"Мемлекеттік кепілдіктер беру үшін инвестициялық жобаның техникалық-экономикалық негіздемесін әзірлеуге немесе түзетуге, сондай-ақ қажетті сараптамалар жүргізуге қойылатын талаптарды бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Экономикалық даму және сауда министрінің міндетін атқарушысының 2010 жылғы 6 тамыздағы № 136 бұйрығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің м.а. 2021 жылғы 21 шiлдедегi № 70 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2021 жылғы 22 шілдеде № 23661 болып тіркелді

      БҰЙЫРАМЫН:

      1. "Мемлекеттік кепілдіктер беру үшін инвестициялық жобаның техникалық-экономикалық негіздемесін әзірлеуге немесе түзетуге, сондай-ақ қажетті сараптамалар жүргізуге қойылатын талаптарды бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Экономикалық даму және сауда министрінің міндетін атқарушысының 2010 жылғы 6 тамыздағы № 136 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 6402 болып тіркелген) мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:

      көрсетілген бұрықпен бекітілген Мемлекеттік кепілдіктер беру үшін инвестициялық жобаның техникалық-экономикалық негіздемесін әзірлеуге немесе түзетуге, сондай-ақ қажетті сараптамалар жүргізуге қойылатын талаптарында:

      6-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "6. Инвестициялық жобаның ТЭН-ін әзірлеудің мақсаты оңтайлы жобалық шешімдер, оның ішінде, жобаның барынша оңтайлы құрылымы мен ауқымын, жобаны іске асыру шеңберінде көзделетін барынша орынды маркетингтік, техникалық-технологиялық, қаржылық, институционалдық, экологиялық, экономикалық және басқа де шешімдер бойынша ұсыныстарды әзірлеу болып табылады.

      Бұл тармақ қорғаныс, қауіпсіздік пен құқықтық тәртіпті қамтамасыз ету мұқтаждарына арналған әскери мақсаттағы тауарларды (өнімдерді), қосарланған мақсаттағы (қолданыстағы) тауарларды (өнімдерді), әскери мақсаттағы жұмыстарды және әскери мақсаттағы көрсетілетін қызметтерді импорттау кезіндегі инвестициялық жобаларға қолданылмайды.";

      8-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "8. Қорғаныс, қауіпсіздік пен құқықтық тәртіпті қамтамасыз ету мұқтаждарына арналған әскери мақсаттағы тауарларды (өнімдерді), қосарланған мақсаттағы (қолданыстағы) тауарларды (өнімдерді), әскери мақсаттағы жұмыстарды және әскери мақсаттағы көрсетілетін қызметтерді импорттау кезіндегі инвестициялық жобаны қоспағанда, инвестициялық жоба ТЭН-інің мынадай құрылымға сәйкес болуға тиіс:

      жобаның паспорты;

      кіріспе;

      институционалдық бөлім;

      маркетингтік бөлім;

      техникалық-технологиялық бөлім;

      экологиялық бөлім;

      қаржылық бөлім;

      әлеуметтік-экономикалық бөлім;

      қауіптерді бағалау және бөлу;

      жоба бойынша тұжырымдар;

      қосымшалар (қажет болған жағдайда).";

      мынадай мазмұндағы 8-1-тармақпен толықтырылсын:

      "8-1. Қорғаныс, қауіпсіздік пен құқықтық тәртіпті қамтамасыз ету мұқтаждарына арналған әскери мақсаттағы тауарларды (өнімдерді), қосарланған мақсаттағы (қолданыстағы) тауарларды (өнімдерді), әскери мақсаттағы жұмыстарды және әскери мақсаттағы көрсетілетін қызметтерді импорттау кезіндегі инвестициялық жоба ТЭН-інің мынадай құрылымға сәйкес болуға тиіс:

      жобаның паспорты;

      кіріспе;

      институционалдық бөлім;

      техникалық-технологиялық бөлім;

      қаржылық бөлім;

      қауіптерді бағалау және бөлу;

      жоба бойынша тұжырымдар.";

      мынадай мазмұндағы 14-1-тармақпен толықтырылсын:

      "14-1. Қорғаныс, қауіпсіздік пен құқықтық тәртіпті қамтамасыз ету мұқтаждарына арналған әскери мақсаттағы тауарларды (өнімдерді), қосарланған мақсаттағы (қолданыстағы) тауарларды (өнімдерді), әскери мақсаттағы жұмыстарды және әскери мақсаттағы көрсетілетін қызметтерді импорттау кезіндегі инвестициялық жоба ТЭН-інің техникалық-технологиялық бөлімі мыналарды қамтиды:

      техникалық-технологиялық шешімдердің сипаттамасы;

      әскери/қосарланған мақсаттағы (қолданыстағы) объектіні/тауарларды (өнімдерді) құру/реконструкциялау/сатып алу және оны жылдар бойынша пайдалану кезеңін көрсететін жобаны іске асыру мерзімдері.

      Бұл бөлім орталық және арнаулы мемлекеттік органдардың салалық сараптама қорытындыларымен расталады.";

      мынадай мазмұндағы 16-1-тармақпен толықтырылсын:

      "16-1. Қорғаныс, қауіпсіздік пен құқықтық тәртіпті қамтамасыз ету мұқтаждарына арналған әскери мақсаттағы тауарларды (өнімдерді), қосарланған мақсаттағы (қолданыстағы) тауарларды (өнімдерді), әскери мақсаттағы жұмыстарды және әскери мақсаттағы көрсетілетін қызметтерді импорттау кезіндегі инвестициялық жоба ТЭН-інің қаржылық бөлімі мыналарды қамтиды:

      сатып алынатын әскери мақсаттағы тауарлардың (өнімдердің), қосарланған мақсаттағы (қолданыстағы) тауарлардың (өнімдердің), әскери мақсаттағы жұмыстардың және әскери мақсаттағы көрсетілетін қызметтердің құнын сипаттау;

      жалпы инвестициялық шығындардың сипаттамасы;

      қарыз тарту шарттарының сипаттамасы.

      Бұл бөлім орталық және арнаулы мемлекеттік органдардың салалық сараптама қорытындысымен расталады.";

      мынадай мазмұндағы 18-1-тармақпен толықтырылсын:

      "18-1. Қорғаныс, қауіпсіздік пен құқықтық тәртіпті қамтамасыз ету мұқтаждарына арналған әскери мақсаттағы тауарларды (өнімдерді), қосарланған мақсаттағы (қолданыстағы) тауарларды (өнімдерді), әскери мақсаттағы жұмыстарды және әскери мақсаттағы көрсетілетін қызметтерді импорттау кезіндегі инвестициялық жоба ТЭН-інің "Тәуекелдерді бағалау және бөлу" бөлімі мыналарды қамтиды:

      техникалық тәуекелдерді бағалау;

      қаржылық тәуекелдерді бағалау.

      Бұл бөлім орталық және арнаулы мемлекеттік органдардың салалық сараптама қорытындысымен расталады.";

      21, 22 және 23-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:

      "21. Қорғаныс мұқтаждарына, қауіпсіздік пен құқықтық тәртіпті қамтамасыз етуге арналған әскери мақсаттағы тауарларды (өнімдерді), қосарланған мақсаттағы (қолданыстағы) тауарларды (өнімдерді), әскери мақсаттағы жұмыстарды және әскери мақсаттағы көрсетілетін қызметтерді импорттау кезіндегі инвестициялық жобаны қоспағанда, инвестициялық жоба ТЭН-не экономикалық сараптама (бұдан әрі – инвестициялық жоба сараптамасы) мынадай қағидаттарды басшылыққа ала отырып жүргізіледі:

      жобаның нәтижелілігі – оны жүзеге асыру тиімділігінің оң болуы, яғни жинақталатын нәтижелер бағасының жобаны іске асыру үшін талап етілетін жиналған шығындар бағасынан асып кетуі;

      барабарлық және объективтілік – дұрыс емес және белгісіздік дәрежесі ескеріле отырып қаралатын жобаға қатысты объектінің құрылымын және сипаттамасын дұрыс көрсету;

      жинақтылық – экономикалық, сондай-ақ әлеуметтік, экологиялық және басқа да экономикадан тыс салаларда жобаны іске асырудың әртүрлі салдарларын есепке алу және нәтижелер мен шығындардың тиісті түрлері мен шамаларын айқындау;

      жекелік – әрбір қатысушы тұрғысынан жобаның тиімділігін бағалау;

      келісілгендік – инвестициялық жоба ТЭН-інің әртүрлі бөлімдерінде көрсетілген және құжаттарда келтірілген деректер мен ақпараттар өзара келісіледі;

      негізділік – инвестициялық жобаның ТЭН-інің шеңберінде қабылданған шешімдер негізделген болып табылады;

      дұрыстық – инвестициялық жоба ТЭН-інің бөлімдерінде көрсетілген ақпараттар мен деректер инвестициялық жоба ТЭН-інің басқа сараптама қорытындыларында расталған, сондай-ақ құжаттар мен есептемелерде келтірілген;

      есептеменің дұрыстығы – есептеу тәртібі және алынған көрсеткіштер дұрыс болып табылады.

      22. Қорғаныс мұқтаждарына, қауіпсіздік пен құқықтық тәртіпті қамтамасыз етуге арналған әскери мақсаттағы тауарларды (өнімдерді), қосарланған мақсаттағы (қолданыстағы) тауарларды (өнімдерді), әскери мақсаттағы жұмыстарды және әскери мақсаттағы көрсетілетін қызметтерді импорттау кезіндегі инвестициялық жобаны қоспағанда, инвестициялық жоба сараптамасы ұсынылған инвестициялық жоба ТЭН-і, инвестициялық жоба ТЭН-ін енгізу алдындағы қарыз алушының соңғы үш жылдағы қаржылық есептілігінің және жобаның ерекшелігіне байланысты инвестициялық жоба ТЭН-іне жүргізілуге қажетті тиісті оң сараптамалардың, атап айтқанда:

      1) егер жоба бойынша құрылыс (құрылыс-монтаждау) жұмыстарын жүргізу көзделген жағдайда, Қазақстан Республикасының Үкіметі уәкілеттік берген, Заңды тұлға жүзеге асыратын ведомстводан тыс кешенді сараптама;

      2) тиісті саланың уәкілетті орган сараптамасының негізінде жүргізіледі.

      23. Қорғаныс мұқтаждарына, қауіпсіздік пен құқықтық тәртіпті қамтамасыз етуге арналған әскери мақсаттағы тауарларды (өнімдерді), қосарланған мақсаттағы (қолданыстағы) тауарларды (өнімдерді), әскери мақсаттағы жұмыстарды және әскери мақсаттағы көрсетілетін қызметтерді импорттау кезіндегі инвестициялық жобаны қоспағанда, инвестициялық жоба сараптамасының қорытындысы мыналарды қамтуға тиіс:

      Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасы шеңберінде жобаның іске асырылуын талдау;

      жобаны іске асырудың әлеуметтік-экономикалық тиімділігін талдау;

      жобаны іске асырудың коммерциялық тиімділігін талдау;

      мемлекеттік кепілдіктер бойынша ықтимал төлемдерді ескере отырып жобаны іске асырудың бюджеттік тиімділігін талдау;

      жоба тәуекелдерін және оларды төмендету жөніндегі шараларды талдау;

      тұжырымдар мен ұсынымдар.

      Қорғаныс, қауіпсіздік пен құқықтық тәртіпті қамтамасыз ету мұқтаждарына арналған әскери мақсаттағы тауарларды (өнімдерді), қосарланған мақсаттағы (қолданыстағы) тауарларды (өнімдерді), әскери мақсаттағы жұмыстарды және әскери мақсаттағы көрсетілетін қызметтерді импорттау кезінде инвестициялық жоба сараптамасының қорытындысы орталық және арнаулы мемлекеттік органдардың салалық оң қорытындыларының болуын бағалауды қамтиды.".

      2. Инвестициялық саясат департаменті заңнамада белгіленген тәртіппен:

      1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;

      2) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.

      3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Ұлттық экономика вице-министріне жүктелсін.

      4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
Ұлттық экономика министрінің м.а.
А. Абдыкадыров

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасының

      Қаржы министрлігі

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады