"Жеңіл, тау-кен металлургия, химия, фармацевтика, ағаш өңдеу өнеркәсібі салаларында, сондай-ақ машина жасау және құрылыс индустриясында тауарларды Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік аумағында/аумағынан тыс қайта өңдеудің және ішкі тұтыну үшін қайта өңдеудің шарттары туралы құжатты беру" мемлекеттік қызметті көрсетудің қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің 2020 жылғы 22 сәуірдегі № 219 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің 2021 жылғы 12 шiлдедегі № 364 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2021 жылғы 21 шiлдеде № 23625 болып тіркелді

      ЗҚАИ-ның ескертпесі!
      Осы бұйрықтың қолданысқа енгізілу тәртібін 4-т. қараңыз

      БҰЙЫРАМЫН:

      1. "Жеңіл, тау-кен металлургия, химия, фармацевтика, ағаш өңдеу өнеркәсібі салаларында, сондай-ақ машина жасау және құрылыс индустриясында тауарларды Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік аумағында/аумағынан тыс қайта өңдеудің және ішкі тұтыну үшін қайта өңдеудің шарттары туралы құжатты беру" мемлекеттік қызмет көрсетудің қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің 2020 жылғы 22 сәуірдегі № 219 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 20482 болып тіркелген) мынадай өзгерістер енгізілсін:

      көрсетілген бұйрықпен бекітілген "Жеңіл, тау-кен металлургия, химия, фармацевтика, ағаш өңдеу өнеркәсібі салаларында, сондай-ақ машина жасау және құрылыс индустриясында тауарларды Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік аумағында/аумағынан тыс қайта өңдеудің және ішкі тұтыну үшін қайта өңдеудің шарттары туралы құжатты беру" мемлекеттік қызмет көрсету қағидаларында:

      2-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "2. "Жеңіл, тау-кен металлургия, химия, фармацевтика, ағаш өңдеу өнеркәсібі салаларында, сондай-ақ машина жасау және құрылыс индустриясында тауарларды Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік аумағында/аумағынан тыс қайта өңдеудің және ішкі тұтыну үшін қайта өңдеудің шарттары туралы құжатты беру" мемлекеттік қызметті көрсету болып табылады және осы Қағидаларға сәйкес Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің Индустриялық даму комитеті (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті беруші) көрсетеді.";

      көрсетілеген Қағидаларға 1-қосымшада:

      реттік нөмірі 1- жол мынадай редакцияда жазылсын:

      "

1

Көрсетілетін қызметті берушінің атауы

Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің Индустриялық даму комитеті (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті беруші).

      ";

      реттік нөмірі 10-жол мынадай редакцияда жазылсын:

      "

10

Мемлекеттік қызметтерді, оның ішінде электрондық нысанда және Мемлекеттік корпорация арқылы ұсыну ерекшеліктерін ескеретін өзге де талаптар

Көрсетілетін қызметті алушының ЭЦҚ болған жағдайда Мемлекеттік көрсетілетін қызметті портал арқылы электрондық нысанда алуға мүмкіндігі бар.
Мемлекеттік қызмет көрсету орындарының мекенжайлары:
1) Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің интернет-ресурсында – www.gov.kz/memleket/entities/miid, "Мемлекеттік қызметтер" бөлімі;
2) көрсетілетін қызметті берушінің интернет-ресурсында – www.gov.kz/memleket/entities/comprom, "Мемлекеттік қызметтер" бөлімі;
3) www.egov.kz, www.elicense.kz порталында.
Мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері жөніндегі бірыңғай байланыс орталығының телефоны: 1414, 8-800-080-7777.

      ";

      2 және 3-қосымшалар осы бұйрыққа 1 және 2-қосымшаларға сәйкес редакцияда жазылсын.

      2. Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің Индустриялық даму комитеті заңнамада белгіленген тәртіппен:

      1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;

      2) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруын қамтамасыз етсін.

      3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Индустрия және инфрақұрылымдық даму вице-министріне жүктелсін.

      4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік алпыс күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
Индустрия және инфрақұрылымдық
даму министрі
Б. Атамкулов

  Қазақстан Республикасының
Индустрия және
инфрақұрылымдық даму
министірінің
2021 жылғы 12 шілдедегі № 364
Бұйрыққа 1-қосымша
  "Жеңіл, тау-кен металлургия,
химия, фармацевтика, ағаш
өндеу өнеркәсібі салаларында,
сондай-ақ машина жасау және
құрылыс индустриясында
тауарларды Еуразиялық
экономикалық одақтың кедендік
аумағында/аумағынан тыс қайта
өңдуедің және ішкі тұтыну үшін
қайта өңдеудің шарттары туралы
құжатты беру" мемлекеттік
қызметті көрсету қағидаларына
2-қосымша

      нысан

Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық д аму министрлігі "Индустриялық даму комитеті" республикалық мемлекеттік мекемесі

Министерство индустрии и инфраструктурного развития Республики Казахстан Республиканское государственное учреждение "Комитет индустриального развития"



Нұр-Сұлтан қ.
г. Нур-Султан



 
Нөмірі: [Құжат нөмірі]
Күні: [берілген күні] ж.
[ұйымның атауы]
Бас тарту туралы дәлелді жауап
Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің "Индустриялық даму комитеті" республикалық мемлекеттік мекемесі [Еуразиялық экономикалық одақтың кеден аумағында/аумағынан тыс/ішкі тұтыну] үшін тауарларды қайта өңдеу шарттары туралы құжатты беруге қатысты № [кіріс құжатының нөмірі] өтінішке сәйкес келесіні хабарлайды:
[Бас тарту негіздемесі]
[Қол қоюшының лауазымы] [Қол қоюшының аты-жөні]

 

  Қазақстан Республикасының
Индустрия және
инфрақұрылымдық даму
министірінің
2021 жылғы 12 шілдедегі № 364
Бұйрыққа 2-қосымша
  "Жеңіл, тау-кен металлургия,
химия, фармацевтика, ағаш
өндеу өнеркәсібі салаларында,
сондай-ақ машина жасау және
құрылыс индустриясында
тауарларды Еуразиялық
экономикалық одақтың кедендік
аумағында/аумағынан тыс қайта
өңдуедің және ішкі тұтыну үшін
қайта өңдеудің шарттары туралы
құжатты беру" мемлекеттік
қызметті көрсету қағидаларына
3-қосымша

      нысан

Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі "Индустриялық даму комитеті" республикалық мемлекеттік мекемесі
Министерство индустрии и инфраструктурного развития Республики Казахстан Республиканское государственное учреждение "Комитет индустриального развития"



Нұр-Сұлтан қ.
г.Нур-Султан
Нөмірі: [Құжат нөмірі]
Күні: [берілген күні] ж.

Тауарларды қайта өңдеу шарттары туралы құжат [Еуразиялық экономикалық одақтың Кеден аумағында/аумағынан тыс/ішкі тұтыну үшін]
1. Құжат берілген тұлға туралы мәліметтер (тұлғаның аты-жөні, мекен жайы, БСН, ЖСН, банктік деректемелері)
2. Қайта өңдеу жөніндегі операцияларды тікелей жасайтын тұлға туралы мәліметтер (тұлғаның аты-жөні, мекен-жайы, БСН, аты-жөні, банк деректемелері)
3. Сыртқы экономикалық мәміленің жасалғанын растайтын құжаттар, оларға қосымша және (немесе) толықтыру немесе тұлғаның ниетін растайтын өзге құжат туралы мәліметтер
4. Қайта өңдеу өнімінің атауы КО СЭҚ ТН бойынша коды Мөлшері Өлшем бірлігі Құны Құн валютасы
5. Қайта өңдеу өнімдерінің шығу нормасы
6. Тауарларды қайта өңдеу жөніндегі операциялар, оларды жасау тәсілдері
7. Тауарларды сәйкестендіру тәсілдері
 
[Қол қоюшының лауазымы] [Қол қоюшының аты-жөні]

 


Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады