Жобадан кейінгі талдау жүргізу қағидаларын және жобадан кейінгі талдау нәтижелері бойынша қорытынды нысанын бекіту туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Экология, геология және табиғи ресурстар министрінің 2021 жылғы 1 шiлдедегі № 229 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2021 жылғы 16 шiлдеде № 23568 болып тіркелді

      ЗҚАИ-ның ескертпесі!
      Осы бұйрық 01.07.2021 бастап қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының 2021 жылғы 2 қаңтардағы Экология кодексінің 78-бабы 3-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

      1. Қоса беріліп отырған Жобадан кейінгі талдау жүргізу қағидаларын және жобадан кейінгі талдау нәтижелері бойынша қорытынды нысаны бекітілсін.

      2. Қазақстан Республикасы Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігінің Экологиялық реттеу және бақылау комитеті заңнамада белгіленген тәртіппен:

      1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;

      2) осы бұйрық ресми жарияланғаннан кейін оның Қазақстан Республикасы Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігінің интернет-ресурсында орналастырылуын;

      3) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде осы тармақтың 1) – 2) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтердің Қазақстан Республикасы Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігінің Заң қызметі департаментіне ұсынылуын қамтамасыз етсін.

      3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Экология, геология және табиғи ресурстар вице-министріне жүктелсін.

      4. Осы бұйрық ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі және 2021 жылғы 1 шілдеден бастап туындаған құқықтық қатынастарға қолданылады.

      Қазақстан Республикасының
Экология, геология және табиғи
ресурстар министрі
М. Мирзагалиев

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасы

      Денсаулық сақтау министрлігі

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасы

      Индустрия және инфрақұрылымдық

      даму министрлігі

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасы

      Цифрлық даму, инновациялар және

      аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасы

      Ұлттық экономика министрлігі

  Қазақстан Республикасының
Экология, геология және табиғи
ресурстар министрінің
2021 жылғы 1 шілдедегі
№ 229 бұйрығымен бекітілген

Жобадан кейінгі талдау жүргізу қағидаларын және жобадан кейінгі талдау нәтижелері бойынша қорытынды нысаны

1-тарау. Жалпы ережелер

      1. Осы Жобадан кейінгі талдау жүргізу қағидаларын және жобадан кейінгі талдау нәтижелері бойынша қорытынды нысанын (бұдан әрі – Қағидалар) Қазақстан Республикасы Экология кодексінің (бұдан әрі – Кодекс) 78-бабының 3-тармағына сәйкес әзірленді және жобадан кейінгі талдау жүргізу тәртібін айқындайды.

      2. Ықтимал әсер ету туралы есепті құрастырушы іске асырылған белгіленіп отырған қызметтің ықтимал әсер ету туралы есепке және Кодекстің 76-бабына сәйкес қоршаған ортаға әсерді бағалау жүргізу нәтижелері бойынша қорытындыға сәйкестігін растау мақсатында белгіленіп отырған қызметті іске асыру кезінде іс жүзіндегі әсер етуіне жобадан кейінгі талдау жүргізеді.

      3. Кодекстің 12-бабының 6-тармағымен көрсетілген объект операторы жобадан кейінгі талдау жүргізу үшін материалдарды жинау бойынша ықтимал әсерлер туралы есепті құрастырушыға қажетті қолдау көрсетеді.

2-тарау. Белгіленіп отырған қызметті іске асырудың нақты әсеріне жобадан кейінгі талдау жүргізу тәртібі

      4. Жобадан кейінгі талдау жүргізу:

      1) қоршаған ортаға әсерді бағалау барысында қоршаған ортаға ықтимал елеулі әсерлерді бағалаудағы белгісіздіктер анықталған кезде;

      2) егер оны жүргізу қажеттілігі қоршаған ортаға ықтимал әсерлер туралы есепте және қоршаған ортаға әсерді бағалау нәтижелері бойынша қорытындыда белгіленген негізделген жағдайларда жүргізіледі.

      5. Жобадан кейінгі талдау объект операторы мен қоршаған ортаға ықтимал әсерлер туралы есепті құрастырушы (бұдан әрі – ықтимал әсерлер туралы есепті құрастырушы) арасында жасалған шарт негізінде жүргізіледі.

      Ықтимал әсерлер туралы есепті құрастырушы жобадан кейінгі талдау жүргізу мүмкін болмаған жағдайда (қоршаған ортаны қорғау саласындағы жұмыстарды орындауға және қызметтер көрсетуге арналған лицензияның қолданылуын жою, тоқтата тұру немесе тоқтату, ықтимал әсерлер туралы есепті құрастырушының қызметін тоқтата тұру немесе оған тыйым салу, басқа да себептер) оператор қоршаған ортаны қорғау саласындағы жұмыстарды орындауға және қызметтер көрсетуге лицензиясы бар басқа адаммен жобадан кейінгі талдау жүргізу туралы шарт жасасады.

      6. Жобадан кейінгі талдау нәтижелері бойынша қорытынды осы Қағидаларының қосымшада көзделген нысан бойынша жасалады.

      7. Жобадан кейінгі талдауды жүргізу кезінде ақпарат көздері ретінде:

      1) объектіге жобалау (жобалау-сметалық) құжаттамасы;

      2) мемлекеттік экологиялық, санитариялық-эпидемиологиялық және өндірістік экологиялық мониторингтің деректері;

      3) мемлекеттік экологиялық ақпарат қорының деректері;

      4) объектіге бару кезінде алынған ақпарат;

      5) өлшеу және зертханалық зерттеулер нәтижелері;

      6) олардың анықтығы расталған жағдайда өзге де ақпарат көздері.

      8. Жобадан кейінгі талдау жүргізу үшін ақпарат көздерін таңдауды жобадан кейінгі талдау туралы есепте ұсынылатын ақпараттың барынша толықтығын, объективтілігін және дұрыстығын, оның қазіргі заманғы білім деңгейіне және бағалау әдістеріне сәйкестігін қамтамасыз ететін ықтимал әсерлер туралы есепті құрастырушы жүзеге асырады.

      9. Жобадан кейінгі талдау нәтижелері бойынша қорытынды қоршаған ортаға теріс әсер ететін тиісті объектіні пайдалану басталғаннан кейін он сегіз айдан кешіктірілмей қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкілетті органға ұсынылады.

      10. Қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкілетті орган жобадан кейінгі талдау нәтижелері бойынша қорытындыны алған күннен бастап екі жұмыс күні ішінде оны өзінің ресми интернет-ресурсында орналастырады, сондай-ақ оның көшірмесін мемлекеттік экологиялық ақпарат қорына жібереді.

  қосымша
  Нысан

Жобадан кейінгі талдау жүргізу нәтижелері бойынша қорытынды

      №______________                  ___________________________

      Күні: ___________                  (қорытындыны жасау орны)

      1. Жобадан кейінгі талдау нәтижелері бойынша қорытынды жасаушы:_________________________________________________

      __________________________________________________________________

      ______________________________________________________________________

      (заңды тұлғаның атауы, бизнес-сәйкестендіру нөмірі, орналасқан жерінің мекенжайы, телефоны, электрондық мекенжайы немесе жеке сәйкестендіру нөмірі, кәсіпкерлік қызметті жүзеге асыру орнының мекенжайы, дара кәсіпкердің телефоны, электрондық мекенжайы) қоса беріледі.

      2. Қоршаған ортаны қорғау саласындағы жұмыстарды орындауға және қызметтерді көрсетуге жобадан кейінгі талдау нәтижелері бойынша қорытынды жасаушы лицензиясының нөмірі және берілген күні:

      ____________________________________________________________________

      ____________________________________________________________________

      3. Жобадан кейінгі талдау орындалуына негіз болған шарттың күні мен нөмірі:

      ____________________________________________________________________

      4. Жобадан кейінгі талдауды орындауға тартылған мамандар туралы мәліметтер (тегі, аты, әкесінің аты (болған жағдайда), қоршаған ортаны қорғау саласындағы білімі және жұмыс тәжірибесі туралы мәліметтер):

      _________________________________________________________

      ____________________________________________________________________

      5. Объектінің операторы туралы мәліметтер (заңды тұлғаның атауы, бизнес- сәйкестендіру нөмірі, орналасқан жерінің мекенжайы, телефоны, электрондық мекенжайы немесе жеке сәйкестендіру нөмірі, кәсіпкерлік қызметті жүзеге асыру орнының немесе тұрғылықты жерінің мекенжайы (егер оператор кәсіпкерлік қызмет субъектісі болып табылмаған жағдайда), жеке тұлғаның телефоны, электрондық мекенжайы):________________________________________________________

      ___________________________________________________________________

      6. Объект туралы мәліметтер (объектінің атауы, орналасқан жерінің мекенжайы (мекенжайы болмаған кезде – объектінің орналасқан жерінің басқа да сәйкестендіретін белгілері): ____________________________________________

      ____________________________________________________________________

      ________________________________________________________

      7. Объектінің және жүзеге асырылатын қызметтің қысқаша сипаттамасы:

      ________________________________________________________

      ____________________________________________________________________

      ____________________________________________________________________

      ____________________________________________________________________

      ____________________________________________________________________

      ____________________________________________________________________

      8. Бағалау нәтижелері бойынша қорытындыда белгіленген жобадан кейінгі талдау жүргізу шарттары (жобадан кейінгі талдау жүргізудің мақсаттары, ауқымы мен мерзімдері, оның мазмұнына қойылатын талаптар, жобадан кейінгі талдау туралы есептерді қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкілетті органға және басқа да мемлекеттік органдарға ұсыну мерзімдері:__________________________________________________________

      ____________________________________________________________________

      9. Жобадан кейінгі талдау барысында пайдаланылған зерттеу әдістері мен ақпарат көздері: _______________________________________

      ____________________________________________________________________

      ____________________________________________________________________

      __________________________________________________________

      10. Қоршаған ортаға ықтимал әсерлер туралы есепте көрсетілген объектінің орналасқан жерінің оның географиялық координаттарына сәйкестігін бағалау:

      _____________________________________________________________________

      11. Қоршаған ортаға ықтимал әсерлер туралы есепте жазылған ақпарат объектісінің нақты көрсеткіштерінің сәйкестігін бағалау:

      _____________________________________________________________________

      _____________________________________________________________________

      _____________________________________________________________________

      _____________________________________________________________________

      _____________________________________________________________________

      12. Қызметті жүзеге асыру кезінде орындалатын жұмыстардың, қоршаған ортаға ықтимал әсерлер туралы есепте жазылған ақпараттың сәйкестігін бағалау:

      ____________________________________________________________________

      ____________________________________________________________________

      ____________________________________________________________________

      ____________________________________________________________________

      13. Қызмет процесінде көрсетілетін қоршаған ортаға антропогендік әсерлердің (қоршаған ортаға эмиссиялардың, зиянды физикалық әсерлердің, қалдықтардың жинақталуы мен көмілуінің, күкіртті ашық сақтаудың) нақты сандық және сапалық көрсеткіштерінің қоршаған ортаға ықтимал әсерлер туралы есепте және қоршаған ортаға әсерді бағалау нәтижелері бойынша қорытындыда белгіленген олардың шекті мәндеріне сәйкестігін бағалау: ______________________________________________

      ____________________________________________________________________

      ____________________________________________________________________

      ____________________________________________________________________

      14. Қызметтің елеулі әсеріне, Қазақстан Республикасының заңнамасына, қоршаған орта сапасының экологиялық нормативтеріне, қоршаған орта сапасының нысаналы көрсеткіштеріне, сондай-ақ қоршаған ортаға ықтимал әсерлер туралы есепте негізделген көрсеткіштерге табиғи орта компоненттерінің және өзге де объектілердің нақты жай-күйінің сәйкестігін бағалау:

      ____________________________________________________________________

      ____________________________________________________________________

      ____________________________________________________________________

      ____________________________________________________________________

      15. Авариялар мен қауіпті табиғи құбылыстардың туындау және олармен байланысты қоршаған орта мен халық денсаулығына елеулі теріс әсер ету фактілерінің болуы немесе болмауы; авариялардың алдын алу, олардың зардаптарын шектеу және жою жөнінде жүргізілген іс-шараларды бағалау; осындай іс-шаралардың тиімділігін арттыру мүмкіндіктерінің болуы:

      ____________________________________________________________________

      ____________________________________________________________________

      ____________________________________________________________________

      ____________________________________________________________________

      ____________________________________________________________________

      ____________________________________________________________________

      16. Қоршаған ортаға ықтимал әсерлер туралы есепте және қоршаған ортаға әсерді бағалау нәтижелері бойынша қорытындыда ұсынылған ақпараттың қоршаған ортаға және халық денсаулығына барлық елеулі әсерлердің сәйкестігін бағалау:

      ____________________________________________________________________

      ____________________________________________________________________

      ____________________________________________________________________

      ____________________________________________________________________

      17. Қоршаған ортаға әсерді бағалау нәтижелері бойынша қорытындыда көрсетілген көзделіп отырған қызметті іске асыруға жол берудің барлық шарттарының орындалуын бағалау: _____________________________________________________________________

      _____________________________________________________________________

      _____________________________________________________________________

      _____________________________________________________________________

      18. Қоршаған ортаға әсерді бағалаудың алдыңғы сатыларында анықталмаған қоршаған ортаға және халық денсаулығына елеулі әсердің болуы; мұндай әсерлер анықталған жағдайда оларды зерттеу, сипаттау және бағалау:

      ______________________________________________________________________

      ______________________________________________________________________

      ______________________________________________________________________

      _____________________________________________________________________

      19. Қоршаған ортаға және халық денсаулығына жекелеген әсерлердің маңыздылығына қатысты ықтимал әсерлер туралы есепте сипатталған белгісіздіктерді осындай әсерлерді зерттеу, сипаттау және бағалау арқылы жою:

      _____________________________________________________________________

      _____________________________________________________________________

      ______________________________________________________________________

      ______________________________________________________________________

      ______________________________________________________________________

      20. Жобадан кейінгі талдау мақсаттары үшін маңызы бар өзге де ақпарат (бар болса):

      _______________________________________________________________________

      21. Іске асырылған көзделіп отырған қызметтің ықтимал әсерлер туралы есепке және қоршаған ортаға әсерді бағалау жүргізу нәтижелері бойынша қорытындыға сәйкестігін бағалау:

      _________________________________________________________________________

      22. Қоршаған ортаға әсерді бағалаудың алдыңғы сатыларында айқындалмаған қоршаған ортаға және халық денсаулығына елеулі әсерлердің болуы туралы, сондай-ақ осындай әсерлерді бағалау нәтижелері туралы ақпарат :

      __________________________________________________________________________

      __________________________________________________________________________

      _________________________________________________________________________

      _______________________________________________________________

      23. Қоршаған ортаға және халық денсаулығына жекелеген әсерлердің маңыздылығына қатысты ықтимал әсерлер туралы есепте сипатталған белгісіздіктерді жою туралы ақпарат:__________________________________________________________________

      _________________________________________________________________________

      _________________________________________________________________________

      _________________________________________________________________________

      ________________________________________________________________________

      24. Жобадан кейінгі талдау үшін маңызы бар қорытындылар (болған жағдайда):_______________________________________________________________

      ________________________________________________________________________

      ________________________________________________________________________

      _________________________________________________________________________.

      25. Іске асырылатын көзделіп отырған қызметтің анықталған сәйкессіздіктерін жою жөніндегі қоршаған ортаға әсер етуге бағалау жүргізу нәтижелері бойынша ықтимал әсерлер туралы есепке және қорытындыға, Қазақстан Республикасының заңнамасына, сондай-ақ іске асырылатын қызметтің қоршаған ортаға және халық денсаулығына жаңадан анықталған елеулі әсерінің алдын алуға, жоюға, азайтуға бағытталған іс-шараларды таңдау және өткізу жөніндегі ұсынымдар:

      _______________________________________________________________________

      ___________________________________________________________________________

      ____________________________________________________________________________

      ____________________________________________________________________________

      Жобадан кейінгі талдау нәтижелері бойынша қорытынды жасаушының басшысы (басқа уәкілетті тұлға):

      _________________________________________________________

      (қолы, тегі, тегі, аты, әкесінің аты (болған жағдайда)

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады