Микрокредит беру туралы шарттың талаптарына өзгерістерді қарау қағидаларын бекіту туралы

Жаңартылған

Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі Басқармасының 2021 жылғы 16 шiлдедегi № 82 қаулысы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2021 жылғы 21 шiлдеде № 23630 болып тіркелді.

      ЗҚАИ-ның ескертпесі!
      Осы қаулы 01.10.2021 бастап қолданысқа енгізіледі.

      "Микроқаржылық қызмет туралы" Қазақстан Республикасының Заңы 9-2-бабының 3-тармағына сәйкес Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігінің Басқармасы ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. Қоса беріліп отырған Микрокредит беру туралы шарттың талаптарына өзгерістерді қарау қағидалары бекітілсін.

      2. Қаржылық қызметтерді тұтынушылардың құқықтарын қорғау департаменті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:

      1) Заң департаментімен бірлесіп осы қаулыны Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;

      2) осы қаулыны ресми жарияланғаннан кейін Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігінің ресми интернет-ресурсына орналастыруды;

      3) осы қаулы мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде Заң департаментіне осы тармақтың 2) тармақшасында көзделген іс-шараның орындалуы туралы мәліметтерді ұсынуды қамтамасыз етсін.

      3. Осы қаулының орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі Төрағасының жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.

      4. Осы қаулы ресми жариялануға тиіс және 2021 жылғы 1 қазаннан бастап қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
Қаржы нарығын реттеу және дамыту
Агенттігінің Төрағасы
М. Абылкасымова

  Қазақстан Республикасының
Қаржы нарығын реттеу және
дамыту агенттігі
Басқармасының
2021 жылғы 16 шілдедегі
№ 82 қаулысымен бекітілді

Микрокредит беру туралы шарттың талаптарына өзгерістерді қарау қағидалары

1-тарау. Жалпы ережелер

      1. Осы Микрокредит беру туралы шарттың талаптарына өзгерістерді қарау қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) "Микроқаржылық қызмет туралы" Қазақстан Республикасының Заңы (бұдан әрі – Микроқаржылық қызмет туралы заң) 9-2-бабының 3-тармағына, "Қаржы нарығы мен қаржы ұйымдарын мемлекеттік реттеу, бақылау және қадағалау туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 9-бабы 1-тармағының 4) тармақшасына сәйкес әзірленді және микроқаржылық қызметті жүзеге асыратын ұйымдардың жеке тұлға-қарыз алушылардың микрокредит беру туралы шарттардың талаптарына өзгерістер енгізу туралы өтініштерін қарау тәртібін айқындайды.

      Қағидаларда Микроқаржылық қызмет туралы заңда көрсетілген негізгі ұғымдар, сондай-ақ мынадай ұғымдар мен қысқартулар пайдаланылады:

      1) берешек – қарыз алушымен жасалған микрокредит беру туралы шартта көзделген негізгі борыштың қалдық сомасын, есептелген, бірақ төленбеген сыйақыны, айыпақыны (айыппұлдарды, өсімпұлдарды) қоса алғанда, микрокредит бойынша борыш сомасы;

      2) қарыз алушы – микроқаржылық қызметті жүзеге асыратын ұйыммен микрокредит беру туралы шартты жасаған жеке тұлға;

      3) микроқаржы ұйымы – микроқаржылық қызметті жүзеге асыратын ұйым – микрокредиттер беру жөніндегі қызметті жүзеге асыратын микроқаржы ұйымы, кредиттік серіктестік, ломбард.

2-тарау. Микрокредит беру туралы шарттың талаптарына өзгерістер енгізу туралы өтінішті қарау тәртібі

      2. Қарыз алушы микрокредит беру туралы шарттың талаптарына өзгерістер енгізу туралы өтінішті (бұдан әрі – өтініш) Микроқаржылық қызмет туралы заңның 9-2-бабының 2-тармағына сәйкес микрокредит берген микроқаржы ұйымына береді.

      Микроқаржылық қызмет туралы заңның 9-2-бабының 2-тармағында көрсетілген мерзім өткеннен кейін өтініш микрокредит беру шарты бойынша берешекті өндіріп алу туралы заңды күшіне енген сот актісі, атқарушы жазба, татуласу келісімі немесе микрокредит беру шарты бойынша берешекті реттеу үшін не микрокредит беру шарты бойынша берешекті өндіріп алу туралы сот актісін орындау үшін медиация тәртібімен жасалған дауды (жанжалды) реттеу туралы келісім болмаған, сондай-ақ микрокредит беру шарты бойынша құқықты (талапты) микроқаржы ұйымы үшінші тұлғаға бермеген жағдайда беріледі.

      Микроқаржы ұйымының өтінішті қарауы қарыз алушыға микрокредит бойынша мерзімі өткен берешекті не оның бір бөлігін біржолғы өтеу талабын белгілемей жүзеге асырылады.

      Қарыз алушы микроқаржы ұйымымен келісім бойынша микрокредит беру туралы шарт бойынша мерзімі өткен берешекті, не оның бір бөлігін микроқаржы ұйымы өтінішті қарағанға дейін дербес өтеуге құқылы.

      Ескерту. 2-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі Басқармасының 29.01.2024 № 6 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік алпыс күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

      3. Қарыз алушының өтініші міндетті түрде қабылдануға, тіркелуге, есепке алынуға және микроқаржы ұйымының қарауына жатады.

      4. Қарыз алушы толық емес мәліметтер мен құжаттарды ұсынған кезде микроқаржы ұйымы оларды қайта сұратады.

      Қарыз алушы сұратылған құжаттарды 5 (бес) жұмыс күні ішінде ұсынады.

      Сұратылған құжаттарды көрсетілген мерзімде ұсынбау қарыз алушының өтінішін қараусыз қалдыру үшін негіз болып табылады, бұл туралы тиісті хабарлама жіберіледі.

      5. Микроқаржы ұйымы (ломбардты қоспағанда) қарыз алушының төлем қабілеттілігін есептеу кезінде микрокредит беру туралы шарттың талаптарына өзгерістер енгізу туралы мәселені қарау кезінде Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Басқармасының 2019 жылғы 28 қарашадағы № 215 қаулысымен бекітілген (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 19670 болып тіркелген) Микроқаржылық қызметті жүзеге асыратын ұйым қарыз алушысының борыштық жүктемесінің коэффициентін есептеу қағидаларының және шекті мәнінің талаптарын басшылыққа алады.

      6. Микроқаржы ұйымы Микроқаржылық қызмет туралы заңның 9-2-бабының 2-тармағында көзделген өтінішті алған күннен кейін күнтізбелік 15 (он бес) күн ішінде микрокредит беру туралы шарттың талаптарына өзгерістер енгізу туралы өтінішті қарайды және жазбаша нысанда, сондай-ақ микроқаржы ұйымына "Төлемдер және төлем жүйелері туралы" Қазақстан Республикасының Заңында көзделген идентификаттау құралдарын қолдану арқылы не микрокредит беру туралы шартта көзделген тәсілмен қарыз алушыны идентификаттауды жүзеге асыру мүмкіндігін беретін ақпараттандыру объектілері (бұдан әрі – ақпараттандыру объектілері) арқылы қарыз алушыға мынадай шешімдердің бірі туралы хабарлайды:

      1) микрокредит беру туралы шарттың талаптарына ұсынылған өзгерістермен келісетіні туралы;

      2) микрокредит беру туралы шарттың талаптарын өзгерту жөніндегі өз ұсынысы туралы;

      3) Қағидаларға 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша мұндай бас тарту себептерінің уәжді негіздемесін көрсете отырып, микрокредит беру туралы шарттың талаптарын өзгертуден бас тарту туралы хабарлайды.

      Микрокредит беру туралы шарттың талаптарына өзгерістер енгізу қарыз алушы микрокредит беру туралы шарттың ағымдағы талаптары бойынша міндеттемелердің орындалмауына әкеп соққан мән-жайларды құжаттамалық растаған кезде қарыз алушының әлеуметтік және қаржылық жағдайын ескере отырып, оның борыш жүктемесінің төмендеуін қамтамасыз ететін талаптармен жүзеге асырылады.

      Микроқаржы ұйымы Микроқаржылық қызмет туралы заңның 9-2-бабының 2-тармағында көзделген өтінішті қараған кезеңде микроқаржы ұйымы микрокредитті мерзімінен бұрын өтеуді талап етпейді.

      Микроқаржы ұйымы және қарыз алушы микрокредит беру туралы шарттың талаптарына өзгерістермен келісетіні туралы шешім қабылдаған кезде микрокредит беру туралы шарттың талаптарына өзгерістер енгізу тәртібі мен мерзімдері микроқаржы ұйымның ішкі құжатында айқындалады, бұл ретте мұндай өзгерістерді енгізу мерзімі микроқаржы ұйымы осындай шешім қабылдаған күннен бастап күнтізбелік 15 (он бес) күннен аспайды. Бұл мерзім микроқаржы ұйымына байланысты емес себептер бойынша микрокредит беру туралы шарттың талаптарына өзгерістер енгізуге кедергі келтіретін жағдайларға қолданылмайды және олар жойылғанға дейін ұзартылуы мүмкін.

      Микроқаржы ұйымы микрокредит беру туралы шарттың талаптарын өзгерту бойынша өз ұсыныстарын жіберген кезде қарыз алушының микроқаржы ұйымы ұсынған микрокредит беру туралы шартты өзгерту талаптарына жауап беру мерзімі микроқаржы ұйымының хатында көрсетіледі және қарыз алушы микроқаржы ұйымының шешімін алған күннен бастап кемінде күнтізбелік 15 (он бес) күнді құрайды.

      Микроқаржы ұйымы мен қарыз алушы арасында микроқаржы ұйымының осы тармақтың бірінші бөлігінің 2) тармақшасында көзделген шешімін алған күннен бастап күнтізбелік 30 (отыз) күн ішінде өзара қолайлы шешімге қол жеткізбеуі микрокредит беру туралы шарттың талаптарын өзгертуден бас тарту болып есептеледі. Бұл мерзім екі тараптың келісімі болған жағдайда ұзартылуы мүмкін.

      Кәсіпкерлік қызметті жүзеге асыруға байланысты емес микрокредит беру туралы шарт бойынша мерзімі өткен берешек пайда болған сәттен бастап жиырма төрт ай ішінде қарыз алушының міндеттемесін төмендетуді, оның ішінде айыпақыны (айыппұлды, өсімпұлды) толық жоюды қамтамасыз ететін талаптарда берешекті реттеу жөніндегі рәсімдер жүзеге асырылмаған жағдайда, құқықты (талапты) коллекторлық агенттікке беруге жол берілмейді.

      Микроқаржы ұйымы тоқсан сайын, есепті тоқсаннан кейінгі айдың 10-күнінен кешіктірмейтін мерзімде қаржы нарығы мен қаржы ұйымдарын реттеу, бақылау және қадағалау жөніндегі уәкілетті органға мынадай:

      1) Қағидаларға 2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша қарыз алушы-жеке тұлғалардың қаралған өтініштері туралы, микрокредит беру туралы шарттың талаптарына өзгерістер енгізу туралы;

      2) Қағидаларға 3-қосымшаға сәйкес нысан бойынша қарыз алушы-жеке тұлғалардың микрокредит беру туралы шарттың талаптарына енгізілген өзгерістер туралы;

      3) Қағидаларға 4-қосымшаға сәйкес нысан бойынша қарыз алушы-жеке тұлғалардың микрокредит беру туралы шарттың талаптарын өзгертуден бас тарту себептері туралы ақпарат ұсынады.

      Ескерту. 6-тармақ тармақ жаңа редакцияда - ҚР Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі Басқармасының 05.08.2024 № 49 (қолданысқа енгізілу тәртібін 5-т. қараңыз) қаулысымен.

3-тарау. Мерзімді әскери қызметтің әскери қызметшілеріне негізгі борыш пен сыйақы бойынша мерзімді әскери қызмет өткеру мерзімін және ол аяқталғаннан кейін 60 (алпыс) күнді қамтитын кезеңге сыйақы есептемей төлемді кейінге қалдыруды ұсыну тәртібі

      Ескерту. Қағидалар 3-тараумен толықтырылды - ҚР Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі Басқармасының 05.08.2024 № 49 (20.08.2024 бастап қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

      7. Микроқаржы ұйымы кредиттік бюродан мерзімді әскери қызметке шақырылған қарыз алушылар (бұдан әрі – қарыз алушы - әскери қызметші) бойынша мәліметтерді алған күннен бастап күнтізбелік 15 (он бес) күн ішінде микрокредит беру туралы шарт бойынша негізгі борыш пен сыйақы бойынша төлемдерді кейінге қалдыруды (бұдан әрі – төлемді кейінге қалдыру) мерзімді әскери қызмет өткеру мерзімін қамтитын кезеңге және ол аяқталғаннан кейін 60 (алпыс) күнге микрокредит бойынша сыйақы есептемей ұсынады, бұл туралы қарыз алушы-әскери қызметшіні жазбаша нысанда, сондай-ақ ақпараттандыру объектілері арқылы не микрокредит беру туралы шартта көзделген тәсілмен хабардар етеді.

      Төлемдерді кейінге қалдыру микрокредит мерзімін ұлғайта отырып және төлемдер мөлшерін сақтай отырып, микрокредит беру туралы шартқа немесе кепіл шартына қосымша келісімдерге қол қоймай, микроқаржы ұйымы айқындайтын тәсілмен ұсынылады. Микрокредит мерзімін ұлғайту туралы талап микрокредитті мерзімінен бұрын өтеу (қайтару) кезінде қолданылмайды.

      Төлемдерді кейінге қалдырудан бас тартқан кезде қарыз алушы-әскери қызметші (сенімхат бойынша қарыз алушы-әскери қызметшінің мүддесінде әрекет ететін үшінші тұлға) микроқаржы ұйымының хабарламасын алған күннен бастап күнтізбелік 14 (он төрт) күн ішінде жазбаша нысанда не ақпараттандыру объектілері арқылы не микрокредит беру туралы шартта көзделген тәсілмен бас тарту туралы өтініш жібереді. Микроқаржы ұйымы аталған өтінішті алған күннен бастап күнтізбелік 15 (он бес) күн ішінде қарыз алушыны микрокредит беру туралы шартта көзделген тәсілмен, сондай-ақ ақпараттандыру объектілері арқылы не микрокредит беру туралы шартта көзделген тәсілмен төлемдерді кейінге қалдырудың күшін жою және микрокредит бойынша сыйақыны есептеудің қайта басталуы туралы хабардар етеді.

      Қарыз алушы-әскери қызметші әскерге шақыру бойынша әскери қызмет мерзімі өткенге дейін мерзімді әскери қызметтен босатылған кезде микроқаржы ұйымы оны әскери бөлімнің тізімдерінен алып тастаған күннен бастап 60 (алпыс) күн өткен соң төлемдерді кейінге қалдыруды тоқтатады және микрокредит бойынша сыйақыны есептеуді қайта бастайды, бұл туралы оны жазбаша нысанда, сондай-ақ ақпараттандыру объектілері не микрокредит беру туралы шартта көзделген тәсілмен хабардар етеді.

      Негізгі борыш және (немесе) есептелген сыйақы бойынша мерзімі өткен берешегі бар қарыз алушы-әскери қызметші бойынша микроқаржы ұйымы мерзімді әскери қызмет өткеру мерзімін және ол аяқталғаннан кейін 60 (алпыс) күнді қамтитын кезеңге Микроқаржылық қызмет туралы заңның 7-бабы 1-тармағының 1-1) тармақшасында және (немесе) 9-2-бабының 5-тармағында көзделген шараларды қолданбайды (қолдануды тоқтата тұрады).

      Қарыз алушы-әскери қызметші әскерге шақыру бойынша әскери қызмет мерзімі өткенге дейін мерзімді әскери қызметтен босатылған кезде микроқаржы ұйымы оны әскери бөлімнің тізімдерінен алып тастаған күннен бастап 60 (алпыс) күн өткен соң Микроқаржылық қызмет туралы заңның 7-бабы 1-тармағының 1-1) тармақшасында және (немесе) 9-2-бабының 5-тармағында көзделген шараларды қолдануды қайта бастайды.

      Осы тараудың талаптары заңды күшіне енген сот актісі, микрокредит беру туралы шарт бойынша берешекті өндіріп алу туралы атқарушы жазбасы, татуласу келісімі немесе микрокредит беру туралы шарт бойынша берешекті реттеу не микрокредит беру туралы шарт бойынша берешекті өндіріп алу туралы сот актісін орындау үшін жасалған дауды (жанжалды) медиация тәртібімен реттеу туралы келісім бар микрокредит беру туралы шартқа қолданылмайды.

  2021 жылғы 16 шілдедегі
№ 82 Микрокредит беру туралы
шарттың талаптарына
өзгерістерді қарау
қағидаларына
1-қосымша

      Ескерту. Қағидалар 1-қосымшамен толықтырылды - ҚР Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі Басқармасының 29.01.2024 № 6 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

 
Нысан
________________________
(қарыз алушының аты-жөні)
Мекенжайы:_________________

Микрокредит беру туралы шарттың талаптарына өзгерістер енгізуден бас тарту

      "_____" акционерлік қоғамы/шаруашылық серіктестігі (бұдан әрі – Кредитор) Сіздің ___.___. _____ жылғы № ____ Микрокредит беру туралы шарттың (бұдан әрі – Шарт) талаптарына өзгерістер енгізу туралы ___.___. ______ жылғы өтінішіңізге (___.___. _____ жылғы кіріс № _____) жауап ретінде мынаны хабарлайды.

      "Микроқаржылық қызмет туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 9-2-бабының 3-тармағының 3) тармақшасына сәйкес Кредитор Сізге

      ____________________________________________________________________

      (бас тарту себебінің негіздемесін көрсету)

      байланысты Микрокредит беру туралы шарттың талаптарын өзгертуден бас тартады.

      Кредитордың уәкілетті тегі, аты, тұлғасы әкесінің аты (ол бар болса)

      * Қарыз алушыда банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымда және (немесе) микроқаржылық қызметті жүзеге асыратын ұйымда микрокредит беру туралы бірнеше шарт болған жағдайда, әрбір Шарт бойынша бас тарту беріледі.

  2021 жылғы 16 шілдедегі
№ 82 Микрокредит беру туралы
шарттың талаптарына
өзгерістерді қарау
қағидаларына
2-қосымша

      Ескерту. Қағидалар 2-қосымшамен толықтырылды - ҚР Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі Басқармасының 29.01.2024 № 6 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

 
Нысан

      Қарыз алушы - жеке тұлғалардың қаралған өтініштері туралы, микрокредит беру туралы шарттың талаптарына өзгерістер енгізу (ұйымның атауы) туралы ақпарат, _____ жылғы 1______ жағдай бойынша (есепті жылдың басынан бастап өсті)

  (сомалар мың теңгемен)

Қарыз түрі

Келіп түскен өтініштер

Барлығы

олардың ішінде ХӘОТ*

қарыз алушылардың саны

шарттардың саны

борыш сомасы

қарыз алушылардың саны

шарттардың саны

борыш сомасы

А

1

2

3

4

5

6

1.

Кепілсіз микрокредиттер







1.1

олардың ішінде Микроқаржылық қызмет туралы заңның 4-бабы 3-1-тармағына сәйкес келетін микрокредиттер







2.

Кепілді микрокредиттер







2.1

оның ішінде ипотека-мен қамтамасыз етілген







      * ХӘОТ – "Тұрғын үй қатынастары туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 68-бабына сәйкес Халықтың әлеуметтік осал топтарының және атаулы әлеуметтік көмек алатын адамдар.

Микрокредит беру туралы шарттың талаптарына өзгерістер енгізілді

Микрокредит беру туралы шарттың талаптарына өзгерістер енгізуден бас тартылды

Барлығы

Олардың ішінде ХӘОТ

Барлығы

Олардың ішінде ХӘОТ

қарыз алушылардың саны

шарттардың саны

борыш сомасы

қарыз алушылардың саны

шарттардың саны

борыш сомасы

қарыз алушылардың саны

шарттардың саны

борыш сомасы

қарыз алушылардың саны

шарттардың саны

Борыш сомасы

7

8

9

10

11

12

13

14

15

16

17

18

















































Өтініш қаралуда

Микроқаржы ұйымы микрокредит беру туралы шарттың талаптарын өзгерту жөнінде өз ұсыныстарын жолдады, қарыз алушы берілген өтінішті кері қайтарып алды, қарыз алушы оның қаржылық жағдайының нашарлағанын растайтын құжаттарды ұсынудан бас тартты, қарыз алушы микрокредит беру туралы шартқа ұсынылған өзгерістерге қол қоймады (керегін көрсету керек)

Барлығы

олардың ішінде ХӘОТ

Барлығы

олардың ішінде ХӘОТ

қарыз алушылардың саны

шарттардың саны

борыш сомасы

қарыз алушылардың саны

шарттардың саны

борыш сомасы

қарыз алушылардың саны

шарттардың саны

борыш сомасы

қарыз алушылардың саны

шарттардың саны

борыш сомасы

19

20

21

22

23

24

25

26

27

28

29

30

















































  2021 жылғы 16 шілдедегі № 82
Микрокредит беру туралы
шарттың талаптарына
өзгерістерді қарау
қағидаларына
3-қосымша

      Ескерту. Қағидалар 3-қосымшамен толықтырылды - ҚР Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі Басқармасының 29.01.2024 № 6 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

 
Нысан

      Қарыз алушы - жеке тұлғалардың микрокредит беру туралы шарттың талаптарына енгізілген өзгерістер (ұйымның атауы) туралы ақпарат, _____ жылғы 1 ___жағдай бойынша (есепті жылдың басынан бастап өсті)

  (сомалар мың теңгемен)

Қарыз түрі

Микрокредит беру туралы шарттың талаптарына өзгерістер іске асырылды

Барлығы

олардың ішінде ХӘОТ*

қарыз алушылардың саны

шарттардың саны

борыш сомасы

қарыз алушылардың саны

шарттардың саны

борыш сомасы

А

1

2

3

4

5

6

1.

Кепілсіз микрокредиттер







1.1

олардың ішінде Микроқаржылық қызмет туралы заңның 4-бабы 3-1-тармағына сәйкес келетін микрокредиттер







2.

Кепілді микрокредиттер







2.1

оның ішінде ипо-текамен қамтама-сыз етілген







* ХӘОТ – "Тұрғын үй қатынастары туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 68-бабына сәйкес Халықтың әлеуметтік осал топтарының және атаулы әлеуметтік көмек алатын адамдар.

Қарыз түрі

оның ішінде:

борышты толық кешіру түрінде

Барлығы

олардың ішінде ХӘОТ

қарыз алушылардың саны

шарттардың саны

борыш сомасы

қарыз алушылардың саны

шарттардың саны

борыш сомасы

А

37

38

39

40

41

42

1.

Кепілсіз микрокредиттер







1.1

олардың ішінде Микроқаржылық қызмет туралы заңның 4-бабы 3-1-тармағына сәйкес келетін микрокредиттер







2.

Кепілді микрокредиттер







2.1

оның ішінде ипотекамен қамтамасыз етілген















оның ішінде:

сыйақы мөлшерлемесін немесе сыйақы мәнін азайту түрінде

негізгі борыш және (немесе) сыйақы бойынша төлемді кейінге қалдыру түрінде

Барлығы

олардың ішінде ХӘОТ

Барлығы

олардың ішінде ХӘОТ

қарыз алушылардың саны

шарттардың саны

борыш сомасы

қарыз алушылар-дың саны

шарттардың саны

борыш сомасы

қарыз алушылардың саны

шарттардың саны

борыш сомасы

қарыз алушылардың саны

шарттардың саны

борыш сомасы

7

8

9

10

11

12

13

14

15

16

17

18

















































оның ішінде:

кепіл берушінің ипотека нысанасы болып табылатын жылжымайтын мүлікті дербес өткізуі түрінде

кепілге қойылған мүлікті микроқаржы ұйымына беру арқылы микрокредит беру туралы шарт бойынша міндеттемені орындаудың орнына бас тарту төлемін ұсыну түрінде

Барлығы

олардың ішінде ХӘОТ

Барлығы

олардың ішінде ХӘОТ

қарыз алушылардың саны

шарттардың саны

борыш сомасы

қарыз алушылардың саны

шарттардың саны

борыш сомасы

қарыз алушылардың саны

шарттардың саны

борыш сомасы

қарыз алушылардың саны

шарттардың саны

борыш сомасы

43

44

45

46

47

48

49

50

51

52

53

54

















































оның ішінде:

берешекті өтеу әдісін немесе берешекті өтеу кезектілігін өзгерту түрінде

микрокредит мерзімін өзгерту түрінде

Барлығы

олардың ішінде ХӘОТ

Барлығы

олардың ішінде ХӘОТ

қарыз алушылардың саны

шарттардың саны

борыш сомасы

қарыз алушылардың саны

шарттардың саны

борыш сомасы

қарыз алушылардың саны

шарттардың саны

борыш сомасы

қарыз алушылардың саны

шарттардың саны

борыш сомасы

19

20

21

22

23

24

25

26

27

28

29

30

















































оның ішінде:

сатып алушыға микрокредит беру туралы шарт бойынша міндеттемені бере отырып, ипотека нысанасы болып табылатын жылжымайтын мүлікті өткізу түрінде

Микрокредит беру туралы шарттың талаптарына өзгерістердің өзге түрі (қайсысын көрсету керек)

Барлығы

олардың ішінде ХӘОТ

Барлығы

олардың ішінде ХӘОТ

қарыз алушылардың саны

шарттардың саны

борыш сомасы

қарыз алушылардың саны

шарттардың саны

борыш сомасы

қарыз алушылардың саны

шарттардың саны

борыш сомасы

қарыз алушылардың саны

шарттардың саны

борыш сомасы

55

56

57

58

59

60

61

62

63

64

65

66

















































оның ішінде:

мерзімі өткен негізгі борышты және (немесе) сыйақыны кешіру, айыпақының (айыппұлдың, өсімпұлдың), комиссиялардың және өзге де төлемдердің күшін жою түрінде

Барлығы

олардың ішінде ХӘОТ

қарыз алушылардың саны

шарттардың саны

борыш сомасы

қарыз алушылардың саны

шарттардың саны

борыш сомасы

31

32

33

34

35

36

























Өтініштер жақсарту талаптарын қолдану үшін қаралуда

Барлығы

олардың ішінде ХӘОТ

қарыз алушылардың саны

шарттардың саны

борыш сомасы

қарыз алушылардың саны

шарттардың саны

борыш сомасы

67

68

69

70

71

72

























  2021 жылғы 16 шілдедегі № 82
Микрокредит беру туралы
шарттың талаптарына
өзгерістерді қарау
қағидаларына
4-қосымша

      Ескерту. Қағидалар 4-қосымшамен толықтырылды - ҚР Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі Басқармасының 29.01.2024 № 6 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

 
Нысан

      Қарыз алушы - жеке тұлғалардың микрокредит беру туралы шарттың талаптарын өзгертуден бас тарту себептері (ұйымның атауы) туралы ақпарат, _____ жылғы 1 ___ жағдай бойынша (есепті жылдың басынан бастап)

  (сомалар мың теңгемен)

Қарыз түрі

Микрокредит беру туралы шарттың талаптарын өзгертуден бас тартылды

Барлығы

олардың ішінде ХӘОТ*

қарыз алушылардың саны

шарттардың саны

борыш сомасы

қарыз алушылардың саны

шарттардың саны

борыш сомасы

А

1

2

3

4

5

6

1.

Кепілсіз микрокредиттер







1.1

олардың ішінде Микроқаржылық қызмет туралы заңның 4-бабы 3-1-тармағына сәйкес келетін микрокредиттер







2.

Кепілді микрокредиттер







2.1

оның ішінде ипотекамен қамтамасыз етілген







Қарыз түрі


қарыз алушының өтімді кепілі/салымы/өзге мүлкі бар (микроқаржы ұйымының талдауы бойынша немесе растайтын құжат болған жағдайда)

Барлығы

олардың ішінде ХӘОТ

қарыз алушылардың саны

шарттардың саны

борыш сомасы

қарыз алушылардың саны

шарттардың саны

борыш сомасы

А

31

32

33

34

35

36

1.

Кепілсіз микрокредиттер







1.1

олардың ішінде Микроқаржылық қызмет туралы заңның 4-бабы 3-1-тармағына сәйкес келетін микрокредиттер







2.

Кепілді микрокредиттер







2.1

оның ішінде ипотекамен қамтамасыз етілген







      * ХӘОТ – "Тұрғын үй қатынастары туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 68-бабына сәйкес Халықтың әлеуметтік осал топтарының және атаулы әлеуметтік көмек алатын адамдар;

      **"Микроқаржылық қызметті жүзеге асыратын ұйым қарыз алушысының борыштық жүктемесінің коэффициентін есептеу қағидаларын және шекті мәнін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2019 жылғы 28 қарашадағы № 215 қаулысы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 19670 болып тіркелген).

оның ішінде мынадай себептер бойынша:

төлемдерді кейінге қалдыру мүмкіндігі берілген жағдайда қарыз алушының борыш жүктемесі коэффициентінің ең жоғары деңгейінен асып кету **

қарыз алушы өзінің қаржылық және әлеуметтік жағдайының нашарлағанын растайтын құжаттарды ұсынбаған

Барлығы

олардың ішінде ХӘОТ

Барлығы

олардың ішінде ХӘОТ

қарыз алушылардың саны

шарттардың саны

борыш сомасы

қарыз алушылардың саны

шарттардың саны

борыш сомасы

қарыз алушылардың саны

шарттардың саны

борыш сомасы

қарыз алушылардың саны

шарттардың саны

борыш сомасы

7

8

9

10

11

12

13

14

15

16

17

18

















































оның ішінде мынадай себептер бойынша:

қарыз алушының атына алаяқтық тәсілмен алынған

үшінші тұлға өтінішті қарыз алушының сенімхатынсыз берді

Барлығы

олардың ішінде ХӘОТ

Барлығы

олардың ішінде ХӘОТ

қарыз алушылардың саны

шарттардың саны

борыш сомасы

қарыз алушылардың саны

шарттардың саны

борыш сомасы

қарыз алушылардың саны

шарттардың саны

борыш сомасы

қарыз алушылардың саны

шарттардың саны

борыш сомасы

37

38

39

40

41

42

43

44

45

46

47

48

















































оның ішінде мынадай себептер бойынша:

бұған дейін қайта құрылымдау/кейінге қалдыру мүмкіндігі (екі реттен артық) берілген болатын

міндеттемелерді орындауға мүмкіндік беретін қарыз алушының кірісінің жеткілікті мөлшері (микроқаржы ұйымының талдауы бойынша)

Барлығы

олардың ішінде ХӘОТ

Барлығы

олардың ішінде ХӘОТ

қарыз алушылардың саны

шарттардың саны

борыш сомасы

қарыз алушылардың саны

шарттардың саны

борыш сомасы

қарыз алушылардың саны

шарттардың саны

борыш сомасы

қарыз алушылардың саны

шарттардың саны

борыш сомасы

19

20

21

22

23

24

25

26

27

28

29

30

















































оның ішінде мынадай себептер бойынша:

қарыз алушының қайтыс болуы және мұрагерлік құқығын ресімдемеу

микрокредит беру туралы шарттың талаптарын өзгертуден бас тартудың өзге себептері (себебін көрсету керек)

Барлығы

олардың ішінде ХӘОТ

Барлығы

олардың ішінде ХӘОТ

қарыз алушылардың саны

шарттардың саны

борыш сомасы

қарыз алушылардың саны

шарттардың саны

борыш сомасы

қарыз алушылардың саны

шарттардың саны

борыш сомасы

қарыз алушылардың саны

шарттардың саны

борыш сомасы

49

50

51

52

53

54

55

56

57

58

59

60


















































Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады