Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігі арнаулы оқу орнының ақылы негізде ұсынылатын тауарларына (жұмыстарына, көрсетілетін қызметтеріне) бағаларды бекіту туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрінің 2021 жылғы 13 тамыздағы № 395 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2021 жылғы 16 тамызда № 24004 болып тіркелді

      "Білім туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 63-бабының 4-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

      1. Қоса беріліп отырған Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігі арнаулы оқу орнының ақылы негізде ұсынылатын тауарларына (жұмыстарына, көрсетілетін қызметтеріне) бағалар бекітілсін.

      2. Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігінің Кадр саясаты департаменті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:

      1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;

      2) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды;

      3) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігінің Заң департаментіне осы тармақтың 1) және 2) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді ұсынуды қамтамасыз етсін.

      3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар вице - министріне жүктелсін.

      4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасы
Төтенше жағдайлар министрі
Ю. Ильин

  Қазақстан Республикасы
Төтенше жағдайлар министрі
2021 жылғы 13 тамыздағы
№ 395 бұйрығымен бекітілген

Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігі арнаулы оқу орнының ақылы негізде ұсынылатын тауарларына (жұмыстарына, көрсетілетін қызметтеріне) бағалары

Ақылы негізде ұсынылатын тауарлардың (жұмыстардың, қызметтердің) атауы

Өлшем бірлігі

Бағасы (теңге) 1 сағатқа

1.

"Қазақстан тарихы" пәні бойынша оқыту, 1 адамға

сағат

1625

2.

"Математика" пәні бойынша оқыту, 1 адамға

сағат

1625

3.

"Физика" пәні бойынша оқыту, 1 адамға

сағат

1625

4.

"Геометрия" пәні бойынша оқыту, 1 адамға

сағат

1625

5.

Жеке техникалық пәндердің мәселенамасын терең зерделеумен кеңейтілген курстарда оқыту, 1 адамға

сағат

1625

6.

Ғылым салаларының жеке мәселелерін қарасаумен және практикалық дағдыларды пысықтаумен пәндер бойынша арнайы курстарда оқыту, 1 адамға

сағат

1625

7.

Өрт-техникалық минимум бойынша оқыту, 1 адамға

сағат

1625

8.

Азаматтық қорғаудың басқару органдары мен күштерінің басшыларын, мамандарын даярлау, 1 адамға

сағат

1625

9.

Мемлекеттік емес өртке қарсы қызметінің мамандарын арнайы даярлау бойынша оқыту, 1 адамға

сағат

1625

10.

Қауіпті өндірістік объектілердің және өнеркәсіптік қауіпсіздік мәселелері жөніндегі өзге де ұйымдардың мамандарын, жұмыскерлерін даярлау, қайта даярлау және олардың біліктілігін арттыру, 1 адамға

сағат

1625

11.

Өнеркәсіптік альпинизмді оқыту, 1 адамға

сағат

1625

12.

Құтқарушыларды, газ құтқарушыларды, тау-кен құтқарушыларды, және газ-түтіннен қорғаушыларды даярлау және қайта даярлау, 1 адамға

сағат

1625


Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады