Орта білім беру ұйымдарында 2021 – 2022 оқу жылының басталуын, ұзақтығын және каникул кезеңдерін айқындау туралы

Жаңартылған

Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2021 жылғы 27 шiлдедегі № 368 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2021 жылғы 28 шiлдеде № 23742 болып тіркелді.

      "Білім туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 5-бабының 14) тармақшасына және Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2018 жылғы 31 қазандағы № 604 бұйрығымен (Қазақстан Республикасы Нормативтік құқықтық актілерін мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 17669 болып тіркелген) бекітілген Білім берудің барлық деңгейінің мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандарттарына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

      1. Меншік нысанына және ведомстволық бағыныстылығына қарамастан орта білім беру ұйымдарында 2021 - 2022 оқу жылының басталуы, ұзақтығы және каникулы кезеңдерінің мынадай мерзімдері айқындалсын:

      1) 2021 - 2022 оқу жылының басталуы - 2021 жылғы 1 қыркүйек;

      2) оқу жылының ұзақтығы 1-сыныптарда – 33 оқу аптасы, 2-11 (12)- сыныптарда – 34 оқу аптасы;

      3) оқу жылы барысындағы каникул кезеңдері:

      1-11 (12) – сыныптарда: күзгі каникул – 7 күн (2021 жылғы 1-7 қараша аралығында), қысқы – 18 күн (2021 жылғы 30 желтоқсан мен 2022 жылғы 16 қаңтар аралығында), көктемгі – 12 күн (2022 жылғы 19-30 наурыз аралығында);

      1-сыныптарда: қосымша каникул – 7 күн (2022 жылғы 7-13 ақпан аралығында).

      Ескерту. 1-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Білім және ғылым министрінің 13.01.2022 № 9 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      2. Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің Мектепке дейінгі және орта білім беру комитеті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:

      1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;

      2) осы бұйрық ресми жарияланғаннан кейін оны Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды;

      3) осы бұйрық мемлекеттік тіркеуден өткеннен кейін он жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің Заң департаментіне осы тармақтың 1) және 2) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді ұсынуды қамтамасыз етсін.

      3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Білім және ғылым вице-министріне жүктелсін.

      4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
Білім және ғылым министрі
А. Аймагамбетов

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады