Ескерту. Бұйрықтың күші жойылды - ҚР Төтенше жағдайлар министрінің м.а. 18.08.2022 № 33 (11.09.2022 бастап қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
"Құқық қорғау қызметі туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 46-1-бабының 4-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
1. Қоса беріліп отырған Азаматтық қорғау органдарының қарамағында тұрған қызметкерлердің қызмет өткеру қағидалары бекітілсін.
2. Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігінің Кадр саясаты департаменті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:
1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;
2) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігінің интернет-ресурсына орналастыруды;
3) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде осы тармақтың 1) және 2) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігінің Заң департаментіне ұсынуды қамтамасыз етсін.
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар вице-министріне және Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігінің Кадр саясаты департаментіне жүктелсін.
4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрі |
Ю. Ильин |
Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрі 2021 жылғы 2 тамыздағы № 370 бұйрығымен бекітілген |
Азаматтық қорғау органдарының қарамағында тұрған қызметкерлердің қызмет өткеру қағидалары
1-тарау. Жалпы ережелер
1. Осы Азаматтық қорғау органдарының қарамағында тұрған қызметкерлердің қызмет өткеру қағидалары (бұдан әрі - Қағидалар) "Құқық қорғау қызметі туралы" Қазақстан Республикасы Заңының (бұдан әрі - Заң) 46-1-бабының 4-тармағына сәйкес әзірленген және азаматтық қорғау органдарының (бұдан әрі - АҚО) қарамағында тұрған қызметкерлердің қызмет өткеру тәртібін айқындайды.
2. АҚО қызметкерінің (бұдан әрі - қызметкер) АҚО бөлімшесінің қарамағында болуы штаттық лауазымға орналасумен байланысты емес АҚО-да қызмет өткеруі болып табылады.
3. Қызметкердің АҚО бөлімшесінің қарамағында болған уақытында соңғы лауазымы бойынша ақшалай қаражаты сақталады.
Осы Қағидалардың күші "азаматтық қорғау" арнаулы атағы берілген қызметкерлерге қатысты қолданылады.
2-тарау. Қызметкерді азаматтық қорғау органдарының қарамағына қабылдау тәртібі мен негіздері
4. АҚО-да одан әрі қызмет өткеру туралы мәселені шешу үшін қызметкерлер осы Қағидаларға сәйкес және Заңның 46-1-бабының 2-тармағында және осы Қағидалардың 5-тармағында көзделген негіздерде атқарып отырған лауазымынан босатыла отырып, АҚО бөлімшесінің қарамағына қабылданады.
5. Заңның 77-бабының 3-тармағына сәйкес, қызметкер жүктілігі және босануы бойынша демалыста, жаңа туылған баланы (балаларды) асырап алуға байланысты демалыста, бала үш жасқа толғанға дейін оны бағып-күтуге арналған жалақысы сақталмайтын демалыста болған кезеңінде де АҚО бөлімшесінің қарамағына қабылданады.
6. Қызметкерді атқарып отырған лауазымынан босату және АҚО бөлімшесінің қарамағына қабылдау Қазақстан Республикасының Төтенше жағдайлар министрінің (бұдан әрі - Министр) немесе АҚО бөлімшесінің уәкілетті басшысы бұйрығының негізінде күнтізбелік он бес күннен аспайтын мерзімге жүзеге асырылады.
АҚО бөлімшесінің қарамағына қабылданған қызметкердің одан әрі қызмет өткеру туралы мәселесін шешу мүмкін болмаған жағдайда, АҚО бөлімшесінің қарамағында болу мерзімі Министрдің шешімі бойынша екі айға дейін ұзартылады.
Қызметкер орналасу (қызметін өткеру)орнын міндетті көрсете отырып, Заңның 46-1-бабының 2-тармағында және осы Қағидалардың 5-тармағында көзделген негіздер болғанға дейін қызметін өткерген АҚО бөлімшесінің қарамағына қабылданады.
Заңның 46-1-бабы 2-тармағының 3) тармақшасы бойынша АҚО бөлімшесінің қарамағына қабылдау және АҚО бөлімшесі таратылған жағдайда, қызметкер Қазақстан Республикасының Төтенше жағдайлар министрлігінің қарамағына қабылданады.
7. Қатардағы және басшы құрамдағы адамдардың Заңда белгiленген демалыстарда, денсаулық сақтау ұйымдарында емделуде (әскери-дәрiгерлiк комиссияның жолдамасы бойынша тексерілуде) болу кезеңі, бұрынғы қызмет атқарған жерiнен тиiстi құқық қорғау органы тұрған жерге дейiн жол жүру уақыты; сырттай немесе кешкі оқыту нысаны бойынша білім алатын адамдар үшін – бiлiм беру ұйымдарының оқу-емтихан сессияларында болу уақыты; қылмыстық iс ақтау негiздерi бойынша тоқтатылған немесе ақтау үкiмi шығарылған жағдайларда, қамаққа алынған күнiнен бастап және босатылған күнiн қоса алғанда, қылмыстық жауаптылыққа тартылуына байланысты күзетпен ұстау уақыты АҚО бөлімшесінің қарамағында болу мерзiмiне есептелмейдi.
8. Қызметкердің АҚО бөлімшесінің қарамағында болу уақыты құқық қорғау қызметіндегі өтіліне, арнаулы атақ беру үшін еңбек сіңірген жылдарына есептеледі.
3-тарау. Азаматтық қорғау органдарының қарамағында тұрған азаматтық қорғау органдары қызметкерлерінің қызмет өткеру тәртібі
9. АҚО бөлімшесінің қарамағында тұрған қызметкерге АҚО бөлімшесінің белгіленген күн тәртібі толық көлемде қолданылады.
10. АҚО бөлімшесінің қарамағына қабылданған қызметкерге Заңда көзделген тәртіпте көтермелеу шаралары қолданылады және оған тәртіптік жазалар салынады.
11. АҚО бөлімшесінің бастығы қарамағындағы қызметкерге қарамағында болған барлық мерзімнің ішінде, оның біліктілігі мен орындайтын жұмыс тәжірибесін ескере отырып, функционалдық міндеттерді жүктейді.
Қызметкердің функционалдық міндеттері АҚО ережелерімен және өзге де құжаттармен айқындалады.
АҚО бөлімшесінің кадр қызметінің қызметкерлері Заңның 46-1-бабы 2-тармағының 1) - 6) тармақшалары бойынша және осы Қағидалардың 7-тармағын ескере отырып, қызметкерлердің қызметте болуына күн сайынғы тексерісті жүзеге асырады және осы Қағидалардың қосымшасына сәйкес нысан бойынша қарамағындағы адамдарды есепке алу журналына тиісті жазба енгізеді.
Кадр қызметі болмаған жағдайда күн сайынғы тексерісті оған тапсырылған қызметкерлер жүзеге асырады.
АҚО бөлімшесінің қарамағындағы қызметкер қызметте дәлелсіз себеппен болмаған жағдайда, оған қатысты Заңның 7-тарауына сәйкес тәртіптік ықпал ету шаралары қолданылады.
12. Атқаратын лауазымдарынан босатылған және АҚО бөлімшесінің қарамағында тұрған, жыл сайынғы ақылы еңбек демалысын пайдаланбаған қызметкерлерге, оларды қызметте одан әрi пайдалану туралы мәселенiң шешілуі кешiктiрiлген жағдайларда, пайдаланылмаған еңбек демалысы берiледi. Оларға жыл сайынғы ақылы еңбек демалысы уақыты үшiн ақшалай қаражат, АҚО бөлімшесінің қарамағында болу мерзiмiне қарамастан, оның қарамағына қабылданған күнге негiзгi лауазымы бойынша алатын мөлшерде төленедi.
13. Министр немесе АҚО бөлімшесінің уәкілетті басшысы Заңның 46-1-бабының талаптарын сақтай отырып, АҚО бөлімшесінің қарамағындағы қызметкерге жазбаша нысанда лауазым ұсынады.
14. АҚО бөлімшесінің қарамағындағы қызметкерді лауазымға тағайындау кезінде оның біліктілігі, атағы, еңбек сіңірген жылдары, жұмыс өтілі, бұрынғы лауазымы ескерілуі тиіс.
15. Қызметкер АҚО бөлімшесінің қарамағына Заңның 46-1-бабы 2-тармағының 1), 3) - 5) тармақшаларында көзделген негіздер бойынша қабылданған жағдайда, қызметкердің кәсіптік қасиеттері (кәсіби сауаттылық, тәртіптілік (ұйымдастырушылық, орындаушылық), әдептілік, дене шынықтыру және жауынгерлік даярлығы, күйзеліске төзімділігі) ескеріле отырып және осы лауазым үшін көзделген біліктілік талаптарына сәйкес келген жағдайда лауазым ұсынылады.
16. Қызметкер АҚО бөлімшесінің қарамағына Заңның 46-1-бабының 2-тармағының 2) тармақшасында көзделген негіз бойынша қабылданған жағдайда, ұсынылып отырған лауазым төмен тұрған лауазым болуы тиіс.
17. Қызметкер АҚО бөлімшесінің қарамағына Заңның 46-1-бабының 2-тармағының 6) тармақшасында көзделген негіз бойынша қабылданған жағдайда, лауазымға тағайындау әскери-дәрігерлік комиссияның қорытындысына сәйкес қызметкердің келісуімен жүргізіледі.
18. Осы Қағидалардың 5-тармағында көзделген негіздер бойынша АҚО бөлімшесінің қарамағына қызметкер қабылданған жағдайда, ұсынылып отырған лауазым бұрын атқарған лауазымнан төмен болмауы тиіс.
19. Қызметкер ұсынылған лауазыммен келіспейтінін жазбаша баяндаудан бас тартқан кезде АҚО бөлімшесінің кадр қызметі еркін түрде акті ресімдейді, ол қызметкердің жеке ісіне қоса тігіледі.
20 Ұсынылған лауазымға орналасудан бас тартқан және АҚО (бөлімшенің) қарамағында болу мерзімі аяқталған жағдайда Заңның 81-бабына сәйкес . қызметкер АҚО-дан қызметтен босатылады.
Азаматтық қорғау органдарының қарамағында тұрған қызметкерлердің қызмет өткеру қағидаларына қосымша |
|
Нысан |
Қарамағындағы адамдарды есепке алу журналы ________________________________________________________ (азаматтық қорғау органының (бөлімшесінің) атауы)
_____________ басталды.
___________ аяқталды.
№ | Атағы | Тегі, аты, әкесінің аты (бар болған жағдайда) | Соңғы атқарған лауазымы | Қарамағына қабылдау Күні | Күн сайынғы белгі күні | Ескертпе |
1 |