Қоршаған ортаға жағымсыз әсер ететін объектінің санатын айқындау жөніндегі нұсқаулықты бекіту туралы

Жаңартылған

Қазақстан Республикасы Экология, геология және табиғи ресурстар министрінің 2021 жылғы 13 шiлдедегі № 246 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2021 жылғы 15 шiлдеде № 23538 болып тіркелді.

      Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2019 жылғы 5 шілдедегі № 479 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасы Экология және табиғи ресурстар министрлігі ережесінің 15-тармағының 357) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

      Ескерту. Кіріспе жаңа редакцияда - ҚР Экология және табиғи ресурстар министрінің 13.11.2023 № 317 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      1. Қоршаған ортаға зиянды әсер ететін объектінің санатын айқындау жөніндегі нұсқаулық осы бұйрыққа қосымшаға сәйкес бекітілсін.

      2. Қазақстан Республикасы Экология, геология және табиғи ресурстар министрінің Экологиялық реттеу және бақылау комитеті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:

      1) Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде осы бұйрықтың мемлекеттік тіркелуін;

      2) осы бұйрықтың ресми жарияланғаннан кейін Қазақстан Республикасы Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігінің интернет-ресурсында орналастырылуын;

      3) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігінің Заң қызметі департаментіне осы тармақтың 1) және 2) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтердің ұсынылуын қамтамасыз етсін.

      3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Экология, геология және табиғи ресурстар вице-министріне жүктелсін.

      4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
Экология, геология және табиғи
ресурстар министрі
М. Мирзагалиев

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасы

      Ауыл шаруашылығы министрлігі

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасы

      Денсаулық сақтау министрлігі

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасы

      Индустрия және инфрақұрылымдық

      даму министрлігі

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасы

      Қаржы министрлігі

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасы

      Сауда және интеграция министрлігі

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасы

      Төтенше жағдайлар министрлігі

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасы

      Ұлттық экономика министрлігі

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасы

      Энергетика министрлігі

  Қазақстан Республикасының
Экология, геология және табиғи
ресурстар министрінің
2021 жылғы 13 шілдедегі
№ 246 бұйрығымен
бекітілген

Қоршаған ортаға жағымсыз әсер ететін объектінің санатын айқындау жөніндегі нұсқаулық

      Ескерту. Нұсқаулық жаңа редакцияда - ҚР Экология және табиғи ресурстар министрінің 13.11.2023 № 317 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

1-тарау. Жалпы ережелер

      1. Осы Қоршаған ортаға жағымсыз әсер ететін объектінің санатын айқындау жөніндегі нұсқаулық (бұдан әрі – Нұсқаулық) Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2019 жылғы 5 шілдедегі № 479 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасы Экология және табиғи ресурстар министрлігі туралы ереженің 15-тармағының 357) тармақшасына сәйкес әзірленді және қоршаған ортаға жағымсыз әсер ететін объектінің санатын айқындауды нақтылайды.

      2. Нұсқаулықта пайдаланылатын негізгі ұғымдар мен анықтамалар:

      1) діріл – техникадағы (машиналардағы, механизмдердегі, конструкциялардағы, қозғалтқыштардағы және басқалар);

      2) зиянды физикалық әсер ету көзі – жұмыс кезінде зиянды физикалық факторлар табиғи ортаға берілетін объект (технологиялық қондырғы, құрылғы, аппарат, агрегат және басқалар). Жағымсыз физикалық әсер етудің шекті жол берілетін деңгейі деп физикалық әсер етудің жекелеген түрлерінің (шу, діріл, электр, электрмагнит, магнит өрістері, радиация, жылу) ең жоғары деңгейі түсініледі, онда жануарлардың, өсімдіктердің, экологиялық жүйелер мен биоәртүрліліктің жай-күйіне зиянды әсер болмайды;

      3) инфрадыбыс – жиілік сипаттамалары бір герц – жиырма герц (бұдан әрі – Гц) жиілік саласында адам құлағының естілу ауқымынан тыс болатын шу;

      4) объект (I және II санат) – шегінде Қазақстан Республикасының Экология кодексіне (бұдан әрі – Кодекс) 2-қосымшаның 1-бөлімінде (І санаттағы объектілер үшін) немесе 2-бөлімінде (ІІ санаттағы объектілер үшін) көрсетілген қызметтің бір немесе бірнеше түрі жүзеге асырылатын стационарлық технологиялық объект (кәсіпорын, өндіріс), сондай-ақ осындай объект орналастырылатын сол өнеркәсіптік алаң шегінде жүзеге асырылатын онымен технологиялық тікелей байланысты кез келген өзге қызмет түрлері;

      5) объект (III санат) – өз шегінде Кодекске 2-қосымшаның 3-бөлімінде көрсетілген қызмет түрлері жүзеге асырылатын ғимарат, олардың кешені, алаң немесе аумақ;

      6) объект операторы – меншігінде немесе өзге де заңды пайдалануында қоршаған ортаға жағымсыз әсер ететін объект болатын жеке немесе заңды тұлға. Қоршаған ортаға жағымсыз әсер ететін объектіні салу, реконструкциялау, пайдалану және (немесе) жою (кейіннен кәдеге жарату) кезінде жекелеген жұмыстарды орындау және (немесе) жекелеген қызметтер көрсету үшін объект операторы тартқан жеке және заңды тұлғалар объект операторлары деп танылмайды;

      7) табиғи ортаға физикалық әсер ету – шудың, дірілдің, электр, электромагниттік, магниттік өрістердің, радиация мен жылудың жануарлардың, өсімдіктердің, экологиялық жүйелердің және биоәртүрліліктің жай-күйіне жағымсыз әсерінің жол берілетін шекті деңгейі;

      8) ультрадыбыс – ауа, сұйық және қатты ортада берілетін 1,12×104-ден 1,0 ×109 Гц дейінгі жиілік диапазонындағы ультрадыбыстық тербелістер;

      9) шу – адам ағзасына қолайсыз әсер ететін, оның жұмысы мен тынығуына кедергі келтіретін дыбыстар. Қызметкердің қауіпсіздігі мен денсаулығына зиянды әсер етуі мүмкін естілетін жиіліктер диапазонындағы дыбыстық тербелістер;

      10) электромагниттік сәулелену – табиғи немесе жасанды көздерден пайда болатын электромагниттік тербелістер;

      11) электромагниттік өріс – электромагниттік тербелістер көзіне жақын және электромагниттік тербелістердің таралу жолында пайда болатын өріс.

2-тарау. Қоршаған ортаға жағымсыз әсер ететін объектінің санатын айқындау

      3. Қоршаған ортаға жағымсыз әсер ететін объектілер әсер ету деңгейіне қарай төрт санатқа бөлінеді:

      1) қоршаған ортаға елеулі жағымсыз әсер ететін объектілер (I санаттағыобъектілер);

      2) қоршаған ортаға бірқалыпты жағымсыз әсер ететін объектілер (II санаттағы объектілер);

      3) қоршаған ортаға болмашы жағымсыз әсер ететін объектілер (III санаттағы объектілер);

      4) қоршаған ортаға барынша аз жағымсыз әсер ететін объектілер (IV санаттағы объектілер).

      Технологиялық жағынан бір-бірімен тікелей байланысты, әсер етудің бірыңғай саласы бар және олардың негізінде бір мезгілде I, II, III және (немесе) IV санаттағы объектілерге жатқызылған бірнеше өлшемшарттарға сәйкес келетін объектілер объектіге қоршаған ортаға жағымсыз әсер етудің ең жоғары деңгейі бойынша тиісті санат беріледі.

      4. Қоршаған ортаға жағымсыз әсер ететін объектілерді қызмет түрлері бойынша I, II немесе III санаттағы объектілерге және өзге де өлшемшарттарға жатқызу Кодекске 2-қосымшаға сәйкес жүзеге асырылады.

      Кодекстің 2-қосымшада тиісті қызмет түрі болмаған жағдайда санатты айқындау осы Нұсқаулыққа сәйкес жүзеге асырылады.

      Әртүрлі санаттағы объектілерде жүргізілетін құрылыс-монтаждау жұмыстары мен рекультивациялау және жою жөніндегі жұмыстар I, II, III немесе IV санаттарға жататын критерийлер осы Нұсқаулыққа сәйкес белгіленеді.

      Осы Нұсқаулықтың бірнеше өлшемшарттарына сәйкес ең үлкен санат беріледі.

      5. Қоршаған ортаға жағымсыз әсер ететін объектілерді қызмет түрлері және өзге де критерийлер бойынша I, II, III немесе IV санаттағы объектілерге жатқызу осы Нұсқаулықтың 4-тармағына сәйкес оператордың өз бетінше қоршаған ортаға әсерін міндетті бағалауды, көзделіп отырған қызметтің әсерлерін скринингті жүргізу кезінде, сондай-ақ жоғарыда аталған екі рәсімді есепке алмағанда жүзеге асырылады.

      1) Қоршаған ортаға әсерді міндетті бағалауға жататын және қоршаған ортаға әсерді міндетті бағалауды жүргізу кезінде көзделіп отырған қызметке қатысты;

      2) Қоршаған ортаға әсерді міндетті бағалау жүргізу кезінде және қоршаған ортаға әсерін міндетті бағалауға жататын көзделетін қызметке қатысты;

      3) Нұсқаулықтың талаптарын ескере отырып, оператордың өзі дербес атқаратын, осы тармақтың 1) немесе 2) тармақшаларында көрсетілмеген көзделіп отырған қызметке қатысты.

      6. 2021 жылғы 1 шілдеге дейін пайдалануға берілген объектілердің немесе 2021 жылғы 1 шілдеге дейін оларға қатысты мемлекеттік экологиялық сараптаманың немесе ведомстводан тыс кешенді сараптаманың оң қорытындылары берілген, 2007 жылғы 9 қаңтардағы Қазақстан Республикасының Экология кодексіне сәйкес арнайы табиғат пайдалану субъектілері деп танылған, пайдалануға берілмеген объектілердің операторлары (өтініш берушілер) қоршаған ортаға жағымсыз әсер ететін объектілерді қызмет түрлері бойынша I, II, III және IV санаттардағы объектілерге және өзге де өлшемшарттарға жатқызу мақсатында, тиісті объектілерді I, II, III және IV санаттарға жатқызу мақсатында қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкілетті органға өтініш 2021 жылғы 1 тамыздан кешіктірілмей электрондық нысанда беріледі.

      Объектілерді I, II, III және IV санаттарға жатқызу Кодекстің 418-бабының 3-тармағына сәйкес мемлекеттік экологиялық сараптама қорытындысының және/немесе қоршаған ортаға эмиссияларға рұқсаттың негізінде жүзеге асырылады.

      7. Қоршаған ортаға жағымсыз әсер ететін объектінің санатын айқындауға арналған өтініш нысаны (бұдан әрі – өтініш) осы Нұсқаулыққа 1-қосымшада ұсынылған.

      8. Операторда эмиссиялардың бір түрі болған және одан асатын жағдайларда өтініш қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкілетті органға беріледі:

      жылына 5 000 тонна ластаушы заттардың шығарындылары, оның ішінде мұнай – газ өнеркәсібі үшін-жылына 1 000 тонна;

      жылына 15 000 тонна ластаушы заттардың төгінділері;

      жылына 4 000 000 тонна қалдықтарды жинақтау және (немесе) көму лимиттері;

      қалған жағдайларда өтініш қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкілетті органның аумақтық бөлімшелеріне беріледі.

      9. Өтініш бойынша шешім қабылдау мерзімі қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкілетті органға тіркелген күннен бастап 15 (он бес) жұмыс күні.

      Уәкілетті органның қоршаған ортаға жағымсыз әсер ететін объектінің санатын айқындау жөніндегі шешімі осы Нұсқаулықтың 2-қосымшасына сәйкес нысан бойынша ресімделеді.

      10. Кодекске 2-қосымшада қызмет түрі болмаған кезде объект, құрылыс-монтаж жұмыстары және рекультивациялау және (немесе) жою жөніндегі жұмыстар мынадай өлшемшарттардың біріне немесе бірнешеуіне сәйкес келген жағдайда қоршаған ортаға жағымсыз әсер ететін I санатқа жатады:

      1) Кодекске 2-қосымшаның 1-бөлімінде көрсетілген объектілердің бастапқы құрылысы;

      2) осындай объектінің технологиялық процесіне өзгерістер енгізетін және (немесе) нәтижесінде оны пайдалану кезінде эмиссиялардың көлемі, саны және (немесе) қарқындылығы ұлғаятын I санаттағы объектідегі құрылыс-монтаждау жұмыстары;

      3) I санаттағы объектілерді рекультивациялау және (немесе) жою жөніндегі жұмыстар;

      4) жылына 1 000 тоннадан астам ластаушы заттар шығарындыларының болуы;

      5) жылына 5 000 тоннадан астам ластаушы заттар төгінділерінің болуы;

      6) қалдықтарды жинақтау және (немесе) көму лимиттерінің жылына 1 000 000 тоннадан артық болуы;

      7) Каспий теңізінде (оның ішінде қорық аймағында) қызметті жүзеге асыру);

      8) қоршаған ортаға әсер етудің ықтимал қатері бар күкіртті өндіру, сақтау және қайта өңдеу жөніндегі қызметті жүзеге асыру;

      9) басқа мемлекеттің аумағында қоршаған ортаға трансшекаралық әсер ететін қызметті жүзеге асыру болып табылады;

      10) радиоактивті материалдарды өндіру, қайта өңдеу, өндіру және пайдалану жөніндегі қызметті жүзеге асыру;

      11) электромагниттік өрістер және (немесе) сәулелену көздерінің шекті жол берілетін деңгейдің 10-нан астам болуы;

      12) өндірістік шудың (бір шекті рұқсат етілген деңгейден + 25 децибел және одан көп), инфрақызыл (бір шекті рұқсат етілген деңгейден + 15 децибел және одан да көп) және ультрадыбыстың (бір шекті рұқсат етілген деңгейден + 30 децибел және одан да көп) болуы.

      11. Кодекске 2-қосымшада қызмет түрі болмаған кезде объект, құрылыс-монтаж жұмыстары және рекультивациялау және (немесе) жою жөніндегі жұмыстар мынадай өлшемшарттардың біріне немесе бірнешеуіне сәйкес келген жағдайда қоршаған ортаға жағымсыз әсер ететін II санатқа жатады:

      1) Кодекске 2-қосымшаның 2-бөлімінде көрсетілген объектілердің бастапқы құрылысы;

      2) осындай объектінің технологиялық процесіне өзгерістер енгізетін және (немесе) нәтижесінде оны пайдалану кезінде эмиссиялардың көлемі, саны және (немесе) қарқындылығы ұлғаятын II санаттағы объектінің құрылыс-монтаждау жұмыстары;

      3) II санаттағы объектілерді рекультивациялау және (немесе) жою жөніндегі жұмыстар;

      4) жылына 500-ден 1 000 тоннаға дейін ластаушы заттар шығарындыларының болуы;

      5) жылына 5 000 тоннадан кем ластағыш заттар төгінділерінің болуы;

      6) қалдықтардың жинақталу шектерінің болуы: қауіпті емес қалдықтар үшін – жылына 100 000-нан 1 000 000 тоннаға дейін, қауіпті қалдықтар үшін – жылына 5 000-нан 1 000 000 тоннаға дейін;

      7) жылына 1 000 000 тоннадан аз қалдықтарды көму лимиттерінің болуы;

      8) шудың болуы (бір шекті рұқсат етілген деңгейден + 15 децибелден + 25 децибелге дейін қоса алғанда), инфрадыбыс (бір шекті рұқсат етілген деңгейден + 10 децибелден + 15 децибелге дейін қоса алғанда) және ультрадыбыс (бір шекті рұқсат етілген деңгейден + 20 децибелден + 30 децибелге дейін қоса алғанда).

      12. Кодекске 2-қосымшада қызмет түрі болмаған кезде объект, құрылыс-монтаж жұмыстары және рекультивациялау және (немесе) жою жөніндегі жұмыстар бір немесе бірнеше өлшемшарттарға сәйкес келген жағдайда қоршаған ортаға жағымсыз әсер ететін III санатқа жатады:

      1) Кодекске 2-қосымшаның 3-бөлімінде көрсетілген объектілердің бастапқы құрылысы;

      2) осындай объектінің технологиялық процесіне өзгерістер енгізетін және (немесе) нәтижесінде оны пайдалану кезінде эмиссиялардың көлемі, саны және (немесе) қарқындылығы ұлғаятын III санаттағы объектінің құрылыс-монтаждау жұмыстары;

      3) III санаттағы объектілерді рекультивациялау және (немесе) жою жөніндегі жұмыстар;

      4) зиянды (ластаушы) заттар төгінділерінің болмауы;

      5) объектіні пайдалану кезінде жылына 10 тоннадан 500 тоннаға дейін ластаушы заттар шығарындыларының болуы;

      6) объектіде жобалық жылу қуаты сағатына 2 гигакалорий және одан жоғары жабдықты қолдана отырып, электр энергиясымен, газбен және бумен қамтамасыз ету жөніндегі қондырғыларды пайдалану;

      7) объектіде қалдықтардың жинақталуы: қауіпті емес қалдықтар үшін – жылына 10-нан 100 000 тоннаға дейін, қауіпті қалдықтар үшін – жылына 1-ден 5 000 тоннаға дейін;

      8) осы Нұсқаулықтың 10-тармағының 2) тармақшасында және 11-тармағының 2) тармақшасында көзделген өлшемшарттарды қоспағанда, атмосфералық ауаға шығарындылардағы ластаушы заттардың массасы жылына 10 тонна және одан көп болатын құрылыс-монтаждау жұмыстарын жүргізу;

      9) осы Нұсқаулықтың 10-тармағының 3) тармақшасында және 11-тармағының 3) тармақшасында көзделген өлшемшарттарды қоспағанда, атмосфералық ауаға шығарындылардағы ластаушы заттардың массасы жылына 10 тонна және одан көп болатын рекультивациялау және (немесе) жою жөніндегі жұмыстар;

      10) өндірістік шудың (рұқсат етілген бір шекті деңгейден + 5 децибелден + 15 децибелге дейін қоса алғанда), инфрадыбыстың (рұқсат етілген бір шекті деңгейден + 5 децибелден + 10 децибелге дейін қоса алғанда) және ультрадыбыстың (рұқсат етілген бір шекті деңгейден + 10 децибелден + 20 децибелге дейін қоса алғанда) болуы.

      13. Кодекске 2-қосымшада қызмет түрі болмаған кезде объект, құрылыс-монтаж жұмыстары және рекультивациялау және (немесе) жою жөніндегі жұмыстар бір немесе бірнеше өлшемшарттарға сәйкес келген жағдайда қоршаған ортаға жағымсыз әсер ететін IV санатқа жатады:

      1) осы Нұсқаулықтың 10-тармағының 3) тармақшасында, 11-тармағының 3) тармақшасында және 12-тармағының 9) тармақшасында көзделген өлшемшарттарды қоспағанда, атмосфералық ауаға шығарындылардағы ластаушы заттардың массасы жылына 10 тоннадан кем болатын рекультивациялау және (немесе) жою жөніндегі жұмыстар;

      2) қоршаған ортаға көлемі жылына 10 тоннадан кем ластағыш заттар шығарындыларының болуы;

      3) осы Нұсқаулықтың 10-тармағының 2) тармақшасында, 11-тармағының 2) тармақшасында және 12-тармағының 2) және 8) тармақшаларында көзделген өлшемшарттарды қоспағанда, атмосфералық ауаға шығарындылардағы ластаушы заттардың массасы жылына 10 тоннадан кем болатын құрылыс-монтаждау жұмыстарын жүргізу;

      4) өндірістік шудың (рұқсат етілген бір шекті деңгейден + 5 децибелді қоса алғанда), инфрадыбыстың (рұқсат етілген бір шекті деңгейге дейін) және ультрадыбыстың (рұқсат етілген бір шекті деңгейден + 10 децибелге дейін қоса алғанда) болуы.

  Қоршаған ортаға жағымсыз
әсер ететін объектінің
санатын айқындауға
арналған нұсқаулыққа
1-қосымша
Нысан

Қоршаған ортаға жағымсыз әсер ететін объектінің санатын айқындауға өтініш

      __________________________________________________________________________

      заңды тұлғаның немесе заңды тұлғаның ұйымдық-құқықтық нысаны мен атауы жеке

      кәсіпкердің тегі, аты, әкесінің аты (бар болса)

      __________________________________________________________________________

      заңды тұлғаның мекенжайы (орналасқан жері) немесе жеке кәсіпкердің тұрғылықты жері

      Заңды тұлғаның бизнес сәйкестендіру нөмірі /

      Жеке кәсіпкердің жеке сәйкестендіру нөмірі:

      __________________________________________________________________________

      Заңды тұлғаның (жеке кәсіпкердің) экономикалық қызметінің негізгі түрінің коды:

      _________________________________________________________________________

      Объектінің санатын айқындауды сұраймын_____________________________________

      қоршаған ортаға жағымсыз әсер ететін объектінің атауы

      Жетекші _____________________________________________ ___________

      (Тегі, аты, әкесінің аты (бар болса) қолы

      20__ жылғы "__" ________________

      Өтініш мазмұны

      1. Объектінің атауы (объектілер):__________________________________________

      2. Кәсіпорын қызметін жүзеге асырудың түрі (түрлері) және мерзімдері туралы

      ақпарат:______________________________________________________________

      3. Объектінің (объектілердің) географиялық және әкімшілік орналасуы:

      Каспий теңізінің акваториясына, ерекше қорғалатын аумақтарға; көрші мемлекеттердің

      шекараларына (қоршаған ортаға трансшекаралық әсер ету) қатысты жағдайды қоса

      алғанда.__________________________________________________________________

      Ескертпе: қызметті жүзеге асыратын ауданның (аудандардың) шолу карта-схемасын ұсыну.

      4. Өндіріс саласы (өнеркәсіп бөлігі):

      5. Технологиялық процестің қысқаша сипаттамасы:______________________________

      6. Қоршаған ортаны ластау көздері бар өнеркәсіптік алаңдардың орналасқан жері

      туралы деректер (эмиссия көздерінің орналасу схемалары)________________________

      1-кесте

Өнеркәсіптік алаңдардың болуы

Өнеркәсіптік алаңның атауы

Облыс


Координаттары,

Алып жатқан аумағы, гектар

градус, минут, секунд

ендік

бойлық

1

2

3

4

5

6

7

      7. Күкіртті түзудің, сақтаудың және өңдеудің болуы. Объектілердің (карталардың) сипаттамасы.

      2-кесте

Объектілердің (карталардың) сипаттамасы)

Алаңның/картаның атауы (карталар №)

Координаттары, градус, минут, секунд

Алып жатқан аумағы, гектар

Күкіртті ашық күйінде орналастыру нормативтері, жылына тонна *

Қайта өңдеу / жою әдісі, жылына тонна

Ескертпе

ендік

бойлық

1

2

3

4

5

6

7

8

      * Ескертпе: ақпарат өндірістің ең жоғары қуат деңгейіне ұсынылады.

      8. Жинақталатын және/немесе көмілетін қалдықтардың болуы.

  3-кесте

Жиналатын және / немесе көмілетін қалдықтардың жіктелуі

Қалдықтар тізімі

Қалдықтарды жіктеу (код)

Ескертпе

1

2

3

4

      9. Атмосфераға ластаушы заттар шығарындыларының нормативтері/декларацияланатын саны туралы ақпарат.

  4-кесте

Атмосфераға ластаушы заттар шығарындыларының нормативтері

Өнеркәсіптік алаңның атауы

Ластаушы заттарды шығару көздерінің атауы

Заттардың атауы

Атмосфераға ластаушы заттар шығарындыларының нормативтері*

Ескертпе

секундына грамм

жылына тонна

1

2

3

4

5

6

7

      * Ескертпе: ақпарат өндірістің ең жоғары қуат деңгейіне ұсынылады.

      10. Сарқынды суларға ластаушы заттарды шығарудың нормативтері туралы ақпарат.

  5-кесте

Сарқынды сулардағы ластаушы заттар төгінділерінің нормативтері

Сарқынды суларды ағызу көзі

Шығарылымдардың атауы (нөмірі)

Заттардың атаулары (көрсеткіш)

Сарқынды сулардың шығыны *,

Шығаруға рұқсат етілген шоғырлану*,

Ластаушы заттардың төгінділерінің нормативтері *,

Ескертпе

жылына мың текше метр

текше дециметрге миллиграм

жылына тонна

1

2

3

4


5

6

7

      * Ескертпе: ақпарат өндірістің ең жоғары қуат деңгейіне ұсынылады.

      11. Қалдықтарды жинақтау және жою лимиттері / қалдықтардың мөлшері мен түрлері туралы (қалдықтармен жұмыс істейтін, жинақталған және берілген).

  6-кесте

Қалдықтарды жинақтау және көму лимиттері / қалдықтардың (қалдықтарды басқару жөніндегі мамандандырылған ұйымдарға жиналатын, жинақталатын және берілетін) саны мен түрлері)

Қалдықтардың тізімі *

Код

Қалдықтарды жинақтау лимиттері (жылына тонна)**

Қалдықтарды көму лимиттері (жылына тонна)**

Ескертпе

1

2

3

4

5

6

      * Ескертпе: тізімде қайта өңдеу, залалсыздандыру, кәдеге жарату және (немесе) жою үшін кәсіпкерлік субъектілеріне берілмеген қалдықтар көрсетіледі;

      ** Ескертпе: ақпарат өндірістің ең жоғары қуат деңгейіне ұсынылады.

      12 Табиғи ортаның компоненттеріне және олардың әсер ету аймақтарының шекараларына зиянды физикалық әсер ету көздерін орналастырудың карта-схемасын ұсына отырып, қоршаған ортаның физикалық факторлары үшінбелгіленген нормативтер туралы ақпарат.

  7-кесте

Қоршаған ортаның физикалық факторлары (шу, діріл, электр, электромагниттік, магниттік өрістер, радиация, жылу) үшін белгіленген нормативтер)

Қоршаған ортаға зиянды физикалық әсер түрінің атауы *

Әсер ету көзінің атауы (олардың жиынтығы)

Әсер көзінің нөмірі

Қоршаған ортаға физикалық әсер ету нормативі

Ескертпе

Өлшем бірлігі

Шамасы

1

2

3

4

5

6

7


шу


2











діріл


1







2







2











электростатикалық, электромагниттік өрістер


1







2











радиация


1







2











жылу


1







2





ультрадыбыс








1







2





инфрадыбыс








1







2







1










      * Ескертпе: ақпарат өндірістің ең жоғары қуат деңгейіне ұсынылады. Табиғи ортаның құрамдастарына және олардың әсер ету аймақтарының шекараларына зиянды физикалық әсер ету көздерін орналастырудың карта-схемалары ұсынылады

      Өтініш ___________ парақта жасалды.

      Уәкілетті тұлға:_________________________________________________________

      лауазымы, тегі, аты, әкесінің аты (бар болса), телефон нөмірі, факс нөмірі,

      электрондық пошта

      Жетекші _____________________________________________ ___________

      (тегі, аты, әкесінің аты (бар болса) қолы

      20__ жылғы "__" ________________

  Қоршаған ортаға
жағымсыз әсер ететін
объектінің санатын
айқындауға арналған
нұсқаулыққа
2-қосымша
Мемлекеттік органның
шешімі (нысан)

Қоршаған ортаға жағымсыз әсер ететін объектінің санатын айқындау

      20__ жылғы "__" ______ № ______

      Қоршаған ортаға жағымсыз әсер ететін объектінің атауы,

      __________________________________________________________________________

      (экономикалық қызметтің негізгі түрінің коды және қоршаған ортаға кері әсер ететін

      объектінің атауы (болған жағдайда))

      __________________________________________________________________________

      (объектіде өткізілетін іс-шаралар)

      Объектінің санаты анықталды:______________________________________________

      __________________________________________________________________________

      (заңды тұлғаның толық және (болған жағдайда) қысқартылған атауы, ұйымдық-

      құқықтық нысаны, дара кәсіпкердің тегі, аты және (болған жағдайда) әкесінің аты, оның

      жеке басын куәландыратын құжаттың атауы мен деректемелері көрсетіледі).

      Заңды тұлғаның бизнес-сәйкестендіру нөмірі /

      жеке кәсіпкердің жеке сәйкестендіру нөмірі:

      __________________________________________________________________________

      Заңды тұлғаның мекенжайы (орналасқан жері, пошталық индекс) немесе жеке

      кәсіпкердің тұрғылықты жері_________________________________________________

      __________________________________________________________________________

      Қоршаған ортаға жағымсыз әсер ететін объектінің мекенжайы (орналасқан жері)

      Жетекші _____________________________________ ___________

      (тегі, аты, әкесінің аты (бар болса) қолы

      20__ жылғы "__" ________________

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады