БҰЙЫРАМЫЗ:
1. "Қазақстан Республикасының туристік қызмет туралы заңнамасының сақталуына тәуекел дәрежесін бағалау өлшемшарттарын және тексеру парақтарын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің 2015 жылғы 29 желтоқсандағы № 1264 және Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің міндетін атқарушының 2015 жылғы 31 желтоқсандағы № 842 бірлескен бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 12991 болып тіркелген) мынадай өзгерістер енгізілсін:
кіріспесі мынадай редакцияда жазылсын:
"Қазақстан Республикасының Кәсіпкерлік кодексінің 141-бабының 3-тармағына, 143-бабының 1-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫЗ:";
1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"1. Осы бірлескен бұйрыққа:
1) 1-қосымшаға сәйкес туристік қызмет саласындағы тәуекел дәрежесін бағалау өлшемшарттары;
2) 2-қосымшаға сәйкес туристік операторға қатысты туристік қызмет саласындағы тексеру парағы;
3) 3-қосымшаға сәйкес туристік агентке қатысты туристік қызмет саласындағы тексеру парағы;
4) 4-қосымшаға сәйкес гидке қатысты туристік қызмет саласындағы тексеру парағы;
5) 5-қосымшаға сәйкес экскурсоводқа қатысты туристік қызмет саласындағы тексеру парағы;
6) 6-қосымшаға сәйкес туризм нұсқаушысына қатысты туристік қызмет саласындағы тексеру парағы бекітілсін.";
көрсетілген бірлескен бұйрықпен бекітілген туристік қызмет саласындағы тәуекел дәрежесін бағалау өлшемшарттарында:
1, 2 және 3-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:
"1. Туризм саласындағы тәуекел дәрежесін бағалау өлшемшарттары (бұдан әрі – Өлшемшарттар) Қазақстан Республикасының Кәсіпкерлік кодексінің (бұдан әрі – Кодекс) 141-бабының 3-тармағына және Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің міндетін атқарушының 2018 жылғы 31 шілдедегі № 3 бұйрығымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 17371 болып тіркелген) бекітілген Мемлекеттік органдардың тәуекелдерді бағалау жүйесін қалыптастыру қағидаларына және тексеру парақтарының нысандарына сәйкес тексерулер жүргізу мақсатында бақылау субъекттерді (объекттерді) іріктеу үшін әзірленген.
2. Осы Өлшемшарттарда мынадай ұғымдар пайдаланылады:
1) елеулі бұзушылық – "Қазақстан Республикасындағы туристік қызмет туралы" Қазақстан Республикасының Заңында (бұдан әрі – Заң) белгіленген туристтер болып табылатын Қазақстан Республикасы азаматтарына сапалы туристік қызмет алуға кедергі жасайтын талаптардың бұзушылығы;
2) елеулісіз бұзушылық – туристтер болып табылатын Қазақстан Республикасы азаматтарына дұрыс ақпарат алуды шектейтін бұзушылық, сондай-ақ бақылау субъектілерге (объектілерге) құқығы бұзылған расталған шағымдардың және өтініштердің болуы;
3) өрескел бұзушылық – Заңда белгіленген туристік агенттік қызметтің (бұдан әрі – турагенттік қызмет), гидтің, экскурсоводтың және туризм нұсқаушының қызметінің басталғаны туралы хабарламаның, туристік қызмет көрсету және туристік оператор (бұдан әрі – туроператор) қалыптастырған туристік өнімді іске асыру шарттарының, екінші деңгейдегі банкпен банктік кепілдік жасасқан шартының, әрбір туристік өнімнен ақшаны аударғандығын куәландыратын, төлем құжатының, туристті міндетті сақтандыру шартының жоқтығы, сонымен қатар туристтер болып табылатын Қазақстан Республикасы азаматтарына саяхаттың ерекшеліктері туралы берілетін мәлімет бойынша растаудың бар болуы;
4) тәуекел – бақылау субъектінің (объектінің) қызметі нәтижесінде, оның салдарының ауырлық дәрежесі ескеріле отырып, адамның өміріне немесе денсаулығына, қоршаған ортаға, жеке және заңды тұлғалардың заңды мүдделеріне, мемлекеттің мүліктік мүдделеріне зиян келтіру ықтималдығы;
5) тәуекел дәрежесін бағалаудың объективті өлшемшарттары (бұдан әрі – объективті өлшемшарттар) – белгілі бір қызмет саласында тәуекел дәрежесіне байланысты және жекелеген бақылау субъектіге (объектіге) тікелей байланыссыз субъектілерді (объектілерді) іріктеу үшін пайдаланылатын тәуекел дәрежесін бағалау өлшемшарттары;
6) тәуекел дәрежесін бағалаудың субъективті өлшемшарттары (бұдан әрі – субъективті өлшемшарттар) – нақты бақылау субъектінің (объектінің) қызмет нәтижелеріне байланысты бақылау субъектілерді (объектілерді) іріктеу үшін пайдаланылатын тәуекел дәрежесін бағалау өлшемшарттары;
7) туристік қызмет саласындағы бақылау объектілері (бұдан әрі – бақылау объектілері) – туристік қызмет саласындағы бақылау субъектісіндегі меншік құқығындағы немесе өзге де заңды негіздегі мемлекеттік бақылауға жататын мүлік;
8) туристік қызмет саласындағы бақылау субъектілері (бұдан әрі – бақылау субъектілері) – туроператорлар, туристік агенттер (бұдан әрі –турагент), сондай-ақ Қазақстан Республикасында дара кәсіпкерлер ретінде қызметін жүзеге асыратын гидтер, экскурсоводтар, туризм нұсқаушылары.
3. Туристік қызмет саласындағы жоғары тәуекел дәрежесіне Қазақстан Республикасы азаматтарының өміріне және (немесе) денсаулығына және бақылау субъектілердің (объектілердің) заңды мүдделіріне зиян келтіру ықтималдығы.
Объективті өлшемшарттар бойынша жоғары тәуекел дәрежесіне туроператорлар және турагенттер жатады.
Жоғары тәуекел дәрежесіне жатқызылмағанға Қазақстан Республикасында дара кәсіпкерлер ретінде қызметін жүзеге асыратын гидтер, экскурсоводтар және туризм нұсқаушылары жатады.
Жоспардан тыс тексерулер жоғары тәуекел дәрежесіне жатқызылған және жатқызылмаған бақылау субъектілеріне (объектілеріне) қатысты қолданылады.
Субъективті өлшемшарттар бойынга жоғары тәуекел дәрежесіне жатқызылған бақылау субъектілеріне (объектілеріне) қатысты бақылау субъектісіне (объектісіне) бару арқылы профилактикалық бақылауды жүргізу мақсатымен субъективті өлшемшарттар қолданылады.";
6-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"6. Өлшемшарттардың 5-тармағында айқындалған ақпарат көздерінің негізінде осы Өлшемшарттарға қосымшаға сәйкес туристік қызмет субъектілері үшін тәуекел дәрежесінің субъективті өлшемшарттар айқындалады.
"Бұрынғы тексеру нәтижелері" ақпарат көзі бойынша Тәуекел дәрежесін бағалау өлшемшарттары талаптарының мынадай ауырлық дәрежелеріне бөлінеді: өрескел, елеулі және елеусіз.
Бір бұзушылық болған кезде бақылау субъектісіне тәуекел дәрежесінің 100 көрсеткіші теңетіріледі және бақылау субъектісіне (объектісіне) бару арқылы профилактикалық бақылау жүргізіледі.
Егер өрескел дәрежедегі талаптардың бұзылуы анықталмаған кезде, онда тәуекел дәрежесінің көрсеткішін анықтау үшін елеулі және елеусіз дәрежелерінің жиынтық көрсеткіштері есептеледі.
Елеулі дәрежедегі бұзушылықтың көрсеткішін анықтау кезінде 0,7 коэффициенті қолданылады және осы көрсеткіш мына формула бойынша есептеледі:
SРз = (SР2 х 100/SР1) х 0,7 мұндағы:
SРз – елеулі дәрежедегі бұзушылық көрсеткіші;
SР1 – елеулі бұзушылықтардың талап етілетін саны;
SР2 – елеулі дәрежедегі талаптардың бұзушылықтарсаны.
Елеусіз дәрежедегі бұзушылықтың көрсеткішін анықтау кезінде 0,3 коэффициенті қолданылады және осы көрсеткіш мына формула бойынша есептеледі:
SРн = (SР2 х 100/SР1) х 0,3мұндағы:
SРн – елеулі емес дәрежедегі бұзушылық көрсеткіші;
SР1 – елеулі емес бұзушылықтардың талап етілетін саны;
SР2 – елеулі емес дәрежедегі талаптардың бұзушылықтарсаны.
Тәуекел дәрежедегі жалпы көрсеткіші (SР) 0 ден 100 дейінгі шәкіл бойынша есептеледі және көрсеткіштерді мына формула бойынша жиынтықтау арқылы анықталады:
SР = SРз + SРн мұндағы:
SР – тәуекел дәрежесінің жалпы көрсеткіші;
SРз – елеулі дәрежедегі бұзушылық көрсеткіші;
SРн– елеусіз дәрежедегі бұзушылық көрсеткіші;
Тәуекел дәрежесінің көрсеткіштері бойынша бақылау субъектілерге (объектілерге) мыналар жатады:
1) жоғарғы тәуекел дәрежесіне – тәуекел дәрежесі 60 тан 100 дейінгі көрсеткіш кезінде және оған қатысты бақылау субъектісіне (объектісіне) бару арқылы профилактикалық бақылау жүргізіледі;
2) жоғарғы тәуекел дәрежесіне жатқызылмаған – тәуекел дәрежесі 0 дан 60 дейінгі көрсеткіш кезінде және оған қатысты бақылау субъектісіне (объектісіне) бару арқылы профилактикалық бақылау жүргізілмейді.":
көрсетілген өлшемшарттарға қосымшада:
тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:
"Туристік қызмет субъектілері үшін тәуекел дәрежесінің субъективті өлшемшарттары";
"Туристік оператор үшін" бөлімінде:
"1. Алдыңғы тексерулердің және бақылау субъектісіне (объектісіне) бару арқылы профилактикалық бақылаудыңнәтижелері (бұзушылықтың ауырлық дәрежесі (өрескел, елеулі, елеусіз) туристік қызмет саласындағы Қазақстан Республикасы заңнамасының талаптарын сақтамағанда белгіленеді)" бөлімшесінде:
реттік нөмірі 7- жол мынадай редакцияда жазылсын:
"
7 | Туристерге елге (орынға) келу, кету, уақытша болу қағидалар туралы заңнамасы туралы, жергілікті халықтың дәстүрлері туралы, діни салттары, киелі жерлері, ерекше қорғауға алынған табиғи, тарихи, мәдени ескерткіштері және ерекше қорғауда тұрған, басқа туристік көрсету объектілерді қоршаған ортаның жай-күйі туралы, сондай-ақ саяхат барысында оларға кездесетін және туристердің қауіпсіздігін қамтамасыз етуге бағытталған алдын алу шараларын жүзеге асыра алатын қауіптер туралы саяхат ерекшеліктері туралы, қажетті және дұрыс ақпарат туралы жазбаша растаудың болуы | өрескел |
";
"Туристік агент үшін" бөлімінде:
"1. Алдыңғы тексерулердің және бақылау субъектісіне (объектісіне) бару арқылы профилактикалық бақылаудың нәтижелері (бұзушылықтың ауырлық дәрежесі (өрескел, елеулі, елеусіз) туристік қызмет саласындағы Қазақстан Республикасы заңнамасының талаптарын сақтамағанда белгіленеді)" бөлімшесінде:
реттік нөмірі 1-жол мынадай редакцияда жазылсын:
"
1 | Турагенттік қызметті жүзеге асырудың басталғаны туралы хабарламаның болуы | өрескел |
" ;
реттік нөмірі 4-жол мынадай редакцияда жазылсын:
"
4 | Туристерге елге (орынға) келу, кету, уақытша болу қағидалар туралы заңнамасы туралы, жергілікті халықтың дәстүрлері туралы, діни салттары, киелі жерлері, ерекше қорғауға алынған табиғи, тарихи, мәдени ескерткіштері және ерекше қорғауда тұрған, басқа туристік көрсету объектілерді қоршаған ортаның жай-күйі туралы, сондай-ақ саяхат барысында оларға кездесетін және туристердің қауіпсіздігін қамтамасыз етуге бағытталған алдын алу шараларын жүзеге асыра алатын қауіптер туралы саяхат ерекшеліктері туралы, қажетті және дұрыс ақпарат туралы жазбаша растаудың болуы | өрескел |
";
көрсетілген бірлескен бұйрықпен бекітілген туристік операторға қатысты туристік қызмет саласындағы тексеру парағында:
реттік нөмірі 7-жол мынадай редакцияда жазылсын:
"
7 | Туристерге уақытша болатын елге (жерге) бару, шығу және сонда болу қағидалары туралы, заңнама туралы, жергілікті халықтың салт-дәстүрлері туралы, діни әдет-ғұрып, қасиетті орындар, табиғи, тарихи, мәдени ескерткіштер және туристерге көрсетілетін, ерекше қорғаудағы басқа да объектілер, қоршаған ортаның жай-күйі туралы, сондай-ақ саяхат жасаған кезде тап болуы мүмкін қауіптер туралы қажетті және дұрыс ақпаратты қамтитын саяхаттың ерекшеліктері туралы мәліметтерді уақтылы бергені және туристердің қауіпсіздігін қамтамасыз етуге бағытталған алдын алу шараларын жүзеге асыру туралы жазбаша растаудың болуы |
";
көрсетілген бірлескен бұйрықпен бекітілген туристік агентке қатысты туристік қызмет саласындағы тексеру парағында:
реттік нөмірі 4-жол мынадай редакцияда жазылсын:
"
4 | Туристерге уақытша болатын елге (жерге) бару, шығу және сонда болу қағидалары ережелері туралы, заңнамасы туралы, жергілікті халықтың салт-дәстүрлері туралы, діни әдет-ғұрпы, қасиетті орындар, табиғи, тарихи, мәдени ескерткіштер және туристерге көрсетілетін, ерекше қорғаудағы басқа да объектілер, қоршаған ортаның жай-күйі туралы, сондай-ақ саяхат жасаған кезде тап болуы мүмкін қауіптер туралы қажетті және дұрыс ақпаратты қамтитын саяхаттың ерекшеліктері туралы мәліметтерді уақтылы бергені және туристердің қауіпсіздігін қамтамасыз етуге бағытталған алдын алу шараларын жүзеге асыру туралы жазбаша растаудың болуы |
";
көрсетілген бірлескен бұйрықпен бекітілген гидке (гид-аудармашы) қатысты туристік қызмет саласындағы тексеру парағында:
тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын::
"гидке қатысты туристік қызмет саласындағы тексеру парағы";
реттік нөмірі 1-жол мынадай редакцияда жазылсын:
"
1 | Қазақстан Республикасында дара кәсіпкерлер ретінде қызметін жүзеге асыратын гидтің, қызметін жүзеге асырудың басталғаны туралы хабарламаның болуы |
";
реттік нөмірі 3-жол мынадай редакцияда жазылсын:
"
3 | Туристерге уақытша болатын елге (жерге) бару, шығу және сонда болу қағидалары ережелері туралы, заңнамасы туралы, жергілікті халықтың салт-дәстүрлері туралы, діни әдет-ғұрпы, қасиетті орындар, табиғи, тарихи, мәдени ескерткіштер және туристерге көрсетілетін, ерекше қорғаудағы басқа да объектілер, қоршаған ортаның жай-күйі туралы, сондай-ақ саяхат жасаған кезде тап болуы мүмкін қауіптер туралы қажетті және дұрыс ақпаратты қамтитын саяхаттың ерекшеліктері туралы мәліметтерді уақтылы бергені және туристердің қауіпсіздігін қамтамасыз етуге бағытталған алдын алу шараларын жүзеге асыру туралы жазбаша растаудың болуы |
";
көрсетілген бірлескен бұйрықпен бекітілген экскурсоводқа қатысты туристік қызмет саласындағы тексеру парағында:
реттік нөмірі 1-жол мынадай редакцияда жазылсын:
"
1 | Қазақстан Республикасында дара кәсіпкерлер ретінде қызметін жүзеге асыратын экскурсоводтың, қызметін жүзеге асырудың басталғаны туралы хабарламаның болуы |
";
реттік нөмірі 3-жол мынадай редакцияда жазылсын:
"
3 | Туристерге уақытша болатын елге (жерге) бару, шығу және сонда болу қағидалары ережелері туралы, заңнамасы туралы, жергілікті халықтың салт-дәстүрлері туралы, діни әдет-ғұрпы, қасиетті орындар, табиғи, тарихи, мәдени ескерткіштер және туристерге көрсетілетін, ерекше қорғаудағы басқа да объектілер, қоршаған ортаның жай-күйі туралы, сондай-ақ саяхат жасаған кезде тап болуы мүмкін қауіптер туралы қажетті және дұрыс ақпаратты қамтитын саяхаттың ерекшеліктері туралы мәліметтерді уақтылы бергені және туристердің қауіпсіздігін қамтамасыз етуге бағытталған алдын алу шараларын жүзеге асыру туралы жазбаша растаудың болуы |
";
көрсетілген бірлескен бұйрықпен бекітілген туризм нұсқаушысына қатысты туристік қызмет саласындағы тексеру парағында:
реттік нөмірі 1-жол мынадай редакцияда жазылсын:
"
1 | Қазақстан Республикасында дара кәсіпкерлер ретінде қызметін жүзеге асыратын туризм нұсқаушысының, қызметін жүзеге асырудың басталғаны туралы хабарламаның болуы |
";
реттік нөмірі 3-жол мынадай редакцияда жазылсын:
"
3 | Туристерге уақытша болатын елге (жерге) бару, шығу және сонда болу қағидалары ережелері туралы, заңнамасы туралы, жергілікті халықтың салт-дәстүрлері туралы, діни әдет-ғұрпы, қасиетті орындар, табиғи, тарихи, мәдени ескерткіштер және туристерге көрсетілетін, ерекше қорғаудағы басқа да объектілер, қоршаған ортаның жай-күйі туралы, сондай-ақ саяхат жасаған кезде тап болуы мүмкін қауіптер туралы қажетті және дұрыс ақпаратты қамтитын саяхаттың ерекшеліктері туралы мәліметтерді уақтылы бергені және туристердің қауіпсіздігін қамтамасыз етуге бағытталған алдын алу шараларын жүзеге асыру туралы жазбаша растаудың болуы |
".
2. Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігінің Туризм индустриясы комитеті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:
1) осы бірлескен бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;
2) осы бірлескен бұйрық қолданысқа енгізілгеннен кейін оны үш жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды;
3) осы тармақта көзделген іс-шаралар орындалғаннан кейін үш жұмыс күні ішінде іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігінің Заң қызметі департаментіне ұсынуды қамтамасыз етсін.
3. Осы бірлескен бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Мәдениет және спорт вице-министріне жүктелсін.
4. Осы бірлескен бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрі |
А. Иргалиев |
министрдің міндетін атқарушы | Н. Дауешов |
"КЕЛІСІЛДІ"
Қазақстан Республикасы
Бас прокуратурасының
Құқықтық статистика және арнайы
есепке алу жөніндегі комитеті