"Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігінің мамандандырылған ұйымдарында әскери-техникалық және өзге де мамандықтар бойынша әскерге шақырылушыларды, әскери міндеттілерді жинау, оларды жіберу және өтеусіз және өтеулі негіздерде оқыту, оқу-тәрбие процесін ұйымдастыру қағидаларын, сондай-ақ оқу мерзімдерін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрінің 2017 жылғы 17 шілдедегі № 357 бұйрығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрінің 2021 жылғы 4 тамыздағы № 501 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2021 жылғы 10 тамызда № 23935 болып тіркелді

      БҰЙЫРАМЫН:

      1. "Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігінің мамандандырылған ұйымдарында әскери-техникалық және өзге де мамандықтар бойынша әскерге шақырылушыларды, әскери міндеттілерді жинау, оларды жіберу және өтеусіз және өтеулі негіздерде оқыту, оқу-тәрбие процесін ұйымдастыру қағидаларын, сондай-ақ оқу мерзімдерін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрінің 2017 жылғы 17 шілдедегі № 357 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 15517 болып тіркелген) мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:

      көрсетілген бұйрықпен бекітілген Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігінің мамандандырылған ұйымдарында әскери-техникалық және өзге де мамандықтар бойынша әскерге шақырылушыларды, әскери міндеттілерді жинау, оларды жіберу және өтеусіз және өтеулі негіздерде оқыту, оқу-тәрбие процесін ұйымдастыру, сондай-ақ оқу мерзімдерін бекіту қағидаларында:

      12 және 13-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:

      "12. Өтеулі негізде оқыту үшін әскерге шақырылушыларды, әскери міндеттілерді жинау ерікті негізде жүзеге асырылады.

      Мемлекеттік қызмет мынадай екі кезеңде көрсетіледі:

      бірінші кезеңде, мемлекеттік қызмет көрсетуге өтінішті қарау. Қарау мерзімі – 2 жұмыс күні;

      екінші кезеңде, мамандандырылған ұйымдарда сабақтар басталған сәттен бастап оқыту мерзімі 42 (қырық екі) жұмыс күнін құрайды.

      ЖӘБО мемлекеттік қызмет көрсету сатысы туралы деректерді ақпараттандыру саласындағы уәкілетті орган белгілеген тәртіппен мемлекеттік қызметтер көрсету мониторингісінің ақпараттық жүйесіне енгізуді "Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 5-бабы 2-тармағының 1) тармақшасына сәйкес қамтамасыз етеді.

      Мемлекеттік қызмет көрсету үшін қажетті құжаттар тізбесі осы Қағидаларға 2-1-қосымшаның 8-тармағында айқындалған.

      Бірінші кезеңде мемлекеттік қызмет көрсетуге осы Қағидаларға 2-2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша өтінішті қабылдау www.egov.kz "электрондық үкімет" веб-порталы арқылы (бұдан әрі – портал) әскерге шақырылушының, әскери міндеттінің электрондық цифрлық қолтаңбасымен (бұдан әрі – ЭЦҚ) куәландырылған электрондық нысанда жүзеге асырылады.

      Құжаттарды портал арқылы беру кезінде мемлекеттік қызмет көрсетуге өтінішке құжаттардың электрондық көшірмелері тіркеледі.

      Порталға өтініш жасаған кезде әскерге шақырылушының, әскери міндеттінің "жеке кабинетіне" ЖӘБО уәкілетті адамының ЭЦҚ-сы қойылған мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесін алу күнін көрсете отырып, өтініштің қабылданғаны туралы хабарлама жолданады.

      ЖӘБО басшысы құжаттар топтамасын ЖӘБО жасақтау бөлімшесіне орындауға тапсырады.

      ЖӘБО жасақтау бөлімшесі екі жұмыс күні ішінде ұсынылған материалдардың толықтығын қарайды, қарау нәтижелері бойынша осы Қағидаларға 2-4-қосымшаға сәйкес нысан бойынша азаматтарды әскери-техникалық және басқа да әскери мамандықтар бойынша даярлауға қабылдау туралы хабарлама (бұдан әрі – оқуға қабылдау туралы хабарлама) дайындайды немесе мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тарту туралы дәлелді жауапты порталда ЖӘБО басшысының ЭЦҚ-сы қойылған электрондық құжат нысанында көрсетілетін қызметті алушының "жеке кабинетіне" жолдайды.

      Әскери-техникалық және басқа да мамандықтар бойынша оқуға қабылдау туралы оң шешім болған кезде әскерге шақырылушы, әскери міндетті оқуға қабылданғаны туралы хабарламада көрсетілген мекенжай бойынша белгіленген мерзімде келеді.

      13. Әскерге шақырылушыларды, әскери міндеттілерді медициналық куәландыруды медициналық комиссия Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрінің 2020 жылғы 21 желтоқсандағы № 716 бұйрығымен бекітілген Қазақстан Республикасының Қарулы Күштерінде әскери-дәрігерлік сараптама жүргізу қағидаларына және Қазақстан Республикасының Қарулы Күштеріндегі әскери-дәрігерлік сараптама комиссиялары туралы ережеге(бұдан әрі – Әскери-дәрігерлік сараптама жүргізу қағидалары) (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 21869 болып тіркелген) және Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрінің 2020 жылғы 22 желтоқсандағы № 722 бұйрығымен бекітілген Қазақстан Республикасының Қарулы Күштерінде, басқа да әскерлері мен әскери құралымдарында қызмет өткеру үшін адамдар денсаулық жағдайына қойылатын талаптарға (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 21863 болып тіркелген) сәйкес жүргізеді.";

      15-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "15. Әскерге шақырылушыларды, әскери міндеттілерді әскери-техникалық және өзге де мамандықтар бойынша оқыту үшін мамандандырылған ұйымдарға жіберу осы Қағидаларға 4-қосымшаға сәйкес нысан бойынша әскери-техникалық және өзге де мамандықтар бойынша даярлау үшін комиссия іріктеген әскерге шақырылушылардың, әскери міндеттілердің екі данада жасалған атаулы тізімдері бойынша (бұдан әрі – атаулы тізімдер) жүргізіледі.

      Атаулы тізімдердің бірінші данасы осы Қағидаларға 4-1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша медициналық куәландыру картасымен бірге мамандандырылған ұйымдарға беріледі, атаулы тізімдердің екінші данасы тиісті ЖӘБО-да сақталады.

      Он жеті жас алты айдан он сегіз жасқа дейінгі әскерге шақырылушылардың атаулы тізімдеріне әскери-техникалық және өзге де мамандықтар бойынша өтеусіз негізде оқытуға шарт жасасуға олардың заңды өкілдерінің келісімі қоса тігіледі.";

      30-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "30. Оқытушылар бітіру емтиханына шығарылмайтын пәндер бойынша қорытынды бағаларды үлгерімді ағымдағы бақылау бағалары негізінде қояды.

      Өтеулі негізде оқыған, бітіру емтихандарын табысты тапсырған әскерге шақырылушыларға, әскери міндеттілерге мамандандырылған ұйым "Әскери-техникалық және өзге де мамандықтар бойынша дайындық қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрінің 2017 жылғы 12 шілдедегі № 350 бұйрығымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 15861 болып тіркелген) бекітілген нысан бойынша әскери оқытылған резервті даярлау бағдарламасы бойынша оқуды аяқтағаны туралы сертификат береді.

      Әскерге шақырылушы, әскери міндетті оқуды аяқтағаннан және ол әскери оқытылған резервті даярлау бағдарламасы бойынша оқуды аяқтағаны туралы сертификат алғаннан кейін оқуға қабылданғаны туралы хабарлама халыққа қызмет көрсету орталықтарының интеграцияланған ақпараттық жүйесінде мемлекеттік көрсетілетін қызметті жабу үшін ЖӘБО-ға қайтарылуға тиіс.";

      6-тараудың тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:

      "6-тарау. Мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері бойынша лауазымды адамдардың әрекетіне (әрекетсіздігіне) шағымдану тәртібі.";

      65-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "65. Лауазымды адамдардың әрекетіне (әрекетсіздігіне) шағымдану Қазақстан Республикасының Әкімшілік рәсімдік-процестік кодексінің талаптарына сәйкес жүзеге асырылады.";

      66-тармақ алып тасталсын;

      Қағидаларға 2-1-қосымша осы бұйрыққа 1-қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын;

      Қағидаларға 2-3-қосымша, Құжаттарды қабылдаудан бас тарту туралы қолхат нысаны алып тасталсын;

      осы бұйрыққа 2-қосымшаға сәйкес редакцияда 4-1-қосымшамен толықтырылсын.

      2. Қазақстан Республикасы Қарулы Күштері Бас штабының Ұйымдастыру-жұмылдыру жұмыстары департаменті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:

      1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;

      2) осы бұйрықты алғашқы ресми жарияланғанынан кейін Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігінің интернет-ресурсына орналастыруды;

      3) мемлекеттік тіркелген күннен бастап күнтізбелік он күн ішінде осы тармақтың 1) және 2) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігінің Заң департаментіне жолдауды қамтамасыз етсін.

      3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қорғаныс министрінің бірінші орынбасары – Қазақстан Республикасы Қарулы Күштері Бас штабының бастығына жүктелсін.

      4. Осы бұйрық лауазымды адамдарға, оларға қатысты бөлігінде жеткізілсін.

      5. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
Қорғаныс министрі
Н. Ермекбаев

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасының

      Цифрлық даму, инновациялар

      және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі

  Қазақстан Республикасы
Қорғаныс министрінің
2021 жылғы 4 тамыздағы
№ 501 бұйрығына
1-қосымша
  Қазақстан Республикасы
Қорғанысминистрлігінің
мамандандырылған
ұйымдарында әскери-
техникалық және өзге де
мамандықтар бойынша әскерге
шақырылушыларды,
әскери міндеттілерді жинау,
оларды жіберу және өтеусіз
және өтеулі негіздерде оқыту,
оқу-тәрбие процесін
ұйымдастыру қағидаларына,
сондай-ақ оқу мерзімдеріне
2-1-қосымша

"Азаматтарды әскери-техникалық және басқа да әскери мамандықтар бойынша даярлау" мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты

1

Көрсетілетін қызметті берушінің атауы

ҚР ҚМ жергілікті әскери басқару органдары

2

Мемлекеттік көрсетілетін қызметті ұсыну тәсілдері

www.egov.kz "электрондық үкімет" веб-порталы

3

Мемлекеттік қызмет көрсету мерзімі

1) бірінші кезеңде – құжаттар топтамасын тапсырған сәттен бастап – 2 (екі) жұмыс күні;
2) екінші кезеңде – оқуға қабылдау туралы хабарламада көрсетілген сабақтар басталған сәттен бастап 42 (қырық екі) жұмыс күні.

4

Мемлекеттік қызмет көрсету нысаны

Электрондық (толық автоматтандырылған)

5

Мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесі

1) бірінші кезеңде – азаматтарды әскери-техникалық және басқа да әскери мамандықтар бойынша даярлауға қабылдау туралы хабарлама немесе осы мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тарту туралы дәлелді жауап;
2) екінші кезеңде – әскери оқытылған резервті даярлау бағдарламасы бойынша оқуды аяқтағаны туралы сертификат беру.
Мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесін ұсыну нысаны: электрондық.

6

Мемлекетік қызметті көрсету кезінде көрсетілетін қызметті алушыдан алынатын төлем мөлшері және Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген жағдайларда оны алу тәсілдері

Мемлекеттік қызмет көрсету үшін төлем оқу үшін алынады, ол білім алушыны әскери оқытылған резерв бағдарламасы бойынша даярлау құнының калькуляциясына сәйкес 263 318 теңгені құрайды.
Оқу үшін төлем қолма-қол және қолма-қол ақшасыз нысанда екінші деңгейдегі банктер мен банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдар арқылы жүзеге асырылады.

7

Жұмыс кестесі

1) ЖӘБО-да – Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына сәйкес демалыс және мереке күндерінен басқа, дүйсенбіден бастап жұмаға дейін сағат 9.00-ден 18.00-ге дейін, түскі асқа үзіліс сағат 13.00-ден 14.00-ге дейін;
2) порталда – жөндеу жұмыстарын жүргізуге байланысты техникалық үзілістерді қоспағанда, тәулік бойы (Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына сәйкес әскерге шақырылушы, әскери міндетті жұмыс уақыты аяқталғаннан кейін, демалыс және мереке күндері өтініш жасаған кезде өтінішті қабылдау күні келесі жұмыс күні болып табылады). Мемлекеттік қызмет көрсету орындарының мекенжайлары:
1) Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігінің www.mod.gov.kz интернет-ресурсында;
2) www.egov.kz порталында орналастырылған.

8

Мемлекеттік қызметті көрсету үшін қажетті құжаттардың тізбесі

Мемлекеттік қызмет көрсету үшін қажетті құжаттардың тізбесі:
ұялы байланыс операторы ұсынған әскерге шақырылушының, әскери міндеттінің абоненттік нөмірі порталдың есептік жазбасына тіркелген және қосылған жағдайда әскерге шақырылушының, әскери міндеттінің электрондық цифрлық қолтаңбасымен немесе бір реттік парольмен куәландырылған электрондық құжат нысанында мемлекеттік қызмет көрсетуге өтініш;
осы Қағидаларға 4-1-қосымшаға сәйкес медициналық куәландыру картасының электрондық көшірмесін әскерге шақырылушы, әскери міндетті мемлекеттік қызмет көрсету өтінішіне тіркейді. Әскерге шақырылушының, әскери міндеттінің жеке басын куәландыратын (сәйкестендіру үшін) құжат туралы, соттылығының болуы не болмауы туралы, соңғы тұрғылықты жері немесе уақытша тіркелген жері, әскери есепте тұрған туралы мәліметтерді ЖӘБО "электрондық үкімет" шлюзі арқылы тиісті мемлекеттік ақпараттық жүйелерден алады.

9

Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тарту үшін негіздер

ЖӘБО мынадай негіздер бойынша мемлекеттік көрсетілетін қызметті ұсынудан бас тартады:
1) әскерге шақырылушы, әскери міндетті мемлекеттік көрсетілетін қызметті алу үшін ұсынған құжаттардың және (немесе) олардағы деректердің (мәліметтердің) нақты еместігін анықтау;
2) әскерге шақырылушының, әскери міндеттінің және (немесе) мемлекеттік қызмет көрсету үшін қажетті ұсынылған материалдардың, объектілердің, деректердің және мәліметтердің "Әскери қызмет және әскери қызметшілердің мәртебесі туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 12-бабында және осы Қағидаларда белгіленген талаптарға сәйкес келмеуі;
3) көрсетілетін қызметті алушыға қатысты оның қызметіне немесе мемлекеттік көрсетілетін қызметті алуды талап ететін жекелеген қызмет түрлеріне тыйым салу туралы соттың заңды күшіне енген шешімінің (үкімінің) болуы;
4) көрсетілетін қызметті алушыға қатысты соттың заңды күшіне енген үкімінің болуы, оның негізінде көрсетілетін қызметті алушының мемлекеттік көрсетілетін қызметті алумен байланысты арнаулы құқығынан айырылуы бойыншамемлекеттік қызметтерді көрсетуден бас тартады.

10

Мемлекеттік қызмет көрсету, оның ішінде электрондық нысанда және Мемлекеттік корпорация арқылы көрсету ерекшеліктері ескерілген өзге де талаптар

Әскерге шақырылушыларды, әскери міндеттілерді оқыту өтеулі негізде – 1 ақпан мен 20 желтоқсан кезеңінде жүзеге асырылады. Әскерге шақырылушы, әскери міндетті оқуды аяқтағаннан және әскери оқытылған резервті даярлау бағдарламасы бойынша оқуды аяқтағаны туралы сертификатты алғаннан кейін оқуға қабылдау туралы хабарлама халыққа қызмет көрсету орталықтарының интеграцияланған ақпараттық жүйесінде мемлекеттік көрсетілетін қызметті жабу үшін ЖӘБО-ға қайтарылуға тиіс.
Әскерге шақырылушының, әскери міндеттінің қашықтықтан қолжетімділік режимінде ЖӘБО-ның анықтама қызметі, Бірыңғай байланыс орталығының 1414, 8 800 080 7777 телефоны арқылы мемлекеттік қызмет көрсету белгісі туралы ақпарат алу мүмкіндігі бар.
Мемлекеттік қызмет көрсету орындарының мекенжайлары Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігінің www.mod.gov.kz интернет-ресурсында, сондай-ақ Мемлекеттік корпорацияның www.gov4c.kz интернет-ресурсында орналастырылған.
Мемлекеттік қызмет көрсету тәртібі туралы ақпаратты Бірыңғай байланыс орталығының 1414, 8 800 080 7777 телефоны арқылы алуға болады.

  Қазақстан Республикасы
Қорғаныс министрінің
2021 жылғы "___" ____
№ ___ бұйрығына
2-қосымша
  Қазақстан Республикасы
Қорғаныс министрлігінің
мамандандырылған
ұйымдарында әскери-
техникалық және өзге де
мамандықтар бойынша әскерге
шақырылушыларды, әскери
міндеттілерді жинау,
оларды жіберу және өтеусіз
және өтеулі негіздерде оқыту,
оқу-тәрбие процесін
ұйымдастыру қағидаларына,
сондай-ақ оқу мерзімдеріне
4-1-қосымша
  Нысан

Медициналық куәландыру КАРТАСЫ

      1. Тегі, аты, бар болған кезде әкесінің аты___________________________________

      2. Туған күні ________________________________________________________

      3. Әскери атағы _______________________________________________________

      4. Әскери-есептік мамандығы __________________________________________

      5. Куәландыру нәтижелері:


20___ ж. "____" _______

Зерттеулер

Жалпы қан талдауы


Жалпы несеп талдауы


Мерезге микропреципитацияның реакциясы (микрореакция)


ЭКГ зерттеулер


Кеуде қуысы ағзаларының флюорографиясы


Мұрын қосалқы қуыстарының рентгенограммасы


Көздің ішкі қысымы


Қанды қантқа талдау


Басқа да мәліметтер (зерттеулер)


Бойы/дене салмағы


Маман дәрігерлер

Хирург


Терапевт


Невропатолог


Окулист


Оториноларинголог


Стоматолог


Диагноз


ӘДК қорытындысы
М.О.

Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрінің 20___ ж. "___" ______ № ____ бұйрығымен бекітілген Қазақстан Республикасының Қарулы Күштерінде, басқа да әскерлері мен әскери құралымдарында қызмет ету үшін адамдар денсаулық жағдайының сәйкес келуіне қойылатын талаптардың_____ бағаны ___ тармағының _____ тармақшасы негізінде
__________________________
ӘДК төрағасы
________________________
әскери атағы,
________________________
қолы, тегі және инициалдары
ӘДК хатшысы
________________________
қолы, тегі және инициалдары


Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады