"Нотариустардың нотариаттық іс-әрекет жасау ережесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Әділет министрінің 2012 жылғы 31 қаңтардағы № 31 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Әділет министрінің 2021 жылғы 27 тамыздағы № 752 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2021 жылғы 31 тамызда № 24155 болып тіркелді

      БҰЙЫРАМЫН:

      1. "Нотариустардың нотариаттық іс-әрекет жасау ережесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Әділет министрінің 2012 жылғы 31 қаңтардағы № 31 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 7447 тіркелген) мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:

      көрсетілген бұйрықпен бекітілген Нотариустардың нотариаттық іс-әрекет жасау ережесінде:

      44-тармақтың алтыншы абзацы мынадай редакцияда жазылсын:

      "Егер неке шартында жұбайлар арасында бөлінетін меншік режимі белгіленбеген болса:

      жұбайының біреуі Қазақстан Республикасында уақытша жүрген шетелдiк болған жағдайда ("Шетелдiктердiң құқықтық жағдайы туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 9-бабы) тұрғын үйлерді сатып алу жөніндегі шарттар;

      жұбайының біреуі мұндай жер учаскесін сатып алуға құқығы жоқ тұлға болған жағдайда (Қазақстан Республикасы Жер кодексінің 23 және 24-баптары) жер учаскелерін сатып алу жөніндегі шарттар нотариаттық куәландыруға жатпайды.";

      49-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "49. Нотариус мыналарды:

      1) шетелдіктерге, азаматтығы жоқ адамдарға, шетелдік заңды тұлғаларға, шетелдік қатысуы бар Қазақстан Республикасының заңды тұлғаларына, халықаралық ұйымдарға, халықаралық қатысуы бар ғылыми орталықтарға, сондай-ақ қандастарға ауыл шаруашылығы өндiрiсiн, шаруа немесе фермер қожалығын, жеке қосалқы шаруашылық жүргiзуге, орман өсiруге, бақ шаруашылығына және саяжай құрылысына арналған жер учаскелерін (Қазақстан Республикасы Жер Кодексiнiң 23 және 24-баптары);

      2) шетелдіктерге, азаматтығы жоқ адамдарға, шетелдік заңды тұлғаларға, шетелдік қатысуы бар Қазақстан Республикасының заңды тұлғаларына, халықаралық ұйымдарға, халықаралық қатысуы бар ғылыми орталықтарға, сондай-ақ қандастарға ауыл шаруашылығы мақсатындағы жер учаскелерін (Қазақстан Республикасы Жер Кодексiнiң 24-бабы);

      3) мемлекеттiк емес заңды тұлғаларға шаруа немесе фермер қожалығын, жеке қосалқы шаруашылық жүргiзуге, бақ шаруашылығына және саяжай құрылысына арналған жер учаскелерін (Қазақстан Республикасы Жер Кодексiнiң 23-бабы);

      4) шетелдiк жер пайдаланушыларға тұрақты жер пайдалану құқығын (Қазақстан Республикасы Жер Кодексiнiң 34-бабы);

      5) ерекше қорғалатын табиғи аумақтардағы жердi қоспағанда, жер учаскесiнде орналасқан жылжымайтын мүлiктi иелiктен шығаруға не кепiлге беруге байланысты жер пайдалану құқығын иелiктен шығару не оны кепiлге беру жағдайларынан басқа мемлекеттiк жер пайдаланушыларға тиесiлi жер пайдалану құқығын (Қазақстан Республикасы Жер Кодексiнiң 39-бабы) иелiктен айыруды куәландырмайды.".

      2. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің Тіркеу қызметі және заң қызметін ұйымдастыру департаменті заңнамада белгіленген тәртіппен осы бұйрықты мемлекеттік тіркеуді қамтамасыз етсін.

      3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасы Әділет вице-министріне жүктелсін.

      4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
Әділет министрі
М. Бекетаев

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады