Сыртқы сауда саясаты және халықаралық экономикалық ұйымдарға қатысу мәселелері жөніндегі ведомствоаралық комиссияның 2021 жылғы 8 шілдедегі отырысы № 67 хаттамасының 3-тармағын орындау мақсатында БҰЙЫРАМЫН:
1. "Цементтің жекелеген түрлерін әкелуді реттеудің кейбір мәселелері туралы" Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің 2021 жылғы 30 сәуірдегі № 216 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерінің мемлекеттік тізілімінде № 22736 болып тіркелген, 2021 жылғы 14 мамырда Қазақстан Республикасы эталондық бақылау нормативтік құқықтық актілері банкінде жарияланған) мынадай өзгеріс енгізілсін:
1-тармақ келесі редакцияда жазылсын:
"1. Қазақстан Республикасының аумағына үшінші елдерден цементтің жекелеген түрлерін (Еуразиялық экономикалық одақтың Сыртқы экономикалық қызметінің тауар номенклатурасы коды 2523100000 Цемент клинкері, портландцемент, 2523290000 Өзге де портландцемент, 2523300000 Глиноземді цемент, 2523900000 Өзге де гидравликалық цемент) әкелуге 2021 жылғы 23 шілдеге дейінгі мерзімге тыйым салу енгізілсін".
2. Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің Индустриялық даму комитеті заңнамада белгіленген тәртіппен:
1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;
2) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Индустрия және инфрақұрылымдық даму вице-министріне жүктелсін.
4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрі |
Б. Атамкулов |
"КЕЛІСІЛДІ"
Қазақстан Республикасының
Қаржы министрлігі
"КЕЛІСІЛДІ"
Қазақстан Республикасының
Сауда және интеграция министрлігі
"КЕЛІСІЛДІ"
Қазақстан Республикасының
Ұлттық экономика министрлігі
"КЕЛІСІЛДІ"
Қазақстан Республикасының
Ұлттық қауіпсізді комитеті