"Әскери міндеттілер мен әскерге шақырылушыларды әскери есепке алу қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрінің 2017 жылғы 24 қаңтардағы № 28 бұйрығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрінің 2021 жылғы 20 тамыздағы № 555 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2021 жылғы 23 тамызда № 24076 болып тіркелді

      БҰЙЫРАМЫН:

      1. "Әскери міндеттілер мен әскерге шақырылушыларды әскери есепке алу қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрінің 2017 жылғы 24 қаңтардағы № 28 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 14881 болып тіркелген) мынадай өзгерістер енгізілсін:

      көрсетілген бұйрықпен бекітілген Әскери міндеттілер мен әскерге шақырылушыларды әскери есепке алу қағидаларында:

      9-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "9. Әскерге шақыру учаскесіне тіркеу жылында он жеті жасқа толатын Қазақстан Республикасының ер азаматтары ағымдағы жылғы қаңтар – наурызда ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) ЖӘБО-сына бастапқы әскери есепке қойылуға тиіс.

      Кейінгі әскери есепке қою осы Қағидалардың 89-тармағына сәйкес жүзеге асырылады.

      Азаматты тұрғылықты жерін ауыстырған кезде әскери есептен алуды ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) ЖӘБО азаматты жаңа тұрғылықты жері бойынша әскери есепке қойғаннан кейін жүзеге асырады.

      Медициналық (әскери-дәрігерлік) комиссия әскери есептен шығарумен әскери қызметке жарамсыз деп таныған азаматтар әскери есепке қабылданбайды.";

      11-тармақтың 1) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:

      "1) өзімен бірге тіркеу туралы куәлігін, сондай-ақ Қазақстан Республикасы азаматының жеке куәлігі мен жүргізуші куәлігін (ол бар болған кезде) немесе цифрлық құжаттар сервисінен жеке куәлігі мен жүргізуші куәлігінің (ол бар болған кезде) электрондық құжатын алып, шақырту (шақырту қағазы) бойынша белгіленген уақытта және жерге ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) ЖӘБО-сына немесе ауылдың, кенттің, ауылдық округтің әкімдігіне баруы;";

      25-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "25. Әскерге шақыру учаскелеріне тіркелуге тиіс барлық азаматтарға Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрінің 2020 жылғы 21 желтоқсандағы № 716 бұйрығымен бекітілген Қазақстан Республикасының Қарулы Күштерінде әскери-дәрігерлік сараптама жүргізу қағидаларына және әскери-дәрігерлік сараптама комиссиялары туралы ережеге (бұдан әрі – Әскери-дәрігерлік сараптама жүргізу қағидалары) (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 21869 болып тіркелген) сәйкес медициналық куәландыру жүргізіледі.";

      52-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "52. Бейбіт уақытта әскери қызметке жарамсыз, соғыс уақытында шектеулі жарамды деп танылған, сондай-ақ Заңның 36-бабында көзделген себептер бойынша бейбіт уақытта әскери қызметке шақыру бойынша әскери қызметке шақырудан босатылған әскерге шақырылушылардың әскери есебінен әскери міндеттілердің есебіне беру облыстық әскерге шақыру комиссиясының шешімімен расталған аудандық (қалалық) әскерге шақыру комиссиясының шешімі негізінде жүргізіледі.

      Әртүрлі себептермен 27 жасқа толуы бойынша мерзімді әскери қызметке шақырылмаған және шақырту бойынша әскерге шақыру комиссияларына келмеген азаматтар медициналық куәландырудан өткізусіз аудандық (қалалық) әскерге шақыру комиссияларының шешімімен әскери міндеттілер есебіне беріледі. Аудандық (қалалық) әскерге шақыру комиссияларының шешімінің негізінде аудандық (қалалық) әскерге шақыру комиссияларының хаттамалар кітабынан осы Қағидалардың 21-1-қосымшасына сәйкес нысан бойынша үзінді жасалады. Әскери қызметке жарамдылығы олар ЖӘБО-ға келген кезде айқындалады.

      Жоғарыда көрсетілген әскерге шақыру жасындағы азаматтарды әскерге шақырылушылардың әскери есебінен әскери міндеттілер есебіне беру үшін әскерге шақыру комиссиясының хаттамалар кітабынан үзінді және әскерге шақырылушының есепке алу картасы ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) ЖӘБО бастығына қол қоюға ұсынылады.

      Әскерге шақырылушының жеке ісі аудандық (қалалық) әскерге шақыру комиссиясының хаттамасынан үзіндімен бірге әскери билет толтыру үшін әскери міндеттілерді есепке алу бөліміне беріледі.

      Әскерге шақырылушыны әскерге шақырылушылардың әскери есебінен әскери міндеттілер есебіне беру туралы тиісті белгі есептік-әліпбилік кітапқа қойылады.";

      82-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "82. Қазақстан Республикасының Қорғаныс министрлігі ЖӘБО арқылы (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті беруші) мынадай мемлекеттік қызметтерді көрсетеді:

      әскерге шақырылушыларға әскерге шақыру учаскелеріне тіркеу туралы куәліктер және куәліктердің телнұсқаларын беру;

      запастағы офицерлерге, сержанттарға, сарбаздарға әскери билеттер (әскери билеттердің орнына уақытша куәліктер) немесе олардың телнұсқаларын беру;

      әскери міндеттілер мен әскерге шақырылушыларды әскери есепке қою және одан шығару;

      Қазақстан Республикасынан тыс жерлерге тұрақты тұру үшін шығатын азаматтарға анықтамалар беру;

      әскери қызмет өткеруді растау туралы мәліметтерді беру.";

      84 және 85-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:

      "84. Көрсетілетін қызметті алушы Мемлекеттік корпорация арқылы өтініш жасаған кезде құжаттар топтамасын қабылдау туралы қолхат беріледі немесе көрсетілетін қызметті алушы құжаттар топтамасын толық ұсынбаған және (немесе) қолданылу мерзімі аяқталған құжаттарды ұсынған жағдайда осы Қағидаларға 30-қосымшаға сәйкес нысан бойынша құжаттарды қабылдаудан бас тарту туралы қолхат беріледі.

      Мемлекеттік көрсетілетін қызметтерді ұсыну ерекшеліктерін ескере отырып, қызмет көрсету процесінің сипатынан, нысанынан, мазмұны мен нәтижесінен, сондай-ақ өзге де мәліметтерден тұратын мемлекеттік қызмет көрсетуге қойылатын негізгі талаптар тізбесі мынадай мемлекеттік көрсетілетін қызметтер стандарттары нысанында жазылған:

      әскерге шақырылушыларға әскерге шақыру учаскелеріне тіркеу туралы куәліктер және куәліктердің телнұсқаларын беру осы Қағидаларға 31-қосымшада;

      запастағы офицерлерге, сержанттарға, сарбаздарға әскери билеттер (әскери билеттердің орнына уақытша куәліктер) немесе олардың телнұсқаларын беру осы Қағидаларға 32-қосымшада;

      әскери міндеттілер мен әскерге шақырылушыларды әскери есепке қою және одан шығару осы Қағидаларға 33-қосымшада;

      Қазақстан Республикасынан тыс жерлерге тұрақты тұру үшін шығатын азаматтарға анықтамалар беру осы Қағидаларға 35-қосымшада;

      әскери қызмет өткеруді растау туралы мәліметтерді беру осы Қағидаларға 36-қосымшада.

      85. Көрсетілетін қызметті алушының жеке басын куәландыратын құжаттар туралы, туу туралы, некеге тұру туралы, балаларының туу туралы, тұрғылықты жері немесе уақытша келген жері бойынша тіркелуі туралы мәліметтерді Мемлекеттік корпорация жұмыскері мен көрсетілетін қызметті беруші "электрондық үкімет" шлюзі арқылы тиісті мемлекеттік ақпараттық жүйелерден алады.

      Порталға өтініш жасаған кезде көрсетілетін қызметті беруші аталған құжаттардан басқа графикалық файл түріндегі көлемі 30х40 мм цифрлық фотосуретті алады.";

      мынадай мазмұндағы 86-1-тармақпен толықтырылсын:

      "86-1. Көрсетілетін қызметті беруші бір реттік пароль беру немесе "электрондық үкімет" веб-порталының хабарламасына жауап ретінде қысқа мәтінді хабарлама жолдау жолымен "электрондық үкімет" веб-порталында тіркелгенпайдаланушының ұялы байланыс абоненттік нөмірі арқылы берілген құжат иесінің келісімі болған кезде іске асырылған интеграция арқылы цифрлық құжаттар сервисінен цифрлық құжаттарды алады.";

      87, 88 және 89-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:

      "87. "Әскерге шақырылушыларға әскерге шақыру учаскелеріне тіркеу туралы куәліктер және куәліктердің телнұсқаларын беру" мемлекеттік көрсетілетін қызметін алу үшін көрсетілетін қызметті алушылар осы Қағидаларға 37-қосымшаға сәйкес нысан бойынша өтініш береді.

      Мемлекеттік қызмет көрсету мерзімі 5 (бес) жұмыс күнін құрайды.

      Көрсетілетін қызметті беруші құжаттар келіп түскен күні оларды қабылдауды, тіркеуді және орындау үшін жауапты орындаушыға беруді жүзеге асырады.

      Орындаушының құжаттар топтамасының осы Қағидаларда белгіленген талаптарға сәйкес келуін қарауы, мемлекеттік көрсетілетін қызмет нәтижесін басшыға қол қойғызуға дайындауы 3 жұмыс күні ішінде жүзеге асырылады.

      Мемлекеттік көрсетілетін қызмет нәтижесі тіркеу туралы куәлік беру немесе мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тарту туралы дәлелді жауап болып табылады.

      Мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тарту:

      көрсетілетін қызметті алушы мемлекеттік көрсетілетін қызметті алу үшін ұсынған құжаттардың және (немесе) оларда қамтылған деректердің (мәліметтердің) дұрыс болмауы анықталған;

      көрсетілетін қызметті алушы және (немесе) ұсынылған материалдар, мемлекеттік қызмет көрсету үшін қажетті деректер мен мәліметтер осы Қағидаларда белгіленген талаптарға сәйкес келмеген;

      шақыру комиссиясының хаттамалары кітабында жазба болмаған,оған он жеті жас толған жылы қаңтар – наурызда әскерге шақыру учаскесіне тіркелмеген көрсетілетін қызметті алушы алғаш рет өтініш жасаған кезде;

      тіркеу туралы куәлікті жоғалтқан кезде, тіркеу туралы куәлікті бүлдірген кезде көрсетілетін қызметті алушыға әкімшілік жаза қолдану қаулы болмаған жағдайларда жүзеге асырылады.

      Әкімшілік жаза қолдану туралы қаулының болмауы себебінен мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тарту туралы дәлелді жауап болған жағдайда көрсетілетін қызметті алушы әкімшілік жауаптылыққа тарту мәселесін қарастыру үшін әскери есеп орны бойынша жергілікті әскери басқару органына келуі қажет.

      Порталға өтініш жасаған кезде көрсетілетін қызметті беруші көрсетілетін қызметті алушының "жеке кабинетіне" көрсетілетін қызметті берушінің ЭЦҚ қойылған мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесін алу орны туралы ақпарат жолдайды.

      Мемлекеттік көрсетілетін қызмет нәтижесін беру Мемлекеттік корпорация арқылы жүзеге асырылады (порталға өтініш жасаған кезде көрсетілетін қызметті алушы таңдаған Мемлекеттік корпорация филиалы арқылы).

      88. "Запастағы офицерлерге, сержанттарға, сарбаздарға әскери билеттер (әскери билеттердің орнына уақытша куәліктер) немесе олардың телнұсқаларын беру" мемлекеттік көрсетілетін қызметін алу үшін көрсетілетін қызметті алушылар осы Қағидаларға 38-қосымшаға сәйкес нысан бойынша өтініш береді.

      Мемлекеттік қызмет көрсету мерзімі:

      республикалық және облыстық маңызы бар қалаларда, астанада – 7 (жеті) жұмыс күнін;

      аудандарда – 5 (бес) жұмыс күнін құрайды.

      Көрсетілетін қызметті беруші құжаттар келіп түскен күні оларды қабылдауды, тіркеуді және орындау үшін жауапты орындаушыға беруді жүзеге асырады.

      Орындаушының құжаттар топтамасының осы Қағидаларда белгіленген талаптарға сәйкес келуін қарауы, мемлекеттік көрсетілетін қызмет нәтижесін басшыға қол қойғызуға дайындауы 2 (екі) жұмыс күні ішінде мемлекеттік көрсетілетін қызмет мерзімі аяқталғанға дейін жүзеге асырылады.

      Мемлекеттік көрсетілетін қызмет нәтижесі запастағы офицерлерге, сержанттарға, сарбаздарға әскери билеттер (әскери билеттердің орнына уақытша куәліктер) немесе олардың телнұсқаларын беру немесе мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тарту туралы дәлелді жауап болып табылады.

      Мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тарту:

      көрсетілетін қызметті алушы мемлекеттік көрсетілетін қызметті алу үшін ұсынған құжаттардың және (немесе) олардағы деректердің (мәліметтердің) дұрыс болмауы анықталған;

      көрсетілетін қызметті алушының және (немесе) ұсынылған материалдардың, мемлекеттік қызмет көрсету үшін қажетті деректер мен мәліметтердің осы Қағидаларда белгіленген талаптарға сәйкес келмеген;

      бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған, 27 жасқа толмаған, денсаулық жағдайы бойынша әскери міндеттілердің әскери есебіне беруге жататын, 27 жасқа толған, әскерге шақыруды кейінге қалдыруға (босатуға) байланысты әскери қызмет өткермеген, туыстарының бірі (әкесі, анасы, аға-інісі немесе әпке-қарындасы) әскери қызмет өткеру кезеңінде қызметтік міндеттерін орындау кезінде қаза тапқан, қайтыс болған немесе бірінші немесе екінші топтағы мүгедек болып қалған, ғылыми дәрежесі бар, тіркелген діни бірлестіктерде дін қызметшісі болып табылатын адамдар санаттары үшін әскерге шақыру комиссиясының хаттамалары кітабында жазба болмаған;

      әскери билетті жоғалту кезінде, әскери билетті бүлдіру кезіндеосы санаттағы азаматтар үшін әкімшілік жаза қолдану туралы қаулы болмаған жағдайларда жүзеге асырылады.

      Әкімшілік жаза қолдану туралы қаулының болмауы себебінен мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тарту туралы дәлелді жауап болған жағдайда көрсетілетін қызметті алушы әкімшілік жауаптылыққа тарту мәселесін қарастыру үшін әскери есеп орны бойынша жергілікті әскери басқару органына келуі қажет.

      Порталға өтініш жасаған кезде көрсетілетін қызметті беруші көрсетілетін қызметті алушының "жеке кабинетіне" көрсетілетін қызметті берушінің ЭЦҚ қойылған мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесін алу орны туралы ақпарат жолдайды.

      Мемлекеттік көрсетілетін қызмет нәтижесін беру Мемлекеттік корпорация арқылы жүзеге асырылады (порталға өтініш жасаған кезде көрсетілетін қызметті алушы таңдаған Мемлекеттік корпорация филиалы арқылы).

      89. "Әскери міндеттілер мен әскерге шақырылушыларды әскери есепке қою және одан шығару" мемлекеттік көрсетілетін қызметін алу үшін көрсетілетін қызметті алушылар:

      1) әскери есепке қою үшін:

      осы Қағидаларға 39-қосымшаға сәйкес нысан бойынша өтініш береді (әскерге шақырылушылар қатарындағы азаматтар үшін);

      осы Қағидаларға 40-қосымшаға сәйкес нысан бойынша өтініш береді (офицерлер, сержанттар, сарбаздар қатарындағы азаматтар үшін);

      2) әскери есептен шығару үшін осы Қағидаларға 41-қосымшаға сәйкес нысан бойынша өтініш береді.

      Мемлекеттік қызмет көрсету мерзімі 4 (төрт) жұмыс күнін құрайды.

      Көрсетілетін қызметті беруші құжаттар келіп түскен күні оларды қабылдауды, тіркеуді және орындау үшін жауапты орындаушыға беруді жүзеге асырады.

      Орындаушының құжаттар топтамасының осы Қағидаларда белгіленген талаптарға сәйкес келуін қарауы, мемлекеттік көрсетілетін қызмет нәтижесін басшыға қол қойғызуға дайындауы 2 жұмыс күні ішінде жүзеге асырылады.

      Мемлекеттік көрсетілетін қызмет нәтижесі осы Қағидаларға 43 және 44-қосымшаларға сәйкес көрсетілетін қызметті берушінің ЭЦҚ қойылған электрондық құжат нысанында әскери міндеттілер мен әскерге шақырылушыларға әскери есепке қою және одан шығару туралы хабарлама немесе мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тарту туралы дәлелді жауапболып табылады.

      Мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тарту:

      көрсетілетін қызметті алушы мемлекеттік көрсетілетін қызметті алу үшін ұсынған құжаттардың және (немесе) олардағы деректердің (мәліметтердің) дұрыс болмауы анықталған;

      көрсетілетін қызметті алушының және (немесе) ұсынылған материалдардың, мемлекеттік қызмет көрсету үшін қажетті деректер мен мәліметтердің осы Қағидаларда белгіленген талаптарға сәйкес келмеген;

      көрсетілетін қызметті алушыда әкімшілік жаза қолдану туралы қаулы болмаған жағдайларда жүзеге асырылады.

      Әкімшілік жаза қолдану туралы қаулының болмауы себебінен мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тарту туралы дәлелді жауап болған жағдайда көрсетілетін қызметті алушы әкімшілік жауаптылыққа тарту мәселесін қарастыру үшін әскери есеп орны бойынша жергілікті әскери басқару органына келуі қажет.

      Мемлекеттік көрсетілетін қызмет нәтижесін беру портал арқылы жүзеге асырылады.";

      90-тармақ алып тасталсын;

      91 және 92-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:

      "91. "Қазақстан Республикасынан тыс жерлерге тұрақты тұру үшін шығатын азаматтарға анықтамалар беру" мемлекеттік көрсетілетін қызметті алу үшін көрсетілетін қызметті алушылар осы Қағидаларға 48-қосымшаға сәйкес нысан бойынша өтініш береді.

      Мемлекеттік қызмет көрсету мерзімі 1 (бір) жұмыс күнін құрайды.

      Көрсетілетін қызметті беруші құжаттар келіп түскен күні оларды қабылдауды, тіркеуді және орындау үшін жауапты орындаушыға беруді жүзеге асырады.

      Орындаушының құжаттар топтамасының осы Қағидаларда белгіленген талаптарға сәйкес келуін қарауы, мемлекеттік көрсетілетін қызмет нәтижесін басшыға қол қойғызуға дайындауы 1 (бір) жұмыс күні ішінде жүзеге асырылады.

      Мемлекеттік корпорация арқылы мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесі осы Қағидаларға 49-қосымшаға сәйкес нысан бойынша Қазақстан Республикасынан тыс жерлерге тұрақты тұру үшін шығатын азаматтарға 3 (үш) данада анықтама беру не мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тарту туралы дәлелді жауап болып табылады.

      Порталға өтініш жасаған кезде мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесі көрсетілетін қызметті берушінің ЭЦҚ қойылған электрондық құжат нысанында көрсетілетін қызметті алушыға жолданады.

      Мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тарту:

      көрсетілетін қызметті алушы мемлекеттік көрсетілетін қызметті алу үшін ұсынған құжаттардың және (немесе) олардағы деректердің (мәліметтердің) дұрыс болмауы анықталған;

      көрсетілетін қызметті алушының және (немесе) ұсынылған материалдардың, мемлекеттік қызмет көрсету үшін қажетті деректер мен мәліметтердің осы Қағидаларда белгіленген талаптарға сәйкес келмеген жағдайларда жүзеге асырылады.

      Мемлекеттік көрсетілетін қызмет нәтижесін беру Мемлекеттік корпорация немесе портал арқылы жүзеге асырылады.

      92. "Әскери қызмет өткеруді растау туралы мәліметтерді беру" мемлекеттік көрсетілетін қызметті алу үшін көрсетілетін қызметті алушы осы Қағидаларға 50-қосымшаға сәйкес нысан бойынша порталға көрсетілетін қызметті алушының ЭЦҚ-мен куәландырылған немесе біржолғы пароль арқылы электрондық құжат нысанында өтініш береді.

      Сұрау салуды өндеу ҚМ ИШ 5 (бес) минут ішінде жүзеге асырылады. ҚМ ИШ-да мәлімет болған кезде әскери қызмет өткеруді растау туралы мәліметтер көрсетілетін қызметті алушының "жеке кабинетіне" жолданады.

      Мәліметтерді беру үшін ақпарат болмаған кезде көрсетілетін қызметті беруші өтінішті тіркеуді жүзеге асырады және оны орындау үшін жауапты орындаушыға береді. Бұл ретте осы Қағидаларға 52-қосымшаға сәйкес нысан бойынша 1 (бір) жұмыс күні ішінде кейіннен көрсетілетін қызметті алушыны мерзімді ұзарту туралы хабардар ете отырып, мемлекеттік қызмет көрсету мерзімі ұзартылады.

      Қызмет көрсету мерзімі:

      Қазақстан Республикасының тиісті органдарынан растауды алу қажет болған кезде 30 (отыз) жұмыс күніне дейін;

      Бұрынғы Кеңестік Социалистік Республикалар Одағы елдерінің архивтерінен ақпарат алу қажет болған кезде 90 (тоқсан) жұмыс күніне дейін ұзартылады.

      Көрсетілген мерзімдер аяқталған кезде 1 (бір) жұмыс күні ішінде көрсетілетін қызметті алушының "жеке кабинетіне" әскери қызмет өткеруді растау туралы мәліметтер не мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тарту туралы хабарлама осы Қағидаларға 53-қосымшаға сәйкес нысан бойынша жолданады.

      Мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тарту:

      көрсетілетін қызметті алушы мемлекеттік көрсетілетін қызметті алу үшін ұсынған құжаттардың және (немесе) олардағы деректердің (мәліметтердің) дұрыс болмауы анықталған;

      көрсетілетін қызметті алушының және (немесе) ұсынылған материалдардың, мемлекеттік қызмет көрсету үшін қажетті деректер мен мәліметтердің осы Қағидаларда белгіленген талаптарға сәйкес келмеген;

      мемлекеттік қызмет көрсету үшін талап етілетін келісу туралы сұрау салуға уәкілетті мемлекеттік органнан теріс жауап, сондай-ақ сараптаманың, зерттеудің не тексерудің теріс қорытындысы болған жағдайларда жүзеге асырылады.

      Мемлекеттік көрсетілетін қызмет нәтижесі портал арқылы жүзеге асырылады.";

      94-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "94. Мемлекеттік корпорацияда дайын құжаттарды беру жеке басын куәландыратын құжатты немесе цифрлық құжат сервисінен жеке басын куәландыратын электрондық құжатты(не нотариат растаған сенімхат бойынша оның өкілі) көрсеткен кезде жүзеге асырылады.";

      10-тараудың атауы мынадай редакцияда жазылсын:

      "10-тарау. Мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері бойыншалауазымды адамдардың әрекетіне (әрекетсіздігіне) шағымдану тәртібі";

      97-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "97. Лауазымды адамдардың әрекетіне (әрекетсіздігіне) шағымдану Қазақстан Республикасының Әкімшілік рәсімдік-процестік кодексінің талаптарына сәйкес жүзеге асырылады.";

      19-қосымша осы бұйрыққа 1-қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын;

      осы бұйрыққа 2-қосымшаға сәйкес 21-1-қосымшамен толықтырылсын;

      31, 32 және 33-қосымшалар осы бұйрыққа 3, 4 және 5-қосымшаларға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын;

      34-қосымша алып тасталсын;

      35 және 36-қосымшалар осы бұйрыққа 6 және 7-қосымшаларға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын;

      42-қосымша алып тасталсын;

      45, 46 және 47-қосымшалар алып тасталсын;

      48-қосымша осы бұйрыққа 8-қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын;

      50-қосымша осы бұйрыққа 9-қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын;

      51-қосымша алып тасталсын.

      2. Қазақстан Республикасы Қарулы Күштері Бас штабының Ұйымдастыру-жұмылдыру жұмыстары департаменті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:

      1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;

      2) осы бұйрықты алғашқы ресми жарияланғанынан кейін Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігінің интернет-ресурсына орналастыруды;

      3) мемлекеттік тіркелген күннен бастап күнтізбелік он күн ішінде осы тармақтың 1) және 2) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігінің Заң департаментіне жолдауды қамтамасыз етсін.

      3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қорғаныс министрінің бірінші орынбасары – Қазақстан Республикасы Қарулы Күштері Бас штабының бастығына жүктелсін.

      4. Осы бұйрық лауазымды адамдарға, оларға қатысты бөлігінде жеткізілсін.

      5. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
Қорғаныс министрі
Н. Ермекбаев

      "КЕЛІСІЛДІ"
      Қазақстан Республикасының
      Бас прокуратурасы
     
      "КЕЛІСІЛДІ"
      Қазақстан Республикасының
      Цифрлық даму, қорғаныс жəне
      аэроғарыш өнеркəсібі министрлігі
     
      "КЕЛІСІЛДІ"
      Қазақстан Республикасының
      Білім және ғылым министрлігі
     
      "КЕЛІСІЛДІ"
      Қазақстан Республикасының
      Денсаулық сақтау министрлігі
     
      "КЕЛІСІЛДІ"
      Қазақстан Республикасының
      Еңбек және халықты
      әлеуметтік қорғау министрлігі
     
      "КЕЛІСІЛДІ"
      Қазақстан Республикасының
      Ішкі істер министрлігі
     
      "КЕЛІСІЛДІ"
      Қазақстан Республикасының
      Қаржы министрлігі
     
      "КЕЛІСІЛДІ"
      Қазақстан Республикасының
      Мемлекеттік күзет қызметі
     
      "КЕЛІСІЛДІ"
      Қазақстан Республикасының
      Сыбайлас жемқорлыққа
      қарсы іс-қимыл агенттігі
      (Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет)
     
      "КЕЛІСІЛДІ"
      Қазақстан Республикасының
      Сыртқы істер министрлігі
     
      "КЕЛІСІЛДІ"
      Қазақстан Республикасының
      Ұлттық қауіпсіздік комитеті
     
      "КЕЛІСІЛДІ"
      Қазақстан Республикасының
      Ұлттық экономика министрлігі

  Қазақстан Республикасы
Қорғаныс министрінің
2021 жылғы 20 тамыздағы
№ 555 бұйрығына
1-қосымша
Әскери міндеттілер мен әскерге
шақырылушыларды әскери
есепке алу қағидаларына
19-қосымша 

      Нысан

      20 __ жылғы "__" _________

      №________ тізімдеме бойынша нақтыланды

__________________________________ облысы _________________________________________ ауданының (қаласының) қорғаныс істері жөніндегі басқармасында (бөлімінде) әскери есепте тұрған әскерге шақырылушылардың қозғалысын есепке алу журналы

      20___жыл "___"_____________басталды

      20___жыл "___"_____________аяқталды

Әскери есепке қабылданды

Әскери есептен шығарылды

деректер енгізілген күн

басқа қорғаныс істері жөніндегі басқармалардан және бөлімдерден келгені

оның ішінде басқа мемлекеттерден

запастан берілгені

жазасын өтеу орындарынан келгені

белгіленген мерзімдерде әскерге шақыру учаскелеріне тіркелгені

белгіленген мерзімдерде тіркеуден өтпегендердің әскерге шақыру учаскелеріне тіркелгені

барлығы

әскерлерге шақырылғаны және жөнелтілгені

әртүрлі негіздер бойынша запасқа берілгені

скерге шақыру комиссиясы есептен шығара отырып, әскери қызметке жарамсыз деп танылғаны

әскери оқу орындарына түскені

1

2

3

4

5

6

7

8

9

10

11

12

Итого за месяц

      Кестенің жалғасы

Әскери есептен шығарылды

Әскери есепке қабылданды

ҚР Ұлттық қауіпсіздік комитетінің есебіне берілгені

ҚР Ішкі істер министрлігінің есебіне берілгені

арнайы есепке берілгені

сотталғаны және жазасын өтеу орындарына кеткені

қайтыс болғаны

басқа қорғаныс істері жөніндегі басқармаларға және бөлімдерге кеткені

барлығы

мерзімді әскери қызметке шақыруға жатады

барлығы

соның ішінде туған жылдары бойынша

20 ___ год

20 ___ год

20 ___ год

20 ___ год

20 ___ год

13

14

15

16

17

18

19

20

21

22

23

24

25

      Кестенің жалғасы

Әскери есепке қабылданды

мерзімді әскери қызметке шақыруға жатады

мерзімді әскери қызметке шақыруға жатпайды

басқа да себептер бойынша

әскери есепке алуда тұрғаны, жиыны

соның ішінде туған жылдары бойынша

барлығы

әскерге шақыру кейінге қалдырылғандар немесе оған құқығы барлар

20 ___ год

20 ___ год

20 ___ год

20 ___ год

20 ___ год

20 ___ год

отбасы жағдайлары бойынша

білім алуды жалғастыру үшін

денсаулық жағдайы бойынша

ҚР Үкіметінің қаулысы, ҚР Қорғаныс министрлігінің бұйрықтары бойынша

26

27

28

29

30

31

32

33

34

35

36

37

38

  _________________________
ауданы (қаласы) қорғаныс істері
жөніндегі басқармасының
(бөлімінің) бастығы

      _________________________ (әскери атағы, қолы)

  _________________________
ауданы (қаласы) қорғаныс істері
жөніндегі басқармасы (бөлімі)
келісімшарт бойынша әскери
қызметшілерді қабылдау және
әскерге шақыру бөлімінің
(бөлімшесінің) бастығы

      _________________________ (әскери атағы, қолы)

      20__жыл "___" _________________

Есепке алу журналын жүргізу бойынша түсіндірме

      1) журналды қорғаныс істері жөніндегі басқарманың (бөлімнің) келісімшарт бойынша әскери қызметшілерді қабылдау және әскерге шақыру бөлімінің (бөлімшесінің) бастығы жүргізеді, штат бойынша олар жоқ жерде қорғаныс істері жөніндегі басқарма (бөлім) бастығының нұсқауы бойынша қорғаныс істері жөніндегі басқарма (бөлім) жұмыскері жүргізеді;

      2) журналдағы мәліметтер әскерге шақырушылардың жеке істері немесе әліпбилік карточкалары негізінде жазылады. Журналға ай сайын қорытынды жасалады ол қорғаныс істері жөніндегі басқарма (бөлім) бастығының және журналды жүргізуге жауапты адамның қол таңбасымен куәландырылады.

  Қазақстан Республикасы
Қорғаныс министрінің
2021 жылғы 23 тамыздағы
№ 555 бұйрығына
2-қосымша
Әскери міндеттілер мен әскерге
шақырылушыларды әскери
есепке алу қағидаларына
21-1-қосымша

      Нысан

_______________________________________________________ (ЖӘБО атауы) аудандық (қалалық) әскерге шақыру комиссияларының хаттамалары кітабынан 20__ жылғы ___________ №___ үзінді

Р/с №

Тегі, аты, әкесінің аты

Туған жылы

Шағымдар (басқа да өтініштер)

Объективті, зертханалық және құралдық тексеру деректері, диагнозы

Комиссияның шешімі

Ескертпе

1

2

3

4

5

6

7

________________________________ бастығы (ЖӘБО атауы) ________________________________________________ (қолы)

  Қазақстан Республикасы
Қорғаныс министрінің
2021 жылғы 23 тамыздағы
№ 555 бұйрығына
3-қосымша
Әскери міндеттілер мен әскерге
шақырылушыларды әскери
есепке алу қағидаларына
31-қосымша

"Әскерге шақырылушыларға әскерге шақыру учаскелеріне тіркеу туралы куәліктер және куәліктердің телнұсқаларын беру" мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты

1

Көрсетілетін қызметті берушінің атауы

ҚР ҚМ жергілікті әскери басқару органдары

2

Мемлекеттік қызмет көрсету тәсілдері

Өтінішті қабылдау:
1) "Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорациясы" коммерциялық емес акционерлік қоғамы (бұдан әрі – Мемлекеттік корпорация);
2) www.egov.kz"электрондық үкімет" веб-порталы (бұдан әрі – портал) арқылы жүзеге асырылады.
Мемлекеттік көрсетілетін қызмет нәтижесін беру "Мемлекеттік корпорация" арқылы жүзеге асырылады.

3

Мемлекеттік қызмет көрсету мерзімі

5 (бес) жұмыс күні.
Мемлекеттік корпорация арқылы өтініш жасаған кезде:
құжаттар топтамасын тапсыру үшін күтудің рұқсат етілген ең ұзақ уақыты – 15 (он бес) минут.
Мемлекеттік корпорацияда қызмет көрсетудің рұқсат етілген ең ұзақ уақыты – 15 (он бес) минут.

4

Мемлекеттік қызмет көрсету нысаны

Электрондық (ішінара автоматтандырылған) және (немесе) қағазда.

5

Мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесі

Тіркеу туралы куәлік не осы Стандарттың 9-бөлімінде көзделген жағдайларда және негіздер бойынша мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тарту туралы дәлелді жауап.
Мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесін ұсыну нысаны: қағазда.

6

Мемлекеттік қызмет көрсету кезінде қызмет алушыдан алынатын төлем көлемі және ҚР заңнамасында көзделген жағдайларда оны алу тәсілдері

Тегін

7

Жұмыс кестесі

1) көрсетілетін қызметті берушінің – Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына сәйкес демалыс және мереке күндерін қоспағанда, дүйсенбіден бастап жұмаға дейін сағат 9.00-ден 18.00-ге дейін, түскі асқа үзіліс сағат 13.00-ден 14.00-ге дейін;
2) Мемлекеттік корпорацияның – Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына сәйкес жексенбі және мереке күндерін қоспағанда, дүйсенбіден сенбіге дейінгіні қоса алғанда, белгіленген жұмыс кестесіне сәйкес түскі асқа үзіліссіз сағат 9.00-ден 20.00-ге дейін.
Қабылдау көрсетілетін қызметті алушының тұрақты тіркелу орны бойынша жедел қызмет көрсетусіз "электрондық кезек" тәртібінде жүзеге асырылады, сондай-ақ электрондық кезекті портал арқылы броньдауға болады;
3) порталдың – жөндеу жұмыстарының жүргізілуіне байланысты техникалық үзілістерді қоспағанда тәулік бойы (Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына сәйкес көрсетілетін қызметті алушы жұмыс уақыты аяқталған соң, демалыс және мереке күндері өтініш жасаған кезде өтінішті қабылдаған күн келесі жұмыс күні болып табылады).
Мемлекеттік қызмет көрсету орындарының мекенжайлары:
1) Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігінің www.mod.gov.kz;
2) Мемлекеттік корпорацияның www.gov4c.kz интернет-ресурстарында;
3) www.egov.kz порталында орналастырылған

8

Мемлекеттік қызмет көрсету үшін қажетті құжаттар тізбесі

1. Мемлекеттік корпорацияға:
1) он жеті жасқа толған жылы қаңтар – наурызда тіркеуден өтпеген көрсетілетін қызметті алушы алғаш рет өтініш жасаған кезде:
әскерге шақыру учаскесіне тіркеу туралы куәліктіжәне куәліктің телнұсқаларын беруге өтініш;
жеке куәлік немесе оның цифрлық құжаттар сервисінен алынған электрондық құжаты (сәйкестендіру үшін);
білімі туралы құжаттың көшірмесі (бар болған кезде);
аудандық (қалалық) әскерге шақыру комиссиясының хаттамалары кітабынан үзінді (көрсетілетін қызметті алушы әскери есепте тұрған ЖӘБО-дан алады);
көлемі 30х40 мм екі фотосурет (фотосуреттер өтініш иесінің жасына сәйкес болуға және қатаң түрде жарық жерде алдынан түсірілген, беті фотосуреттің жалпы ауданының шамамен 70%-ін алатындай жасалуға тиіс);
Көрсетілетін қызметті алушының жеке басын куәландыратын, туу туралы, некеге тұру туралы, балаларының туу туралы, тұрғылықты жері немесе уақытша келген орны бойынша тіркелуі туралы құжаттар туралы мәліметтерді Мемлекеттік корпорация жұмыскері"электрондық үкімет" шлюзі арқылы тиісті мемлекеттік ақпараттық жүйелерден алады;
2) тіркеу туралы куәлікті жоғалтқан кезде:
әскерге шақыру учаскесіне тіркеу туралы куәлікті және куәліктің телнұсқаларын беруге өтініш;
жеке куәлік немесе оның цифрлық құжаттар сервисінен алынған электрондық құжаты (сәйкестендіру үшін);
көлемі 30х40 мм екі фотосурет (фотосуреттер өтініш иесінің жасына сәйкес болуға және қатаң түрде жарық жерде алдынан түсірілген, беті фотосуреттің жалпы ауданының шамамен 70%-ін алатындай жасалуға тиіс);
"Әкімшілік құқық бұзушылық туралы" Қазақстан Республикасы кодексінің 649-бабында көзделгенәскери есепке алу құжатын қасақана бүлдiргені немесе жоғалтқаны үшін әкімшілік жазанықолдану туралы қаулының көшірмесі немесе бүлдіру немесе жоғалту фактісі көрсетілетін қызметті алушыға байланысты емес мән-жайларда болғанын растайтын уәкілетті мемлекеттік органнан анықтама (көрсетілетін қызметті алушы қоса береді );
Көрсетілетін қызметті алушының жеке басын куәландыратын құжат туралы мәліметті Мемлекеттік корпорация жұмыскері "электрондық үкімет" шлюзі арқылы тиісті мемлекеттік ақпараттық жүйелерден алады;
3) тіркеу туралы куәлік бүлінген кезде:

әскерге шақыру учаскесіне тіркеу туралы куәліктің түпнұсқасы (бүлінген кезде);
көлемі 30х40 мм екі фотосурет (фотосуреттер өтініш иесінің жасына сәйкес болуға және қатаң түрде жарық жерде алдынан түсірілген, беті фотосуреттің жалпы ауданының шамамен 70%-ін алатындай жасалуға тиіс);
"Әкімшілік құқық бұзушылық туралы" Қазақстан Республикасы кодексінің 649-бабында көзделгенәскери есепке алу құжатын қасақана бүлдiргені немесе жоғалтқаны үшін әкімшілік жазанықолдану туралы қаулының көшірмесі немесе бүлдіру немесе жоғалту фактісі көрсетілетін қызметті алушыға байланысты емес мән-жайларда болғанын растайтын уәкілетті мемлекеттік органнан анықтама (көрсетілетін қызметті алушы қоса береді);
Көрсетілетін қызметті алушының жеке басын куәландыратын құжат туралы мәліметті Мемлекеттік корпорация жұмыскері "электрондық үкімет" шлюзі арқылы тиісті мемлекеттік ақпараттық жүйелерден алады;
4) тегін, атын, әкесінің атын өзгерткен кезде:
әскерге шақыру учаскесіне тіркеу туралы куәлікті және куәліктің телнұсқаларын беруге өтініш;
жеке куәлік немесе оның цифрлық құжаттар сервисінен алынған электрондық құжаты (сәйкестендіру үшін);
қолындағы әскерге шақыру учаскесіне тіркеу туралы куәліктің түпнұсқасы;
көлемі 30х40 мм екі фотосурет (фотосуреттер өтініш иесінің жасына сәйкес болуға және қатаң түрде жарық жерде алдынан түсірілген, беті фотосуреттің жалпы ауданының шамамен 70%-ін алатындай жасалуға тиіс).
Көрсетілетін қызметті алушының жеке басын куәландыратын құжаттар туралы мәліметті Мемлекеттік корпорация жұмыскері "электрондық үкімет" шлюзі арқылы тиісті мемлекеттік ақпараттық жүйелерден алады.
2. Порталға:
1) он жеті жасқа толған жылы қаңтар – наурызда тіркеуден өтпеген көрсетілетін қызметті алушы алғаш рет өтініш жасаған кезде:
көрсетілетін қызметті алушының электрондық цифрлық қолтаңбасымен (бұдан әрі – ЭЦҚ) немесе бір реттік парольмен куәландырылған электрондық құжат нысанында әскерге шақыру учаскесіне тіркеу туралы куәлік және қуәліктің телнұсқаларын беруге өтініш;
білімі туралы құжаттың электрондық көшірмесі (бар болған кезде), оны көрсетілетін қызметті алушы өтінішке тіркейді.
Аудандық (қалалық) әскерге шақыру комиссиясының хаттамалары кітабынан үзінді (көрсетілетін қызметті беруші қоса береді).
"Әкімшілік құқық бұзушылық туралы" Қазақстан Республикасы Кодексінің 647-бабында көзделген азаматтардың әскери есепке алу жөніндегі міндеттерді орындамағаны үшін әкімшілік жаза қолдану туралы қаулының көшірмесі (көрсетілетін қызметті беруші қоса береді).
Көрсетілетін қызметті алушының жеке басын куәландыратын, туу туралы, некеге тұру туралы, балаларының туу туралы, тұрғылықты жері немесе уақытша келген орны бойынша тіркелуі туралы құжаттар туралы мәліметтерді, көлемі 30х40 мм графикалық файл түрінде екі цифрлық фотосуретті көрсетілетін қызметті беруші "электрондық үкімет" шлюзі арқылы тиісті мемлекеттік ақпараттық жүйелерден алады;
2)  тіркеу туралы куәлікті жоғалтқан кезде көрсетілетін қызметті алушының ЭЦҚ-сымен немесе бір реттік парольмен куәландырылған электрондық құжат нысанында әскерге шақыру учаскесіне тіркеу туралы куәлік және куәліктің телнұсқаларын беруге өтініш толтырылады.
"Әкімшілік құқық бұзушылық туралы" Қазақстан Республикасы кодексінің 649-бабында көзделгенәскери есепке алу құжатын қасақана бүлдiргені немесе жоғалтқаны үшін әкімшілік жазанықолдану туралы қаулының көшірмесі немесе бүлдіру немесе жоғалту фактісі көрсетілетін қызметті алушыға байланысты емес мән-жайларда болғанын растайтын уәкілетті мемлекеттік органнан анықтама (көрсетілетін қызметті алушы қоса береді);
Көрсетілетін қызметті алушының жеке басын куәландыратын құжат туралы мәліметті, көлемі 30х40 мм графикалық файл түрінде цифрлық фотосуретті көрсетілетін қызметті беруші "электрондық үкімет" шлюзі арқылы тиісті мемлекеттік ақпараттық жүйелерден алады;
3) тіркеу туралы куәлік бүлінген кезде:
көрсетілетін қызметті алушының ЭЦҚ-сымен немесе бір реттік парольмен куәландырылған электрондық құжат нысанында әскерге шақыру учаскесіне тіркеу туралы куәлік және куәліктің телнұсқаларын беруге өтініш;
әскерге шақыру учаскесіне тіркеу туралы куәліктің электрондық көшірмесі, оны көрсетілетін қызметті алушы өтінішке тіркейді (көрсетілетін қызметті алушы мемлекеттік көрсетілетін қызмет нәтижесін алуға келген кезде әскерге шақыру учаскесіне тіркеу туралы куәліктің түпнұсқасын Мемлекеттік корпорацияға тапсыруға тиіс).
"Әкімшілік құқық бұзушылық туралы" Қазақстан Республикасы кодексінің 649-бабында көзделген әскери есепке алу құжатын қасақана бүлдiргені немесе жоғалтқаны үшін әкімшілік жазанықолдану туралы қаулының көшірмесі немесе бүлдіру немесе жоғалту фактісі көрсетілетін қызметті алушыға байланысты емес мән-жайларда болғанын растайтын уәкілетті мемлекеттік органнан анықтама (көрсетілетін қызметті алушы қоса береді);
Көрсетілетін қызметті алушының жеке басын куәландыратын құжат туралы мәліметті, көлемі 30х40 мм графикалық файл түрінде цифрлық фотосуретті көрсетілетін қызметті беруші "электрондық үкімет" шлюзі арқылы тиісті мемлекеттік ақпараттық жүйелерден алады;
4) тегін, атын, әкесінің атын өзгерткен кезде:
көрсетілетін қызметті алушының ЭЦҚ-сымен немесе бір реттік парольмен расталған электрондық құжат нысанында әскерге шақыру учаскесіне тіркеу туралы куәлікті және куәліктердің телнұсқаларын беруге өтініш;
әскерге шақыру учаскесіне тіркеу туралы куәліктің электрондық көшірмесі, оны көрсетілетін қызметті алушы өтінішке тіркейді (көрсетілетін қызметті алушы мемлекеттік көрсетілетін қызмет нәтижесін алуға келген кезде әскерге шақыру учаскесіне тіркеу туралы куәліктің тұпнұсқасын Мемлекеттік корпорацияға тапсыруға тиіс).
Көрсетілетін қызметті алушының жеке басын куәландыратын құжат туралы мәліметті, көлемі 30х40 мм графикалық файл түрінде цифрлық фотосуретті көрсетілетін қызметті беруші "электрондық үкімет" шлюзі арқылы тиісті мемлекеттік ақпараттық жүйелерден алады.

9

Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тарту үшін негіз

1) көрсетілетін қызметті алушы мемлекеттік көрсетілетін қызметті алу үшін ұсынған құжаттардың және (немесе) олардағы деректердің (мәліметтердің) нақты еместігін анықтау;
2) көрсетілетін қызметті алушының және (немесе) ұсынылған мемлекеттік қызмет көрсету үшін қажетті материалдардың, деректердің және мәліметтердің осы Қағидаларда белгіленген талаптарға сәйкес келмеуі;
3) аудандық (қалалық) әскерге шақыру комиссиясының хаттамалары кітабында жазбаның болмауы;
4) тіркеу туралы куәлікті жоғалтқан кезде, тіркеу туралы куәлік бүлінген кезде көрсетілетін қызметті алушыға әкімшілік жаза қолдану туралы қаулының көшірмесі.

10

Мемлекеттік оның ішінде электрондық нұсқада және Мемлекеттік корпорация арқылы қызмет көрсету ерекшеліктері ескерілген өзге де талаптар

Цифрлық құжаттар сервисі мобильді қосымшада тіркелген пайдаланушылар үшін қолжетімді.
Цифрлық құжатты алу үшін электрондық-цифрлық қолтаңбаны немесе бір реттік парольді пайдалану арқылы мобильді қосымшада тіркеуден өту, әрі қарай "Цифрлық құжаттар" бөліміне өтіп, қажетті құжатты таңдау қажет.
Әкімшілік жаза қолдану туралы қаулының болмауы себебінен мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тарту туралы дәлелді жауап берілген жағдайда көрсетілетін қызметті алушының әкімшілік құқық бұзушылық туралы хаттаманы жасау және әкімшілік жаза қолдану туралы қаулы шығару үшін әскери есепте тұрған орны бойынша жергілікті әскери басқару органына келуі қажет.
Тіршілік әрекетін шектейтін организм қызметінің тұрақты бұзылуымен денсаулығы нашарлаған көрсетілетін қызметті алушыларға мемлекеттік қызмет көрсету үшін құжаттарды қабылдауды қажет болған жағдайда Бірыңғай байланыс орталығының 1414, 8 800 080 7777 телефоны арқылы өтініш жасау жолымен тұрғылықты жеріне барумен Мемлекеттік корпорацияның жұмыскері жүргізеді.
Көрсетілетін қызметті алушының қашықтықтан қолжетімділік режимінде көрсетілетін қызметті берушінің анықтама қызметі, Бірыңғай байланыс орталығының 1414, 8 800 080 7777 телефоны арқылы мемлекеттік қызмет көрсету мәртебесі туралы ақпарат алу мүмкіндігі бар.
Көрсетілетін қызметті алушы ЭЦҚ бар болған жағдайда мемлекеттік көрсетілетін қызметті портал арқылы электрондық нысанда ала алады.
Мемлекеттік қызмет көрсету орындарының мекенжайлары Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігінің www.mod.gov.kz интернет-ресурсында, сондай-ақ Мемлекеттік корпорацияның www.gov4c.kz интернет-ресурсында орналастырылған.
Мемлекеттік қызмет көрсету тәртібі туралы ақпаратты Бірыңғай байланыс орталығының 1414, 8 800 080 7777 телефоны арқылы алуға болады.

  Қазақстан Республикасы
Қорғаныс министрінің
2021 жылғы 23 тамыздағы
№ 555 бұйрығына
4-қосымша
Әскери міндеттілер мен әскерге
шақырылушыларды әскери
есепке алу қағидаларына
32-қосымша

"Запастағы офицерлерге, сержанттарға, сарбаздарға әскери билеттер (әскери билеттердің орнына уақытша куәліктер) немесе олардың телнұсқаларын беру" мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты

1

Көрсетілетін қызметті берушінің атауы

ҚР ҚМ Жергілікті әскери басқару органдары

2

Мемлекеттік қызмет көрсету тәсілдері

Өтінішті қабылдау:
1) "Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорациясы" коммерциялық емес акционерлік қоғамы (бұдан әрі – Мемлекеттік корпорация);
2) www.egov.kz "электрондық үкімет" веб-порталы (бұдан әрі – портал) арқылы жүзеге асырылады.
Мемлекеттік көрсетілетін қызмет нәтижесін беру "Мемлекеттік корпорация" арқылы жүзеге асырылады.

3

Мемлекеттік қызмет көрсету мерзімі

республикалық және облыстық маңызы бар қалаларда, астанада – 7 (жеті) жұмыс күні;
аудандарда – 5 (бес) жұмыс күні.
Мемлекеттік корпорация арқылы өтініш жасаған кезде:
құжаттар топтамасын тапсыру үшін күтудің рұқсат етілген ең ұзақ уақыты – 15 (он бес) минут.
Мемлекеттік корпорацияда қызмет көрсетудің рұқсат етілген ең ұзақ уақыты – 15 (он бес) минут.

4

Мемлекеттік қызмет көрсету нысаны

Электрондық (ішінара автоматтандырылған) және (немесе) қағазда.

5

Мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесі

Запастағы офицерлерге, сержанттарға, сарбаздарға әскери билеттер (әскери билеттердің орнына уақытша куәліктер) және олардың телнұсқаларын (бұдан әрі – әскери билет) беру не осы Стандарттың 9-бөлімінде көзделген жағдайларда және негiздер бойынша мемлекеттiк қызметтi көрсетуден бас тарту туралы дәлелдi жауап.
Мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесін ұсыну нысаны: қағазда.

6

Мемлекеттік қызмет көрсету кезінде қызмет алушыдан алынатын төлем көлемі және ҚР заңнамасында көзделген жағдайларда оны алу тәсілдері

Тегін

7

Жұмыс кестесі

1) көрсетілетін қызметті берушінің – Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына сәйкес демалыс және мереке күндерін қоспағанда, дүйсенбіден бастап жұмаға дейін сағат 9.00-ден 18.00-ге дейін, түскі асқа үзіліс сағат 13.00-ден 14.00-ге дейін;
2) Мемлекеттік корпорацияның – Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына сәйкес жексенбіні және мереке күндерін қоспағанда басқа, дүйсенбіден сенбіге дейінгіні қоса алғанда, белгіленген жұмыс кестесіне сәйкес түскі асқа үзіліссіз сағат 9.00-ден 20.00-ге дейін.
Қабылдау көрсетілетін қызметті алушының тұрақты тіркелу орны бойынша жедел қызмет көрсетусіз жүзеге асырылады, электрондық кезекті портал арқылы броньдауға болады.
3) порталға – жөндеу жұмыстарының жүргізілуімен байланысты техникалық үзілістерді қоспағанда тәулік бойы (Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына сәйкес қызмет алушы жұмыс уақыты аяқталған соң, демалыс және мереке күндері өтініш жасаған кезде өтінішті қабылдау күні келесі жұмыс күні болып табылады).
Мемлекеттік қызметті көрсету орындарының мекенжайлары:
1) ҚР Қорғаныс министрлігінің www.mod.gov.kz;интернет-ресурсында;
2) www.gov4c.kz мемлекеттік корпорациясында;
3) www.egov.kz порталында орналастырылған.

8

Мемлекеттік қызмет көрсету үшін қажетті құжаттар тізбесі

1. Мемлекеттік корпорацияға:
1) жоғары оқу орындарының әскери кафедраларында запастағы офицерлер бағдарламасы бойынша дайындықтан өткен азаматтар үшін:
запастағы офицер, сержант, сарбаз әскери билетін немесе оның телнұсқасын (әскери билет орнына уақытша куәлік) беруге өтініш;
жеке куәлік немесе оның цифрлық құжаттар сервисінен алынған электрондық құжаты (сәйкестендіру үшін);
білімі туралы құжаттың көшірмесі;
көлемі 30х40 мм екі фотосурет (фотосуреттер өтініш иесінің жасына сәйкес болуға және қатаң түрде жарық жерде алдынан түсірілген, беті фотосуреттің жалпы ауданының шамамен 70%-ін алатындай жасалуға тиіс).
Көрсетілетін қызметті алушының жеке басын куәландыратын құжат туралы мәліметті Мемлекеттік корпорация жұмыскері "электрондық үкімет" шлюзі арқылы тиісті мемлекеттік ақпараттық жүйелерден алады;
2) офицерлер құрамы қатарынан әскери қызметтен запасқа шығарылғандар:
запастағы офицер, сержант, сарбаз әскери билетін немесе оның телнұсқасын (әскери билет орнына уақытша куәлік) беруге өтініш;
жеке куәлік немесе оның цифрлық құжаттар сервисінен алынған электрондық құжаты (сәйкестендіру үшін);
білімі туралы құжаттың көшірмесі (бар болған кезде);
көлемі 30х40 мм екі фотосурет (фотосуреттер өтініш иесінің жасына сәйкес болуға және қатаң түрде жарық жерде алдынан түсірілген, беті фотосуреттің жалпы ауданының шамамен 70%-ін алатындай жасалуға тиіс).
Көрсетілетін қызметті алушының жеке басын куәландыратын құжат туралы мәліметті Мемлекеттік корпорация жұмыскері "электрондық үкімет" шлюзі арқылы тиісті мемлекеттік ақпараттық жүйелерден алады;
3) бас бостандығынан айыру орындарынан босатылғандар:
запастағы офицер, сержант, сарбаз әскери билетін немесе оның телнұсқасын (әскери билет орнына уақытша куәлік) беруге өтініш;
жеке куәлік немесе оның цифрлық құжаттар сервисінен алынған электрондық құжаты (сәйкестендіру үшін);
қылмыстық-атқару жүйесі мекемесінен босатылғаны туралы анықтаманың көшірмесі;
білімі туралы құжаттың көшірмесі (бар болған кезде);
көлемі 30х40 мм екі фотосурет (фотосуреттер өтініш иесінің жасына сәйкес болуға және қатаң түрде жарық жерде алдынан түсірілген, беті фотосуреттің жалпы ауданының шамамен 70%-ін алатындай жасалуға тиіс).
Егер сотталғанға дейін әскерге шақырылушылар есебінде тұрса, аудандық (қалалық) әскерге шақыру комиссиясының хаттамалары кітабынан не есептік-әліпбилік кітаптан үзінді (көрсетілетін қызметті беруші қоса береді).
Көрсетілетін қызметті алушының жеке басын куәландыратын, некеге тұру туралы құжаттар туралы мәліметтерді Мемлекеттік корпорация жұмыскері "электрондық үкімет" шлюзі арқылы тиісті мемлекеттік ақпараттық жүйелерден алады;
4) басқа мемлекеттерден Қазақстан Республикасына тұрақты тұруға келгендер:
запастағы офицер, сержант, сарбаз әскери билетін немесе оның телнұсқасын (әскери билет орнына уақытша куәлік) беруге өтініш;
жеке куәлік немесе оның цифрлық құжаттар сервисінен алынған электрондық құжаты (сәйкестендіру үшін);
әскери қызметке қатынасын растайтын құжат (нотариат растаған және мемлекеттік (орыс) тілге аударылған) (бар болған кезде);
білімі туралы құжаттың көшірмесі (бар болған кезде, мемлекеттік (орыс) тілге аударылған (түпнұсқасы салыстыру үшін);
көлемі 30х40 мм екі фотосурет (фотосуреттер өтініш иесінің жасына сәйкес болуға және қатаң түрде жарық жерде алдынан түсірілген, беті фотосуреттің жалпы ауданының шамамен 70%-ін алатындай жасалуға тиіс).
Көрсетілетін қызметті алушының жеке басын куәландыратын құжаттар туралы мәліметті Мемлекеттік корпорация жұмыскері "электрондық үкімет" шлюзі арқылы тиісті мемлекеттік ақпараттық жүйелерден алады;
5) ескі үлгідегі әскери билетті жаңасына ауыстырған кезде:
запастағы офицер, сержант, сарбаз әскери билетін немесе оның телнұсқасын (әскери билет орнына уақытша куәлік) беруге өтініш;
жеке куәлік немесе оның цифрлық құжаттар сервисінен алынған электрондық құжаты (сәйкестендіру үшін);
әскери билеттің түпнұсқасы (ескі үлгідегі);
көлемі 30х40 мм екі фотосурет (фотосуреттер өтініш иесінің жасына сәйкес болуға және қатаң түрде жарық жерде алдынан түсірілген, беті фотосуреттің жалпы ауданының шамамен 70%-ін алатындай жасалуға тиіс).
Көрсетілетін қызметті алушының жеке басын куәландыратын құжаттар туралы мәліметті Мемлекеттік корпорация жұмыскері "электрондық үкімет" шлюзі арқылы тиісті мемлекеттік ақпараттық жүйелерден алады;
6) әскери билетті жоғалтқан кезде:
запастағы офицер, сержант, сарбаз әскери билетін немесе оның телнұсқасын (әскери билет орнына уақытша куәлік) беруге өтініш;
жеке куәлік немесе оның цифрлық құжаттар сервисінен алынған электрондық құжаты (сәйкестендіру үшін);
"Әкімшілік құқық бұзушылық туралы" Қазақстан Республикасы кодексінің 649-бабында көзделгенәскери есепке алу құжатын қасақана бүлдiргені немесе жоғалтқаны үшін әкімшілік жазанықолдану туралы қаулының көшірмесі немесе бүлдіру немесе жоғалту фактісі көрсетілетін қызметті алушыға байланысты емес мән-жайларда болғанын растайтын уәкілетті мемлекеттік органнан анықтама (көрсетілетін қызметті алушы қоса береді );
көлемі 30х40 мм екі фотосурет (фотосуреттер өтініш иесінің жасына сәйкес болуға және қатаң түрде жарық жерде алдынан түсірілген, беті фотосуреттің жалпы ауданының шамамен 70%-ін алатындай жасалуға тиіс).
Көрсетілетін қызметті алушының жеке басын куәландыратын құжаттар туралы мәліметті Мемлекеттік корпорация жұмыскері "электрондық үкімет" шлюзі арқылы тиісті мемлекеттік ақпараттық жүйелерден алады;
7) әскери билет бүлінген кезде:

әскери билеттің түпнұсқасы (бүлінген);

8) тегін, атын, әкесінің атын өзгерткен кезде:
запастағы офицер, сержант, сарбаз әскери билетін немесе оның телнұсқасын (әскери билет орнына уақытша куәлік) беруге өтініш;
жеке куәлік немесе оның цифрлық құжаттар сервисінен алынған электрондық құжаты (сәйкестендіру үшін);
әскери билеттің түпнұсқасы;
көлемі 30х40 мм екі фотосурет (фотосуреттер өтініш иесінің жасына сәйкес болуға және қатаң түрде жарық жерде алдынан түсірілген, беті фотосуреттің жалпы ауданының шамамен 70%-ін алатындай жасалуға тиіс).
Көрсетілетін қызметті алушының жеке басын куәландыратын құжаттар туралы мәліметті Мемлекеттік корпорация жұмыскері "электрондық үкімет" шлюзі арқылы тиісті мемлекеттік ақпараттық жүйелерден алады;
9) офицерлер құрамының әскери атағы қалпына келтірілгендер:
запастағы офицер, сержант, сарбаз әскери билетін немесе оның телнұсқасын (әскери билет орнына уақытша куәлік) беруге өтініш;
жеке куәлік немесе оның цифрлық құжаттар сервисінен алынған электрондық құжаты (сәйкестендіру үшін);
әскери атағын қалпына келтіргені туралы сот қаулысының көшірмесі;
көлемі 30х40 мм екі фотосурет (фотосуреттер өтініш иесінің жасына сәйкес болуға және қатаң түрде жарық жерде алдынан түсірілген, беті фотосуреттің жалпы ауданының шамамен 70%-ін алатындай жасалуға тиіс).
Көрсетілетін қызметті алушының жеке басын куәландыратын құжаттар туралы мәліметті Мемлекеттік корпорация жұмыскері "электрондық үкімет" шлюзі арқылы тиісті мемлекеттік ақпараттық жүйелерден алады;
10) денсаулық жағдайы бойынша әскери есепке берілуге жататын 27 жасқа толмаған әскери міндеттілер:
запастағы офицер, сержант, сарбаз әскери билетін немесе оның телнұсқасын (әскери билет орнына уақытша куәлік) беруге өтініш;
жеке куәлік немесе оның цифрлық құжаттар сервисінен алынған электрондық құжаты (сәйкестендіру үшін);
білімі туралы құжаттың көшірмесі (бар болған кезде);
көлемі 30х40 мм екі фотосурет (фотосуреттер өтініш иесінің жасына сәйкес болуға және қатаң түрде жарық жерде алдынан түсірілген, беті фотосуреттің жалпы ауданының шамамен 70%-ін алатындай жасалуға тиіс).
Аудандық (қалалық) әскерге шақыру комиссиясының бейбіт уақытта әскери қызметке жарамсыз, соғыс уақытында шектеулі жарамды немесе бейбіт уақытта әскерге шақыру бойынша әскери қызметке шақырылудан босатылған деп тану туралы хаттамалары кітабынан үзінді (көрсетілетін қызметті беруші қоса береді).
Облыстық (республикалық маңызы бар қаланың және астананың) әскерге шақыру комиссиясының бейбіт уақытта әскери қызметке жарамсыз, соғыс уақытында шектеулі жарамды немесе бейбіт уақытта әскерге шақыру бойынша әскери қызметке шақырылудан босатылған деп тану туралы шешімінен үзінді (көрсетілетін қызметті беруші қоса береді).
Көрсетілетін қызметті алушының жеке басын куәландыратын құжаттар туралы мәліметті Мемлекеттік корпорация жұмыскері "электрондық үкімет" шлюзі арқылы тиісті мемлекеттік ақпараттық жүйелерден алады;
11) әскерге шақыру кейінге қалдырылуына (босатылуына) байланысты әскери қызмет өткермеген 27 жасқа толғандар:
жеке куәлік немесе оның цифрлық құжаттар сервисінен алынған электрондық құжаты (сәйкестендіру үшін);
білімі туралы құжаттың көшірмесі (бар болған кезде);
көлемі 30х40 мм екі фотосурет (фотосуреттер өтініш иесінің жасына сәйкес болуға және қатаң түрде жарық жерде алдынан түсірілген, беті фотосуреттің жалпы ауданының шамамен 70%-ін алатындай жасалуға тиіс).
Аудандық (қалалық) әскерге шақыру комиссиясының хаттамалары кітабынан үзінді (көрсетілетін қызметті беруші қоса береді).
Көрсетілетін қызметті алушының жеке басын куәландыратын құжаттар туралы мәліметтерді Мемлекеттік корпорация жұмыскері "электрондық үкімет" шлюзі арқылы тиісті мемлекеттік ақпараттық жүйелерден алады;
12) бұдан бұрын әскери есепте тұрмаған және әскерге шақыру учаскесіне тіркеуден өтпегендер қатарынан әскери қызмет өткермеген 27 жасқа толғандар;
запастағы офицер, сержант, сарбаз әскери билетін немесе оның телнұсқасын (әскери билет орнына уақытша куәлік) беруге өтініш;
жеке куәлік немесе оның цифрлық құжаттар сервисінен алынған электрондық құжаты (сәйкестендіру үшін);
білімі туралы құжаттың көшірмесі (бар болған кезде);
осы Қағидаларға 54-қосымшаға сәйкес нысан бойынша запаста тұратын азаматты медициналық куәландыру картасы (әскери қызметке жарамдылық дәрежесін айқындау туралы қорытындысы бар);
көлемі 30х40 мм екі фотосурет (фотосуреттер өтініш иесінің жасына сәйкес болуға және қатаң түрде жарық жерде алдынан түсірілген, беті фотосуреттің жалпы ауданының шамамен 70%-ін алатындай жасалуға тиіс).
Көрсетілетін қызметті алушының жеке басын куәландыратын, некеге тұру туралы құжаттар туралы мәліметтерді Мемлекеттік корпорация жұмыскері "электрондық үкімет" шлюзі арқылы тиісті мемлекеттік ақпараттық жүйелерден алады;
13) Қазақстан Республикасының Қарулы Күштерінен, басқа да әскерлері мен әскери құралымдарынан, Мемлекеттік күзет қызметінен және құқық қорғау органдарынан запасқа шығарылған азаматтар үшін:

әскери қызметке жарамдылық санатын растайтын құжат (денсаулық жағдайы бойынша шығарылған азаматтар үшін);
көлемі 30х40 мм екі фотосурет (фотосуреттер өтініш иесінің жасына сәйкес болуға және қатаң түрде жарық жерде алдынан түсірілген, беті фотосуреттің жалпы ауданының шамамен 70%-ін алатындай жасалуға тиіс).
Көрсетілетін қызметті алушының жеке басын куәландыратын құжаттар туралы мәліметтерді Мемлекеттік корпорация жұмыскері "электрондық үкімет" шлюзі арқылы тиісті мемлекеттік ақпараттық жүйелерден алады;
14) денсаулық сақтау саласында білім беру ұйымдарын бітіргеннен әскери-есептік мамандықтар алған әйелдер:
запастағы офицер, сержант, сарбаз әскери билетін немесе оның телнұсқасын (әскери билет орнына уақытша куәлік) беруге өтініш;
жеке куәлік немесе оның цифрлық құжаттар сервисінен алынған электрондық құжаты (сәйкестендіру үшін);
білімі туралы құжаттың көшірмесі;
осы Қағидаларға 54-қосымшаға сәйкес нысан бойынша запаста тұратын азаматты медициналық куәландыру картасы (әскери қызметке жарамдылық дәрежесін айқындау туралы қорытындысы бар);
көлемі 30х40 мм екі фотосурет (фотосуреттер өтініш иесінің жасына сәйкес болуға және қатаң түрде жарық жерде алдынан түсірілген, беті фотосуреттің жалпы ауданының шамамен 70%-ін алатындай жасалуға тиіс).
Көрсетілетін қызметті алушының жеке басын куәландыратын, некеге тұру туралы құжаттар туралы мәліметтерді Мемлекеттік корпорация жұмыскері "электрондық үкімет" шлюзі арқылы тиісті мемлекеттік ақпараттық жүйелерден алады;
15) әскери-техникалық және басқа да мамандықтар бойынша даярлықтан өткен азаматтар:
запастағы офицер, сержант, сарбаз әскери билетін немесе оның телнұсқасын (әскери билет орнына уақытша куәлік) беруге өтініш;
жеке куәлік немесе оның цифрлық құжаттар сервисінен алынған электрондық құжаты (сәйкестендіру үшін);
білімі туралы құжаттың көшірмесі (бар болған кезде);
әскери оқытылған резервті даярлау бағдарламасы бойынша оқуды аяқтағаны туралы сертификаттың нотариат бекіткен көшірмесі;
көлемі 30х40 мм екі фотосурет (фотосуреттер өтініш иесінің жасына сәйкес болуға және қатаң түрде жарық жерде алдынан түсірілген, беті фотосуреттің жалпы ауданының шамамен 70 %-ін алатындай жасалуға тиіс).
Көрсетілетін қызметті алушының жеке басын куәландыратын, некеге тұру туралы құжаттар туралы мәліметтерді Мемлекеттік корпорация жұмыскері "электрондық үкімет" шлюзі арқылы тиісті мемлекеттік ақпараттық жүйелерден алады;
16) туыстарының бiрi (әкесi, анасы, аға-інілерi немесе әпке-сіңлілері) әскери қызмет өткеру кезеңiнде қызметтік мiндеттерiн орындау кезiнде қаза тапқан, қайтыс болған немесе бiрiншi немесе екінші топтағы мүгедек болып қалған әскерге шақыру жасындағы азаматтар:
запастағы офицер, сержант, сарбаз әскери билетін немесе оның телнұсқасын (әскери билет орнына уақытша куәлік) беруге өтініш;
жеке куәлік немесе оның цифрлық құжаттар сервисінен алынған электрондық құжаты (сәйкестендіру үшін);
көлемі 30х40 мм екі фотосурет (фотосуреттер өтініш иесінің жасына сәйкес болуға және қатаң түрде жарық жерде алдынан түсірілген, беті фотосуреттің жалпы ауданының шамамен 70%-ін алатындай жасалуға тиіс).
"Әскери қызмет және әскери қызметшілердің мәртебесі туралы" Қазақстан Республикасының Заңы 36-бабының 1-тармағына сәйкес әскери қызметке шақырудан босату туралы аудандық (қалалық) әскерге шақыру комиссиясының хаттамалары кітабынан үзінді (көрсетілетін қызметті беруші қоса береді);
Көрсетілетін қызметті алушының жеке басын куәландыратын құжаттар туралы мәліметті Мемлекеттік корпорация жұмыскері "электрондық үкімет" шлюзі арқылы тиісті мемлекеттік ақпараттық жүйелерден алады;
17) ғылыми дәрежесі барлар:

18) тіркелген діни бірлестіктердің дін қызметкерлері:
запастағы офицер, сержант, сарбаз әскери билетін немесе оның телнұсқасын (әскери билет орнына уақытша куәлік) беруге өтініш;
жеке куәлік немесе оның цифрлық құжаттар сервисінен алынған электрондық құжаты (сәйкестендіру үшін);
көлемі 30х40 мм екі фотосурет (фотосуреттер өтініш иесінің жасына сәйкес болуға және қатаң түрде жарық жерде алдынан түсірілген, беті фотосуреттің жалпы ауданының шамамен 70%-ін алатындай жасалуға тиіс).
"Әскери қызмет және әскери қызметшілердің мәртебесі туралы" Қазақстан Республикасының Заңы 36-бабының 1-тармағына сәйкес әскери қызметке шақырудан босату туралы аудандық (қалалық) әскерге шақыру комиссиясының хаттамалары кітабынан үзінді (көрсетілетін қызметті беруші қоса береді).
Көрсетілетін қызметті алушының жеке басын куәландыратын құжаттар туралы мәліметті Мемлекеттік корпорация жұмыскері "электрондық үкімет" шлюзі арқылы тиісті мемлекеттік ақпараттық жүйелерден алады;
19)  келісімшарт бойынша әскери қызмет өткеру үшін Қазақстан Республикасының Қарулы Күштеріне әскерге шақырылған әйелдер:
запастағы офицер, сержант, сарбаз әскери билетін немесе оның телнұсқасын (әскери билет орнына уақытша куәлік) беруге өтініш;
жеке куәлік немесе оның цифрлық құжаттар сервисінен алынған электрондық құжаты (сәйкестендіру үшін);
білімі туралы құжаттың көшірмесі (бар болған кезде);
келісімшарт бойынша әскери қызмет өткеру туралы шарт жасау туралы әскери бөлім (мекеме) командирінің (бастығының) бұйрығынан үзінді (көрсетілетін қызметті алушы әскери бөлімнен (мекемеден) алады);
осы Қағидаларға 54-қосымшаға сәйкес нысан бойынша запаста тұратын азаматты медициналық куәландыру картасы (әскери қызметке жарамдылық дәрежесін айқындау туралы қорытындысы бар);
көлемі 30х40 мм екі фотосурет (фотосуреттер өтініш иесінің жасына сәйкес болуға және қатаң түрде жарық жерде алдынан түсірілген, беті фотосуреттің жалпы ауданының шамамен 70%-ін алатындай жасалуға тиіс).
Көрсетілетін қызметті алушының жеке басын куәландыратын, некеге тұру туралы құжаттар туралы мәліметтерді Мемлекеттік корпорация жұмыскері "электрондық үкімет" шлюзі арқылы тиісті мемлекеттік ақпараттық жүйелерден алады.
2. Порталға:
1) жоғары оқу орындарының әскери кафедраларында запастағы офицерлер бағдарламасы бойынша даярлықтан өткен азаматтар үшін:
көрсетілетін қызметті алушының ЭЦҚ-сымен немесе бір реттік парольмен куәландырылған электрондық құжат нысанында запастағы офицер, сержант, сарбаз әскери билетін немесе оның телнұсқасын (әскери билет орнына уақытша куәлік) беруге өтініш;
білімі туралы құжаттың электрондық көшірмесі, оны көрсетілетін қызметті алушы өтінішке тіркейді.
Көрсетілетін қызметті алушының жеке басын куәландыратын құжат туралы мәліметті, көлемі 30х40 мм графикалық файл түрінде цифрлық фотосуретті көрсетілетін қызметті беруші "электрондық үкімет" шлюзі арқылы тиісті мемлекеттік ақпараттық жүйелерден алады;
2) офицерлер құрамы қатарынан әскери қызметтен запасқа шығарылған азаматтар үшін:
көрсетілетін қызметті алушының ЭЦҚ-сымен немесе бір реттік парольмен куәландырылған электрондық құжат нысанында запастағы офицер, сержант, сарбаз әскери билетін немесе оның телнұсқасын (әскери билет орнына уақытша куәлік) беруге өтініш;
білімі туралы құжаттың (бар болған кезде) электрондық көшірмесі, оны көрсетілетін қызметті алушы өтінішке тіркейді.
Көрсетілетін қызметті алушының жеке басын куәландыратын құжат туралы мәліметті, көлемі 30х40 мм графикалық файл түрінде цифрлық фотосуретті көрсетілетін қызметті беруші "электрондық үкімет" шлюзі арқылы тиісті мемлекеттік ақпараттық жүйелерден алады;
3) бас бостандығынан айыру орындарынан босатылғандарға:
көрсетілетін қызметті алушының ЭЦҚ-сымен немесе бір реттік парольмен куәландырылған электрондық құжат нысанында запастағы офицер, сержант, сарбаз әскери билетін немесе оның телнұсқасын (әскери билет орнына уақытша куәлік) беруге өтініш;
қылмыстық-атқару жүйесі мекемесінен босатылғаны туралы анықтаманың электрондық көшірмесі, оны көрсетілетін қызметті алушы өтінішке тіркейді;
білімі туралы құжаттың (бар болған кезде) электрондық көшірмесі, оны көрсетілетін қызметті алушы өтінішке тіркейді.
Егер сотталғанға дейін әскерге шақырылушылар есебінде тұрса, аудандық (қалалық) әскерге шақыру комиссиясының хаттамалары кітабынан не есептік-әліпбилік кітаптан үзінді (көрсетілетін қызметті беруші қоса береді).
Көрсетілетін қызметті алушының жеке басын куәландыратын құжат туралы мәліметті, көлемі 30х40 мм графикалық файл түрінде цифрлық фотосуретті көрсетілетін қызметті беруші "электрондық үкімет" шлюзі арқылы тиісті мемлекеттік ақпараттық жүйелерден алады;
4) басқа мемлекеттерден Қазақстан Республикасына тұрақты тұруға келгендер:
көрсетілетін қызметті алушының ЭЦҚ немесе бір реттік парольмен куәландырылған электрондық құжат нысанында запастағы офицер, сержант, сарбаз әскери билетін немесе оның телнұсқасын (әскери билет орнына уақытша куәлік) беруге өтініш;
әскери қызметке қатынасын растайтын (нотариат растаған және мемлекеттік (орыс) тілге аударылған (бар болған кезде) электрондық құжат, оны көрсетілетін қызметті алушы өтінішке тіркейді;
көрсетілетін қызметті алушы өтінішіне білімі туралы құжаттың (нотариат растаған және мемлекеттік (орыс) тілге аударылған (бар болған кезде) электрондық көшірмесі, оны көрсетілетін қызметті алушы өтінішке тіркейді.
әскери қызметке қатынасын растайтын құжаттың көшірмесін (нотариат растаған және мемлекеттік (орыс) тілге аударылған (бар болған кезде) көрсетілетін қызметті алушы көрсетілген мемлекеттік қызметтің нәтижесін алуға келгенде Мемлекеттік корпорацияға тапсыруға тиіс;
Көрсетілетін қызметті алушының жеке басын куәландыратын құжаттар туралы мәліметтерді, графикалық файл түріндегі көлемі 30х40 мм цифрлық фотосуретін көрсетілетін қызметті беруші "электрондық үкімет" шлюзі арқылы тиісті мемлекеттік ақпараттық жүйелерден алады;
5) ескі үлгідегі әскери билетті жаңасына ауыстырған кезде көрсетілетін қызметті алушының ЭЦҚ-сымен немесе бір реттік парольмен куәландырылған электрондық құжат нысанында запастағы офицер, сержант, сарбаз әскери билетін немесе оның телнұсқасын (әскери билет орнына уақытша куәлік) беруге өтініш толтырылады;
Көрсетілетін қызметті алушы мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесін алуға келген кезде әскери билеттің түпнұсқасын (ескі үлгідегі) Мемлекеттік корпорацияға тапсыруға тиіс.
Көрсетілетін қызметті алушының жеке басын куәландыратын құжаттар туралы мәліметтерді, графикалық файл түріндегі көлемі 30х40 мм цифрлық фотосуретін көрсетілетін қызметті беруші "электрондық үкімет" шлюзі арқылы тиісті мемлекеттік ақпараттық жүйелерден алады;
6)  әскери билетті жоғалтқан кезде көрсетілетін қызметті алушының ЭЦҚ-сымен немесе бір реттік парольмен куәландырылған электрондық құжат нысанында запастағы офицер, сержант, сарбаз әскери билетін немесе оның телнұсқасын (әскери билет орнына уақытша куәлік) беруге өтініш толтырылады;
"Әкімшілік құқық бұзушылық туралы" Қазақстан Республикасы кодексінің 649-бабында көзделгенәскери есепке алу құжатын қасақана бүлдiргені немесе жоғалтқаны үшін әкімшілік жазанықолдану туралы қаулының көшірмесі немесе бүлдіру немесе жоғалту фактісі көрсетілетін қызметті алушыға байланысты емес мән-жайларда болғанын растайтын уәкілетті мемлекеттік органнан анықтама (көрсетілетін қызметті алушы қоса береді );
Жеке басын куәландыратын құжаттар туралы мәліметтерді, графикалық файл түріндегі көлемі 30х40 мм цифрлық фотосуретті көрсетілетін қызметті беруші "электрондық үкімет" шлюзі арқылы тиісті мемлекеттік ақпараттық жүйелерден алады;
7) әскери билет бүлінген кезде:
көрсетілетін қызметті алушының ЭЦҚ-сымен немесе бір реттік парольмен куәландырылған электрондық құжат нысанында запастағы офицер, сержант, сарбаз әскери билетін немесе оның телнұсқасын (әскери билет орнына уақытша куәлік) беруге өтініш;
"Әкімшілік құқық бұзушылық туралы" Қазақстан Республикасы кодексінің 649-бабында көзделгенәскери есепке алу құжатын қасақана бүлдiргені немесе жоғалтқаны үшін әкімшілік жазанықолдану туралы қаулының көшірмесі немесе бүлдіру немесе жоғалту фактісі көрсетілетін қызметті алушыға байланысты емес мән-жайларда болғанын растайтын уәкілетті мемлекеттік органнан анықтама (көрсетілетін қызметті алушы қоса береді );
Жеке басын куәландыратын құжаттар туралы мәліметтерді, графикалық файл түріндегі көлемі 30х40 мм цифрлық фотосуретті көрсетілетін қызметті беруші "электрондық үкімет" шлюзі арқылы тиісті мемлекеттік ақпараттық жүйелерден алады;
8) тегін, атын, әкесінің атын өзгерткен кезде көрсетілетін қызметті алушының ЭЦҚ-сымен немесе бір реттік парольмен куәландырылған электрондық құжат нысанында запастағы офицер, сержант, сарбаз әскери билетін немесе оның телнұсқасын (әскери билет орнына уақытша куәлік) беруге өтініш толтырылады;
Көрсетілетін қызметті алушы мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесін алуға келген кезде әскери билеттің түпнұсқасын (ескі үлгідегі) Мемлекеттік корпорацияға тапсыруға тиіс.
Көрсетілетін қызметті алушының жеке басын куәландыратын құжаттар туралы мәліметтерді, графикалық файл түріндегі көлемі 30х40 мм цифрлық фотосуретін көрсетілетін қызметті беруші "электрондық үкімет" шлюзі арқылы тиісті мемлекеттік ақпараттық жүйелерден алады;
9) офицерлер құрамының әскери атағы қалпына келтірілгендер:
көрсетілетін қызметті алушының ЭЦҚ-сымен немесе бір реттік парольмен куәландырылған электрондық құжат нысанында запастағы офицер, сержант, сарбаз әскери билетін немесе оның телнұсқасын (әскери билет орнына уақытша куәлік) беруге өтініш;
әскери атағы қалпына келтірілгені туралы сот қаулысының көшірмесі, оны көрсетілетін қызметті алушы өтінішке тіркейді.
Көрсетілетін қызметті алушының жеке басын куәландыратын құжаттар туралы мәліметтерді, графикалық файл түріндегі көлемі 30х40 мм цифрлық фотосуретін көрсетілетін қызметті беруші "электрондық үкімет" шлюзі арқылы тиісті мемлекеттік ақпараттық жүйелерден алады;
10) денсаулық жағдайы бойынша әскери есепке берілуге жататын 27 жасқа толмаған әскери міндеттілер:
көрсетілетін қызметті алушының ЭЦҚ-сымен немесе бір реттік парольмен куәландырылған электрондық құжат нысанында запастағы офицер, сержант, сарбаз әскери билетін немесе оның телнұсқасын (әскери билет орнына уақытша куәлік) беруге өтініш;
білімі туралы құжаттың (бар болған кезде) электрондық көшірмесі, оны көрсетілетін қызметті алушы өтінішке тіркейді.
Аудандық (қалалық) әскерге шақыру комиссиясының бейбіт уақытта әскери қызметке жарамсыз, соғыс уақытында шектеулі жарамды немесе бейбіт уақытта әскерге шақыру бойынша әскери қызметке шақырылудан босатылған деп тану туралы хаттамалары кітабынан үзінді (көрсетілетін қызметті беруші қоса береді);
Облыстық (республикалық маңызы бар қаланың және астананың) әскерге шақыру комиссиясының бейбіт уақытта әскери қызметке жарамсыз, соғыс уақытында шектеулі жарамды немесе бейбіт уақытта әскерге шақыру бойынша әскери қызметке шақырылудан босатылған деп тану туралы шешімінен үзінді (көрсетілетін қызметті беруші қоса береді).
Көрсетілетін қызметті алушының жеке басын куәландыратын құжаттар туралы мәліметтерді, графикалық файл түріндегі көлемі 30х40 мм цифрлық фотосуретін көрсетілетін қызметті беруші "электрондық үкімет" шлюзі арқылы тиісті мемлекеттік ақпараттық жүйелерден алады;
11) әскерге шақыру кейінге қалдырылуына (босатылуына) байланысты әскери қызмет өткермеген, 27 жасқа толғандарға:
көрсетілетін қызметті алушының ЭЦҚ-сымен немесе бір реттік парольмен куәландырылған электрондық құжат нысанында запастағы офицер, сержант, сарбаз әскери билетін немесе оның телнұсқасын (әскери билет орнына уақытша куәлік) беруге өтініш;
білімі туралы құжаттың (бар болған кезде) электрондық көшірмесі, оны көрсетілетін қызметті алушы өтінішке тіркейді.
аудандық (қалалық) әскерге шақыру комиссиясының хаттамалары кітабынан үзінді (көрсетілетін қызметті беруші қоса береді).
Көрсетілетін қызметті алушының жеке басын куәландыратын құжаттар туралы мәліметтерді, графикалық файл түріндегі көлемі 30х40 мм цифрлық фотосуретін көрсетілетін қызметті беруші "электрондық үкімет" шлюзі арқылы тиісті мемлекеттік ақпараттық жүйелерден алады;
12) бұдан бұрын әскери есепте тұрмаған және әскерге шақыру учаскесіне тіркеуден өтпегендер қатарынан әскери қызмет өткермеген 27 жасқа толғандарға;
көрсетілетін қызметті алушының ЭЦҚ-сымен немесе бір реттік парольмен куәландырылған электрондық құжат нысанында запастағы офицер, сержант, сарбаз әскери билетін немесе оның телнұсқасын (әскери билет орнына уақытша куәлік) беруге өтініш;
білімі туралы құжаттың (бар болған кезде)электрондық көшірмесі, оны көрсетілетін қызметті алушы өтінішке тіркейді;
запаста тұратын азаматты медициналық куәландыру картасының электрондық көшірмесі (әскери қызметке жарамдылығын анықтау туралы қорытындымен), оны көрсетілетін қызметті алушы өтінішке тіркейді.
Көрсетілетін қызметті алушының жеке басын куәландыратын, некеге тұру туралы құжаттар туралы мәліметтерді, графикалық файл түріндегі көлемі 30х40 мм цифрлық фотосуретін көрсетілетін қызметті беруші "электрондық үкімет" шлюзі арқылы тиісті мемлекеттік ақпараттық жүйелерден алады;
13) Қазақстан Республикасының Қарулы Күштерінен, басқа да әскерлері мен әскери құралымдарынан, Мемлекеттік күзет қызметінен және құқық қорғау органдарынан запасқа шығарылған азаматтар үшін:
көрсетілетін қызметті алушының ЭЦҚ-сымен немесе бір реттік парольмен куәландырылған электрондық құжат нысанында запастағы офицер, сержант, сарбаз әскери билетін немесе оның телнұсқасын (әскери билет орнына уақытша куәлік) беруге өтініш;
білімі туралы құжаттың (бар болған кезде) электрондық көшірмесі, оны көрсетілетін қызметті алушы өтінішке тіркейді;
әскери қызметке жарамдылық санатын растайтын құжаттың электрондық көшірмесі (денсаулық жағдайы бойынша шығарылғандар үшін), оны көрсетілетін қызметті алушы өтінішке тіркейді.
Көрсетілетін қызметті алушының жеке басын куәландыратын құжаттар туралы мәліметтерді, графикалық файл түріндегі көлемі 30х40 мм цифрлық фотосуретін көрсетілетін қызметті беруші "электрондық үкімет" шлюзі арқылы тиісті мемлекеттік ақпараттық жүйелерден алады;
14) денсаулық сақтаусаласында білім беру ұйымдарын бітіргеннен әскери-есептік мамандықтар алған әйелдер:
көрсетілетін қызметті алушының ЭЦҚ-сымен немесе бір реттік парольмен куәландырылған электрондық құжат нысанында запастағы офицер, сержант, сарбаз әскери билетін немесе оның телнұсқасын (әскери билет орнына уақытша куәлік) беруге өтініш;
білімі туралы құжаттың (бар болған кезде) электрондық көшірмесі, оны көрсетілетін қызметті алушы өтінішке тіркейді;
осы Қағидаларға54-қосымшаға сәйкес нысан бойынша запаста тұратын азаматты медициналық куәландыру картасының (әскери қызметке жарамдылық дәрежесін айқындау туралы қорытындысы бар) электрондық көшірмесі, оны көрсетілетін қызметті алушы өтінішке тіркейді;
Көрсетілетін қызметті алушының жеке басын куәландыратын, білімі туралы, некеге тұру туралы құжаттар туралы мәліметтерді, графикалық файл түріндегі көлемі 30х40 мм цифрлық фотосуретін көрсетілетін қызметті беруші "электрондық үкімет" шлюзі арқылы тиісті мемлекеттік ақпараттық жүйелерден алады;
15) әскери-техникалық және басқа да мамандықтар бойынша даярлықтан өткен азаматтарға:
көрсетілетін қызметті алушының ЭЦҚ-сымен немесе бір реттік парольмен куәландырылған электрондық құжат нысанында запастағы офицер, сержант, сарбаз әскери билетін немесе оның телнұсқасын (әскери билет орнына уақытша куәлік) беруге өтініш;
білімі туралы құжаттың (бар болған кезде) электрондық көшірмесі, оны көрсетілетін қызметті алушы өтінішке тіркейді;
әскери оқытылған резервті даярлау бағдарламасы бойынша оқуды аяқтағаны туралы сертификаттың нотариат растаған электрондық көшірмесі, оны көрсетілетін қызметті алушы өтінішке тіркейді.
Көрсетілетін қызметті алушының жеке басын куәландыратын, некеге тұру туралы құжаттар туралы мәліметтерді, графикалық файл түріндегі көлемі 30х40 мм цифрлық фотосуретін көрсетілетін қызметті беруші "электрондық үкімет" шлюзі арқылы тиісті мемлекеттік ақпараттық жүйелерден алады;
16) туыстарының бiрi (әкесi, анасы, аға-інілерi немесе әпке-сіңлілері) әскери қызмет өткеру кезеңiнде қызметтік мiндеттерiн орындау кезiнде қаза тапқан, қайтыс болған немесе бiрiншi немесе екінші топтағы мүгедек болып қалған әскерге шақыру жасындағы азаматтарға көрсетілетін қызметті алушының ЭЦҚ-сымен немесе бір реттік парольмен куәландырылған электрондық құжат нысанында запастағы офицер, сержант, сарбаз әскери билетін немесе оның телнұсқасын (әскери билет орнына уақытша куәлік) беруге өтініш толтырылады.
"Әскери қызмет және әскери қызметшілердің мәртебесі туралы" Қазақстан Республикасының Заңы 36-бабының 1-тармағына сәйкес әскери қызметке шақырудан босату туралы аудандық (қалалық) әскерге шақыру комиссиясының хаттамалары кітабынан үзінді (көрсетілетін қызметті беруші қоса береді).
Көрсетілетін қызметті алушының жеке басын куәландыратын құжаттар туралы мәліметтерді, графикалық файл түріндегі көлемі 30х40 мм цифрлық фотосуретін көрсетілетін қызметті беруші "электрондық үкімет" шлюзі арқылы тиісті мемлекеттік ақпараттық жүйелерден алады;
17) ғылыми дәрежесі барларға көрсетілетін қызметті алушының ЭЦҚ-сымен немесе бір реттік парольмен куәландырылған электрондық құжат нысанында запастағы офицер, сержант, сарбаз әскери билетін немесе оның телнұсқасын (әскери билет орнына уақытша куәлік) беруге өтініш толтырылады.
"Әскери қызмет және әскери қызметшілердің мәртебесі туралы" Қазақстан Республикасының Заңы 36-бабының 1-тармағына сәйкес әскери қызметке шақырудан босату туралы аудандық (қалалық) әскерге шақыру комиссиясының хаттамалары кітабынан үзінді (көрсетілетін қызметті беруші қоса береді).
Көрсетілетін қызметті алушының жеке басын куәландыратын құжаттар туралы мәліметтерді, графикалық файл түріндегі көлемі 30х40 мм цифрлық фотосуретін көрсетілетін қызметті беруші "электрондық үкімет" шлюзі арқылы тиісті мемлекеттік ақпараттық жүйелерден алады;
18) тіркелген діни бірлестіктердің дін қызметкерлеріне көрсетілетін қызметті алушының ЭЦҚ-сымен немесе бір реттік парольмен куәландырылған электрондық құжат нысанында запастағы офицер, сержант, сарбаз әскери билетін немесе оның телнұсқасын (әскери билет орнына уақытша куәлік) беруге өтініш толтырылады.
"Әскери қызмет және әскери қызметшілердің мәртебесі туралы" Қазақстан Республикасының Заңы 36-бабының 1-тармағына сәйкес әскери қызметке шақырудан босату туралы аудандық (қалалық) әскерге шақыру комиссиясының хаттамалары кітабынан үзінді (көрсетілетін қызметті беруші қоса береді).
Көрсетілетін қызметті алушының жеке басын куәландыратын құжаттар туралы мәліметтерді, графикалық файл түріндегі көлемі 30х40 мм цифрлық фотосуретін көрсетілетін қызметті беруші "электрондық үкімет" шлюзі арқылы тиісті мемлекеттік ақпараттық жүйелерден алады;
19) келісімшарт бойынша әскери қызмет өткеру үшін Қазақстан Республикасының Қарулы Күштеріне әскерге шақырылған әйелдерге:
көрсетілетін қызметті алушының ЭЦҚ-сымен немесе бір реттік парольмен куәландырылған электрондық құжат нысанында запастағы офицер, сержант, сарбаз әскери билетін немесе оның телнұсқасын (әскери билет орнына уақытша куәлік) беруге өтініш;
келісімшарт бойынша әскери қызмет өткеру туралы келісімшарт жасау туралы әскери бөлім (мекеме) командирінің (бастығының) бұйрығынан үзіндінің (көрсетілетін қызметті алушы әскери бөлімнен (мекемеден) алады) электрондық көшірмесі;
көрсетілетін қызметті алушы өтінішіне білімі туралы құжаттың (бар болған кезде) электрондық көшірмесін тіркейді;
осы Қағидаларға 54-қосымшаға сәйкес нысан бойынша запаста тұратын азаматты медициналық куәландыру картасының (әскери қызметке жарамдылық дәрежесін айқындау туралы қорытындысы бар) электрондық көшірмесі;
Көрсетілетін қызметті алушының жеке басын куәландыратын, некеге тұру туралы құжаттар туралы мәліметтерді, графикалық файл түріндегі көлемі 30х40 мм цифрлық фотосуретін көрсетілетін қызметті беруші "электрондық үкімет" шлюзі арқылы тиісті мемлекеттік ақпараттық жүйелерден алады.

9

ҚР заңнамасында белгіленген мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тарту үшін негіз

1) көрсетілетін қызметті алушы мемлекеттік көрсетілетін қызметті алу үшін ұсынған құжаттардың және (немесе) олардағы деректердің (мәліметтердің) нақты еместігін анықтау;
2) көрсетілетін қызметті алушының және (немесе) мемлекеттік қызмет көрсету үшін қажетті ұсынылған материалдардың, объектілердің, деректердің және мәліметтердің осы Қағидаларда белгіленген талаптарға сәйкес келмеуі;
3) әскерге шақыру комиссиясы хаттамалары кітабында:
бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған:
денсаулық жағдайы бойынша әскери міндеттілердің әскери есебіне беруге жататын 27 жасқа толмаған;
әскерге шақыру кейінге қалдырылуына байланысты әскери қызмет өткермеген, 27 жасқа толған;
туыстарының бiрi (әкесi, анасы, аға-інілерi немесе әпке-сіңлілері) әскери қызмет өткеру кезеңiнде қызметтік мiндеттерiн орындау кезiнде қаза тапқан, қайтыс болған немесе бiрiншi немесе екінші топтағы мүгедек болып қалған әскерге шақыру жасындағы азаматтар;
ғылыми дәрежесі бар азаматтар;
тіркелген діни бірлестіктердің дін қызметкерлері үшін жазбаның болмауы;
4) әскери билетін жоғалтқан, әскери билеті бүлінген көрсетілетін қызметті алушыға әкімшілік жаза қолдану туралы қаулының болмауы.

10

Мемлекеттік оның ішінде электрондық нұсқада және Мемлекеттік корпорация арқылы қызмет көрсету ерекшеліктері ескерілген өзге де талаптар

Цифрлық құжаттар сервисі мобильді қосымшада тіркелген пайдаланушылар үшін қолжетімді.
Цифрлық құжатты алу үшін электрондық-цифрлық қолтаңбаны немесе бір реттік парольді пайдалану арқылы мобильді қосымшада тіркеуден өту, әрі қарай "Цифрлық құжаттар" бөліміне өтіп, қажетті құжатты таңдау қажет.
Әкімшілік жаза қолдану туралы қаулының болмауы себебінен мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тарту туралы дәлелді жауап берілген жағдайда көрсетілетін қызметті алушының әкімшілік құқық бұзушылық туралы хаттаманы жасау және әкімшілік жаза қолдану туралы қаулы шығару үшін әскери есепте тұрған орны бойынша жергілікті әскери басқару органына келуі қажет.
Тіршілік әрекетін шектейтін организм қызметінің тұрақты бұзылуымен денсаулығы нашарлаған көрсетілетін қызметті алушыларға мемлекеттік қызмет көрсету үшін құжаттарды қабылдауды қажет болған жағдайда Бірыңғай байланыс орталығының 1414, 8 800 080 7777 телефоны арқылы өтініш жасау жолымен тұрғылықты жеріне барумен Мемлекеттік корпорацияның жұмыскері жүргізеді.
Көрсетілетін қызметті алушының қашықтықтан қолжетімділік режимінде көрсетілетін қызметті берушінің анықтама қызметі, Бірыңғай байланыс орталығының 1414, 8 800 080 7777 телефоны арқылы мемлекеттік қызмет көрсету мәртебесі туралы ақпарат алу мүмкіндігі бар.
Көрсетілетін қызметті алушы ЭЦҚ бар болған кезде мемлекеттік көрсетілетін қызметті портал арқылы электрондық нысан түрінде ала алады.
Мемлекеттік қызмет көрсету орындарының мекенжайлары Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігінің www.mod.gov.kz интернет-ресурсында, сондай-ақ Мемлекеттік корпорацияның www.gov4c.kz интернет-ресурсында орналастырылған.
Мемлекеттік қызмет көрсету тәртібі туралы ақпаратты Бірыңғай байланыс орталығының 1414, 8 800 080 7777 телефоны арқылы алуға болады.

  Қазақстан Республикасы
Қорғаныс министрінің
2021 жылғы 23 тамыздағы
№ 555 бұйрығына
5-қосымша
Әскери міндеттілер мен әскерге
шақырылушыларды әскери
есепке алу қағидаларына
33-қосымша

"Әскери міндеттілер мен әскерге шақырылушыларды әскери есепке қою және одан шығару" мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты

1

Көрсетілетін қызметті берушінің атауы

ҚР ҚМ жергілікті әскери басқару органдары

2

Мемлекеттік қызмет көрсету тәсілдері

www.egov.kz "электрондық үкімет" веб-порталы (бұдан әрі – портал)

3

Мемлекеттік қызмет көрсету мерзімі

4 (төрт) жұмыс күні

4

Мемлекеттік қызмет көрсету нысаны

Электрондық (толық автоматтандырылған)

5

Мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесі

1) порталға өтініш жасаған кезде көрсетілетін қызметті берушінің ЭЦҚ қойылған электрондық құжат нысанында әскери міндеттілер мен әскерге шақырылушыларды әскери есепке қою және одан шығару туралы хабарлама;
2) осы Стандарттың 9-бөлімінде көзделген жағдайларда және негіздер бойынша мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тарту туралы дәлелді жауап

6

Мемлекеттік қызмет көрсету кезінде қызмет алушыдан алынатын төлем көлемі және ҚР заңнамасында көзделген жағдайларда оны алу тәсілдері

Тегін

7

Жұмыс кестесі

Жөндеу жұмыстары жүргізілуіне байланысты техникалық үзілістерді қоспағанда, тәулік бойы (Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына сәйкес қызмет алушы жұмыс уақыты аяқталғаннан кейін, демалыс және мереке күндері өтініш жасаған кезде өтініш қабылданған күн келесі жұмыс күні болып табылады).
Мемлекеттік қызметті көрсету орындарының мекенжайларыwww.egov.kz порталында орналастырылған

8

Мемлекеттік қызмет көрсету үшін қажетті құжаттар тізбесі

1. Әскери есепке қою бойынша:
1) тұрғылықты жерін ауыстырған кезде әскерге шақырылушылар қатарындағы азаматтар үшін көрсетілетін қызметті алушының ЭЦҚ-мен немесе бір реттік парольмен куәландырылған электрондық құжат нысанында әскерге шақырылушылардың әскери есебіне қою туралы өтініш толтырылады.
Көрсетілетін қызметті алушының жеке басын куәландыратын құжаттар, тұрғылықты жері немесе уақытша келген орны бойынша тіркелуі туралы мәліметтерді көрсетілетін қызметті беруші "электрондық үкімет" шлюзі арқылы тиісті мемлекеттік ақпараттық жүйелерден алады;
2) тұрғылықты жерін ауыстырған кезде немесе уақытша келген орны бойынша (3 айдан астам мерзімге) 7 жұмыс күні ішінде әскери есепке тұрмаған әскерге шақырылушылар қатарындағы азаматтар үшін көрсетілетін қызметті алушының ЭЦҚ-сымен немесе бір реттік парольмен куәландырылған электрондық құжат нысанында әскерге шақырылушылардың әскери есебіне қою туралы өтініш толтырылады.
"Әкімшілік құқық бұзушылық туралы" Қазақстан Республикасы кодексінің 647-бабында көзделген азаматтардың әскери есепке алу жөніндегі міндеттерді орындамағаны үшін әкімшілік жаза қолдану туралы қаулының көшірмесін көрсетілетін қызметті беруші қоса ұсынады.
Көрсетілетін қызметті алушының жеке басын куәландыратын, тұрғылықты жері немесе уақытша келген жері бойынша тіркелуі туралы құжаттартуралы мәліметтерді көрсетілетін қызметті беруші "электрондық үкімет" шлюзі арқылы тиісті мемлекеттік ақпараттық жүйелерден алады;
3) құқық қорғау және арнаулы мемлекеттік органдардан шығарылған, сондай-ақ құқық қорғау және арнаулы мемлекеттік органдар арнайы (әскери) оқу орындарының курсанттары, тыңдаушылары, оқудан шығарылған және (немесе) келісімшартты бұзған, бірақ 27 жасқа толмаған және әскерге шақыру бойынша әскери қызметтің белгіленген мерзімін өткермеген азаматтар үшін:
көрсетілетін қызметті алушының ЭЦҚ-сымен немесе бір реттік парольмен куәландырылған электрондық құжат нысанында әскерге шақырылушылардың әскери есебіне қою туралы өтініш;
құқық қорғау және арнаулы мемлекеттік органдардың әскери есепке қою туралы нұсқамасының электрондық көшірмесі, оны көрсетілетін қызметті алушы өтінішке қоса тіркейді.
"Әкімшілік құқық бұзушылық туралы" Қазақстан Республикасы кодексінің 647-бабында көзделген азаматтардың әскери есепке алу жөніндегі міндеттерді орындамағаны үшін әкімшілік жаза қолдану туралы қаулының көшірмесі, оны көрсетілетін қызметті беруші қоса береді.
Жеке басын куәландыратын құжаттар туралы, тұрғылықты жері немесе уақытша келген жері бойынша тіркелуі туралы мәліметтерді көрсетілетін қызметті беруші "электрондық үкімет" шлюзі арқылы тиісті мемлекеттік ақпараттық жүйелерден алады;
4) Қазақстан Республикасынан тыс жерлерге уақытша шыққан (6 айдан астам мерзімге), Қазақстан Республикасына тұрақты тұруға келген әскерге шақырылушылар қатарындағы азаматтар үшін:
көрсетілетін қызметті алушының ЭЦҚ-сымен немесе бір реттік парольмен куәландырылған электрондық құжат нысанында әскерге шақырылушылардың әскери есебіне қою туралы өтініш;
Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитеті Шекара қызметінің белгісі бар әскерге шақыру учаскесіне тіркеу туралы куәлікті сақтауға қабылдағаны туралы аудан (облыстық маңызы бар қала) ЖӘБО-сының уәкілетті адамы қолхатының электрондық көшірмесі (оны жергілікті әскери басқару органында сақтаған жағдайда әскери есеп құжатын қайтару үшін), оны көрсетілетін қызметті алушы өтінішке қоса береді.
"Әкімшілік құқық бұзушылық туралы" Қазақстан Республикасы кодексінің 647-бабында көзделген азаматтардың әскери есепке алу жөніндегі міндеттерді орындамағаны үшін әкімшілік жаза қолдану туралы қаулының көшірмесі, оны көрсетілетін қызметті беруші қоса береді.
Жеке басын куәландыратын, тұрғылықты жері немесе уақытша келген жері бойынша тіркелуі туралы құжаттар туралы мәліметтерді көрсетілетін қызметті беруші "электрондық үкімет" шлюзі арқылы тиісті мемлекеттік ақпараттық жүйелерден алады;
5) бұрын әскери есепте тұрмаған және әскерге шақыру учаскесіне тіркелмегенәскерге шақырылушылар қатарындағыазаматтар үшін:
көрсетілетін қызметті алушының ЭЦҚ-сымен немесе бір реттік парольмен куәландырылған электрондық құжат нысанында әскерге шақырылушылардың әскери есебіне қою туралы өтініш;
білімі туралы құжаттың (бар болған жағдайда) электрондық көшірмесі, оны көрсетілетін қызметті алушы өтінішке тіркейді.
"Әкімшілік құқық бұзушылық туралы" Қазақстан Республикасы кодексінің 647-бабында көзделген азаматтардың әскери есепке алу жөніндегі міндеттерді орындамағаны үшін әкімшілік жазаны қолдану туралы қаулының көшірмесі, оны көрсетілетін қызметті беруші қоса береді.
Жеке басын куәландыратын, туу туралы, неке қию туралы, бала туу туралы, тұрғылықты жері немесе уақытша келген жері бойынша тіркелуі туралы құжаттартуралы мәліметтерді көрсетілетін қызметті беруші "электрондық үкімет" шлюзі арқылы тиісті мемлекеттік ақпараттық жүйелерден алады;
6) басқа мемлекеттерден Қазақстан Республикасына тұрақты тұруға келген, Қазақстан Республикасының азаматтығын алған және басқа мемлекетте әскери (баламалы) қызмет өткермеген 27 жасқа толмағанәскерге шақырылушылар қатарындағы азаматтар үшін:
көрсетілетін қызметті алушының ЭЦҚ-мен немесе бір реттік парольмен куәландырылған электрондық құжат нысанында әскерге шақырылушылардыңәскери есебіне қою туралы өтініш;
әскери қызметке қатынасын растайтын электрондық құжат(бар болған кезде мемлекеттік (орыс) тілге аударылған), оны көрсетілетін қызметті алушы өтінішке қоса тіркейді;
туу туралы күәліктің электрондық көшірмесі (нотариат растаған және мемлекеттік (орыс) тілге аударылған), оны көрсетілетін қызметті алушы өтінішке қоса тіркейді;
неке қию туралы куәліктің (бар болған кезде) электрондық көшірмесі (нотариат растаған және мемлекеттік (орыс) тілге аударылған), оны көрсетілетін қызметті алушы өтінішке қоса тіркейді;
балалардың тууы туралы куәліктерінің (бар болған кезде) электрондық көшірмелері (нотариат растаған және мемлекеттік (орыс) тілге аударылған), оны көрсетілетін қызметті алушы өтінішке қоса тіркейді;
білім туралы құжаттың (бар болған кезде) электрондық көшірмесі (нотариат растаған және мемлекеттік (орыс) тілге аударылған), оны көрсетілетін қызметті алушы өтінішке қоса тіркейді.
Жеке басын куәландыратын, тұрғылықты жері немесе уақытша келген жері бойынша тіркелуі туралы құжаттартуралы мәліметтерді көрсетілетін қызметті беруші "электрондық үкімет" шлюзі арқылы тиісті мемлекеттік ақпараттық жүйелерден алады;
7) запастағы офицерлер, сержанттар, сарбаздар қатарындағыазаматтар үшін тұрғылықты жерін ауыстыру кезіндекөрсетілетін қызметті алушының ЭЦҚ-мен немесе бір реттік парольмен куәландырылған электрондық құжат нысанында запастағы офицерлер, сержанттар, сарбаздар әскери есебіне қою туралы өтініш толтырылады;
Көрсетілетін қызметті алушының жеке басын куәландыратын, тұрғылықты жері немесе уақытша келген жері бойынша тіркелуі туралы құжаттартуралы мәліметтерді көрсетілетін қызметті беруші "электрондық үкімет" шлюзі арқылы тиісті мемлекеттік ақпараттық жүйелерден алады;
8) тұрғылықты жерін ауыстырған кезде 7 жұмыс күні ішінде әскери есепке тұрмаған запастағы офицерлер, сержанттар, сарбаздар қатарындағы азаматтар үшінкөрсетілетін қызметті алушының ЭЦҚ-мен немесе бір реттік парольмен куәландырылған электрондық құжат нысанында запастағы офицерлердің, сержанттардың, сарбаздарың әскери есебіне қою туралы өтініш толтырылады;
"Әкімшілік құқық бұзушылық туралы" Қазақстан Республикасы кодексінің 647-бабында көзделген азаматтардың әскери есепке алу жөніндегі міндеттерді орындамағаны үшін әкімшілік жазаны қолдану туралы қаулының көшірмесі, оныкөрсетілетін қызметті беруші қоса береді.
Жеке басын куәландыратын, тұрғылықты жері немесе уақытша келген жері бойынша тіркелуі туралы құжаттартуралы мәліметтерді көрсетілетін қызметті беруші "электрондық үкімет" шлюзі арқылы тиісті мемлекеттік ақпараттық жүйелерден алады;
9) Қазақстан Республикасының Қарулы Күштерінен, басқа да әскерлері мен әскери құралымдарынан, Мемлекеттік күзет қызметінен және құқық қорғау органдарынан запасқа шығарылған офицерлер, сержанттар, сарбаздар қатарындағы азаматтар үшін (әскери билет немесе әскери билеттің орнынан берілетін уақытша куәлік бар болған кезде):
көрсетілетін қызметті алушының ЭЦҚ-сымен немесе бір реттік парольмен куәландырылған электрондық құжат нысанында запастағы офицерлер, сержанттар, сарбаздар әскери есебіне қою туралы өтініш;
әскери есепке қою туралы нұсқаманың электрондық көшірмесі, оны көрсетілетін қызметті алушы өтінішке тіркейді.
"Әкімшілік құқық бұзушылық туралы" Қазақстан Республикасы кодексінің 647-бабында көзделген азаматтардың әскери есепке алу жөніндегі міндеттерді орындамағаны үшін әкімшілік жазаны қолдану туралы қаулының көшірмесі (көрсетілетін қызметті беруші қоса береді).
Жеке басын куәландыратын, тұрғылықты жері немесе уақытша келген жері бойынша тіркелуі туралы құжаттартуралы мәліметтерді көрсетілетін қызметті беруші "электрондық үкімет" шлюзі арқылы тиісті мемлекеттік ақпараттық жүйелерден алады;
10) запастағы сержанттар, сарбаздар әскери есебінде бұрын тұрмаған 27 жасқа толған әскерге шақырылушылар қатарындағы азаматтар үшін көрсетілетін қызметті алушының ЭЦҚ-сымен немесе бір реттік парольмен куәландырылған электрондық құжат нысанында әскерге шақырылушылардың әскери есебіне қою туралы өтініш толтырылады;
"Әкімшілік құқық бұзушылық туралы" Қазақстан Республикасы кодексінің 647-бабында көзделген азаматтардың әскери есепке алу жөніндегі міндеттерді орындамағаны үшін әкімшілік жазаны қолдану туралы қаулының көшірмесі (көрсетілетін қызметті беруші қоса береді).
Жеке басын куәландыратын, тұрғылықты жері немесе уақытша келген жері бойынша тіркелуі туралы құжаттар туралы мәліметтерді көрсетілетін қызметті беруші "электрондық үкімет" шлюзі арқылы тиісті мемлекеттік ақпараттық жүйелерден алады;
11) білім беру ұйымдарын бітіргеннен кейін әскери-есептік мамандық алған әйелдер үшін:
көрсетілетін қызметті алушының ЭЦҚ-сымен немесе бір реттік парольмен куәландырылған электрондық құжат нысанында әскерге шақырылушылар әскери есебіне қою туралы өтініш;
білім туралы құжаттың (болған жағдайда) электрондық көшірмесі, оныкөрсетілетін қызметті алушы өтінішке тіркейді.
"Әкімшілік құқық бұзушылық туралы" Қазақстан Республикасы кодексінің 647-бабында көзделген азаматтардың әскери есепке алу жөніндегі міндеттерді орындамағаны үшін әкімшілік жазаны қолдану туралы қаулының көшірмесі (көрсетілетін қызметті беруші қоса береді).
Жеке басын куәландыратын, тұрғылықты жері немесе уақытша келген жері бойынша тіркелуі туралы құжаттартуралы мәліметтерді көрсетілетін қызметті беруші "электрондық үкімет" шлюзі арқылы тиісті мемлекеттік ақпараттық жүйелерден алады;
12) Қазақстан Республикасынан тыс жерлерге уақытша шыққан (6 айдан астам мерзімге), Қазақстан Республикасына тұрақты тұруға келген запастағы офицерлер, сержанттар, сарбаздар қатарындағы азаматтар үшін:
көрсетілетін қызметті алушының ЭЦҚ-сымен немесе бір реттік парольмен куәландырылған электрондық құжат нысанында запастағы офицерлер, сержанттар, сарбаздар әскери есебіне қою туралы өтініш;
Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитеті Шекара қызметінің белгісі бар запастағы офицердің, сержанттың, сарбаздың әскери билетін сақтауға қабылдағаны туралы аудан (облыстық маңызы бар) ЖӘБО-ның уәкілетті адамы қолхатының электрондық көшірмесі (оны жергілікті әскери басқару органында сақтаған жағдайда әскери есеп құжатын қайтару үшін), оны көрсетілетін қызметті беруші өтінішке тіркейді;
"Әкімшілік құқық бұзушылық туралы" Қазақстан Республикасы кодексінің 647-бабында көзделген азаматтардың әскери есепке алу жөніндегі міндеттерді орындамағаны үшін әкімшілік жазаны қолдану туралы қаулының көшірмесі (көрсетілетін қызметті беруші қоса береді).
Жеке басын куәландыратын, тұрғылықты жері немесе уақытша келген жері бойынша тіркелуі туралы құжаттар туралы мәліметтерді көрсетілетін қызметті беруші "электрондық үкімет" шлюзі арқылы тиісті мемлекеттік ақпараттық жүйелерден алады;
13) бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған азаматтар үшін:
көрсетілетін қызметті алушының ЭЦҚ-сымен немесе бір реттік парольмен куәландырылған электрондық құжат нысанында әскерге шақырылушылардың немесе запастағы офицерлер, сержанттар, сарбаздар әскери есебіне қою туралы өтініш;
қылмыстық-атқару жүйесінің мекемесінен босатылғаны туралы анықтаманың электрондық көшірмесі, оны көрсетілетін қызметті алушы өтінішке тіркейді.
"Әкімшілік құқық бұзушылық туралы" Қазақстан Республикасы кодексінің 647-бабында көзделген азаматтардың әскери есепке алу жөніндегі міндеттерді орындамағаны үшін әкімшілік жазаны қолдану туралы қаулының көшірмесі (көрсетілетін қызметті беруші қоса береді).
Жеке басын куәландыратын, тұрғылықты жері немесе уақытша келген жері бойынша тіркелуі туралы құжаттартуралы мәліметтерді көрсетілетін қызметті беруші "электрондық үкімет" шлюзі арқылы тиісті мемлекеттік ақпараттық жүйелерден алады;
14) білім беру ұйымдарын бітірген және офицер әскери атағын бере отырып, офицерлер құрамына аттестатталған азаматтар үшін көрсетілетін қызметті алушының ЭЦҚ-сымен немесе бір реттік парольмен куәландырылған электрондық құжат нысанында запастағы офицерлер, сержанттар, сарбаздар әскери есебіне қою туралы өтініш толтырылады;
"Әкімшілік құқық бұзушылық туралы" Қазақстан Республикасы кодексінің 647-бабында көзделген азаматтардың әскери есепке алу жөніндегі міндеттерді орындамағаны үшін әкімшілік жазаны қолдану туралы қаулының көшірмесі (көрсетілетін қызметті беруші қоса береді).
Жеке басын куәландыратын, тұрғылықты жері немесе уақытша келген жері бойынша тіркелуі туралы құжаттартуралы мәліметтерді көрсетілетін қызметті беруші "электрондық үкімет" шлюзі арқылы тиісті мемлекеттік ақпараттық жүйелерден алады;
15) тұрғылықты жерін ауыстыру кезінде жеке әскери-есептік құжатын жоғалтқан азаматтар үшінкөрсетілетін қызметті алушының ЭЦҚ-сымен немесе бір реттік парольмен куәландырылған электрондық құжат нысанында запастағы офицерлер, сержанттар, сарбаздар әскери есебіне қою туралы өтініш толтырылады;
"Әкімшілік құқық бұзушылық туралы" Қазақстан Республикасы кодексінің 649-бабында көзделгенәскери есепке алу құжатын қасақана бүлдiргені немесе жоғалтқаны үшін әкімшілік жазанықолдану туралы қаулының көшірмесі немесе бүлдіру немесе жоғалту фактісі көрсетілетін қызметті алушыға байланысты емес мән-жайларда болғанын растайтын уәкілетті мемлекеттік органнан анықтама (көрсетілетін қызметті алушы қоса береді );
Жеке басын куәландыратын, тұрғылықты жері немесе уақытша келген жері бойынша тіркелуі туралы құжаттартуралы мәліметтерді көрсетілетін қызметті беруші "электрондық үкімет" шлюзі арқылы тиісті мемлекеттік ақпараттық жүйелерден алады;
16) басқа мемлекеттерден Қазақстан Республикасына тұрақты тұруға келген, Қазақстан Республикасының азаматтығын алғанофицерлер, сержанттар, сарбаздар қатарындағы азаматтар үшін:
көрсетілетін қызметті алушының ЭЦҚ-сымен немесе бір реттік парольмен куәландырылған электрондық құжат нысанында запастағы офицерлер, сержанттар, сарбаздар әскери есебіне қою туралы өтініш;
әскери қызметке қатынасын растайтын электрондық құжат (бар болған кезде, нотариат растаған және мемлекеттік (орыс) тілге аударылған), оны көрсетілетін қызметті алушы өтінішке қоса тіркейді;
Жеке басын куәландыратын, тұрғылықты жері немесе уақытша келген жері бойынша тіркелуі туралы құжаттартуралы мәліметтерді көрсетілетін қызметті беруші "электрондық үкімет" шлюзі арқылы тиісті мемлекеттік ақпараттық жүйелерден алады;
2. Әскери есептен шығару бойынша:
Қазақстан Республикасынан тыс жерлерге 6 айдан астам мерзімге шығатын әскери міндеттілер мен әскерге шықырылушылар қатарындағы азаматтар үшін көрсетілетін қызметті алушының ЭЦҚ-сымен немесе бір реттік парольмен куәландырылған электрондық құжат нысанында әскери есептен шығару туралы өтініш толтырылады;
Көрсетілетін қызметті алушының жеке басын куәландыратын, тұрғылықты жері немесе уақытша келген орны бойынша тіркелуі туралы құжаттар туралымәліметтерді көрсетілетін қызметті беруші "электрондық үкімет" шлюзі арқылы тиісті мемлекеттік ақпараттық жүйелерден алады

9

ҚР заңнамасында белгіленген мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тарту үшін негіз

1) көрсетілетін қызметті алушы мемлекеттік көрсетілетін қызметті алу үшін ұсынған құжаттардың және (немесе) олардағы деректердің (мәліметтердің) нақты еместігін анықтау;
2) көрсетілетін қызметті алушының және (немесе) мемлекеттік қызмет көрсету үшін қажетті ұсынылғанматериалдардың, деректер мен мәліметтердің осы Қағидаларда белгіленген талаптарға сәйкес келмеуі;
3) көрсетілетін қызметті алушыға әкімшілік жаза қолдану туралы қаулының болмауы

10

Мемлекеттік, оның ішінде электрондық нұсқада және Мемлекеттік корпорация арқылы қызмет көрсету ерекшеліктері ескерілген өзге де талаптар

Әкімшілік жаза қолдану туралы қаулының болмауы себебінен мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тарту туралы дәлелді жауап берілген жағдайда көрсетілетін қызметті алушының әкімшілік құқық бұзушылық туралы хаттаманы жасау және әкімшілік жаза қолдану туралы қаулы шығару үшін әскери есепте тұрған орны бойынша жергілікті әскери басқару органына келуі қажет.
Тіршілік әрекетін шектейтін организм функцияларының тұрақты бұзылуымен денсаулығы нашарлаған көрсетілетін қызметті алушыға мемлекеттік қызметті көрсету үшін құжаттарды қабылдауды қажет болған жағдайда Бірыңғай байланыс орталығының 1414, 8 800 080 7777 телефондары бойынша өтініш жасау арқылы тұрғылықты жеріне барумен Мемлекеттік корпорацияның жұмыскері жүргізеді.
Көрсетілетін қызметті алушының қашықтықтан қолжетімділік режимінде көрсетілетін қызметті беруші анықтама қызметі, Бірыңғай байланыс орталығының 1414, 8 800 080 7777 телефондары арқылы мемлекеттік қызмет көрсету мәртебесі туралы ақпарат ала алады.
Көрсетілетін қызметті алушы ЭЦҚ бар болған жағдайда мемлекеттік көрсетілетін қызметті портал арқылы электрондық нысанда ала алады.
Мемлекеттік қызмет көрсету орындарының мекенжайлары Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігінің www.gov.kz интернет-ресурсында, сондай-ақ Мемлекеттік корпорацияның www.gov4c.kz интернет-ресурсында орналастырылған.
Мемлекеттік қызмет көрсету тәртібі туралы ақпаратты Бірыңғай байланыс орталығының 1414, 8 800 080 7777 телефондары арқылы алуға болады

  Қазақстан Республикасы
Қорғаныс министрінің
2021 жылғы 23 тамыздағы
№ 555 бұйрығына
6-қосымша
Әскери міндеттілер мен әскерге
шақырылушыларды әскери
есепке алу қағидаларына
35-қосымша

"Қазақстан Республикасынан тыс жерлерге тұрақты тұру үшін шығатын азаматтарға анықтамалар беру" мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты

1

Көрсетілетін қызметті берушінің атауы

ҚР ҚМ жергілікті әскери басқару органдары

2

Мемлекеттік қызмет көрсету тәсілдері

Өтінішті қабылдау:
1) "Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорациясы" коммерциялық емес акционерлік қоғамы (бұдан әрі – Мемлекеттік корпорация);
2) www.egov.kz "электрондық үкімет" веб-порталы (бұдан әрі – портал) арқылы жүзеге асырылады

3

Мемлекеттік қызмет көрсету мерзімі

1 (бір) жұмыс күні.
Мемлекеттік корпорация арқылы өтініш жасаған кезде:
құжаттар топтамасын тапсыру үшін күтудің рұқсат етілген ең ұзақ уақыты – 15 (он бес) минут;
Мемлекеттік корпорацияда қызмет көрсетудің рұқсат етілген ең ұзақ уақыты – 15 (он бес) минут

4

Мемлекеттік қызмет көрсету нысаны

Электрондық (ішінара автоматтандырылған) және (немесе) қағазда

5

Мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесі

Қазақстан Республикасынан тыс жерлерге тұрақты тұру үшін кететін азаматтарға 3 (үш) данада немесе көрсетілетін қызметті берушінің ЭЦҚ қойылған электрондық құжат нысанында анықтама не осы Стандарттың 9-бөлімінде көзделген жағдайларда және негiздер бойынша мемлекеттiк қызметтi көрсетуден бас тарту туралы дәлелдi жауап беру.
Мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесін ұсыну нысаны: электрондық немесе қағазда

6

Мемлекеттік қызмет көрсету кезінде қызмет алушыдан алынатын төлем көлемі және ҚР заңнамасында көзделген жағдайларда оны алу тәсілдері

Тегін

7

Жұмыс кестесі

1) көрсетілетін қызметті берушінің – Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына сәйкес демалыс және мереке күндерін қоспағанда, дүйсенбіден бастап жұмаға дейін сағат 9.00-ден 18.00-ге дейін, түскі асқа үзіліс сағат13.00-ден 14.00-ге дейін;
2) Мемлекеттік корпорацияның – Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына сәйкес жексенбіні және мереке күндерін қоспағанда, дүйсенбіден сенбіге дейінгіні қоса алғанда, белгіленген жұмыс кестесіне сәйкес түскі асқа үзіліссіз сағат 9.00-ден 20.00-ге дейін.
Қабылдау көрсетілетін қызметті алушының тұрақты тіркелу орны немесе уақытша тұратын орны бойынша жедел қызмет көрсетусіз "электрондық кезек" тәртібінде жүзеге асырылады, сондай-ақ электрондық кезекті портал арқылы броньдауға болады;
3) порталдың – жөндеу жұмыстары жүргізілуіне байланысты техникалық үзілістерді қоспағанда тәулік бойы (Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына сәйкес көрсетілетін қызметті алушы жұмыс уақыты аяқталғаннан кейін демалыс және мереке күндері өтініш жасаған кезде өтініш қабылданған күн келесі жұмыс күні болып табылады).
Мемлекеттік қызмет көрсету орындарының мекенжайлары:
1) Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігінің www.mod.gov.kz;
2) Мемлекеттік корпорацияның www.gov4c.kz интернет-ресурстарында;
3) www.egov.kz порталында орналастырылған

8

Мемлекеттік қызмет көрсету үшін қажетті құжаттар тізбесі

1. Мемлекеттік корпорацияға:
Қазақстан Республикасынан тыс жерлерге тұрақты тұру үшін кететін азаматтарға анықтама беруге өтініш;
жеке куәлік немесе "Цифрлық құжаттар"сервисіненоның электрондық құжаттары (сәйкестендіру үшін);
тіркеу туралы куәлік (әскерге шақырылушылар үшін), әскери билет немесе әскери билет орнына берілетін уақытша куәлік (запастағы офицерлер, сержанттар, сарбаздар үшін);
Қазақстан Республикасынан тыс жерлерге тұрақты тұруғакететінін растайтын құжат.
2. Порталға:
көрсетілетін қызметті алушының ЭЦҚ-сығы мен немесе бір реттік парольмен куәландырылған электрондық құжат нысанында Қазақстан Республикасынан тыс жерлерге тұрақты тұру үшін кететін азаматтарға анықтама беруге өтініш;
тіркеу туралы куәліктің (әскерге шақырылушылар үшін), әскери билеттің немесе әскери билет орнына берілетін уақытша куәліктің электрондық көшірмесі (запастағы офицерлер, сержанттар, сарбаздар үшін) (түпнұсқасы кететін кезде көші-қон полициясы органдарына тапсырылады);
Қазақстан Республикасынан тыс жерлерге тұрақты тұру үшін кететінін растайтын құжаттың электрондық көшірмесі.
Көрсетілетін қызметті алушының жеке басын куәландыратын құжаттар туралы мәліметтерді Мемлекеттік корпорацияның жұмыскері немесе көрсетілетін қызметті берушінің"электрондық үкімет" шлюзі арқылы тиісті мемлекеттік ақпараттық жүйелерден алады

9

ҚР заңнамасында белгіленген мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тарту үшін негіз

1) көрсетілетін қызметті алушы мемлекеттік көрсетілетін қызметті алу үшін ұсынған құжаттардың және (немесе) олардағы деректердің (мәліметтердің) нақты еместігін анықтау;
2) көрсетілетін қызметті алушының және (немесе) мемлекеттік қызмет көрсету үшін қажетті ұсынылған материалдардың, деректер мен мәліметтердің осы Қағидаларда белгіленген талаптарға сәйкес келмеуі

10

Мемлекеттік, оның ішінде электрондық нұсқада және Мемлекеттік корпорация арқылы қызмет көрсету ерекшеліктері ескерілген өзге де талаптар

Цифрлық құжаттар сервисі мобильді қосымшада тіркелген пайдаланушылар үшін қолжетімді.
Цифрлық құжатты алу үшін электрондық-цифрлық қолтаңбаны немесе бір реттік парольді пайдалану арқылы мобильді қосымшада тіркеуден өту, әрі қарай "Цифрлық құжаттар" бөліміне өтіп, қажетті құжатты таңдау қажет.
Тіршілік әрекетін шектейтін организм функцияларының тұрақты бұзылуымен денсаулығы нашарлаған көрсетілетін қызметті алушыларға қажет болған жағдайда мемлекеттік қызметті көрсету үшін құжаттарды қабылдауды Бірыңғай байланыс орталығының 1414, 8 800 080 7777 телефоны бойынша өтініш жасау арқылытұрғылықты жеріне барумен Мемлекеттік корпорацияның жұмыскері жүргізеді.
Көрсетілетін қызметті алушы қашықтықтан қолжетімділік режимінде көрсетілетін қызметті берушінің анықтама қызметі, Бірыңғай байланыс орталығының 1414, 8 800 080 7777 телефоны арқылы мемлекеттік қызмет көрсету мәртебесі туралы ақпарат ала алады.
Көрсетілетін қызметті алушы ЭЦҚ бар болған жағдайда мемлекеттік көрсетілетін қызметті портал арқылы электрондық нысанда ала алады.
Мемлекеттік қызмет көрсету орындарының мекенжайлары Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігінің www.mod.gov.kz интернет-ресурсында, сондай-ақ Мемлекеттік корпорацияның www.gov4c.kz интернет-ресурсында орналастырылған.
Мемлекеттік қызмет көрсету тәртібі туралы ақпаратты Бірыңғай байланыс орталығының 1414, 8 800 080 7777 телефондары арқылы алуға болады.

  Қазақстан Республикасы
Қорғаныс министрінің
2021 жылғы 23 тамыздағы
№ 555 бұйрығына
7-қосымша
  Әскери міндеттілер мен әскерге
шақырылушыларды әскери
есепке алу қағидаларына
36-қосымша

"Әскери қызмет өткеруді растау туралы мәліметтерді беру" көрсетілетін мемлекеттік қызмет стандарты

1

Көрсетілетін қызметті берушінің атауы

ҚР ҚМ жергілікті әскери басқару органдары

2

Мемлекеттік қызмет көрсету тәсілдері

www.egov.kz "электрондық үкімет" веб-порталы

3

Мемлекеттік қызмет көрсету мерзімі

1) мемлекеттік ақпараттық жүйеде мәліметтер бар болған кезде – 5 (бес) минут;
2) мемлекеттік ақпараттық жүйеде мәліметтер болмаған кезде – 1 (бір) жұмыс күні;
3) анықтама беру үшін ақпарат және қажетті мәліметтер болмаған кезде мерзім 30 (отыз) жұмыс күніне дейін ұзартылады. Жергілікті әскери басқару органы (бұдан әрі – ЖӘБО) кейіннен көрсетілетін қызметті алушыны бір жұмыс күні ішінде мерзімді ұзарту туралы хабардар ете отырып, сұрау салынған ақпаратты растау үшін тиісті органдарға сұрау салу жолдайды;
4) бұрынғы Кеңестік Социалистік Республикалар Одағы елдерінің архивтерінен ақпарат алу қажет болған жағдайда кейіннен көрсетілетін қызметті алушыны бір жұмыс күні ішінде мерзімді ұзарту туралы хабардар ете отырып, анықтама беру мерзімі 90 (тоқсан) жұмыс күніне дейін ұзартылады

4

Мемлекеттік қызмет көрсету нысаны

Электрондық (толықтай автоматтандырылған)

5

Мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесі

Әскери қызмет өткеруді растау туралы мәліметті көрсетілетін қызметті алушының "жеке кабинетіне" жолданады не осы Стандарттың 9-бөлімінде көзделген жағдайларда және негiздер бойынша мемлекеттiк қызметтi көрсетуден бас тарту туралы дәлелдi жауап

6

Мемлекеттік қызмет көрсету кезінде қызмет алушыдан алынатын төлем көлемі және ҚР заңнамасында көзделген жағдайларда оны алу тәсілдері

Тегін

7

Жұмыс кестесі

Жөндеу жұмыстарының жүргізілуіне байланысты техникалық үзілістерді қоспағанда, тәулік бойы (Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына сәйкес көрсетілетін қызметті алушы жұмыс уақыты аяқталғаннан кейін, демалыс және мереке күндері өтініш жасаған кезде өтінішті қабылдау күні келесі жұмыс күні болып табылады).
Мемлекеттік қызметті көрсету орындарының мекенжайы www.egov.kz порталында орналастырылған

8

Мемлекеттік қызмет көрсету үшін қажетті құжаттар тізбесі

Көрсетілетін қызметті алушының ЭЦҚ немесе бір реттік парольмен куәландырылған электрондық құжат нысанында әскери қызмет өткеруді растау туралы өтініш.
Көрсетілетін қызметті алушының жеке басын куәландыратын құжаттар туралы, тұрғылықты немесе уақытша болатын жері бойынша тіркеу туралы мәліметті көрсетілетін қызметті беруші"электрондық үкімет" шлюзі арқылы тиісті мемлекеттік ақпараттық жүйелерден алады

9

ҚР заңнамасында белгіленген мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тарту үшін негіз

1) көрсетілетін қызметті алушы мемлекеттік көрсетілетін қызметті алу үшін ұсынған құжаттардың және (немесе) олардағы деректердің (мәліметтердің) нақты еместігін анықтау;
2) көрсетілетін қызметті алушының және (немесе) мемлекеттік қызмет көрсету үшін қажетті ұсынылған материалдардың, объектілердің, деректердің және мәліметтердің осы Қағидаларда белгіленген талаптарға сәйкес келмеуі;
3) көрсетілетін қызметті алушы ұсынған және жолдаған сұрау салуға сәйкес алынған әскери қызмет өткеруді растау үшін қажетті ақпараттың және мәліметтердің жеткіліксіз болуы

10

Мемлекеттік оның ішінде электрондық нұсқада және Мемлекеттік корпорация арқылы қызмет көрсету ерекшеліктері ескерілген өзге де талаптар

Тіршілік әрекетін шектейтін организм қызметінің тұрақты бұзылуымен денсаулығы нашарлаған көрсетілетін қызметті алушыларға мемлекеттік қызметті көрсету үшін құжаттарды қабылдау қажет болған жағдайда Мемлекеттік корпорацияның жұмыскері Бірыңғай байланыс орталығының 1414, 8 800 080 7777 телефоны арқылы өтініш жасау жолымен тұрғылықты жеріне барумен жүргізеді.
Көрсетілетін қызметті алушы қашықтықтан қолжетімділік режимінде көрсетілетін қызметті берушінің анықтама қызметі, Бірыңғай байланыс орталығының 1414, 8 800 080 7777 телефоны арқылы мемлекеттік қызмет көрсету мәртебесі туралы ақпарат ала алады.
Көрсетілетін қызметті алушы ЭЦҚ бар болған кезде мемлекеттік көрсетілетін қызметті портал арқылы электрондық нысан түрінде ала алады.
Мемлекеттік қызметті көрсету орындарының мекенжайы Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігінің www.mod.gov.kz интернет-ресурсында, сондай-ақ Мемлекеттік корпорацияның www.gov4c.kz интернет-ресурсында орналастырылған.
Мемлекеттік қызметті көрсету тәртібі туралы ақпаратты Бірыңғай байланыс орталығының 1414, 8 800 080 7777 телефоны арқылы алуға болады

  Қазақстан Республикасы
Қорғаныс министрінің
2021 жылғы 23 тамыздағы
№ 555 бұйрығына
8-қосымша
Әскери міндеттілер мен әскерге
шақырылушыларды әскери
есепке алу қағидаларына
48-қосымша

      Нысан

  ____________________________
(облысы)
____________________________
(ауданы (қаласы) қорғаныс
істері жөніндегі басқармасының
(бөлімінің) бастығына

Тұрақты тұру үшін Қазақстан Республикасынан кететіндерге анықтама беруге өтініш

      1. _______________________________________________________________________

      (тегі, аты және әкесінің аты (бар болған кезде)

      2. ________________________________________________________________________

      (туған күні, айы, жылы, жеке куәлігінің (төлқұжатының) №, жеке сәйкестендіру нөмірі)

      3. ________________________________________________________________________

      (туған жері – ауыл, кент, аудан, облыс)

      4. ________________________________________________________________________

      (отбасы жағдайы)

      5. ________________________________________________________________________

      (тұрғылықты (уақытша болатын, тұратын) жері бойынша тіркелген мекенжайы)

      6. ________________________________________________________________________

      (соңғы жұмыс орны мен атқарған лауазымы)

      Тұрақты тұру үшін Қазақстан Республикасынан кетуіне байланысты әскери есептен шығару және есептік-әскери құжатты тапсыру туралы анықтама беруіңізді сұраймын.

      Ақпараттық жүйелерде қамтылған заңмен қорғалатын құпияны құрайтын мәліметтерді пайдалануға келісемін.

______________________
(тегі және инициалдары)

20__жылғы "___"________

_______________
(қолы)

  Қазақстан Республикасы
Қорғаныс министрінің
2021 жылғы 23 тамыздағы
№ 555 бұйрығына
9-қосымша
Әскери міндеттілер мен әскерге
шақырылушыларды әскери
есепке алу қағидаларына
50-қосымша

      Нысан

      "Тіркеу нөмірі" №________"Өтінішті берген күн"_________

Өтініш

      Әскери қызмет өткеруді растау туралы анықтама беруіңізді сұраймын.

      Қашан және қандай қорғаныс істері жөніндегі бөлім (басқарма, департамент) (әскери комиссариат) әскерге шақырды ____________________________________________________

      __________________________________________________________________________

      Сұралған кезеңдегі әскери атағы мен лауазымы __________________________

      ________________________________________________________________________

      Әскер тегі, әскери бөлімнің нөмірі, бағыныстылығы мен орналасқан орны

      ________________________________________________________________________

      Қосымша мәліметтер ________________________________________________

      ________________________________________________________________________

      Ақпараттық жүйелерде қамтылған заңмен қорғалатын құпияны құрайтын мәліметтерді пайдалануға келісемін.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады