

  Қазақстан Республикасы
Экология, геология және
табиғи ресурстар министрінің
2021 жылғы 12 шілдедегі
№ 245 бұйрығымен
бекітілген

Қоршаған ортаны қорғау саласындағы лицензияланатын қызмет түрі бойынша біліктілік талаптарын олардың кіші түрлері бойынша қоршаған ортаны қорғау туралы

      Ескерту. Біліктілік талаптары жаңа редакцияда - ҚР Экология және табиғи ресурстар министрінің м.а. 06.06.2023 № 179 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік алпыс күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

№ р/с

Біліктілік талаптары

Құжаттар

I санаттағы объектілер үшін табиғат қорғауға қатысты жобалау, нормалау жөніндегі қызметке жеке тұлғалар үшін мыналардың болуын қамтиды:

1

қоршаған ортаны қорғау саласындағы тиісті жоғары білім

Мамандығы және біліктілігі көрсетілген, дипломның нөмірі мен күні, берілген орны, оқу орнының атауы туралы ақпаратты қамтитын мәліметтер нысаны Қоршаған ортаны қорғау саласындағы лицензияланатын қызмет түріне қойылатын біліктілік талаптары қосымшасына сәйкес толтырылады.

2

қоршаған ортаны қорғау саласындағы кемінде үш жыл практикалық жұмыс тәжірибесі

Мыналар: қоршаған ортаны қорғау саласында жұмыс өтілінің болуы, мамандығы және біліктілігі, дипломның нөмірі және күні, оқу орнының атауы, диплом берген оқу орнының атауы, шетел білім беру ұйымдарымен берілген білім беру туралы құжаттарды тану және нострификациялау туралы куәліктің нөмірі және берілген күні көрсетілген ақпаратты қамтитын мәліметтер нысаны Қоршаған ортаны қорғау саласындағы лицензияланатын қызмет түріне қойылатын біліктілік талаптары қосымшасына сәйкес толтырылады

3

аккредиттелген мамандандырылған зертхана не көрсетілген зертханалары бар ұйымдардың талдамалық жұмыстарды (қызметтерді) орындауы туралы шарт

Өз зертханасының болуы, аккредиттеу аттестатының нөмірі мен күні, орны, берген орган, берілген аккредиттеу саласы, аккредиттеу атестатының жарамдылық мерзімі көрсетілген мәліметтер нысаны. Өз зертханасы болмаған жағдайда - шарттың нөмірі және күні, жасалған орны, зертханасы бар ұйымның атауы, аккредиттеу аттестатының нөмірі және күні, берілген орны, берген орган, аккредиттеу саласы, аккредиттеу аттестатының жарамдылық мерзімі көрсетілген мәліметтер нысаны Қоршаған ортаны қорғау саласындағы лицензияланатын қызмет түріне қойылатын біліктілік талаптары қосымшасына сәйкес толтырылады

4

қоршаған ортаға эмиссиялардың нормативтерін есептеу бойынша бағдарламалық кешені

Мыналар:
1) меншігі болып табылатын немесе заңды пайдалануындағы бағдарламалық кешеннің атауы;
2) бағдарламалық кешеннің өндірушісі көрсетілген мәліметтер нысаны Қоршаған ортаны қорғау саласындағы лицензияланатын қызмет түріне қойылатын біліктілік талаптары қосымшасына сәйкес толтырылады.

I санаттағы объектілер үшін табиғат қорғауға қатысты жобалау, нормалау жөніндегі қызметке заңды тұлғалар үшін мыналардың болуын қамтиды:

5

өтініш берушінің басшысында жоғары немесе орта арнаулы білімінің болуы

Мыналар:
1) мамандығы және біліктілігі, дипломның нөмірі және күні, берілген орны, оқу орнының атауы;
2) басшы ретінде жұмысқа қабылдау туралы бұйрықтың нөмірі және күні және/немесе жеке еңбек шартының нөмірі және күні көрсетілген ақпаратты қамтитын мәліметтер нысаны Қоршаған ортаны қорғау саласындағы лицензияланатын қызмет түріне қойылатын біліктілік талаптары қосымшасына сәйкес толтырылады.

6

осы заңды тұлғаның штатында жұмыс істейтін, қоршаған ортаны қорғау саласында кемінде үш жыл практикалық жұмыс тәжірибесі бар, профилі бойынша тиісті жоғары білімі кем дегенде екі маманның болуы

Мыналар:
1) эколог мамандардың тегі есімі әкесінің аты (болған жағдайда);
2) олар атқаратын лауазымдар;
3) қоршаған ортаны қорғау саласындаға жұмыс өтілі (жұмыс өтілі, атқарған лауазымдары, жұмысқа қабылдау туралы бұйрықтардың нөмірі және күні және /немесе жеке еңбек шартының нөмірі және күні);
4) мамандығы және біліктілігі, дипломның нөмірі мен күні, берілген орны, оқу орнындарының атауы көрсетілген мәліметтер нысаны Қоршаған ортаны қорғау саласындағы лицензияланатын қызмет түріне қойылатын біліктілік талаптары қосымшасына сәйкес толтырылады;

7

аккредиттелген мамандандырылған зертхана не көрсетілген зертханалары бар ұйымдардың талдамалық жұмыстарды (қызметтерді) орындауы туралы шарт

Өз зертханасының болуы, аккредиттеу аттестатының нөмірі мен күні, орны, берген орган, берілген аккредиттеу саласы, аккредиттеу атестатының жарамдылық мерзімі көрсетілген мәліметтер нысаны. Өз зертханасы болмаған жағдайда - шарттың нөмірі және күні, жасалған орны, зертханасы бар ұйымның атауы, аккредиттеу аттестатының нөмірі және күні, берілген орны, берген орган, аккредиттеу саласы, аккредиттеу аттестатының жарамдылық мерзімі көрсетілген мәліметтер нысаны Қоршаған ортаны қорғау саласындағы лицензияланатын қызмет түріне қойылатын біліктілік талаптары қосымшасына сәйкес толтырылады

8

қоршаған ортаға эмиссиялардың нормативтерін есептеу бойынша бағдарламалық кешен

Мыналар:
1) меншігі болып табылатын немесе заңды пайдалануындағы бағдарламалық кешеннің атауы;
2) бағдарламалық кешеннің өндірушісі көрсетілген мәліметтер нысаны Қоршаған ортаны қорғау саласындағы лицензияланатын қызмет түріне қойылатын біліктілік талаптары қосымшасына сәйкес толтырылады.

Қауіпті қалдықтарды қайта өңдеу, залалсыздандыру, кәдеге жарату және (немесе) жою жөніндегі қызметке жеке және заңды тұлғалар үшін мыналардың болуын қамтиды:

9

штатында экологтың (білімі бойынша) қоршаған ортаны қорғау саласында кемінде бір жыл практикалық жұмыс тәжірибесінің болуы

Көрсетілген ақпаратты қамтитын мәліметтер нысаны:
1) тегі есімі әкесінің аты (болған жағдайда) мамандығы мен біліктілігі, дипломның нөмірі мен күні, оқу орнының атауы көрсетіледі;
2) жұмысқа қабылдау туралы бұйрықтың нөмірі мен күні және/немесе жеке еңбек шартының нөмірі мен күні, шетел білім беру ұйымдарымен берілген білім беру туралы құжаттарды тану және нострификациялау туралы куәліктің нөмірі және берілген күні Қоршаған ортаны қорғау саласындағы лицензияланатын қызмет түріне қойылатын біліктілік талаптары қосымшасына сәйкес толтырылады;

10

меншік иесінде қауіпті қалдықтарды қайта өңдеу, залалсыздандыру, кәдеге жарату және (немесе) жою үшін арналған (әкімшілік-аумақтық бірлікте – қауіпті қалдықтарды басқару бойынша қабылдау және операциялар жүргізілетін облыста, республикалық маңызы бар қалада немесе астанада) өндірістік объектінің (үйдің, құрылыстың, ғимараттың, үй-жайдың және/немесе қауіпті қалдықтар полигонының) болуы

техникалық паспорт (Ф-2) және меншігінде қауіпті қалдықтарды қайта өңдеу, залалсыздандыру, кәдеге жарату және (немесе) жою үшін қауіпті қалдықтар полигоны бар өндірістік объектінің, ғимараттарының, құрылыстарының, үй-жайларының және/немесе полигонының болуын растайтын иесі туралы мәліметтер Қоршаған ортаны қорғау саласындағы лицензияланатын қызмет түріне қойылатын біліктілік талаптары қосымшасына сәйкес толтырылады
Жалға алушы жоғарыда аталған құжаттарға қосымша жалдау шартын ұсынады.

11

меншік иесінің меншігінде қауіпті қалдықтарды қайта өңдеу, залалсыздандыру, кәдеге жарату және (немесе) жою операциялары үшін мемлекеттік экологиялық сараптама қорытындысында немесе кешенді экологиялық рұқсатта көрсетілген өндірістік кешеннің (қондырғының, жабдықтың және/немесе көліктің) толық тізбесінің болуы

Көрсетілген ақпаратты қамтитын мәліметтер нысаны:
1) жабдықтау бойынша: төлем тапсырмасымен сатып алу шарты, пайдалану жөніндегі басшылығы бар техникалық паспорт, Қоршаған ортаны қорғау саласындағы лицензияланатын қызмет түріне қойылатын біліктілік талаптары қосымшасына сәйкес толтырылады;

12

Өтініш берушінің заңнамаға сәйкес мемлекеттік экологиялық сараптамасы немесе экологиялық рұқсаттың болуы


13

міндетті экологиялық сақтандыру жөніндегі сақтандыру полисі

Көрсетілген ақпаратты растайтын мәліметтер нысаны:
1) сақтандыру полисінің нөмірі және берілген күні;
2) сақтанушының атауы;
3) сақтандырушының атауы;
4) сақтандыру полисінің қолданылу мерзімі Қоршаған ортаны қорғау саласындағы лицензияланатын қызмет түріне қойылатын біліктілік талаптары қосымшасына сәйкес толтырылады.

14

қауіпті қалдықтарды басқаратын кәсіпорынның оларды тасымалдаумен айналысатын көлігі GPS құрылғысымен (трекер) жабдықталады

Көрсетілген ақпаратты растайтын мәліметтер нысаны:
1) GPS құрылғысының (трекер) моделі (маркасы);
2) көлік құралының техникалық паспортының нөмірі мен күні Қоршаған ортаны қорғау саласындағы лицензияланатын қызмет түріне қойылатын біліктілік талаптары қосымшасына сәйкес толтырылады;
Көлік құралын жалға алған жағдайда

      Ескерту: Аумақтық бөлім ұсынылған құжаттарды біліктілік талаптарға сәйкестігін өтініш берушінің объектісе бару арқылы тексереді және оның нәтижелері туралы қорытынды ұсынады.

      Қазақстан Республикасы Кәсіпкерлік кодексінің 129-бабының 7-тармағына сәйкес өтініш берушінің объектісене барған кезде прокуратура органдарында тіркеу талап етілмейді.

  Қоршаған ортаны қорғау
саласындағы лицензияланатын
қызмет түрі бойынша біліктілік
талаптарын олардың кіші
түрлері бойынша қоршаған
ортаны қорғау бойынша
қосымша

Қоршаған ортаны қорғау саласындағы лицензияланатын қызмет түрі бойынша біліктілік талаптарын олардың кіші түрлері бойынша қоршаған ортаны қорғау бойынша мәліметтер нысандары

      1. I санаттағы объектілер үшін табиғат қорғауға қатысты жобалау, нормалау жөніндегі қызмет үшін жеке тұлғаларға:

      1) қоршаған ортаны қорғау саласындағы тиісті жоғары білімі:

      мамандықтың және біліктіліктің атауы ________________________________;

      дипломның нөмірі және берілген күні _________________________________;

      диплом берген оқу орнының атауы ___________________________________.

      шетел білім беру ұйымдарымен берілген білім беру туралы құжаттарды тану және нострификациялау туралы куәліктің нөмірі және берілген күні __________.

      2) қоршаған ортаны қорғау саласындағы кемінде үш жыл практикалық жұмыс тәжірибесі:

      қоршаған ортаны қорғау саласында жұмыс өтілі _________________________;

      мамандықтың және біліктіліктің атауы _________________________________;

      дипломның нөмірі және берілген күні __________________________________;

      диплом берген оқу орнының атауы ____________________________________.

      жұмысқа қабылдау туралы бұйрықтың нөмірі және күні және/немесе жеке еңбек шартының нөмірі және күні _______________________________________;

      шетел білім беру ұйымдарымен берілген білім беру туралы құжаттарды тану және нострификациялау туралы куәліктің нөмірі және берілген күні ___________.

      3) Аккредиттелген мамандандырылған зертхана не көрсетілген зертханалары бар ұйымдардың талдамалық жұмыстарды (қызметтерді) орындауы туралы шарт:

      өз зертханасының болуы ____________________________________________;

      аккредиттеу аттестатының нөмірі және күні ____________________________;

      аккредиттеу саласы ________________________________________________;

      аттестатты берген орган _____________________________________________;

      аккредиттеу аттестатының жарамдылық мерзімі ________________________;

      Өз зертханасы болмаған жағдайда:

      зертханасы бар ұйымның атауы ______________________________________;

      шарттың нөмірі және жасалған күні ___________________________________;

      аккредиттеу аттестатының нөмірі және күні ____________________________;

      аккредиттеу аттестатын берген орган _________________________________;

      аккредиттеу саласы _________________________________________________;

      аккредиттеу аттестатының жарамдылық мерзімі _________________________.

      4) Қоршаған ортаға эмиссиялардың нормативтерін есептеу бойынша бағдарламалық кешен:

      бағдарламалық кешеннің атауы ______________________________________;

      бағдарламалық кешеннің өндірушісі __________________________________.

      2. I санаттағы объектілер үшін табиғат қорғауға қатысты жобалау, нормалау жөніндегі қызмет үшін заңды тұлғаларға:

      1) өтініш берушінің басшысында жоғары немесе орта арнаулы білімінің болуы:

      мамандықтың және біліктіліктің атауы ________________________________;

      дипломның нөмірі және берілген күні _________________________________;

      диплом берілген орын ______________________________________________;

      диплом берген оқу орнының атауы ___________________________________;

      шетел білім беру ұйымдарымен берілген білім беру туралы құжаттарды тану және нострификациялау туралы куәліктің нөмірі және берілген күні ___________;

      басшы ретінде жұмысқа қабылдау туралы бұйрықтың нөмірі және күні және/немесе жеке еңбек шартының нөмірі және күні _______________________.

      2) Осы заңды тұлғаның штатында жұмыс істейтін профилі бойынша тиісті жоғары білімі, қоршаған ортаны қорғау саласында кемінде үш жыл практикалық жұмыс тәжірибесі бар кем дегенде екі маманның болуы:

      эколог мамандардың тегі, аты, әкесінің аты тегі есімі әкесінің аты (болған жағдайда) ___________________________________________________________;

      атқаратын лауазымы _______________________________________________;

      қоршаған ортаны қорғау саласындаға жұмыс өтілі ______________________;

      жұмысқа қабылдау туралы бұйрықтардың нөмірі және күні және/немесе жеке еңбек шартының нөмірі және күні ________________________________________;

      мамандықтың және біліктіліктің атауы ________________________________;

      дипломның нөмірі және берілген күні _________________________________;

      диплом берген оқу орнының атауы ___________________________________.

      шетел білім беру ұйымдарымен берілген білім беру туралы құжаттарды тану және нострификациялау туралы куәліктің нөмірі және берілген күні __________.

      3) Аккредиттелген мамандандырылған зертхана не көрсетілген зертханалары бар ұйымдардың талдамалық жұмыстарды (қызметтерді) орындауы туралы шарт:

      өз зертханасының болуы ____________________________________________;

      аккредиттеу аттестатының нөмірі және күні ____________________________;

      аккредиттеу саласы ________________________________________________;

      аттестатты берген орган _____________________________________________;

      аккредиттеу аттестатының жарамдылық мерзімі ________________________;

      Өз зертханасы болмаған жағдайда:

      зертханасы бар ұйымның атауы ______________________________________;

      шарттың нөмірі және жасалған күні ___________________________________;

      аккредиттеу аттестатының нөмірі және күні ____________________________;

      аккредиттеу аттестатын берген орган _________________________________;

      аккредиттеу саласы ________________________________________________

      аккредиттеу аттестатының жарамдылық мерзімі________________________.

      4) Қоршаған ортаға эмиссиялардың нормативтерін есептеу бойынша бағдарламалық кешені:

      бағдарламалық кешеннің атауы ______________________________________;

      бағдарламалық кешеннің өндірушісі __________________________________.

      3. Қауіпті қалдықтарды қайта өңдеу, залалсыздандыру, кәдеге жарату және (немесе) жою жөніндегі қызметке:

      1) штатында экологтың (білімі бойынша) қоршаған ортаны қорғау саласында кемінде бір жыл практикалық жұмыс тәжірибесінің болуы:

      маманның тегі, аты, әкесінің аты (болған жағдайда) _____________________;

      атқаратын лауазымы _______________________________________________;

      мамандықтың және біліктіліктің атауы ________________________________;

      дипломның нөмірі және берілген күні _________________________________;

      диплом берген оқу орнының атауы ___________________________________;

      шетел білім беру ұйымдарымен берілген білім беру туралы құжаттарды тану және нострификациялау туралы куәліктің нөмірі және берілген күні __________;

      жұмысқа қабылдау туралы бұйрықтардың нөмірі және күні және/немесе жеке еңбек шартының нөмірі және күні _______________________________________;

      2) меншік иесінде қауіпті қалдықтарды қайта өңдеу, залалсыздандыру, кәдеге жарату және (немесе) жою үшін арналған (әкімшілік-аумақтық бірлікте – қауіпті қалдықтарды басқару бойынша қабылдау және операциялар жүргізілетін облыста, республикалық маңызы бар қалада немесе астанада) өндірістік объектінің (үйдің, құрылыстың, ғимараттың, үй-жайдың және/немесе қауіпті қалдықтар полигонының) болуы:

      техникалық паспорттың (Ф-2) нөмірі және күні _________________________;

      Меншігінде өндірістік объект болмаған жағдайда:

      өндірістік объектісі бар ұйымның атауы _______________________________;

      шарттың нөмірі мен мерзімі _________________________________________;

      техникалық паспорттың (Ф-2) нөмірі және күні _________________________;

      3) меншік иесінің меншігінде қауіпті қалдықтарды қайта өңдеу, залалсыздандыру, кәдеге жарату және (немесе) жою операциялары үшін мемлекеттік экологиялық сараптама қорытындысында немесе кешенді экологиялық рұқсатта көрсетілген өндірістік кешеннің (қондырғының, жабдықтың және/немесе көліктің) толық тізбесінің болуы:

      жабдықты сатып алу шартының нөмірі мен күні (төлем тапсырмасымен) ____;

      пайдалану жөніндегі техникалық паспорттың нөмірі мен күні _____________;

      4) Міндетті экологиялық сақтандыру жөніндегі сақтандыру полисі:

      сақтандыру полисінің нөмірі және берілген күні ________________________;

      сақтанушының атауы _______________________________________________;

      сақтандырушының атауы ___________________________________________;

      сақтандыру полисінің қолданылу мерзімі ______________________________.

      5) Қауіпті қалдықтарды басқаратын кәсіпорынның оларды тасымалдаумен айналысатын көлігі global positioning system құрылғысымен (трекер) жабдықталады

      global positioning system құрылғысының (трекер) моделі (маркасы) __________________


Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады