Қоршаған ортаның жай-күйі туралы және Қазақстан Республикасының табиғи ресурстарын пайдалану туралы Ұлттық баяндаманы әзірлеу, сондай-ақ қоршаған ортаның жай-күйі туралы және Қазақстан Республикасының табиғи ресурстарын пайдалану туралы интерактивті баяндаманы әзірлеу және жүргізу қағидаларын бекіту туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Экология, геология және табиғи ресурстар министрінің м.а. 2021 жылғы 5 тамыздағы № 297 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2021 жылғы 9 тамызда № 23904 болып тіркелді

      Қазақстан Республикасының Экология кодексінің 23-бабының 2-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

      1. Қоса беріліп отырған Қоршаған ортаның жай-күйі туралы және Қазақстан Республикасының табиғи ресурстарын пайдалану туралы ұлттық баяндаманы, сондай-ақ Қоршаған ортаның жай-күйі туралы және Қазақстан Республикасының табиғи ресурстарын пайдалану туралы интерактивті баяндаманы әзірлеу және жүргізу қағидалары бекітілсін.

      2. Қазақстан Республикасы Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігінің Экологиялық саясат және тұрақты даму департаменті заңнамада белгіленген тәртіппен:

      1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;

      2) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігінің интернет-ресурсында орналастырылуын;

      3) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде осы тармақтың 1) және 2) тармақшаларына сәйкес іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтердің Қазақстан Республикасы Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігі қызметінің заң департаментіне ұсынылуын қамтамасыз етсін.

      3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Экология, геология және табиғи ресурстар вице-министріне жүктелсін.

      4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасы
Экология, геология және табиғи
ресурстар министрінің м.а.
А. Примкулов

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасы Ақпарат

      және қоғамдық даму министрлігі

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасы

      Ауыл шаруашылығы министрлігі

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасы

      Білім және ғылым министрлігі

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасы

      Денсаулық сақтау министрлігі

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасы Индустрия

      және инфрақұрылымдық

      даму министрлігі

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасы

      Қаржы министрлігі

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасы

      Қорғаныс министрлігі

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасы

      Мәдениет және спорт министрлігі

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикаcы

      Сауда және интеграция министрлігі

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасы

      Сыртқы істер министрлігі

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасы

      Төтенше жағдайлар министрлігі

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасы

      Ұлттық экономика министрлігі

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасы

      Цифрлық даму, инновациялар

      және аэроғарыш

      өнеркәсібі министрлігі

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасы

      Ішкі істер министрлігі

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасы

      Энергетика министрлігі

  Қазақстан Республикасы
Экология, геология және
табиғи ресурстар
министрінің м.а.
2021 жылғы 5 тамыздағы
№ 297 бұйрығымен бекітілген

Қоршаған ортаның жай-күйі туралы және Қазақстан Республикасының табиғи ресурстарын пайдалану туралы Ұлттық баяндаманы әзірлеу, сондай-ақ қоршаған ортаның жай-күйі туралы және Қазақстан Республикасының табиғи ресурстарын пайдалану туралы интерактивті баяндаманы әзірлеу және жүргізу қағидалары

1-тарау. Жалпы ережелер

      1. Осы Қоршаған ортаның жай-күйі туралы және Қазақстан Республикасының Табиғи ресурстарын пайдалану туралы Ұлттық баяндаманы әзірлеу, сондай-ақ Қоршаған ортаның жай-күйі туралы және Қазақстан Республикасының табиғи ресурстарын пайдалану туралы интерактивті баяндаманы әзірлеу және жүргізу қағидалары (бұдан әрі – Ұлттық баяндама) Қазақстан Республикасы Экология кодексінің (бұдан әрі – Экология кодексі) 23-бабының 2-тармағына сәйкес әзірленді (бұдан әрі – Қағидалар) және Қоршаған ортаның жай-күйі туралы және Қазақстан Республикасының табиғи ресурстарды пайдалану туралы Ұлттық баяндаманы әзірлеу, Қоршаған ортаның жай-күйі туралы және Қазақстан Республикасының табиғи ресурстарын пайдалану туралы интерактивті баяндама (бұдан әрі – Интерактивті баяндама) әзірлеу және жүргізу тәртібін айқындайды.

      2. Ұлттық баяндама Қазақстан Республикасының аумағындағы нақты экологиялық жағдайлар және оны жақсарту бойынша қолданылатын шаралар туралы халықты хабардар ету мақсатында жыл сайынғы негізде жасалатын Қоршаған ортаның жай-күйі туралы және Қазақстан Республикасының Табиғи ресурстарын пайдалану туралы талдамалық есеп болып табылады.

      3. Ұлттық баяндама мемлекеттік экологиялық ақпарат қорының ақпарат көзі болып табылады. Қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкілетті орган қолда бар деректердің, сондай-ақ орталық мемлекеттік органдар мен жергілікті атқарушы органдар ұсынған ақпараттың негізінде Ұлттық баяндаманы әзірлеуді және Қоршаған ортаның жай-күйі туралы және Қазақстан Республикасының Табиғи ресурстарын пайдалану туралы интерактивті баяндаманы жыл сайын әзірлеуді ұйымдастырады. Ұлттық баяндаманы әзірлеу жөніндегі, интерактивті баяндаманы әзірлеу және жүргізу жөніндегі қызметті қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкілетті органның ведомствоға бағынысты ұйымы (бұдан әрі – ведомстволық бағынысты ұйым) жүзеге асырады.

      4. Ұлттық баяндама мен Интерактивті баяндама мемлекеттік және орыс тілдерінде әзірленеді.

2-тарау. Ұлттық баяндаманы жасау үшін орталық мемлекеттік органдар мен жергілікті атқарушы органдардың ақпарат беру тәртібі

      5. Қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкілетті орган жыл сайын есептілік жылдан кейінгі жылдың 31 қаңтарынан кешіктірмей орталық мемлекеттік органдарға (Ұлттық баяндаманы әзірлеу мақсаттары үшін талап етілетін деректердің сипатына қарай), сондай-ақ облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың жергілікті атқарушы органдарына Ұлттық баяндаманы әзірлеу үшін ақпарат беру туралы сұратулар жібереді.

      6. Мемлекеттік органдар жыл сайын есепті жылдан кейінгі жылдың 1 наурызына дейін Ұлттық баяндаманы жасау үшін ақпарат ұсынады.

      7. Қоршаған ортаны қорғау, "жасыл экономиканы" дамыту, қалдықтармен (коммуналдық, медициналық және радиоактивті қалдықтарды қоспағанда) жұмыс істеу, табиғи ресурстарды қорғау, олардың ұтымды пайдаланылуын бақылау және қадағалау саласындағы уәкілетті орган мыналар бойынша ақпаратты дайындауды ұйымдастырады:

      1) қоршаған орта жай-күйiнiң мониторингiн;

      2) өндіру және тұтыну қалдықтарын басқаруды;

      3) парниктiк газдардың және озонды бұзатын заттарды тұтынудың мониторингін;

      4) климаттың және Жердiң озон қабатының мониторингін;

      5) жойылуы қиын органикалық ластауыштар;

      6) мемлекеттік экологиялық бақылауды;

      7) мемлекеттік экологиялық сараптаманы;

      8) қоршаған ортаға эмиссияларға рұқсаттарға;

      9) міндетті экологиялық аудитті;

      10) қоршаған ортаны қорғау саласындағы халықаралық ынтымақтастықты;

      11) қоршаған ортаны қорғау саласындағы ғылыми зерттеулерді;

      12) мемлекеттік экологиялық саясатты және Қазақстан Республикасының Табиғи ресурстарын пайдалану саласындағы саясатты, оның ішінде Қазақстан Республикасының "жасыл экономикаға" көшуі және орнықты даму бөлігінде іске асыруды;

      13) климаттың өзгеруінің әсерлері, климаттың өзгеруінің болжанатын әсерлері, климаттың өзгеруіне осалдылық және климаттың өзгеруіне бейімделу жөніндегі шаралар туралы ақпаратты ұсынады.

      8. Көмірсутектер, уран өндіру, мұнай өнімдерін өндіру, атом энергиясын пайдалану саласындағы, жаңартылатын энергия көздерін пайдалануды қолдау саласындағы мемлекеттік саясатты іске асыру бойынша, сондай-ақ электр энергетикасы саласындағы басшылықты, газды өндіруді, тасымалдауды (тасуды), сақтауды және көтерме саудада өткізуді, сондай-ақ тауарлық және сұйытылған мұнай газын бөлшек саудада өткізу мен тұтынуды мемлекеттік реттеуді жүзеге асыратын уәкілетті мемлекеттік орган, магистральдық құбыр саласындағы басшылық және салааралық үйлестіру мынадай ақпаратты ұсынады:

      1) электр энергиясын өндіру және олардың динамикасын талдау;

      2) атом, мұнай-химия өнеркәсібінің, мұнай-газ саласының энергия сыйымдылығы және оның төмендеу немесе жоғарылау динамикасы;

      3) жаңартылатын энергия көздері;

      4) мұнай - газ, мұнай-газ химиясы өнеркәсібінің көрсеткіштері (шикізатты өндіру, өндіру және қайта өңдеу);

      5) атом өнеркәсібініің көрсеткіштері;

      6) мұнай өнімдерін өндіру;

      7) газбен жабдықтау;

      8) көмірсутектерді өндіру, уран өндіру;

      9) ядролық және радиациялық қауіпсіздікті қамтамасыз ету саласындағы саясат, аумақтарды (оның ішінде бұрынғы Семей сынақ полигонын) радиоэкологиялық зерттеу, атом энергиясын пайдалану саласындағы мемлекеттік бақылау мен қадағалау.

      9. Қатты пайдалы қазбалар саласындағы уәкілетті мемлекеттік орган уран өндіруді қоспағанда, қатты пайдалы қазбалар бойынша ақпарат береді.

      10. Орман қорын күзету, қорғау, пайдалану, ормандарды молықтыру және орман өсіру саласындағы уәкілетті мемлекеттік орган мынадай ақпарат береді:

      1) орман қорының жалпы сипаттамасы;

      2) ормандар мен орманмен көмкерілген жерлердің жалпы ауданы;

      3) ерекше қорғалатын табиғи аумақтардағы орман алаңдары;

      4) орман заңнамасы саласындағы мемлекеттік бақылау және қадағалау;

      5) ормандарды молықтыру және орман өсіру (орманды қалпына келтіру);

      6) мемлекеттік орман қоры учаскелеріне орман пайдалануға рұқсат беру бойынша ақпаратты ұсынады.

      11. Жануарлар дүниесін қорғау, өсімін молайту және орнықты пайдалану саласындағы уәкілетті мемлекеттік орган:

      1) жануарлар дүниесінің жалпы сипаттамасы;

      2) жануарлардың сирек кездесетін және құрып кету қаупі төнген түрлерінің саны;

      3) жануарлардың жекелеген түрлері санының өзгеру үрдісі;

      4) аңшылық шаруашылығын дамытудың негізгі мәселелері;

      5) балық шаруашылығын дамытудың негізгі мәселелері

      6) жануарлар дүниесін қорғау, өсімін молайту және пайдалану саласындағы бақылау және қадағалау;

      7) фауна мен флораның жалпы сипаттамасы, генетикалық ресурстар мен генофонд бойынша ақпарат;

      8) Қазақстан Республикасының "Қазақстан Республикасының құрып кету қаупі төнген жабайы фауна мен флора түрлерімен халықаралық сауда туралы конвенцияға қосылуы туралы" Заңына сәйкес тарапы Қазақстан Республикасы болып табылатын, Жануарлардың сирек кездесетін және құрып кету қаупі төнген түрлерін, сондай-ақ құрып кету қаупі төнген жабайы фауна мен флора түрлерімен халықаралық сауда туралы конвенцияның қосымшаларына енгізілген түрлерді еріксіз және (немесе) жартылай ерікті жағдайларда ұстау және өсіру, сондай-ақ олармен сауда жасау.

      12. Ерекше қорғалатын табиғи аумақтар саласындағы уәкілетті мемлекеттік орган:

      1) ерекше қорғалатын табиғи аумақтардың жалпы сипаттамасы;

      2) ерекше қорғалатын табиғи аумақтардың алаңдары (мемлекеттік табиғи қорықтар, мемлекеттік ұлттық табиғи парктер, мемлекеттік табиғи резерваттар, мемлекеттік зоологиялық парктер, мемлекеттік ботаникалық бақтар, мемлекеттік дендрологиялық парктер, мемлекеттік табиғат ескерткіштері, мемлекеттік табиғи қаумалдар, мемлекеттік қорық аймақтары, мемлекеттік аймақтық табиғи парктер және Қазақстан Республикасының заңнамалық актілерінде көзделген ерекше қорғалатын табиғи аумақтардың өзге де түрлері);

      3) ерекше қорғалатын табиғи аумақтар саласындағы бақылау және қадағалау бойынша ақпаратты ұсынады.

      13. Жер ресурстарын реттеу бойынша уәкілетті мемлекеттік орган:

      1) Қазақстан Республикасындағы жердің жай-күйі және оны пайдалану;

      2) жердің пайдаланылуы мен қорғалуын мемлекеттік бақылау туралы ақпартты ұсынады.

      14. Азаматтық қорғау саласындағы уәкілетті мемлекеттік орган азаматтық қорғау саласы туралы ақпаратты ұсынады:

      1) табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайлар кезінде;

      2) табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайлардың алдын алу және оларды жою жөнінде қолданылатын шараларға қолданылмайды.

      16. Жер қойнауын зерттеу жөніндегі уәкілетті мемлекеттік орган мына ақпаратты:

      1) республиканың минералдық-шикізат базасының жай-күйі және негізгі проблемалары туралы;

      2) жерасты суларын есепке алу бойынша;

      3) жер қойнауын зерттеу саласындағы бақылау бойынша ақпаратты ұсынады.

      17. Халықтың санитариялық-эпидемиологиялық салауаттылығы саласындағы мемлекеттік орган санитариялық-эпидемиологиялық мониторинг нәтижелері (судың, атмосфералық ауаның, топырақтың жай-күйіне) туралы ақпарат ұсынады.

      18. Агроөнеркәсіптік кешенді дамыту саласындағы уәкілетті мемлекеттік орган мына ақпаратты:

      1) ауыл шаруашылығы саласының жалпы сипаттамасы;

      2) ветеринария, өсімдіктерді қорғау және карантин бойынша өткізілген іс-шаралар;

      3) минералды және органикалық тыңайтқыштарды тұтыну, пестицидтерді енгізу;

      4) ауыл шаруашылығы дақылдарының өнімділігі бойынша ақпаратты ұсынады.

      19. Коммуналдық шаруашылық саласындағы уәкілетті мемлекеттік органның ведомствосы халықтың жан басына шаққандағы тұрмыстық су тұтыну бойынша ақпаратын ұсынады.

      20. Су қорын пайдалану және қорғау, сумен жабдықтау және су бұру саласындағы уәкілетті мемлекеттік орган:

      1) суды және оны пайдалануды мемлекеттік есепке алу;

      2) жер асты суларының есебі;

      3) су объектілерінің мемлекеттік мониторингі;

      4) су қорын пайдаланудың негізгі мәселелері;

      5) су қорын пайдалану және қорғау саласындағы мемлекеттік бақылау;

      6) ағынды сулар және тазарту құрылыстары бойынша ақпаратты ұсынады.

      21. Ғарыш қызметі саласындағы уәкілетті мемлекеттік орган:

      1) "Байқоңыр" кешенінің ғарыштық-зымыран қызметінің әсеріне ұшыраған аумақтарға мониторинг нәтижелері;

      2) ғарыш мониторингі нәтижелері жөніндегі ақпаратты ұсынады.

      22. Білім беру саласындағы уәкілетті мемлекеттік орган:

      1) экологиялық білім және ағарту;

      2) білім берудің барлық деңгейлерінде экологиялық білімді насихаттау;

      3) экологиялық мәдениетті қалыптастыру жөніндегі ақпаратты ұсынады.

      23. Ғылым саласындағы уәкілетті мемлекеттік орган қоршаған ортаны қорғау саласындағы ғылыми зерттеулер бойынша ақпаратты ұсынады.

      24. Жол жүру қауіпсіздігін қамтамасыз ету жөніндегі уәкілетті мемлекеттік орган:

      1) пайдаланылатын отынның түрлері бойынша бөліністегі жол механикалық көлік құралдары паркінің құрамы;

      2) жол механикалық көлік құралдары паркінің орташа жасы бойынша ақпаратты ұсынады.

      25. Темір жол, автомобиль, ішкі су көлігі, сауда мақсатында теңізде жүзу, әуе кеңістігін пайдалану саласындағы уәкілетті мемлекеттік орган:

      1) жолаушылар айналымы;

      2) жүк айналымы бойынша ақпаратты ұсынады.

      26. Облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың жергілікті атқарушы органдары:

      1) қоршаған ортаның (атмосфералық ауаның, жер үсті және жер асты суларының, топырақтың) сапасы туралы;

      2) экологиялық проблемалар туралы (себептері, ағымдағы жағдайы және оларды шешу нұсқалары);

      3) қоршаған ортаға теріс антропогендік әсерді азайту жөніндегі іс-шаралар туралы;

      4) су ресурстары туралы;

      5) жер ресурстары (жер балансы, жерді алып қою) туралы;

      6) жер қойнауы ресурстары туралы;

      7) жануарлар мен өсімдіктер әлемі, биоәртүрлілік туралы;

      8) қалдықтар туралы (қалдықтардың пайда болуының негізгі көздері және олардың қысқаша сипаттамасы, жинақталған өнеркәсіптік қалдықтардың көлемі (өнеркәсіп саласы, қалдықтың түрі), жинақталған коммуналдық қалдықтардың көлемі, қалдықтарды қайта өңдеу және кәдеге жарату, қалдықтарды полигондарда көму; қалдықтарды санитариялық сақтау, халықты қатты тұрмыстық қалдықтарды әкетумен жабу);

      9) мемлекеттік экологиялық сараптама бойынша;

      10) II санаттағы объектілерге экологиялық рұқсаттар бойынша;

      11) қоршаған ортаға әсер ету туралы декларациялар бойынша;

      12) газдандыру туралы;

      13) электр энергиясын тұтыну, жылу энергиясын өндіру және тұтыну және олардың динамикасын талдау туралы;

      14) электр станциялары мен жылу станцияларының отын шығыны (отын түрлері бойынша) және оның жылдар бойынша динамикасы туралы;

      15) жаңартылатын энергия көздері туралы;

      16) қоршаған орта сапасының нысаналы көрсеткіштеріне қол жеткізу және барлық тиісті индикаторлардың нақты нәтижелері туралы;

      17) жергілікті деңгейде мемлекеттік экологиялық саясатты іске асыру барысы туралы;

      18) облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың жергілікті атқарушы органдарының қоршаған ортаны қорғау жөніндегі іс-шаралар жоспарын іске асыру барысы және осындай іс-шараларға жергілікті бюджеттің шығындары туралы;

      19) жергілікті бюджетке түскен қоршаған ортаға теріс әсер еткені үшін төлемнің жалпы сомасы туралы;

      20) жергілікті деңгейде тарихи ластану объектілерін анықтау, бағалау және жою туралы; климаттың өзгеру әсері, климаттың өзгеруінің болжамды әсері, климаттың өзгеруіне осалдық, климаттың өзгеруіне бейімделу жөнінде қабылданған және жоспарланған шаралар туралы;

      21) "жасыл" экономика және орнықты даму:

      22) энергия тиімділігін арттыру, аз қалдықты өндірістер, жасыл инновацияларды енгізу және т. б. бойынша іске асырылған жобалар бойынша ақпаратты ұсынады.

      27. Орталық мемлекеттік органдар, облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың жергілікті атқарушы органдары қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкілетті органның сұратуына сәйкес міндеттер бөлінісінде орнықты даму мақсаттарын іске асыру бойынша ақпаратты, сондай-ақ Қоршаған ортаның жай-күйі туралы және Қазақстан Республикасының табиғи ресурстарын пайдалану туралы ақпаратты қосымша ұсынады.

      28. Орталық мемлекеттік органдар, облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың жергілікті атқарушы органдары қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкілетті органға ұсынатын ақпарат қажетті қосалқы материалдармен (кестелер, диаграммалар, графиктер, суреттер, фотосуреттер) толықтырылған талдамалық жазба түрінде қалыптастырылады.

3-тарау. Ұлттық баяндаманы әзірлеу тәртібі

      29. Ұлттық баяндама қоршаған орта мен табиғи ресурстардың сапалық және сандық сипаттамалары, антропогендік әсер, мемлекеттік саясатты, статистикалық, сараптамалық, ғылыми және өзге де ақпаратты іске асыру туралы деректерді талдауға негізделеді, экологиялық сала мен сабақтас салалардың даму деңгейін көрсетеді, экологиялық проблемалар мен оларды шешудің ықтимал нұсқаларын айқындайды.

      30. Қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкілетті орган орталық мемлекеттік органдар, облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың жергілікті атқарушы органдары ұсынған ақпаратты жинауды, қорытуды, талдауды ұйымдастырады.

      31. Қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкілетті орган қарауға келіп түскен күннен бастап күнтізбелік 30 күннен кешіктірмей ақпаратты қарайды және ескертулер болған жағдайда қосымша сұратулар жібереді.

      Нақты, толық және жан-жақты ақпарат негізінде Ұлттық баяндаманы әзірлеуді қамтамасыз ету мақсатында қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкілетті орган тиісті орталық мемлекеттік органдарға, облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың жергілікті атқарушы органдарына қосымша анықтамалар жібереді.

      Қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкілетті органнан қосымша сұрату алған күннен бастап күнтізбелік он күн ішінде орталық мемлекеттік органдар, облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың жергілікті атқарушы органдары қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкілетті органға тиісті ақпаратты жібереді.

      32. Ақпарат мемлекеттік органдардың электрондық құжат айналымының бірыңғай жүйесі немесе электрондық құжаттың қағаз көшірмесін ұсыну қажеттілігінсіз бұлтты құжат айналымы арқылы ұсынылады.

      33. Ұлттық баяндамада мынадай мәліметтер қамтылуға тиіс:

      1) қоршаған орта мен табиғи ресурстардың сапалық және сандық сипаттамалары туралы (алдыңғы ұқсас кезеңмен салыстырғанда ағымдағы ахуалды талдау, қоршаған орта мен табиғи ресурстар сапасының тиісті көрсеткіштерінің динамикасы);

      2) қоршаған ортаға антропогендік әсер ету туралы (өткен ұқсас кезеңмен салыстырғанда ағымдағы ахуалды талдау, антропогендік әсердің тиісті көрсеткіштерінің динамикасы), негізгі қоғамдық маңызы бар экологиялық проблемалардың сипаттамасы және оларды шешудің ықтимал нұсқалары туралы ақпаратты ұсынады;

      3) қоршаған орта сапасының нысаналы көрсеткіштері туралы мәліметтерді қоса алғанда, өңірлердегі экологиялық жағдай туралы ақпарат қамтылуға тиіс;

      4) есептілік кезеңде Қазақстан Республикасының экологиялық заңнамасына енгізілген өзгерістер туралы;

      5) қоршаған ортаны қорғау және табиғи ресурстарды пайдалану саласындағы, оның ішінде Қазақстан Республикасының "жасыл" экономикаға көшуі, орнықты даму, жұртшылықтың экологиялық ақпаратқа қол жеткізу және Қазақстан Республикасының Қоршаған ортаны қорғау мен орнықты даму мәселелерін қозғайтын шешімдерді қабылдауға қатысу құқықтарын қамтамасыз ету бөлігіндегі мемлекеттік саясаттың іске асырылуына шолу;

      6) климаттың өзгеруінің әсері, климаттың өзгеруінің болжамды әсері, климаттың өзгеруіне осалдық және климаттың өзгеруіне бейімделу бойынша шаралар туралы;

      7) Қазақстан Республикасының Қоршаған ортаны қорғау саласындағы халықаралық міндеттемелерінің орындалуы туралы.

      Статистикалық, сараптамалық, ғылыми және өзге де ақпарат Ұлттық баяндамада ақпарат көзі көрсетіле отырып келтіріледі.

      34. Ұлттық баяндаманың жобасын қалыптастырғаннан кейін қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкілетті орган есептілік жылдан кейінгі жылдың 1 қыркүйегіне дейін оны өзінің ресми интернет-ресурсында орналастырады және оны орталық мемлекеттік органдарға, облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың жергілікті атқарушы органдарына келісуге жібереді.

      35. Орталық мемлекеттік органдар, облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың жергілікті атқарушы органдары күнтізбелік он бес күн ішінде ұлттық баяндаманың жобасын келіседі немесе қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкілетті органға өз ескертпелері мен ұсыныстарын жібереді.

      36. Қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкілетті орган есепті жылдан кейінгі жылдың 1 қазанына дейінгі мерзімде алынған ескертулерді ескере отырып, ұлттық баяндаманың жобасын пысықтайды және пысықталған жобаны орталық мемлекеттік органдарға, облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың жергілікті атқарушы органдарына қайта келісуге жібереді.

      37. Орталық мемлекеттік органдар, облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың жергілікті атқарушы органдары Ұлттық баяндаманың пысықталған жобасын оны қайта келісуге алған күннен бастап бес жұмыс күні ішінде келіседі.

      38. Ұлттық баяндаманың түпкілікті нұсқасы қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкілетті органның ресми интернет-ресурсында жыл сайын, есепті жылдан кейінгі жылдың 10 желтоқсанына дейін қазақ және орыс тілдерінде орналастырылады және орналастырылған кезден бастап кемінде үш жыл қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкілетті органның ресми интернет-ресурсында ашық қолжетімділікте болады. Қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкілетті орган баяндаманың жариялануы туралы ақпаратты бұқаралық ақпарат құралдарында, әлеуметтік желілерде және басқа да ақпараттық алаңдарда орналастырады.

4-тарау. Интерактивті баяндаманы әзірлеу және жүргізу тәртібі

      39. Қоршаған ортаның жай-күйі туралы және табиғи ресурстарды пайдалану туралы ақпаратты адамдар кең тобының түсінуі үшін қолжетімді нысанда тарату мақсатында және жұртшылықтың мұндай ақпаратқа қол жеткізуін кеңейту үшін қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкілетті орган өткен жылғы Ұлттық баяндама базасында интерактивті баяндаманы жыл сайын әзірлеуді және жүргізуді ұйымдастырады.

      40. Ведомствоға бағынысты ұйымы қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкілетті органмен келісім бойынша Интерактивті баяндаманың құрылымы мен мазмұнын айқындайды, графикалық дизайн (схемалар, карталар, графиктер) әзірлеуді және иллюстрациялар жасауды қамтамасыз етеді.

      41. Интерактивті баяндаманың құрылымы мен баяндалу тілі Ұлттық баяндаманың құрылымы мен мазмұнын жұртшылық үшін кеңінен баяндау мүддесінде бейімдеу нәтижелері болып табылады.

      42. Интерактивті баяндама мынадай:

      1) қоршаған орта мен табиғи ресурстардың сапалық және сандық сипаттамалары туралы;

      2) негізгі қоғамдық маңызы бар экологиялық проблемаларды қоса алғанда, қоршаған ортаға тигізетін антропогендік әсерлер туралы;

      3) қоршаған орта сапасының нысаналы көрсеткіштері туралы мәліметтерді қоса алғанда, аймақтардағы экологиялық жағдай туралы;

      4) есептілік кезеңде Қазақстан Республикасының экологиялық заңнамасына енгізілген өзгерістер туралы;

      5) мемлекеттік экологиялық саясатты және Қазақстан Республикасының табиғи ресурстарын пайдалану саласындағы, оның ішінде Қазақстан Республикасының "жасыл" экономикаға көшуі және орнықты даму бөлігіндегі саясатты іске асыру туралы;

      6) климаттың өзгеруінің әсері, климаттың өзгеруінің болжамды әсері, климаттың өзгеруіне осалдық және климаттың өзгеруіне бейімделу жөніндегі шаралар туралы;

      7) Қазақстан Республикасының Қоршаған ортаны қорғау саласындағы халықаралық міндеттемелерінің орындалуы туралы инфографикадан тұрады.

      43. Ұлттық баяндаманың толық версиясында ақпараттың қайталануын болдырмау үшін мәтін көлемін қысқарту және ақпаратты қабылдауды жеңілдету мақсатында Интерактивті баяндама ішкі айқас сілтемелер, сондай-ақ сыртқы ресурстарға сілтемелер жүйесін қамтиды.

      44. Ведомствоға бағынысты ұйым Интерактивті баяндаманы әзірлеудің барлық кезеңдерінде оның жобасын Қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкілетті органмен келіседі.

      45. Интерактивті баяндама қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкілетті органның сайтында жыл сайын, Ұлттық баяндама жарияланған жылдан кейінгі жылдың 31 тамызына дейін орналастырылады. Қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкілетті органның сайтында жыл сайын, Қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкілетті орган Интерактивті баяндаманың орналастырылғаны туралы ақпаратты бұқаралық ақпарат құралдарында, әлеуметтік желілерде және басқа да ақпараттық алаңдарда оларға сәйкес ақпараттық өнімді алға жылжыту тәсілдерін пайдалана отырып таратады.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады