"Сәулет, қала құрылысы және құрылыс каталогтарын қалыптастыру және жүргізу қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2015 жылғы 19 қарашадағы № 701 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің м.а. 2021 жылғы 10 тамыздағы № 428 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2021 жылғы 16 тамызда № 24007 болып тіркелді

      БҰЙЫРАМЫН:

      1. "Сәулет, қала құрылысы және құрылыс каталогтарын қалыптастыру және жүргізу қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2015 жылғы 19 қарашадағы № 701 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 12423 болып тіркелген) мынадай өзгерістер енгізілсін:

      көрсетілген бұйрықпен бекітілген Сәулет, қала құрылысы және құрылыс каталогтарын қалыптастыру және жүргізу қағидаларында:

      1-тараудың тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:

      "1-тарау. Жалпы ережелер";

      2-тараудың тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:

      "2-тарау. СҚҚК қалыптастыру, бекіту және жүргізу тәртібі";

      9-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "9. Шығарылатын конструкциялар, бұйымдар және құрылыс материалдары бойынша, сондай-ақ құрылыс өнімдерін өндірістен алып тастау туралы ақпаратты ұйымдар уәкілетті органның ведомствосына СҚҚК-3-ке тиісті өзгерістер мен толықтырулар енгізу үшін жібереді.

      Шығарылатын құрылыс өнімдері туралы мәліметтер Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің Статистика комитеті төрағасының 2015 жылғы 18 наурыздағы № 50 бұйрығымен бекітілген (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 10779 болып тіркелген) Ведомстволық жіктелімдерді жүргізудің үлгілік әдістемесіне (ВЖЖҮӘ) сәйкес әзірленген құрылыс ресурстарының жіктеуішінен алынған өнім кодын, оның атауын, стандартын және өлшем бірлігін қамтиды.";

      көрсетілген Қағидаларға қосымшада:

      Негізгі бөлімнің нысаны СҚҚК-3 – Құрылыс конструкциялары, бұйымдары мен құрылыс материалдарының тізбесі мынадай редакцияда жазылсын:

      "

Өнімнің
коды

Атауы

Стандарт

Өлшем бірлігі





  ".

      2. Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің Құрылыс және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық істері комитеті заңнамада белгіленген тәртіппен:

      1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;

      2) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.

      3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Индустрия және инфрақұрылымдық даму вице-министріне жүктелсін.

      4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
Индустрия және инфрақұрылымдық
даму министрінің міндетін атқарушы
К. Ускенбаев

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады