Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің кейбір бұйрықтарына өзгерістер енгізу туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің м.а. 2021 жылғы 5 тамыздағы № 420 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2021 жылғы 9 тамызда № 23902 болып тіркелді

      БҰЙЫРАМЫН:

      1. "Сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі саласында инжинирингтік қызметтер көрсету қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2015 жылғы 3 ақпандағы № 71 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 10401 болып тіркелген) мынадай өзгеріс енгізілсін:

      көрсетілген бұйрықпен бекітілген Сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі саласында инжинирингтік қызметтер көрсету қағидаларында:

      14-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "14. Орындалған жұмыстарға ақы төлеу үшін оларды қабылдауды техникалық қадағалаудың өкілі құрылыстың мердігерлік шартында белгіленген тәртіппен жүргізеді. Есепті кезең деп объектіні салу немесе құрылыс жұмыстарын орындау үшін қажет ай не уақыт кезеңі қабылдануы мүмкін. Қабылдаудың нәтижелері бойынша Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2015 жылғы 19 наурыздағы № 229 бұйрығымен бекітілген (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 10795 болып тіркелген) Тапсырыс берушінің (құрылыс салушының) қызметін ұйымдастырудың және функцияларын жүзеге асырудың қағидаларына 3-қосымшада белгіленген нысан бойынша техникалық қадағалаудың өкілі үш жұмыс күн ішінде қол қоятын орындалған құрылыс жұмыстарының актісі ресімделеді не осы Қағидалардың 3-тарауының талаптарын бұзушылықтар болған кезді дәлелді бас тарту беріледі.".

      2. "Тапсырыс берушінің (құрылыс салушының) қызметін ұйымдастырудың және функцияларын жүзеге асырудың қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2015 жылғы 19 наурыздағы № 229 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 10795 болып тіркелген) мынадай өзгерістер енгізілсін:

      көрсетілген бұйрықпен бекітілген Тапсырыс берушінің (құрылыс салушының) қызметін ұйымдастырудың және функцияларын жүзеге асырудың қағидаларында:

      4 және 4-1-қосымшалар осы бұйрыққа 1 және 2-қосымшаларға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.

      3. Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің Құрылыс және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық істері комитеті заңнамада белгіленген тәртіппен:

      1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;

      2) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.

      4. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Индустрия және инфрақұрылымдық даму вице-министріне жүктелсін.

      5. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
Индустрия және инфрақұрылымдық
даму министрінің міндетін атқарушы
К. Ускенбаев

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасының

      Ұлттық экономика министрлігі

  Қазақстан Республикасының
Индустрия және
инфрақұрылымдық
даму министрінің міндетін
атқарушының
2021 жылғы 5 тамыздағы
№ 420 бұйрығына
1-қосымша
  Тапсырыс берушінің
(құрылыс салушының) қызметін
ұйымдастыру және
функцияларын жүзеге асыру
қағидаларына
4-қосымша

      Нысан

      Тапсырыс беруші:

      Мердігер:

      Құрылыстың атауы және оның мекенжайы:

Орындалған құрылыс жұмыстарының құны және шығындары туралы анықтама (базалық-индекстік әдіс бойынша)

      20__жылғы ____________

Код

Код

Шарт

Қаржыландыру көзі

Ұйымдастыру-құқықтық нысаны

тапсырыс беруші

мердігер

нөмірі

күні

атауы

коды

атауы

коды

Іске қосу кешендерінің, объектілердің атауы

Орындалған жұмыстардың құны және шығындар, мың теңгеде

ҚҚС

Барлығы төлемге

ҚҚС қоса алғанда, жылдың басынан бастап есептік айға дейін

ҚҚС-сыз есепті айда (___) үшін

1-бағаннан

2001 жылғы базалық баға деңгейіндегі құрылыс-монтаждау жұмыстарының құны

оның ішінде

2001 жылғы базалық баға деңгейіндегі ҚМЖ құрамына кірмейтін өзге де шығындардың құны

қосымша шығындар

есепті айда

жабдықты монтаждау бойынша

материалдарды сатып алуға

басқа қосымша шығыстар

А

1

2

3

4

5

6

7

8

9

10












      Мөр орны (бар болған жағдайда)

      Тапсырыс беруші __________________________________________________________

      (лауазымы, аты-жөні, қолы, бизнес сәйкестендіру нөмірі

      немесе жеке сәйкестендіру нөмірі)

      Мөр орны (бар болған жағдайда)

      Мердігер __________________________________________________________________

      (лауазымы, аты-жөні, қолы, бизнес сәйкестендіру нөмірі немесе

      жеке сәйкестендіру нөмірі)

      Мөр орны (бар болған жағдайда)

      Техникалық қадағалау жөніндегі сарапшы(лар): _________________________________

      (лауазымы, тегі, аты, әкесінің аты (бар болған жағдайда), жеке

      сәйкестендіру нөмірі, аттестат №, қолы)

  Қазақстан Республикасының
Индустрия және
инфрақұрылымдық
даму министрінің міндетін
атқарушының
2021 жылғы 5 тамыздағы
№ 420 бұйрығына
2-қосымша
  Тапсырыс берушінің
(құрылыс салушының) қызметін
ұйымдастыру және
функцияларын жүзеге асыру
қағидаларына
4-1-қосымша

      Нысан

      Тапсырыс беруші:

      Мердігер:

      Құрылыстың атауы және оның мекенжайы:

Орындалған құрылыс жұмыстарының құны және шығындары туралы анықтама (ресурстық әдіс бойынша)

      20__жылғы ____________

Код

Код

Шарт

Қаржыландыру көзі

Ұйымдастыру-құқықтық нысаны

тапсырыс беруші

мердігер

нөмірі

күні

атауы

коды

атауы

коды

Іске қосу кешендерінің, объектілердің атауы

Орындалған жұмыстардың құны және шығындар, мың теңге

ҚҚС (1-ба-ған бойынша)

Төлемге барлығы

ҚҚС қоса алғанда, жылдың басынан бастап есепті айға дейін

ҚҚС-сыз есепті айда (____) үшін

1-бағаннан

Сметалық баға деңгейіндегі құрылыс-монтаждау жұмыстарының құны

оның ішінде

20__ жылғы базалық баға деңгейіндегі құрылыс-монтаждау жұмыстарының құрамына кірмейтін өзге де шығындардың құны

қосымша шығындар

есепті айда

жабдықты монтаждау бойынша

материалдар сатып алуға

басқа қосымша шығыстар

А

1

2

3

4

5

6

7

8

9

10












      Мөр орны(бар болған жағдайда)

      Тапсырыс беруші ___________________________________________________________

      (лауазымы, аты-жөні, қолы, бизнес сәйкестендіру нөмірі немесе жеке

      сәйкестендіру нөмірі)

      Мөр орны (бар болған жағдайда)

      Мердігер __________________________________________________________________

      (лауазымы, аты-жөні, қолы, бизнес сәйкестендіру нөмірі немесе жеке

      сәйкестендіру нөмірі)

      Мөр орны(бар болған жағдайда)

      Техникалық қадағалау сарапшысы (лары): ______________________________________

      (лауазымы, тегі, аты, әкесінің аты (бар болған жағдайда), жеке

      сәйкестендіру нөмірі, аттестат №, қолы)

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады