Газ тазарту қондырғыларын пайдалану қағидаларын бекіту туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Экология, геология және табиғи ресурстар министрінің 2021 жылғы 9 қыркүйектегі № 367 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2021 жылғы 10 қыркүйекте № 24306 болып тіркелді

      Қазақстан Республикасының Экология кодексінің 207-бабының 3-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

      1. Қоса беріліп отырған Газ тазарту қондырғыларын пайдалану қағидалары бекітілсін.

      2. Қазақстан Республикасы Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігінің Экологиялық реттеу және бақылау комитеті заңнамада белгіленген тәртіппен:

      1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;

      2) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігінің интернет-ресурсында орналастырылуын;

      3) осы бұйрық Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде осы тармақтың 1) және 2) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтердің Қазақстан Республикасы Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігінің Заң департаментіне ұсынылуын қамтамасыз етсін.

      3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Экология, геология және табиғи ресурстар вице-министріне жүктелсін.

      4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
Экология, геология және табиғи
ресурстар министрі
М. Мирзагалиев
      "КЕЛІСІЛДІ"
Қазақстан Республикасы
Қаржы министрлігі
      "КЕЛІСІЛДІ"
Қазақстан Республикасы
Индустрия және инфрақұрылымдық
даму министрлігі
      "КЕЛІСІЛДІ"
Қазақстан Республикасы
Сауда және интеграция министрлігі
      "КЕЛІСІЛДІ"
Қазақстан Республикасы
Энергетика министрлігі
      "КЕЛІСІЛДІ"
Қазақстан Республикасы
Ұлттық экономика министрлігі
      "КЕЛІСІЛДІ"
Қазақстан Республикасы
Төтенше жағдайлар министрлігі

  Қазақстан Республикасының
Экология, геология және табиғи
ресурстар министрінің
2021 жылғы 9 қыркүйектегі
№ 367 Бұйрығымен бекітілген

Газ тазарту қондырғыларын пайдалану қағидалары 1-тарау. Жалпы ережелер

      1. Осы Газ тазарту қондырғыларын пайдалану қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) Қазақстан Республикасы Экология кодексінің 207-бабының 3-тармағына сәйкес әзірленді және газ тазарту қондырғыларын пайдалану тәртібін айқындайды.

      2. Қағидаларда пайдаланылатын негізгі ұғымдар мен анықтамалар:

      1) газды тазарту қондырғысы – газдарды ластаушы заттардан тазарту және (немесе) оларды залалсыздандыру үшін пайдаланылатын құрылыс, жабдық және аппаратура;

      2) газды тазарту аппараты – атмосфераны ластайтын заттарды селективті ұстау немесе залалсыздандыру процесі тікелей жүзеге асырылатын қондырғы элементі.

      Ауланатын немесе залалсыздандыратын заттың агрегаттық жай-күйіне байланысты газ тазарту қондырғылары газ тазалау және шаңұстағыш қондырғылары болып бөлінеді.

2-тарау. Газ тазарту қондырғыларын пайдалану тәртібі

      3. Газды тазарту қондырғылары жобаға сәйкес келетін немесе жөндеу жұмыстарының нәтижесінде алынған көрсеткіштермен жұмыс істейді.

      4. Газ тазарту қондырғыларын пайдалану кезінде қондырғының жұмыс режимін сипаттайтын негізгі көрсеткіштерді (оңтайлы режимнен ауытқу, анықталған ақаулар, жекелеген агрегаттардың ауытқу жағдайлары немесе барлық газ тазарту қондырғысының істен шығуы) қамтитын құжаттама жүргізіледі.

      5. Газды тазарту қондырғылары газды тазарту қондырғысы жұмысының нақты параметрлерінің жобалық сәйкестігіне жылына кемінде бір рет, сондай-ақ келесі жағдайларда тексеріледі:

      1) технологиялық жабдық өзгертілген режимде 3 (үш) айдан астам жұмыс істеген кезде немесе оны жаңа тұрақты жұмыс режиміне ауыстырған немесе жобалық отын түрі өзгерген кезде;

      2) газ тазарту қондырғысын күрделі жөндеуден немесе қайта жөндеуден кейін.

      Газды тазарту қондырғысы жұмысының нақты параметрлері жобаға сәйкес келмеген жағдайда, газды тазарту қондырғысын ауыстыру немесе қайта жаңарту бойынша шаралар қабылданады.

      Алынған нәтижелер осы Қағидаларға сәйкес газ тазарту қондырғысының паспортына енгізіледі.

      6. Егер жобада көзделген газдарды тазарту қондырғылары болмаған, ажыратылған немесе жобалық тазартуды және (немесе) залалсыздандыруды қамтамасыз етпеген жағдайда технологиялық жабдықты пайдалануға жол берілмейді.

      7. Газды химиялық агрессивті немесе абразивтік компоненттерден тазартуға арналған қондырғыларды пайдалану кезінде газды тазарту қондырғысының мерзімінен бұрын істен шығуын болдырмай, қорғау жабындарының бүтіндігі және металл конструкциялары мен жабдықтардың бұзылуының болмауы мұқият тексеріледі.

      8. Газды тазарту қондырғысын жөндеу технологиялық агрегат тоқтаған кезде жүргізіледі.

      9. Газды тазартудың сенімділігі мен дәрежесін арттыруға мүмкіндік беретін газды тазарту қондырғыларын жаңғырту жөніндегі іс-шаралар күрделі жөндеу жүргізу кезінде орындалады.

      10. Құрғақ механикалық тозаңұстағыштарды пайдалану шаңұстағыштардың, бункерлердің, люктердің, фланецті қосылыстарының корпусы герметикалық жай-күйде, газдың ағып кетуіне немесе ауаның рұқсат етілмейтін сорылуына жол бермей жүзеге асырылады.

      11. Дымқыл шаңұстағыштарды пайдалану дымқыл шаңұстағыштардың корпусы герметикалық жай-күйде, жарамды суару жүйесі мен шлам жинағышта жүзеге асырылады.

      12. Өнеркәсіптік сүзгіштерді пайдалану кезеңінде өнеркәсіптік сүзгінің гидравликалық кедергісі бақыланады, жобалық құжаттамада белгіленген шектерде тазартылатын газдың температурасы сақталады.

      13. Электрсүзгіштердің жұмыс істеу кезеңінде жобалық құжаттамада белгіленген электр режимі (тоқ шамасы, кернеу), газ және шаң жүктемесі (жұмыс аймағындағы газдың жылдамдығы, гидравликалық кедергі, аппаратқа кіретін шаңның көлемі мен концентрациясы), тазартылатын газдың температурасы сақталады.

      Электрсүзгіштің сыртқы тораптарын, шаң мен тозаңды түсіру жүйелерін қарау жүзеге асырылады және қарау кезінде анықталған ақаулықтар жойылады.

      Ұсталған шаң (қойыртпақ) дер кезінде алынып, белгіленген орындарға тасымалданады.

      14. Газды термиялық және термокаталитикалық тазалау кезінде жобалық құжаттамаға сәйкес тазартылған газдың құрамындағы атмосфераны ластайтын заттарды жағу режимі бақыланады.

  Газ тазарту қондырғыларын
пайдалану қағидаларына
қосымша

Газ тазарту қондырғысының паспорты

      1. Оператордың атауы және оның мекенжайы _______________________________________________________________ (операторлар және оның мекенжайы)

      2. Газ тазарту қондырғысының атауы және мақсаты, жоба авторы, пайдалануға берілген жылы.

      3. Газды тазарту қондырғысының схемасы (технологиялық агрегаттан атмосфераға газдардың шығарылу орнына дейінгі газ шығару жолы схемалық түрде көрсетіледі).

      4. Газ тазарту қондырғысы жұмысының пайдалану көрсеткіштері.

Оңтайлы (регламенттелетін) параметрлердің атауы Өлшем бірлігі Жұмыс көрсеткіштері
жобалау іске қосу-баптау нақты
қалыпты жағдайға келтіру жұмысшылар
күні күні күні
1 2 3 4 5 6 7 8

1. Газ (ауа) бойынша өнімділік
кіре берісте
шыға берісте

мың текше метр м3/сағ







2. Гидравликалық қарсылық

Кило
Паскаль,
Мега
Паскаль

3. Тазартылатын газдың (ауаның) температурасы
кіре берісте
шыға берісте

°С
°С

4. Тазартылатын газдың (ауаның) қысымы (сиретілуі)
кіре берісте

Кило
Паскаль,
Мега
Паскаль







5.Газдың (ауаның) ылғал сақтауы

грамм/
текше метр
г/м3

6. Тазартылған газдағы (ауадағы) зияндызаттардың концентрациясы
кіре берісте
шыға берісте

грамм/
текше метр
г/м3

7. Суаруғаарналған су (ерітінді) шығыны

мың
текше метр м3/сағ

8. Су қысымы (ерітінді)

Мега
Паскаль

9. Басқа сипаттамалық көрсеткіштер


      Өлшем бірліктері қалыпты жағдайға келтірілген 0°С, 101; 3 КилоПаскаль.

      4 - 8 графа жұмыс көрсеткіштері бойынша толтырылады.

      5. Газ тазарту қондырғысы жабдығының жекелеген тораптарына жүргізілген жөндеулер, ауыстыру немесе жаңғырту туралы мәліметтер

Күні

Торап аппаратының атауы

Зақымдану сипаты

Түйін аппаратының істен шығу себебі

Орындалған жұмыс

1

2

3

4

5






      Паспорт жасалды "____" _____________________20______ж.

      Оператор ___________________________________ (тегі, аты, әкесінің аты (болған жағдайда) _______________ (қолы)

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады