Ескерту. Бұйрықтың күші жойылды - ҚР Ғылым және жоғары білім министрінің 05.01.2024 № 4 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік алпыс күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
ЗҚАИ-ның ескертпесі!
Осы бұйрықтың қолданысқа енгізілу тәртібін 4 т. қараңыз.
"Құқықтық актілер туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 65-бабының 3-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
1. "Білім беру қызметіне қойылатын біліктілік талаптарын және оларға сәйкестікті растайтын құжаттардың тізбесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2015 жылғы 17 маусымдағы № 391 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 11716 болып тіркелген) мынадай өзгеріс енгізілсін:
көрсетілген бұйрықпен бекітілген Білім беру қызметіне қойылатын біліктілік талаптары және оларға сәйкестікті растайтын құжаттардың тізбесі осы бұйрыққа қосымшаға сәйкес редакцияда жазылсын.
2. Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің Білім және ғылым саласында сапаны қамтамасыз ету комитеті (Г. Көбенова) Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:
1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;
2) осы бұйрық ресми жарияланғаннан кейін оны Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің ресми интернет-ресурсында орналастыруды;
3) осы бұйрық мемлекеттік тіркеуден өткеннен кейін он жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің Заң департаментіне осы тармақтың 1) және 2) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді ұсынуды қамтамасыз етсін.
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының Білім және ғылым вице-министрі Ш.Т. Кариноваға жүктелсін.
4. Осы бұйрық 2022 жылғы 1 қаңтардан бастап күшіне енетін біліктілік талаптарының 110-1 тармағын қоспағанда, алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін алпыс күнтізбелік күн өткеннен кейін күшіне енеді.
м.а Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрі |
К. Ергалиев |
Білім беру қызметіне қойылатын біліктілік талаптары және оларға сәйкестікті растайтын құжаттар тізбесі
Р/с № | Білім беру қызметіне қойылатын біліктілік талаптары | Біліктілік талаптарына сәйкестікті растайтын құжаттар | Ескертпе |
1. Бастауыш білім берудің жалпы білім беретін оқу бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдарының қызметі үшін | |||
1 | Оқу жұмыс жоспарларының үлгілік оқу жоспарларына және Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2018 жылғы 31 қазандағы № 604 бұйрығымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 17669 болып тіркелген) (бұдан әрі – № 604 бұйрық) бекітілген Бастауыш білім берудің мемлекеттік жалпыға міндетті стандартына сәйкестігі. | Білім беру ұйымының басшысы бекіткен үлгілік оқу жоспарларына сәйкес әзірленген оқу жұмыс жоспарларының көшірмелері. | |
2 |
Оқу жұмыс жоспарының пәндеріне сәйкес тиісті бейіндері бойынша педагогикалық білімі бар педагогтердің болуы. Негізгі жұмыс орны лицензиат болып табылатын жоғары және бірінші санатты педагогтердің, педагог-сарапшылардың, педагог-зерттеушілердің, педагог-шеберлердің бастауыш білім беру деңгейіндегі педагогтердің жалпы санынан үлесі жалпы білім беретін мектептер, мектеп-гимназиялар, мектеп-лицейлер үшін кемінде 25 %; | Педагог және оқытушы кадрлармен жасақталуы туралы мәліметтер (осы біліктілік талаптарына 1-ші қосымшаға сәйкес нысан бойынша). | |
2-1 | Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2016 жылғы 22 қаңтардағы № 70 бұйрығымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 13272 болып тіркелген) (бұдан әрі – № 70 бұйрық) бекітілген нормаларға сәйкес оқу және көркем әдебиет кітапханалық қорының болуы. | Оқу және көркем әдебиет қорының болуы туралы мәліметтер (осы біліктілік талаптарына 2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша | |
3 | Денсаулық сақтау ұйымдарымен медициналық қызмет көрсетуге лицензия немесе шарт негізінде білім алушыларға медициналық қызмет көрсетудің болуы | Медициналық қызмет көрсету туралы мәлімет, оның ішінде медициналық пункттің және медициналық қызметке берілген лицензияның болуы туралы мәлімет (осы біліктілік талаптарына 3-ші қосымшаға сәйкес нысан бойынша). Білім алушыларға медициналық қызмет көрсетуге денсаулық сақтау ұйымымен жасалған шарттың көшірмесі. | |
4 | Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2017 жылғы 17 ақпандағы № 71 қаулысының 16 бабының 132-1) тармақшасына сәйкес бекітілген (бұдан әрі – № 71 қаулы) халықтың санитариялық-эпидемиологиялық салауаттылығы саласындағы уәкілетті органның санитариялық-эпидемиологиялық қорытындысы немесе білім алушыларды тамақпен қамтамасыз етуге арналған шарт негізінде білім алушыларға арналған тамақтандыру объектісінің болуы. | Санитариялық қағидалар мен нормаларға сәйкес келетін тамақтандыру объектісінің болуы туралы мәліметтер (осы біліктілік талаптарына 4-қосымшаға сәйкес нысан бойынша). Білім алушыларды тамақпен қамтамасыз ету шартының көшірмесі. | |
5 | Меншікті не шаруашылық жүргізу немесе жедел басқару не сенімгерлік басқару құқығында тиесілі материалдық активтердің болуы немесе № 71 қаулыға сәйкес бекітілген санитариялық нормаларға және Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2017 жылғы 23 маусымдағы № 439 бұйрығымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 15501 болып тіркелген) (бұдан әрі – № 439 бұйрық) бекітілген өрт қауіпсіздігі талаптарына сәйкес келетін оқу үй-жайларымен білім беру қызметтерінің сапасын қамтамасыз ететін, кемінде 10 жыл қолданылу мерзімімен материалдық активтерді жалға алу. |
Пайдалы оқу алаңының, материалдық-техникалық базасының болуы туралы мәліметтер (осы біліктілік талаптарына 5-қосымшаға сәйкес нысан бойынша). Шаруашылық жүргізу немесе жедел басқару немесе сенімді басқару құқығын растайтын құжаттардың немесе ғимаратты жалдау шартының көшірмелері; санитариялық-эпидемиологиялық қорытындының/актінің көшірмесі; | |
6 |
Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2020 жылғы 2 наурыздағы № 79 бұйрығымен (бұдан әрі – № 79 бұйрық) бекітілген Білім беру ұйымдарындағы пайдаланылатын бағдарламалық-аппараттық кешенге және қолданбалы бағдарламалық қамтамасыз етуге қойылатын ең төменгі талаптарға сәйкес келетін компьютерлік сыныптармен, Интернет желісіне қосылған компьютерлермен жабдықталуы; | Білім беру процесін материалдық-техникалық қамтамасыз ету туралы, оның ішінде компьютерлік сыныптардың, компьютерлердің болуы туралы мәліметтер, мемлекеттік білім беру ұйымдары үшін білім беру ұйымдарының үй-жайларында және аумағында бейнекамералардың болуы (осы біліктілік талаптарына 6-қосымшаға сәйкес нысан бойынша). | Интернет желісіне қосылған компьютерлік сыныптармен жарақтандыру туралы біліктілік талабы қылмыстық-атқару (пенитенциарлық) жүйесінің мекемелерінде орналастырылған білім беру ұйымдарына қолданылмайды. Жаңадан құрылған білім беру ұйымдарында жеке пайдалануға арналған жабдықталған шкафтар саны болжамды жиынтық бойынша анықталады, жұмыс істеп тұрған білім беру ұйымдарында контингент бойынша анықталады. |
7 | Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2012 жылғы 27 желтоқсандағы № 570 бұйрығымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 8369 болып тіркелген) (бұдан әрі – № 570 бұйрық) бекітілген білім беру мониторингі шеңберінде әкімшілік деректер нысандарына сәйкес контингент туралы өзекті дерекқорлары бар білім беруді басқарудың ақпараттық жүйесінің болуы және нақты деректердің Ұлттық білім беру дерекқорына сәйкестігі. | Білім беруді басқарудың ақпараттық жүйесінің болуы туралы мәліметтер (осы біліктілік талаптарына 6-қосымшаға сәйкес нысан бойынша). | |
7-1 | Ерекше білім беру қажеттіліктері бар адамдар үшін жағдай жасау (кіру жолдары, ақпараттық-навигациялық қолдау құралдары, баспалдақтарды пандустармен немесе көтергіш құрылғылармен қайталау, баспалдақтар мен пандустарды тұтқалармен жабдықтау, есіктер мен баспалдақтарды қарама-қарсы бояумен бояу). | Жасалған жағдай туралы мәлімет (осы біліктілік талаптарына 5-қосымшаға сәйкес нысан бойынша). | |
2. Негізгі орта білім берудің жалпы білім беретін оқу бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдарының қызметі үшін | |||
8 | Оқу жұмыс жоспарларының үлгілік оқу жоспарларына және № 604 бұйрықпен бекітілген Негізгі орта білім берудің мемлекеттік жалпыға міндетті стандартына сәйкестігі. | Білім беру ұйымының басшысы бекіткен үлгілік оқу жоспарларына сәйкес әзірленген оқу жұмыс жоспарларының көшірмелері. | |
9 |
Тиісті бейіндер бойынша педагогикалық білімі немесе педагогикалық қайта даярлаудан өтумен кәсіптік білімі бар оқу жұмыс жоспарының пәндеріне сәйкес педагогтердің болуы. | Педагог және оқытушы кадрлармен жасақталуы туралы мәліметтер (осы біліктілік талаптарына 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша). | |
9-1 | № 70 бұйрықпен бекітілген нормаларға сәйкес оқу және көркем әдебиеттің кітапханалық қорының болуы. | Оқу және көркем әдебиет қорының болуы туралы мәліметтер (осы біліктілік талаптарына 2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша). | |
10 | Медициналық қызмет көрсету үшін денсаулық сақтау ұйымдарымен лицензия немесе шарт негізінде білім алушыларға медициналық қызмет көрсетудің болуы. | Медициналық қызмет көрсетудің болуы туралы, оның ішінде медициналық пунктінің және медициналық қызметке лицензияның болуы туралы мәліметтер (осы біліктілік талаптарына 3-қосымшаға сәйкес нысан бойынша). | Біліктілік талабы қылмыстық-атқару (пенитенциарлық) жүйесі мекемелерінің жанында орналасқан білім беру ұйымдарына қолданылмайды. |
Білім алушыларға медициналық қызмет көрсетуге денсаулық сақтау ұйымымен жасалған шарттың көшірмесі. | |||
11 | Халықтың санитариялық-эпидемиологиялық салауаттылығы саласындағы уәкілетті органның санитариялық-эпидемиологиялық қорытындысы немесе № 71 қаулыға сәйкес бекітілген білім алушыларды тамақпен қамтамасыз етуге арналған шарт негізінде білім алушыларға арналған тамақтандыру объектісінің болуы. | Санитариялық қағидалар мен нормаларға сәйкес келетін тамақтандыру объектісінің болуы туралы мәліметтер (осы біліктілік талаптарына 4-қосымшаға сәйкес нысан бойынша). | Біліктілік талабы қылмыстық-атқару (пенитенциарлық) жүйесі мекемелерінің жанында орналасқан білім беру ұйымдарына қолданылмайды. |
Білім алушыларды тамақпен қамтамасыз ету шартының көшірмесі. | |||
12 | Меншікті не шаруашылық жүргізу немесе жедел басқару не сенімгерлік басқару құқығында тиесілі материалдық активтердің болуы немесе № 71 қаулымен бекітілген санитариялық нормаларға және № 439 бұйрықпен бекітілген өрт қауіпсіздігі талаптарына сәйкес келетін оқу үй-жайларымен білім беру қызметтерінің сапасын қамтамасыз ететін, кемінде 10 жыл қолданылу мерзімімен материалдық активтерді жалға алу. |
Пайдалы оқу алаңының, материалдық-техникалық базасының болуы туралы мәліметтер (осы біліктілік талаптарына 5-қосымшаға сәйкес нысан бойынша). Шаруашылық жүргізу немесе жедел басқару немесе сенімді басқару құқығын растайтын құжаттардың немесе ғимаратты жалдау шартының көшірмелері; санитариялық-эпидемиологиялық қорытындының/актінің көшірмесі; | |
13 |
№ 79 бұйрықпен бекітілген білім беру ұйымдарындағы пайдаланылатын бағдарламалық-аппараттық кешенге және қолданбалы бағдарламалық қамтамасыз етуге қойылатын ең төменгі талаптарға сәйкес келетін компьютерлік сыныптармен, Интернет желісіне қосылған компьютерлермен жабдықталуы; | Білім беру процесін материалдық-техникалық қамтамасыз ету туралы, оның ішінде компьютерлердің, оқу зертханаларының, оқу пәндері кабинеттерінің және техникалық оқыту құралдарының болуы туралы мәліметтер, мемлекеттік білім беру ұйымдары үшін білім беру ұйымдарының үй-жайларында және аумағында бейнекамералардың болуы (осы біліктілік талаптарына 6-қосымшаға сәйкес нысан бойынша). | Интернет желісіне қосылған компьютерлік сыныптармен жарақтандыру туралы біліктілік талабы қылмыстық-атқару (пенитенциарлық) жүйесі мекемелерінің жанында орналасқан білім беру ұйымдарына қолданылмайды. |
14 | № 570 бұйрықпен бекітілген білім беру мониторингі шеңберінде әкімшілік деректер нысандарына сәйкес контингент туралы өзекті дерекқорлары бар білім беруді басқарудың ақпараттық жүйесінің болуы және нақты деректердің Ұлттық білім беру дерекқорына сәйкестігі. | Білім беруді басқарудың ақпараттық жүйесі туралы мәлімет (осы біліктілік талаптарына 6-қосымшаға сәйкес нысан бойынша). | Біліктілік талабы қылмыстық-атқару (пенитенциарлық) жүйесі мекемелерінің жанында орналасқан білім беру ұйымдарына қолданылмайды. |
14-1 | Ерекше білім беру қажеттіліктері бар адамдар үшін жағдай жасау (кіру жолдары, ақпараттық-навигациялық қолдау құралдары, баспалдақтарды пандустармен немесе көтергіш құрылғылармен қайталау, баспалдақтар мен пандустарды тұтқалармен жабдықтау, есіктер мен баспалдақтарды қарама-қарсы бояумен бояу). | Жасалған жағдай туралы мәлімет (осы біліктілік талаптарына 5-қосымшаға сәйкес нысан бойынша). | Біліктілік талабы қылмыстық-атқару (пенитенциарлық) жүйесі мекемелерінің жанында орналасқан білім беру ұйымдарына қолданылмайды. |
3. Жалпы орта білім берудің жалпы білім беретін оқу бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдарының қызметі үшін | |||
15 | Оқу жұмыс жоспарларының үлгілік оқу жоспарларына және № 604 бұйрықпен бекітілген Жалпы орта білім берудің мемлекеттік жалпыға міндетті стандартына сәйкестігі. | Білім беру ұйымының басшысы бекіткен үлгілік оқу жоспарларына сәйкес әзірленген оқу жұмыс жоспарларының көшірмелері. | |
16 | Тиісті бейіндер бойынша педагогикалық білімі немесе педагогикалық қайта даярлаудан өтумен кәсіптік білімі бар оқу жұмыс жоспарының пәндеріне сәйкес педагогтердің болуы. Жалпы білім беретін мектептер, мектеп-гимназиялар, мектеп-лицейлер үшін жалпы орта білім беру деңгейіндегі педагогтердің жалпы санынан негізгі жұмыс орны лицензиат болып табылатын жоғары және бірінші санаттағы педагогтердің, педагог-сарапшылардың, педагог-зерттеушілердің, педагог-шеберлердің үлесі кемінде 35 %; лицей үшін 40 %-дан кем емес, оның ішінде жаратылыстану-математикалық бағыттағы педагогтердің үлесі 30 %-дан кем емес; гимназиялар үшін кемінде 40 %, оның ішінде қоғамдық-гуманитарлық бағыттағы педагогтердің үлесі кемінде 30 %; дарынды тұлғаларға арналған мамандандырылған білім беру ұйымдары үшін кемінде 45 %, оның ішінде аудандық және/немесе облыстық конкурстар мен жарыстар кезеңдерінің жеңімпаздарын және/немесе білім беру саласындағы уәкілетті орган бекіткен соңғы бес жылдағы республикалық конкурстар мен жарыстардың қатысушылары мен жеңімпаздарын дайындаған педагогтер (болған жағдайда). | Педагог және оқытушы кадрлармен жасақталуы туралы мәліметтер (осы біліктілік талаптарына 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша). | |
16-1 | № 70 бұйрықпен бекітілген нормаларға сәйкес оқу және көркем әдебиеттің кітапханалық қорының болуы. | Оқу және көркем әдебиеттің кітапханалық қорының туралы мәліметтер (осы біліктілік талаптарына 2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша). | |
17 | Медициналық қызмет көрсету үшін денсаулық сақтау ұйымдарымен лицензия немесе шарт негізінде білім алушыларға медициналық қызмет көрсетудің болуы. | Медициналық қызмет көрсетудің болуы туралы, оның ішінде медициналық пунктінің және медициналық қызметке лицензияның болуы туралы мәліметтер (осы біліктілік талаптарына 3-қосымшаға сәйкес нысан бойынша). | Біліктілік талабы қылмыстық-атқару (пенитенциарлық) жүйесі мекемелерінің жанында орналасқан білім беру ұйымдарына қолданылмайды. |
Білім алушыларға медициналық қызмет көрсетуге денсаулық сақтау ұйымымен жасалған шарттың көшірмесі. | |||
18 | Халықтың санитариялық-эпидемиологиялық салауаттылығы саласындағы уәкілетті органның санитариялық-эпидемиологиялық қорытындысы немесе № 71 қаулыға сәйкес бекітілген білім алушыларды тамақпен қамтамасыз етуге арналған шарт негізінде білім алушыларға арналған тамақтандыру объектісінің болуы. | Санитариялық қағидалар мен нормаларға сәйкес келетін тамақтандыру объектісінің болуы туралы мәліметтер (осы біліктілік талаптарына 4-қосымшаға сәйкес нысан бойынша). | Біліктілік талабы қылмыстық-атқару (пенитенциарлық) жүйесі мекемелерінің жанында орналасқан білім беру ұйымдарына қолданылмайды. |
Білім алушыларды тамақпен қамтамасыз ету туралы шарттың көшірмесі. | |||
19 | Меншікті не шаруашылық жүргізу немесе жедел басқару не сенімгерлік басқару құқығында тиесілі материалдық активтердің болуы немесе № 71 қаулымен бекітілген санитариялық нормаларға және № 439 бұйрықпен бекітілген өрт қауіпсіздігі талаптарына сәйкес келетін оқу үй-жайларымен білім беру қызметтерінің сапасын қамтамасыз ететін, кемінде 10 жыл қолданылу мерзімімен материалдық активтерді жалға алу. |
Пайдалы оқу алаңының, материалдық-техникалық базасының болуы туралы мәліметтер (осы біліктілік талаптарына 5-қосымшаға сәйкес нысан бойынша). Шаруашылық жүргізу немесе жедел басқару немесе сенімді басқару құқығын растайтын құжаттардың немесе ғимаратты жалдау шартының көшірмелері; санитариялық-эпидемиологиялық қорытындының/актінің көшірмесі; | |
20 |
№ 79 бұйрықпен бекітілген білім беру ұйымдарындағы пайдаланылатын бағдарламалық-аппараттық кешенге және қолданбалы бағдарламалық қамтамасыз етуге қойылатын ең төменгі талаптарға сәйкес келетін компьютерлік сыныптармен, Интернет желісіне қосылған компьютерлермен жабдықталуы; | Білім беру процесін материалдық-техникалық қамтамасыз ету туралы, оның ішінде компьютерлердің, оқу зертханаларының, оқу пәндері кабинеттерінің және техникалық оқыту құралдарының болуы туралы мәліметтер, мемлекеттік білім беру ұйымдары үшін білім беру ұйымдарының үй-жайларында және аумағында бейнекамералардың болуы (осы біліктілік талаптарына 6-қосымшаға сәйкес нысан бойынша). | Интернет желісіне қосылған компьютерлік сыныптармен жарақтандыру туралы біліктілік талабы қылмыстық-атқару (пенитенциарлық) жүйесінің мекемелерінде орналастырылған білім беру ұйымдарына қолданылмайды. |
21 | № 570 бұйрықпен бекітілген білім беру мониторингі шеңберінде әкімшілік деректер нысандарына сәйкес контингент туралы өзекті дерекқорлары бар білім беруді басқарудың ақпараттық жүйесінің болуы және нақты деректердің Ұлттық білім беру дерекқорына сәйкестігі. | Білім беруді басқарудың ақпараттық жүйесі туралы мәлімет (осы біліктілік талаптарына 6-қосымшаға сәйкес нысан бойынша). | Біліктілік талабы қылмыстық-атқару (пенитенциарлық) жүйесі мекемелерінің жанында орналасқан білім беру ұйымдарына қолданылмайды. |
21-1 | Ерекше білім беру қажеттіліктері бар адамдар үшін жағдай жасау (кіру жолдары, ақпараттық-навигациялық қолдау құралдары, баспалдақтарды пандустармен немесе көтергіш құрылғылармен қайталау, баспалдақтар мен пандустарды тұтқалармен жабдықтау, есіктер мен баспалдақтарды қарама-қарсы бояумен бояу). | Жасалған жағдай туралы мәлімет (осы біліктілік талаптарына 5-қосымшаға сәйкес нысан бойынша). | Біліктілік талабы қылмыстық-атқару (пенитенциарлық) жүйесі мекемелерінің жанында орналасқан білім беру ұйымдарына қолданылмайды. |
4. Техникалық және кәсіптік білімнің білім беру бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдарының қызметі үшін | |||
22 |
Дайындалатын мамандық біліктіліктері бойынша оқу жұмыс жоспарларының № 604 бұйрықпен бекітілген Техникалық және кәсіптік білім берудің мемлекеттік жалпыға міндетті стандартына сәйкестігі; |
№ 604 бұйрықпен бекітілген техникалық және кәсіптік білім берудің мемлекеттік жалпыға міндетті стандартына және (немесе) Кодекстің 221 бабының 2 тармағына сәйкес денсаулық сақтау саласындағы техникалық және кәсіптік білім берудің мемлекеттік жалпыға міндетті стандартына, үлгілік оқу жоспарына (бар болса), салалық біліктілік шеңберіне, кәсіптік стандартқа (бар болса) білім беру ұйымының жұмыс берушілермен келісілген тиісті мамандықтың "Педагог" кәсіби стандартына сәйкес оқытудың толық кезеңіне әзірленген қазақ және орыс тілдерінде дайындалатын мамандықтар біліктіліктері бойынша оқу жұмыс жоспарының көшірмелері. Толық оқу кезеңіне әзірленген қазақ және орыс тілдеріндегі мамандық бойынша білім беру бағдарламасының көшірмелері және | Оқу жоспарының № 604 бұйрықпен бекітілген және (немесе) Кодекстің 221 бабының 2 тармағына сәйкес денсаулық сақтау саласындағы техникалық және кәсіптік білім берудің мемлекеттік жалпыға міндетті стандартына сәйкестігі туралы біліктілік талабы Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2018 жылғы 26 маусымдағы № 305 (бұдан әрі – 305) бұйрығымен бекітілген эксперимент режимінде іске асырылатын бағдарламаларға мәлімделген жағдайлар бойынша, сондай-ақ қылмыстық-атқару (пенитенциарлық) жүйесі мекемелерінің жанында орналасқан білім беру ұйымдарында адамдарды оқыту үшін және ерекше білім беру қажеттіліктері бар адамдарды оқыту үшін қолданылмайды. |
23 | Мәдениет және спорт саласындағы білім беру ұйымдарын, Қазақстан Республикасының Ұлттық қауіпсіздік органдарына, Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігіне ведомстволық бағынысты білім беру ұйымдарын, бітіру жылы ішінде білім беру саласындағы мамандығы бойынша бітірушілердің кемінде 90 %-ын жұмысқа орналастыруды қамтамасыз ететін білім беру ұйымдарын қоспағанда, Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2018 жылғы 27 қыркүйектегі № 500 бұйрығымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 17564 болып тіркелген) (бұдан әрі - № 500 бұйрық) бекітілген Техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру мамандықтары мен біліктілігінің сыныптауышында көрсетілген білім беру саласында мамандар даярлау үшін кемінде 5 мамандық бойынша лицензияның және (немесе) лицензияға қосымшаның болуы № 500 бұйрықпен бекітілген Техникалық және кәсіптік білім мамандықтарының және біліктілігінің сыныптауышында көрсетілген денсаулық сақтау саласындағы мамандарды даярлау үшін, бітіру жылы ішінде мамандық бойынша бітірушілердің кемінде 90 %-ын жұмысқа орналастыруды қамтамасыз ететін білім беру ұйымдарын қоспағанда, кемінде денсаулық сақтау саласындағы 4 мамандық бойынша лицензияның және (немесе) лицензияға қосымшаның болуы. | Жұмыс орнынан растайтын құжаттың көшірмесі | Біліктілік талаптар қылмыстық-атқару (пенитенциарлық) жүйесі мекемелерінің жанында орналасқан білім беру ұйымдарында қолданылмайды |
24 | Жаңадан ашылған білім беру ұйымын қоспағанда, колледждердің білім алушыларды соңғы 2 жыл үздіксіз қабылдауды жүзеге асыруы. | Біліктілік талаптары әскери арнаулы оқу орындарына қолданылмайды. | |
25 |
Даярланатын мамандық біліктілігі бойынша оқу жұмыс жоспарының пәндеріне сәйкес педагогтердің болуы, оның ішінде педагогтер білімінің оқытылатын пәндер бейініне сәйкес болуы немесе білім беру саласындағы заңнамаға сәйкес педагогикалық қайта даярлаудан өткен педагогтердің болуы, сондай-ақ бейіні бойынша соңғы 3 жылда кемінде 72 сағат көлемінде ұйымдарда және/немесе өндірісте тағылымдамадан өткен өндірістік оқыту шеберлерінің болуы. | Педагог және оқытушы кадрлармен жасақталуы туралы мәліметтер (осы біліктілік талаптарына 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша). | Өндірістік оқыту шеберлеріне қатысты біліктілік талаптары қылмыстық-атқару (пенитенциарлық) жүйесі мекемелерінің жанында орналасқан білім беру ұйымдарына және Қазақстан Республикасының Қорғаныс министрлігіне ведомстволық бағынысты білім беру ұйымдарына қолданылмайды. |
26 |
Даярланатын мамандық біліктілігі бойынша педагогтер санынан лицензиат негізгі жұмыс орны болып табылатын жоғары және бірінші санатты педагогтердің, педагог-сарапшылардың, педагог-зерттеушілердің, педагог-шеберлердің және (немесе) магистрлердің үлесі – кемінде 30 %. | Педагог және оқытушы кадрлармен жасақталуы туралы мәліметтер (осы біліктілік талаптарына 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша). | Өндірістік оқыту шеберлеріне қатысты біліктілік талаптары қылмыстық-атқару (пенитенциарлық) жүйесі мекемелерінің жанында орналасқан білім беру ұйымдарына қолданылмайды |
27 | № 604 бұйрықпен бекітілген Техникалық және кәсіптік білім берудің мемлекеттік жалпыға міндетті стандартына сәйкес, дайындалатын мамандық біліктіліктері бойынша оқудың толық кезеңіне білім алушылар контингентіне қатысты, оның ішінде оқыту тілі бойынша оқу жұмыс жоспарына сәйкес баспа және электрондық басылымдар форматында оқу және ғылыми әдебиеттің кітапханалық қорының болуы. Рухани білім беру бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдары үшін білім беру бағдарламаларына сәйкес дінтану сараптамасынан өткен оқу әдебиеті қорының болуы. | Оқу және ғылыми әдебиеттер қорының болуы туралы мәліметтер (осы біліктілік талаптарына 2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша). Цифрлық тасымалдағыштардағы оқу және ғылыми әдебиеттер қорының болуы туралы мәліметтер (осы біліктілік талаптарына 8-қосымшаға сәйкес нысан бойынша). Рухани білім беру бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдары үшін діни қызмет саласындағы уәкілетті мемлекеттік органның оқу әдебиеті қорының дінтану сараптамасының оң қорытындысының көшірмесі. | |
28 | Білім алушыларға медициналық қызмет көрсетудің болуы. | Медициналық қызмет көрсетудің болуы, оның ішінде медициналық пункттің болуы және медициналық қызметке берілген лицензия туралы мәліметтер (осы біліктілік талаптарына 3-қосымшаға сәйкес нысан бойынша). | Біліктілік талабы қылмыстық-атқару (пенитенциарлық) жүйесі мекемелерінің жанында орналасқан білім беру ұйымдарына қолданылмайды. |
29 | №71 қаулыға сәйкес санитариялық талаптарға сәйкес келетін білім алушыларға арналған тамақтандыру объектісінің болуы. | Санитариялық қағидалар мен нормаларға сәйкес тамақтандыру объектісінің болуы туралы мәліметтер (осы біліктілік талаптарына 4-қосымшаға сәйкес нысан бойынша). | Біліктілік талаптары қылмыстық-атқару (пенитенциарлық) жүйесі мекемелерінің жанында орналасқан білім беру ұйымдарына қолданылмайды |
30 |
Білім беру қызметінің сапасын қамтамасыз ететін меншікті не шаруашылық жүргізу немесе жедел басқару немесе сенімгерлік басқару құқығында тиесілі материалдық активтердің (оқу кабинеттерінің, шеберханалардың, зертханалардың, өткізу пункттерінің, санитариялық тораптардың болуы, білім беру ұйымдарының үй-жайларында және (немесе) іргелес аумақтарында бейнебақылаудың болуы), оның ішінде № 71 қаулыға сәйкес бекітілген санитариялық тәртіпке және № 439 бұйрықпен бекітілген өрт қауіпсіздігі талаптарына сәйкес келетін алаңы бар оқу үй-жайларының болуы. |
Пайдалы оқу алаңының, материалдық-техникалық базасының болуы туралы мәліметтер (осы біліктілік талаптарына 5-қосымшаға сәйкес нысан бойынша). Шаруашылық жүргізу немесе жедел басқару немесе сенімді басқару құқығын растайтын құжаттардың немесе ғимаратқа жалдау шартының көшірмелері; | Біліктілік талаптары қылмыстық-атқару (пенитенциарлық) жүйесі мекемелерінің жанында орналасқан білім беру ұйымдарына қолданылмайды. |
31 | Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2016 жылғы 22 қаңтардағы № 66 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 13487 болып тіркелген) (бұдан әрі – № 66 бұйрық) сәйкес студенттердің тұруы үшін жағдай жасау, меншікті не шаруашылық жүргізу немесе жедел басқару немесе сенімді басқару немесе жалға алу құқығында оқудың толық кезеңінде тұруды қамтамасыз ететін жатақханалардың және/немесе хостелдердің, және/немесе қонақ үйлердің болуы - мұқтаждар санынан кемінде 30 %. | Пайдалы оқу алаңы, материалдық-техникалық базасының болуы туралы мәліметтер (осы біліктілік талаптарына 5-қосымшаға сәйкес нысан бойынша). Жатақхананың және/немесе хостелдің және/немесе қонақ үйдің болуын растайтын толық оқу кезеңіне жеке немесе шаруашылық жүргізу, немесе жедел басқару, немесе сенімді басқару құқығында тиесілі студенттерді орналастыруға арналған құжаттардың көшірмелері. | |
32 | Ерекше білім беру қажеттіліктері бар адамдар үшін жағдайлардың болуы. | Пайдалы оқу алаңы, материалдық-техникалық базасының болуы туралы мәліметтер (осы біліктілік талаптарына 5-қосымшаға сәйкес нысан бойынша). | Біліктілік талаптары Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік органдарына, Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасына, Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігіне, Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігіне ведомстволық бағынысты білім беру ұйымдарына қолданылмайды. |
33 |
Даярланатын мамандық біліктілігі бойынша оқу-зертханалық жабдықтармен және техникалық оқыту құралдарымен, сондай-ақ № 79 бұйрыққа сәйкес интернет желісіне қосылған, компьютерлік сыныптармен, компьютерлермен жабдықталуы. Денсаулық сақтау саласындағы білім беру ұйымдары үшін Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің 2015 жылғы 29 мамырдағы № 423 бұйрығымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 11644 болып тіркелген) (бұдан әрі – № 423 бұйрық) бекітілген нормативтерге сәйкес симуляциялық кабинеттермен (орталықтармен) жабдықталуы. | Білім беру процесін материалдық-техникалық қамтамасыз ету, оның ішінде компьютерлердің, оқу зертханаларының, оқу пәндері кабинеттерінің және техникалық оқыту құралдарының болуы туралы мәліметтер (осы біліктілік талаптарына 6-қосымшаға сәйкес нысан бойынша). Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігінің әскери оқу орындары үшін жоғары оқу орындарымен бұйрықтардың және меморандумдардың көшірмелері. | Интернет желісіне қосылған компьютерлік сыныппен жарақталуы туралы біліктілік талаптары қылмыстық-атқару(пенитенциарлық) жүйесі мекемелерінің жанында орналасқан білім беру ұйымдарына қолданылмайды. |
34 |
Тиісті бейін бойынша 5 жыл ішінде кемінде 180 сағат көлемінде педагогтердің біліктілігін арттыруды қамтамасыз ету; | 5 жыл ішінде тиісті бейін бойынша педагогтердің біліктілігін арттыру туралы мәліметтер көлемі кемінде 180 сағат; денсаулық сақтау саласындағы білім беру ұйымдарының педагогтері үшін көлемі кемінде 108 сағат; білім беру ұйымдарының басшылары үшін 5 жылда кемінде бір рет біліктілікті арттыру курстарының білім беру бағдарламаларына сәйкес және оқытылатын пәндердің/модульдердің бейіндері бойынша біліктілікті арттыру (осы біліктілік талаптарына 9-қосымшаға сәйкес нысан бойынша). | Қазақстан Республикасының Ұлттық қауіпсіздік органдарына, Қазақстан Республикасының Бас прокуратурасына, Қазақстан Республикасының Қорғаныс министрлігіне, Қазақстан Республикасының Ішкі істер министрлігіне ведомстволық бағыныстағы білім беру ұйымдары үшін педагогтердің біліктілік арттыру оқытатын пәндерінің бейініне немесе оқыту әдістемесіне сәйкес өткізіледі. Біліктілік талаптары жұмысқа орналасқаннан кейін бірінші жыл еңбек қызметін жүзеге асыратын педагогтерге қолданылмайды. |
35 | № 570 бұйрықпен бекітілген білім беру мониторингі шеңберінде әкімшілік деректер нысандарына сәйкес контингент туралы өзекті дерекқорлары бар білім беруді басқарудың ақпараттық жүйесінің болуы және нақты деректердің Ұлттық білім беру дерекқорына сәйкестігі. Edu. kz аймағында үшінші деңгейдегі домендік атаудың болуы. | Білім беруді басқарудың ақпараттық жүйесі туралы мәлімет (осы біліктілік талаптарына 6-қосымшаға сәйкес нысан бойынша). | Біліктілік талаптары лицензияны және (немесе) лицензияға қосымшаны алған кезде білім беру ұйымдарына қолданылмайды және Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік органдарына, Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасына, Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігіне, Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігіне ведомстволық бағынысты білім беру ұйымдарына қолданылмайды |
36 | Азаматтық заңнамаға сәйкес толық оқу кезеңін қамтитын даярланатын мамандық біліктілігі бойынша сәйкес практика базасы ретінде айқындалған ұйымдармен шарттардың болуы. | Кәсіптік практикадан өтудің толық кезеңін қамтитын даярланатын мамандық біліктілігіне сәйкес практика базасы ретінде айқындалған ұйымдармен жасалған шарттардың көшірмелері. Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігінің әскери оқу орындары үшін жоғары оқу орындарымен бұйрықтардың және меморандумдардың көшірмелері. | Біліктілік талаптары қылмыстық-атқару (пенитенциарлық) жүйесі мекемелерінің жанында орналасқан білім беру ұйымдарына және Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігіне бағынысты білім беру ұйымдарына қолданылмайды. |
37 | Мамандық бойынша білім беру ұйымының түлектерін жұмысқа орналастыру және жұмыспен қамту туралы мәліметтер, бұл ретте мамандық бойынша бітірушілердің жалпы санынан жұмысқа орналасқандардың және жұмыспен қамтылғандардың үлесі – 75 %-дан кем емес болуы. | Жұмыс орнынан растайтын құжаттың көшірмесі. | Біліктілік талаптары Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік органдарына, Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігіне, Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігіне және Қазақстан Республикасы Бас прокуратураға бағынысты білім беру ұйымдарына қолданылмайды. |
5. Орта білімнен кейінгі білімнің білім беру бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдарының қызметі үшін | |||
38 |
Дайындалатын мамандық біліктіліктері бойынша оқу жұмыс жоспарларының № 604 бұйрықпен бекітілген техникалық және кәсіптік білім берудің мемлекеттік жалпыға міндетті стандартына, медициналық және фармацевтикалық мамандықтар Кодекстің 221 бабының 2 тармағына сәйкес техникалық және кәсіптік білім берудің мемлекеттік жалпыға міндетті стандартына, үлгілік оқу жоспарларына (бар болса), кәсіби стандартқа (бар болса) (қазақ және орыс тілдерінде) сәйкестігі. |
№ 604 бұйрықпен бекітілген техникалық және кәсіптік білім берудің мемлекеттік жалпыға міндетті стандартына және (немесе) Кодекстің 221 бабының 2 тармағына сәйкес денсаулық сақтау саласындағы техникалық және кәсіптік білім берудің мемлекеттік жалпыға міндетті стандартына, үлгілік оқу жоспарына (бар болса), салалық біліктілік шеңберіне, кәсіптік стандартқа (бар болса) білім беру ұйымының жұмыс берушілермен келісілген тиісті мамандықтың "Педагог" кәсіби стандартына сәйкес оқытудың толық кезеңіне әзірленген қазақ және орыс тілдерінде дайындалатын мамандықтар біліктіліктері бойынша оқу жұмыс жоспарының көшірмелері. Толық оқу кезеңіне әзірленген қазақ және орыс тілдеріндегі мамандық бойынша білім беру бағдарламасының көшірмелері және | Оқу жоспарының № 604 бұйрықпен бекітілген бекітілген техникалық және кәсіптік білім берудің мемлекеттік жалпыға міндетті стандартына және (немесе) Кодекстің 221 бабының 2 тармағына сәйкес денсаулық сақтау саласындағы техникалық және кәсіптік білім берудің мемлекеттік жалпыға міндетті стандартына сәйкестігі туралы біліктілік талабы мәлімделген шарттар бойынша уәкілетті орган бекіткен эксперимент режимінде іске асырылатын, сондай-ақ қылмыстық-атқару (пенитенциарлық) жүйесі мекемелерінің жанынан орналастырылған білім беру ұйымдарында адамдарды оқыту үшін және ерекше білім беру қажеттіліктері бар адамдарды оқыту үшін бағдарламаларға қолданылмайды |
39 |
Мәдениет және спорт саласындағы білім беру ұйымдарын, Қазақстан Республикасының Ұлттық қауіпсіздік органдарына, Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігіне ведомстволық бағынысты білім беру ұйымдарын, бітіру жылы ішінде мамандығы бойынша бітірушілердің кемінде 90 %-ын жұмысқа орналастыруды қамтамасыз ететін білім беру ұйымдарын қоспағанда, № 500 бұйрықпен бекітілген Техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру мамандықтары мен біліктілігінің сыныптауышында көрсетілген білім беру саласында мамандар даярлау үшін кемінде 5 мамандық бойынша лицензияның және (немесе) лицензияға қосымшаның болуы. | Жұмыс орнынан растайтын құжаттың көшірмесі | |
40 | Жаңадан ашылған білім беру ұйымын қоспағанда, колледждердің білім алушыларды соңғы 2 жыл үздіксіз қабылдауды жүзеге асыруы | Біліктілік талаптары әскери арнаулы оқу орындарымен лицензия алу кезінде қолданылмайды | |
41 |
Даярланатын мамандық біліктілігі бойынша оқу жұмыс жоспарының пәндеріне сәйкес педагогтердің болуы, оның ішінде педагогтер білімінің оқытылатын пәндер бейініне сәйкес болуы немесе білім беру саласындағы заңнамаға сәйкес педагогикалық қайта даярлаудан өткен педагогтердің болуы, сондай-ақ бейіні бойынша соңғы 3 жылда кемінде 72 сағат көлемінде ұйымдарда және/немесе өндірісте тағылымдамадан өткен өндірістік оқыту шеберлерінің болуы. | Педагог және оқытушы кадрлармен жасақталуы туралы мәліметтер (осы біліктілік талаптарына 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша). | Өндірістік оқыту шеберлеріне қатысты біліктілік талаптары қылмыстық-атқару (пенитенциарлық) жүйесі мекемелерінің жанында орналасқан білім беру ұйымдарына қолданылмайды. |
42 |
Негізгі жұмыс орны лицензиат болып табылатын даярланатын мамандық біліктілігі бойынша педагогтер санынан жоғары және бірінші санатты педагогтердің, педагог-сарапшылардың, педагог-зерттеушілердің, педагог-шеберлердің және (немесе) магистрлердің үлесі – кемінде 40 %; | Педагог және оқытушы кадрлармен жасақталуы туралы мәліметтер (осы біліктілік талаптарына 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша). | Өндірістік оқыту шеберлеріне қатысты біліктілік талаптары қылмыстық-атқару (пенитенциарлық) жүйесі мекемелерінің жанында орналасқан білім беру ұйымдарына қолданылмайды. |
43 |
№ 604 бұйрықпен бекітілген Техникалық және кәсіптік білім берудің мемлекеттік жалпыға міндетті стандартына сәйкес, дайындалатын мамандық біліктіліктері бойынша оқудың толық кезеңіне білім алушылар контингентіне қатысты, оның ішінде оқыту тілі бойынша оқу жұмыс жоспарына сәйкес баспа және электрондық басылымдар форматында оқу және ғылыми әдебиеттің кітапханалық қорының болуы. | Оқу және ғылыми әдебиеттер қорының болуы туралы мәліметтер (осы біліктілік талаптарына 2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша). Цифрлық тасымалдағыштардағы оқу және ғылыми әдебиеттер қорының болуы туралы мәліметтер (осы біліктілік талаптарына 8-қосымшаға сәйкес нысан бойынша). діни білім беру бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдары үшін діни қызмет саласындағы уәкілетті мемлекеттік органның оқу әдебиеті қорының дінтану сараптамасының оң қорытындысының көшірмесі. | |
44 | Білім алушыларға медициналық қызмет көрсетудің болуы. | Медициналық қызмет көрсетудің болуы, оның ішінде медициналық пункттің және медициналық қызметке берілген лицензияның болуы туралы мәліметтер (осы біліктілік талаптарына 3-қосымшаға сәйкес нысан бойынша). | Біліктілік талабы қылмыстық-атқару (пенитенциарлық) жүйесі мекемелерінің жанында орналасқан білім беру ұйымдарына қолданылмайды. |
45 | № 71 қаулыға сәйкес санитариялық тәртіпке сәйкес келетін білім алушыларға арналған тамақтандыру объектісінің болуы. | Санитариялық қағидалар мен нормаларға сәйкес тамақтандыру объектісінің болуы туралы мәліметтер (осы біліктілік талаптарына 4-қосымшаға сәйкес нысан бойынша). | Біліктілік талаптары қылмыстық-атқару (пенитенциарлық) жүйесі мекемелерінің жанында орналасқан білім беру ұйымдарына қолданылмайды. |
46 |
Білім беру қызметінің сапасын қамтамасыз ететін меншікті не шаруашылық жүргізу немесе жедел басқару немесе сенімгерлік басқару құқығында, тиесілі материалдық активтердің (оқу кабинеттерінің, шеберханалардың, зертханалардың, өткізу пункттерінің, санитариялық тораптардың болуы, білім беру ұйымдарының үй-жайларында және (немесе) іргелес аумақтарында бейнебақылаудың болуы), оның ішінде № 71 қаулымен бекітілген санитариялық тәртіпке және № 439 бұйрықпен бекітілген өрт қауіпсіздігі талаптарына сәйкес келетін алаңы бар оқу үй-жайларының болуы. |
Пайдалы оқу алаңының, материалдық-техникалық базасының болуы туралы мәліметтер (осы біліктілік талаптарына 5-қосымшаға сәйкес нысан бойынша). | Біліктілік талаптары қылмыстық-атқару (пенитенциарлық) жүйесі мекемелерінің жанында орналасқан білім беру ұйымдарына қолданылмайды. |
47 | № 66 бұйрыққа сәйкес студенттердің тұруы үшін жағдай жасау, меншікті не шаруашылық жүргізу, немесе жедел басқару, немесе сенімді басқару құқығында немесе жалдау құқығында оқудың толық кезеңінде тұруды қамтамасыз ететін жатақханалардың және/немесе хостелдердің және/немесе қонақ үйлердің болуы – мұқтаждар санының кемінде 30 %. | Пайдалы оқу алаңы, материалдық-техникалық базасының болуы туралы мәліметтер (осы біліктілік талаптарына 5-қосымшаға сәйкес нысан бойынша). Жатақхананың және/немесе хостелдің және/немесе қонақ үйдің болуын растайтын толық оқу кезеңіне жеке немесе шаруашылық жүргізу, немесе жедел басқару, немесе сенімді басқару құқығында тиесілі студенттерді орналастыруға арналған құжаттардың көшірмелері. | |
48 | Ерекше білім беру қажеттіліктері бар адамдар үшін жағдайлардың болуы | Пайдалы оқу алаңы, материалдық-техникалық базасының болуы туралы мәліметтер (осы біліктілік талаптарына 5-қосымшаға сәйкес нысан бойынша). | Біліктілік талаптары Қазақстан Республикасы ұлттық қауіпсіздік органдарына, Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасына, Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігіне, Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігіне ведомстволық бағынысты білім беру ұйымдарына қолданылмайды. |
49 |
Даярланатын мамандық біліктілігі бойынша оқу-зертханалық жабдықтармен және техникалық оқыту құралдарымен, сондай-ақ № 79 бұйрыққа сәйкес интернет желісіне қосылған компьютерлік сыныптармен, компьютерлермен жабдықталуы. | Білім беру процесін материалдық-техникалық қамтамасыз ету, оның ішінде компьютерлердің, оқу зертханаларының, оқу пәндері кабинеттерінің және техникалық оқу құралдарының болуы туралы мәліметтер (осы біліктілік талаптарына 6-қосымшаға сәйкес нысан бойынша). | Интернет желісіне қосылған компьютерлік сыныппен жарақталуы туралы біліктілік талаптары қылмыстық-атқару (пенитенциарлық) жүйесі мекемелерінің жанында орналасқан білім беру ұйымдарына қолданылмайды. |
50 |
Тиісті бейін бойынша 5 жыл ішінде кемінде 180 сағат көлемінде педагогтердің біліктілігін арттыруды қамтамасыз ету; | 5 жыл ішінде педагогтердің біліктілігін арттыру туралы мәліметтер көлемі кемінде 180 сағат; денсаулық сақтау саласындағы білім беру ұйымдарының педагогтері үшін көлемі кемінде 108 сағат; білім беру ұйымдарының басшылары үшін 5 жылда кемінде бір рет біліктілікті арттыру курстарының білім беру бағдарламаларына сәйкес және оқытылатын пәндердің/модульдердің бейіндері бойынша біліктілікті арттыру (осы біліктілік талаптарына 9-қосымшаға сәйкес нысан бойынша). | Қазақстан Республикасының ұлттық қауіпсіздік органдарына, Қазақстан Республикасының Бас прокуратурасына, Қазақстан Республикасының Қорғаныс министрлігіне, Қазақстан Республикасының Ішкі істер министрлігіне ведомстволық бағыныстағы білім беру ұйымдары үшін педагогтердің біліктілік арттыру оқытатын пәндерінің бейініне немесе оқыту әдістемесіне сәйкес өткізіледі. Біліктілік талаптары жұмысқа орналасқаннан кейін бірінші жыл еңбек қызметін жүзеге асыратын педагогтерге қолданылмайды. |
51 | № 570 бұйрықпен бекітілген білім беру мониторингі шеңберінде әкімшілік деректер нысандарына сәйкес контингент туралы өзекті дерекқорлары бар білім беруді басқарудың ақпараттық жүйесінің болуы және нақты деректердің Ұлттық білім беру дерекқорына сәйкестігі. Edu. kz аймағында үшінші деңгейдегі домендік атаудың болуы. | Білім беруді басқарудың ақпараттық жүйесі туралы мәлімет (осы біліктілік талаптарына 6-қосымшаға сәйкес нысан бойынша). | Біліктілік талаптары лицензияны және (немесе) лицензияға қосымшаны алған кезде білім беру ұйымдарына қолданылмайды және Қазақстан Республикасы ұлттық қауіпсіздік органдарына, Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасына, Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігіне, Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігіне ведомстволық бағынысты білім беру ұйымдарына қолданылмайды. |
52 | Азаматтық заңнамаға сәйкес толық оқу кезеңін қамтитын даярланатын мамандық біліктілігіне сәйкес практика базасы ретінде айқындалған ұйымдармен шарттардың болуы. | Кәсіптік практикадан өтудің толық кезеңін қамтитын даярланатын мамандық біліктілігіне сәйкес практика базасы ретінде айқындалған ұйымдармен жасалған шарттардың көшірмелері. | Біліктілік талаптары қылмыстық-атқару (пенитенциарлық) жүйесі мекемелерінің жанында орналасқан білім беру ұйымдарына қолданылмайды. |
53 | Мамандық бойынша білім беру ұйымының түлектерін жұмысқа орналастыру және жұмыспен қамту туралы мәліметтер, бұл ретте мамандық бойынша бітірушілердің жалпы санынан жұмысқа орналасқандардың және жұмыспен қамтылғандардың үлесі – 75 %-дан кем емес. | Жұмыс орнынан растайтын құжаттың көшірмесі. | Біліктілік талаптары лицензияны және (немесе) лицензияға қосымшаны алған кезде білім беру ұйымдарына қолданылмайды. |
6. Діни білім беру бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдарының қызметі үшін | |||
54 | Жалпы білім беретін және діни пәндер бойынша білім беру бағдарламаларының болуы. | Білім беру ұйымының басшысы бекіткен білім беру бағдарламаларының көшірмелері. | |
55 | Жалпы білім беретін пәндер бойынша -жоғары білімі; бейінді пәндер бойынша - жоғары діни білімі және/немесе діни қызметте жалпы жұмыс өтілі бес жылдан кем емес, семинарияны немесе медресені бітірген оқытушылардың болуы. | Педагог және оқытушы кадрлармен жасақталуы туралы мәліметтер (осы біліктілік талаптарына 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша). | |
56 | Білім беру бағдарламаларына сәйкес дінтану сараптамасынан өткен оқу әдебиеті қорының болуы. | Оқу және ғылыми әдебиеттер қорының болуы туралы мәліметтер (осы біліктілік талаптарына 2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша). | |
Цифрлық тасымалдағыштардағы оқу және ғылыми әдебиеттер қорының болуы туралы мәліметтер (осы біліктілік талаптарына 8-қосымшаға сәйкес нысан бойынша). | |||
Діни қызмет саласындағы уәкілетті мемлекеттік органның оқу әдебиеті қорына берген дінтану сараптамасының оң қорытындысының көшірмесі. | |||
57 | Білім алушыларға медициналық қызмет көрсетудің болуы. | Медициналық қызмет көрсетудің болуы, оның ішінде медициналық пункттің және медициналық қызметке берілген лицензияның болуы туралы мәліметтер (осы біліктілік талаптарына 3-қосымшаға сәйкес нысан бойынша). | |
58 | № 71 қаулыға сәйкес саниятариялы тәртіпке сәйкес келетін білім алушыларға арналған тамақтандыру объектісінің болуы. | Санитариялық қағидалар мен нормаларға сәйкес тамақтандыру объектісінің болуы туралы мәліметтер (осы біліктілік талаптарына 4-қосымшаға сәйкес нысан бойынша). | |
59 | Меншікті не шаруашылық жүргізу немесе жедел басқару құқығына тиесілі білім беру қызметтерінің сапасын қамтамасыз ететін материалдық активтердің болуы. | Пайдалы оқу алаңы, материалдық-техникалық базасының болуы туралы мәліметтер (осы біліктілік талаптарына 5-қосымшаға сәйкес нысан бойынша). | |
Ғимараттарға шаруашылық жүргізу немесе жедел басқару құқығын растайтын құжаттардың көшірмелері. | |||
60 | Интернет желісіне қосылған компьютерлік сыныптармен жарақталуы. Edu. kz аймағында үшінші деңгейдегі домендік атаудың болуы. | Білім беру процесін материалдық-техникалық қамтамасыз етуі, оның ішінде компьютерлердің, оқу зертханаларының, оқу пәндері кабинеттерінің және техникалық оқу құралдарының болуы туралы мәліметтер (осы біліктілік талаптарына 6-қосымшаға сәйкес нысан бойынша). | |
61 | Мәлімделген діни білім беру бағдарламаларына діни қызмет саласындағы уәкілетті мемлекеттік органның сараптама қорытындысының болуы. | Мәлімделген діни білім беру бағдарламаларына діни қызмет саласындағы уәкілетті мемлекеттік органның қорытынды хатының көшірмесі. | |
7. Жоғары білімнің білім беру бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдарының қызметі үшін | |||
62 |
Білім беру саласындағы уәкілетті органның білім беру бағдарламаларының тізіліміне енгізілген білім беру бағдарламасының № 604 бұйрықпен бекітілген Жоғары білім берудің мемлекеттік жалпыға міндетті стандартына сәйкестігі. "Педагогикалық ғылымдар" кадрларды даярлау бағыты бойынша білім беру бағдарламасының № 604 бұйрықпен бекітілген Орта білім берудің (бастауыш, негізгі, орта, жалпы орта білім беру) мемлекеттік жалпыға міндетті стандартын ескере отырып және білім беру саласындағы салалық біліктілік шеңберін, "Педагог" кәсіптік стандартын ескере отырып әзірленген Жоғары білім берудің мемлекеттік жалпыға міндетті стандартына сәйкестігі. | № 604 бұйрықпен бекітілген және (немесе) Кодекске сәйкес бекітілген Жоғары білім берудің мемлекеттік жалпыға міндетті стандартына сәйкес оқытудың толық кезеңіне әзірленген сұратылып отырған кадрларды даярлау бағыты бойынша білім беру саласындағы уәкілетті органның білім беру бағдарламаларының тізіліміне енгізілген білім беру бағдарламасының қазақ және орыс тілдеріндегі көшірмелері. | |
63 | Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2018 жылғы 13 қазандағы № 569 бұйрығымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 17565 болып тіркелген) (бұдан әрі – № 569 бұйрық) бекітілген Жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білімі бар кадрларды даярлау бағыттары жіктеуішінің кемінде 7 бағыты бойынша "Педагогикалық ғылымдар" бакалавриат кадрларын даярлау бағыты бойынша лицензияның болуы (мәдениет және спорт саласындағы білім беру ұйымдарын, Қазақстан Республикасы ұлттық қауіпсіздік органдарына, Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасына, Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігіне, Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігіне, Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігіне ведомстволық бағынысты білім беру ұйымдарын қоспағанда). | ||
64 |
Білім беру бағдарламаларының пәндеріне сәйкес оқытушылардың болуы, оқытушылар білімінің оқытатын пәндер бейініне және/немесе "ғылым кандидаты" немесе "ғылым докторы" немесе "философия докторы (РhD)" немесе "бейіні бойынша доктор" ғылыми дәрежесіне немесе "философия докторы (РhD)" немесе "бейіні бойынша доктор" академиялық дәрежесіне немесе "философия докторы (РhD)" немесе "бейіні бойынша доктор" дәрежесіне және/немесе "қауымдастырылған профессор (доцент)" немесе "профессор" ғылыми атағының (бар болған жағдайда) оқытатын пәндер бейініне сәйкестігі. Кадрлар даярлау бағыты бойынша оқытушылардың жалпы санынан негізгі жұмыс орны лицензиат болып табылатын Ұлттық біліктілік шеңберінің 8-деңгейіне сәйкес келетін мамандарды қоса алғанда, оқытушылардың үлесі – кемінде 60 %; "Өнер және гуманитарлық ғылымдар" кадрларды даярлау бағыты бойынша – кемінде 50 %; азаматтық авиация саласында білім беру бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдары үшін – кемінде 40 %. | Педагог және оқытушы кадрлармен жасақталуы туралы мәліметтер (осы біліктілік талаптарына 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша). | |
64-1 |
"Сәулет және құрылыс" кадрларды даярлау бағыты бойынша оқытылатын пәндер бойынша кемінде 5 жыл практикалық жұмыс тәжірибесі бар оқытушылардың кадрларды даярлау бағыты бойынша оқытушылардың жалпы санынан үлесі кемінде – 50 %; | Педагог және оқытушы кадрлармен жасақталуы туралы мәліметтер (осы біліктілік талаптарына 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша). | |
65 |
Кадрлар даярлау бағыты бойынша негізгі жұмыс орны лицензиат болып табылатын, "ғылым кандидаты" немесе "ғылым докторы" немесе "философия докторы (РhD)" немесе "бейіні бойынша доктор" ғылыми дәрежесі немесе "философия докторы (РhD)" немесе "бейіні бойынша доктор" академиялық дәрежесі немесе "философия докторы (РhD)" немесе "бейіні бойынша доктор" дәрежесі және/немесе "қауымдастырылған профессор (доцент)" немесе "профессор" ғылыми атағы бар оқытушылардың үлесі және/немесе кадрлар даярлау бағыты бойынша оқытушылардың жалпы санынан "Еңбек сіңірген жаттықтырушы" спорттық атағына ие оқытушылар – кемінде 40 %; кадрлар даярлау бағыты бойынша оқытушылардың жалпы санынан негізгі жұмыс орны лицензиат болып табылатын, "магистр" дәрежесі бар оқытушылардың үлесі – кемінде 60 %; "Педагогикалық ғылымдар" даярлау бағыты бойынша оқытушылардың жалпы санының кемінде – 50 %; "Құқық" кадрларды даярлау бағыты бойынша оқытушылардың жалпы санынан – кемінде 50 %; | Педагог және оқытушы кадрлармен жасақталуы туралы мәліметтер (осы біліктілік талаптарына 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша). | |
66 |
Оқу және ғылыми әдебиет кітапхана қорының болуы: соңғы он жыл ішінде кадрларды даярлау бағытындағы білім беру бағдарламасы пәндерінің 100 %-ын қамтамасыз ететін, оның ішінде оқыту тілі бойынша басып шығарылған баспа және электрондық басылымдар форматында. | Оқу және ғылыми әдебиеттер қорының болуы туралы мәліметтер (осы біліктілік талаптарына 2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша). | |
Цифрлық тасымалдағыштардағы оқу және ғылыми әдебиеттер қорының болуы туралы мәліметтер (осы біліктілік талаптарына 8-қосымшаға сәйкес нысан бойынша). | |||
67 | Жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдарының (бұдан әрі – ЖЖОКББҰ) оқу корпустарының жабдықталған медициналық пункттермен қамтамасыз етілуі. Медициналық қызметке лицензияның болуы. Қазақстан Республикасы ұлттық қауіпсіздік органдарына, Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасына, Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігіне, Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігіне ведомстволық бағынысты білім беру ұйымдарында - білім алушылар үшін медициналық қызмет көрсетудің болуы. | Медициналық пункттермен қамтамасыз етілгені және медициналық қызметке лицензияның болуы туралы мәліметтер (осы біліктілік талаптарына 3-қосымшаға сәйкес нысан бойынша). | Оқу корпустары ішкі өткелдермен қосылған жағдайда бір медициналық пунктінің болуына рұқсат етіледі. |
68 | ЖЖОКББҰ оқу корпустарында білім алушылардың тамақтануына жағдай жасау. Қазақстан Республикасы ұлттық қауіпсіздік органдарына, Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасына, Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігіне, Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігіне ведомстволық бағынысты білім беру ұйымдары білім алушылары үшін тамақтандыру объектісінің болуы. | Денсаулық сақтау саласындағы уәкілетті орган бекіткен санитариялық ережелер мен нормаларға сәйкес тамақтандыру объектісінің болуы туралы мәлімет (осы біліктілік талаптарына 4-қосымшаға сәйкес нысан бойынша). | Оқу корпустары ішкі өткелдермен қосылған жағдайда бір тамақтану объектісінің болуына рұқсат етіледі. |
69 |
Білім беру қызметінің сапасын қамтамасыз ететін қажетті материалдық активтер, № 71 қаулымен бекітілген санитариялық тәртіпке және № 439 бұйрықпен бекітілген өрт қауіпсіздігі талаптарына сәйкес келетін оқу үй-жайлары және алаңы бар ғимараттар (оқу корпустары): мемлекеттік органдардың немесе квазимемлекеттік ұйымдардың қатысуымен білім беру ұйымдары үшін меншікті не шаруашылық жүргізу немесе жедел басқару немесе сенімгерлік басқару құқығында тиесілі кемінде 5 %; білім беру ұйымдарының жайларында және (немесе) іргелес аумақтарда бейнебақылауды қамтамасыз ету. "Денсаулық сақтау" кадрларын даярлау бағыты бойынша – меншікті не шаруашылық жүргізу немесе жедел басқару құқығында тиесілі клиникалармен қамтамасыз етілуі, сондай-ақ медициналық білім беру ұйымының денсаулық сақтау саласындағы практикалық денсаулық сақтау ұйымдарымен және ғылыми ұйымдармен жасалған тиісті меморандумдармен және шарттармен расталған өңірдің денсаулық сақтаудың интеграцияланған академиялық жүйесінің құрамында болуы. |
Пайдалы оқу алаңының, материалдық-техникалық базасының болуы туралы мәліметтер (осы біліктілік талаптарына 5-қосымшаға сәйкес нысан бойынша). | Білім беру ұйымының лицензия алуы немесе қайта құрылуына байланысты лицензияны қайта ресімдеуі кезінде оқу ауданының есебі оқу сабағының ауысымы ескеріліп, жоғары оқу орнының түріне байланысты ең аз білім алушылар контингентіне бекітілген нормаға сүйеніп жүргізіледі. |
70 | ЖЖОКББҰ ерекше білім беру қажеттіліктері бар адамдар үшін ғимараттарда жағдай жасауы (кіру жолдары, ақпараттық-навигациялық қолдау құралдары, баспалдақтарды пандустармен немесе көтеру құрылғыларымен және баспалдақтар мен пандустарды тұтқалармен жабдықтау, есіктер мен баспалдақтарды контрасты бояумен бояу, мүгедектердің автокөліктерін қою үшін орындар бөлу). | Пайдалы оқу алаңы, материалдық-техникалық базасының болуы туралы мәліметтер (осы біліктілік талаптарына 5-қосымшаға сәйкес нысан бойынша). | Біліктілік талаптары Қазақстан Республикасы ұлттық қауіпсіздік органдарына, Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасына, Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігіне, Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігіне ведомстволық бағынысты білім беру ұйымдарына қолданылмайды. |
71 |
Сымсыз технологияларды қоса алғанда, кең жолақты интернеттің қолжетімділігі, № 79 бұйрықпен бекітілген бағдарламалық-аппараттық кешенге және қолданбалы қамтамасыз етуге қойылатын ең төменгі талаптарға сәйкес келетін компьютерлік кабинеттермен, компьютерлермен, кадрлар даярлау бағытының білім беру бағдарламасына сәйкес білім беру бағдарламаларын іске асыру үшін қажетті материалдық-техникалық және оқу-зертханалық базамен, жабдықтармен жарақтандырылуы; № 570 бұйрықпен бекітілген білім беру мониторингі шеңберіндегі әкімшілік деректер нысандарына сәйкес контингент туралы өзекті дерекқорлары бар білім беруді басқарудың ақпараттық жүйесінің болуы және нақты деректердің Ұлттық білім беру дерекқорымен сәйкес. | Білім беру процесін материалдық-техникалық қамтамасыз етуі, оның ішінде компьютерлердің, оқу зертханаларының, оқу пәндері кабинеттерінің және техникалық оқу құралдарының, білім беруді басқарудың ақпараттық жүйесі туралы мәлімет (осы біліктілік талаптарына 6-қосымшаға сәйкес нысан бойынша). | Сымсыз технологияларды қоса алғанда, біліктілік талабы Қазақстан Республикасы ұлттық қауіпсіздік органдарына, Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасына, Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігіне, Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігіне ведомстволық бағынысты білім беру ұйымдарына қолданылмайды. |
72 | Тиісті оқу жылына арналған жоғары білімі бар мамандарды даярлауға арналған мемлекеттік тапсырысты бекіту жөніндегі Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2021 жылғы 20 сәуірдегі № 253 қаулысымен бекітілген тиісті оқу жылына арналған мемлекеттік білім беру тапсырысы құнының кемінде 30 %-ын құрайтын ақылы негізде бір білім алушыға білім беру ұйымдарының ең төменгі шығындарының сәйкестігі. | Тиісті оқу жылына арналған ең төменгі шығындардың сәйкестігі туралы мәліметтер (осы біліктілік талаптарына 7-қосымшаға сәйкес нысан бойынша). | Біліктілік талаптары Қазақстан Республикасы ұлттық қауіпсіздік органдарына, Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасына, Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігіне, Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігіне ведомстволық бағынысты білім беру ұйымдарына қолданылмайды. |
73 | Бес жылда кемiнде бiр рет оқытушылардың біліктілігін арттыруды қамтамасыз ету; білім беру ұйымдарының басшылары үшін бес жылда кемінде бір рет менеджмент саласында біліктілікті арттыру; "Денсаулық сақтау" кадрлар даярлау бағыты бойынша денсаулық сақтау саласындағы уәкілетті орган бекіткен талаптарға сәйкес; "Сәулет және құрылыс" кадрлар даярлау бағыттары бойынша оқытылатын пәндер бойынша ғылыми-зерттеу, іздестіру, жобалау және өндірістік ұйымдарда бес жылда кемінде 1 рет. | Оқытылатын пәндердің бейініне сәйкес соңғы бес жылда кадрлардың біліктілігін арттыру туралы мәліметтер; білім беру ұйымдары басшыларының біліктілігін арттыру туралы мәліметтер (осы біліктілік талаптарына 9-қосымшаға сәйкес нысан бойынша). | Қазақстан Республикасы ұлттық қауіпсіздік органдарына, Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасына, Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігіне, Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігіне ведомстволық бағынысты білім беру ұйымдары үшін оқытушылардың біліктілік арттыруы оқытылатын пәндердің бейініне немесе оқыту әдістемесіне сәйкес өткізіледі. |
74 | 3 жылдан кем емес жұмыс өтілі бар Ұлттық біліктілік шеңберінің 8-деңгейіне сәйкес келетін тиісті бейін бойынша оқытушылардың және (немесе) мамандардың студенттердің диплом жұмыстарына (жобаларына) жетекшілік етуі. | Кадрларды даярлаудың сұратылған бағытының тиісті бейіні бойынша оқытушылардың және (немесе) Ұлттық біліктілік шеңберінің 8-деңгейіне сәйкес келетін мамандардың ғылыми жетекшілікті жүзеге асыруы туралы мәліметтер (осы біліктілік талаптарына 10-қосымшаға сәйкес нысан бойынша). | |
75 |
Азаматтық заңнамаға сәйкес практика базалары туралы мәліметтер, оның ішінде "Педагогикалық ғылымдар" кадрларды даярлау бағыты үшін – педагогикалық практика базалары бойынша мектепке дейінгі және/немесе бастауыш және/немесе негізгі және/немесе жалпы орта және/немесе техникалық және кәсіптік және/немесе орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдарымен шарттардың болуы. "Денсаулық сақтау" кадрларын даярлау үшін – азаматтық заңнамаға сәйкес ғылыми-практикалық базалармен (клиникалық базалармен; денсаулық сақтау саласындағы білім беру ұйымдарының клиникаларымен немесе университеттік ауруханамен) шарттардың және жетекші шетелдік медициналық білім беру ұйымдарымен стратегиялық әріптестік туралы меморандумдардың болуы. |
Практика базалары туралы мәліметтер, оның ішінде кадрларды даярлау бағыты үшін "Педагогикалық ғылымдар" - мектепке дейінгі, және/немесе бастауыш, және/немесе негізгі және/немесе жалпы орта, және/немесе техникалық және кәсіптік, және/немесе орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдарымен педагогикалық практика базалары бойынша шарттардың болуы. Бұл ретте "Денсаулық сақтау" кадрларын даярлау үшін – ғылыми-практикалық базалармен (клиникалық базалармен; Денсаулық сақтау саласындағы білім беру ұйымдарының клиникаларымен немесе университеттік ауруханамен) шарттардың немесе жетекші шетелдік медициналық білім беру ұйымдарымен стратегиялық әріптестік туралы меморандумдардың болуы. | Біліктілік талаптары Қазақстан Республикасы ұлттық қауіпсіздік органдарына, Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасына, Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігіне, Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігіне ведомстволық бағынысты білім беру ұйымдарына қолданылмайды. |
75-1 | "Педагогикалық ғылымдар" кадрларды даярлау бағыты үшін дуальді оқыту бойынша мектепке дейінгі тәрбие және оқыту және/немесе бастауыш, негізгі орта, жалпы орта, техникалық және кәсіптік, дуалді білім беру ұйымдарымен азаматтық заңнамаға сәйкес шарттардың болуы. | Мектепке дейінгі тәрбие және оқыту және/немесе бастауыш, негізгі орта, жалпы орта, техникалық және кәсіптік , дуалді білім беру ұйымдарымен шарттардың көшірмелері | |
76 |
Кадрларды даярлау бағыты бойынша бакалавриат түлектерінің жұмысқа орналасуы туралы мәліметтер, бұл ретте кадрлар даярлау бағыты бойынша бітірушілердің жалпы санынан бітірген жылы жұмысқа орналасқандардың үлесі – кемінде 50 %, оның ішінде кемінде үш ай үздіксіз еңбек қызметімен қамтамасыз етілгені – 50 %; "Педагогикалық ғылымдар" кадрлар даярлау бағыты үшін – кемінде 60 %, "Құқық" кадрларын даярлау үшін – кемінде 60%, "Денсаулық сақтау" кадрларын даярлау үшін – кемінде 80 %, оның ішінде кемінде үш ай үздіксіз еңбек қызметімен қамтамасыз етілу – 50 %. | Жұмыс орнынан растайтын құжаттардың көшірмесі | Біліктілік талаптары лицензияны және (немесе) қосымшаны алу кезінде білім беру ұйымдарына қолданылмайды. |
77 | Жалпы мұқтаж білім алушылар санынан басқа қаладан келген білім алушылардың кемінде 70 %-ының тұруы үшін (жатақаналар/хостелдер/қонақ үйлер) жағдай жасау | ҰБДҚ мәліметтерінің нақты деректерге сәйкестігі | Жатақханалар туралы және (немесе) білім беру ұйымының басшысы бекіткен хостелдермен/ қонақ үйлермен шарттардың болуы туралы мәліметтер. |
78 | ЖЖОКББҰ соңғы 2 жылда кадрларды даярлаудың тиісті бағыты бойынша білім алушыларды үздіксіз қабылдауды жүзеге асыруы. | Біліктілік талаптары лицензияны алу кезінде білім беру ұйымдарына, сондай-ақ Қазақстан Республикасы ұлттық қауіпсіздік органдарына, Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасына, Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігіне, Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігіне ведомстволық бағынысты білім беру ұйымдарына қолданылмайды. | |
79 |
Басқа тілден аударылған мәтінді пайдалануды қоса алғанда, мағынаны (парафраз) өзгертпей, сөздер мен сөйлемдерді синониммен ауыстыра отырып, бөтен материалдың бар-жоғын және мәтінді пайдалануды тексеруге арналған компьютерлік бағдарламаны пайдалану. | Басқа тілден аударылған мәтінді пайдалануды қоса алғанда, мағынаны (парафраз) өзгертпей сөздер мен сөйлемдерді синониммен ауыстыра отырып, бөтен материалдың бар-жоғын және мәтінді пайдалануды тексеруге арналған компьютерлік бағдарламаның болуын растайтын құжат. | Біліктілік талабы Қазақстан Республикасы ұлттық қауіпсіздік органдарына, Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасына, Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігіне, Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігіне ведомстволық бағынысты білім беру ұйымдарына қолданылмайды.* |
8. Жоғары оқу орнынан кейінгі білімнің білім беру бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдарының қызметі үшін | |||
8.1. "Магистр" дәрежесін бере отырып, жоғары оқу орнынан кейінгі білімнің білім беру бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдарының қызметі үшін | |||
80 |
Білім беру саласындағы уәкілетті органның білім беру бағдарламаларының тізіліміне енгізілген білім беру бағдарламасының № 604 бұйрықпен бекітілген жоғары оқу орнынан кейінгі білімнің мемлекеттік жалпыға міндетті стандартына сәйкестігі. | № 604 бұйрықпен бекітілген Жоғары оқу орнынан кейінгі білім берудің мемлекеттік жалпыға міндетті стандартына сәйкес оқытудың толық кезеңіне әзірленген сұратылып отырған кадрларды даярлау бағыты бойынша білім беру бағдарламаларының тізіліміне енгізілген білім беру бағдарламасының, оқу жоспарының қазақ және орыс тілдеріндегі көшірмелері. | Білім беру бағдарламасының № 604 бұйрықпен бекітілген мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандартына сәйкестігі туралы біліктілік талабы мәлімделген жағдайлар бойынша уәкілетті орган бекіткен эксперимент режимінде іске асырылатын бағдарламаларға қолданылмайды. |
81 | Қазақстан Республикасы Жоғарғы сотына, Қазақстан Республикасының ұлттық қауіпсіздік органдарына, Қазақстан Республикасының Бас прокуратурасына, Қазақстан Республикасының Қорғаныс министрлігіне, Қазақстан Республикасының Ішкі істер министрлігіне ведомстволық бағынысты білім беру ұйымдарынан басқа, кадрларды даярлаудың және шетелдік консультанттарды тартудың тиісті бағыты бойынша әріптес ЖЖОКББҰ мәртебесі бойынша нормаларды көздейтін тиісті даярлау бағыттары бойынша білім беру ұйымдарымен немесе ғылыми немесе ғылыми-білім беру немесе ғылыми-өндірістік орталықтармен ынтымақтастық туралы келісімдердің болуы. | Білім беру ұйымдарымен немесе ғылыми немесе ғылыми-білім беру немесе ғылыми-өндірістік орталықтармен кадрларды даярлаудың және шетелдік консультанттарды тартудың тиісті бағыты бойынша әріптес ЖЖООКББҰ мәртебесі бойынша нормаларды қарастыратын ынтымақтастық туралы келісімдердің көшірмелері. Келісім практикадан өту кезінде жарамды болуы тиіс және келісімнің мерзімін ұзарту туралы тармақты қамтуы мүмкін. | Шетел тілінде жасалған келісімдер және/немесе шарттар ұсынылған жағдайда, олардың қазақ немесе орыс тілінде нотариалды расталған аудармамен қоса берілуі талап етіледі. |
82 |
Кемінде штаттағы төрт оқытушыда: | Педагог және оқытушы кадрлармен жасақталуы туралы мәліметтер (осы біліктілік талаптарына 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша). | |
83 |
Оқытушылардың білім беру бағдарламасының пәндеріне сәйкес қамтамасыз етілуі, оқытушылар білімінің оқытылатын пәндердің бейініне және олардың ғылыми дәрежесіне және/немесе "қауымдастырылған профессор (доцент)" немесе "профессор" ғылыми атағына сәйкестігі. Негізгі жұмыс орны лицензиат болып табылатын "ғылым кандидаты" немесе "ғылым докторы" немесе "философия докторы (РhD)" немесе "бейіні бойынша доктор" ғылыми дәрежесі немесе "философия докторы (РhD)" немесе "бейіні бойынша доктор" академиялық дәрежесі немесе "философия докторы (РhD)" немесе "бейіні бойынша доктор" дәрежесі және/немесе "қауымдастырылған профессор (доцент)" немесе "профессор" ғылыми атағы бар сұратылып отырған кадрлар даярлау бағыты бойынша оқытушылардың үлесі және/немесе кадрлар даярлау бағыты бойынша оқытушылардың жалпы санынан "Еңбек сiңiрген жаттықтырушы" спорттық атағы бар оқытушылар - кемінде 70 %; кадрлар даярлау бағыты бойынша оқытушылардың жалпы санынан негізгі жұмыс орны лицензиат болып табылатын "магистр" дәрежесі бар оқытушылардың үлесі – 30 %-дан артық емес; "Өнер және гуманитарлық ғылымдар" кадрлар даярлау бағыты бойынша: негізгі жұмыс орны лицензиат болып табылатын, "ғылым кандидаты" немесе "ғылым докторы" немесе "философия докторы (РhD)" немесе "бейіні бойынша доктор" ғылыми дәрежесі, "философия докторы (РhD)" немесе "бейіні бойынша доктор" академиялық дәрежесі немесе "философия докторы (РhD)" немесе "бейіні бойынша доктор" дәрежесі және/немесе "қауымдастырылған профессор (доцент)" немесе "профессор" ғылыми атағы бар оқытушылардың үлесі және/немесе кадрлар даярлау бағыты бойынша оқытушылардың жалпы санынан Қазақстан Республикасының құрметті атақтарымен және мемлекеттік наградаларымен марапатталған оқытушылар – 50 %-дан кем емес; кадрларды даярлау бағыты бойынша оқытушылардың жалпы санынан негізгі жұмыс орны лицензиат болып табылатын "магистр" дәрежесі бар оқытушылардың үлесі – 50 %-дан артық емес; "Денсаулық сақтау" кадрлар даярлау бағыты бойынша: кадрлар даярлау бағыты бойынша оқытушылардың жалпы санынан негізгі жұмыс орны лицензиат болып табылатын, "ғылым кандидаты" немесе "ғылым докторы" немесе "философия докторы (РhD)" немесе "бейіні бойынша доктор" ғылыми дәрежесі немесе "философия докторы (РhD)" немесе "бейіні бойынша доктор" академиялық дәрежесі немесе "философия докторы (РhD)" немесе "бейіні бойынша доктор" дәрежесі және/немесе "қауымдастырылған профессор (доцент)" немесе "профессор" ғылыми атағы бар оқытушылардың үлесі – кемінде 50 %; кадрлар даярлау бағыты бойынша оқытушылардың жалпы санынан негізгі жұмыс орны лицензиат болып табылатын "магистр" дәрежесі бар және/немесе резидентура бітірген, дәрігердің жоғары/бірінші біліктілік санатты және (немесе) клиникалық практикада кемінде 5 жыл тәжірибесі бар оқытушылардың үлесі – 50 %-дан артық емес; | Педагог және оқытушы кадрлармен жасақталуы туралы мәлімет (осы біліктілік талаптарына 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша). | |
84 | ЖЖОКББҰ оқу корпустарының жабдықталған медициналық пункттермен қамтамасыз етілуі. Медициналық қызмет көрсетуге лицензияның болуы. Қазақстан Республикасы Жоғарғы сотына, Қазақстан Республикасы ұлттық қауіпсіздік органдарына, Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасына, Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігіне, Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігіне ведомстволық бағынысты білім беру ұйымдары үшін білім алушыларға медициналық қызмет көрсетудің болуы. | Медициналық пункттермен қамтамасыз етілуі және медициналық қызметке лицензияның болуы туралы мәліметтер (осы біліктілік талаптарына 3-қосымшаға сәйкес нысан бойынша). | Оқу корпустары ішкі өткелдермен қосылған жағдайда бір медициналық пункттің болуына рұқсат етіледі. |
85 | ЖЖОКББҰ оқу корпустарында білім алушылардың тамақтануына жағдай жасау. Қазақстан Республикасы Жоғарғы сотына, Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік органдарына, Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасына, Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігіне, Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігіне ведомстволық бағынысты білім беру ұйымдары үшін білім алушыларға арналған тамақтандыру объектісінің болуы. | Денсаулық сақтау саласындағы уәкілетті орган бекіткен санитариялық қағидалар мен нормаларға сәйкес тамақтандыру объектісінің болуы туралы мәліметтер (осы біліктілік талаптарына 4-қосымшаға сәйкес нысан бойынша). | Оқу корпустары ішкі өткелдермен қосылған жағдайда бір тамақтану объектісінің болуына рұқсат етіледі. |
86 |
Білім беру қызметінің сапасын қамтамасыз ететін қажетті материалдық активтер, № 71 қаулымен бекітілген санитариялық тәртіпке және № 439 бұйрықпен бекітілген өрт қауіпсіздігі талаптарына сәйкес келетін оқу үй-жайлары және алаңы бар ғимараттар (оқу корпустары): мемлекеттік органдардың немесе квазимемлекеттік ұйымдардың қатысуымен білім беру ұйымдары үшін меншікті не шаруашылық жүргізу немесе жедел басқару немесе сенімгерлік басқару құқығында тиесілі кемінде 5 %; білім беру ұйымдарының жайларында және (немесе) іргелес аумақтарда бейнебақылаудың болуы. |
Пайдалы оқу алаңының, материалдық-техникалық базасының болуы туралы мәліметтер (осы біліктілік талаптарына 5-қосымшаға сәйкес нысан бойынша). | |
87 |
Сымсыз технологияларды қоса алғанда, кең жолақты интернеттің қолжетімділігі, № 79 бұйрықпен бекітілген бағдарламалық-аппараттық кешен мен қолданбалы қамтамасыз етуге қойылатын ең төменгі талаптарға сәйкес келетін кітапханамен және компьютерлік кабинеттермен, компьютерлермен, кадрлар даярлау бағытының білім беру бағдарламасына сәйкес білім беру бағдарламаларын іске асыру үшін қажетті жабдықтармен, материалдық-техникалық және оқу-зертханалық базамен жарақтандырылуы. № 570 бұйрықпен бекітілген білім беру мониторингі шеңберіндегі әкімшілік деректер нысандарына сәйкес контингент туралы өзекті дерекқорлары бар білім беруді басқарудың ақпараттық жүйесінің болуы. және нақты деректердің Ұлттық білім беру дерекқорымен сәйкестігі. | Білім беру процесінің материалдық-техникалық қамтамасыз етілуі, оның ішінде компьютерлердің, оқу-зертханаларының, оқу пәндері кабинеттерінің және техникалық оқу құралдарының, білім беруді басқарудың ақпараттық жүйесінің болуы туралы мәліметтер (осы біліктілік талаптарына 6-қосымшаға сәйкес нысан бойынша). | Сымсыз технологияларды қоса алғанда біліктілік талабы Қазақстан Республикасы Жоғарғы сотына, Қазақстан Республикасы ұлттық қауіпсіздік органдарына, Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасына, Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігіне, Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігіне ведомстволық бағынысты білім беру ұйымдарына қолданылмайды. |
88 | Білім беру ұйымының ұйымдармен және кәсіпорындармен азаматтық заңнамаға сәйкес жасалған шарттарға сәйкес қаржыландырылатын ғылыми-зерттеу және тәжірибелік-конструкторлық жұмыстармен қамтамасыз етуі. | Ғылыми-зерттеу және тәжірибелік-конструкторлық жұмыстарды жүргізуге ұйымдармен және кәсіпорындармен жасалған шарттардың көшірмелері. Шарт оқу кезінде әрекет ететін болуы тиіс және шарттың мерзімін ұзарту туралы тармақты қамтуы мүмкін. | Біліктілік талабы Қазақстан Республикасы Жоғарғы сотына, Қазақстан Республикасы ұлттық қауіпсіздік органдарына, Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасына, Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігіне, Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігіне ведомстволық бағынысты білім беру ұйымдарына қолданылмайды. |
89 |
Сұратылған бағыттың бейініне сәйкес келетін "ғылым кандидаты" немесе "ғылым докторы" немесе "философия докторы (PhD)" немесе "бейіні бойынша доктор" ғылыми дәрежесі немесе "философия докторы (PhD)" немесе "бейіні бойынша доктор" академиялық дәрежесі немесе "философия докторы (PhD)" немесе "бейіні бойынша доктор" дәрежесі, кемінде үш жыл ғылыми-педагогикалық жұмыс өтілі бар, білім және ғылым саласындағы уәкілетті орган бекіткен ғылыми қызметтің негізгі нәтижелерін жариялауға ұсынылатын ғылыми басылымдардың тізбесіне (бұдан әрі – Басылымдар тізбесі) енгізілген басылымдарда соңғы бес жыл ішінде 5 ғылыми мақаланың және JCR (ЖСР) деректері бойынша импакт-факторы бар немесе Science Citation Index Expanded, Social Science Citation Index немесе Arts and Humanities Citation Index в Web of Science Core Collection (Вэб оф Сайнс Кор Коллекшн) базаларының бірінде индекстелетін немесе Scopus (Скопус) деректер базасында СiteScore (СайтСкор) бойынша процентиль көрсеткіші кемінде 25 болатын халықаралық рецензияланатын ғылыми журналда 1 ғылыми мақаланың авторы болып табылатын оқытушының ғылыми жетекшілікті жүзеге асыруы. Қазақстан Республикасы Жоғарғы сотына, Қазақстан Республикасының ұлттық қауіпсіздік органдарына, Қазақстан Республикасының Бас прокуратурасына, Қазақстан Республикасының Қорғаныс министрлігіне, Қазақстан Республикасының Ішкі істер министрлігіне ведомстволық бағынысты білім беру ұйымдары үшін магистранттарда ғылым докторы немесе ғылым кандидаты немесе философия докторы (PhD) немесе бейіні бойынша доктор ғылыми дәрежесі бар оқытушының немесе подполковниктен төмен емес әскери (арнайы атағы, сыныптық шені) немесе судья немесе отставкадағы судья немесе негізгі жұмыс орны лицензиат болып табылатын, кадрларды даярлау бағыты бойынша кемінде үш жыл ғылыми-педагогикалық жұмыс өтілі бар, даярлау бейіні бойынша отандық басылымдарда, халықаралық конференциялардың еңбектерінде ғылыми жарияланымдардың авторы болып табылатын ғылым саласына сәйкес келетін білікті маманның ғылыми жетекшілікті жүзеге асыруы. | Жұмыс өтілін, ғылыми жарияланымдарын көрсете отырып, кадрлар даярлаудың тиісті бағыты бойынша ғылыми жетекшілікті жүзеге асыратын ғылыми жетекшілер туралы мәліметтер (осы біліктілік талаптарына 10-қосымшаға сәйкес нысан бойынша). | |
90 | Білім беру бағдарламасына сәйкес сұратылып отырған кадрларды даярлау бағыты бойынша мамандандырылған ғылыми-техникалық, ғылыми-әдістемелік, клиникалық, эксперименттік базамен қамтамасыз етілу. | Мамандандырылған ғылыми-техникалық, ғылыми-әдістемелік, клиникалық, эксперименталдық базалардың болуы туралы мәліметтер (осы біліктілік талаптарына 11-қосымшаға сәйкес нысан бойынша). | |
91 | Магистранттардың практикадан өту үшін отандық ұйымдармен келісілген шарттармен және шетелдік ғылыми тағылымдамадан өту үшін жасалған шарттармен (Қазақстан Республикасы Жоғарғы сотына, Қазақстан Республикасы ұлттық қауіпсіздік органдарына, Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасына, Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігіне, Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігіне ведомстволық бағынысты білім беру ұйымдарынан басқа) қамтамасыз етілуі. | Практика базалары ретінде, оның ішінде ғылыми тағылымдамадан өту үшін айқындалған ұйымдармен жасалған шарттардың көшірмелері. Шарт оқыту кезінде жарамды болуы тиіс және шарттың мерзімін ұзарту туралы тармақты қамтуы мүмкін. | Шет тілінде ғана жасалған шарттар ұсынылған жағдайда, олардың қазақ немесе орыс тілінде нотариалды расталған аудармамен қоса берілуі талап етіледі. |
92 |
Басқа тілден аударылған мәтінді пайдалануды қоса алғанда, мағынаны (парафраз) өзгертпей сөздер мен сөйлемдерді синониммен ауыстыра отырып, кірме материалдың бар-жоғын және мәтінді пайдалануды тексеруге арналған компьютерлік бағдарламаны пайдалану. | Басқа тілден аударылған мәтінді пайдалануды қоса алғанда, мағынаны (парафраз) өзгертпей сөздер мен сөйлемдерді синониммен ауыстыра отырып, кірме материалдың бар-жоғын және мәтінді пайдалануды тексеруге арналған компьютерлік бағдарламаның болуын растайтын құжат. | Біліктілік талабы Қазақстан Республикасы Жоғарғы сотына, Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік органдарына, Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасына, Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігіне, Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігіне ведомстволық бағынысты білім беру ұйымдарына қолданылмайды. |
8.2. Жоғары оқу орнынан кейінгі медициналық білімнің білім беру бағдарламаларын іске асыратын (резидентура) білім беру ұйымдары мен ғылыми ұйымдардың қызметі үшін | |||
93 | Білім беру саласындағы уәкілетті органның білім беру бағдарламаларының тізіліміне енгізілген білім беру бағдарламасының Кодекске сәйкес бекітілген Жоғары оқу орнынан кейінгі білім берудің мемлекеттік жалпыға міндетті стандартына сәйкестігі. | Кодекске сәйкес бекітілген Жоғары оқу орнынан кейінгі білім берудің мемлекеттік жалпыға міндетті стандартына сәйкес оқытудың толық кезеңіне әзірленген сұратылып отырған кадрларды даярлау бағыты бойынша клиникалық мамандықтар бойынша білім беру бағдарламасының, оқу жоспарының көшірмелері. | |
94 | ЖЖОКББҰ оқу корпустарының жабдықталған медициналық пункттермен қамтамасыз етілуі. Медициналық қызметке лицензияның болуы. | Медициналық қызмет көрсетудің болуы туралы, оның ішінде медициналық пункттің және медициналық қызметке берілген лицензияның болуы туралы мәліметтер (осы біліктілік талаптарына 3-қосымшаға сәйкес нысан бойынша). | Оқу корпустары ішкі өткелдермен қосылған жағдайда бір медициналық пункттің болуына рұқсат етіледі. |
95 | Білім беру қызметінің сапасын қамтамасыз ететін қажетті материалдық активтер, № 71 қаулыға сәйкес бекітілген санитариялық нормалар мен тәртіптерге және № 439 бұйрықпен бекітілген өрт қауіпсіздігі талаптарына сәйкес келетін меншікті не шаруашылық жүргізу немесе жедел басқару немесе сенімгерлік басқару құқығында оқу үй-жайлары және алаңы бар ғимараттар (оқу корпустары); білім беру ұйымдарының үй-жайларында және (немесе) іргелес аумақтарында бейнебақылаудың болуы. | Пайдалы оқу алаңы, материалдық-техникалық базасының болуы туралы мәліметтер (осы біліктілік талаптарына 5-қосымшаға сәйкес нысан бойынша). | Білім беру ұйымының лицензия алуы немесе қайта құрылуына байланысты лицензияны қайта ресімдеуі кезінде оқу ауданының есебі оқу сабағының ауысымдылығы ескеріліп, жоғары оқу орнының түріне байланысты ең аз білім алушылар контингентіне бекітілген нормаға сүйеніп жүргізіледі. |
Ғимараттарға және клиникаларға шаруашылық жүргізу немесе жедел басқару құқығын растайтын құжаттардың көшірмелері. | |||
96 |
Сымсыз технологияларды қоса алғанда, кең жолақты интернеттің қолжетімділігі, № 79 бұйрықпен бекітілген бағдарламалық-аппараттық кешенге және қолданбалы қамтамасыз етуге қойылатын ең төменгі талаптарға сәйкес келетін кітапханамен және компьютерлік кабинеттермен, компьютерлермен, кадрлар даярлау бағытының оқу жоспарына сәйкес білім беру бағдарламаларын іске асыру үшін қажетті материалдық-техникалық және оқу-зертханалық базамен, жабдықтармен жарақтандырылуы. № 570 бұйрықпен бекітілген білім беру мониторингі шеңберіндегі әкімшілік деректер нысандарына сәйкес контингент туралы өзекті дерекқорлары бар білім беруді басқарудың ақпараттық жүйесінің болуы. және нақты деректердің Ұлттық білім беру дерекқорымен сәйкестігі. | Білім беру процесінің материалдық-техникалық қамтамасыз етілуі, оның ішінде компьютерлердің, оқу-зертханаларының, оқу пәндері кабинеттерінің және техникалық оқу құралдарының, білім беруді басқарудың ақпараттық жүйесінің болуы туралы мәліметтер (осы біліктілік талаптарына 6-қосымшаға сәйкес нысан бойынша). | |
97 | "Ғылым кандидаты" немесе "ғылым докторы" немесе "философия докторы (РhD)" немесе "бейіні бойынша доктор" ғылыми дәрежесі немесе "философия докторы (РhD)" немесе "бейіні бойынша доктор" академиялық дәрежесі немесе "бейіні бойынша доктор" немесе "философия докторы (РhD)" дәрежесі бар кемінде екі маманның; немесе "ғылым кандидаты" немесе "ғылым докторы" немесе "философия докторы (РhD)" немесе "бейіні бойынша доктор" ғылыми дәрежесі немесе "философия докторы (РhD)" немесе "бейіні бойынша доктор" академиялық дәрежесі немесе "бейіні бойынша доктор" немесе "философия докторы (РhD)" дәрежесі бар кемінде бір маманның және негізгі жұмыс орны лицензиат болып табылатын, даярлау бейіні бойынша жоғары дәрігерлік санаты бар, ғылыми-педагогикалық өтілі 3 жылдан кем емес, клиникалық жұмысы 5 жылдан кем емес, сұратылып отырған кадрларды дайындау бағыты бойынша уәкілетті органмен ұсынылған отандық басылымдарда және сұратылып отырған кадрларды дайындау бағыты бойынша шетелдік басылымдарда 4 ғылыми жарияланымның авторы болып табылатын және оқу құралдары бар бір маманның болуы. | Жұмыс өтілін, ғылыми жарияланымдарын, оқулықтары мен оқу құралдарын көрсете отырып, кадрлар даярлаудың тиісті бағыты бойынша ғылыми жетекшілікті жүзеге асыратын ғылыми жетекшілер туралы мәліметтер (осы біліктілік талаптарына 10-қосымшаға сәйкес нысан бойынша). | |
98 | Резидент-дәрігерлерді "ғылым кандидаты" немесе "ғылым докторы" немесе "философия докторы (PhD)" немесе "бейіні бойынша доктор" ғылыми дәрежесі немесе "философия докторы (PhD)" немесе "бейіні бойынша доктор" академиялық дәрежесі немесе "философия докторы (PhD)" немесе "бейіні бойынша доктор" дәрежесі немесе кадрларды даярлаудың сұралып отырған бағыты бойынша кемінде бес жыл клиникалық жұмыс өтілі бар жетекші мамандар, оқытушылар қатарынан тәлімгерлер ретінде даярлауды жүзеге асыру. | Тиісті кадрларды даярлау бағыты бойынша жұмыс өтілін, ғылыми жарияланымдары мен оқулығын және оқу құралын көрсете отырып, ғылыми жетекшілікті жүзеге асыратын ғылыми жетекшілер туралы мәліметтер (осы біліктілік талаптарына 10-қосымшаға сәйкес нысан бойынша). | |
99 | Тиісті клиникалық даярлау мамандықтары бойынша мамандандырылған ғылыми-әдістемелік, клиникалық, материалдық-техникалық базаның болуы. | Мамандандырылған ғылыми-техникалық, ғылыми-әдістемелік, клиникалық, эксперименталдық базаның болуы туралы мәліметтер (осы біліктілік талаптарына 11-қосымшаға сәйкес нысан бойынша). | |
100 | Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2020 жылғы 21 желтоқсандағы № ҚР ДСМ-304/2020 "Клиникалық база, денсаулық сақтау саласындағы білім беру ұйым клиникасы, университеттік аурухана, резидентура базасы, интеграцияланған академиялық медициналық орталық туралы ережелерді және оларға қойылатын талаптарды бекіту туралы" (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 21848 болып тіркелген) бұйрығына сәйкес кадрларды даярлаудың сұратылып отырған бағыты бойынша резидентура базаларымен келісімшарттардың және жетекші шетелдік медициналық білім беру ұйымдарымен стратегиялық серіктестік туралы меморандумдардың болуы. | Резидентура базалары ретінде айқындалған толық оқу кезеңін қамтитын, ұйымдармен және стратегиялық әріптестік туралы жасалған шарттардың көшірмелері | |
100-1 |
Оқу және ғылыми әдебиеттің кітапханалық қорының болуы: соңғы он жылда кадрларды даярлау бағытының білім беру бағдарламасы пәндерінің 100 %-ын қамтамасыз ететін баспа және электрондық басылымдар форматында, оның ішінде оқыту тілдері бойынша басып шығарылған. |
Оқу және ғылыми әдебиеттер қорының болуы туралы мәліметтер (осы біліктілік талаптарына 2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша). | |
8.3. Философия докторы (PhD) және бейіні бойынша доктор дәрежесін бере отырып, жоғары оқу орнынан кейінгі білімнің білім беру бағдарламаларын іске асыратын Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотына, Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасына, Қазақстан Республикасы ұлттық қауіпсіздік органдарына, Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігіне, Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігіне ведомстволық бағынысты білім беру ұйымдарының қызметі үшін | |||
101 | Білім беру бағдарламасының № 604 бұйрықпен бекітілген жоғары оқу орнынан кейінгі білім берудің мемлекеттік жалпыға міндетті стандартына сәйкестігі. | № 604 бұйрықпен бекітілген Жоғары оқу орнынан кейінгі білім берудің мемлекеттік жалпыға міндетті стандартына сәйкес оқытудың толық кезеңіне әзірленген сұратылып отырған кадрларды даярлау бағыты бойынша білім беру бағдарламасының, оқу жоспарының қазақ және орыс тілдеріндегі көшірмелері. | |
102 | "Ғылым кандидаты" немесе "ғылым докторы" немесе "философия докторы (РhD)" немесе "бейіні бойынша доктор" ғылыми дәрежесі немесе "философия докторы (РhD)" немесе "бейіні бойынша доктор" академиялық дәрежесі немесе "бейіні бойынша доктор" немесе "философия докторы (РhD)" дәрежесі және/немесе "қауымдастырылған профессор (доцент)" немесе "профессор" ғылыми атағы немесе әскери (арнайы) атағы подполковниктен төмен емес немесе әділет кеңесшісі кластық шенінен төмен емес, немесе судья немесе отставкадағы судья оқытушылардың үлесі 100 %-дан кем емес. | Педагог және оқытушы кадрлармен жасақталуы туралы мәліметтер (осы біліктілік талаптарына 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша). | |
103 | Білім алушыларды медициналық қызмет көрсетумен қамтамасыз ету. | Медициналық қызмет көрсетудің болуы, оның ішінде медициналық пункттің болуы және медициналық қызметке берілген лицензия туралы мәліметтер (осы біліктілік талаптарына 3-қосымшаға сәйкес нысан бойынша). | |
104 | Білім алушылардың тамақтануына жағдай жасау. | Санитариялық қағидалар мен нормаларға сәйкес тамақтандыру объектісінің болуы туралы мәліметтер (осы біліктілік талаптарына 4-қосымшаға сәйкес нысан бойынша). | |
105 | Білім беру қызметінің сапасын қамтамасыз ететін қажетті материалдық активтер, № 71 қаулымен бекітілген санитариялық тәртіптерге санитариялық нормаларға және № 439 бұйрықпен бекітілген өрт қауіпсіздігі талаптарына сәйкес келетін меншікті не шаруашылық жүргізу немесе жедел басқару немесе сенімгерлік басқару құқығында оқу үй-жайлары және алаңы бар ғимараттар (оқу корпустары); білім беру ұйымдарының үй-жайларында және (немесе) іргелес аумақтарында бейнебақылаудың болуы. | Пайдалы оқу алаңы, материалдық-техникалық базасының болуы туралы мәліметтер (осы біліктілік талаптарына 5-қосымшаға сәйкес нысан бойынша). | Білім беру ұйымдарын қайта ұйымдастыруға байланысты лицензия алған немесе лицензияны қайта ресімдеген кезде алаңды есептеу оқу сабақтарының ауысымын ескере отырып, жоғары оқу орындарының түрлері бойынша білім алушылардың ең аз контингентіне белгіленген нормаларға сүйене отырып жүргізіледі. |
Ғимараттарға шаруашылық жүргізу немесе жедел басқару құқығын растайтын құжаттардың көшірмелері. | |||
106 | Оқу жоспарына сәйкес білім беру бағдарламаларын іске асыру үшін қажетті материалдық техникалық және оқу-зертханалық базалармен, кең жолақты интернет желісімен, компьютерлік кабинеттермен, кітапханамен жарақтандырылуы. | Білім беру процесін материалдық-техникалық қамтамасыз етуі, оның ішінде компьютерлердің, оқу-зертханаларының, оқу пәндері кабинеттерінің және техникалық оқу құралдарының болуы туралы мәліметтер (осы біліктілік талаптарына 6-қосымшаға сәйкес нысан бойынша). | |
107 | Негізгі жұмыс орны лицензиат болып табылатын, кемінде үш жыл ғылыми-педагогикалық жұмыс өтілі бар, даярлау бейіні бойынша отандық басылымдарда, халықаралық конференциялардың еңбектерінде ғылыми жарияланымдардың және оқу құралының авторы болып табылатын кадрларды даярлаудың әрбір ғылыми бағыты бойынша кемінде бір ғылым докторының немесе кемінде екі ғылым кандидатының, не философия докторларының (PhD) не бейіні бойынша докторлардың болуы. | Жұмыс өтілін, ғылыми жарияланымдарын, дайындалған оқулықтар мен оқу құралдарын көрсете отырып, тиісті кадрлар даярлау бағыты бойынша ғылыми басшылықты жүзеге асыратын ғылыми жетекшілер туралы мәліметтер (осы біліктілік талаптарына 10-қосымшаға сәйкес нысан бойынша). | |
108 | Сұратылып отырған кадрларды даярлау бағыты бойынша мамандандырылған ғылыми-техникалық, ғылыми-әдістемелік, клиникалық, эксперименттік базаның болуы. | Мамандандырылған ғылыми-техникалық, ғылыми-әдістемелік, клиникалық, эксперименттік базаның болуы туралы мәліметтер (осы біліктілік талаптарына 11-қосымшаға сәйкес нысан бойынша). | |
8.4. "Философия докторы (PhD)" және "бейіні бойынша доктор" дәрежесін бере отырып, жоғары оқу орнынан кейінгі білімнің білім беру бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдарының қызметі үшін | |||
109 |
Білім беру саласындағы уәкілетті органның білім беру бағдарламаларының тізіліміне енгізілген білім беру бағдарламасының № 604 бұйрықпен бекітілген Жоғары оқу орнынан кейінгі білім берудің мемлекеттік жалпыға міндетті стандартына сәйкестігі. | № 604 бұйрықпен бекітілген және (немесе) Кодекске сәйкес бекітілген Жоғары оқу орнынан кейінгі білім берудің мемлекеттік жалпыға міндетті стандартына сәйкес оқудың толық кезеңіне әзірленген кадрларды даярлаудың сұралатын бағытына сәйкес білім беру саласындағы уәкілетті органның білім беру бағдарламаларының тізіліміне енгізілген білім беру бағдарламасының қазақ және орыс тілдеріндегі көшірмесі. | Білім беру бағдарламасының, оқу жоспарының № 604 бұйрықпен бекітілген және (немесе) Кодекске сәйкес бекітілген мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандартына сәйкестігі туралы біліктілік талабы мәлімделген шарттар бойынша уәкілетті орган бекіткен эксперимент режимінде іске асырылатын бағдарламаларға қолданылмайды. |
110 | Оқу жоспарының пәндеріне сәйкес оқытушылармен қамтамасыз етілуі, оқытушылар білімінің оқытылатын пәндер бейініне сәйкестігі, сондай-ақ олардың "ғылым кандидаты" немесе "ғылым докторы" немесе "философия докторы (РhD)" немесе "бейіні бойынша доктор" ғылыми дәрежесінің немесе "философия докторы (РhD)" немесе "бейіні бойынша доктор" немесе "философия докторы (РhD)" немесе "бейіні бойынша доктор" және/немесе "қауымдастырылған профессор" (доцент), немесе "профессор" ғылыми атағының оқытылатын пәндер бейініне сәйкестігі. Негізгі жұмыс орны лицензиат болып табылатын "ғылым кандидаты" немесе "ғылым докторы" немесе "философия докторы (РhD)" немесе "бейіні бойынша доктор" ғылыми дәрежесі немесе "философия докторы (РhD)" немесе "бейіні бойынша доктор" академиялық дәрежесі немесе "бейіні бойынша доктор" немесе "философия докторы (РhD)" дәрежелері және/немесе "қауымдастырылған профессор (доцент)" немесе "профессор" ғылыми атағы бар және/немесе "Еңбек сiңiрген жаттықтырушы" спорттық атақтары бар және/немесе Қазақстан Республикасының құрметті атақтарымен және мемлекеттік марапаттары бар оқытушылардың үлесі кемінде 80 %. | Педагог және оқытушы кадрлармен жасақталуы туралы мәліметтер (осы біліктілік талаптарына 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша). | |
110-1 |
Кемінде 5 штаттық оқытушыда: | Педагог және оқытушы кадрлармен жасақталуы туралы мәліметтер (осы біліктілік талаптарына 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша). | |
111 | ЖЖОКББҰ оқу корпустарының жабдықталған медициналық пункттермен қамтамасыз етілуі. Медициналық қызмет көрсетуге лицензияның болуы. Қазақстан Республикасы ұлттық қауіпсіздік органдарына, Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігіне, Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігіне ведомстволық бағынысты білім беру ұйымдары үшін білім алушыларға медициналық қызмет көрсетудің болуы. | Медициналық пункттермен қамтамасыз етілуі және медициналық қызметке лицензияның болуы туралы мәліметтер (осы біліктілік талаптарына 3-қосымшаға сәйкес нысан бойынша). | Оқу корпустары ішкі өткелдермен қосылған жағдайда бір медициналық пункттің болуына рұқсат етіледі. |
112 |
ЖЖОКББҰ оқу корпустарында білім алушылардың тамақтануына жағдай жасау. | Санитариялық қағидалар мен нормаларға сәйкес тамақтандыру объектісінің болуы туралы мәліметтер (осы біліктілік талаптарына 4-қосымшаға сәйкес нысан бойынша). | Оқу корпустары ішкі өткелдермен қосылған жағдайда бір тамақтану объектісінің болуына рұқсат етіледі. |
113 | Білім беру қызметінің сапасын қамтамасыз ететін қажетті материалдық активтер, № 71 қаулымен бекітілген санитариялық тәртіптерге санитариялық нормаларға және № 439 бұйрықпен бекітілген өрт қауіпсіздігі талаптарына сәйкес келетін оқу үй-жайлары және алаңы бар ғимараттар (оқу корпустары): мемлекеттік органдардың немесе квазимемлекеттік ұйымдардың қатысуымен білім беру ұйымдары үшін меншікті не шаруашылық жүргізу немесе жедел басқару немесе сенімгерлік басқару құқығында тиесілі кемінде 5 %; білім беру ұйымдарының жайларында және (немесе) іргелес аумақтарда бейнебақылаудың болуы. | Пайдалы оқу алаңы, материалдық-техникалық базасы туралы мәліметтер (осы біліктілік талаптарына 5-қосымшаға сәйкес нысан бойынша). | Білім беру ұйымының лицензия алуы немесе қайта құрылуына байланысты лицензияны қайта ресімдеуі кезінде оқу ауданының есебі оқу сабағының ауысымы ескеріліп, жоғары оқу орнының түріне байланысты ең аз білім алушылар контингентіне бекітілген нормаға сүйеніп жүргізіледі. |
Ғимараттарға және клиникаларға шаруашылық жүргізу немесе жедел басқару құқығын растайтын құжаттардың көшірмелері. | |||
114 |
Сымсыз технологияларды қоса алғанда, кең жолақты интернеттің қолжетімділігі, № 79 бұйрықпен бекітілген бағдарламалық-аппараттық кешенге және қолданбалы қамтамасыз етуге қойылатын ең төменгі талаптарға сәйкес келетін кітапханамен және компьютерлік кабинеттермен, компьютерлермен, материалдық-техникалық және оқу-зертханалық базамен, кадрлар даярлау бағытының білім беру бағдарламасына сәйкес білім беру бағдарламаларын іске асыру үшін қажетті жабдықтармен жабдықталуы. | Білім беру процесін материалдық-техникалық қамтамасыз етуі, оның ішінде компьютерлердің, оқу зертханаларының, оқу пәндері кабинеттерінің және техникалық оқу құралдарының, білім беруді басқарудың ақпараттық жүйесінің болуы туралы мәліметтер (осы біліктілік талаптарына 6-қосымшаға сәйкес нысан бойынша). | |
115 | Білім беру ұйымының ұйымдармен және кәсіпорындармен азаматтық заңнамаға сәйкес жасасқан шарттары негізінде қаржыландырылатын ғылыми-зерттеу және тәжірибелік-конструкторлық жұмыстармен қамтамасыз ету. | Ғылыми-зерттеу және тәжірибелік-конструкторлық жұмыстар жүргізу үшін ұйымдармен және кәсіпорындармен жасалған шарттардың және оларға қоса жұмыстардың техникалық ерекшелігі мен күнтізбелік жоспарының көшірмелері. Техникалық ерекшелік және күнтізбелік жұмыс жоспары қосымшалары бар шарт оқу кезінде әрекет етуі тиіс және мерзімін ұзарту туралы тармақты қамтуы мүмкін. | |
116 |
Ғылыми жетекшілікті "ғылым кандидаты" немесе "ғылым докторы" немесе "философия докторы (РhD)" немесе "бейіні бойынша доктор" академиялық дәрежесі немесе "философия докторы (РhD)" немесе "бейіні бойынша доктор" академиялық дәрежесі немесе "философия докторы (РhD)" немесе "бейіні бойынша доктор" дәрежесі бар: - 8D05 "Жаратылыстану ғылымдары, математика және статистика", 8D06 "Ақпараттық-коммуникациялық технологиялар", 8D07 "Инженерлік, өңдеу және құрылыс салалары", 8D08 "Ауыл шаруашылығы және биоресурстар", 8D09 "Ветеринария", 8D10 "Денсаулық сақтау" кадрларды даярлау бағыттары бойынша Web of Science Core Collection (Вэб оф Сайнс Кор коллекция), JCR деректері бойынша 1, 2, 3-квартильге кіретін немесе СiteScore (СайтСкор) бойынша процентиль көрсеткіші кемінде 35 болатын не Хирш индексі 2 және одан көп халықаралық рецензияланатын ғылыми журналдарда 2 мақаланың; | Тиісті кадрларды даярлау бағыты бойынша жұмыс өтілін, ғылыми жарияланымдарын көрсете отырып, ғылыми жетекшілікті жүзеге асыратын ғылыми жетекшілер туралы мәліметтер (осы біліктілік талаптарына 10-қосымшаға сәйкес нысан бойынша). | |
117 | Жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру бағдарламаларын іске асыратын аккредиттелген шетелдік және (немесе) ғылыми ұйымдармен ынтымақтастық туралы және кадрларды даярлаудың тиісті бағыты бойынша әріптес ЖЖОКБҰ мәртебесі, шетелдік консультанттарды тарту және бірлескен ғылыми жобаларды іске асыру бойынша нормаларды көздейтін азаматтық заңнамаға сәйкес шарттардың болуы. | Кадрларды даярлаудың тиісті бағыты, шетелдік консультанттарды тарту және бірлескен ғылыми жобаларды іске асыру бойынша әріптес ЖЖООКББҰ мәртебесі бойынша нормаларды көздейтін аккредиттелген шетелдік жоғары оқу орындарымен ғылыми алмасу туралы шарттардың көшірмелері. Келісім оқу кезінде қолданыста болуға тиіс және келісімнің мерзімін ұзарту туралы тармақты қамтуы мүмкін. | |
Сұратылып отырған кадрларды даярлау бағытына сәйкес шетелдік жоғары оқу орнының бағдарламаларын аккредиттеу туралы куәліктің көшірмелері. | |||
118 | Сұратылып отырған кадрларды даярлау бағыты бойынша мамандандырылған ғылыми-техникалық, ғылыми-әдістемелік, клиникалық, эксперименттік базалардың болуы. | Мамандандырылған ғылыми-техникалық, ғылыми-әдістемелік, клиникалық, эксперименталдық базалардың болуы туралы мәліметтер (осы біліктілік талаптарына 11-қосымшаға сәйкес нысан бойынша). | |
119 | Кадрлар даярлау бағыты бойынша докторанттардың практикадан өтуі үшін отандық ұйымдармен азаматтық заңнамаға сәйкес жасалған шарттармен және шетелдік ғылыми тағылымдамадан өтуге арналған азаматтық заңнамаға сәйкес шарттармен қамтамасыз етілуі. | Сұратылып отырған кадрларды даярлау бағытына сәйкес практика базалары ретінде айқындалған ұйымдармен және шетелдік ғылыми тағылымдамадан өтетін ұйымдармен жасалған шарттардың көшірмелері. Шарт оқу кезінде жарамды болуға тиіс және шарттың мерзімін ұзарту туралы тармақты қамтуы мүмкін. | Шетел тілінде жасалған шарттар ұсынылған жағдайда, олардың қазақ немесе орыс тілінде нотариалды расталған аудармамен қоса берілуі талап етіледі. |
120 | Зертханалармен немесе олармен жасалған шарттармен қамтамасыз етілуі (келесі кадрларды даярлау бағыттарымен байланысты: "Жаратылыстану ғылымдары, математика және статистика", "Ақпараттық-коммуникациялық технологиялар", "Инженерлік, өңдеу және құрылыс салалары", "Ауыл шаруашылығы және биоресурстар", "Денсаулық сақтау". | Зертханалардың аккредиттеу туралы куәліктерінің көшірмелері немесе осындай зертханалармен жасалған шарттардың көшірмелері. | |
121 |
Басқа тілден аударылған мәтінді пайдалануды қоса алғанда, мағынаны (парафраз) өзгертпей сөздер мен сөйлемдерді синониммен ауыстыра отырып, кірме материалдың бар-жоғын және мәтінді пайдалануды тексеруге арналған компьютерлік бағдарламаны пайдалану. | Басқа тілден аударылған мәтінді пайдалануды қоса алғанда, мағынаны (парафраз) өзгертпей сөздер мен сөйлемдерді синониммен ауыстыра отырып, кірме материалдың бар-жоғын және мәтінді пайдалануды тексеруге арналған компьютерлік бағдарламаның болуын растайтын құжат. |
Білім беру қызметін лицензиялау кезінде қойылатын осы біліктілік талаптарында және оларға сәйкестікті растайтын құжаттар тізбесінде пайдаланылатын қысқартулар мен белгілер:
1) "Е-Лицензиялау" МДҚ АЖ – лицензиарлар беретін лицензиялардың сәйкестендіру нөмірін орталықтандырып қалыптастыратын, берілген, қайта ресімделген, тоқтатыла тұрған, қайта басталған және қолданысы тоқтатылған лицензиаттар туралы мәліметтерді қамтитын ақпараттық жүйе;
2) "Жылжымайтын мүлік тіркелімі" МДҚ АЖ – Жылжымайтын мүлікке құқықтарды мемлекеттік тіркеу және есепке алу саласындағы мәліметтерді автоматтандырылған жинауға (енгізуге), өңдеуге, өзекті етуге, сақтауға және талдауға арналған ақпараттық жүйе.
Білім беру қызметіне қойылатын біліктілік талаптарына және оларға сәйкестікті растайтын құжаттардың тізбесіне 1-қосымша |
|
Нысан |
Педагог және оқытушы кадрлармен жасақталуы туралы мәліметтер
________________________________________________________________
(білім беру ұйымының атауы) (____________ жағдай бойынша)
№ | Тегі, аты, әкесінің аты (болған жағдайда) | Туған жылы мен жері | Жоғары және/немесе техникалық және кәсіптік, және/немесе орта білімнен кейінгі білімі, қайта даярлаудан өткен туралы мәлімет, мамандығы, диплом бойынша біліктілігі, бітірген жылы, бейіні бойынша соңғы 3 жылда кемінде 72 сағат көлемінде ұйымдарда және/немесе өндірісте тағылымдамадан өтуі (өнірістің, ұйымның атауы,оқу мерзімі) | Негізгі жұмыс орны (ұйым ның мекен жайы) |
Оқытылатын пәндер бейіні бойынша практикалық жұмыс туралы мәлімет, | Сотталмағандығы (сотталғандығы) туралы мәлімет* | Санаты, берілген күні, санат берілгені туралы бұйрықтың нөмірі* педагог - сарапшылар, педагог-зерттеушілер, педагог -шеберлер туралы мәлімет. Конкурстар мен жарыстардың жеңімпаздарын дайындаған педагогтер туралы мәліметтер | Медициналық тексеруден өткені туралы мәлімет (санитарлық кітаптың болуы)* |
1 | 2 | 3 | 4 | 5 | 6 | 7 | 8 | 9 |
кестенің жалғасы
Магистр дәрежесі туралы мәлімет (мамандығы, берілген жылы)* | "Философия докторы (РhD)" немесе "бейіні бойынша доктор" академиялық дәрежесі туралы мәлімет, мамандығы, берілген жылы | "Философия докторы (РhD)" немесе "бейіні бойынша доктор" дәрежесі туралы мәлімет, мамандығы, берілген жылы | "Ғылым кандидаты" немесе "ғылым докторы" немесе "философия докторы (РhD)" немесе "бейіні бойынша доктор" ғылыми дәрежесі туралы мәлімет, мамандығы,берілген жылы | "Қауымдастырылған профессор (доцент)" немесе "профессор" ғылыми атағы туралы мәлімет, мамандығы, берілген жылы | Қазақстан Республикасының мемлекеттік марапаттарымен және құрметті атақтары, "Еңбек сiңiрген жаттықтырушы" спорттық атақтары немесе жоғары мен бірінші дәрігерлік санаты туралы мәлімет, берілген жылы | Тану туралы куәліктің болуы туралы мәлімет | Оқытатын пәні |
10 | 11 | 12 | 13 | 14 | 15 | 16 | 17 |
Білім беру ұйымының басшысы ____________________
(Тегі, аты, әкесінің аты (болған жағдайда) (қолы)
Ескертпе* бастауыш, негізгі орта, жалпы орта, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдары үшін.
Білім беру қызметіне қойылатын біліктілік талаптарына және оларға сәйкестікті растайтын құжаттардың тізбесіне 2-қосымша |
|
Нысан |
Оқу. көркем және ғылыми әдебиеттер қорының болуы туралы мәліметтер
________________________________________________________________
(білім беру ұйымының атауы) (______________ жағдай бойынша)
Р/с № | Оқу пәні, кәсіп бойынша, даярланатын мамандық біліктілігі бойынша, кадрларды даярлау бағыты бойынша оқу пәні, қызмет түрі, тәрбиелеу және оқыту бағдарламасының бөлімі | Пәнді оқитын білім алушылардың саны (болжамды жинақталуы) | Оқу әдебиеті (атауы, басылып шыққан жылы, авторлары) | Оқу-әдістемелік, көркем, ғылыми әдебиеттер (атауы, басылып шыққан жылы, авторлары)* | Саны кемінде 1 дана |
1 | 2 | 3 | 4 | 5 | 6 |
Барлығы: |
Білім беру ұйымының басшысы __________________
(Тегі, аты, әкесінің аты (болған жағдайда) (қолы)
Білім беру қызметіне қойылатын біліктілік талаптарына және оларға сәйкестікті растайтын құжаттардың тізбесіне 3-қосымша |
|
Нысан |
Медициналық қызмет көрсетудің болуы, оның ішінде медициналық пункттің болуы және медициналық қызметке берілген лицензия туралы мәліметтер
______________________________________________________________
(білім беру ұйымының атауы) (______________ жағдай бойынша)
Білім беру процесі жүргізілетін құрылыстың нақты мекенжайы | Медициналық қызметке берілген лицензия туралы мәлімет (нөмірі) | Ескертпе |
1 | 2 | 3 |
* Лицензияның мәртебесі "Е-лицензиялау" МДҚ АЖ-ны пайдалана отырып тексеріледі.
Білім беру ұйымының басшысы _________________.
(Тегі, аты, әкесінің аты (болған жағдайда) (қолы)
* Біліктілік талаптардағы денсаулық сақтау ұйымдарымен медициналық қызмет көрсету туралы шарттың болуы тек шағын жинақты мектептерге қолданылады.
Білім беру қызметіне қойылатын біліктілік талаптарына және оларға сәйкестікті растайтын құжаттардың тізбесіне 4- қосымша |
|
Нысан |
Санитариялық қағидалар мен нормаларға сәйкес тамақтандыру объектісінің болуы туралы мәліметтер
_________________________________________________________
(білім беру ұйымының атауы) (_____________ жағдай бойынша)
Білім беру процесі жүргізілетін құрылыстың нақты мекенжайы | Тамақтандыру объектісінің атауы (асхана, буфет, дәмхана) | Тамақтандыру объектісінің санитариялық қағидалар мен нормаларға сәйкестігі туралы санитариялық-эпидемиологиялық қорытындының болуы (күні және нөмірі) | Ескертпе (тамақтандыру объектісін жалға берген жағдайда жалға алушылар туралы мәліметтерді көрсету) |
1 | 2 | 3 | 4 |
Білім беру ұйымының басшысы _________________
(Тегі, аты, әкесінің аты (болған жағдайда) (қолы)
Білім беру қызметіне қойылатын біліктілік талаптарына және оларға сәйкестікті растайтын құжаттардың тізбесіне |
|
5-қосымша | |
Нысан |
Пайдалы оқу алаңы, материалдық-техникалық базасының болуы туралы мәліметтер
_________________________________________
(білім беру ұйымының атауы) (______________ жағдай бойынша)
Құрылыстың типі (типтік жоба, ыңғайластырылған, өзге) білім беру процесі жүргізілетін құрылыстың нақты мекенжайы | Материалдық-қаржылық активтердің болуы (меншік, шаруашылық жүргізу немесе жедел басқару немесе сенімгерлік басқару құқығына тиесілі), материалдық активтерді жалға алу туралы мәлімет | Меншік үй-жайлардың түрі (кабинеттер, дәрісхана аудиториялары, практикалық сабақтарға арналған үй-жайлар, нақты мамандықтар, кәсіптер бойынша зертханалар мен шеберханалар, мәжіліс және спорт залдары), әлеуметтік-тұрмыстық (өткізу пункттерінің, санитариялық тораптардың болуы (унитаздар, қол жуғыштар), білім беру ұйымының үй-жайларында және іргелес жатқан аумақтарында бейнебақылаудың болуы, ерекше білім беру қажеттіліктері бар адамдар үшін жағдайлардың болуы (кіру жолдары, ақпараттық-навигациялық қолдау құралдары, баспалдақтарды пандустармен немесе көтеру құрылғыларымен және баспалдақтар мен пандустарды тұтқалармен жабдықтау, есіктер мен баспалдақтарды контрасты бояумен бояу), тұру үшін жағдай жасау. | Жалпы алаңы (м2) |
1 | 2 | 3 | 4 |
Білім беру ұйымының басшысы _________________ (Тегі, аты, әкесінің аты
(болған жағдайда) (қолы)
Ескертпе *жоғары және/немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдары лицензия алған немесе олардың қайта ұйымдастырылуына байланысты лицензияны қайта ресімдеген кезде оқу үй-жайларының ауданы бойынша біліктілік талаптарына сәйкестігі оқу сабақтарының ауысымын ескере отырып, жоғары оқу орындарының түрлері бойынша білім алушылардың ең аз контингентіне белгіленген нормаларға сүйене отырып айқындалады.
* Жылжымайтын мүлікке тіркелген құқықтар және оның техникалық сипаттамалары туралы ақпарат "Жылжымайтын мүлік тіркелімі" МДҚ АЖ-дан деректерді алу мүмкіндігі болған жағдайда ұсынылмайды.
Білім беру қызметіне қойылатын біліктілік талаптарына және оларға сәйкестікті растайтын құжаттардың тізбесіне 6-қосымша |
|
Нысан |
Білім беру процесін материалдық-техникалық қамтамасыз етуі, оның ішінде компьютерлердің, оқу зертханаларының, оқу пәндері кабинеттерінің және техникалық оқу құралдарының болуы туралы мәліметтер
Жалпы және пайдалы алаңының ауданы (м2) көрсетілген ғимараттың (құрылыстың) нақты мекенжайы | Жарақтандырылуы туралы мәлеметтер | ||||||||||
Атауы мен ауданы көрсетіл ген аудиториялар, пән кабинет тері* | Оқу-өндірістік шеберханалар, оқу-тәжірибелік учаскелер, оқу шаруашылыктары, оқу полигондары* | Атауы көрсетілген оқу зертханалары* (м2) | Түрі көрсетілген оқу және оқу-зертхана жабдықтарының, техникалық оқу құралдарының тізбесі | Мәжіліс залы, спорт залы (м2) | Компьютерлік сыныптар, компьютерлер, жабдықтар, жиһаз, жеке қолдануға арналған шкафтар, бейнекамералар | Кітапхана |
"Клиникаға дейінгі симуляциялық кабинеттер" медициналық бағыты бойынша кадрлар даярлау үшін. | Контингент туралы өзекті дерекқорлары бар білім беруді басқарудың ақпараттық жүйесі, edu. kz аймағында үшінші деңгейдегі домендік атау | |||
1 | 2 | 3 | 4 | 5 | 6 | 7 | 8 | 9 | 10 | ||
Білім беру ұйымының басшысы ___________________
(Тегі, аты, әкесінің аты (болған жағдайда) (қолы)
Ескертпе * техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдары үшін сұратылып отырған мамандық және/немесе біліктілік бойынша, жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдары үшін сұратылып отырған бағыт бойынша ақпарат ұсынылады.
* Компьютерлік сыныптардың болуы туралы біліктілік талаптары шағын жинақты мектептерге қолданылмайды.
Білім беру қызметіне қойылатын біліктілік талаптарына және оларға сәйкестікті растайтын құжаттардың тізбесіне 7-қосымша |
|
Нысан |
Тиісті оқу жылына арналған бір білім алушыға кететін ең төменгі шығынға сәйкестік туралы мәліметтер *
Атауы | Шығындар сомасы * | |
4 айға | 8 айға | |
1 | 2 | 3 |
Білім беру ұйымының басшысы _________________ (Тегі, аты, әкесінің аты
(болған жағдайда) (қолы)
Ескертпе * магистратура кадрлар даярлау бағыты бойынша лицензия алған кезде ғылыми-педагогикалық магистратура үшін бөлек, бейінді магистратура үшін бөлек шығындардың сомасы жеке көрсетілуі қажет.
Білім беру қызметіне қойылатын біліктілік талаптарына және оларға сәйкестікті растайтын құжаттардың тізбесіне 8-қосымша |
|
Нысан |
Цифрлық тасымалдағыштардағы оқу және ғылыми әдебиеттердің болуы туралы мәліметтер
_____________________________________________
(білім беру ұйымының атауы) (______________ жағдай бойынша)
Р/с № | Кәсіп бойынша, кадрларды даярлау бағыты бойынша, даярланатын мамандық біліктілігі бойынша оқу пәні | Атауы, жасалған жылы | Авторлары | Халықаралық, ұлттық дерекқорларға жазылу туралы мәлімет |
1 | 2 | 3 | 4 | 5 |
Білім беру ұйымының басшысы _________________
(Тегі, аты, әкесінің аты (болған жағдайда) (қолы)
Білім беру қызметіне қойылатын біліктілік талаптарына және оларға сәйкестікті растайтын құжаттардың тізбесіне 9- қосымша |
|
Нысан |
Оқытылатын пәннің бейініне сәйкес соңғы бес жылда кадрлардың біліктілік арттырудан және қайта даярлаудан өткені туралы мәліметтер
№ | Тегі, аты, әкесінің аты (болған жағдайда) | Тақырыптың атауы | Оқыған орны мен кезеңі | Оқыған ұйымның атауы | Сағаттар саны және жұмыс өтілі | Аяқталу нысаны |
1 | 2 | 3 | 4 | 5 | 6 | 7 |
Білім беру ұйымының басшысы _________________
(Тегі, аты, әкесінің аты (болған жағдайда) (қолы)
Білім беру қызметіне қойылатын біліктілік талаптарына және оларға сәйкестікті растайтын құжаттардың тізбесіне 10-қосымша |
|
Нысан |
Жұмыс өтілі, ғылыми жарияланымдары мен оқулығы немесе оқу құралы көрсетілген тиісті кадрларды даярлау бағыты бойынша ғылыми жетекшілікті жүзеге асыратын ғылыми жетекшілер туралы мәліметтер
Р/с № | Ғылыми жетекшінің тегі, аты, әкесінің аты (бар болса) | Білімі туралы ақпарат ("ғылым кандидаты" және/немесе "ғылым докторы" ғылыми дәрежесінің және/немесе "бейіні бойынша доктор" және/немесе "философия докторы (РhD)" дәрежесінің болуы туралы мәліметтер, резидентураны бітіргені туралы мәліметтер) | Жұмыс өтілі (ғылыми-педагогикалық, клиникалық) | Жарияланымдар тізбесі | Оқулықтың не оқу құралының атауы | ||
отандық мерзімді басылымдарда | шетелдік мерзімді басылымдарда | халықаралық конференция еңбектерінде | |||||
1 | 2 | 3 | 4 | 5 | 6 | 7 | 8 |
Білім беру ұйымының басшысы _________________
(Тегі, аты, әкесінің аты (болған жағдайда) (қолы)
Білім беру қызметіне қойылатын біліктілік талаптарына және оларға сәйкестікті растайтын құжаттардың тізбесіне 11-қосымша |
|
Нысан |
Мамандандырылған ғылыми-техникалық, ғылыми-әдістемелік, клиникалық, эксперименталдық базалардың болуы туралы мәліметтер *
Ғылыми-зерттеу институтының, клиникалық базасының, ғылыми зертханасының, техникалық паркінің, бизнес-инкубаторының болуы (қажеттісін таңдау) | Орналасқан мекенжайы | Меншік құқығында немесе шарт негізінде | Ескертпе (базаның қызметі туралы қысқаша ақпарат) |
1 | 2 | 3 | 4 |
Білім беру ұйымының басшысы _________________
(Тегі, аты, әкесінің аты (болған жағдайда) (қолы)
Ескертпе * ақпарат кадрларды даярлау бағытының бөлінісінде беріледі.