"Бірыңғай нотариаттық ақпараттық жүйенің тізілімдерін жүргізу ережесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Әділет министрінің 2021 жылғы 30 сәуірдегі № 360 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Әділет министрінің 2021 жылғы 13 қыркүйектегі № 794 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2021 жылғы 15 қыркүйекте № 24363 болып тіркелді

      БҰЙЫРАМЫН:

      1. "Бірыңғай нотариаттық ақпараттық жүйенің тізілімдерін жүргізу ережесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Әділет министрінің 2021 жылғы 30 сәуірдегі № 360 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 22697 тіркелген) мынадай өзгерістер енгізілсін:

      Бұйрықтың тақырыбына орыс тілінде өзгеріс енгізіледі, қазақ тіліндегі тақырып өзгермейді;

      кіріспе мынадай редакцияда жазылсын:

      "Нотариат туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 4-2-бабының 3-тармағына сәйкес, БҰЙЫРАМЫН";

      1-тармаққа орыс тілінде өзгеріс енгізіледі, қазақ тіліндегі мәтін өзгермейді;

      2. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің Тіркеу қызметі және заң қызметін ұйымдастыру департаменті заңнамада белгіленген тәртіппен осы бұйрықты мемлекеттік тіркеуді қамтамасыз етсін.

      3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасы Әділет вице-министріне жүктелсін.

      4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
Әділет министрі
М. Бекетаев

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады