"Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы" Қазақстан Республикасының Кодексі 29-бабының 3-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
1. Мыналар:
1) осы бұйрыққа 1-қосымшаға сәйкес Медициналық қызметтер (көмек) көрсету және дәрілік заттар мен медициналық бұйымдардың айналысы салаларындағы мемлекеттік органның тексеру нәтижелері туралы актіге және анықталған бұзушылықтарды жою туралы нұсқамаға шағымды қарау жөніндегі апелляциялық комиссияның регламенті айқындалсын.
2) осы бұйрыққа 2-қосымшаға сәйкес Медициналық қызметтер (көмек) көрсету және дәрілік заттар мен медициналық бұйымдардың айналысы салаларындағы мемлекеттік органның тексеру нәтижелері туралы актіге және анықталған бұзушылықтарды жою туралы нұсқамаға шағымды қарау жөніндегі апелляциялық комиссиясының ережесі мен құрамы бекітілсін.
2. Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің Медициналық және фармацевтикалық бақылау комитеті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:
1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;
2) осы бұйрықты ресми жарияланғаннан кейін оны Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды;
3) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркегеннен кейін он жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің Заң департаментіне осы тармақтың 1) және 2) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді ұсынуды қамтамасыз етсін.
4. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау вице-министріне жүктелсін.
5. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрі |
А. Цой |
Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрі 2021 жылғы 4 тамыздағы № ҚР ДСМ-74 бұйрығына 1-қосымша |
Медициналық қызметтер (көмек) көрсету және дәрілік заттар мен медициналық бұйымдардың айналысы салаларындағы мемлекеттік органның тексеру нәтижелері туралы актіге және анықталған бұзушылықтарды жою туралы нұсқамаға шағымды қарау жөніндегі апелляциялық комиссияның регламенті
1. Медициналық қызметтер (көмек) көрсету және дәрілік заттар мен медициналық бұйымдардың айналысы салаларындағы мемлекеттік органның тексеру нәтижелері туралы актіге және анықталған бұзушылықтарды жою туралы нұсқамаға шағымды қарау жөніндегі апелляциялық комиссиясы (бұдан әрі – Комиссия) өз қызметін "Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы" Қазақстан Республикасының Кодексіне, Қазақстан Республикасының Әкімшілік рәсімдік-процестік Кодексіне, Қазақстан Республикасының Кәсіпкерлік Кодексіне, Тексеру нәтижелері туралы актіге және медициналық қызметтер (көмек) көрсету және дәрілік заттар мен медициналық бұйымдардың айналысы салаларындағы анықталған бұзушылықтарды жою туралы нұсқамаға шағымды қарау жөніндегі апелляциялық комиссиясының ережесі мен құрамына және осы регламентіне (бұдан әрі – Регламент) сәйкес жүзеге асырады.
2. Медициналық қызметтер (көмек) көрсету және дәрілік заттар мен медициналық бұйымдардың айналысы салаларындағы мемлекеттік органға келіп түскен тексеру нәтижелері туралы актіге және анықталған бұзушылықтарды жою туралы нұсқамаға шағым (бұдан әрі – шағым), 1 (бір) жұмыс күні ішінде Комиссияның жұмыс органына жіберіледі.
Комиссияның жұмыс органы медициналық қызметтер (көмек) көрсету және дәрілік заттар мен медициналық бұйымдардың айналысы салаларындағы мемлекеттік органның басшысының бұйрығымен бекітілген құрылымдық бөлімше (бұдан әрі – жұмыс органы) болып табылады.
3. Комиссияның отырысы шағымның түсуіне қарай өткізіледі.
Егер отырысты өткізу күні мерекелік күнге сәйкес келсе, онда отырыс одан кейінгі жұмыс күніне ауыстырылады.
Комиссияның төрағасы қажет болған жағдайда отырысты бейнеконференсбайланыс арқылы онлайн-режимде тағайындайды, сондай-ақ Комиссия мүшелерінің жалпы санының жартысынан астамы болмаған жағдайларда, отырысты өткізу күнін кейінге қалдырады.
Бұл ретте жұмыс органы Комиссия мүшелеріне отырыс күнін ауыстыру туралы хабарлайды.
4. Шағымды Комиссия шағым жасалған мәселелер шегінде қарайды.
5. Жұмыс органы шағым түскен күннен бастап 2 (екі) жұмыс күні ішінде Комиссия мүшелеріне:
шағымдар;
тексеру нәтижелері туралы актінің және (немесе) анықталған бұзушылықтарды жою туралы нұсқаманың көшірмелері қоса беріледі.
Көрсетілген құжаттардың көшірмелері Комиссия мүшелерінің:
мемлекеттік органдардың қызметкерлері болып табылатындарға – мемлекеттік органдардың интранет-порталында бірыңғай электрондық пошта жүйесіне;
мемлекеттік органдардың қызметкерлері болып табылмайтындарға – олар жұмыс органына ұсынған электрондық пошта мекенжайларына жіберіледі.
Өтініш беруші шағымға қосымша материалдарды қоса берген жағдайда, жұмыс органы мұндай материалдарды Комиссия мүшелерінің электрондық пошта мекенжайларына жібереді.
6. Жіберілген шағым материалдарын Комиссия мүшелері жұмыс органынан шағым материалдары келіп түскен күннен бастап 5 (бес) жұмыс күні ішінде қарайды. Шағым материалдарын қарау кезінде өтініш иесі берген құжаттар мен мәліметтер Комиссия немесе жұмыс органы өзгеше белгілемейінше дұрыс болып саналады.
7. Комиссия мүшелерінің сұрау салулары бойынша жұмыс органы Комиссияның осындай мүшелеріне шағымды қарау үшін қажетті, оның ішінде коммерциялық және заңмен қорғалатын өзге де құпияны құрайтын мәліметтерді және (немесе) ақпаратты, сондай-ақ құпия ақпаратты ұсынады.
8. Комиссия мүшелерінің бастамасы бойынша жұмыс органы 2 (екі) жұмыс күні ішінде тексеруді жүзеге асырған медициналық қызметтер (көмек) көрсету және дәрілік заттар мен медициналық бұйымдардың айналысы салаларындағы мемлекеттік органға, сондай-ақ өтініш берушіге туындаған мәселелер бойынша жазбаша нысанда түсініктеме және (немесе) ұстанымын беру туралы сұрау салу жібереді.
Сұрау салуға жауап 2 (екі) жұмыс күні ішінде ұсынылады.
Сұрау салуға жауап ұсынбау шағымды қарауға кедергі келтірмейді. Жұмыс органы өтініш иесіне өтінішке қатысты өз ұстанымын білдіруге мүмкіндік беру бойынша шаралар қабылдайды, өтініш беруші ұялы байланыстың абоненттік нөмірі немесе электрондық мекенжай бойынша 2 (екі) жұмыс күн бұрын мәтіндік хабарлама арқылы хабарланады.
9. Қосымша түсіндіруді талап ететін мәселелер туындаған кезде Комиссия отырысына:
нәтижелері шағымдалатын тексеруді жүзеге асырған лауазымды адам;
осындай органдардың құзыретіндегі мәселелер бойынша мемлекеттік органдардың өкілдері (келісім бойынша);
арнайы білім мен дағдыларды талап ететін мәселелерді зерттеу және консультациялар алу үшін шағымды қарау нәтижесіне мүдделі емес басқа да мамандар (келісу бойынша) шақырылуы мүмкін.
10. Комиссия шағымданған мәселелерді қарау нәтижелері бойынша Қазақстан Республикасының Әкімшілік рәсімдік-процестік Кодексінің 100-бабына сәйкес бір шешімді шығарады.
Шағым мәселелері жөніндегі комиссияның шешімі отырысқа қатысып отырған қарапайым көпшілік дауыспен ашық дауыс беру арқылы қабылданады.
Дауыс беру Комиссия отырысында осы Регламентке 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша дауыс беру парағын толтыру жолымен жүргізіледі.
Дауыстар тең болған жағдайда, Комиссияның төрағасы дауыс берген шешім қабылданды деп есептеледі.
Дауыс беру құқығы бар Комиссия мүшелері өздерінің ерекше пікірін жазбаша бере алады, оны хаттамаға қоса бере алады, ол туралы соңғысында жазба жасалады.
11. Комиссияның шешімі ұсынымдық сипатта болады және жоғары тұрған мемлекеттік орган басшысының атына беріледі. Комиссия шешімінің нәтижелері бойынша жоғары тұрған мемлекеттік органның басшысы тексеру нәтижелері туралы актіні, бақылау мен қадағалау субъектісіне (объектісіне) бару арқылы профилактикалық бақылау мен қадағалау қорытындысын және заңдылықты бұзушылықтарды жою туралы нұсқаманы Қазақстан Республикасы Кәсіпкерлік Кодексінің 156-бабына сәйкес жарамсыз деп тану және олардың күшін жою туралы шешім қабылдауға құқылы.
12. Шағымды қарау нәтижелері жөніндегі комиссия қабылдаған шешімдер тексеру нәтижелері туралы актіге және анықталған бұзушылықтарды жою туралы нұсқамаға қажетті құжаттарды қоса бере отырып, осы Регламентке 2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша анықталған (бұдан әрі – хаттама) шағымды қарау жөніндегі комиссия отырысының хаттамасында көрсетіледі.
13. Хаттаманы комиссия хатшысы жүргізеді.
14. Хаттамада:
отырыстың орны мен күні;
Комиссияға қатысып отырған мүшелерді, шақырылған тұлғаларды (бар болса), жұмыс органының өкілдерін атап шығу;
шағымды берген жеке тұлғаның тегі, аты, әкесінің аты (бар болса) (заңды тұлғаның атауы), жеке сәйкестендіру нөмірі (бизнес сәйкестендіру нөмірі);
тексеру нәтижелері туралы шағым жасалған актінің және анықталған бұзушылықтарды жою туралы нұсқаманың нөмірі мен күні;
шағым фактісінің қысқаша сипаттамасы;
тексеру нәтижелері туралы шағым жасалып отырған актіні және анықталған бұзушылықтарды жою туралы нұсқаманы толтырған лауазымды тұлғаның тегі, аты, әкесінің аты (бар болса);
қабылданған шешім;
ерекше пікір (бар болса) көрсетіледі.
15. Хаттама жобасы оның отырысына қатысқан Комиссия мүшелерімен келісіледі.
16. Хаттамаға Комиссия төрағасы мен хатшы қол қояды.
17. Комиссияның хаттамалары мен материалдарын есепке алуды және сақтауды Комиссияның жұмыс органы жүзеге асырады.
18. Комиссия отырысында екі және одан да көп шағымдар бойынша мәселелер қаралған жағдайда әрбір шағым бойынша жеке хаттама ресімделеді.
19. Дауыс беру хаттамасы мен парақтары тиісті шағымның материалдарына қоса тіркеледі.
20. Өтініш беруші Қазақстан Республикасының заңдарында көзделген тәртіппен сотқа жүгінген жағдайларда, сот шешім шығарғанға дейін Комиссия шағымды қарауын тоқтатады.
21. Бұрын шағым жасалған және ол бойынша шағым жасалған және ол бойынша шешім шығарылған кезде Комиссия мұндай шағымды қараусыз, сондай-ақ Комиссия отырысына шығарусыз қалдырады.
22. Егер өтініш беруші шағымды Комиссия мүшелерінің қарауы барысында кері қайтарып алған жағдайда, Комиссия мұндай шағымды Комиссия мүшелеріне жазбаша хабарлай отырып, қараусыз қалдырады.
23. Комиссияның шағымды қарау жөніндегі өз өкілеттіктерін жүзеге асыруы кезінде оның қызметіне араласуға және Комиссия мүшелеріне қандай да бір ықпал етуге жол берілмейді.
24. Комиссия жыл сайын, есепті жылдан кейінгі жылдың 1 сәуіріне дейінгі мерзімде тексеру нәтижелері туралы актілерге және заңдылықты бұзушылықтарды жою туралы нұсқамаға шағымды қарау нәтижелеріне қорытынды жасайды, Қазақстан Республикасының заңнамасын жетілдіру жөнінде ұсынымдар дайындайды, олар жұмыс органға жіберіледі.
Медициналық қызметтер (көмек) көрсету және дәрілік заттар мен медициналық бұйымдардың айналысы салаларындағы мемлекеттік органның Тексеру нәтижелері туралы актіге және анықталған бұзушылықтарды жою туралы нұсқамаға шағымды қарау жөніндегі апелляциялық комиссия мүшелерінің дауыс беру парағы
Тегі, аты, әкесінің аты (бар болса), лауазымы_______________________
Шағым бойынша ______________________________________
(шағымды берген жеке тұлғаның тегі, аты, әкесінің аты (бар болса) (заңды тұлғаның атауы);
Жеке сәйкестендіру нөмірі (бизнес-сәйкестендіру нөмірі) __________
Сұрақтардың № | Сұрақтардың мазмұны | Аппеляциялық комиссия мүшесінің шешімі | |||||
Тексеру нәтижелері туралы актінің және (немесе) анықталған бұзушылықтарды жою туралы нұсқаманың күшін жою | Тексеру нәтижелері туралы актінің және (немесе) анықталған бұзушылықтарды жою туралы нұсқаманың күшін жою және жаңа тексеру нәтижелері туралы актіні және (немесе) анықталған бұзушылықтарды жою туралы нұсқаманы қабылдау | Әкімшілік әрекет жасау | Шағымды қанағаттандырусыз қалдыру | Тексеру нәтижелері туралы актіні және (немесе) анықталған бұзушылықтарды жою туралы нұсқаманы жол берілген бұзушылықтарды және оларды жою жөніндегі ұсыныстарды көрсете отырып жүзеге асыру үшін нәтижелері шағымдалатын тексеруді жүзеге асырған лауазымды адамға жіберу | Шағымды қараусыз қалдыру |
________________________ | |
Қолы |
Ескертпе: тікелей комиссия отырысында толтырылады және дауыс беру нәтижелерін есепке алу үшін жұмыс органына беріледі.
Медициналық қызметтер (көмек) көрсету және дәрілік заттар мен медициналық бұйымдардың айналысы салаларындағы мемлекеттік органның тексеру нәтижелері туралы актіге және анықталған бұзушылықтарды жою туралы нұсқамаға шағымды қарау жөніндегі апелляциялық комиссия отырысының № ___ хаттамасы
Өткізілген орны мен күні ________________ ____________
Комиссия төрағасы: (көрсетіледі)
Комиссия мүшелері: (санамалады)
Комиссия хатшысы: (көрсетіледі)
Қатысқандар:
Шақырылған адамдар (бар болса)
Шағым __________________________________________________________________
(шағымды берген жеке тұлғаның тегі, аты, әкесінің аты (бар болса)
(заңды тұлғаның атауы), жеке сәйкестендіру нөмірі (бизнес сәйкестендіру нөмірі),
тексеру нәтижелері туралы актіге және анықталған бұзушылықтарды жою туралы
нұсқамаға шағымданған нөмірі мен күні және тексеру нәтижелеріне шағымданған
актіні жасаған лауазымдық тұлғаның тегі, аты, әкесінің аты (бар болса) көрсетіледі)
Шешім: ___________________________________________________________
(қабылданған шешім көрсетіледі)
Комиссияның төрағасы: __________ ___________________________________
(қолы) (тегі, аты, әкесінің аты (бар болса))
Комиссияның хатшысы: __________ ___________________________________
(қолы) (тегі, аты, әкесінің аты (бар болса))
Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрі 2021 жылғы 4 тамыздағы № ҚР ДСМ-74 бұйрығына 2-қосымша |
Медициналық қызметтер (көмек) көрсету және дәрілік заттар мен медициналық бұйымдардың айналысы салаларындағы мемлекеттік органның тексеру нәтижелері туралы актіге және анықталған бұзушылықтарды жою туралы нұсқамаға шағымды қарау жөніндегі апелляциялық комиссиясының ережесі мен құрамы
1-тарау. Жалпы ережелер
1. Осы Медициналық қызметтер (көмек) көрсету және дәрілік заттар мен медициналық бұйымдардың айналысы салаларындағы мемлекеттік органның тексеру нәтижелері туралы актіге және анықталған бұзушылықтарды жою туралы нұсқамаға шағымды қарау жөніндегі апелляциялық комиссиясының ережесі мен құрамы (бұдан әрі – Ереже) "Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы" Қазақстан Республикасының Кодексі (бұдан әрі – Кодекс) 29-бабының 3-тармағына сәйкес әзірленді және тексеру нәтижелері туралы актіге және медициналық қызметтер (көмек) көрсету және дәрілік заттар мен медициналық бұйымдардың айналысы салаларындағы мемлекеттік бақылауды жүзеге асыратын лауазымды адамдар шығарған, анықталған бұзушылықтарды жою туралы нұсқамаға шағымды қарау жөніндегі апелляциялық комиссияның (бұдан әрі – Комиссия) қызметін жүзеге асыру тәртібін айқындайды.
2. Комиссия медициналық қызметтер (көмек) көрсету және дәрілік заттар мен медициналық бұйымдардың айналысы салаларындағы мемлекеттік органның жанындағы консультациялық-кеңесші орган болып табылады.
Медициналық қызметтер (көмек) көрсету және дәрілік заттар мен медициналық бұйымдардың айналысы салаларындағы мемлекеттік бақылауды жүзеге асыратын лауазымды адамдар шығарған тексеру нәтижелері туралы акті мен анықталған бұзушылықтарды жою туралы нұсқамаға жоғары тұрған органға шағым жасалуы мүмкін.
Облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың медициналық және фармацевтикалық бақылау департаменттерінің лауазымды адамдары жүргізген тексерулер нәтижелері бойынша шағым медициналық қызметтер (көмек) көрсету және дәрілік заттар мен медициналық бұйымдардың айналысы салаларындағы мемлекеттік органның басшысының атына беріледі.
3. Тексеру нәтижелері туралы акті мен анықталған бұзушылықтарды жою туралы нұсқамаға шағымдарды қарау үшін жоғары тұрған мемлекеттік орган апелляциялық комиссия құрады, оның құрамына медициналық қызметтер (көмек) көрсету және дәрілік заттар мен медициналық бұйымдардың айналысы салаларындағы мемлекеттік органның және Қазақстан Республикасының үкіметтік емес ұйымдарының өкілдері кіреді.
4. Комиссия өз қызметінде Қазақстан Республикасының Конституциясын, заңдарын, Қазақстан Республикасының Президенті мен Үкіметінің актілерін және өзге де нормативтік құқықтық актілерді, сондай-ақ осы Ережені басшылыққа алады.
2-тарау. Комиссияның функциялары
5. Комиссияның функциялары:
1) тексеру нәтижелері туралы актіге және анықталған бұзушылықтарды жою туралы нұсқамаға шағымды қарау;
2) тексеру нәтижелері туралы актіге және анықталған бұзушылықтарды жою туралы нұсқамаға шағымды қарау нәтижелері бойынша ұсынымды шағымды қарауға уәкілетті медициналық қызметтер (көмек) көрсету және дәрілік заттар мен медициналық бұйымдардың айналысы салаларындағы мемлекеттік органның басшысына және өтініш иесіне жіберу;
3) жыл сайын тексеру нәтижелері туралы актілерге және бұзушылықтарды жою туралы нұсқамаларға шағымдарды қарау нәтижелерін қорытындылау жүргізу және Қазақстан Республикасының заңнамасын жетілдіру жөнінде ұсынымдарды қорытындылау болып табылады.
3-тарау. Комиссияның құқықтары
6. Комиссия өз құзыреті шегінде:
1) медициналық қызметтер (көмек) көрсету және дәрілік заттар мен медициналық бұйымдардың айналысы салаларындағы мемлекеттік органның басшысына жүргізілген тексеру нәтижелеріне ескертулердің болуы (болмауы) туралы ұсынымдар енгізуге;
2) коммерциялық және заңмен қорғалатын өзге де құпияны құрайтын мәліметтерді, сондай-ақ құпия ақпарат тиісінше медициналық қызметтер (көмек) көрсету, дәрілік заттар мен медициналық бұйымдардың айналысы салаларындағы мемлекеттік орган әзірлейтін және бекітетін қағидаларға сәйкес, тексеру нәтижелері туралы актіге және заңдылықты бұзушылықтар жою туралы нұсқамаға шағымды қарау кезінде шағымды берген адамның жазбаша рұқсаты алынбастан алуға құқылы.
Шағымды қарау кезінде алынған коммерциялық құпияны, қызметтік, заңмен қорғалатын өзге де құпияны құрайтын ақпарат жария етілуге жатпайды.
3) Комиссияға жүктелген функцияларды жүзеге асыру үшін қажетті өзге де құқықтарды жүзеге асыруға құқылы.
4-тарау. Комиссия қызметі
7. Комиссияны Комиссия төрағасы басқарады. Комиссияның төрағасы болып медициналық қызметтер (көмек) көрсету және дәрілік заттар мен медициналық бұйымдардың айналысы салаларындағы мемлекеттік органның лауазымды адамы айқындалады. Комиссия төрағасы болмаған уақытта оның функцияларын оның орынбасары орындайды.
8. Комиссияның құрамына Комиссия төрағасы, сондай-ақ Комиссия мүшелері алты адам кіреді.
Комиссияның құрамы тұрақты жұмыс істейтін болып табылады, және Кодекстің 29-бабының 3-тармағына сәйкес жоғары тұрған мемлекеттік органның басшысы бекітеді.
Комиссияның құрамына міндетті түрде медициналық қызметтер (көмек) көрсету және дәрілік заттар мен медициналық бұйымдардың айналысы салаларындағы мемлекеттік органның және Қазақстан Республикасының үкіметтік емес ұйымдарының өкілдері кіреді.
9. Комисияның төрағасы:
1) Комиссияның қызметін басқарады;
2) Комиссия отырысының кестесін, сондай-ақ Комиссия отырысының өткізілу орнын және уақытын белгілейді;
3) Комиссияның отырысын шақырады және оларға төрағалық етеді.
10. Комиссия отырыстары, егер оған Комиссия мүшелерінің жалпы санының кемінде жартысы қатысса және Комиссия мүшелерінің – медициналық қызметтер (көмек) көрсету және дәрілік заттар мен медициналық бұйымдардың айналысы салаларындағы мемлекеттік органның, Қазақстан Республикасының үкіметтік емес ұйымдары өкілдерінің міндетті қатысуы талаптары жағдайында құқыққа сыйымды деп есептеледі.
Комиссия отырысына қатысуға мемлекеттік органдардың, мемлекеттік емес ұйымдардың, қоғамдық бірлестіктердің, қауымдастықтардың (одақтардың) сарапшылары (келісу бойынша) тартылуы мүмкін.
11. Комиссия хатшысы Комиссия мүшесі болып табылмайды.