БҰЙЫРАМЫН:
1. Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің кейбір бұйрықтарына мынадай өзгерістер енгізілсін:
1) "Шаруа немесе фермер қожалығын, ауыл шаруашылығы өндірісін жүргізу үшін уақытша өтеулі жер пайдалану (жалға алу) құқығын беру жөніндегі конкурсты ұйымдастыру мен өткізу қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары – Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2018 жылғы 20 желтоқсандағы № 518 бұйрығында (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 18048 болып тіркелген):
кіріспесі мынадай редакцияда жазылсын:
"Қазақстан Республикасы Жер кодексінің 14-бабы 1-тармағының 2-6) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:";
көрсетілген бұйрықпен бекітілген Шаруа немесе фермер қожалығын, ауыл шаруашылығы өндірісін жүргізу үшін уақытша өтеулі жер пайдалану (жалға алу) құқығын беру жөніндегі конкурсты ұйымдастыру мен өткізу қағидаларында:
1 және 2-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"1. Осы Шаруа немесе фермер қожалығын, ауыл шаруашылығы өндірісін жүргізу үшін уақытша өтеулі жер пайдалану (жалға алу) құқығын беру жөніндегі конкурсты ұйымдастыру мен өткізу қағидалары (бұдан әрі –Қағидалар) Қазақстан Республикасы Жер кодексінің (бұдан әрі – Жер кодексі) 14-бабы 1-тармағының 2-6) тармақшасына сәйкес әзірленді және шаруа немесе фермер қожалығын, ауыл шаруашылығы өндірісін жүргізу үшін уақытша өтеулі жер пайдалану (жалға алу) құқығын беру жөніндегі конкурсты ұйымдастыру мен өткізу тәртібін айқындайды.
2. Шаруа немесе фермер қожалығын, ауыл шаруашылығы өндірісін жүргізу үшін жер учаскелерін жер пайдалану (жалға алу) құқығымен шетелдіктерге, азаматтығы жоқ адамдарға, шетелдік заңды тұлғаларға, Қазақстан Республикасының шетелдік қатысуы бар заңды тұлғаларына, халықаралық ұйымдарға, халықаралық қатысуы бар ғылыми орталықтарға, сондай-ақ қандастарға беруге жол берілмейді.";
3-тармақ алып тасталсын;
5-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"5. Осы Қағидаларда мынадай негізгі ұғымдар пайдаланылады:
1) жер комиссиясы – жер учаскелеріне құқықтар беру туралы (шаруа немесе фермер қожалығын, ауыл шаруашылығы өндірісін жүргізу үшін уақытша өтеулі жер пайдалану (жалға алу) құқығын беру жөніндегі конкурс жеңімпазын айқындау туралы), жер учаскелерінің нысаналы мақсатын өзгерту туралы және су қорының жерлерін басқа санаттардағы жерлерге ауыстыру туралы өтініштерді (өтінімдерді) қарау және қорытындыларды дайындау үшін Жер кодексінің 43-бабына сәйкес құрылатын жергілікті атқарушы орган жанындағы алқалы орган;
2) конкурс – жер учаскесін пайдаланудың неғұрлым қолайлы шарттарын ұсынған Қазақстан Республикасының азаматтарына және Қазақстан Республикасының шетелдік қатысуы жоқ мемлекеттік емес заңды тұлғаларына оларды уақытша өтеулі жер пайдалану (жалға алу) құқығымен шаруа немесе фермер қожалығын, ауыл шаруашылығы өндірісін жүргізу үшін оны беру нысаны;
3) қатысушы – шаруа немесе фермер қожалығын, ауыл шаруашылығы өндірісін жүргізу үшін уақытша өтеулі жер пайдалану (жалға алу) құқығын беру жөніндегі конкурсқа қатысу үшін белгіленген тәртіппен тіркелген Қазақстан Республикасының азаматы және Қазақстан Республикасының шетелдік қатысуы жоқ мемлекеттік емес заңды тұлғасы;
4) шаруашылықішілік жерге орналастыру жобасы – әрбір жер учаскесінің жеке сипаттамаларын (құнарлылығын, технологиялық қасиеттерін, орналасқан жерін, рельефін, климатын, табиғи-тарихи, экологиялық және басқа ерекшеліктерін) есепке ала отырып, оның неғұрлым ұтымды пайдаланылуын қамтамасыз ететін іс-шаралар кешенін қамтитын, ауыл шаруашылығы жері аумағының жақын перспективада ұйымдастырылуы мен орналастырылуын айқындайтын және негіздейтін құжат;
5) уәкілетті орган – Жер кодексінің 14-1-бабында белгіленген құзыреті шегінде аудандардың және облыстық маңызы бар қалалардың жер қатынастары жөніндегі уәкілетті органы.";
10-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"10. Конкурсқа қатысуға арналған өтінім қағаз тасығышта қолма-қол не почта арқылы немесе "Ақпараттандыру туралы" Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес "электрондық үкіметтің" веб-порталы арқылы өтінімдерді беру мерзімі аяқталғанға дейін беріледі.
"Электрондық үкіметтің" веб-порталы арқылы берілген конкурсқа қатысуға арналған өтінім аудандардың, облыстық маңызы бар қалалардың жергілікті атқарушы органдарына электрондық құжат айналымы арқылы түседі. Конкурсқа қатысуға арналған конкурстық ұсыныс аудандардың, облыстық маңызы бар қалалардың жергілікті атқарушы органдарына өтінімдерді қабылдау басталған күннен бастап көрсетілген мерзім аяқталғанға дейін он бес жұмыс күні ішінде қолма-қол енгізіледі, одан кейін өтінім электрондық құжат айналымы жүйесінде тіркеледі.";
2) "Шаруа немесе фермер қожалығын, ауыл шаруашылығы өндірісін жүргізу үшін ауыл шаруашылығы мақсатындағы жер учаскесін уақытша өтеулі жер пайдаланудың (жалға алудың) үлгі шартын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары – Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2019 жылғы 30 қаңтардағы № 41 бұйрығында (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 18267 болып тіркелген):
кіріспесі мынадай редакцияда жазылсын:
"Қазақстан Республикасы Жер кодексінің 14-бабы 1-тармағының 2-4) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРAМЫН:";
көрсетілген бұйрықпен бекітілген Шаруа немесе фермер қожалығын, ауыл шаруашылығы өндірісін жүргізу үшін ауыл шаруашылығы мақсатындағы жер учаскесін уақытша өтеулі жер пайдаланудың (жалға алудың) үлгі шартында:
кіріспесі мынадай редакцияда жазылсын:
"_____________ қаласы (кенті, ауылы) 20__ жылғы "__" ________№ ____
Біз, төменде қол қойғандар, бұдан әрі "Жалға беруші" деп аталатын
___________________________________________________________ атынан
(жер қатынастары жөніндегі уәкілетті орган)
________________________________________________________________
(тұлғаның өкілдігін белгілейтін құжаттың ережесі, атауы және деректемелері)
негізінде әрекет ететін _____________________________________________
(басшының немесе уәкілетті
_________________________________________________________________
тұлғаның аты, әкесінің аты (бар болса), тегі)
бір тараптан және бұдан әрі "Жалға алушы" деп аталатын _______________
_________________________________________________________________
(Қазақстан Республикасының шетелдік қатысуы жоқ мемлекеттік емес заңды
_________________________________________________________________
тұлғалары үшін – атауы, Қазақстан Республикасының азаматтары үшін -
_______________________________________________________________
аты, әкесінің аты (бар болса), тегі) атынан
______________________________________________________________
(тұлғаның өкілдігін белгілейтін құжаттың
___________________________________________ негізінде әрекет ететін
жарғысы (ережесі), атауы және деректемелері)
________________________________________________________________
(Қазақстан Республикасының шетелдік қатысуы жоқ мемлекеттік емес заңды тұлғалар
____________________________________________________________________
үшін – басшының немесе уәкілетті тұлғаның аты, әкесінің аты (бар болса), тегі)
екінші тараптан төмендегілер туралы осы Шартты жасастық:".
2. Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің Жер ресурстарын басқару комитеті заңнамада белгіленген тәртіппен:
1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;
2) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің интернет-ресурсында орналастырылуын қамтамасыз етсін.
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы вице-министріне жүктелсін.
4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы министрінің міндетін атқарушы |
Е. Карашукеев |
"КЕЛІСІЛДІ"
Қазақстан Республикасы
Цифрлық даму, инновациялар және
аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі