"Жеке басты куәландыратын құжаттарды (босқын куәлігінен басқа) дайындау үшін формулярдың нысанын және оны ресімдеу, толтыру, есепке алу, сақтау, тапсыру, жұмсау, жою қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2016 жылғы 31 мамырдағы № 583 бұйрығына өзгерістер мен толықтыру енгізу туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2021 жылғы 3 тамыздағы № 451 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2021 жылғы 10 тамызда № 23938 болып тіркелді

      БҰЙЫРАМЫН:

      1. "Жеке басты куәландыратын құжаттарды (босқын куәлігінен басқа) дайындау үшін формулярдың нысанын және оны ресімдеу, толтыру, есепке алу, сақтау, тапсыру, жұмсау, жою қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2016 жылғы 31 мамырдағы № 583 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 13911 болып тіркелген) мынадай өзгерістер мен толықтыру енгізілсін:

      Көрсетілген бұйрықпен бекітілген Жеке басты куәландыратын құжаттарды (босқын куәлігінен басқа) дайындау үшін формулярды ресімдеу, толтыру, есепке алу, сақтау, тапсыру, жұмсау, жою қағидаларында:

      4-тармақта:

      бірінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:

      "4. Қазақстан Республикасы азаматының паспортын, Қазақстан Республикасы азаматының жеке куәлігін алуға формулярды жоғалтуына, жарамдық мерзімінің аяқталуына, некеге тұру, бұзу бойынша тегін ауыстыруына, одан әрі пайдалануға жарамсыз болып қалуына, құжаттарының түрлерінің өзгеруіне, Қазақстан Республикасы азаматының жеке куәлігі негізінде алғаш рет Қазақстан Республикасы азаматының паспортын алуына байланысты паспортын және (немесе) жеке куәлігін ауыстырған, туу туралы куәліктің негізінде кәмелетке толмаған балалар бірінші рет Қазақстан Республикасы азаматының паспортын және (немесе) жеке куәлігін алған жағдайда құжатталушы адамның тұрақты тіркелу орны, сондай-ақ оның нақты болған орны бойынша уәкілетті қызметкер толтырады.";

      жетінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:

      "3) 1974 жылғы үлгідегі бұрынғы КСРО паспортын ауыстыруына және оларды жоғалтуы бойынша өтініш білдірген азаматтарға, сондай-ақ туу туралы куәліктің негізінде жеке басын куәландыратын құжаттарды алғаш рет алуға уақтылы өтініш білдірмеген Қазақстан Республикасының азаматтарына, Қазақстан Республикасының азаматтығына не қандай да бір мемлекеттің азаматтығына тиесілігін ішкі істер органдары анықтамаған адамдарға;";

      8-тармақтың алтыншы абзацы мынадай редакцияда жазылсын:

      "Көрсетілген жағдайларда қол қоюға арналған баған бос қалдырылады, "Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы" Қазақстан Республикасы Кодексінің 7-бабының 31) тармақшасына сәйкес денсаулық сақтау саласындағы уәкілетті орган бекіткен денсаулық сақтау саласындағы есепке алу құжаттамасының нысандарына сәйкес берілген растайтын құжаттың көшірмесі (мүгедектігі бойынша зейнеткерлік куәлігі, құқық қорғау органының хаттамасы, денсаулық сақтау органының анықтамасы) алынады. Формулярдың сыртқы бетіндегі бос орында қолтаңбаның жоқтығының себебі көрсетіледі, ол уәкілетті қызметкердің қолтаңбасымен және елтаңбалық мөрмен расталады.";

      12-тармақтың 1) тармақшасында:

      бесінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:

      "Балаларға ЖСН генерациялау үшін ата-аналарының (заңды өкілдерінің) біреуі баланың туу туралы куәлігін, ата-анасының (заңды өкілдерінің) біреуінің жеке куәлігін ұсынады. Баланың азаматтығын растау үшін уәкілетті қызметкер ата-анасының (заңды өкілдерінің) екеуінің де жеке басын куәландыратын құжаттар бойынша құжатталған халықтың деректер базасында, сондай-ақ оның Қазақстан Республикасы аумағында туу фактісін растау үшін баланың туу туралы мәліметі бойынша "АХАЖ тіркеу пункті" ақпараттық жүйесімен (бұдан әрі - АХАЖ АЖ) өзара ақпараттық іс-қимыл арқылы тексеруді жүзеге асырады. ХҚТ ТП-да туу туралы мәліметтер болмаған жағдайда тексеру туу туралы куәліктің ұсынылған түпнұсқасы бойынша жүзеге асырылады, бұл ретте азаматтық хал актілерін мемлекеттік тіркеуді жүзеге асыратын тіркеуші органға (бұдан әрі - АХАТ органы) екі жұмыс күні ішінде туу туралы акт жазбасының көшірмесін алу үшін сұрау салу жіберіледі.";

      он бірінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:

      "Генерацияланған ЖСН нөмірі туу туралы куәлікке қосымша парақта осы Қағидаларға 3-қосымшаға сәйкес нысан бойынша берілген ЖСН-мен бірге көрсетіледі, уәкілетті қызметкер қол қояды және елтаңбалы мөрмен расталады. Жеке басты куәландыратын құжаттар болмаған жағдайда балалардың айқындау деректерінің өзгеруіне байланысты ЖСН-ге түзетулер, АХАЖ АЖ-дан айқындау деректерінің өзгергені туралы мәліметтер келіп түскен кезде "АӨО" РМК жүргізеді.";

      он бесінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:

      "Баланың азаматтығын растау үшін уәкілетті қызметкер құжатталған халықтың деректер базасында ата-анасының (заңды өкілдерінің) екеуінің де жеке басын куәландыратын құжаттар бойынша, сондай-ақ оның Қазақстан Республикасы аумағында туу фактісін АХАЖ АЖ-да баланың туу туралы мәліметтері бойынша тексеруді жүзеге асырады. АХАЖ АЖ-да туу туралы мәліметтер болмаған жағдайда тексеру туу туралы куәліктің ұсынылған түпнұсқасы бойынша жүзеге асырылады, бұл ретте АХАТ органынан екі жұмыс күні ішінде туу туралы акт жазбасының көшірмесін алу үшін сұрау салу жіберіледі. Ата-анасының біреуінің жеке куәлігінің нөмірі, күні және берген органы (заңды өкілдерінің жеке қатысуы талап етіледі) формулярдың сыртқы бетіндегі бос орында көрсетіледі;";

      жиырма бірінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:

      "Айқындау деректерінің, туған жерінің өзгеруі туралы мәліметтерді уәкілетті қызметкер өзара іс-қимыл біріктіру арқылы АХАЖ АЖ-дан алады. Олар АХАЖ АЖ-да болмаған жағдайда, ұлттық дәстүрлерге сәйкес ұлты қазақ адамдарға неке (ерлі-зайыптылық) қию (бұзу) бойынша тегін және әкесінің атын өзгерту жағдайларын қоспағанда, Қазақстан Республикасы азаматының айқындау деректерін, туған жерін өзгерту бойынша паспортты, Қазақстан Республикасы азаматының жеке куәлігін беруге формулярды толтыру осы Қағидаларға 4-қосымшаға сәйкес нысан бойынша айқындау деректерін ауыстыру туралы қорытынды (бұдан әрі - анықтамалық деректерді ауыстыру туралы қорытынды) шығарылғаннан кейін туу туралы куәліктің негізінде жүргізіледі.";

      қырық бесінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:

      "Біруақытта "08" коды бойынша формуляр ресімдеу кезінде уәкілетті қызметкер азаматқа ұлты туралы жазбаның өзгертілгені туралы анықтама береді, ол азаматтық хал актілеріндегі тиісті жазбаларда ұлты туралы мәліметтерге өзгерістер енгізу үшін тұрғылықты жері бойынша АХАТ органына ұсынылады.";

      сексен сегізінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:

      "ХҚТ ТП-да туу туралы мәліметтер болмаған жағдайда ұсынылған туу туралы куәлікті растау үшін АХАТ органына туу туралы акті жазбасының көшірмесі алу үшін екі жұмыс күні ішінде сұрау салу жіберіледі.";

      16-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "16. Құжаттандыру мәселелері бойынша азаматтар ұсынған құжаттардың түпнұсқалығы, фотосуреттерінің ұқсастығы немесе Қазақстан Республикасының азаматтығына тиесілігі күмән тудырса, сондай-ақ формулярды негізсіз ресімдегені анықталған кезде, уәкілетті қызметкер мерзімі үш жұмыс күніне дейін құжаттандырылатын адамның жеке басына қосымша тексеру жүргізеді.

      Жоғарыда көрсетілген санаттағы адамдарды тексеру аяқтағаннан кейін уәкілетті қызметкер екі жұмыс күні ішінде олардың жеке басын анықтау және жеке басын куәландыратын құжаттарды беру бойынша қорытынды шығарады, оны Полиция басқармасының (бөлімінің) бастығы немесе оның орынбасары бекітеді, содан кейін қорытындыларды тіркеу журналына тіркейді. Жеке басты куәландыратын құжаттарды беруге формулярды толтыру кезінде осы Қағидалардың "06" кодын толтыру үшін көзделген тәртіппен жасалған қорытындының, азаматтың жеке басын тану хаттамасының нөмірі мен жасалған күні формулярдың сыртқы бетіндегі бос орында көрсетіледі және елтаңбалы мөрмен куәландырылады.";

      17-тармақтың он үшінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:

      "Формулярдың 13, 14-жолдары тиісті жолдарда құжаттандырылатын адамның қазіргі және бұрынғы тіркелген тұрғылықты жерінің мекенжайы көрсетіле отырып, толтырылады. Бұл ретте, 13-жолда міндетті түрде келген күні толтырылады. Деректер базасында көрсетілген деректеме болмаған жағдайда, уәкілетті қызметкер деректер базасында көрсетілген мекенжай бойынша жеке тұлғаның бастапқы тіркелген күнін қалпына келтіру үшін мекенжай-анықтамалық архивтің мәліметтері, формулярлардың мұрағаттық картотекалары, азаматтар ұсынған азаматтарды тіркеу кітаптары бойынша мекенжайлық түзету жүргізеді. Шетелде уақытша болатын Қазақстан Республикасы азаматтарының паспорттарын алуға формулярды ресімдеу кезінде "тұрғылықты жері" деген 13-жолда олардың Қазақстан Республикасындағы тұрғылықты жері бойынша тіркелуінің өзекті мекенжайы көрсетіледі, ол "Жеке тұлғалар" мемлекеттік деректер базасына жіберіледі. Формулярдың сыртқы бетіндегі бос орында шетелде уақытша болу мекенжайы көрсетіледі.";

      31-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "31. ХҚТ ТП және ШҚТ ТП-да электрондық формулярларды толтыру мынадай кодтар бойынша жүргізіледі:

      "00" 16 жасқа толмаған балаларға жеке басын куәландыратын құжаттарды (Қазақстан Республикасы азаматтығын растайтын кезде) беру;

      "01" 16 жасқа толу (Қазақстан Республикасы азаматтарын ресімдеу кезінде);

      "03" шетелдіктермен Қазақстан Республикасында тұрақты тұратын шетелдіктермен, азаматтық елін ауыстыру;

      "04" тегін, атын, әкесінің атын (ол бар болған кезде) өзгерту;

      "05" туған күнін өзгерту;

      "06" жазбаның дұрыс еместігі;

      "07" құжаттың одан әрі қолдануға жарамсыздығы;

      "08" Қазақстан Республикасы азаматының өзінің ұлтын өзгертуі;

      "09" жеке басын куәландыратын құжаттарды жоғалуы (Қазақстан Республикасы азаматының паспортынан басқа);

      "10" заңды мекенжайын ауыстыру;

      "11" шетелдіктерді, немесе азаматтығы жоқ адамдарды алғаш рет құжаттандыру кезінде;

      "12" Қазақстан Республикасының азаматтығын қабылдау;

      "13" Қазақстан Республикасы азаматының паспортты жоғалтуы;

      "14" қолданыстағы әкімшілік-аумақтық бөлініске байланысты елді мекендер атауының өзгеруі;

      "15" Қазақстан Республикасына тұрақты тұру үшін қайта оралуына байланысты Қазақстан Республикасы азаматының жеке куәлігін алуы;

      "16" иесінің қалауы бойынша құжат түрлерінің өзгеруіне байланысты;

      "17" қолда бар Қазақстан Республикасы азаматының жеке куәлігінің немесе паспортының негізінде алғаш рет жеке басын куәландыратын құжаттар алу;

      "18" жеке басын куәландыратын құжаттардың жарамдылық мерзімінің аяқталуы.";

      33-тармақта:

      оныншы абзацы мынадай редакцияда жазылсын:

      "Деректердің ақпараттық базасындағы құжатталушы адамның фотосуретінің жеке басын куәландыратын құжаттағы фотобейнесімен сәйкес келмейтіні анықталған кезде уәкілетті қызметкер құжатталушы адамның жеке басын және құжаттардағы сәйкес келмеушіліктің себептерін тексеруді жүргізеді, жеке басын тану хаттамасы осы Қағидалардың "06" кодын толтыру үшін тәртіп бойынша толтырылады.";

      он бірінші абзацы алып тасталсын;

      он екінші абзацы алып тасталсын;

      он сегізінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:

      "11" - шетелдіктерді не азаматтығы жоқ адамдарды бастапқы құжаттандыру кезінде көрсетіледі;"

      мынадай мазмұндағы жиырма бірінші абзацпен толықтырылсын:

      "Бұл ретте, электрондық формулярларды толтыру электрондық формулярдың толтырылған кодтарына сәйкес осы Қағидалардың 12-тармағында айқындалған тәртіпке сәйкес жүзеге асырылады.";

      40-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "40. Фотосуреттің сәйкессіздігі анықталған кезде, сондай-ақ деректер базасындағы электрондық формулярлардағы мәліметтердің сәйкес келмеуі анықталған ресімдеу кодтары сәйкес келмеген, графикалық ақпарат сапасыз жасалған (суреті, қолтаңбасы) кезде электрондық формулярлар "АӨО" РМК-дан қайтару себебін көрсете отырып құжаттарды дайындамай ІІМ КҚҚК арқылы ХҚТ ТП, ШҚТ ТП-ға қайтарылады.";

      43-тармақтың сегізінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:

      "Бұл ретте 13 – "тұрғылықты жері" жолында сотталған адамның тұрғылықты жері бойынша тіркеудің өзекті мекенжайы көрсетіледі, ол "Жеке тұлғалар" Мемлекеттік деректер базасына беріледі. Сотталған жазасын өтеп жүрген қылмыстық-атқару жүйесі мекемесінің орналасқан жері (облыс, қала, аудан, елді мекен, қылмыстық-атқару жүйесі мекемесінің атауы) формулярдың сыртқы бетіндегі бос орында көрсетіледі және елтаңбалы мөрмен расталады.";

      56-тармақтың екінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:

      "Дайындалған жеке басты куәландыратын құжаттарды алу үшін құжатты алу түбіртегін немесе өтінімді тіркеу талонын және алып қоюға жататын құжаттарды көрсету қажет. ЖСН шартты түрде алып тастағанда, жеке басын куәландыратын құжаттар бұрынғы айқындау деректеріне жаңа ЖСН алуға ресімдеу кезінде тапсыруға жатады.";

      57-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "57. Жеке басты куәландыратын құжатты беру фактісін тіркеу үшін ХҚТ ТП, ХҚТ ТП ақпараттық жүйелерде машина оқитын аймақты оқыту үшін электрондық құрылғы қолданылады.

      Уәкілетті қызметкер азамат және дайын құжаттардың бар-жоғы туралы ақпаратты алу үшін өтінімді тіркеу талонының нөмірін ХҚТ ТП, ШҚТ ТП жүйелеріне енгізеді. Азамат өтінімді тіркеу талонын жоғалтқан жағдайда оның нөмірі ақпараттық парақтан оқылады.

      Біруақытта дайын құжаттарды беру күнін тіркей отырып, бұрынғы құжаттар жаңа құжаттың шығуына байланысты автоматты түрде жарамсыздар қатарына көшіріледі, сондай-ақ ЖСН шартты түрде алып тастағанда автоматты түрде жарамсыздар разрядына ауыстырылады. Республикадан тыс жерлерге шығуға байланысты тұрғылықты жері бойынша тіркеуден шығару кезінде Қазақстан Республикасы азаматтарының жеке куәліктері мен шетелдіктердің Қазақстан Республикасында тұруына ықтиярхаттар "Қазақстан Республикасынан тыс жерлерге кету" себебін көрсете отырып, автоматты түрде жарамсыздар қатарына ауыстырылады.

      Принтерде электрондық формуляр басылып шығарылады, оған азаматтың және құжаттарды берген қызметкердің қолтаңбасы қойылады, одан кейін ақпараттық парақ акті жасаусыз жойылады.";

      2-қосымшада:

      "Қазақстан Республикасының облыстары, аудандары кодтарының анықтамалығы" осы бұйрыққа қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.

      2. Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің Көші-қон қызметі комитеті:

      1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;

      2) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің интернет-ресурсына орналастыруды;

      3) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркегеннен кейін он жұмыс күні ішінде осы тармақтың 1), 2) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің Заң департаментіне ұсынуды қамтамасыз етсін.

      3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің жетекшілік ететін орынбасарына және Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің Көші-қон қызметі комитетіне (М.Т. Қабденов) жүктелсін.

      4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасы
Ішкі істер Министрі
Е. Тургумбаев

  Қазақстан Республикасы
Ішкі істер министрінің
2021 жылғы 3 тамыздағы
№ 451 бұйрығына
қосымша
  Жеке басты куәландыратын
құжаттарды (босқын куәлігінен
басқа) дайындау үшін
формулярдың нысанын
және оны ресімдеу, толтыру,
есепке алу, сақтау, тапсыру,
жұмсау, жою қағидаларына
2-қосымша

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ОБЛЫСТАРЫ, АУДАНДАРЫ КОДТАРЫНЫҢАНЫҚТАМАЛЫҒЫ

Облыс

Облыстың коды

Ауданның коды

Атауы (қазақша)

Атауы (орысша)

АҚМОЛА ОБЛЫСЫ
АКМОЛИНСКАЯ ОБЛАСТЬ

1902

204

АҚКӨЛ АУДАНЫ

АККОЛЬСКИЙ РАЙОН

1902

207

АСТРАХАН АУДАНЫ

АСТРАХАНСКИЙ РАЙОН

1902

210

АТБАСАР АУДАНЫ

АТБАСАРСКИЙ РАЙОН

1902

211

ЖАРҚАЙЫҢ АУДАНЫ

ЖАРКАИНСКИЙ РАЙОН

1902

212

ЗЕРЕНДІ АУДАНЫ

ЗЕРЕНДИНСКИЙ РАЙОН

1902

214

САНДЫҚТАУ АУДАНЫ

САНДЫКТАУСКИЙ РАЙОН

1902

217

АРШАЛЫ АУДАНЫ

АРШАЛЫНСКИЙ РАЙОН

1902

218

ЕСІЛ АУДАНЫ

ЕСИЛЬСКИЙ РАЙОН

1902

220

ЕРЕЙМЕНТАУ АУДАНЫ

ЕРЕЙМЕНТАУСКИЙ РАЙОН

1902

222

ЖАҚСЫ АУДАНЫ

ЖАКСЫНСКИЙ РАЙОН

1902

227

ЕГІНДІКӨЛ АУДАНЫ

ЕГИНДЫКОЛЬСКИЙ РАЙОН

1902

230

ҚОРҒАЛЖЫН АУДАНЫ

КОРГАЛЖЫНСКИЙ РАЙОН

1902

234

БҰЛАНДЫ АУДАНЫ

БУЛАНДЫНСКИЙ РАЙОН

1902

246

ЦЕЛИНОГРАД АУДАНЫ

ЦЕЛИНОГРАДСКИЙ РАЙОН

1902

249

ШОРТАНДЫ АУДАНЫ

ШОРТАНДИНСКИЙ РАЙОН

1902

250

БУРАБАЙ

БУРАБАЙСКИЙ

1902

255

БІРЖАН САЛ АУДАНЫ

БИРЖАН САЛ РАЙОН

1902

402

КӨКШЕТАУ

КОКШЕТАУ

1902

403

АТБАСАР

АТБАСАР

1902

406

СТЕПНОГОР

СТЕПНОГОРСК

АҚТӨБЕ ОБЛЫСЫ
АКТЮБИНСКАЯ ОБЛАСТЬ

1904

206

АЛҒА АУДАНЫ

АЛГИНСКИЙ РАЙОН

1904

209

БАЙҒАНИН АУДАНЫ

БАЙГАНИНСКИЙ РАЙОН

1904

214

ЫРҒЫЗ АУДАНЫ

ИРГИЗСКИЙ РАЙОН

1904

220

ӘЙТЕКЕ БИ АУДАНЫ

АЙТЕКЕБИЙСКИЙ РАЙОН

1904

230

ҚАРҒАЛЫ АУДАНЫ

КАРГАЛИНСКИЙ РАЙОН

1904

234

МӘРТӨК АУДАНЫ

МАРТУКСКИЙ РАЙОН

1904

237

МҰҒАЛЖАР АУДАНЫ

МУГАЛЖАРСКИЙ РАЙОН

1904

240

ХРОМТАУ АУДАНЫ

ХРОМТАУСКИЙ РАЙОН

1904

248

ТЕМІР АУДАНЫ

ТЕМИРСКИЙ РАЙОН

1904

251

ОЙЫЛ АУДАНЫ

УИЛСКИЙ РАЙОН

1904

254

ҚОБДА АУДАНЫ

ХОБДИНСКИЙ РАЙОН

1904

258

ШАЛҚАР АУДАНЫ

ШАЛКАРСКИЙ РАЙОН

1904

401

АҚТӨБЕ

АКТОБЕ

АЛМАТЫ ОБЛЫСЫ
АЛМАТИНСКАЯ ОБЛАСТЬ

1907

203

АҚСУ АУДАНЫ

АКСУСКИЙ РАЙОН

1907

204

БАЛҚАШ АУДАНЫ

БАЛХАШСКИЙ РАЙОН

1907

206

АЛАКӨЛ АУДАНЫ

АЛАКОЛЬСКИЙ РАЙОН

1907

208

ЖАМБЫЛ АУДАНЫ

ЖАМБЫЛСКИЙ РАЙОН

1907

211

ІЛЕ АУДАНЫ

ИЛИЙСКИЙ РАЙОН

1907

214

ҚАРАСАЙ АУДАНЫ

КАРАСАЙСКИЙ РАЙОН

1907

223

ҚАРАТАЛ АУДАНЫ

КАРАТАЛЬСКИЙ РАЙОН

1907

227

РАЙЫМБЕК АУДАНЫ

РАЙЫМБЕКСКИЙ РАЙОН

1907

228

КЕРБҰЛАҚ АУДАНЫ

КЕРБУЛАКСКИЙ РАЙОН

1907

229

КӨКСУ АУДАНЫ

КОКСУСКИЙ РАЙОН

1907

232

ТАЛҒАР АУДАНЫ

ТАЛГАРСКИЙ РАЙОН

1907

233

ПАНФИЛОВ АУДАНЫ

ПАНФИЛОВСКИЙ РАЙОН

1907

236

ҰЙҒЫР АУДАНЫ

УЙГУРСКИЙ РАЙОН

1907

238

САРҚАНТ АУДАНЫ

САРКАНДСКИЙ РАЙОН

1907

242

ЕСКЕЛДІ АУДАНЫ

ЕСКЕЛЬДИНСКИЙ РАЙОН

1907

244

ЕҢБЕКШІҚАЗАҚ АУДАНЫ

ЕНБЕКШИКАЗАХСКИЙ Р-Н

1907

245

КЕГЕН

КЕГЕНСКИЙ

1907

401

ТАЛДЫҚОРҒАН

ТАЛДЫКОРГАН

1907

404

ҚАПШАҒАЙ

КАПЧАГАЙ

1907

405

ТЕКЕЛІ

ТЕКЕЛИ

1907

407

ТАЛҒАР

ТАЛГАР

АЛМАТЫ

1910

262

ӘУЕЗОВ

АУЭЗОВСКИЙ

1910

264

БОСТАНДЫҚ

БОСТАНДЫКСКИЙ

1910

267

ЖЕТІСУ

ЖЕТЫСУСКИЙ

1910

270

ТУРКІСІБ

ТУРКСИБСКИЙ

1910

274

АЛМАЛЫ

АЛМАЛИНСКИЙ

1910

278

МЕДЕУ

МЕДЕУСКИЙ

1910

279

АЛАТАУ

АЛАТАУСКИЙ

1910

280

НАУРЫЗБАЙ

НАУРЫЗБАЙСКИЙ

НҰР-СҰЛТАН
НУР-СУЛТАН

1914

201

САРЫАРҚА АУДАНЫ

САРЫАРКА РАЙОН

1914

202

ЕСІЛ АУДАНЫ

ЕСИЛЬСКИЙ РАЙОН

1914

203

АЛМАТЫ АУДАНЫ

АЛМАТЫ РАЙОН

1914

204

БАЙҚОҢЫР

БАЙКОНЫР

АТЫРАУ ОБЛЫСЫ
АТЫРАУСКАЯ ОБЛАСТЬ

1915

204

БАЛЫҚШЫ АУДАНЫ

БАЛЫКШИНСКИЙ РАЙОН

1915

208

ҚҰРМАНҒАЗЫ АУДАНЫ

КУРМАНГАЗИНСКИЙ РАЙОН

1915

213

ИНДЕР АУДАНЫ

ИНДЕРСКИЙ РАЙОН

1915

215

ИСАТАЙ АУДАНЫ

ИСАТАЙСКИЙ РАЙОН

1915

217

ҚЫЗЫЛҚОҒА АУДАНЫ

КЗЫЛКОГИНСКИЙ РАЙОН

1915

222

МАҚАТ АУДАНЫ

МАКАТСКИЙ РАЙОН

1915

227

МАХАМБЕТ АУДАНЫ

МАХАМБЕТСКИЙ РАЙОН

1915

239

ЖЫЛЫОЙ АУДАНЫ

ЖЫЛЫОЙСКИЙ РАЙОН

1915

401

АТЫРАУ

АТЫРАУ

ШЫҒЫС-ҚАЗАҚСТАН ОБЛЫСЫ
ВОСТОЧНО-КАЗАХСТАНСКАЯ ОБЛАСТЬ

1917

201

АБАЙ АУДАНЫ

АБАЙСКИЙ РАЙОН

1917

207

АЯГӨЗ АУДАНЫ

АЯГУЗСКИЙ РАЙОН

1917

208

ГЛУБОКОВ АУДАНЫ

ГЛУБОКОВСКИЙ РАЙОН

1917

210

БЕСҚАРАҒАЙ АУДАНЫ

БЕСКАРАГАЙСКИЙ Р-Н

1917

213

ЗАЙСАН АУДАНЫ

ЗАЙСАНСКИЙ РАЙОН

1917

215

АЛТАЙ АУДАНЫ

АЛТАЙ РАЙОН

1917

217

КАТОН-ҚАРАҒАЙ АУДАНЫ

КАТОН-КАРАГАЙСКИЙ Р-Н

1917

219

ЖАРМА АУДАНЫ

ЖАРМИНСКИЙ РАЙОН

1917

222

КҮРШІМ АУДАНЫ

КУРЧУМСКИЙ РАЙОН

1917

224

КӨКПЕКТІ АУДАНЫ

КОКПЕКТИНСКИЙ Р-Н

1917

237

ҰРЖАР АУДАНЫ

УРДЖАРСКИЙ РАЙОН

1917

246

ТАРБАҒАТАЙ АУДАНЫ

ТАРБАГАТАЙСКИЙ Р-Н

1917

248

БОРОДУЛИХА АУДАНЫ

БОРОДУЛИХИНСКИЙ Р-Н

1917

251

ҰЛАН АУДАНЫ

УЛАНСКИЙ РАЙОН

1917

254

ШЕМОНАИХА АУДАНЫ

ШЕМОНАИХИНСКИЙ Р-Н

1917

401

ӨСКЕМЕН

УСТЬ-КАМЕНОГОРСК

1917

405

КУРЧАТОВ

КУРЧАТОВ

1917

407

РИДДЕР

РИДДЕР

1917

412

СЕМЕЙ

СЕМЕЙ

ЖАМБЫЛ ОБЛЫСЫ
ЖАМБЫЛСКАЯ ОБЛАСТЬ

1919

204

ЖАМБЫЛ АУДАНЫ

ЖАМБЫЛСКИЙ РАЙОН

1919

207

ЖУАЛЫ АУДАНЫ

ЖУАЛЫНСКИЙ РАЙОН

1919

216

ҚОРДАЙ АУДАНЫ

КОРДАЙСКИЙ РАЙОН

1919

220

ТҰРАР РЫСҚҰЛОВ АУДАНЫ

ТУРАРА РЫСКУЛОВА Р-Н

1919

225

МЕРКІ АУДАНЫ

МЕРКЕНСКИЙ РАЙОН

1919

228

МОЙЫНҚҰМ АУДАНЫ

МОЙЫНКУМСКИЙ РАЙОН

1919

232

САРЫСУ АУДАНЫ

САРЫСУСКИЙ РАЙОН

1919

236

БАЙЗАҚ АУДАНЫ

БАЙЗАКСКИЙ РАЙОН

1919

240

ТАЛАС АУДАНЫ

ТАЛАССКИЙ РАЙОН

1919

244

ШУ АУДАНЫ

ШУСКИЙ РАЙОН

1919

370

ТЕМІРЖОЛ

ЖЕЛЕЗНОДОРОЖНЫЙ

1919

401

ТАРАЗ

ТАРАЗ

1919

404

ЖАҢАТАС

ЖАНАТАС

1919

407

ҚАРАТАУ

КАРАТАУ

1919

410

ШУ

ШУ

БАТЫС-ҚАЗАҚСТАН ОБЛЫСЫ
ЗАПАДНО-КАЗАХСТАНСКАЯ ОБЛАСТЬ

1926

204

БӨРІЛІ АУДАНЫ

БУРЛИНСКИЙ РАЙОН

1926

208

СЫРЫМ АУДАНЫ

СЫРЫМСКИЙ РАЙОН

1926

211

ЖАНҒАЛА АУДАНЫ

ДЖАНГАЛИНСКИЙ РАЙОН

1926

214

ЖӘНІБЕК АУДАНЫ

ЖАНИБЕКСКИЙ РАЙОН

1926

218

ЗЕЛЕНОВ АУДАНЫ

ЗЕЛЕНОВСКИЙ РАЙОН

1926

224

КАЗТАЛОВКА АУДАНЫ

КАЗТАЛОВСКИЙ РАЙОН

1926

227

ТАСҚАЛА АУДАНЫ

ТАСКАЛИНСКИЙ РАЙОН

1926

230

ҚАРАТӨБЕ АУДАНЫ

КАРАТОБИНСКИЙ Р-Н

1926

244

ТЕРЕКТІ АУДАНЫ

ТЕРЕКТИНСКИЙ РАЙОН

1926

248

БӨКЕЙОРДА АУДАНЫ

БОКЕЙОРДИНСКИЙ Р-Н

1926

255

АҚЖАЙЫҚ АУДАНЫ

АКЖАИКСКИЙ РАЙОН

1926

258

ШЫҢҒЫРЛАУ АУДАНЫ

ЧИНГИРЛАУСКИЙ Р-Н

1926

401

ОРАЛ

УРАЛЬСК

ҚАРАҒАНДЫ ОБЛЫСЫ
КАРАГАНДИНСКАЯ ОБЛАСТЬ

1930

205

АҚТОҒАЙ АУДАНЫ

АКТОГАЙСКИЙ РАЙОН

1930

208

ҚАРҚАРАЛЫ АУДАНЫ

КАРКАРАЛИНСКИЙ РАЙОН

1930

212

АБАЙ АУДАНЫ

АБАЙСКИЙ РАЙОН

1930

215

ЖАҢААРҚА АУДАНЫ

ЖАНААРКИНСКИЙ РАЙОН

1930

220

НҰРА АУДАНЫ

НУРИНСКИЙ РАЙОН

1930

224

ОСАКАРОВ АУДАНЫ

ОСАКАРОВСКИЙ РАЙОН

1930

226

ШЕТ АУДАНЫ

ШЕТСКИЙ РАЙОН

1930

228

ҰЛЫТАУ АУДАНЫ

УЛЫТАУСКИЙ РАЙОН

1930

234

БҰҚАР ЖЫРАУ АУДАНЫ

БУХАР-ЖЫРАУСКИЙ Р-Н

1930

401

ҚАРАҒАНДЫ

КАРАГАНДА

1930

402

ЖЕЗҚАЗҒАН

ЖЕЗКАЗГАН

1930

404

БАЛҚАШ

БАЛХАШ

1930

406

ҚАРАЖАЛ

КАРАЖАЛ

1930

408

САРАН

САРАНЬ

1930

409

СӘТБАЕВ

САТПАЕВ

1930

411

ТЕМІРТАУ

ТЕМИРТАУ

1930

412

ПРИОЗЕР

ПРИОЗЕРСК

1930

414

ШАХТИНСК

ШАХТИНСК

ҚЫЗЫЛОРДА ОБЛЫСЫ
КЫЗЫЛОРДИНСКАЯ ОБЛАСТЬ

1933

204

АРАЛ АУДАНЫ

АРАЛЬСКИЙ РАЙОН

1933

208

ЖАЛАҒАШ АУДАНЫ

ЖАЛАГАШСКИЙ РАЙОН

1933

213

ҚАЗАЛЫ АУДАНЫ

КАЗАЛИНСКИЙ РАЙОН

1933

216

ҚАРМАҚШЫ АУДАНЫ

КАРМАКШИНСКИЙ Р-Н

1933

222

СЫРДАРИЯ АУДАНЫ

СЫРДАРЬИНСКИЙ Р-Н

1933

232

ШИЕЛІ АУДАНЫ

ШИЕЛИЙСКИЙ РАЙОН

1933

238

ЖАҢАҚОРҒАН АУДАНЫ

ЖАНАКОРГАНСКИЙ Р-Н

1933

401

ҚЫЗЫЛОРДА

КЫЗЫЛОРДА

1933

404

БАЙҚОҢЫР

БАЙКОНЫР

1933

456

ТӨРЕТАМ

ТЮРЕТАМ

ҚОСТАНАЙ ОБЛЫСЫ
КОСТАНАЙСКАЯ ОБЛАСТЬ

1937

203

МЕҢДІҚАРА АУДАНЫ

МЕНДЫКАРИНСКИЙ РАЙОН

1937

204

АМАНГЕЛДІ АУДАНЫ

АМАНГЕЛЬДИНСКИЙ РАЙОН

1937

206

ЖІТІҚАРА АУДАНЫ

ЖИТИКАРИНСКИЙ РАЙОН

1937

210

ҚАМЫСТЫ АУДАНЫ

КАМЫСТИНСКИЙ РАЙОН

1937

214

ҚАРАСУ АУДАНЫ

КАРАСУСКИЙ РАЙОН

1937

216

ЖАНГЕЛДИН АУДАНЫ

ЖАНГЕЛЬДИНСКИЙ РАЙОН

1937

218

ҚАРАБАЛЫҚ АУДАНЫ

КАРАБАЛЫКСКИЙ РАЙОН

1937

222

ҚОСТАНАЙ АУДАНЫ

КОСТАНАЙСКИЙ РАЙОН

1937

226

ҰЗЫНКӨЛ АУДАНЫ

УЗУНКОЛЬСКИЙ РАЙОН

1937

232

НАУРЗЫМ АУДАНЫ

НАУРЗУМСКИЙ РАЙОН

1937

236

ДЕНИСОВ АУДАНЫ

ДЕНИСОВСКИЙ РАЙОН

1937

240

ӘУЛИЕКӨЛ АУДАНЫ

АУЛИЕКОЛЬСКИЙ РАЙОН

1937

244

БЕЙІМБЕТ МАЙЛИН АУДАНЫ

БЕИМБЕТ МАЙЛИНА РАЙОН

1937

246

АЛТЫНСАРИН АУДАНЫ

АЛТЫНСАРИНСКИЙ РАЙОН

1937

248

САРЫКӨЛ АУДАНЫ

САРЫКОЛЬСКИЙ РАЙОН

1937

252

ФЕДОРОВ АУДАНЫ

ФЕДОРОВСКИЙ РАЙОН

1937

401

ҚОСТАНАЙ

КОСТАНАЙ

1937

406

ЛИСАКОВСК

ЛИСАКОВСК

1937

408

РУДНЫЙ

РУДНЫЙ

1937

410

АРҚАЛЫҚ

АРКАЛЫК

МАНҒЫСТАУ ОБЛЫСЫ
МАНГИСТАУСКАЯ ОБЛАСТЬ

1943

205

БЕЙНЕУ АУДАНЫ

БЕЙНЕУСКИЙ РАЙОН

1943

210

ҚАРАҚИЯ АУДАНЫ

КАРАКИЯНСКИЙ РАЙОН

1943

216

МАҢҒЫСТАУ АУДАНЫ

МАНГИСТАУСКИЙ РАЙОН

1943

225

ТҮПҚАРАҒАН АУДАНЫ

ТУПКАРАГАНСКИЙ РАЙОН

1943

226

МҰНАЙЛЫ АУДАНЫ

МУНАЙЛИНСКИЙ РАЙОН

1943

401

АҚТАУ

АКТАУ

1943

404

ЖАҢАӨЗЕН

ЖАНАОЗЕН

ПАВЛОДАР ОБЛЫСЫ
ПАВЛОДАРСКАЯ ОБЛАСТЬ

1945

204

БАЯНАУЫЛ АУДАНЫ

БАЯНАУЛЬСКИЙ РАЙОН

1945

213

ЖЕЛЕЗИН АУДАНЫ

ЖЕЛЕЗИНСКИЙ РАЙОН

1945

217

ЕРТІС АУДАНЫ

ИРТЫШСКИЙ РАЙОН

1945

222

ҚАШЫР АУДАНЫ

КАЧИРСКИЙ РАЙОН

1945

226

АҚТОҒАЙ АУДАНЫ

АКТОГАЙСКИЙ РАЙОН

1945

229

ЛЕБЯЖЬЕ АУДАНЫ

ЛЕБЯЖИНСКИЙ РАЙОН

1945

232

МАЙ АУДАНЫ

МАЙСКИЙ РАЙОН

1945

239

ПАВЛОДАР АУДАНЫ

ПАВЛОДАРСКИЙ РАЙОН

1945

242

УСПЕН АУДАНЫ

УСПЕНСКИЙ РАЙОН

1945

245

ШАРБАҚТЫ АУДАНЫ

ЩЕРБАКТИНСКИЙ РАЙОН

1945

401

ПАВЛОДАР

ПАВЛОДАР

1945

404

АҚСУ

АКСУ

1945

408

ЕКІБАСТҰЗ

ЭКИБАСТУЗ

СОЛТҮСТІК-ҚАЗАҚСТАН ОБЛЫСЫ
СЕВЕРО-КАЗАХСТАНСКАЯ ОБЛАСТЬ

1948

204

ҚЫЗЫЛЖАР АУДАНЫ

КЫЗЫЛЖАРСКИЙ РАЙОН

1948

207

М.ЖҰМАБАЕВ АУДАНЫ

М.ЖУМАБАЕВА Р-Н

1948

209

АЙЫРТАУ АУДАНЫ

АЙЫРТАУСКИЙ РАЙОН

1948

213

ЖАМБЫЛ АУДАНЫ

ЖАМБЫЛСКИЙ РАЙОН

1948

216

ЕСІЛ АУДАНЫ

ЕСИЛЬСКИЙ

1948

218

УӘЛИХАНОВ АУДАНЫ

УАЛИХАНОВСКИЙ Р-Н

1948

219

МАМЛЮТ АУДАНЫ

МАМЛЮТСКИЙ РАЙОН

1948

224

ТАЙЫНША АУДАНЫ

ТАЙЫНШИНСКИЙ РАЙОН

1948

226

ҒАБИТ МҮСІРЕПОВ АУДАНЫ

ГАБИТА МУСРЕПОВА Р-Н

1948

232

ШАЛ АҚЫН АУДАНЫ

ШАЛ АКЫНА РАЙОН

1948

235

АҚЖАР АУДАНЫ

АКЖАРСКИЙ РАЙОН

1948

238

АҚҚАЙЫҢ АУДАНЫ

АККАЙЫНСКИЙ РАЙОН

1948

242

ТИМИРЯЗЕВ АУДАНЫ

ТИМИРЯЗЕВСКИЙ Р-Н

1948

401

ПЕТРОПАВЛ

ПЕТРОПАВЛОВСК

ШЫМКЕНТ

1959

361

АБАЙ

АБАЙСКИЙ

1959

364

ӘЛ-ФАРАБИ

АЛЬ-ФАРАБИЙСКИЙ

1959

368

ЕҢБЕКШІ

ЕНБЕКШИНСКИЙ

1959

369

ҚАРАТАУ

КАРАТАУ

ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫ / ТУРКЕСТАНСКАЯ ОБЛАСТЬ

1960

203

БӘЙДІБЕК АУДАНЫ

БАЙДИБЕКА РАЙОН

1960

208

ОРДАБАСЫ АУДАНЫ

ОРДАБАСЫНСКИЙ Р-Н

1960

210

МАҚТААРАЛ АУДАНЫ

МАХТААРАЛЬСКИЙ Р-Н

1960

217

ОТЫРАР АУДАНЫ

ОТРАРСКИЙ РАЙОН

1960

223

ТӨЛЕ БИ АУДАНЫ

ТОЛЕБИЙСКИЙ РАЙОН

1960

226

ҚАЗЫҒҰРТ АУДАНЫ

КАЗЫГУРТСКИЙ РАЙОН

1960

234

САЙРАМ АУДАНЫ

САЙРАМСКИЙ РАЙОН

1960

237

САРЫАҒАШ АУДАНЫ

САРЫАГАШСКИЙ РАЙОН

1960

243

СОЗАҚ АУДАНЫ

СУЗАКСКИЙ РАЙОН

1960

249

ТҮЛКІБАС АУДАНЫ

ТЮЛЬКУБАССКИЙ Р-Н

1960

252

ШАРДАРА АУДАНЫ

ШАРДАРИНСКИЙ РАЙОН

1960

256

КЕЛЕС АУДАНЫ

КЕЛЕССКИЙ РАЙОН

1960

258

ЖЕТІСАЙ АУДАНЫ

ЖЕТЫСАЙСКИЙ РАЙОН

1960

403

АРЫС

АРЫСЬ

1960

406

КЕНТАУ

КЕНТАУ

1960

412

ТҮРКІСТАН

ТУРКЕСТАН

ШЕТЕЛ

9999

404

БАЙҚОҢЫР

БАЙКОНЫР

9999

456

ТӨРЕТАМ

ТЮРЕТАМ

9999

500

ҚР ІІМ КҚҚК

КМС МВД РК

9999

600

ҚР СІМ КҚД

ДКС МИД РК

9999

999

ШЕТЕЛ

ЗАГРАНИЦА


Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады