"Тиісті деңгейдегі білім беру бағдарламаларын іске асырып жатқан Қазақстан Республикасының Қорғаныс министрлігіне ведомстволық бағынысты әскери оқу орындарына оқуға қабылдау қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрінің 2016 жылғы 22 қаңтардағы № 35 бұйрығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрінің м.а. 2021 жылғы 21 шілдедегі № 469 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2021 жылғы 23 шілдеде № 23685 болып тіркелді

      БҰЙЫРАМЫН:

      1. "Тиісті деңгейдегі білім беру бағдарламаларын іске асырып жатқан Қазақстан Республикасының Қорғаныс министрлігіне ведомстволық бағынысты әскери оқу орындарына оқуға қабылдау қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрінің 2016 жылғы 22 қаңтардағы № 35 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 13268 болып тіркелген) мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:

      кіріспе мынадай редакцияда жазылсын:

      "Білім туралы" Қазақстан Республикасының Заңы 5-1-бабының 9) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:";

      3 және 4-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:

      "3. Осы бұйрыққа 2-қосымшаға сәйкес Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрінің кейбір бұйрықтарының күші жойылды деп танылсын.

      4. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрінің әскери білім мәселелеріне жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.";

      көрсетілген бұйрықпен бекітілген Тиісті деңгейдегі білім беру бағдарламаларын іске асыратын Қазақстан Республикасының Қорғаныс министрлігіне ведомстволық бағынысты әскери оқу орындарына оқуға қабылдау қағидаларында:

      1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "1. Осы Тиісті деңгейдегі білім беру бағдарламаларын іске асыратын Қазақстан Республикасының Қорғаныс министрлігіне ведомстволық бағынысты әскери оқу орындарына оқуға қабылдау қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) Қазақстан Республикасының "Білім туралы", "Қазақстан Республикасының қорғанысы және Қарулы Күштері туралы", "Әскери қызмет және әскери қызметшілердің мәртебесі туралы" заңдарына (бұдан әрі – Заң) сәйкес әзірленді және тиісті деңгейдегі білім беру бағдарламаларын іске асыратын Қазақстан Республикасының Қорғаныс министрлігіне (бұдан әрі – ҚР ҚМ) ведомстволық бағынысты әскери оқу орындарына оқуға қабылдау тәртібін айқындайды.";

      7-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "7. Бірыңғай талаптарды сақтауды қамтамасыз ету және оқуға түсушілердің құқықтарын қорғау үшін конкурстық іріктеу нәтижелері бойынша даулы мәселелерді шешу мақсатында әскери оқу орны бастығының бұйрығымен апелляциялық комиссия құрылады. Апелляциялық комиссия оның мүшелерінің тақ санынан тұрады. Апелляциялық комиссияның құрамы әскери оқу орнының өкілдері қатарынан құрылады.";

      мынадай редакциядағы 7-1-тармақпен толықтырылсын:

      "7-1. Конкурстық іріктеу нәтижелерімен келіспейтін адам конкурстық іріктеу нәтижелері жарияланғаннан кейін келесі күні апелляцияға өтініш береді. Өтінішті апелляциялық комиссия өтініш иесінің қатысуымен оны берген күннен бастап бір жұмыс күні ішінде қарайды.

      Апелляциялық комиссия әрбір оқуға түсушімен жеке тәртіппен жұмыс істейді. Оқуға түсуші апелляциялық комиссияның отырысына келмеген жағдайда оның апелляцияға өтініші қаралмайды.

      Апелляциялық комиссияның шешімі комиссия мүшелерінің жалпы санынан көпшілік дауыс беруімен қабылданады және өтініш келіп түскен күннен бастап 1 (бір) жұмыс күні ішінде шығарылады. Дауыстар тең болған кезде апелляциялық комиссия төрағасының дауысы шешуші болып табылады. Апелляциялық комиссияның жұмысы комиссия төрағасы мен оның барлық мүшелері қол қойылған хаттамамен ресімделеді.";

      11-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "11. Мектепке қабылдау қабылдау жылын қоса алғанда, 6 – 20 тамыз кезеңінде конкурстық негізде мынадай 5 (бес) кезеңде жүзеге асырылады:

      І кезең – кәсіби-психологиялық іріктеу;

      ІІ кезең – негізгі орта білім беру бағдарламасы бойынша математика және оқыған тілі бойынша тестілеу;

      ІІІ кезең – "Қазақстан Республикасының Қарулы Күштерінде әскери-дәрігерлік сараптама жүргізу қағидаларын және әскери-дәрігерлік сараптама комиссиялары туралы ережені бекіту туралы" (бұдан әрі – Әскери-дәрігерлік сараптаманы жүргізу қағидалары) Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрінің 2020 жылғы 21 желтоқсандағы № 716 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 21869 болып тіркелген) сәйкес түпкілікті медициналық куәландыру;

      ІV кезең – осы Қағидаларға 2-1-қосымшаға сәйкес нормативтер бойынша дене шынықтыру дайындығын тексеру;

      V кезең – конкурстық іріктеу және оқуға қабылдау.";

      16-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "16. Оқуға түсушілердің дене шынықтыру дайындығын тексеру осы Қағидаларға 2-1-қосымшаға сәйкес негізгі орта білім беру үшінкөзделген дене шынықтыру дайындығы бойынша нормативтерді қабылдауды қамтиды. Барлық жаттығулар үшін балдар жиынтығы бойынша 60 балдан төмен жинаған және екі норматив бойынша төмен балл жинамаған оқуға түсушілер кезеңнен өтпеген болып саналады.";

      22, 23, 24, 25 және 26-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:

      "22. ҚР ҚМ Ш. Уәлиханов атындағы Әскери колледжіне (бұдан әрі – Ш. Уәлиханов атындағы Әскери колледж) Заңның 39-бабы 1-тармағының 1), 2), 3) тармақшаларында көзделген талаптарға сәйкес келетін азаматтар (әскери қызметшілер) оқуға түсуге құқылы.

      ҚР ҚМ Кеңес Одағының Батыры, Халық Қаһарманы, армия генералы Сағадат Нұрмағамбетов атындағы Әскери колледжіне (бұдан әрі – С. Нұрмағамбетов атындағы Әскери колледж) Заңның 39-бабының 2-тармағында көзделген талаптарға сәйкес келетін азаматтар оқуға түсуге құқылы.

      23. Оқуға түсушілер әскери колледждердің қабылдау комиссияларына осы Қағидаларға 2-қосымшаға сәйкес құжаттар топтамасын ұсынады.

      Қабылдау комиссияларына құжаттардың толық топтамасын ұсынбаған оқуға түсушілер қабылдауға жіберілмейді.

      24. Азаматтар қатарынан Ш. Уәлиханов атындағы Әскери колледжге оқуға түсуші қабылдау жылының 1 мамырына дейін тұрғылықты жері бойынша жергілікті әскери басқару органына өтініш жасайды.

      Жергілікті әскери басқару органының басшысы жұмысты ұйымдастырады және оқуға түсушінің тиісті құжаттарын "Қазақстан Республикасының ұлттық қауіпсіздік органдары туралы" Қазақстан Республикасының Заңы (бұдан әрі – ҚР ҰҚО туралы Заң) 12-бабының 7) тармақшасына сәйкес арнайы тексеру жүргізу және Әскери-дәрігерлік сараптама жүргізу қағидаларына сәйкес алдын ала медициналық куәландырудан өту үшін оларды ұсынғаннан кейін 10 (он) жұмыс күні ішінде жолдайды.

      Арнайы тексеруден өткен, денсаулық жағдайы бойынша оқуға жарамды, үлгерімнің кемінде 3.0 немесе кемінде 2 GPA орташа балы бар білімі туралы құжаты бар оқуға түсушілер қабылдау жылының 30 шілдесін қоса алғанда, Ш. Уәлиханов атындағы Әскери колледжге келеді.

      25. Әскери қызметшілер қатарынан оқуға түсуші Ш. Уәлиханов атындағы Әскери колледжге оқуға түсу үшін қабылдау жылының 1 маусымына дейін әскери бөлім командирінің атына тиісті баянатпен өтініш жасайды.

      Әскери бөлім командирі Ш. Уәлиханов атындағы Әскери колледжге оқуға түсуге ниет білдірген әскери қызметшіге қатысты жұмысты ұйымдастырады және оқуға түсушінің тиісті құжаттарын ҚР ҰҚО туралы Заңға сәйкес арнайы тексеру жүргізу және Әскери-дәрігерлік сараптама жүргізу қағидаларына сәйкес әскери қызметшінің алдын ала медициналық куәландырудан өтуі үшін оларды ұсынғаннан кейін 10 (он) жұмыс күні ішінде жолдайды.

      Арнайы тексеруден өткен, денсаулық жағдайы бойынша оқуға жарамды, үлгерімнің кемінде 3.0 немесе кемінде 2 GPA орташа балы бар білімі туралы құжаты бар әскери қызметші қабылдау жылының 30 шілдесіне дейін Ш. Уәлиханов атындағы Әскери колледжге келеді.

      26. Мектеп және "Арыстан" мамандандырылған лицейін бітірушілер қатарынан оқуға түсуші Ш. Уәлиханов атындағы Әскери колледжге оқуға түсу үшін қабылдау жылының 1 сәуірін қоса алғанда, оқуға түсуші оқып жатқан білім беру ұйымы басшысының атына өтініш жасайды.

      Мектеп және "Арыстан" мамандандырылған лицейінің басшысы жұмысты ұйымдастырады және оқуға түсушінің тиісті құжаттарын ҚР ҰҚО туралы Заңға сәйкес арнайы тексеру жүргізу және Әскери-дәрігерлік сараптама жүргізу қағидаларына сәйкес алдын ала медициналық куәландырудан өту үшін оларды ұсынғаннан кейін 10 (он) жұмыс күні ішінде жолдайды .

      Арнайы тексеруден өткен, денсаулық жағдайы бойынша оқуға жарамды бітірушілер Мектептерде және "Арыстан" мамандандырылған лицейінде Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрінің бұйрығымен құрылған комиссияға кәсіби-психологиялық тестілеуді және дене шынықтыру дайындығы бойынша нормативтерді тапсыру үшін жіберіледі.

      Кәсіби-психологиялық іріктеуден өткен және дене шынықтыру дайындығы бойынша нормативтерді тапсырған және үлгерімнің кемінде 3.0 немесе кемінде 2 GPA орташа балы бар Мектептердің және "Арыстан" мамандандырылған лицейінің бітірушілері қабылдау жылының 5 тамызына дейін түпкілікті медициналық куәландырудан өту және оқуға қабылдану үшін Ш. Уәлиханов атындағы Әскери колледжге келеді.";

      мынадай редакциядағы 26-1-тармақпен толықтырылсын:

      "26-1. С. Нұрмағамбетов атындағы Әскери колледжге оқуға түсуші қабылдау жылын қоса алғанда, 1 – 5 тамыз кезеңінде С. Нұрмағамбетов атындағы Әскери колледжге ата-аналарымен (заңды өкілдерімен) келеді және қабылдау туралы өтініш береді.

      Мынадай талаптарға сәйкес келмейтін:

      1) сот әрекетке қабілетсіз немесе әрекетке қабілеті шектеулі деп таныған;

      2) әскери-дәрігерлік комиссияның қорытындысына сәйкес әскери қызмет міндеттерін орындауға кедергі келтіретін ауруы бар;

      3) заңда белгіленген тәртіппен өтелмеген немесе алынбаған соттылығы бар;

      4) Қазақстан Республикасы Қылмыстық-процестік кодексінің (бұдан әрі – ҚР ҚПК) 35-бабы бірінші бөлігінің 3), 4), 9), 10) және 12) тармақтары немесе 36-бабы негізінде қылмыс жасағаны үшін бұрын сотталған немесе қылмыстық жауаптылықтан босатылған;

      5) сыбайлас жемқорлық қылмыс жасаған;

      6) тізбесін уәкілетті органның басшысы бекітетін лауазымдар үшін психофизиологиялық немесе полиграфологиялық зерттеуден не медициналық куәландырудан өтпеген;

      7) қызметке кірер алдындағы үш жыл ішінде қылмыстық теріс қылық жасағаны үшін өзіне қатысты соттың айыптау үкімі шығарылған немесе ҚР ҚПК-ның 35-бабы бірінші бөлігінің 3), 4), 9), 10) және 12) тармақтары немесе 36-бабы негізінде қызметке кірер алдындағы үш жыл ішінде қылмыстық теріс қылық жасағаны үшін қылмыстық жауаптылықтан босатылған;

      8) арнайы тексеруден өтпеген және (немесе) өзі туралы не өзінің жақын туыстары (ата-анасы, балалары, асырап алушылары, асырап алынғандар, ата-анасы бір және ата-анасы бөлек аға-інілері мен апа-сіңлілері (қарындастары), аталары, әжелері, немерелері) туралы немесе жұбайы (зайыбы) және оның жақын туыстары туралы көрінеу жалған мәліметтер хабарлаған;

      9) уәкілетті органның басшысы бекіткен дене шынықтыру дайындығы бойынша нормативтерді орындамаған;

      10) қылмыстық топ құрамында қылмыс жасаған;

      11) өзіне қатысты қылмыстық топ құрамындағы қылмыс туралы қылмыстық істі Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексі Ерекше бөлігінің тиісті бабында көзделген бас бостандығынан айыру түріндегі жазаның төменгі шегінің мерзімі өткенге дейін ҚР ҚПК-ның 35-бабы бірінші бөлігінің 3), 4), 9), 10) және 12) тармақтары немесе 36-бабы негізінде қылмыстық қудалау органы немесе сот тоқтатқан оқуға түсушіге С. Нұрмағамбетов атындағы Әскери колледжге қабылдаудан бас тартылады.";

      27 және 28-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:

      "27. Қабылдау кезеңінде оқуға түсушілер Ш. Уәлиханов атындағы Әскери колледждің аумағында орналастырылады және Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрінің 2015 жылғы 18 маусымдағы № 353 бұйрығымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 11844 болып тіркелген) бекітілген Бейбіт уақытқа арналған Қазақстан Республикасының Қарулы Күштерін азық-түлікпен, азықпен, жабдықпен, асханалық-асүйлік ыдыспен және азық-түлік қызметінің техникасымен жабдықтау нормалары (бұдан әрі – жабдықтау нормалары) бойынша тамақтандырумен қамтамасыз етіледі.

      28. Азаматтар мен әскери қызметшілерді әскери колледждерге қабылдау 1 – 20 тамызда мынадай кезеңдер бойынша жүзеге асырылады:

      І кезең – кәсіби-психологиялық іріктеу;

      ІІ кезең – Әскери-дәрігерлік сараптаманы жүргізу қағидаларына сәйкес түпкілікті медициналық куәландыру;

      ІІІ кезең – дене шынықтыру дайындығын тексеру;

      ІV кезең – конкурстық іріктеу және оқуға қабылдау.";

      30, 31, 32, 33, 34, 35 және 36-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:

      "30. Оқуға түсушілерді кәсіби-психологиялық іріктеу ынталандыру, күйзеліске төзімділік, сыни тұрғыдан және логикалық ойлау деңгейін тексеруді қамтиды және оны қабылдау комиссиялары құрылымдық бөлімшемен келісу бойынша әскери колледждердің тәрбие және идеологиялық жұмыстар бөлімдерімен бірлесіп жүргізеді. Кәсіби-психологиялық тестілеу нәтижелері бойынша ұсынылмаған оқуға түсушілер кезеңнен өтпеген болып саналады.

      31. Оқуға түсушілерді түпкілікті медициналық куәландыру денсаулық жағдайы бойынша әскери колледждерде оқуға жарамдылығын айқындауды қамтиды және оны Әскери-дәрігерлік сараптама жүргізу қағидаларына сәйкес құрылатын медициналық комиссия жүргізеді.

      32. Оқуға түсушілердің дене шынықтыру дайындығын тексеру мынадай дене шынықтыру дайындығы бойынша нормативтерді қабылдауды қамтиды:

      1) Ш. Уәлиханов атындағы Әскери колледжге – "Қазақстан Республикасының Қарулы Күштеріндегі дене дайындығы жөніндегі нормативтерді бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрінің 2014 жылғы 5 мамырдағы № 195 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 9518 болып тіркелген) (бұдан әрі – № 195 бұйрық) сәйкес;

      2) С. Нұрмағамбетов атындағы Әскери колледжге – осы Қағидаларға 2-1-қосымшаға сәйкес нормативтер бойынша.

      Барлық жаттығулар үшін балдар жиынтығы бойынша 60 балдан төмен жинаған және екі норматив бойынша ең төмен балл жинамаған азаматтық жастар қатарынан оқуға түсушілер кезеңнен өтпеген болып саналады.

      33. Конкурстық іріктеуді қабылдау комиссиялары қабылдау жылының 20 тамызында жүргізеді және оқуға түсушілердің ең жоғарыдан ең төменгіге дейін балдар рейтингісін жасауды қамтиды. Рейтинг осы Қағидаларға 3-қосымшаға сәйкес нысан бойынша әскери колледждер қабылдау комиссияларының хаттамаларымен (бұдан әрі – Хаттама) ресімделеді.

      Әскери колледждерге рейтингіде бірінші нөмірден бастап қабылдау жоспары бойынша бөлінген орындар санына сәйкес келетін нөмірге дейін тұрған оқуға түсушілер қабылданады. Қабылдау жоспарын жалпы саннан 10 %-ке дейін асыруға жол беріледі.

      Қабылдау комиссияларының шешімдері қабылдау жылының 21 тамызында сағат 10.00-ге дейін жарияланады және интернет ресурста орналастырылады және 23 тамызда әскери колледждер бастықтарының бұйрықтарымен бекітіледі. Апелляцияға өтініштер 22 тамызда сағат 11.00-ге дейін қабылданады.

      34. Әскери колледждерге қабылдауға конкурстық іріктеуді жүргізу кезінде көрсеткіштер бірдей болған жағдайда Заңның 39-бабының 1-тармағында көрсетілген адамдардың басым құқығы бар.

      35. Ш. Уәлиханов атындағы Әскери колледжге оқуға қабылданған оқуға түсуші Ш. Уәлиханов атындағы Әскери колледж бастығымен әскери қызмет өткеру туралы келісімшарт жасайды.

      С. Нұрмағамбетов атындағы Әскери колледжде оқитын адам оқудың үшінші курсына ауысқан кезде С. Нұрмағамбетов атындағы Әскери колледж бастығымен әскери қызмет өткеру туралы келісімшарт жасайды.

      Әскери қызмет өткеру туралы келісімшарт "Әскери қызмет өткеру туралы келісімшарттың және ұсынымның үлгі нысандарын, сондай-ақ аттестаттау парағының нысандарын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрінің 2018 жылғы 29 қаңтардағы № 36 қбпү бұйрығымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 16594 болып тіркелген) бекітілген нысан бойынша жасалады.

      36. Ш. Уәлиханов атындағы Әскери колледждің кадрлар бөлімі оқуға қабылданғаннан кейін 5 жұмыс күні ішінде жергілікті әскери басқару органдарына және әскери бөлімдерге оқуға қабылдау туралы бұйрықтан үзінділер жолдайды.";

      мынадай редакциядағы 36-1-тармақпен толықтырылсын:

      "36-1. С. Нұрмағамбетов атындағы Әскери колледжге оқуға қабылданған оқуға түсуші оқу үшін қабылдау жылының 29 тамызына дейін келеді.";

      47-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "47. Оқуға түсушілердің дене шынықтыру дайындығын тексеру № 195 бұйрыққа сәйкес дене шыңықтыру дайындығы бойынша нормативтерді қабылдауды қамтиды.

      Барлық жаттығулар үшін балдар жиынтығы бойынша 60 балдан төмен жинаған және екі норматив бойынша ең төмен балл жинамаған азаматтық жастар қатарынан оқуға түсушілер кезеңнен өтпеген болып саналады.";

      50 және 51-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:

      "50. Әскери институттарға қабылдауға конкурс өткізу кезінде көрсеткіштер бірдей болған жағдайда Заңның 39-бабының 1-тармағында көрсетілген адамдардың басым құқығы бар.

      51. Қабылдау комиссиясының шешімі қабылдау жылының 11 тамызында сағат 10.00-ге дейін жарияланады және интернет ресурста орналастырылады және әскери институт бастығының бұйрығымен 13 тамызда бекітіледі. Апелляцияға өтініштер 12 тамызда сағат 11.00-ге дейін қабылданады.";

      72 және 73-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:

      "72. ҰҚУ-ға әртүрлі ведомстволар бойынша орындарды бөлуді ескере отырып, мамандығы бойынша рейтингіде бірінші нөмірден бастап қабылдау жоспары бойынша мамандыққа бөлінген орындар санына сәйкес келетін нөмірге дейін тұрған оқуға түсушілер қабылданады.

      Қабылдау комиссиясының шешімі қабылдау жылының 12 тамызында сағат 10.00-ге дейін жарияланады және ҰҚУ ғимаратында баршаға көрінетіндей жерде орналастырылады, апелляцияға өтініштер 13 тамызда сағат 10.00-ге дейін қабылданады.

      73. Қабылдау комиссиясының оқуға қабылдау туралы шешімі негізінде кадр жұмысы мәселелеріне жетекшілік ететін ҚР ҚМ құрылымдық бөлімшесі қабылдау жылының 15 тамызына дейін ҰҚУ-ға оқуға қабылдау туралы Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрінің бұйрығын шығарады.";

      көрсетілген бұйрыққа 2-қосымша осы бұйрыққа 1-қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.

      осы бұйрыққа 2-қосымшаға сәйкес 2-1-қосымшамен толықтырылсын.

      2. Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігінің Әскери білім және ғылым департаменті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:

      1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;

      2) осы бұйрықты алғашқы ресми жарияланғанынан кейін Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігінің интернет-ресурсына орналастыруды;

      3) мемлекеттік тіркелген күннен бастап күнтізбелік он күн ішінде осы тармақтың 1) және 2) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігінің Заң департаментіне жолдауды қамтамасыз етсін.

      3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрінің әскери білім беру мәселелеріне жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.

      4. Осы бұйрық лауазымды адамдарға, оларға қатысты бөлігінде жеткізілсін.

      5. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасы
Қорғаныс министрінің міндетін атқарушы
М. Бектанов

  Қазақстан Республикасы
Қорғаныс министрінің
2021 жылғы 21 шілдедегі
№ 469 бұйрығына
1-қосымша
  Тиісті деңгейдегі білім беру
бағдарламаларын іске асыратын
Қазақстан Республикасының
Қорғаныс министрлігіне
ведомстволық бағынысты
әскери оқу орындарына оқуға
қабылдау қағидаларына
2-қосымша

Әскери колледждерге және жоғары білімнің білім беру бағдарламаларын іске асыратын әскери оқу орындарына оқуға түсу үшін құжаттар тізбесі

      1. Оқуға қабылдау туралы еркін нысандағы өтініш немесе оқуға түсушінің тегі, аты және әкесінің аты (ол бар болған кезде), туған күні, тұрғылықты мекенжайы, ата-анасының немесе олардың заңды өкілдерінің байланыс деректері көрсетілген баянат.

      2. Жеке куәліктің көшірмесі (салыстыру үшін түпнұсқа). Оқуға түсуші он алты жасқа толғанға дейін туу туралы куәліктің көшірмесі ұсынылады (салыстыру үшін түпнұсқа).

      3. Әскери билеттің көшірмесі (тек әскери қызметшілер, оның ішінде запастағы, түпнұсқа).

      4. Білімі туралы құжаттар, ал С. Нұрмағамбетов атындағы Әскери колледж үшін негізгі орта білім туралы куәлік (түпнұсқа және көшірме).

      5. Кемінде 50 балл, оның ішінде бейінді пәндердің бірінен кемінде 7 балл, ал қалған пәндер бойынша – кемінде 4 балл тестілеу нәтижесі бар ҰБТ сертификаты (әскери колледждерге оқуға түсушілерді қоспағанда).

      6. Әскери-дәрігерлік сараптаманы жүргізу қағидаларына сәйкес әскери оқу орнына оқуға түсетін азаматтың медициналық куәландыру картасы.

      7. Сотталмағандығы туралы анықтама, ал С. Нұрмағамбетов атындағы Әскери колледж үшін ішкі істер органдарында есепте тұрмайтыны туралы кәмелет жасқа толмағандар істері жөніндегі бөлімшеден қосымша анықтама.

      8. Спорттық разрядты, ағымдағы жылғы орындаушылардың республикалық не халықаралық жарыстардағы, конкурстардағы, жалпы білім беру пәндері бойынша халықаралық олимпиададағы, сондай-ақ ағымдағы жылғы жалпы білім беру пәндері бойынша Президенттік не республикалық олимпиададағы жүлделі орнын растайтын құжат (бар болған кезде).

      9. Көлемі 3х4 фотосурет – 4 дана.

      10. Жетім балалар және олардың ата-анасы құқықтарының шектелуіне немесе одан айырылуына, ата-анасының хабар-ошарсыз кеткен деп танылуына, олардың қайтыс болды деп жариялануына, әрекетке қабілетсіз (әрекетке қабілеті шектеулі) деп танылуына байланысты, сондай-ақ ата-анасының қамқорлығынсыз қалған өзге де жағдайларда жалғыз немесе ата-анасының екеуінің қамқорлығынсыз қалған балалар ата-анасының қамқорлығынсыз қалған фактісін растайтын мынадай құжаттардың бірінің көшірмесін (салыстыру үшін түпнұсқасын) қосымша ұсынады:

      ата-анасының қайтыс болуы туралы куәлік;

      ата-анасын ата-ана құқықтарын шектеу немесе одан айыру туралы сот шешімі;

      ата-анасын хабар-ошарсыз кеткен деп тану, оларды қайтыс болды деп жариялау немесе әрекетке қабілетсіз (әрекетке қабілеті шектеулі) деп тану туралы сот шешімі.

      11. Әскери қызмет міндеттерін орындау кезінде қаза тапқан немесе мүгедектік алған, қызмет өткеру уақытында хабар-ошарсыз кеткен әскери қызметшілердің балалары тұрғылықты жері бойынша жергілікті әскери басқару органынан анықтама ұсынады.

  Қазақстан Республикасы
Қорғаныс министрінің
2021 жылғы "___" ___________
№______бұйрығына
2-қосымша
  Тиісті деңгейдегі білім беру
бағдарламаларын іске асыратын
Қазақстан Республикасының
Қорғаныс министрлігіне
ведомстволық бағынысты
әскери оқу орындарына оқуға
қабылдау қағидаларына
2-1-қосымша

Мектептерге және С. Нұрмағамбетов атындағы Әскери колледжге оқуға түсу үшін дене шынықтыру дайындығы бойынша нормативтер

Белтемірге тартылу

60 метрге жүгіру

2000 метрге жүгіру

Балл

10

8.4

9.20

60


8.6

9.30

55

9

8.8

9.40

50


9.0

9.50

45

8

9.2

10.00

40


9.4

10.15

35


9.6

10.30

30


9.8

10.45

25

7

10.0

11.00

20


Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады