Аэронавигациялық қызмет көрсетуді берушіні сертификаттау және оған сертификат беру қағидаларын, сондай-ақ аэронавигациялық қызмет көрсетуді берушілерге қойылатын сертификаттау талаптарын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің 2017 жылғы 26 маусымдағы № 384 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің м.а. 2021 жылғы 17 тамыздағы № 447 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2021 жылғы 18 тамызда № 24031 болып тіркелді

      ЗҚАИ-ның ескертпесі!
      Осы бұйрықтың қолданысқа енгізілу тәртібін 4 т. қараңыз

      БҰЙЫРАМЫН:

      1. "Аэронавигациялық қызмет көрсетуді берушіні сертификаттау және оған сертификат беру қағидаларын, сондай-ақ аэронавигациялық қызмет көрсетуді берушілерге қойылатын сертификаттау талаптарын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің 2017 жылғы 26 маусымдағы № 384 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 15468 болып тіркелген) мынадай өзгерістер енгізілсін:

      көрсетілген бұйрықпен бекітілген Аэронавигациялық қызмет көрсетуді берушіні сертификаттау және оған сертификат беру қағидаларында:

      9-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "9. Аэронавигациялық қызмет көрсетуді берушінің сертификатын алу үшін өтініш беруші (бұдан әрі - көрсетілетін қызметті алушы) уәкілетті ұйымға осы Қағидаларға 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша аэронавигациялық қызмет көрсетуді берушінің сертификатын алуға өтінішті (бұдан әрі - өтініш) және осы Қағидаларға 2-қосымшаға сәйкес "Аэронавигациялық қызмет көрсетуді берушінің сертификатын беру" мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартында (бұдан әрі – Мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты) көзделген тізбе бойынша құжаттар топтамасын "электрондық үкіметтің" веб-порталы (бұдан әрі - портал) арқылы жібереді.

      Портал арқылы жүгінген кезде көрсетілетін қызметті алушының жүгіну тарихындағы "жеке кабинетінде" мемлекеттік қызметті көрсету үшін электрондық сұрау салудың қабылданғаны туралы мәртебе көрсетіледі.

      Мемлекеттік қызмет көрсету процесінің сипаттамасын, нысанын, мазмұны мен нәтижесін, сондай-ақ мемлекеттік қызмет көрсету ерекшеліктері ескеріле отырып, өзге де мәліметтерді қамтитын мемлекеттік қызмет көрсетуге қойылатын негізгі талаптардың тізбесі осы Қағидаларға 2-қосымшаға сәйкес мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартында жазылған.";

      23-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "23. Сертификат оның қолданылу саласын және осы Қағидаларға 5-қосымшаға сәйкес сертификаттауға жататын аэронавигациялық қызмет көрсетуді берушінің сертификаты сұратылатын аэронавигациялық қызмет көрсетудің рұқсат етілген түрлерін (кіші түрлерін) көрсете отырып, бес жылға беріледі.

      Сертификат аэронавигациялық қызмет көрсетудің барлық не жекелеген түрлеріне (кіші түрлеріне) ресімделеді.

      Бұл ретте аэронавигациялық қызмет көрсетуді беруші өз қызметін қатаң түрде сертификатқа сәйкес жүзеге асырады.

      Портал арқылы жүгінген кезде көрсетілетін қызметті алушының "жеке кабинетіне" құжаттардың дайындығы және мемлекеттік көрсетілетін қызмет нәтижесін беру орны туралы хабарлама жіберіледі.";

      көрсетілген Қағидаларға 2-қосымша осы бұйрыққа қосымшаға сәйкес редакцияда жазылсын.

      2. Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің Азаматтық авиация комитеті заңнамада белгіленген тәртіппен:

      1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;

      2) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.

      3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Индустрия және инфрақұрылымдық даму вице-министріне жүктелсін.

      4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік алпыс күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
Индустрия және инфрақұрылымдық
даму министрінің міндетін атқарушы
К. Ускенбаев

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасы

      Цифрлық даму, инновациялар және

      аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі

  Қазақстан Республикасының
Индустрия және
инфрақұрылымдық
даму министрінің
міндетін атқарушының
2021 жылғы 17 тамыздағы
№ 447 Бұйрыққа
қосымша
  Аэронавигациялық қызмет
көрсетуді берушіні
сертификаттау және оған
сертификат беру қағидаларына
2-қосымша

"Аэронавигациялық қызмет көрсетуді берушінің сертификатын беру" мемлекеттік көрсетілетін қызметі стандарты

1

Көрсетілетін қызметті берушінің атауы

"Қазақстанның авиациялық әкімшілігі" акционерлік қоғамы

2

Мемлекеттік көрсетілетін қызметті ұсыну тәсілдері

"Электрондық үкіметтің" веб-порталы.

3

Мемлекеттік қызметті көрсету мерзімі

15 жұмыс күні

4

Мемлекеттік қызметті көрсету нысаны

Электрондық (толық автоматтандырылған)

5

Мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесі

Аэронавигациялық қызмет көрсетуді берушінің сертификаты немесе осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартының 9-тармағында көрсетілген жағдайларда және негіздер бойынша мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тарту туралы дәлелді жауап.

6

Мемлекеттік қызмет көрсету кезінде көрсетілетін қызметті алушыдан алынатын төлем мөлшері және Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген жағдайларда оны алу тәсілдері

Ақылы
"Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы" 2017 жылғы 25 желтоқсандағы Қазақстан Республикасы Кодексінің 554-бабы 7-тармағының 9) тармақшасына сәйкес, аэронавигациялық қызмет көрсетуді берушінің сертификатын беру үшін:

№ р/с

Аэронавигациялық қызмет көрсетуді берушінің штат саны

Сертификаттау үшін алым мөлшерлемесі (АЕК)

1

2

3

1.

201 адам және одан көп

12 600

2.

101 адамнан 200 адамға дейін

324

3.

51 адамнан 100 адамға дейін

313

4.

21 адамнан 50 адамға дейін

302

5.

11 адамнан 20 адамға дейін

190

6.

10 адамға дейін

180

Ескертпе: сертификаттың қолданылу саласын кеңейту кезінде

Сертификаттау үшін алым мөлшерлемесінен 10%

 

7

Жұмыс кестесі

1) көрсетілетін қызметті берушіде – Қазақстан Республикасының 2015 жылғы 23 қарашадағы Еңбек кодексіне (бұдан әрі – Кодекс) сәйкес демалыс және мереке күндерін қоспағанда, белгіленген жұмыс кестесіне сәйкес дүйсенбіден бастап жұманы қоса алғанда, сағат 13.00-ден 14.30-ға дейінгі түскі үзіліспен сағат 9.00-ден 18.30-ға дейін.
2) портал - жөндеу жұмыстарына байланысты техникалық үзілістерді қоспағанда, тәулік бойы (көрсетілетін қызметті алушы жұмыс уақыты аяқталғаннан кейін, Кодекске сәйкес демалыс және мереке күндері жүгінген кезде, мемлекеттік қызмет көрсетуге өтінішті тіркеу келесі жұмыс күні жүзеге асырылады).
Мемлекеттік қызметтерді көрсету орындарының мекен-жайы мына жерде орналастырылған:
1) Көрсетілетін қызметті беруші "Қазақстанның авиациялық әкімшілігі" акционерлік қоғамының интернет-ресурсында - www.caakz.com, "Мемлекеттік қызметтер" бөлімі;
2) www.egov.kz порталында.

8

Мемлекеттік қызметті көрсету үшін қажетті құжаттар тізбесі

1) осы Қағидаларға 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша аэронавигациялық қызмет көрсетуді берушінің сертификатын алуға өтініш.
2) нысан бойынша соңғы жылғы қаржылық-экономикалық жағдай туралы ақпараттың электрондық көшірмесі.
3) персоналдың бастапқы даярлығын және техникалық оқуды және біліктілігін арттыру курстарын жоспарлауды, өткізуді растайтын құжаттаманың электрондық көшірмесі;
4) ұшу қауіпсіздігін басқару жөніндегі бекітілген нұсқаулықтың электрондық көшірмесі;
5) ӘҚҰ персоналдың, диспетчердің, оператордың жұмыс технологиясының (жұмыс нұсқаулықтарының) электрондық көшірмелері.
6) ҰРТҚ және байланыс құралдарын пайдалану, техникалық қызмет көрсету тәртібін анықтайтын құжаттардың электрондық көшірмесі:
Радиотехникалық жабдықты және радиобайланысты пайдалану қызметіне бекітілген ұшуды радиотехникалық қамтамасыз ету (бұдан әрі – ҰРТҚ) және байланыс жабдықтарының (құралдарының) жиынтық тізбесі.
ҰРТҚ және байланыс құралдарын резервтеу жөніндегі бекітілген нұсқаулықтардың тізбесі;
ҰРТҚ және байланыс құралдарына (жай-күйі бойынша қызмет көрсетілетін құралдардан басқа) техникалық қызмет көрсету және жөндеу кестесі);
ҰРТҚ және байланыс құралдарына жерде тексеру жүргізу туралы ақпарат;
ҰРТҚ және байланыс құралдарына ұшу тексеру жүргізу туралы ақпарат;
"Азаматтық авиацияда ұшуды радиотехникалық қамтамасыз ету және авиациялық электр байланысы қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің 2017 жылғы 29 маусымдағы № 402 бұйрығымен (Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2017 жылғы 24 тамызда № 15554 болып тіркелген) бекітілген Азаматтық авиацияда ұшуды радиотехникалық қамтамасыз ету және авиациялық электр байланысы қағидаларын бекіту туралы) және "Азаматтық авиация әуеайлақтарының (тікұшақ айлақтарының) пайдалануға жарамдылығы нормаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің 2015 жылғы 31 наурыздағы № 381 бұйрығымен бекітілген (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 12303 болып тіркелген) Азаматтық авиация әуеайлақтарының (тікұшақ айлақтарының) пайдалануға жарамдылығы нормаларына ҰРТҚ және байланыс құралдарының сәйкестігі туралы ақпарат;
7) Аэронавигациялық ақпаратты басқару қызметі (бұдан әрі – ААБ қызметі) персоналының жұмыс тәртібін айқындайтын құжаттардың электрондық көшірмесі:
ААБ қызметі персоналының бекітілген лауазымдық нұсқаулықтары және олардың жұмыс тәртібін анықтайтын рәсімдер;
бастапқы аэронавигациялық ақпаратты берушілердің қолданыстағы тізбесі; бекітілген құрылымы:
8) әуеайлақта ұшуды метеорологиялық қамтамасыз ету жөніндегі нұсқаулықтың электрондық көшірмесі;
9) метеорологиялық қамтамасыз етуді жүзеге асыратын персоналдың бекітілген үлгілік лауазымдық нұсқаулықтарының электрондық көшірмесі.
10) авиациялық метеорологиялық персоналдың құзыреттілігіне бағалау жүргізуді растайтын құжаттардың электрондық көшірмесі: құзыреттілікке бағалау жүргізудің бекітілген әдістемесі; құзыреттілікке соңғы бағалау жүргізу бойынша анықтама;
11) Стандарттау бойынша халықаралық ұйымның (ИСО) 9000 сериялы сапа менеджменті жүйесінің сертификатының электрондық көшірмесі.
12) Іздестіру мен құтқаруды үйлестіру орталығы персоналының жұмыс тәртібін айқындайтын құжаттардың электрондық көшірмелері:
бекітілген лауазымдық нұсқаулықтар;
бекітілген жұмыс технологиясы.

9

Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тарту үшін негіздер

1) мемлекеттік көрсетілетін қызметті алу үшін көрсетілетін қызметті алушы ұсынған құжаттардың және (немесе) оларда қамтылған деректердің (мәліметтердің) анық еместігін анықтау;
2) көрсетілетін қызметті алушының және (немесе) мемлекеттік қызметті көрсету үшін қажетті ұсынылған материалдардың, деректер мен мәліметтердің Қазақстан Республикасының әуе кеңістігін пайдалану және авиация қызметі саласындағы нормативтік құқықтық актілерінде белгіленген талаптарға сәйкес келмеуі;
3) көрсетілетін қызметті алушыға қатысты аттестаттаудан өту үшін талап етілетін қызметке немесе жекелеген қызмет түрлеріне тыйым салу туралы заңды күшіне енген сот шешімі (үкімі) бар болса;
4) көрсетілетін қызметті алушыға қатысты заңды күшіне енген сот шешімі бар, соның негізінде көрсетілетін қызметті алушы мемлекеттік көрсетілетін қызметті алуға байланысты арнайы құқықтан айырылуы.

10

Мемлекеттік қызметті, оның ішінде электрондық нысанда және Мемлекеттік корпорация арқылы көрсету ерекшеліктері ескеріле отырып қойылатын өзге де талаптар

Өтініш беруші ЭЦҚ болған жағдайда мемлекеттік көрсетілетін қызметті портал арқылы электрондық нысанда алуға мүмкіндігі бар.
Көрсетілетін қызметті алушының мемлекеттік қызмет көрсету тәртібі мен мәртебесі туралы ақпаратты қашықтықтан қол жеткізу режимінде порталдағы "жеке кабинеті", көрсетілетін қызметті берушінің анықтама қызметтері арқылы алуға мүмкіндігі бар.


Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады