"Заңды тұлғаларды мемлекеттік тіркеу және филиалдар мен өкілдіктерді есептік тіркеу жөнінде мемлекеттік қызметтер көрсету қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Әділет министрінің міндетін атқарушының 2020 жылғы 29 мамырдағы № 66 бұйрығына өзгерістер мен толықтыру енгізу туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Әділет министрінің 2021 жылғы 29 шілдедегі № 657 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2021 жылғы 6 тамызда № 23884 болып тіркелді

      БҰЙЫРАМЫН:

      1. "Заңды тұлғаларды мемлекеттік тіркеу және филиалдар мен өкілдіктерді есептік тіркеу жөнінде мемлекеттік қызметтер көрсету қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Әділет министрінің міндетін атқарушының 2020 жылғы 29 мамырдағы № 66 бұйрығына (Нормативтiк құқықтық актiлердi мемлекеттiк тiркеу тiзiлiмiнде № 20771 болып тіркелген) келесі өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:

      Бұйрықтың 1-тармағы 7) тармақшасы алып тасталсын;

      "Заңды тұлғаларды мемлекеттік тіркеу, олардың филиалдары мен өкілдіктерін есептік тіркеу" мемлекеттік қызметтерді көрсету ережесінде:

      13-тармақ жаңа редакцияда жазылсын:

      "13. Құжаттарды қабылдау кезінде көрсетілетін қызметті берушінің қызметкері көрсетілетін қызметті алушының жеке басын куәландыратын құжатты не цифрлық құжаттар сервисінен электрондық құжатты (сәйкестендіру үшін) мемлекеттік ақпараттық жүйелерде қамтылған мәліметтермен салыстырып тексереді, содан кейін оны көрсетілетін қызметті алушыға қайтарады.";

      6-қосымшаның 8 және 10-тармақтар жаңа редакцияда жазылсын;

8

Мемлекеттік қызмет көрсету үшін қажетті құжаттар тізбесі

1) Мемлекеттік корпорацияға:
1) заңды тұлғаларды мемлекеттік тіркеу үшін:
Қосымшаларға сәйкес нысандар бойынша:
1 (заңды тұлғаны, филиалды (өкілдікті) мемлекеттік (есептік) тіркеу туралы өтініш);
2 (өз қызметін үлгі жарғы негізінде жүзеге асыратын шаруашылық серіктестіктерін мемлекеттік тіркеу туралы өтініш);
3 (өз қызметін үлгі жарғы негізінде жүзеге асыратын акционерлік қоғамды мемлекеттік тіркеу туралы өтініш);
4 (өндірістік кооперативті мемлекеттік тіркеу туралы өтініш, өз қызметін үлгілік жарғы негізінде жүзеге асыратын)
5) (орта кәсіпкерлік субъектісін мемлекеттік тіркеу туралы өтініш және банк шотын ашу және жұмыскерді жазатайым оқиғалардан міндетті сақтандыруға (заңды тұлғаның құрылтайшысы (құрылтайшылары) қызметін жеке тұлғалармен еңбек қатынастарына кірмей жүзеге асыратын (жүзеге асыратын) жағдайларды қоспағанда) Қағидаларға қосымшаға сәйкес нысан бойынша өтініш (бұдан әрі – өтініш) қоса беріледі.
Мемлекет қатысатын заңды тұлғалар тізілім ұстаушының белгісі бар өтінішті ұсынады.
"Сәйкестендіру нөмірлерінің ұлттық тізілімдері туралы" Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес сәйкестендіру нөмірлері жоқ тұлғаларды қоспағанда, шетел қатысатын орта және ірі кәсіпкерлік субъектілеріне жататын заңды тұлғаларды мемлекеттік тіркеу орта және ірі кәсіпкерлік субъектілеріне жататын Қазақстан Республикасының заңды тұлғаларын мемлекеттік тіркеу үшін белгіленген тәртіппен жүргізіледі. Егер Қазақстан Республикасы ратификациялаған халықаралық шарттарда өзгеше белгіленбесе, қосымша ұсынылуға тиіс:
- құрылтайшы-шетелдік заңды тұлға шет мемлекеттің заңнамасы бойынша заңды тұлға болып табылатынын куәландыратын сауда тізілімінен заңдастырылған үзіндінің көшірмесі немесе басқа заңдастырылған құжат, қазақ және орыс тілдеріне нотариалды куәландырылған аудармасымен;
-қазақ және орыс тілдеріндегі нотариалды куәландырылған аудармасы бар шетелдік құрылтайшының төлқұжатының көшірмесі немесе жеке басын куәландыратын басқа құжат.
Көрсетілетін қызметті берушілер цифрлық құжаттарды "электрондық үкімет" веб-порталында тіркелген пайдаланушының ұялы байланысының абоненттік нөмірі арқылы ұсынылған құжат иесінің келісімі болған жағдайда, іске асырылған интеграциясы арқылы цифрлық құжаттар сервисінен бір реттік паролді беру арқылы немесе "электрондық үкімет" веб-порталының хабарламасына жауап ретінде қысқа мәтіндік хабарлама жіберу арқылы алады.
Акционерлік қоғамы:
өз қызметін үлгі жарғы негізінде жүзеге асыратын акционерлік қоғамды қоспағанда, жарғы;
Құрылтай жиналысының хаттамасы немесе жалғыз қатысушының шешімі;
шағын және орта кәсіпкерлік субъектілеріне жататын заңды тұлғаларды қоспағанда, мемлекеттік корпорацияға бюджетке алым төленгенін растайтын түбіртек немесе өзге құжат.
егер заңды тұлға тиісті тауар нарығында монополиялық жағдайға ие нарық субъектісіне жататын болса, сондай-ақ Мемлекеттік кәсіпорындарды, акцияларының (жарғылық капиталға қатысу үлестерінің) елу пайызынан астамы мемлекетке тиесілі заңды тұлғаларды және Қазақстан Республикасының аумағында өз қызметін жүзеге асыратын, олармен аффилиирленген тұлғаларды құру Қазақстан Республикасының заңдарында тікелей көзделген жағдайларды қоспағанда, тіркеуші орган монополияға қарсы органның алдын ала келісімімен жүзеге асырады.;
Сенім серіктестігі:
шағын және орта кәсіпкерлік субъектілеріне жататын заңды тұлғаларды қоспағанда, мемлекеттік корпорацияға төлемді растайтын құжат.
Толық серіктестік:
шағын және орта кәсіпкерлік субъектілеріне жататын заңды тұлғаларды қоспағанда, мемлекеттік корпорацияға төлемді растайтын құжат.
Өндірістік кооперативі:
Тегі, Аты, Әкесінің аты (болған жағдайда), ЖСН, тұрғылықты жері көрсетілген өндірістік кооператив мүшелерінің тізімі;
шағын және орта кәсіпкерлік субъектілеріне жататын заңды тұлғаларды қоспағанда, мемлекеттік корпорацияға төлемді растайтын құжат.
Тұтыну кооперативі:
жарғы;
құрылтай шарты;
заңды тұлғаларды мемлекеттік тіркеу және филиалдар мен өкілдіктерді есептік тіркеу үшін бюджетке алым төленгенін растайтын түбіртек немесе өзге құжат;
тұтыну кооперативі азаматтар үшін – тегі, аты, әкесінің аты (болған жағдайда), ЖСН және тұрғылықты жері және заңды тұлғалар үшін - орналасқан жері, банктік деректемелері және БСН көрсетілген осы кооперативтер мүшелерінің тізімін ұсынады;
Қосымша жауапкершілігі бар серіктестік:
шағын және орта кәсіпкерлік субъектілеріне жататын заңды тұлғаларды қоспағанда, мемлекеттік корпорацияға төлемді растайтын құжат.
Жауапкершілігі шектеулі серіктестігі:
шағын және орта кәсіпкерлік субъектілеріне жататын заңды тұлғаларды қоспағанда, мемлекеттік корпорацияға төлемді растайтын құжат.
Мемлекеттік кәсіпорын:
жарғы;
Қазақстан Республикасы Үкіметінің немесе жергілікті атқарушы органның кәсіпорынды құру туралы шешімі;
мемлекеттік тіркеу үшін бюджетке алым төленгенін растайтын түбіртек немесе өзге де құжат.
Мемлекеттік мекемесі:
мемлекеттік мекемені құру туралы шешім;
ереже (жарғы);
заңды тұлғаларды мемлекеттік тіркеу және филиалдар мен өкілдіктерді есептік тіркеу үшін бюджетке алым төленгенін растайтын түбіртек немесе өзге құжат.
Тұрғын үй-құрылыс кооперативі және тұрғын үй кооперативі:
жарғы;
мемлекеттік тіркеу үшін бюджетке алым төленгенін растайтын түбіртек немесе өзге де құжат.
Тұрғын үй және тұрғын үй-құрылыс кооперативтері сондай-ақ осы кооперативтер мүшелерінің тегі, аты, әкесінің аты (ол болған жағдайда), тұрғылықты жері мен ЖСН көрсетілген тізімін ұсынады.
Үй-жайлар (пәтерлер)меншік иелерінің кооперативі:
кондоминиум объектісіндегі үй-жайлар (пәтерлер) меншік иелерінің құрылтай жиналысының хаттамасы немесе жазбаша сауалнама қорытындысы бойынша дауыс беру парақтары бар хаттама;
жарғы;
заңды тұлғаның орналасқан жерін куәландыратын құжат*;
кондоминиум объектісін тіркеу немесе қайта тіркеу туралы Мемлекеттік акт не тіркеуші органның мөртабаны бар кондоминиум объектісін мемлекеттік тіркеуді растайтын құжат;
мемлекеттік тіркеу үшін бюджетке алым төленгенін растайтын түбіртек немесе өзге де құжат.
Мүлік иелерінің бірлестігі:
- жиналыс хаттамасы;
- мүлік иелері бірлестігінің Жарғысы;
- мемлекеттік тіркеу үшін бюджетке алым төленгенін растайтын түбіртек немесе өзге де құжат.
Адвокаттар алқасы:
адвокаттар алқасы мүшелерінің Құрылтай жиналысы (конференциясы) бекіткен жарғы;
жарғыны бекіту туралы уәкілетті органның шешімі;
мемлекеттік тіркеу үшін бюджетке алым төленгенін растайтын түбіртек немесе өзге де құжат.
Нотариаттық палата:
нотариаттық палатаның жоғарғы басқару органы бекіткен жарғы;
жарғыны бекіту туралы жоғарғы басқару органының шешімі;
мемлекеттік тіркеу үшін бюджетке алым төленгенін растайтын түбіртек немесе өзге де құжат.
Қоры:
жарғы;
құрылтай шарты (құрылтайшылардың саны біреуден артық болған жағдайда);
жарғыны бекіту туралы уәкілетті органның шешімі;
алқалы органның (қамқоршылық кеңестің) атқарушы органды тағайындау туралы шешімі;
мемлекеттік тіркеу үшін бюджетке алым төленгенін растайтын түбіртек немесе өзге де құжат.
Бірлестік:
қабылданған жарғы, құрылтай съезінде (конференциясында, жиналысында);
съездің (конференцияның, жиналыстың) төрағасы мен хатшысы қол қойған Жарғыны қабылдаған құрылтай съезінің (конференциясының, жиналысының) хаттамасы;
Тегі, Аты, Әкесінің аты ( бар болса), ЖСН, тұрғылықты жері, үй және қызмет телефондары, жеке қолы көрсетілген қоғамдық бірлестіктің бастамашы-азаматтарының тізімі;
қоғамдық бірлестіктің орналасқан жерін растайтын құжат*;
мемлекеттік тіркеу үшін бюджетке алым төленгенін растайтын түбіртек немесе өзге де құжат.
Саяси партияларды тіркеу кезінде қосымша:
партия бағдарламасы;
барлық облыстарда, республикалық маңызы бар қалада және Астанада партияның құрылымдық бөлімшелерінің (филиалдары мен өкілдіктерінің) атынан өкілдік ететін, әрқайсысының құрамында кемінде алты жүз партия мүшесі бар, Тегі, Аты, Әкесінің аты (бар болса), ЖСН, тұрғылықты жерінің мекенжайы көрсетілген партия мүшелерінің тізімі;
Ескертпе:
Саяси партияны құру үшін саяси партияны құру жөніндегі ұйымдастыру комитеті тіркеуші органға осы Қағидаларға 13-қосымшаға сәйкес нысан бойынша, сондай-ақ "Саяси партиялар туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 6-бабына сәйкес саяси партияны құру ниеті туралы хабарлама береді.":
1) Осы Қағидаларға 13-1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша саяси партияны құру жөніндегі азаматтардың бастамашыл тобының электрондық (EXCEL форматында) және қағаз жеткізгіштерде тізімі және Қағидаларға 14-қосымшаға сәйкес нысан бойынша электрондық және қағаз жеткізгіштерде ұйымдастыру комитетінің мүшелері туралы мәліметтер;
2) ұйымдастыру комитетінің құрылу мақсаты, саяси партияның болжамды атауы, орналасқан жері, ұйымдастыру комитетінің ақшасы мен өзге де мүлкін қалыптастырудың мен пайдаланудың болжамды көздері, сондай-ақ ұйымдастыру комитетінің қаражатын қалыптастыру үшін есеп айырысу шотын ашуға және оның қызметін қамтамасыз ету үшін азаматтық-құқықтық шарттар жасасуға уәкілеттік берілген ұйымдастыру комитетінің мүшелері туралы мәліметтер көрсетілетін ұйымдастыру комитеті жиналысының хаттамасы.
Тіркеуші орган осы тармақтың 1), 2) тармақшаларында көзделген хабарлама мен құжаттарды алған күні ұйымдастыру комитетінің уәкілетті тұлғасына осы Ереженің 15-қосымшасына сәйкес нысан бойынша құжаттардың тапсырылғанын растайтын құжаттардың тапсырылғаны туралы растама береді.
Саяси партияларды тіркеу кезінде қосымша ұсынылады:
партия бағдарламасы;
құрамында барлық облыстарда, республикалық маңызы бар қалада және Астанада партияның құрылымдық бөлімшелері (филиалдары мен өкілдіктері) болып табылатын, Қағидаларға 16-қосымшаға сәйкес нысан бойынша электрондық (EXCEL форматында) және қағаз жеткізгіштерде партияның кемінде алты жүз мүшесі бар партия мүшелерінің тізімдері.
Заңды тұлғалардың қауымдастық (одақ) нысанындағы бірлестігі, жеке кәсіпкерлер мен заңды тұлғалардың бірлестігі, жеке кәсіпкерлер бірлестігі:
жарғы;
бірлестіктің барлық құрылтайшылары қол қойған құрылтай шарты;
заңды тұлғаны құру туралы уәкілетті органның шешімі;
мемлекеттік тіркеу үшін бюджетке алым төленгенін растайтын түбіртек немесе өзге де құжат.
Аудиторлар палатасы:
жарғы;
заңды тұлғаны құру туралы уәкілетті органның шешімі;
мемлекеттік тіркеу үшін бюджетке алым төленгенін растайтын түбіртек немесе өзге де құжат.
Діни бірлестік:
діни бірлестіктің басшысы қол қойған діни бірлестіктің жарғысы;
Құрылтай жиналысының (съездің, конференцияның) хаттамасы);
осы Қағидаларға 17-қосымшаға сәйкес нысан бойынша құрылатын діни бірлестіктің бастамашы азаматтарының электрондық және қағаз жеткізгіштердегі тізімі;
діни бірлестіктің орналасқан жерін растайтын құжат;
діни ілімнің пайда болу тарихы мен негіздерін ашатын және оған сәйкес келетін діни қызмет туралы мәліметтерді қамтитын баспа діни материалдары;
мемлекеттік тіркеу үшін бюджетке алым төленгенін растайтын түбіртек немесе өзге де құжат.;
діни бірлестіктің басшысын сайлау туралы шешім не басшыны шетелдік діни орталық тағайындаған жағдайда уәкілетті органмен келісілгенін растайтын құжат;
Өңірлік діни бірлестікті тіркеу кезінде тіркеуші орган белгілеген нысан бойынша өңірлік діни бірлестіктерді құруға бастамашылық жасайтын жергілікті діни бірлестіктердің әрқайсысына қатысушылардың тізімі, сондай-ақ олардың жергілікті діни бірлестіктері жарғыларының нотариалды куәландырылған көшірмелері қосымша ұсынылады;
республикадан тыс жерлерде басшылық орталығы бар діни бірлестік қосымша:
шетел орталығы Жарғысының қазақ және орыс тілдеріндегі нотариалды куәландырылған аудармасы бар көшірмесі;
діни орталық өз елінің заңнамасы бойынша заңды тұлға болып табылатынын куәландыратын, қазақ және орыс тілдеріндегі нотариалды куәландырылған аудармасы бар тізілімнен үзінді немесе басқа құжат.
Діни басқармалар (орталықтар) құрған діни оқу орындарының, мешіттердің, монастырлардың және өзге де діни бірлестіктердің жарғыларын (ережелерін) осы діни басқармалар (орталықтар) бекітеді.);
тіркеу үшін Діни басқарманың (орталықтың) уәкілетті органының оларды құру туралы шешімі ұсынылады;
мемлекеттік мекемесі:
меншік иесінің мекемені құру туралы шешімі;
ереже (жарғы);
құрылтай шарты немесе ұқсас келісім (меншік иелерінің (құрылтайшылардың) саны біреуден артық болған жағдайда);
мемлекеттік тіркеу үшін бюджетке алым төленгенін растайтын түбіртек немесе өзге де құжат.
Бағалаушылар палатасы:
жарғы;
заңды тұлғаны құру туралы уәкілетті органның шешімі;
мемлекеттік тіркеу үшін бюджетке алым төленгенін растайтын түбіртек немесе өзге де құжат.
Заң консультанттар палатасы:
жарғы;
заңды тұлғаны құру туралы уәкілетті органның шешімі;
мемлекеттік тіркеу үшін бюджетке алым төленгенін растайтын түбіртек немесе өзге де құжат.
Адвокаттық кеңсе:
жарғы;
заңды тұлғаны құру туралы уәкілетті органның шешімі;
заңды тұлғаларды мемлекеттік тіркеу және филиалдар мен өкілдіктерді есептік тіркеу үшін бюджетке алым төленгенін растайтын түбіртек немесе өзге құжат.
2) филиалдарды (өкілдіктерді) есептік тіркеу үшін):
қазақстандық заңды тұлғаның филиалы (өкілдігі) :
осы Ережеге 1 – қосымшаға сәйкес нысан бойынша есептік тіркеу туралы өтініш (бұдан әрі-өтініш) ;
Өтінішке коммерциялық емес ұйымдарға жататын заңды тұлғалардың филиалын (өкілдігін) есептік тіркегені үшін бюджетке тіркеу алымының төленгенін растайтын түбіртек немесе өзге құжат немесе коммерциялық ұйымдарға жататын заңды тұлғалардың филиалы (өкілдігі) үшін "Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорациясына төленгенін растайтын құжат қоса беріледі.
Жеке кәсіпкерлік субъектілеріне жатпайтын заңды тұлғалардың, сондай-ақ акционерлік қоғамдардың филиалдары (өкілдіктері) үшін заңды тұлға бекіткен қазақ және орыс тілдерінде екі данада филиал (өкілдік) туралы ереже, Жарғының (Ереженің) көшірмелері және филиалдың (өкілдіктің) басшысына берілген заңды тұлғаның (қоғамдық және діни бірлестіктерді қоспағанда) сенімхаты қосымша ұсынылады.
Өтінішке филиалды (өкілдікті) құратын заңды тұлға уәкілеттік берген адам қол қояды және заңды тұлғаның мөрімен (ол болған кезде) бекітіледі.
Егер заңды тұлғаның басшысы филиалдың (өкілдіктің) басшысы болып табылса, тіркеуші органға сенімхат беру талап етілмейді.
Филиал (өкілдік) құрған кезде мемлекеттік кәсіпорын филиал (өкілдік) құруға Ұлттық банктің не мемлекеттік мүлікті басқару жөніндегі уәкілетті органның (жергілікті атқарушы органның) келісімін растайтын құжатты қосымша ұсынады);
шетелдік заңды тұлғаның филиалы (өкілдігі) :
осы Ережеге 1 – қосымшаға сәйкес нысан бойынша есептік тіркеу туралы өтініш (бұдан әрі-өтініш) ;
заңды тұлға органы бекіткен филиал (өкілдік) туралы ереже;
заңды тұлға органы филиал немесе өкілдік басшысына берген, қазақ және орыс тілдеріне нотариалды куәландырылған аудармасы бар сенімхат;
заңды тұлғаның филиал (өкілдік) құру туралы қазақ және орыс тілдеріне нотариалды куәландырылған аудармасы бар шешімі;
сауда тізілімінен заңдастырылған үзінді немесе Қазақстан Республикасында филиал (өкілдік) ашатын осы субъект өз елінің заңнамасы бойынша заңды тұлға болып табылатынын куәландыратын басқа да заңдастырылған құжат, қазақ және орыс тілдеріндегі нотариалды куәландырылған аудармасымен;
қазақ және орыс тілдеріне нотариалды куәландырылған аудармасы бар заңды тұлғаның құрылтай құжаттарының көшірмесі;
шетелдік коммерциялық емес ұйымның филиалын (өкілдігін) есептік тіркеу үшін бюджетке тіркеу алымының төленгенін растайтын түбіртек немесе өзге құжат немесе шетелдік коммерциялық ұйымның филиалы (өкілдігі) үшін мемлекеттік корпорацияға төлегенін растайтын құжат.
3) қайта ұйымдастыру жолымен құрылатын заңды тұлғаны мемлекеттік тіркеу үшін:
осы Ереженің 1, 2, 3 және 4 – қосымшаларына сәйкес өтініш (бұдан әрі-өтініш) ;
заңды тұлға мүлкі меншік иесінің немесе меншік иесі уәкілеттік берген органның, құрылтайшылардың (қатысушылардың) шешімі, заңды тұлғаның құрылтай құжаттарымен уәкілеттік берілген органның шешімі немесе Қазақстан Республикасының 2015 жылғы 29 қазандағы Кәсіпкерлік кодексінің 231-бабында және Қазақстан Республикасының 1994 жылғы 27 желтоқсандағы Азаматтық кодексінің 45-бабының 3-тармағында көзделген жағдайларда сот шешімі;
бірігу, қосылу, қайта құру кезінде-өткізу актісі, бөлу, бөліп шығару кезінде-заңды тұлға мүлкінің меншік иесі немесе заңды тұлғаны қайта ұйымдастыру туралы шешім қабылдаған орган бекіткен қайта ұйымдастырылған заңды тұлғаның міндеттемелері бойынша құқықтық мирасқорлық туралы ережелер көрсетілген бөлу балансы және заңды тұлғаның уәкілетті органының өткізу актісі мен бөлу балансын бекіту туралы шешімі;
кредиторлардың заңды тұлғаны қайта ұйымдастыру туралы жазбаша хабарламасын растайтын құжат;
коммерциялық емес ұйымға жататын қайта ұйымдастырылған заңды тұлғаның қызметін тоқтатқаны үшін бюджетке алым төленгенін растайтын түбіртек немесе өзге де құжат немесе емлекеттік корпорацияға коммерциялық ұйымға жататын қайта ұйымдастырылған заңды тұлғаның қызметін тоқтатқаны үшін алым төленгенін растайтын құжат.
порталда:
1) шағын кәсіпкерлік субъектісіне жататын заңды тұлғаны мемлекеттік тіркеу үшін құрылтайшы (құрылтайшылар) осы Қағидаларға 9-қосымшаға сәйкес нысан бойынша банк шотын ашумен және қызметкерді жазатайым оқиғалардан міндетті сақтандырумен (заңды тұлғаның құрылтайшысы (құрылтайшылары) қызметін жеке тұлғалармен еңбек қатынастарына кірмей жүзеге асыратын (жүзеге асыратын) жағдайларды қоспағанда) кәсіпкерлік қызметті жүзеге асырудың басталғаны туралы хабарлама береді.;
орта кәсіпкерлік субъектісіне жататын заңды тұлғаны мемлекеттік тіркеу үшін құрылтайшы (құрылтайшылар) осы Қағидаларға 5-қосымшаға сәйкес нысан бойынша орта кәсіпкерлік субъектісін мемлекеттік тіркеу және банк шотын ашу туралы және қызметкерді жазатайым оқиғалардан міндетті сақтандыруға (заңды тұлғаның құрылтайшысы (құрылтайшылары) қызметін жеке тұлғалармен еңбек қатынасына кірмей жүзеге асыратын (жүзеге асыратын) жағдайларды қоспағанда) өтініш береді.
Заңды тұлғаларды, филиалдар мен өкілдіктерді (Саяси партиялар мен діни бірлестіктерді қоспағанда) мемлекеттік тіркеу үшін)
жарғының (ереженің) электрондық көшірмесі;
"электрондық үкіметтің" төлем шлюзі арқылы тіркеу алымының төлемі;
қоғамдық бірлестіктің орналасқан жерін растайтын құжаттың электрондық көшірмесі*;
уәкілетті орган шешімінің электрондық көшірмесі.
Акционерлік қоғам үшін:
өз қызметін үлгілік жарғы негізінде жүзеге асыратын акционерлік қоғамды қоспағанда, жарғының (ереженің) электрондық көшірмесі;
құрылтай жиналысы хаттамасының электрондық көшірмесі не жалғыз қатысушының шешімі;
"электрондық үкіметтің" төлем шлюзі арқылы тіркеу алымының төлемі;
заңнамада көзделген жағдайларда монополияға қарсы орган келісімінің электрондық көшірмесі.
Өндірістік кооператив үшін:
тегі, аты, әкесінің аты (бар болса), ЖСН, тұрғылықты жері көрсетілген өндірістік кооператив мүшелері тізімінің электрондық көшірмесі;
"электрондық үкіметтің" төлем шлюзі арқылы тіркеу алымының төлемі;
Тұтыну кооперативі үшін:
жарғының электрондық көшірмесі;
құрылтай шартының электрондық көшірмесі;
"электрондық үкіметтің" төлем шлюзі арқылы тіркеу алымының төлемі;
азаматтар үшін – олардың тегі, аты, әкесінің аты (бар болса), ЖСН және тұрғылықты жері және заңды тұлғалар үшін - орналасқан жері, банктік деректемелері және БСН туралы мәліметтер көрсетілген осы кооперативтер мүшелері тізімінің электрондық көшірмесі.
Мемлекеттік кәсіпорын үшін:
жарғының электрондық көшірмесі;
Қазақстан Республикасы Үкіметінің немесе жергілікті атқарушы органның кәсіпорын құру туралы шешімінің электрондық көшірмесі;
"электрондық үкіметтің" төлем шлюзі арқылы тіркеу алымының төлемі;
Мемлекеттік мекеме үшін:
мемлекеттік мекемені құру туралы шешімнің электрондық көшірмесі;
Ереженің электрондық көшірмесі (жарғы);
"электрондық үкіметтің" төлем шлюзі арқылы тіркеу алымының төлемі;
Тұрғын үй-құрылыс кооперативі және тұрғын үй кооперативі үшін:
жарғының электрондық көшірмесі;
"электрондық үкіметтің" төлем шлюзі арқылы тіркеу алымының төлемі;
осы кооперативтер мүшелерінің тегі, аты, әкесінің аты (бар болса), тұрғылықты жері және ЖСН көрсетілген тізімінің электрондық көшірмесі.
Үй-жайлар (пәтерлер) иелерінің кооперативі үшін):
кондоминиум объектісіндегі үй-жайлар (пәтерлер) меншік иелерінің құрылтай жиналысы хаттамасының немесе жазбаша сауалнама қорытындылары бойынша дауыс беру парақтары бар хаттаманың электрондық көшірмесі;
жарғының электрондық көшірмесі;
заңды тұлғаның орналасқан жерін куәландыратын құжаттың электрондық көшірмесі*;
кондоминиум объектісін тіркеу немесе қайта тіркеу туралы Мемлекеттік актінің не тіркеуші органның мөртабаны бар кондоминиум объектісін мемлекеттік тіркеуді растайтын құжаттың электрондық көшірмесі;
"электрондық үкіметтің" төлем шлюзі арқылы тіркеу алымының төлемі;
Адвокаттар алқасы үшін:
адвокаттар алқасы мүшелерінің құрылтай жиналысы (конференциясы) бекіткен жарғының электрондық көшірмесі;
жарғыны бекіту туралы уәкілетті орган шешімінің электрондық көшірмесі;
"электрондық үкіметтің" төлем шлюзі арқылы тіркеу алымының төлемі;
Нотариаттық палата үшін:
нотариаттық палатаның жоғары басқару органы бекіткен жарғының электрондық көшірмесі;
жарғыны бекіту туралы жоғары басқару органы шешімінің электрондық көшірмесі;
"электрондық үкіметтің" төлем шлюзі арқылы тіркеу алымының төлемі;
Қор үшін:
жарғының электрондық көшірмесі;
құрылтай шартының электрондық көшірмесі (құрылтайшылар саны біреуден артық болған кезде);
жарғыны бекіту туралы уәкілетті орган шешімінің электрондық көшірмесі;
алқалы органның (қамқоршылық кеңестің) атқарушы органды тағайындау туралы шешімінің электрондық көшірмесі;
"электрондық үкіметтің" төлем шлюзі арқылы тіркеу алымының төлемі;
Бірлестік үшін:
құрылтай съезінде (конференцияда, жиналыста) қабылданған жарғының электрондық көшірмесі;
жарғыны қабылдаған құрылтай съезі (конференциясы, жиналысы) хаттамасының съездің (конференцияның, жиналыстың) төрағасы мен хатшысының қолы қойылған электрондық көшірмесі;
тегін, атын, әкесінің атын (бар болса), ЖСН, тұрғылықты жерін, үй және қызметтік телефондарын, жеке қолын көрсете отырып, қоғамдық бірлестіктің бастамашы азаматтары тізімінің электрондық көшірмесі;
қоғамдық бірлестіктің орналасқан жерін растайтын құжаттың электрондық көшірмесі*;
"электрондық үкіметтің" төлем шлюзі арқылы тіркеу алымының төлемі;
Мүліктің меншік иелерін біріктіру мақсатындағы тіркеу ақпараттандыру объектілерін және "Заңды тұлғалар" мемлекеттік дерекқорын электрондық түрде интеграциялау арқылы жүзеге асырылады.
Қауымдастық (одақ) нысанындағы заңды тұлғалар бірлестіктері, дара кәсіпкерлер және заңды тұлғалар бірлестіктері, дара кәсіпкерлер бірлестіктері үшін:
жарғының электрондық көшірмесі;
бірлестіктің барлық құрылтайшылары қол қойған құрылтай шартының электрондық көшірмесі;
заңды тұлғаны құру туралы уәкілетті орган шешімінің электрондық көшірмесі;
"электрондық үкіметтің" төлем шлюзі арқылы тіркеу алымының төлемі;
Аудиторлар палатасы үшін:
жарғының электрондық көшірмесі;
заңды тұлғаны құру туралы уәкілетті орган шешімінің электрондық көшірмесі;
"электрондық үкіметтің" төлем шлюзі арқылы тіркеу алымының төлемі;
Бағалаушылар палатасы үшін:
жарғының электрондық көшірмесі;
заңды тұлғаны құру туралы уәкілетті орган шешімінің электрондық көшірмесі;
"электрондық үкіметтің" төлем шлюзі арқылы тіркеу алымының төлемі;
Заң консультанттары палатасы үшін:
жарғының электрондық көшірмесі;
заңды тұлғаны құру туралы уәкілетті орган шешімінің электрондық көшірмесі;
"электрондық үкіметтің" төлем шлюзі арқылы тіркеу алымының төлемі;
Адвокаттық кеңсе үшін:
жарғының электрондық көшірмесі;
заңды тұлғаны құру туралы уәкілетті орган шешімінің электрондық көшірмесі;
"электрондық үкіметтің" төлем шлюзі арқылы тіркеу алымының төлемі;
2) филиалдарды (өкілдіктерді) есептік тіркеу үшін):
қазақстандық заңды тұлғаның филиалы (өкілдігі):
есептік тіркеу туралы өтінім беріледі;
коммерциялық емес ұйымдарға жататын заңды тұлғалардың филиалын (өкілдігін) есептік тіркегені үшін "электрондық үкіметтің" төлем шлюзі арқылы тіркеу алымын төлеу немесе коммерциялық ұйымдарға жататын заңды тұлғалардың филиалы (өкілдігі) үшін Мемлекеттік корпорацияға төлемді растайтын құжат.
Жеке кәсіпкерлік субъектілеріне жатпайтын заңды тұлғалардың, сондай-ақ акционерлік қоғамдардың филиалдары (өкілдіктері) үшін заңды тұлға бекіткен филиал (өкілдік) туралы ереженің қазақ және орыс тілдеріндегі электрондық көшірмесі, жарғының (ереженің) көшірмелері және филиалдың (өкілдіктің) басшысына берілген заңды тұлғаның (қоғамдық және діни бірлестіктерді қоспағанда) сенімхаты қосымша ұсынылады.
Мемлекеттік кәсіпорын филиалды (өкілдікті) құрған кезде филиалды (өкілдікті) құруға Ұлттық банктің не мемлекеттік мүлікті басқару жөніндегі уәкілетті органның (жергілікті атқарушы органның) келісімін растайтын құжаттың электрондық көшірмесі қосымша ұсынылады;
шетелдік заңды тұлғаның филиалы (өкілдігі):
есептік тіркеу туралы хабарлама;
заңды тұлғаның органы бекіткен филиал (өкілдік) туралы ереженің электрондық көшірмесі;
заңды тұлғаның органы филиалдың немесе өкілдіктің басшысына берген сенімхаттың нотариат куәландырған қазақ және орыс тілдеріндегі аудармасы бар электрондық көшірмесі;
заңды тұлғаның филиалды (өкілдікті) құру туралы шешімінің нотариат куәландырған қазақ және орыс тілдеріндегі аудармасы бар электрондық көшірмесі;
сауда тізілімінен заңдастырылған үзінді көшірменің немесе Қазақстан Республикасында филиал (өкілдік) ашатын осы субъектінің өз елінің заңнамасы бойынша заңды тұлға болып саналатынын куәландыратын басқа да заңдастырылған құжаттың қазақ және орыс тілдеріне нотариалды куәландырылған аудармасы бар электрондық көшірмесі;
заңды тұлғаның құрылтай құжаттарының қазақ және орыс тілдеріндегі нотариат куәландырған аудармасы бар электрондық көшірмесі;
шетелдік коммерциялық емес ұйымның филиалын (өкілдігін) есептік тіркегені үшін "электрондық үкіметтің" төлем шлюзі арқылы тіркеу алымын төлеу немесе шетелдік коммерциялық ұйымның филиалы (өкілдігі) үшін Мемлекеттік корпорацияға төлемді растайтын құжат.
3) қайта ұйымдастыру арқылы құрылатын заңды тұлғаны мемлекеттік тіркеу үшін беріледі:
хабарлама;
2015 жылғы 29 қазандағы Қазақстан Республикасы Кәсіпкерлік кодексінің 231-бабында және 1994 жылғы 27 желтоқсандағы Қазақстан Республикасы Азаматтық кодексінің 45-бабының 3-тармағында көзделген жағдайларда заңды тұлға мүлкінің меншік иесі немесе меншік иесі уәкілеттік берген орган, құрылтайшылар (қатысушылар) шешімінің, заңды тұлғаның құрылтай құжаттарымен уәкілеттік берілген органның шешімінің немесе соттың шешімінің электрондық көшірмесі;
заңды тұлға мүлкінің меншік иесі немесе заңды тұлғаны қайта ұйымдастыру туралы шешім қабылдаған орган бекіткен, қайта ұйымдастырылған заңды тұлғаның міндеттемелері бойынша құқықтық мирасқорлық туралы ережелер көрсетілген бөлу балансының электрондық көшірмесі және заңды тұлғаның уәкілетті органының тапсыру актісі мен бөлу балансын бекіту туралы шешімі бірігу, қосылу, қайта құрылу кезінде – тапсыру актісінің электрондық көшірмесі, бөліну, бөлініп шығу кезінде – қайта ұйымдастырылған заңды тұлғаның міндеттемелері бойынша құқықтық мирасқорлық туралы;
кредиторлардың заңды тұлғаны қайта ұйымдастыру туралы жазбаша хабарламасын растайтын құжаттың электрондық көшірмесі;
коммерциялық емес ұйымға жататын қайта ұйымдастырылған заңды тұлғаның қызметін тоқтатқаны үшін "электрондық үкіметтің" төлем шлюзі арқылы тіркеу алымын төлеу немесе коммерциялық ұйымға жататын қайта ұйымдастырылған заңды тұлғаның қызметін тоқтатқаны үшін Мемлекеттік корпорацияға төлемді растайтын құжат.шығу кезінде – қайта ұйымдастырылған заңды тұлғаның міндеттемелері бойынша құқықтық мирасқорлық туралы;
Портал арқылы жүгінген кезде көрсетілетін қызметті алушының "жеке кабинетіне" ЭЦҚ-мен куәландырылған электрондық құжат нысанында мемлекеттік көрсетілетін қызмет нәтижесін алу күні мен уақыты көрсетілген хабарлама жіберіледі.
Ескертпе:
*Заңды тұлғаның орналасқан жерін растайтын құжаттар жалдау шарты және азаматтық заңнамада көзделген өзге де құжат болып табылады.
Егер үй-жайдың иесі жеке тұлға болып табылған жағдайда, онда заңды тұлғаның орналасқан жері ретінде үй-жайды беру туралы жеке тұлғаның нотариат куәландырған келісімі ұсынылады.
Акционерлік қоғамдар мен Мемлекеттік кәсіпорындардың құрылтай құжаттарын қоспағанда, коммерциялық ұйымдарға жататын заңды тұлғалардың құрылтай құжаттары мемлекеттік тіркеу кезінде ұсынылмайды.
Жеке кәсіпкерлік субъектілеріне жатпайтын заңды тұлғалардың құрылтай құжаттары қазақ және орыс тілдерінде ұсынылады.
Қызметінің нысанасы қаржылық қызметтер көрсету болып табылатын заңды тұлғаны мемлекеттік тіркеу кезінде заңда көзделген жағдайларда бизнес-сәйкестендіру нөмірлерінің ұлттық тізілімі Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу, бақылау мен қадағалау жөніндегі уәкілетті органның рұқсатының болуы туралы мәліметтерді электрондық хабарлама арқылы алады.


10

Мемлекеттік қызметті, оның ішінде электрондық нысанда және Мемлекеттік корпорация арқылы көрсету ерекшеліктері ескеріле отырып қойылатын өзге де талаптар

Заңнамада белгіленген тәртіппен өзіне-өзі қызмет көрсету, өз бетінше жүріп-тұру, бағдарлану, қабілетін толық немесе ішінара жоғалту мүмкіндігі бар көрсетілетін қызметті алушыларға мемлекеттік қызметті көрсету үшін құжаттарды қабылдауды Мемлекеттік корпорация қызметкері 1414, 8 800 080 777 Бірыңғай байланыс орталығы арқылы өтініш жасау арқылы тұрғылықты жеріне барып жүргізеді.
Көрсетілетін қызметті алушының ЭЦҚ болған жағдайда Мемлекеттік көрсетілетін қызметті "электрондық үкімет" веб-порталы арқылы электрондық нысанда алуға мүмкіндігі бар.
Цифрлық құжаттар сервисі мобилді қосымшада авторландырылған пайдаланушылар үшін қолжетімді
Цифрлық құжатты пайдалану үшін электрондық-цифрлық қолтаңбаны немесе бір реттік паролді пайдалана отырып, мобилді қосымшада авторландырудан өту, одан әрі "цифрлық құжаттар" бөліміне өтіп, қажетті құжатты таңдау қажет.
Көрсетілетін қызметті алушының мемлекеттік қызметті көрсету тәртібі мен мәртебесі туралы ақпаратты қашықтықтан қол жеткізу режимінде порталдағы "жеке кабинеті", көрсетілетін қызметті берушінің анықтамалық қызметтері, сондай-ақ "1414", 8-800-080-7777. Бірыңғай байланыс орталығы арқылы алуға мүмкіндігі бар.

      Осы бұйрыққа қосымшаға сәйкес 13-1-қосымшамен толықтырылсын және мындай редакцияда жазылсын;

      "Заңды тұлғаларды мемлекеттік қайта тіркеу, олардың филиалдары мен өкілдіктерін есептік қайта тіркеу" мемлекеттік көрсетілетін қызметтерді көрсету ережесінде:

      8-тармақ жаңа редакцияда жазылсын:

      "8. Құжаттарды қабылдау кезінде көрсетілетін қызметті берушінің қызметкері көрсетілетін қызметті алушының жеке басын куәландыратын құжатты немесе цифрлық құжаттар сервисінен электрондық құжат (сәйкестендіру үшін) (Мемлекеттік корпорация арқылы жүгінген жағдайда) мемлекеттік ақпараттық жүйелерде қамтылған мәліметтермен салыстырып тексереді, содан кейін оны көрсетілетін қызметті алушыға қайтарады.";

      13-тармақ жаңа редакцияда жазылсын:

      "13. Мемлекеттік корпорацияда дайын құжаттарды беру жеке куәлігін немесе цифрлық құжаттар сервисінен электрондық құжат (сәйкестендіру үшін) (не Қазақстан Республикасының азаматтық заңнамасына сәйкес берілген құжаттың негізінде әрекет ететін оның өкілі, онда өкілдің тиісті өкілеттіктері көрсетіледі) көрсеткен кезде жүзеге асырылады.";

      5-қосымшаның 8 және 10-тармақтар жаңа редакцияда жазылсын;

8

Мемлекеттік қызмет көрсету үшін қажетті құжаттар тізбесі

1) Мемлекеттік корпорацияға:
осы Қағиданың 1,2,3 және 4 – қосымшаларына сәйкес нысан бойынша өтініш (бұдан әрі-өтініш).
Көрсетілетін қызметті берушілер цифрлық құжаттарды "электрондық үкімет" веб-порталында тіркелген пайдаланушының ұялы байланысының абоненттік нөмірі арқылы ұсынылған құжат иесінің келісімі болған жағдайда, іске асырылған интеграция арқылы цифрлық құжаттар сервисінен бір реттік паролді беру арқылы немесе "электрондық үкімет" веб-порталының хабарламасына жауап ретінде қысқа мәтіндік хабарлама жіберу арқылы алады.
Үлесінде мемлекет қатысатын заңды тұлға тізілім ұстаушының белгісі бар өтінішті ұсынады;
электрондық өтініш беруді қоспағанда, заңды тұлғаның құрылтай құжаттарына, филиал (өкілдік) туралы ережеге өзгерістер мен толықтырулар енгізуді көздейтін, заңды тұлғаның мөрімен бекітілген мемлекеттік (есептік) қайта тіркеу туралы заңды тұлғаның уәкілетті органының шешімі не шешімінен үзінді көшірме. Егер заңды тұлға жеке кәсіпкерлік субъектісі болып табылса, құжаттарды мөрмен бекіту талап етілмейді;
өзгерістер мен толықтырулар енгізілген құрылтай құжаттарының екі данасы не жеке кәсіпкерлік субъектісіне жатпайтын заңды тұлғаның, филиалдың (өкілдіктің) құрылтай құжаттарына енгізілген өзгерістер мен толықтырулардың мәтіні);
енгізілген өзгерістермен және толықтырулармен нотариалды куәландырылған жарғы (ереже) не акционерлік қоғамның жарғысына енгізілген өзгерістер мен толықтырулардың мәтіні, филиал (өкілдік) туралы ереже);
акционерлік қоғамдарды қоспағанда, жеке кәсіпкерлік субъектісіне жатпайтын заңды тұлғаның бұрынғы құрылтай құжаттарының, филиалдар (өкілдіктер) туралы ережелердің түпнұсқалары);
коммерциялық емес ұйым болып табылатын заңды тұлғаны мемлекеттік қайта тіркеу немесе оның филиалын (өкілдігін) есептік қайта тіркеу үшін бюджетке тіркеу алымының төленгенін растайтын құжат);
коммерциялық ұйым болып табылатын заңды тұлғаны мемлекеттік қайта тіркегені немесе оның филиалын (өкілдігін) есептік қайта тіркегені үшін "Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорациясына төленгенін растайтын құжат.
Филиалдар мен өкілдіктер атауы өзгерген жағдайда қайта тіркелуге жатады.
2) порталда:
жеке кәсіпкерлік субъектілеріне жататын заңды тұлғаларды мемлекеттік қайта тіркеу үшін):
электрондық өтініш;
жарғылық капиталдың мөлшері азайған кезде және баспа басылымдарында жарияланғаны туралы үзіндінің сканерленген көшірмесі;
көрсетілетін қызметті алушы ЭҮТШ арқылы қызмет көрсеткені үшін мемлекеттік алым төлеу тәсілін таңдамаған жағдайда, түбіртектің /төлем тапсырмасының сканерленген көшірмесі;
орналасқан жері өзгерген кезде:
жылжымайтын мүлік объектісіне меншік құқығы болған жағдайда: жылжымайтын "мүлік тіркелімі" мемлекеттік деректер қорынан (бұдан әрі – ЖМТ МДҚ) көрсетілетін қызметті алушының бизнес-сәйкестендіру нөміріне тіркелген көрсетілетін қызметті алушы көрсетілген мекенжай бойынша орналасқан жылжымайтын мүліктің бастапқы немесе қайталама объектісіне меншік құқығы туралы, ЖМТ МДҚ ЭЦҚ қойылған электрондық растау;
заңды тұлғадан үй-жайды жалға алған жағдайда: жалға алу шартының сканерленген көшірмесі. Үй-жайды жеке тұлғадан жалға алған жағдайда: заңды тұлғаның орналасқан жері ретінде үй-жайды беру туралы жеке тұлғаның нотариалды куәландырылған келісімінің сканерленген көшірмесі;
үй-жайды қосалқы жалға алған жағдайда: жалға алудың және қосалқы жалға алудың сканерленген көшірмелері;
Қазақстан Республикасының резиденті емес қатысушылардың құрамына сауда тізілімінен заңдастырылған үзінді көшірмені немесе құрылтайшы - шетелдік заңды тұлға шет мемлекеттің заңнамасы бойынша заңды тұлға болып табылатынын куәландыратын басқа да заңдастырылған құжатты енгізген кезде, қазақ және орыс тілдеріндегі нотариалды куәландырылған аудармасымен бірге;
шетелдік тұлға қатысушыларының құрамына енгізілген кезде, егер басшы енгізілген жаңа қатысушы/құрылтайшы шетелдік тұлға болып табылса, қазақ және орыс тілдеріндегі нотариалды куәландырылған аудармасы бар шетелдік құрылтайшы паспортының сканерленген көшірмесі немесе жеке басын куәландыратын басқа құжат;
қатысушылардың тізілімін жүргізуді орталық депозитарий жүзеге асыратын акционерлік қоғам немесе шаруашылық жүргізуші серіктестік қатысушылардың құрамын өзгерткен кезде тіркеушінің мөрімен расталған қатысушылар тізілімінің сканерленген көшірмесі.
Электрондық өтінішке көрсетілетін қызметті алушының ЭЦҚ қол қойылады. Егер көрсетілетін қызметті алушының уәкілетті тұлғасы оның басшысы болып табылмаса, онда өтініш басшымен келісіледі. Шаруашылық серіктестіктерді, Акционерлік қоғамдар мен өндірістік кооперативтерді қоспағанда, заңды тұлға үшін электрондық өтініш ЭҮП-да оның қатысушыларымен келісілуі тиіс. Филиал (өкілдік) үшін-оның заңды тұлғасының басшысымен.
Шаруашылық серiктестiгіне қатысушылардың тiзiлiмiн жүргiзудi бағалы қағаздарды ұстаушылар тізілімдерінің жүйесін жүргізу жөніндегі қызметті жүзеге асыратын бағалы қағаздар нарығының кәсiби қатысушысы жүргізетін шаруашылық серiктестiктерін қоспағанда, қатысушылар құрамының өзгеруі негізі бойынша шаруашылық серiктестiктерiн мемлекеттік қайта тiркеу үшiн шаруашылық серiктестiгінің шығып қалатын қатысушысының серіктестік мүлкіндегі (жарғылық капиталындағы) үлесіне немесе оның бір бөлігіне құқығын иелiктен шығару (басқаға беру) шарты Қазақстан Республикасының заңдарына және құрылтай құжаттарға сәйкес ұсынылады.
Тарапы жеке тұлға болып табылатын шаруашылық серiктестiгінің шығып қалатын қатысушысының серіктестік мүлкіндегі (жарғылық капиталындағы) үлесіне немесе оның бір бөлігіне құқығын иеліктен шығару (басқаға беру) шартын нотариат куәландыруға тиіс.


10

Мемлекеттік қызметті, оның ішінде электрондық нысанда және Мемлекеттік корпорация арқылы көрсету ерекшеліктері ескеріле отырып қойылатын өзге де талаптар

Заңнамада белгіленген тәртіппен өзіне-өзі қызмет көрсету, өз бетінше жүріп-тұру, бағдарлану, қабілетін толық немесе ішінара жоғалту мүмкіндігі бар көрсетілетін қызметті алушыларға мемлекеттік қызметті көрсету үшін құжаттарды қабылдауды Мемлекеттік корпорация қызметкері 1414, 8-800-080-777. Бірыңғай байланыс орталығы арқылы өтініш жасау арқылы тұрғылықты жеріне барып жүргізеді.
Көрсетілетін қызметті алушының ЭЦҚ болған жағдайда Мемлекеттік көрсетілетін қызметті "электрондық үкімет" веб-порталы арқылы электрондық нысанда алуға мүмкіндігі бар.
Цифрлық құжаттар сервисі мобилді қосымшада авторландырылған пайдаланушылар үшін қолжетімді.
Цифрлық құжатты пайдалану үшін электрондық-цифрлық қолтаңбаны немесе бір реттік паролді пайдалана отырып, мобилді қосымшада авторландырудан өту, одан әрі "цифрлық құжаттар" бөліміне өтіп, қажетті құжатты таңдау қажет.
Көрсетілетін қызметті алушының мемлекеттік қызметті көрсету тәртібі мен мәртебесі туралы ақпаратты қашықтықтан қол жеткізу режимінде порталдағы "жеке кабинеті", көрсетілетін қызметті берушінің анықтамалық қызметтері, сондай-ақ "1414", 8-800-080-7777.
Бірыңғай байланыс орталығы арқылы алуға мүмкіндігі бар.
Республикалық және өңірлік мәртебесі бар қоғамдық және діни бірлестіктерді, оның ішінде саяси партияларды мемлекеттік тіркеуді, шетелдік және халықаралық коммерциялық емес үкіметтік емес бірлестіктердің филиалдары мен өкілдіктерін есептік тіркеуді көрсетілетін қызметті берушінің орналасқан жері бойынша қажетті құжаттарды қоса бере отырып, өтініш берілген күннен кейінгі бес жұмыс күнінен кешіктірмей Қазақстан Республикасының Әділет министрлігі жүргізеді.

      "Жеке кәсіпкерлік субъектісіне жатпайтын заңды тұлғаның, сондай-ақ акционерлік қоғамның құрылтай құжаттарына, олардың филиалдары (өкілдіктері) туралы ережелерге енгізілген өзгерістер мен толықтыруларды мемлекеттік тіркеу" мемлекеттік көрсетілетін қызметтерді көрсету ережесінде:

      23-тармақ жаңа редакцияда жазылсын:

      "23. Құжаттарды қабылдау кезінде көрсетілетін қызметті берушінің қызметкері көрсетілетін қызметті алушының жеке басын куәландыратын құжатты немесе цифрлық құжаттар сервисінен электрондық құжат (сәйкестендіру үшін) (Мемлекеттік корпорация арқылы жүгінген жағдайда) мемлекеттік ақпараттық жүйелерде қамтылған мәліметтермен салыстырып тексереді, содан кейін оны көрсетілетін қызметті алушыға қайтарады.";

      28-тармақ жаңа редакцияда жазылсын:

      "28. Мемлекеттік корпорацияда дайын құжаттарды беру жеке куәлігін немесе цифрлық құжаттар сервисінен электрондық құжат (сәйкестендіру үшін) (не Қазақстан Республикасының азаматтық заңнамасына сәйкес берілген құжаттың негізінде әрекет ететін оның өкілі, онда өкілдің тиісті өкілеттіктері көрсетіледі) көрсеткен кезде жүзеге асырылады.";

      3-қосымшаның 4-тармағы жаңа редакцияда жазылсын:

4

Мемлекеттік қызметті көрсету нысаны

электрондық (толық автоматтандырылған)/қағаз түрінде.

      3-қосымшаның 8-тармағы жаңа редакцияда жазылсын:

8

Мемлекеттік қызмет көрсету үшін қажетті құжаттар тізбесі

1) осы Қағиданың 1 және 2 – қосымшаларына сәйкес нысан бойынша өтініш ;
Көрсетілетін қызметті берушілер цифрлық құжаттарды "электрондық үкімет" веб-порталында тіркелген пайдаланушының ұялы байланысының абоненттік нөмірі арқылы ұсынылған құжат иесінің келісімі болған жағдайда, іске асырылған интеграция арқылы цифрлық құжаттар сервисінен бір реттік паролді беру арқылы немесе "электрондық үкімет" веб-порталының хабарламасына жауап ретінде қысқа мәтіндік хабарлама жіберу арқылы алады.
2) заңды тұлғаның мөрімен (ол болған кезде) бекемделген, заңды тұлғаның құрылтай құжаттарына, филиал (өкілдік) туралы ережеге өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы заңды тұлғаның уәкiлеттi органының шешімі не шешімінен үзінді көшірме;
3) заңды тұлғаның мөрімен бекемделген, жеке кәсіпкерлік субъектісіне жатпайтын заңды тұлғаның, филиалдың (өкілдіктің) енгізілген өзгерістер мен толықтырулар бар құрылтай құжаттарының екі данасы не құрылтай құжаттарына енгізілген өзгерістер мен толықтырулардың мәтіні;
4) енгізілген өзгерістер мен толықтырулар бар, нотариат куәландырған жарғы (ереже) не акционерлік қоғамның жарғысына, филиалдың (өкілдіктің) ережесіне енгізілген өзгерістер мен толықтырулардың мәтіні;
5) акционерлік қоғамдарды қоспағанда, заңды тұлғаның бұрынғы құрылтай құжаттарының, филиал (өкілдік) туралы ереженің төлнұсқалары;
6) нақты орналасқан жерін (орналасқан жерін аңды тұлғаның орналасқан жерін растайтын құжаттар болып, нотариалды куәландырылған жалға алу шарты және азаматтық заңнамамен көзделген басқа да құжат табылады.
Егер де ғимараттың иесі өзі заңды тұлға болған жағдайда, орналасқан жерін растайтын құжаттар талап етілмейді.
Егер де ғимараттың иесі жеке тұлға болған жағдайда, жеке тұлғаның ғимаратты заңды тұлғаға орналасу жері ретінде бергені туралы нотариалды куәландырылған келісімі қажет.
7) хабарламаға: заңды тұлға мөрімен (ол болған кезде) бекітілген, құрылтай құжаттарына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы заңды тұлғаның уәкiлеттi органының шешімі не шешімінен үзінді көшірме, сондай-ақ құрылтай құжаттарына енгізілген өзгірістер мен толықтырулардың мәтіні;
акционерлік қоғамды, оның филиалдарын (өкілдіктерін) қоспағанда, жеке кәсіпкерлік субъектісіне жататын заңды тұлға үшін нақты орналасқан жерін растайтын құжат.
Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен мемлекеттік және орыс тілдерінде жасалған құрылтай құжаттары тігілген және нөмірленген түрінде, үш данада ұсынылады.
Порталда:
1) осы Қағиданың сәйкес 1 және 2- қосымшаларына сәйкес нысан бойынша өтініш;
2) жаңа редакциядағы жарғының (ереженің), жарғыға (ережеге) қосымшасының электрондық қөшермесі;
3) нақты орналасқан жері (орналасқан жері өзгерген жағдайда) расталған құжаттың электрондық көшірмесі.
Орналасу жері өзгеретін жағдайда, өкілетті орган шешім қабылдаған күннен бастап бір айдың ішінде құрылтай құжаттарына енгізілген өзгертулер мен қосымшаларды мемлекеттік тіркеу туралы өтініш беріледі.

      3-қосымшаның 10-тармағы жаңа редакцияда жазылсын;

10

Мемлекеттік қызметті, оның ішінде электрондық нысанда және Мемлекеттік корпорация арқылы көрсету ерекшеліктері ескеріле отырып қойылатын өзге де талаптар

Заңнамада белгіленген тәртіппен өзіне-өзі қызмет көрсету, өз бетінше жүріп-тұру, бағдарлану, қабілетін толық немесе ішінара жоғалту мүмкіндігі бар көрсетілетін қызметті алушыларға мемлекеттік қызметті көрсету үшін құжаттарды қабылдауды Мемлекеттік корпорация қызметкері 1414, 8 800 080 777 Бірыңғай байланыс орталығы арқылы өтініш жасау арқылы тұрғылықты жеріне барып жүргізеді.
Көрсетілетін қызметті алушының ЭЦҚ болған жағдайда Мемлекеттік көрсетілетін қызметті "электрондық үкімет" веб-порталы арқылы электрондық нысанда алуға мүмкіндігі бар.
Цифрлық құжаттар сервисі мобилді қосымшада авторландырылған пайдаланушылар үшін қолжетімді.
Цифрлық құжатты пайдалану үшін электрондық-цифрлық қолтаңбаны немесе бір реттік паролді пайдалана отырып, мобилді қосымшада авторландырудан өту, одан әрі "цифрлық құжаттар" бөліміне өтіп, қажетті құжатты таңдау қажет.
Көрсетілетін қызметті алушының мемлекеттік қызметті көрсету тәртібі мен мәртебесі туралы ақпаратты қашықтықтан қол жеткізу режимінде порталдағы "жеке кабинеті", көрсетілетін қызметті берушінің анықтамалық қызметтері, сондай-ақ "1414", 8-800-080-7777 Бірыңғай байланыс орталығы арқылы алуға мүмкіндігі бар.

      "Заңды тұлға қызметінің тоқтатылуын мемлекеттік тіркеу, филиал мен өкілдікті есептік тіркеуден шығару" мемлекеттік көрсетілетін қызметтерді көрсету ережесінде:

      15-тармақ жаңа редакцияда жазылсын:

      "15. Мемлекеттік корпорацияда дайын құжаттарды беру жеке куәлігін немесе цифрлық құжаттар сервисінен электрондық құжат (сәйкестендіру үшін) (не Қазақстан Республикасының азаматтық заңнамасына сәйкес берілген құжаттың негізінде әрекет ететін оның өкілі, онда өкілдің тиісті өкілеттіктері көрсетіледі) көрсеткен кезде жүзеге асырылады.";

      2-қосымшаның 4-тармағы жаңа редакцияда жазылсын:

4

Мемлекеттік қызметті көрсету нысаны

электрондық (толық автоматтандырылған)/қағаз түрінде.

      2-қосымшаның 8-тармағы жаңа редакцияда жазылсын:

8

Мемлекеттік қызмет көрсету үшін қажетті құжаттар тізбесі

1 Мемлекеттік корпорацияға:
1) осы Қағидаларға 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша заңды тұлғаның, филиалдың (өкілдіктің) қызметінің тоқтатылуын тіркеу туралы өтініш;
Көрсетілетін қызметті берушілер цифрлық құжаттарды "электрондық үкімет" веб-порталында тіркелген пайдаланушының ұялы байланысының абоненттік нөмірі арқылы ұсынылған құжат иесінің келісімі болған жағдайда, іске асырылған интеграция арқылы цифрлық құжаттар сервисінен бір реттік паролді беру арқылы немесе "электрондық үкімет" веб-порталының хабарламасына жауап ретінде қысқа мәтіндік хабарлама жіберу арқылы алады.
Үлесіне мемлекет қатысатын заңды тұлға тізілім ұстаушының белгісі бар өтінішті ұсынады. заңды тұлға мүлкінің меншік иесінің немесе меншік иесі уәкілеттік берген органның не заңды тұлғаның мөрімен бекітілген құрылтай құжаттарымен уәкілеттік берілген заңды тұлға органының шешімі. Егер заңды тұлға Жеке кәсіпкерлік субъектісі болып табылса, құжаттарды мөрмен бекіту талап етілмейді.
2) заңды тұлға мүлкінің меншік иесінің немесе меншік иесі уәкілеттік берген органның не заңды тұлғаның мөрімен бекітілген құрылтай құжаттарымен уәкілеттік берілген заңды тұлға органының шешімі. Егер заңды тұлға Жеке кәсіпкерлік субъектісі болып табылса, құжаттарды мөрмен бекіту талап етілмейді;
3) Қазақстан Республикасының бүкіл аумағында таратылатын мерзімді баспасөз басылымдарында заңды тұлғаны тарату, кредиторлардың талаптарын мәлімдеу тәртібі мен мерзімдері туралы ақпараттың жарияланғанын растайтын құжат;
4) заңды тұлғаның мөрін (бар болса) жою туралы құжат.
5) төленгенін растайтын құжат; тіркеу алымының бюджетке қызметінің тоқтатылуын мемлекеттік тіркегені үшін заңды тұлға болып табылатын коммерциялық емес ұйым;
6) шағын және орта кәсіпкерлік субъектілері болып табылатын заңды тұлғаларды қоспағанда, коммерциялық ұйым болып табылатын заңды тұлға қызметінің тоқтатылуын мемлекеттік тіркегені үшін "Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорациясына төленгенін растайтын құжат.
Заңды тұлғаның таратылуын мемлекеттік тіркеу туралы өтініш заңды тұлғаның таратылуы туралы ақпарат жарияланған күннен бастап екі ай өткеннен кейін тіркеуші органға ұсынылады.
Өзіне қатысты сот заңды тұлғаны мәжбүрлеп тарату туралы шешім шығарған заңды тұлға қызметінің тоқтатылуын мемлекеттік тіркеу заңды күшіне енген осындай шешім негізінде жүзеге асырылады.
Мүліктік кешен ретінде жекешелендірілген мемлекеттік кәсіпорынның қызметін тоқтатуды мемлекеттік тіркеу үшін сатып алушы мынадай құжаттарды ұсынады:
1) осы Қағидаларға 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша мемлекеттік тіркеу туралы өтініш;
2) мемлекеттік кәсіпорынды мүліктік кешен ретінде жекешелендіру туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің (Жергілікті атқарушы органның) шешімі;
3) мемлекеттік кәсіпорынның мүліктік кешенін сатып алу-сату шартының көшірмесі;
4) мемлекеттік кәсіпорынның тапсыру актісінің көшірмесі;
5) заңды тұлғаны мемлекеттік тіркегені немесе филиалды (өкілдікті) есептік тіркегені үшін төленгенін растайтын құжат.
Тіркеуші орган заңды тұлғаны тарату туралы шешімді алғаннан кейін Қазақстан Республикасының заңнамалық актілерінде белгіленген тарату тәртібінің сақталуын тексереді, заңды тұлғаны тарату туралы мәліметтерді бизнес-сәйкестендіру нөмірлерінің ұлттық тізіліміне енгізеді.
Мемлекеттік кіріс органдары бизнес-сәйкестендіру нөмірлері Ұлттық тізілімінің мәліметтері негізінде қызметін тоқтататын заңды тұлға бойынша Мемлекеттік кіріс органдарында есепке алу жүргізілетін берешектің жоқ (бар) екендігі туралы мәліметтерді табыс етеді не мұндай заңды тұлға Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен міндеттемелерді орындамаған жағдайда берешек туралы аталған мәліметтерді беруден бас тартады, "Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы" Қазақстан Республикасының Кодексінде (Салық Кодексі) және "Қазақстан Республикасындағы кедендік реттеу туралы" Қазақстан Республикасының Кодексінде айқындалған тәртіппен жүзеге асырылады.
Егер тексеру процесінде тарату тәртібінің бұзылуы анықталмаса, тіркеуші орган қажетті құжаттарды қоса бере отырып, заңды тұлғаны таратуды мемлекеттік тіркеу туралы өтініш берілген күннен кейінгі бес жұмыс күні ішінде заңды тұлға қызметінің тоқтатылуын тіркейді. Табиғи монополия субъектісі қызметінің тоқтатылуын мемлекеттік тіркеуді тіркеуші орган Табиғи монополиялар салаларындағы басшылықты жүзеге асыратын уәкілетті органның алдын ала келісімімен жүзеге асырады.
Заңды тұлғаны тарату тәртібінің бұзылуы анықталған кезде, сондай-ақ таратылатын заңды тұлғаның есептік тіркеуден алынбаған филиалдары (өкілдіктері), есепке алу Мемлекеттік кіріс органдарында жүргізілетін берешегі болған не мемлекеттік кіріс органдары берешек туралы көрсетілген мәліметтерді беруден бас тартқан, осындай заңды тұлға Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен міндеттемелерді орындамаған жағдайларда, сондай-ақ таратылатын заңды тұлғаның есептік тіркеуден алынбаған филиалдары (өкілдіктері) мемлекеттік кіріс органдарында есепке алынады, "Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы" Қазақстан Республикасының Кодексінде (Салық Кодексі) және "Қазақстан Республикасындағы кедендік реттеу туралы" Қазақстан Республикасының Кодексінде айқындалған жағдайларда тіркеуші орган заңды тұлға қызметінің тоқтатылуын мемлекеттік тіркеуден бас тарту туралы шешім шығарады.
Филиал (өкілдік) келесілердің негізінде есептік тіркеуден шығарылуы тиіс:
1) осы Қағидаларға 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша өтініш;
2) акционерлік қоғамдарды қоспағанда, филиал (өкілдік) туралы ереже;
3) коммерциялық емес ұйым болып табылатын заңды тұлғаның филиалын (өкілдігін) есептік тіркеуден шығару үшін бюджетке тіркеу алымының төленгенін растайтын құжат;
4) коммерциялық ұйым болып табылатын заңды тұлғаның филиалын (өкілдігін) есептік тіркеуден шығарғаны үшін "Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорациясына төлегенін растайтын құжат.
Мемлекеттік кіріс органдары бизнес-сәйкестендіру нөмірлері Ұлттық тізілімінің мәліметтері негізінде қызметін тоқтататын шетелдік заңды тұлғаның филиалы (өкілдігі) бойынша Мемлекеттік кіріс органдарында есепке алу жүргізілетін берешектің жоқ (бар) екендігі туралы мәліметтерді ұсынады не шетелдік заңды тұлғаның мұндай филиалы (өкілдігі) қызметін тоқтататын шетелдік заңды тұлғаның филиалы (өкілдігі) қызметін тоқтататын филиалы (өкілдігі) бойынша міндеттемелерді орындамаған жағдайда берешегі туралы көрсетілген мәліметтерді беруден бас тартады, "Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы" Қазақстан Республикасының Кодексінде (Салық Кодексі) және "Қазақстан Республикасындағы кедендік реттеу туралы" Қазақстан Республикасының Кодексінде айқындалған тәртіппен жүзеге асырылады.
Сот борышкерді банкрот деп тану және банкроттық рәсімін қозғай отырып, оны тарату туралы шешім шығарған заңды тұлғаның филиалын (өкілдігін) есептік тіркеуден шығару банкроттық рәсімін аяқтау туралы заңды күшіне енген сот ұйғарымының негізінде жүзеге асырылады.
Сот заңды тұлғаны мәжбүрлеп тарату туралы шешім шығарған заңды тұлғаның филиалын (өкілдігін) есептік тіркеуден шығару заңды күшіне енген осындай шешім негізінде жүзеге асырылады.
Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген заңды тұлға филиалының (өкілдігінің) қызметін тоқтату тәртібінің бұзылуы анықталған кезде, сондай-ақ мемлекеттік кіріс органдарында есепке алу жүргізілетін берешегі болған не шетелдік заңды тұлғаның мұндай филиалы (өкілдігі) Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен міндеттемелерді орындамаған жағдайда Мемлекеттік кіріс органдары берешек туралы көрсетілген мәліметтерді беруден бас тартқан жағдайда, Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен заңды тұлға филиалының (өкілдігінің) қызметін тоқтату тәртібін бұзушылықтар анықталған, "Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы" Қазақстан Республикасының Кодексінде (Салық Кодексі) және "Қазақстан Республикасындағы кедендік реттеу туралы" Қазақстан Республикасының Кодексінде айқындалған тәртіппен тіркеуші орган филиалды (өкілдікті) есептік тіркеуден шығарудан бас тарту туралы шешім шығарады.
2. Порталда:
заңды тұлғаның, филиалдың және өкілдіктің қызметін тоқтатуды мемлекеттік тіркеу үшін осы Стандарттың 9-тармағында көзделген құжаттардың электрондық көшірмелерін қоса бере отырып, электрондық құжат нысанында толтыру және "электрондық үкіметтің" төлем шлюзі арқылы тіркеу алымын төлеу арқылы заңды тұлғаның, филиалдың немесе өкілдіктің қызметін тоқтату туралы өтініш беріледі.

      2-қосымшаның 10-тармағы жаңа редакцияда жазылсын;

10

Мемлекеттік қызметті, оның ішінде электрондық нысанда және Мемлекеттік корпорация арқылы көрсету ерекшеліктері ескеріле отырып қойылатын өзге де талаптар

Заңнамада белгіленген тәртіппен өзіне-өзі қызмет көрсету, өз бетінше жүріп-тұру, бағдарлану, қабілетін толық немесе ішінара жоғалту мүмкіндігі бар көрсетілетін қызметті алушыларға мемлекеттік қызметті көрсету үшін құжаттарды қабылдауды Мемлекеттік корпорация қызметкері 1414, 8 800 080 777 Бірыңғай байланыс орталығы арқылы өтініш жасау арқылы тұрғылықты жеріне барып жүргізеді.
Көрсетілетін қызметті алушының ЭЦҚ болған жағдайда Мемлекеттік көрсетілетін қызметті "электрондық үкімет" веб-порталы арқылы электрондық нысанда алуға мүмкіндігі бар.
Цифрлық құжаттар сервисі мобилді қосымшада авторландырылған пайдаланушылар үшін қолжетімді
Цифрлық құжатты пайдалану үшін электрондық-цифрлық қолтаңбаны немесе бір реттік паролді пайдалана отырып, мобилді қосымшада авторландырудан өту, одан әрі "цифрлық құжаттар" бөліміне өтіп, қажетті құжатты таңдау қажет.
Көрсетілетін қызметті алушының мемлекеттік қызметті көрсету тәртібі мен мәртебесі туралы ақпаратты қашықтықтан қол жеткізу режимінде порталдағы "жеке кабинеті", көрсетілетін қызметті берушінің анықтамалық қызметтері, сондай-ақ "1414", 8-800-080-7777 Бірыңғай байланыс орталығы арқылы алуға мүмкіндігі бар.

      2. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің Тіркеу қызметі және заң қызметтерді ұйымдастыру департаменті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен осы бұйрықты мемлекеттік тіркеуді және Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің ресми интернет-ресурсында жариялауды қамтамасыз етсін.

      3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасы Әділет вице-министріне жүктелсін.

      4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
Әділет министрі
М. Бекетаев

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасының

      Цифрлық даму, инновациялар және

      аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі

  Қазақстан Республикасы
Әділет министрінің
2021 жылғы 29 шілдедегі
№ 657 Бұйрығына
қосымша
  "Заңды тұлғаларды мемлекеттік
тіркеу, олардың филиалдары
мен өкілдіктерін есептік тіркеу"
мемлекеттік көрсетілетін қызмет
ережеге
13-1-қосымша
  Нысан

Мүшелердің тізімі _____________________________________________________ саяси партияның атауы ______________________________________________________ Нұр-Сұлтан, Алматы және Шымкент қаласы, облыс

№ р/с

Тегі, аты, әкесінің аты(болған жағдайда)

Туылған жылы мен айы

ЖСН

Қазақстан Республикасы азаматының жеке басын анықтайтын құжаттың нөмірі

Тұрғылықты мекен-жайы

1

2

3

4

5

6







      ____________________________________________________________________________

      Тізімді жасауға жауапты тұлғаның тегі, аты және қолы (тізімнің әр беті тізімді жасауға жауапты тұлғаның қолымен бекітіледі)

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады