"Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігінің кадрлық резервіне қосу қағидасын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрінің 2016 жылғы 16 ақпандағы № 11-1-2/53 бұйрығына және "Қазақстан Республикасының дипломатиялық қызмет персоналын ротациялау қағидасын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрінің 2020 жылғы 17 тамыздағы № 11-1-4/227 бұйрығына өзгерістер мен толықтыру енгізу туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрінің м.а. 2021 жылғы 16 шiлдедегi № 11-1-4/291 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2021 жылғы 22 шiлдеде № 23662 болып тіркелді

      БҰЙЫРАМЫН:

      1. "Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігінің кадрлық резервіне қосу қағидасын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрінің 2016 жылғы 16 ақпандағы № 11-1-2/53 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 13475 болып тіркелген) мынадай өзгерістер енгізілсін:

      тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:

      "Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігінің кадр резервіне қосу қағидаларын бекіту туралы";

      1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "1. Қоса беріліп отырған Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігінің кадр резервіне қосу қағидалары бекітілсін.";

      көрсетілген бұйрықпен бекітілген Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігінің кадр резервіне қосу қағидаларында:

      4-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "4. Кадр резервіне кіреді:

      1) "Қазақстан Республикасының дипломатиялық қызметі туралы" Қазақстан Республикасының 2002 жылғы 7 наурыздағы Заңының (бұдан әрі – Заң) 17-бабына сәйкес Қазақстан Республикасының не басқа елдердің жоғары оқу орындарында, ғылыми мекемелерінде кәсіби даярлықтан өтуді, өзекті халықаралық проблемалардың ғылыми әзірлемесін аяқтаған дипломатиялық қызмет персоналы;

      2) Қазақстан Республикасының шетелдегі мекемесінде үздіксіз жұмыс мерзімінің аяқталуының нәтижесінде Қазақстан Республикасына оралған және ұсынылған лауазым (лауазымдардан) бас тартқан дипломатиялық қызмет персоналы;

      3) Қазақстан Республикасының шетелдегі мекемесінде үздіксіз жұмыс мерзімінің аяқталуының нәтижесінде Қазақстан Республикасына оралған және "Қазақстан Республикасының дипломатиялық қызмет персоналын ротациялау қағидасын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрінің 2020 жылғы 17 тамыздағы № 11-1-4/227 бұйрығымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 21109 болып тіркелген, 2020 жылғы 20 тамызда Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілердің эталондық бақылау банкінде жарияланған) бекітілген (бұдан әрі – дипломатиялық қызмет персоналын ротациялау қағидалары) Қазақстан Республикасының дипломатиялық қызмет персоналын ротациялау қағидаларының 10-тармағында белгіленген мерзімдерде Министрліктің Персоналды басқару қызметіне (кадр қызметі) (бұдан әрі – Персоналды басқару қызметі) Қазақстан Республикасына оралғаны жөніндегі хабарламаны ұсынбаған дипломатиялық қызмет персоналы.

      Осы тармақтың 2) тармақшасында көрсетілген тұлғалар Қазақстан Республикасына оралғаны жөніндегі хабарламаны ұсынған күннен бастап үш айдан кейін кадр резервіне енгізіледі.

      Осы тармақтың 3) тармақшасында көрсетілген тұлғалар Қазақстан Республикасына оралған күннен бастап бір ай ішінде кадр резервіне енгізіледі.";

      6 және 7-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:

      "6. Осы Қағидалардың 3 және 4-тармағының 1) тармақшасында көрсетілген дипломатиялық қызмет персоналын кадр резервіне қосу үшін олар дипломатиялық қызмет органдарындағы лауазымынан босату туралы бұйрық қабылданған немесе Қазақстан Республикасының не басқа елдердің жоғары оқу орындарында, ғылыми мекемелерінде кәсіби даярлықтан өту, өзекті халықаралық проблемаларды ғылыми әзірлеуді аяқтаған күннен бастап бір ай ішінде Персоналды басқару қызметіне өтініш береді.

      Өтініштің қабылдану уақыты Персоналды басқару қызметінің кадр резервіне ену туралы өтініштерді тіркеу журналында тіркеледі (еркін нысанда).

      Осы тармақтың талаптары осы Қағидалардың 4-тармағының 2) және 3) тармақшаларында көрсетілген дипломатиялық қызмет персоналына қолданылмайды.

      7. Персоналды басқару қызметі кадр резерві жөніндегі Комиссиясының (бұдан әрі – Комиссия) қарауына мынадай құжаттарды ұсынады:

      1) осы Қағидалардың 3-тармағында көрсетілген өтініш берушілерге қатысты:

      өтініш;

      Министрліктегі мемлекеттік әкімшілік қызметінде соңғы жыл ішіндегі қызметін бағалау нәтижелері;

      қызметтік тізімдер;

      2) осы Қағидалардың 4-тармағының 1) тармақшасында көрсетілген өтініш берушілерге қатысты:

      өтініш;

      Қазақстан Республикасының не басқа елдердің жоғары оқу орындарында, ғылыми мекемелерінде кәсіби даярлаудан өтуді, өзекті халықаралық проблемалардың ғылыми әзірлемесін аяқтағанын растайтын тиісті құжат;

      қызметтік тізімдер;

      3) осы Қағидалардың 4-тармағының 2) және 3) тармақшаларында көрсетілген өтініш берушілерге қатысты:

      Персоналды басқару қызметіне еркін нысанда ұсыныс;

      Министрліктегі мемлекеттік әкімшілік қызметінде соңғы жыл ішіндегі қызметін бағалау нәтижелері;

      қызметтік тізімдер.".

      2. "Қазақстан Республикасының дипломатиялық қызмет персоналын ротациялау қағидасын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрінің 2020 жылғы 17 тамыздағы № 11-1-4/227 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 21109 болып тіркелген) мынадай өзгерістер мен толықтыру енгізілсін:

      көрсетілген бұйрықпен бекітілген Қазақстан Республикасының дипломатиялық қызмет персоналын ротациялау қағидаларында:

      10-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "10. Шетелдік мекемеде жұмысын аяқтаған дипломатиялық қызмет персоналы Қазақстан Республикасына оралған күннен бастап бес жұмыс күні ішінде:

      1) кадр қызметіне осы Қағидалардың 2-қосымшасындағы нысан бойынша Қазақстан Республикасына оралғаны жөніндегі хабарламаны ұсынады;

      2) Министрліктің қаржы қызметіне шет елдегі мекемемен берілген есептеу-аттестат және отырғызу талондары құжаттарын ұсынады.

      Дәлелді себептер болған жағдайда осы тармақтың бірінші бөлігінде белгіленген мерзім бір айдан аспайтын мерзімге ұзартылуы мүмкін.";

      12 және 13-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:

      "12. Дипломатиялық қызмет персоналы шет елдегі жұмысынан Қазақстан Республикасына оралғаннан кейін Қазақстан Республикасына оралғаны жөніндегі хабарламаны ұсынған күннен бастап ротация тәртібімен үш ай мерзімде егер ол Заңның 22-бабында көзделген жазаларға тартылмаған болса, бұрын Министрлікте атқарған лауазымынан төмен емес лауазымға тағайындалады.

      Дипломатиялық қызмет персоналы ұсынылған лауазымға (лауазымдарға) тағайындаудан бас тартқан немесе осы Қағидалардың 10-тармағымен белгіленген мерзімдерде Қазақстан Республикасына оралғаны жөнінде хабарламаны ұсынбаған жағдайда "Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігінің кадрлық резервіне қосу қағидасын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрінің 2016 жылғы 16 ақпандағы № 11-1-2/53 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 13475 болып тіркелген) (бұдан әрі – Кадр резервіне қосу қағидалары) сәйкес Министрліктің кадрлық резервіне қосуға жатады.

      13. Егер дипломатиялық қызмет персоналы дипломатиялық қызмет органдарында жұмысты жалғастырғысы келмесе, ол Заңның 18-бабында белгіленген тәртіппен жұмыстан шығарылуы мүмкін.

      Дипломатиялық қызмет персоналы дипломатиялық қызмет органдарынан босату туралы бұйрық қабылданған күннен бастап бір ай ішінде Кадр резервіне қосу қағидаларына сәйкес Министрліктің кадр резервіне қосу үшін өтініш бере алады.";

      16-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "16. Дайындықтың жалпы ұзақтығы он бес жұмыс күнінен аспайды. Даярлаудан өту үшін Министрліктің құрылымдық бөлімшелерінің тізбесін, әрбір құрылымдық бөлімшеде дайындық кезеңін кадр қызметі айқындайды.

      Шетелдегі мекемеге консулдық қызметтерді жүзеге асыру үшін жіберілетін дипломатиялық қызмет персоналының дайындық ұзақтығы қажет болған жағдайда бір айға ұзартылуы мүмкін.";

      24-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "24. Дипломатиялық қызмет персоналының бірге жүретін отбасы мүшелеріне жұбайы (зайыбы), кәмелет жасына толмаған балалары, кәмелет жасына толмаған асырап алған баласы (балалары), сондай-ақ еңбекке жарамсыз кәмелетке толған балалары және (немесе) Қазақстан Республикасының мүгедектерді әлеуметтік қорғау саласындағы заңнамаларында белгіленген тәртіпте ұсынылған медициналық мекеменің қорытындысына сәйкес күтімге мұқтаж дипломатиялық қызмет персоналының ата-анасы жатады.

      Дипломатиялық қызмет персоналының бірге жүретін отбасы мүшелерінің құрамы Қазақстан Республикасының шет елдегі мекемедегі лауазымға тағайындау туралы Министрдің бұйрығымен және Министрліктің қаржы қызметімен берілген есеп-аттестатпен анықталады.";

      26, 27, 28 және 29-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:

      "26. Шетелге жұмысқа жіберілетін дипломатиялық қызмет персоналының бірге жүретін отбасы мүшелерінің құрамына балаларды қосу үшін кадр қызметіне мынадай құжаттарды ұсыну қажет:

      1) әрбір баланың туу туралы куәлігінің көшірмесі;

      2) 3х4 сантиметр фотосурет – 2 дана;

      3) мүгедектікті немесе көмек пен күтімнің қосымша түрлеріне мұқтаждықты (дипломатиялық қызмет персоналының күтімге мұқтаж еңбекке жарамсыз кәмелетке толған балаларына қатысты) растайтын құжаттың көшірмесі);

      4) шетелге шығатындардың медициналық анықтамасы.

      27. Бұрын бұзылған некедегі (ерлі-зайыптылықтағы) баланы бірге жүретін отбасы мүшелерінің құрамына қосу дипломатиялық қызметтің персоналы болып табылатын ата-анамен немесе дипломатиялық қызмет персоналының жұбайымен/зайыбымен неке бұзылғаннан кейін кәмелетке толмаған баланың тұратыны туралы мәліметтері көрсетілген сот шешімі ұсынылған жағдайда мүмкін болады.

      Некені (ерлі-зайыптылықты) бұзу туралы мұндай сот шешімі болмаған жағдайда, келесідей құжаттардың бірі ұсынылады:

      1) баласынан бөлек тұратын ата-ананың (немесе басқа заңды өкілінің) баланы дипломатиялық қызмет персоналының бірге жүретін отбасы мүшелерінің құрамына қосуға және оның шетелдегі мекемеде дипломатиялық қызмет персоналы жұмыс істеген кезеңде шетелге шығуы үшін жазбаша келісім.

      Мұндай келісімге қойылған қолдың түпнұсқалығы нотариалды куәландырылуы тиіс.

      2) баланы дипломатиялық қызмет персоналының бірге жүретін отбасы мүшелерінің құрамына қосу және дипломатиялық қызмет персоналының шетелдегі мекемеде жұмыс істеген кезеңінде оның шетелде тұру үшін кетуі мәселесін медиация тәртібімен реттеу туралы келісім.

      Мұндай келісім неке-отбасы және азаматтық процестік заңнамасына сәйкес баланың ата-аналары немесе өзге де заңды өкілдері арасында жасалады.

      28. Шетелдегі мекемеге жіберілетін дипломатиялық қызмет персоналының бірге жүретін отбасы мүшелерінің құрамына күтімге мұқтаж ата-аналарын (ата-анасын) қосу үшін кадр қызметіне мынадай құжаттарды ұсыну қажет:

      1) Министрдің атына өтініш (еркін нысанда жазылады);

      2) дипломатиялық қызмет персоналымен туыстығын растайтын құжаттың көшірмесі;

      3) ата-анасының (ата-аналарының) жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесі;

      4) кадрларды есепке алу парағы – 2 дана;

      5) 3х4 сантиметр фотосурет – 2 дана;

      6) мүгедектікті немесе көмек пен күтімнің қосымша түрлеріне мұқтаждықты растайтын құжаттың көшірмесі;

      7) шетелге шығушылар үшін медициналық анықтама.

      29. Еңбекке жарамсыз ата-аналарды (ата-ананы) дипломатиялық қызмет персоналының бірге жүретін отбасы мүшелерінің құрамына қосуға мынадай ерекше жағдайларда жол беріледі:

      1) дипломатиялық қызмет персоналының Қазақстан Республикасында кәмелетке толған, Қазақстан Республикасында ата-аналарын (ата-анасын) асырауға қабілетті ағасының/қарындасының болмауы.

      Бұл жағдайда ата-аналарын (ата-анасын) асырау мүмкіндігі осы ағасының/қарындасының тұрақты жалақысының мөлшері дипломатиялық қызмет персоналының ағасының/қарындасының және ата-аналарының (ата-анасының) отбасы мүшелерінің жалпы санына көбейтілген республикалық бюджет туралы заңның қаржылық жылына тиісті белгіленген ең төменгі күнкөріс деңгейінің шамасынан төмен болмауы тиіс;

      2) егер дипломатиялық қызмет персоналы кәмелетке толмаған баланың жалғыз ата-анасы болып табылса немесе дипломатиялық қызмет персоналының жұбайы (зайыбы) еріп жүретін отбасы мүшесі ретінде шығудан бас тартса.

      Шығудан бас тарту жұбайының (зайыбының) тиісті өтінішімен расталуы қажет.

      Шетелдегі мекемеге жұмысқа жіберілетін дипломатиялық қызмет персоналының бірге жүретін отбасы мүшелерінің құрамына еңбекке жарамсыз ата-аналарды (ата-ананы) қосу үшін кадр қызметіне осы Қағидалардың 28-тармағының 1), 2), 3), 4), 5) және 7) тармақшаларында көрсетілген құжаттарды ұсынуы қажет.";

      мынадай мазмұндағы 29-1-тармақпен толықтырылсын:

      "29-1. Дипломатиялық қызмет персоналының бірге жүретін отбасы мүшесінің құрамынан шығаруға негіз болып табылады:

      1) дипломатиялық қызмет персоналының жұбайы (зайыбы) үшін – некені (ерлі-зайыптылықты) бұзу;

      2) балалар, оның ішінде асырап алынған балалар үшін – олардың 18 жасқа толуы;

      3) дипломатиялық қызмет персоналының еңбекке жарамсыз кәмелетке толған балалар және (немесе) күтімге мұқтаж ата-аналары үшін – мүгедектікті алып тастау немесе күтімге мұқтаждықтың жоқтығы.

      Жоғарыда көрсетілген негіздердің бірі басталған кезде дипломатиялық қызмет персоналы он жұмыс күні ішінде шетелдегі мекемеге Министрліктің кадр және қаржы қызметіне одан әрі жолдау үшін тиісті растайтын құжаттарды ұсынады.".

      3. Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігінің Адам ресурстары департаменті:

      1) Қазақстан Республикасы заңнамасында белгіленген тәртіппен осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;

      2) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігінің ресми интернет-ресурсына орналастыруын;

      3) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігінің Заң қызметі департаментіне осы тармақтың 1) және 2) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді ұсынуды қамтамасыз етсін.

      4. Осы бұйрықтың орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.

      5. Осы бұйрық алғаш ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Министрдің міндетін атқару М. Сыздыков

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады