Қолайсыз метеорологиялық жағдайлар туралы ақпаратты беру, мұндай ақпараттың құрамы мен мазмұнына қойылатын талаптарды, оны жариялау және мүдделі тұлғаларға беру қағидаларын бекіту туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Экология, геология және табиғи ресурстар министрінің 2021 жылғы 9 шiлдедегі № 243 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2021 жылғы 14 шiлдеде № 23517 болып тіркелді

      Қазақстан Республикасының Экология Кодексінің 210-бабының 5-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

      1. Қоса беріліп отырған Қолайсыз метеорологиялық жағдайлар туралы ақпаратты беру, мұндай ақпараттың құрамы мен мазмұнына қойылатын талаптарды, оны жариялау және мүдделі тұлғаларға беру қағидалары бекітілсін.

      2. Қазақстан Республикасы Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігінің Экологиялық саясат және тұрақты даму департаменті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:

      1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;

      2) осы бұйрық ресми жарияланғаннан кейін оның Қазақстан Республикасы Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігінің интернет-ресурсында орналастырылуын;

      3) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркегеннен кейін он жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігінің Заң қызметі департаментіне осы тармақтың 1) және 2) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді ұсынуды қамтамасыз етсін.

      3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Экология, геология және табиғи ресурстар вице-министріне жүктелсін.

      4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының Экология, геология және табиғи ресурстар министрі М. Мирзагалиев

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасы

      Қаржы министрлігі

  Қазақстан Республикасы
Ұлттық экономика министрлігі
Қазақстан Республикасының
Экология, геология және табиғи
ресурстар министрінің
2021 жылғы 9 шілдедегі
№ 243 Бұйрығымен бекітілген

Қолайсыз метеорологиялық жағдайлар туралы ақпаратты беру, мұндай ақпараттың құрамы мен мазмұнына қойылатын талаптарды, оны жариялау тәртібі және мүдделі тұлғаларға беру қағидалары

1-тарау. Жалпы ережелер

      1. Қолайсыз метеорологиялық жағдайлар туралы ақпарат беру ережелері, мұндай ақпараттың құрамы мен мазмұнына қойылатын талаптар, оны жариялау және мүдделі тұлғаларға беру тәртібі (бұдан әрі – Қағидалар) Қазақстан Республикасының Экология Кодексінің (бұдан әрі – Кодекс) 210-бабының 5-тармағына сәйкес әзірленді және мүдделі тараптарға қолайсыз метеорологиялық жағдайлар туралы ақпаратты (бұдан әрі – ҚМЖ) ұсыну тәртібі, мұндай ақпараттың құрамы мен мазмұнына қойылатын талаптар және жариялау тәртібін айқындайды.

      2. Осы Қағидаларда мынадай терминдер мен анықтамалар қолданылады:

      1) ұлттық гидрометеорологиялық қызмет (бұдан әрі - ҰГМҚ) ұлттық және халықаралық маңызы бар, арнайы мақсаттағы қызметтер мен мамандандырылған ақпаратты дайындауды қамтуда қоршаған ортаның жай-күйін бақылауды, метеорологиялық және гидрологиялық мониторингті мемлекеттік бақылаушы желіні қолдана отырып жүзеге асырады;

      2) мүдделі адамдар – жергілікті атқарушы органдар, қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкілетті органның аумақтық бөлімшесі;

      3) атмосфералық ауаның жер бетіне жақын қабатында зиянды (ластаушы) заттардың жиналуына ықпал ететін, метеорологиялық факторлардың және синоптикалық жағдайлардың ерекше үйлесімдерімен қалыптасатын қолайсыз метеорологиялық жағдайлар (ҚМЖ);

      4) қолайсыз метеорологиялық жағдайлар кешені – атмосфералық ауаның жер бетіне жақын қабатында зиянды (ластаушы) заттардың жиналуына ықпал ететін метеорологиялық факторлар мен синоптикалық жағдайлардың жиынтығы;

      5) күнделікті бюллетень – мерзімді жарияланатын қысқаша анықтамалық ақпараты бар ақпараттық материал;

      6) қолайсыз метеорологиялық жағдайлар туралы ескерту – ҚМЖ-дың пайда болу болжамы;

      7) синоптикалық жағдай – жер бетінің белгілі бір аумағы бойынша өзара байланысты ауа массаларының, фронттардың, циклондар мен антициклондардың және басқа атмосфералық объектілердің жиынтығы, бұл осы аймақтағы ауа-райының жай-күйін анықтайды;

      8) қолайсыз метеорологиялық жағдайлардың болжамын нақтылау – жаңадан алынған ақпаратты пайдалана отырып, ҚМЖ-дың бұрын берілген болжамын түзету.

      9) атмосфералық ауаның ластану деңгейінің жалпыланған көрсеткіші –жалпы қаладағы атмосфераның ластану деңгейі бағаланатын, атмосфераның ластану жағдайын бақылау нүктелерінен алынған өлшеу деректері негізінде есептелген салыстырмалы көрсеткіш.

      3. ҚМЖ болжамын Ұлттық гидрометеорологиялық қызмет бекіткен қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкілетті органмен келісім бойынша атмосфераның ластануын болжауды дайындауға арналған нұсқаулық және әдістемелік құжаттардың талаптарына сәйкес ҰГМҚ жасайды және ағымдағы және күтілетін метеорологиялық және синоптикалық жағдайларды ескере отырып, ағымдағы күннің жергілікті уақытымен сағат 15.00-ге дейін жүзеге асырылады.

      4. ҚМЖ болжамдары ауаның ластану жағдайын бақылау үшін кем дегенде үш пункті бар қалалық және басқа елді мекендер үшін жасалады.

      5. Күнделікті бюллетеньдерге ҚМЖ болжамдары туралы мәліметтер енгізіледі.

      6. Дұрыс бағалау кезінде, егер ҚМЖ-ның болжамды жиынтығының көп бөлігі (бірақ екеуден кем емес) дұрыс болса, ҚМЖ туралы ескерту ластанудың нақты деңгейіне қарамастан орынды деп саналады.

2-тарау. Қолайсыз метеорологиялық жағдайлар туралы ақпаратты, осындай ақпараттың құрамы мен мазмұнына қойылатын талаптарды, оны жариялау және мүдделі тұлғаларға ұсыну тәртібі

      7. ҚМЖ туралы ақпаратты қамтитын хабарламалар электронды форматта күнделікті бюллетеньдер, ескертулер немесе хабарламалар түрінде ресімделеді және ҰГМҚ-ның интернет-ресурсында ашық қолжетімділікте ағымдағы күннің жергілікті уақытымен сағат 15.00-ге дейін өтеусіз негізде орналастырылады.

      8. Мүдделі тұлғаларды атмосфераның ластануының ағымдағы деңгейі туралы күн сайын хабардар ету мақсатында ҰГМҚ осы Қағидалардың 1-қосымшасына сәйкес нысан бойынша электрондық форматта күн сайынғы бюллетеньді шығарады.

      9. Қолайсыз метеорологиялық жағдайлар кешенінен туындаған ластанудың жоғары нақты деңгейлерімен, сондай-ақ ластаушы заттардың одан әрі жинақталуына ықпал ететін болжанған ҚМЖ және синоптикалық жағдайлар кезінде ҚМЖ туралы ескерту ҰГМҚ интернет-ресурсында осы Қағидалардың 2-қосымшасына сәйкес нысан бойынша электрондық форматта орналастырылады.

      10. Бірінші, екінші немесе үшінші дәрежелі ҚМЖ туралы ескертулер екі тәулікке дейінгі мерзімге беріледі.

      11. Жалпы қала бойынша атмосфералық ауаның ластануының жалпыланған көрсеткішін есептеу және ҚМЖ дәрежесін анықтау осы Қағидалардың 3-қосымшасына сәйкес жүзеге асырылады.

      12. ҚМЖ туралы ескертулерге мыналар туралы деректер кіреді:

      1) ҚМЖ туралы ақпарат беретін ҰГМҚ филиалының атауы;

      2) оның шегінде ҚМЖ болжанатын қалалық немесе өзге де елді мекеннің атауы;

      3) ҚМЖ-дың қауіптілік дәрежесі.

      13. Болған оқиға туралы хабарландыру осы Қағидалардың 4-қосымшасына сәйкес нысан бойынша электрондық форматта ұсынылады.

      14. Күн сайынғы бюллетеннен, ескертуден және/немесе хабарландырудан тұратын ҚМЖ туралы ақпаратқа ҚМЖ туралы болжамдарды шығаруға жауапты ҰГМҚ құрылымдық бөлімшесінің басшысы немесе оны алмастыратын адам қол қояды.

      15. Екі сағат ішінде синоптикалық жағдай өзгерген жағдайда, ҰГМҚ ҚМЖ болжамын нақтылауды немесе бұрын берілген ескертудің күшін жоюды ұсынады.

      16. Болжамның қолданылу мерзімі аяқталғаннан кейін ҚМЖ туралы нақтыланған болжамды ұсынбау бастапқы хабарламада көрсетілген ҚМЖ-ның тоқтатылғандығы туралы куәландырады.

      17. Болжамсыз ҚМЖ пайда болған жағдайда, ҰГМҚ мүдделі тұлғаларға бір сағат ішінде болған оқиға туралы хабарлама жібереді.

      18. Жеке кәсіпкерлер және заңды тұлғалар күн сайын ҰГМҚ-ның интернет-ресурсынан ҚМЖ туралы ақпаратты жүктейді.

      19. Электрондық құжат айналымының ресми мемлекеттік порталдары арқылы жергілікті атқарушы органдарға және қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкілетті органның аумақтық бөлімшелеріне ҚМЖ туралы ақпарат ұсынылған жағдайда, жергілікті атқарушы органдар мен қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкілетті органның аумақтық бөлімшелері бір сағат ішінде ҚМЖ туралы ақпарат алу фактісін растайды.

  Қолайсыз метеорологиялық
жағдайлар туралы ақпарат беру,
мұндай ақпараттың құрамы
мен мазмұнына қойылатын
талаптар, оны жариялау тәртібі
және мүдделі тұлғаларға ұсыну
қағидаларына
1-қосымша
  Нысан

1-ші бет "ҚАЗГИДРОМЕТ" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорны (бұдан әрі – "Қазгидромет" РМК
Қазақстан Республикасы Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігі
АУА БАССЕЙНІ ЖАҒДАЙЫНЫҢ КҮНДЕЛІКТІ БЮЛЛЕТЕНІ
Елді мекеннің атауы "___" _________ 20__ ж _______________ қ.

2-ші бет АУА ЛАСТАНУЫНЫҢ МЕТЕОРОЛОГИЯЛЫҚ ШАРТТАРЫ БОЛЖАМЫ ____________________________________________ (елді мекеннің атауы, ҚМЖ-ның басталу және аяқталу күні, уақыты) ____________________________________________ (синоптикалық жағдайдың қысқаша сипаттамасы)
Бүгін (ертең), (күн) метеорологиялық жағдайлар қала атмосферасында ластаушы заттардың жиналуына (таралуына) ықпал етеді. Жалпы, _________________ (елді мекеннің атауы) ауаның ластануының төмен (жоғарылаған, салыстырмалы түрде жоғары) деңгейі күтілуде. Атмосфералық ауада ластаушы заттардың жиналуына ықпал ететін ___ деңгейдегі қолайсыз метеорологиялық жағдайлар күтіледі.
Атмосфералық ауа жағдайы __________________ (елді мекеннің атауы, ҚМЖ-ның басталу және аяқталу күні, уақыты) Ластану деңгейі "_____________________"

Ластаушы зат

Нақты концентрация,мкг/м3

ШЖШ-ның еселігі







 


3-ші бет ҚМЖ КЕЗІНДЕГІ ХАЛЫҚҚА ҰСЫНЫСТАР Атмосфералық ауаның ластану деңгейінің жоғарылауы жағдайында тұрғындарға:
1. ____________________________________________;
2. ____________________________________________;
3. ____________________________________________;
4. ____________________________________________;
5. ____________________________________________;
6. ____________________________________________;
7. ____________________________________________;
8. ____________________________________________;
9. ____________________________________________;
10. ___________________________________________. ұсынылады. ҚМЖ-ның болжамдары үшін жауапты ҰГМҚ құрылымдық бөлімнің басшысы ______ тегі, аты, әкесінің аты (қолы)(бар болса)
Орындаушы (лауазымы)__________________ Тегі, аты, әкесінің аты (қолы) (бар болса)
(Жасалған күні, жергілікті уақыты (сс:мм), телефоны)

4-ші бет ___________ елді мекенде атмосфераның ластану деңгейін бақылау _____ (бекеттердің жалпы саны) бақылау бекеттерінде жүргізіледі:
бекет № 1 – ________________;
бекет № 2 – ________________;
бекет № 3 – ________________;
"Р" параметрі - бұл тұтастай елді мекендегі ауаның ластануының жалпыланған деңгейінің көрсеткіші.

Р параметрінің мәні

Ластанудың тиісті деңгейі


төмен


көтеріңкі


жоғары

Байланыс: Елді мекеннің атауы, мекен-жайы Баспасөз қызметі Тел.: E-mail: Халықаралық ынтымақтастық бөлімі Тел.: E-mail: Ақпаратты пайдаланған кезде "Қазгидромет" РМК-на сілтеме жасау қажет


  Қолайсыз метеорологиялық
жағдайлар туралы ақпарат беру,
мұндай ақпараттың құрамы
мен мазмұнына қойылатын
талаптар, оны жариялау тәртібі
және мүдделі тұлғаларға ұсыну
қағидаларына
2-қосымша
  Нысан

      Қолайсыз метеорологиялық жағдайлар туралы бірінші (екінші, үшінші) дәрежелі ескерту

      Қазақстан Республикасы Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігі

      "Қазгидромет" РМК Ұлттық гидрометеорологиялық қызметінің ҚМЖ-ды болжауға жауапты құрылымдық бөлімі

      Қолайсыз метеорологиялық жағдайлар туралы бірінші (екінші, үшінші) дәрежелі ескерту №______ ________ (күні)

      Күні (қала атауы), күтілетін қолайсыз метеорологиялық жағдайларға байланысты, ауаның бірінші (екінші, үшінші) қауіптілік деңгейіндегі ластануының жоғарылауы мүмкін екендігі туралы ескерту жарияланады.

      ҚМЖ-ның болжамдары үшін жауапты

      ҰГМҚ құрылымдық бөлімнің басшысы ____________ тегі, аты, әкесінің аты

      (қолы)                  (бар болса)

      Орындаушы (лауазымы)___________________________ тегі, аты, әкесінің аты

      (қолы)                  (бар болса)

      (Жасалған күні, жергілікті уақыты (сс:мм), телефоны)

  Қолайсыз метеорологиялық
жағдайлар туралы ақпарат беру,
мұндай ақпараттың құрамы
мен мазмұнына қойылатын
талаптар, оны жариялау тәртібі
және мүдделі тұлғаларға ұсыну
қағидаларына
3-қосымша

Жалпы қала бойынша ауаның ластануының жалпыланған көрсеткішін есептеу және ҚМЖ дәрежесін анықтау

      1. Болжамдар мен ескертулерді жасау кезінде жалпыланған Р параметрі қолданылады. Р параметрі нақты күндер үшін осы қоспаның ШЖШ-ға әр өлшенген қоспаның концентрациясының жалпы өлшем санына бөлінетін қатынасының қосындысы ретінде анықталады.



      мұндағы, С - ауадағы ластаушы заттың (қоспаның) өлшенген концентрациясының мәні, мг/м3, n- барлық бақылау мерзімдері үшін барлық бекеттер бойынша қаладағы қоспаларды өлшеу саны.

      2. 1-дәрежелі ҚМЖ туралы ескерту P90 ≤ P < P98 шарттарын орындау кезінде, егер синоптикалық индекс бекеттердің барлық немесе басым бөлігінде осы заттың елді мекендердің атмосфералық ауасындағы ең жоғары бір реттік шекті рұқсат етілген концентрациясынан асып кетсе беріледі (ШЖШМБ, бұл жерде P90 – бақылау деректері бойынша кемінде екі және соңғы бес жылдан аспайтын кезеңде белгіленген Р параметрін бөлу функцияларының жоғарғы 90-процентиль мәні. P98 — Р параметрін бөлу функцияларының жоғарғы 98-процентиль мәні).

      3. 2-дәрежелі ҚМЖ туралы ескертулер p > P98 (1-тармақтың шарты) шартын орындау кезінде, егер барлық немесе посттардың басым бөлігінде СИ > 3ПДКМР шарты (2-тармақтың шарты) орындалса беріледі. Егер 1-тармақтың шарты орындалса, ал 2-тармақтың шарты орындалмаса, онда 1-дәрежелі ҚМЖ туралы ақпарат дайындалады.

      4. 3-дәрежелі ҚМЖ туралы ескертулер 1-тармақтың шарттары қатарынан екі тәулік ішінде немесе одан да көп уақыт бойы орындалған кезде, Егер барлық немесе бекеттердің басым бөлігінде СИ > 5ПДКМР шарты (3-тармақтың шарты) орындалса беріледі. Егер 2-тармақтың шарты орындалса, ал 3-тармақтың шарты орындалмаса, онда 2-дәрежелі ҚМЖ туралы ақпарат дайындалады.

      5. Атмосфералық ауаның ластануын бақылау деректері болмаған жағдайда, ҚМЖ дәрежесі қолайсыз синоптикалық жағдайлар мен метеорологиялық жағдайлар кешенін талдау негізінде анықталады. Бұл ретте тек 1-ші және 2-ші дәрежелі ҚМЖ туралы ақпарат дайындалады және ұсынылады.

      6. ШЖШМБ, белгіленбеген зиянды (ластаушы) заттар үшін, ал елді мекендердің атмосфералық ауасындағы зиянды (ластаушы) заттардың әсер етуінің шамаланған қауіпсіз деңгейлерінің (ӘШҚД) гигиеналық нормативтерінің мәндері, ӘШҚД осы мәндері ШЖШМБ. орнына пайдаланылады. Егер қаралатын зиянды (ластаушы) зат үшін ШЖШМБ мәні немесе ӘШҚД белгіленбесе, онда ШЖШМБ. орнына 10 ШЖШОТ. мәні пайдаланылады, бұл жерде ШЖШОТ. - осы заттың елді мекендердің атмосфералық ауасындағы орташа тәуліктік рұқсат етілген концентрациясының мәні.

  Қолайсыз метеорологиялық
жағдайлар туралы ақпарат беру,
мұндай ақпараттың құрамы мен
мазмұнына қойылатын талаптар,
оны жариялау тәртібі және
мүдделі тұлғаларға ұсыну
қағидаларына
4-қосымша
  Нысан

      Қолайсыз метеорологиялық жағдайлар туралы 1-ші дәрежелі хабарлама (2, 3-ші дәрежелі)

      Қазақстан Республикасы Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігі

      "Казгидромет" РМК Ұлттық гидрометеорологиялық қызметінің ҚМЖ-ды болжауға жауапты құрылымдық бөлімі

      Қолайсыз метеорологиялық жағдайлар туралы 1-ші дәрежелі (2, 3-ші дәрежелі) ескерту №______ ________ (күні)

      Күні (қала атауы), күтіліп отырған қолайсыз метеорологиялық жағдайларға байланысты, қаладағы ҚМЖ туралы бірінші (екінші, үшінші) дәрежелі ескерту жарияланды.

      ҚМЖ-ның болжамдары үшін жауапты

      ҰГМҚ құрылымдық бөлімнің директоры ____________ тегі, аты, әкесінің аты

      (қолы)                  (бар болса)

      Орындаушы (лауазымы)___________________________ тегі, аты, әкесінің аты

      (қолы)                  (бар болса)

      (Жасалған күні, жергілікті уақыты (сс:мм), телефоны)

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады