Озонды бұзатын заттарды және құрамында олар бар өнімдерді Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттерден Қазақстан Республикасының аумағына әкелуге және Қазақстан Республикасының аумағынан осы мемлекеттерге әкетуге рұқсаттар беру қағидаларын бекіту туралы

Жаңартылған

Қазақстан Республикасы Экология, геология және табиғи ресурстар министрінің 2021 жылғы 12 шiлдедегі № 244 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2021 жылғы 17 шiлдеде № 23580 болып тіркелді.

      ЗҚАИ-ның ескертпесі!
      Осы бұйрықтың қолданысқа енгізілу тәртібін 4 т. қараңыз.

      Қазақстан Республикасының Экология кодексінің 308-бабының 2-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

      1. Қоса беріліп отырған Озонды бұзатын заттарды және құрамында олар бар өнімдерді Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттерден Қазақстан Республикасының аумағына әкелуге және Қазақстан Республикасының аумағынан осы мемлекеттерге әкетуге рұқсаттар беру қағидалары бекітілсін.

      2. Қазақстан Республикасы Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігінің Климаттық саясат және жасыл технологиялар департаменті заңнамасында белгіленген тәртіппен:

      1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;

      2) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігінің ресми интернет-ресурсында орналастырылуын;

      3) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігінің Заң қызметі департаментіне осы тармақтың 1) және 2) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтердің ұсынылуын қамтамасыз етсін.

      3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Экология, геология және табиғи ресурстар вице-министріне жүктелсін.

      4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік алпыс күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
Экология, геология және табиғи
ресурстар министрі
М. Мирзагалиев

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикаcы

      Сауда және интеграция министрлігі

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасы

      Ұлттық экономика министрлігі

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасы

      Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш

      өнеркәсібі министрлігі

  Қазақстан Республикасының
Экология, геология және табиғи
ресурстар министрінің
2021 жылғы 12 шілдедегі
№ 244 Бұйрығымен бекітілген

Озонды бұзатын заттарды және құрамында олар бар өнімдерді Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттерден Қазақстан Республикасының аумағына әкелуге және Қазақстан Республикасының аумағынан осы мемлекеттерге әкетуге рұқсаттар беру қағидалары

1- тарау. Жалпы ережелер

      1. Осы Озонды бұзатын заттарды және құрамында олар бар өнімдерді Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттерден Қазақстан Республикасының аумағына әкелуге және Қазақстан Республикасының аумағынан осы мемлекеттерге әкетуге рұқсаттар беру қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) Қазақстан Республикасы Экология кодексінің 308-бабының 2-тармағына, "Рұқсаттар және хабарламалар туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 12-бабы 1-тармағының 4) тармақшасына және "Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы" Қазақстан Республикасы Заңының (бұдан әрі – Заң) 10-бабының 1) тармақшасына сәйкес "Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттер өзара сауданы жүзеге асыру кезінде озонды бұзатын заттар мен құрамында осындай заттары бар өнімдерді өткізу және озонды бұзатын заттарды есепке алу туралы келісімді және 2015 жылғы 29 мамырдағы Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттер өзара сауданы жүзеге асыру кезінде озонды бұзатын заттар мен құрамында осындай заттары бар өнімдерді өткізу және озонды бұзатын заттарды есепке алу туралы келісімге Қырғыз Республикасының қосылуы туралы хаттаманы ратификациялау туралы" Қазақстан Республикасының Заңын іске асыру мақсатында әзірленді және озонды бұзатын заттарды және құрамында олар бар өнiмдердi Еуразиялық экономикалық одаққа (бұдан әрі – Одақ) мүше мемлекеттерден Қазақстан Республикасының аумағына әкелуге және Қазақстан Республикасының аумағынан осы мемлекеттерге әкетуге рұқсаттар беру тәртібін айқындайды.

      2. Осы Қағидалар "Тарифтік емес реттеу шаралары туралы" Еуразиялық экономикалық комиссия Алқасының 2015 жылғы 15 сәуірдегі № 30 шешімімен бекітілген Тарифтік емес реттеу шаралары оларға қатысты қолданылатын тауарлар тізбесінің 1.1 және 2.1-бөлімдерінде көрсетілген озонды бұзатын заттарды және құрамында олар бар өнімдерді Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттерден Қазақстан Республикасының аумағына әкелуді және Қазақстан Республикасының аумағынан осы мемлекеттерге әкетуді жүзеге асыратын заңды тұлғалар мен дара кәсіпкерлерге таралады.

      3. Жеке тұлғаларға жеке пайдалану үшін (коммерциялық емес мақсаттарда) озонды бұзатын заттарды (құрамында олар бар өнімдерден басқа) Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттерден Қазақстан Республикасының аумағына әкелуге және Қазақстан Республикасының аумағынан осы мемлекеттерге әкетуге тыйым салынады.

      4. Озонды бұзатын заттарды және құрамында олар бар өнімдерді Қазақстан Республикасының аумағынан Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттердің аумағына әкелуге рұқсат озонды бұзатын заттарды және құрамында олар бар өнімдерді оның аумағына әкелу көзделетін Еуразиялық экономикалық одаққа мүше тиісті мемлекеттің құзыретті органы берген осындай заттар мен өнімдерді әкелуге қорытынды (рұқсат беру құжаты) болған кезде беріледі.

      5. Мынадай:

      1) жеке тұлғалардың құрамында озонды бұзатын заттары бар өнімдерді жеке пайдалану үшін (коммерциялық емес мақсаттарда) өткізуі кезінде;

      2) әуе, теңіз (өзен), теміржол, автомобиль көлігі құралымен бірге техникалық сипаттамаларына сәйкес пайдалану үшін озонды бұзатын заттар қажет, осы көлік құралының жабдықтары мен техникалық құрылғыларының қалыпты пайдаланылуын қамтамасыз ету үшін, оның ішінде тоңазытқыш жабдығына, кондиционерлеу жүйелеріне, өрт сөндіру құралдарына және өзге де жабдық пен техникалық құрылғыларға құю, үстеп құю мақсатында және қажетті мөлшерде озонды бұзатын заттарды өткізу кезінде рұқсат алу талап етілмейді.

      6. Рұқсат "Үшінші елдермен саудада тарифтік емес реттеу шаралары қолданылатын тауарлардың бірыңғай тізбесіне енгізілген жекелеген тауарларды әкелуге, әкетуге және олардың транзитіне қорытындының (рұқсат беру құжатының) бірыңғай нысаны және оны толтыру жөніндегі әдістемелік нұсқаулықтар туралы" Еуразиялық экономикалық комиссия Алқасының 2012 жылғы 16 мамырдағы № 45 шешімімен бекітілген үшінші елдермен саудада тарифтік емес реттеу шаралары қолданылатын тауарлардың бірыңғай тізбесіне енгізілген жекелеген тауарларды әкелуге, әкетуге және олардың транзитіне қорытындының (рұқсат беру құжатының) бірыңғай нысанын толтыру жөніндегі әдістемелік нұсқаулықтардың талаптарын ескере отырып жасалады.

      7. Берілген рұқсаттың қолданылуы ол берілген мерзімнің аяқталуы бойынша не осындай мерзім аяқталғанға дейін – рұқсатты бір реттік пайдаланғаннан (озонды бұзатын заттардың және құрамында олар бар өнімдердің рұқсатта белгіленген тиісті мөлшерін әкелгеннен және әкеткеннен) кейін тоқтатылады.

2-тарау. Озонды бұзатын заттарды және құрамында олар бар өнімдерді Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттерден Қазақстан Республикасының аумағына әкелуге және Қазақстан Республикасының аумағынан осы мемлекеттерге әкетуге рұқсат беру тәртібі

      8. Озонды бұзатын заттарды және құрамында олар бар өнімдерді Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттерден Қазақстан Республикасының аумағына әкелуге және Қазақстан Республикасының аумағынан осы мемлекеттерге әкетуге рұқсат беру мемлекеттік көрсетілетін қызмет (бұдан әрі – мемлекеттік көрсетілетін қызмет) болып табылады.

      9. Мемлекеттік көрсетілетін қызметті Қазақстан Республикасы Экология және табиғи ресурстар министрлігінің Экологиялық реттеу және бақылау комитеті (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті беруші) көрсетеді.

      Ескерту. 9-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Экология және табиғи ресурстар министрінің м.а. 10.07.2024 № 157 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      10. Мемлекеттік көрсетілетін қызмет жеке және (немесе) заңды тұлғаларға (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті алушы) көрсетіледі.

      11. Процестердің нәтижесін, сондай-ақ мемлекеттік қызметті көрсету ерекшеліктерін ескере отырып өзге де мәліметтерді қамтитын құжаттардың және мемлекеттік қызметті көрсетуге қойылатын талаптардың тізбесі осы Қағидаларға 1-қосымшаға сәйкес "Озонды бұзатын заттарды және құрамында олар бар өнімдерді Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттерден Қазақстан Республикасының аумағына әкелуге және Қазақстан Республикасының аумағынан осы мемлекеттерге әкетуге рұқсат беру" мемлекеттік көрсетілетін қызметінің талаптарында (бұдан әрі – Талаптар) жазылған.

      Ескерту. 11-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Экология және табиғи ресурстар министрінің м.а. 10.07.2024 № 157 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      11-1. Көрсетілетін қызметті алушы мемлекеттік қызметті көрсету үшін талап етілетін қолжетімділігі шектеулі дербес деректерге қол жеткізуге келісім береді.

      Ескерту. Қағидалар 11-1-тармақпен толықтырылды - ҚР Экология және табиғи ресурстар министрінің м.а. 10.07.2024 № 157 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
      12. Алып тасталды - ҚР Экология және табиғи ресурстар министрінің м.а. 10.07.2024 № 157 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      13. Мемлекеттік көрсетілетін қызметті электрондық нысанда алу үшін көрсетілетін қызметті алушы көрсетілетін қызметті берушіге "электрондық үкіметтің" www.egov.kz, www.elicense.kz веб-порталы (бұдан әрі – портал) арқылы осы Қағидаларға 2 және (немесе) 3-қосымшаларға сәйкес нысан бойынша көрсетілетін қызметті алушының электрондық цифрлық қолтаңбасымен (бұдан әрі – ЭЦҚ) қол қойылған электрондық құжат нысанындағы өтінішті, сондай-ақ Талаптардың 8-тармағына сәйкес құжаттарды жолдайды.

      Ескерту. 13-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Экология және табиғи ресурстар министрінің м.а. 10.07.2024 № 157 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      14. Көрсетілетін қызметті алушы барлық қажетті құжаттарды портал арқылы берген кезде көрсетілетін қызметті алушының "жеке кабинетінде" мемлекеттік қызметті көрсетуге арналған сұрау салуды қабылдау туралы мәртебе, сондай-ақ мемлекеттік көрсетілетін қызмет нәтижесін алу күні мен уақыты көрсетілген хабарлама көрсетіледі.

      15. Көрсетілетін қызметті алушының жеке басын куәландыратын құжаттар туралы, заңды тұлғаны тіркеу (қайта тіркеу) туралы, дара кәсіпкерді тіркеу туралы не дара кәсіпкер ретінде қызметін бастау туралы мәліметтерді көрсетілетін қызметті беруші "электрондық үкімет" шлюзі арқылы тиісті мемлекеттік ақпараттық жүйелерден алады. Көрсетілетін қызметті алушыдан ақпараттық жүйелерден алынуы мүмкін құжаттарды талап етуге жол берілмейді.

      16. Көрсетілетін қызметті беруші кеңсесінің қызметкері өтініш мен құжаттар келіп түскен күні тіркеуді жүзеге асырады және орындайшыны тағайындайтын көрсетілетн қызметті берушінің басшысына оларды жолдайды.

      17. Көрсетілетін қызметті алушы Қазақстан Республикасы Еңбек кодексіне және "Қазақстан Республикасындағы мерекелер туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 5-бабына сәйкес жұмыс уақыты аяқталғаннан кейін, демалыс және мереке күндері өтініш жасаған жағдайда құжаттарды қабылдау және мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесін беру келесі жұмыс күні жүзеге асырылады.

      18. Орындаушы тіркеу сәтінен бастап 2 (екі) жұмыс күні ішінде көрсетілетін қызметті алушы ұсынған құжаттардың толықтығын тексереді.

      Көрсетілетін қызметті алушы құжаттардың толық топтамасын ұсынбаған немесе осы Қағидаларға сәйкес мемлекеттік қызметті көрсету үшін қажетті мәліметтер болмаған жағдайда, орындаушы осы тармақтың бірінші бөлігінде көрсетілген мерзімдерде көрсетілетін қызметті алушыға құжаттар топтамасының қандай талаптарға сәйкес келмейтінін және сәйкес келтіру мерзімін көрсете отырып, хабарлама жолдайды.

      Егер хабарламаны алған күннен бастап екі жұмыс күні ішінде көрсетілетін қызметті алушы оны талаптарға сәйкес келтірмеген жағдайда, көрсетілетін қызметті беруші осы Қағидаларға 4-қосымшаға сәйкес өтінішті одан әрі қараудан бас тартуды порталдағы "жеке кабинетінде" көрсетілетін қызметті беруші басшысының ЭЦҚ-мен қол қойылған электрондық құжат нысанында жолдайды.

      Ескерту. 18-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Экология және табиғи ресурстар министрінің м.а. 10.07.2024 № 157 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      19. Көрсетілетін қызметті алушы құжаттардың толық пакетін ұсынған жағдайда орындаушы 4 (төрт) жұмыс күні ішінде оларды осы Қағидалардың талаптарына сәйкестігіне қарастырады.

      20. Қарастыру қорытындылары бойынша орындаушы 1 (бір) жұмыс күні ішінде осы Қағидаларға 5-қосышаға сәйкес нысан бойынша озонды бұзатын заттарды және құрамында олар бар өнімдерді Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттерден Қазақстан Республикасының аумағына әкелуге және Қазақстан Республикасының аумағынан осы мемлекеттерге әкетуге рұқсатты қалыптастырады және келісу мен қол қоюға жолдайды.

      Көрсетілетін қызметті беруші қол қойғаннан кейін көрсетілетін қызметті алушы осы Қағидаларға 5-қосымшаға сәйкес нысан бойынша озонды бұзатын заттарды және құрамында олар бар өнімдерді Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттерден Қазақстан Республикасының аумағына әкелуге және Қазақстан Республикасының аумағынан осы мемлекеттерге әкетуге рұқсатты порталдағы "жеке кабинетінде" көрсетілетін қызметті беруші басшысының ЭЦҚ-мен қол қойылған электрондық құжат нысанында.

      Ескерту. 20-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Экология және табиғи ресурстар министрінің м.а. 10.07.2024 № 157 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      21. Мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тарту үшін талаптардың 9-тармағында көрсетілген негіздерді анықталған кезде көрсетілетін қызметті беруші мемлекеттік қызметті көрсету мерзімі аяқталғанға дейін кемінде 3 жұмыс күн бұрын көрсетілетін қызметті алушыны мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тарту туралы алдын ала шешім, сондай-ақ көрсетілетін қызметті алушыға алдын ала шешім бойынша ұстанымды білдіру мүмкіндігі үшін тыңдауды өткізу уақыты мен орны (тәсілі) туралы хабардар етеді.

      Тыңдау нәтижелері бойынша көрсетілетін қызметті беруші осы Қағидаларға 5-қосымшаға сәйкес нысан бойынша озонды бұзатын заттарды және құрамында олар бар өнімдерді Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттерден Қазақстан Республикасының аумағына әкелуге және (немесе) Қазақстан Республикасының аумағынан осы мемлекеттерге әкетуге порталдағы "жеке кабинетінде" көрсетілетін қызметті беруші басшысының ЭЦҚ-мен қол қойылған электрондық құжат нысанында не осы Қағидаларға 6-қосымшаға сәйкес мемлекеттік қызметті көрсетуден дәлелді бас тартуды порталдағы "жеке кабинетінде" көрсетілетін қызметті беруші басшысының ЭЦҚ-мен қол қойылған электрондық құжат нысанында береді.

      Ескерту. 21-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Экология және табиғи ресурстар министрінің м.а. 10.07.2024 № 157 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      21-1. Көрсетілетін қызметті беруші мемлекеттік қызмет көрсету сатысы туралы деректерді мемлекеттік қызметтер көрсету мониторингінің ақпараттық жүйесіне енгізуді қамтамасыз етеді.

      Рұқсаттар мен хабарламалардың мемлекеттік ақпараттық жүйесі арқылы мемлекеттік қызметті көрсету кезінде мемлекеттік қызметті көрсету сатысы туралы деректер мемлекеттік қызметтерді көрсету мониторингінің ақпараттық жүйесіне автоматты режимде келіп түседі.

      Қағидаларға енгізілген өзгерістер және (немесе) толықтырулар туралы ақпарат әділет органдарында тиісті нормативтік құқықтық акт мемлекеттік тіркелгеннен кейін 3 (үш) жұмыс күнінің ішінде "электрондық үкіметтің" ақпараттық-коммуникациялық инфрақұрылымының операторына және Бірыңғай байланыс орталығына жіберіледі.

      Ескерту. Қағидалар 21-1-тармақпен толықтырылды - ҚР Экология және табиғи ресурстар министрінің м.а. 10.07.2024 № 157 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

3-тарау. Көрсетілетін қызметті берушінің және (немесе) олардың лауазымды адамдарының мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері бойынша шешімдеріне, әрекеттеріне (әрекетсіздігіне) шағымдану тәртібі

      22. Мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері бойынша шағымды қарауды қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкілетті орган (бұдан әрі – уәкілетті орган), лауазымды адам, мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті орган жүргізеді.

      Шағым көрсетілетін қызметті берушіге және (немесе) шешіміне, әрекетіне (әрекетсіздігіне) шағым жасалып отырған лауазымды адамға беріледі.

      Көрсетілетін қызметті беруші, шешіміне, әрекетіне (әрекетсіздігіне) шағым жасалып отырған лауазымды адам шағым келіп түскен күннен бастап үш жұмыс күнінен кешіктірмей оны және әкімшілік істі уәкілетті органға жолдайды.

      Бұл ретте көрсетілетін қызметті беруші, лауазымды адам, шешімге, әрекетке (әрекетсіздікке) шағым жасайды, егер ол үш жұмыс күні ішінде шағымда көрсетілген талаптарды толық қанағаттандыратын шешім не өзге де әкімшілік әрекет қабылдаса, уәкілетті органға шағымды жолдамауға құқылы.

      Егер заңда өзгеше көзделмесе, сотқа жүгінуге сотқа дейінгі тәртіппен шағым жасалғаннан кейін жол беріледі.

  Озонды бұзатын заттарды және
құрамында олар бар өнімдерді
Еуразиялық экономикалық
одаққа мүше мемлекеттерден
Қазақстан Республикасының
аумағына әкелуге және
Қазақстан Республикасының
аумағынан осы мемлекеттерге
әкетуге рұқсаттар беру
қағидаларына
1-қосымша

"Озонды бұзатын заттарды және құрамында олар бар өнімдерді Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттерден Қазақстан Республикасының аумағына әкелуге және Қазақстан Республикасының аумағынан осы мемлекеттерге әкетуге рұқсат беру" мемлекеттік көрсетілетін қызметінің талаптары

      Ескерту. 1-қосымша жаңа редакцияда - ҚР Экология және табиғи ресурстар министрінің м.а. 10.07.2024 № 157 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

Көрсетілетін қызметті берушінің атауы

Қазақстан Республикасы Экология және табиғи ресурстар министрлігінің Экологиялық реттеу және бақылау комитеті

Мемлекеттік қызмет көрсету тәсілдері

1) көрсетілетін қызметті беруші арқылы;
2) "электрондық үкіметтің" www.egov.kz, www.elicense.kz веб-порталы (бұдан әрі – портал) арқылы

Мемлекеттік қызмет көрсету мерзімі

көрсетілетін қызметті беруші өтінішді тіркеген сәттен бастап 8 (сегіз) жұмыс күні ішінде

Мемлекеттік қызмет көрсету нысаны

электрондық (ішінара автоматтандырылған)

Мемлкеттік қызмет көрсету нәтижесі

озонды бұзатын заттарды және құрамында олар бар өнімдерді Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттерден Қазақстан Республикасының аумағына әкелуге және Қазақстан Республикасының аумағынан осы мемлекеттерге әкетуге рұқсат не мемлекеттік қызметті көрсетуден дәлелді бас тарту

Мемлекеттік қызметті көрсету кезінде көрсетілетін қызметті алушыдан алынатын төлем мөлшері және Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген жағдайларда оны алу тәсілдері

мемлекеттік қызмет тегін көрсетіледі

Көрсетілетін қызметті берушінің, Мемлекеттік корпорацияның және ақпарат объектілерінің жұмыс графигі

1) көрсетілетін қызметті беруші – Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына сәйкес демалыс және мереке күндерін қоспағанда, дүйсенбіден бастап жұманы қоса алғанда, белгіленген жұмыс кестесіне сәйкес сағат 9.00- ден 18.30-ға дейін, сағат 13.00- ден 14.30-ға дейін түскі үзіліс;
2) портал – жөндеу жұмыстарын жүргізуге байланысты техникалық үзілістерді есептемегенде, тәулік бойы (көрсетілетін қызметті алушы жұмыс уақыты аяқталғаннан кейін, демалыс және мереке күндері жүгінген кезде Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына сәйкес өтінішті қабылдау және мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесін беру келесі жұмыс күнімен жүзеге асырылады).
Мемлекеттік қызметті көрсету орындарының мекенжайлары:
1) көрсетілетін қызметті берушінің интернет-ресурсында;
2) www.egov.kz, www.elicense.kz порталында орналастырылған.

Мемлекеттік қызмет көрсету үшін көрсетілетін қызметті алушыдан талап етілетін құжаттар мен мәліметтердің тізбесі

1. Озонды бұзатын заттарды және құрамында олар бар өнімдерді Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттерден Қазақстан Республикасының аумағына әкелуге.
Портал арқылы өтініш білдірген кезде:
1) "Озонды бұзатын заттарды және құрамында олар бар өнімдерді Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттерден Қазақстан Республикасының аумағына әкелуге және Қазақстан Республикасының аумағынан осы мемлекеттерге әкетуге рұқсаттар беру қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Экология, геология және табиғи ресурстар министрінің 2021 жылғы 12 шiлдедегі № 244 бұйрығының (Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2021 жылғы 17 шiлдеде № 23580 болып тіркелді) (бұдан әрі – Қағидалар) 2-қосымшасына сәйкес нысан бойынша көрсетілетін қызметті алушының электрондық цифрлық қолтаңбасымен (бұдан әрі – ЭЦҚ) қол қойылған электрондық құжат нысанындағы озонды бұзатын заттарды және құрамында олар бар өнімдерді Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттерден Қазақстан Республикасының аумағына әкелуге рұқсат алуға өтініш;
2) делдалдық қызмет көрсету туралы (егер көрсетілетін қызметті алушы ретінде делдал әрекет етсе) шарттың (келісімшарттың) электрондық көшірмесі;
3) әзірлеушінің (өндірушінің), ол шығарған озон қабатын бұзатын заттардың және құрамында олар бар өнімдердің оларға сәйкес әзірленетін құжаттардың талаптарына сәйкес келетіні туралы сәйкестік сертификатының және (немесе) жазбаша хабарламасының электрондық көшірмесі;
4) адамның денсаулығы мен қоршаған ортаға зиян келтіретін жағдайда, озон қабатын бұзатын заттардың және құрамында олар бар өнімдерді әкелуді жүзеге асыратын көрсетілетін қызметті алушының жүктерді сақтандырудың қолданыстағы сақтандыру полисінің немесе Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген өзге де кепілдіктерін қамтамасыз етуін растайтын құжаттың электрондық көшірмесі;
5) кәдеге жаратылған және (немесе) қайта айналысқа түскен озон қабатын бұзатын заттар әкелінген жағдайда озон қабатын бұзатын заттарды қалпына келтіруді жүзеге асыру туралы (егер қалпына келтіруді көрсетілетін қызметті алушы жүзеге асырмаған жағдайда ұсынылады) ұйыммен жасасқан шарттың (келісімшарттың) электрондық көшірмесі және озон қабатын бұзатын заттарды қалпына келтіруді жүзеге асыруды жоспарлаған ұйымда белгіленген тиісті талаптарға сәйкес келетін қондырғының болуын растау;
6) кәдеге жаратылған және (немесе) қайта айналысқа түскен озон қабатын бұзатын заттар әкелінген жағдайда озон қабатын бұзатын заттарды жоюды жүзеге асыру туралы (қалпына келтіруді көрсетілетін қызметті алушы жүзеге асырмаған жағдайда ұсынылады) ұйыммен жасасқан шарттың (келісімшарттың) электрондық көшірмесі және озон қабатын бұзатын заттарды жоюды жүзеге асыруды жоспарлаған ұйымда Монреаль хаттамасы Тараптарының шешімдерімен мақұлданған озон қабатын бұзатын заттарды жою технологияларына сай келетін қондырғының бар болуын растау;
7) озон қабатын бұзатын заттарды шикізат ретінде пайдалану үшін әкелген жағдайда озон қабатын бұзатын заттарды озон қауіпсіз химиялық заттарын өндіру үшін шикізат ретінде ғана пайдаланатынын растайтын көрсетілетін қызметті алушы хатының электрондық көшірмесі не озон қабатын бұзатын заттарды озон қауіпсіз химиялық заттарын өндіру үшін шикізат ретінде пайдаланатын ұйыммен шарттың (келісімшарттың) көшірмесі;
8) озонды бұзатын заттарды бір рет және (немесе) бірнеше рет пайдалану ыдысында әкелінетінін растайтын мәліметтердің көшірмелері.
2. Озонды бұзатын заттарды және құрамында олар бар өнімдерді Қазақстан Республикасының аумағынан Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттерге әкетуге.
Портал арқылы өтініш білдірген кезде:
1) Қағидаларға 3-қосымшаға сәйкес нысан бойынша көрсетілетін қызметті алушының ЭЦҚ қол қойылған электрондық құжат нысанындағы озонды бұзатын заттарды және құрамында олар бар өнімдерді Қазақстан Республикасының аумағынан Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттерге әкетуге рұқсат алуға өтініш;
2) делдалдық қызмет көрсету туралы (егер көрсетілетін қызметті алушы ретінде делдал әрекет етсе) шарттың (келісімшарттың) электр ондық көшірмесі;
3) әзірлеушінің (өндірушінің), ол шығарған озон қабатын бұзатын заттардың және құрамында олар бар өнімдердің оларға сәйкес әзірленетін құжаттардың талаптарына сәйкес келетіні туралы сәйкестік сертификатының және (немесе) жазбаша хабарламасының электрондық көшірмесі;
4) адамның денсаулығы мен қоршаған ортаға зиян келтіретін жағдайда, озон қабатын бұзатын заттардың және құрамында олар бар өнімдерді әкетуді жүзеге асыратын көрсетілетін қызметті алушының жүктерді сақтандырудың қолданыстағы сақтандыру полисінің немесе Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген өзге де кепілдіктерін қамтамасыз етуін растайтын құжаттың электрондық көшірмесі;
5) кәдеге жаратылған және (немесе) қайта айналысқа түскен озон қабатын бұзатын заттар әкетілген жағдайда озон қабатын бұзатын заттарды қалпына келтіруді жүзеге асыру туралы (егер қалпына келтіруді көрсетілетін қызметті алушы жүзеге асырмаған жағдайда ұсынылады) ұйыммен жасасқан шарттың (келісімшарттың) электрондық көшірмесі және озон қабатын бұзатын заттарды қалпына келтіруді жүзеге асыруды жоспарлаған ұйымда белгіленген тиісті талаптарға сәйкес келетін қондырғының болуын растау;
6) кәдеге жаратылған және (немесе) қайта айналысқа түскен озон қабатын бұзатын заттар әкетілген жағдайда озон қабатын бұзатын за ттарды жоюды жүзеге асыру туралы (қалпына келтіруді көрсетілетін қызметті алушы жүзеге асырмаған жағдайда ұсынылады) ұйым мен жасасқан шарттың (келісімшарттың) электрондық көшірмесі және озон қабатын бұзатын заттарды жоюды жүзеге асыруды жоспарлаған ұйымда Монреаль хаттамасы Тараптарының шешімдерімен мақұлданған озон қабатын бұзатын заттарды жою технологияларына сай келетін қондырғының бар болуын растау;
7) озон қабатын бұзатын заттарды шикізат ретінде пайдалану үшін әкеткен жағдайда озон қабатын бұзатын заттарды озон қауіпсіз химиялық заттарын өндіру үшін шикізат ретінде ғана пайдаланатынын растайтын көрсетілетін қызметті алушы хатының электрондық көшірмесі не озон қабатын бұзатын заттарды озон қауіпсіз химиялық заттарын өндіру үшін шикізат ретінде пайдаланатын ұйыммен шарттың (келісімшарттың) көшірмесі;
8) егер Одаққа мүше мемлекеттің заңнамасында озон қабатын бұзатын заттардың бір рет пайдалану ыдысында әкетуге тыйым салу белгіленген жағдайда озон қабатын бұзатын заттардың бірнеше рет пайдалану ыдысында тасымалданатынын растайтын мәліметтердің электрондық көшірмесі.

Мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тарту үшін Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген негіздер

1) көрсетілетін қызметті алушы мемлекеттік көрсетілетін қызметті алушы үшін ұсынған құжаттардың және (немесе) олардағы деректердің сенімсіздігінің анықталуы;
2) көрсетілетін қызметті алушының және (немесе) мемлекеттік қызметті көрсету үшін қажетті ұсынылған деректер мен мәліметтердің Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерінде белгіленген талаптарға сәйкессіздігі;
3) көрсетілетін қызметті алушыға қатысты өтініш білдірілген қызмет түрлерімен (озонды бұзатын заттарды және құрамында олар бар өнімдерді әкелумен және әкетумен) айналысуға тыйым салу туралы заңды күшіне енген сот шешімінің (үкімінің) болуы;
4) озонды бұзатын заттарды әкелуге – "2020-2025 жылдар кезеңінде озонды бұзатын заттарды тұтыну лимиттерін (квоталарын) бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Экология, геология және табиғи ресурстар министрінің 2020 жылғы 18 мамырдағы № 109 бұйрығымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 20671 тіркелген) бекітілген озонды бұзатын заттарды тұтынудың есепті деңгейіне Қазақстан Республикасында жеткен жағдайда;
5) озонды бұзатын заттарды Одаққа мүше мемлекеттерге әкетуге – көрсетілетін қызметті берушінің тиісті мемлекеттің құзыретті органынан осы мемлекетке озонды бұзатын заттарды әкетуге қорытындылар (рұқсат беру құжаттарын) беруді тоқтату қажеттілігі туралы ақпарат алуы.

  Озонды бұзатын заттарды және
құрамында олар бар өнімдерді
Еуразиялық экономикалық
одаққа мүше мемлекеттерден
Қазақстан Республикасының
аумағына әкелуге және
Қазақстан Республикасының
аумағынан осы мемлекеттерге
әкетуге рұқсаттар беру
қағидаларына
2-қосымша
  Нысан

Озонды бұзатын заттарды және құрамында олар бар өнiмдердi Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттерден Қазақстан Республикасының аумағына әкелуге рұқсат берге өтініш

      Ескерту. 2-қосымша жаңа редакцияда - ҚР Экология және табиғи ресурстар министрінің м.а. 10.07.2024 № 157 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

1. Өтініш №

2. Қолданылу кезеңі КК.АА.ЖЖЖЖ бастап КК.АА.ЖЖЖЖ қоса алғанда

3. Рұқсаттың түрі / ӘКЕЛУ

4. Келісімшарт №

5. Көрсетілетін қызметті алушы

6. Жөнелтуші

7. Жөнелту елі

8. Шығарылған ел

9. Саны

10. Өлшем бірлігі

11. Сыртқы экономикалық қызметтің бірыңғай тауар номенклатурасы бойынша тауар коды және оның сипаты

12. Қосымша ақпарат

13. Рұқсатты беру үшін негіз

14. Көрсетілетін қызметті алушының уәкілетті адамы Тегі, аты, әкесінің аты (егер жеке басын куәландыратын құжатта көрсетілсе)
Лауазымы
Телефоны
Электрондық цифрлық қолтаңба
Күні

  Озонды бұзатын заттарды және
құрамында олар бар өнімдерді
Еуразиялық экономикалық
одаққа мүше мемлекеттерден
Қазақстан Республикасының
аумағына әкелуге және
Қазақстан Республикасының
аумағынан осы мемлекеттерге
әкетуге рұқсаттар беру
қағидаларына
3-қосымша
  Нысан

Озонды бұзатын заттарды және құрамында олар бар өнiмдердi Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттерге Қазақстан Республикасының аумағынан әкетуге рұқсат беруге өтініш

      Ескерту. 3-қосымша жаңа редакцияда - ҚР Экология және табиғи ресурстар министрінің м.а. 10.07.2024 № 157 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

1. Өтініш №

2. Қолданылу кезеңі КК.АА.ЖЖЖЖ бастап КК.АА.ЖЖЖЖ қоса алғанда

3. Рұқсаттың түрі / Шығару

4. Келісімшарт №

5. Көрсетілетін қызметті алушы

6. Сатып алушы

7. Алушы елі

8. Шығарылған ел

9. Саны

10. Өлшем бірлігі

11. Сыртқы экономикалық қызметтің бірыңғай тауар номенклатурасы бойынша тауар коды және оның сипаты

12. Қосымша ақпарат

13. Рұқсатты беру үшін негіз

14. Көрсетілетін қызметі алушының уәкілетті адамы Тегі, аты, әкесінің аты (егер жеке басын куәландыратын құжатта көрсетілсе)
Лауазымы
Телефоны
Электрондық цифрлық қолтаңба
Күні

  Озонды бұзатын заттарды және
құрамында олар бар өнімдерді
Еуразиялық экономикалық
одаққа мүше мемлекеттерден
Қазақстан Республикасының
аумағына әкелуге және
Қазақстан Республикасының
аумағынан осы мемлекеттерге
әкетуге рұқсаттар беру
қағидаларына
4-қосымша
  Жеке тұлғаның аты, әкесінің аты
(бар болса), тегі не заңды
тұлғаның толық
атауы ____________________

Дәлелді бас тарту

      Ескерту. 4-қосымша жаңа редакцияда - ҚР Экология және табиғи ресурстар министрінің м.а. 10.07.2024 № 157 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      Нөмірі _________ "___" _______ 20__ жыл

      Қазақстан Республикасы Экология және табиғи ресурстар министрлігінің Экологиялық реттеу және бақылау комитеті, Сіздің 20__ жылғы "___" _____ № ___________ өтінішіңізді қарастырып, мынадай себеппен озонды бұзатын заттарды және құрамында олар бар өнімдерді Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттерден Қазақстан Республикасының аумағына әкелуге және Қазақстан Республикасының аумағынан осы мемлекеттерге әкетуге рұқсат беруге өтінішті қараудан бас тартады:

      [Дәлелді бас тартудың себебі]

      [Қол қоюшының лауазымы]

      [Қол қоюшының аты, әкесінің аты (бар болса), тегі]

  Озонды бұзатын заттарды және
құрамында олар бар өнімдерді
Еуразиялық экономикалық
одаққа мүше мемлекеттерден
Қазақстан Республикасының
аумағына әкелуге және
Қазақстан Республикасының
аумағынан осы мемлекеттерге
әкетуге рұқсаттар беру
қағидаларына
5-қосымша
  Жеке тұлғаның аты, әкесінің
аты (бар болса), тегі не заңды
тұлғаның толық атауы
________________________

Дәлелді бас тарту

      Ескерту. 5-қосымша жаңа редакцияда - ҚР Экология және табиғи ресурстар министрінің м.а. 10.07.2024 № 157 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      Нөмірі _________ "___" _______ 20__ жыл

      Қазақстан Республикасы Экология және табиғи ресурстар министрлігінің Экологиялық реттеу және бақылау комитеті, Сіздің 20__ жылғы "___" _____ № ___________ өтінішіңізді қарастырып, мынадай себеппен озонды бұзатын заттарды және құрамында олар бар өнімдерді Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттерден Қазақстан Республикасының аумағына әкелуге және Қазақстан Республикасының аумағынан осы мемлекеттерге әкетуге рұқсат беруден бас тартады:

      [Дәлелді бас тартудың себебі]

      [Қол қоюшының лауазымы]

      [Қол қоюшының аты, әкесінің аты (бар болса), тегі]

  Озонды бұзатын заттарды және
құрамында олар бар өнімдерді
Еуразиялық экономикалық
одаққа мүше мемлекеттерден
Қазақстан Республикасының
аумағына әкелуге және
Қазақстан Республикасының
аумағынан осы мемлекеттерге
әкетуге рұқсаттар беру
қағидаларына
6-қосымша
  Жеке тұлғаның аты, әкесінің
аты (бар болса), тегі не
заңды тұлғаның толық атауы
________________________

Дәлелді бас тарту

      Ескерту. 6-қосымша жаңа редакцияда - ҚР Экология және табиғи ресурстар министрінің м.а. 10.07.2024 № 157 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      Нөмірі _________ "___" _______ 20__ жыл

      Қазақстан Республикасы Экология және табиғи ресурстар министрлігінің Экологиялық реттеу және бақылау комитеті, Сіздің 20__ жылғы "___" _____ № ___________ өтінішіңізді қарастырып, мынадай себеппен озонды бұзатын заттарды және құрамында олар бар өнімдерді Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттерден Қазақстан Республикасының аумағына әкелуге және Қазақстан Республикасының аумағынан осы мемлекеттерге әкетуге рұқсат беруден бас тартады:

      [Дәлелді бас тартудың себебі]

      [Қол қоюшының лауазымы]

      [Қол қоюшының аты, әкесінің аты (бар болса), тегі]

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады