"Құқықтық актілер туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 50-бабы 2-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
1. "Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер тізілімін жүргізу қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2014 жылғы 20 қарашадағы № 98 бұйрығына (Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерінің мемлекеттік тізімінде № 10029 болып тіркелген) мынадай өзгерістер енгізілсін:
көрсетілген бұйрықпен бекітілген Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер тізілімін жүргізу қағидаларында:
3-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"3. Тізілімді жүргізудің негізгі міндеті мемлекеттік көрсетілетін қызметтерді анықтау, енгізу және есепке алу, көрсетілетін қызметті алушылар үшін мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы, оның ішінде көрсетілетін мемлекеттік қызмет шеңберіндегі тиісті жағдайды нақтылау үшін мемлекеттік көрсетілетін қызметтің кіші түрлері туралы негізгі мәліметтерге қол жеткізуді қамтамасыз ету болып табылады.";
13-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"13. Тізілім мыналарды көздейді:
1) мемлекеттік көрсетілетін қызметтің атауы;
2) мемлекеттік көрсетілетін қызметтің кіші түрінің атауы;
3) көрсетілетін қызметті алушы (жеке және (немесе) заңды тұлға) туралы мәліметтер; мемлекеттік қызмет көрсету тәртібін айқындайтын заңға тәуелді нормативтік құқықтық актіні әзірлейтін орталық мемлекеттік органның атауы; көрсетілетін қызметті берушінің атауы;
4) өтініштерді қабылдауды және мемлекеттік қызметті көрсету нәтижелерін беруді жүзеге асыратын ұйымдардың атауы және (немесе) мемлекеттік көрсетілетін қызмет электрондық нысанда көрсетілген жағдайда "электрондық үкіметтің" веб-порталы мен ұялы байланыстың абоненттік құрылғысын, стационарлық абоненттік құрылғыны, ақпараттандыру объектілерін көрсету (мемлекеттік көрсетілетін қызметтің әрбір кіші түріне);
5) "бір өтініш" қағидаты бойынша көрсетілетін мемлекеттік қызметті көрсету нысаны (электрондық (толық немесе ішінара автоматтандырылған)/ қағаз түрінде/ проактивті/ ақпараттық) (мемлекеттік көрсетілетін қызметтің әрбір кіші түріне);
6) мемлекеттік қызметті көрсетудің ақылы немесе тегін болуы (мемлекеттік көрсетілетін қызметтің әрбір кіші түріне);
7) мемлекеттік қызметті көрсету тәртібін айқындайтын заңға тәуелді нормативтік құқықтық актінің атауы.";
Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер тізілімін жүргізу қағидаларына 2-қосымша осы бұйрыққа 1-қосымшаға сәйкес редакцияда жазылсын;
Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер тізілімін жүргізу қағидаларына 3-қосымша осы бұйрыққа 2-қосымшаға сәйкес редакцияда жазылсын.
2. Қазақстан Республикасы Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігінің Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер комитеті:
1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;
2) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды;
3) осы бұйрық мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде осы тармақтың 1) және 2) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді Қазақстан Республикасы Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігінің Заң департаментіне ұсынуды қамтамасыз етсін.
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі вице-министріне жүктелсін.
4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрі |
Б. Мусин |
Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер тізіліміне толықтырулар енгізу жөніндегі ұсыныстар нысаны
Мемлекеттік көрсетілетін қызметтің коды | Мемлекеттік көрсетілетін қызметтің атауы | Мемлекеттік көрсетілетін қызметтің кіші түрінің атауы | Көрсетілетін қызметті алушылардың санаты | Мемлекеттік қызметтерді көрсету тәртібін айқындайтын заңға тәуелді нормативтік құқықтық актіні әзірлейтін орталық мемлекеттік органның атауы | Көрсетілетін қызметті берушінің атауы | Өтініштерді қабылдауды және ресімделген құжаттарды беруді жүзеге асыратын ұйымдар (мемлекеттік қызметтің әрбір кіші түріне) | Ақылы болуы (мемлекеттік көрсетілетінқызметтің әрбір кіші түріне) |
1 | 2 | 3 | 4 | 5 | 6 | 7 | 8 |
Кестенің жалғасы
оның ішінде: | Мемлекеттік көрсетілетін қызметті көрсету нәтижелерінің нысаны (мемлекеттік көрсетілетін қызметтің әрбір кіші түріне) | Мемлекеттік көрсетілетін қызметті көрсету тәртібі (болжанатын мерзімдер, құжаттар тізілімі және тағыда басқа) | Тізілімге толықтырулар енгізу негіздемесі (нормативтік құқықтық актіге және (немесе) Қазақстан Республикасы Үкіметінің тапсырмасына сілтеме (болған жағдайда) | |
Құқықтық негіздеме | төлем мөлшері | |||
9 | 10 | 11 | 12 | 13 |
Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер тізілімінің құрылымы
Р/с № | Мемлекеттік көрсетілетін қызметтің коды | Мемлекеттік көрсетілетін қызметтің атауы | Мемлекеттік көрсетілетін қызметтің кіші түрінің атауы | Көрсетілетін қызметті алушы (жеке және (немесе) заңды тұлға) туралы мәлімет | Мемлекеттік қызметтерді көрсету тәртібін айқындайтын заңға тәуелді нормативтік құқықтық актіні әзірлейтін орталық мемлекеттік органның атауы | Көрсетілетін қызметті берушінің атауы | Өтініштер қабылдауды және мемлекеттік қызметті көрсету нәтижелерін беруді жүзеге асыратын ұйымдардың атаулары және (немесе) "электрондық үкіметтің" веб-порталы және ұялы байланыс абоненттік құрылғысын, стационарлық абоненттік құрылғыны, ақпараттандыру объектілерін* көрсету (мемлекеттік қызметтің әрбір кіші түріне) | Ақылы не тегін болуы(мемлекеттік көрсетілетін қызметтің әрбір кіші түріне) | Мемлекеттік қызметті көрсету нысанын (электрондық (толық немесе ішінара автоматтандырылған)/ қағаз түрінде/ проактивті/ "бір өтініш" қағидаты бойынша көрсетілетін, ақпараттық) (мемлекеттік көрсетілетін қызметтің әрбір кіші түріне) | Мемлекеттік қызметтер көрсету тәртібін айқындайтын заңға тәуелді норма |
1 | 2 | 3 | 4 | 5 | 6 | 7 | 8 | 9 | 10 | 11 |
* ақпараттандыру объектілері – "электрондық үкіметтің" шлюзінде, "электрондық үкіметтің" сыртқы шлюзінде орналастырылған сервистер-мен интеграцияланған ақпараттандыру объ-ектілер".