БҰЙЫРАМЫН:
1. "Кемелерді өлшеу жөніндегі қағидаларды бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің 2019 жылғы 4 маусымдағы № 359 бұйрығына (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 18799 болып тіркелген) мынадай өзгеріс пен толықтырулар енгізілсін:
көрсетілген бұйрықпен бекітілген Кемелерді өлшеу жөніндегі қағидаларда:
орыс тілдегі мәтіндегі 5-тармаққа өзгеріс енгізіледі, қазақ тіліндегі мәтін өзгерілмейді;
мынадай мазмұндағы 5-1-тармақпен толықтырылсын:
"5-1. Кемелердің сыйымдылығын, жарығын есептеуді және құжаттарды ресімдеуді қоса алғанда, кемелерді өлшеу жөніндегі жұмыстарды кеме иесінің өтінімдері бойынша шетелдік сыныптау қоғамдары жүзеге асырады.";
мынадай мазмұндағы 3 және 4-тараулармен толықтырылсын:
"3-тарау. Халықаралық өлшеу куәлігі.
17. Сыйымдылығы Қағидаларға сәйкес айқындалған халықаралық рейстерді орындайтын кемелерге шетелдік сыныптау қоғамдары Кемелерді өлшеу жөніндегі халықаралық конвенциямен бекітілген тәртіпте және нысан бойынша Халықаралық өлшеу куәлігін береді.
18. Кемеге Халықаралық өлшеу куәлігін беруді кеме иесінің өтінімі бойынша шетелдік сыныптау қоғамдары жүзеге асырады.
19. Кеменің жалауы, тіркеу порты, атауы, пайдалану кезіндегі шақыру сигналы өзгерген кезде Халықаралық өлшеу куәлігін ауыстыруға арналған өтінім өлшеу куәлігін бергенге дейін кемені жедел куәландыру мүмкіндігі бар шетелдік сыныптау қоғамдарына жіберіледі.
20. Кемеде бір ғана Халықаралық өлшеу куәлігі болады. Қолданыстағы халықаралық өлшеу куәлігі болған жағдайда кемеде сыйымдылық есебінің болуы міндетті емес.
4-тарау. Халықаралық өлшеу куәлігінің күшін жою.
21. Егер кемеде кеменің жалпы сыйымдылығының немесе таза сыйымдылығының ұлғаюына әкелетін осындай өзгерістер орын алса, Халықаралық өлшеу куәлігі күшін жояды және оны берген ұйым күшін жояды.
22. Халықаралық өлшеу куәлігі кеменің атауы мен тіркелген порты өзгерген кезде, сондай-ақ Кемелерді өлшеу жөніндегі халықаралық конвенцияның 10-бабының 3-тармағында көзделген жағдайды қоспағанда, кемені басқа мемлекеттің туына берген кезде жарамсыз болады.
23. Халықаралық өлшеу куәлігі күшін жойған кезде шетелдік сыныптау қоғамдары бұл туралы Қазақстан Республикасы порттарының теңіз әкімшілігін хабардар етеді.";
2. Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің Көлік комитеті заңнамада белгіленген тәртіппен:
1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;
2) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Индустрия және инфрақұрылымдық даму вице-министріне жүктелсін.
4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрі |
Б. Атамкулов |