Қауіпті қалдықтар паспортының нысанын бекіту туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Экология, геология және табиғи ресурстар министрінің 2021 жылғы 20 тамыздағы № 335 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2021 жылғы 16 қыркүйекте № 24386 болып тіркелді

      Қазақстан Республикасының Экология кодексінің 343-бабының 3 тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

      1. Қоса беріліп отырған Қауіпті қалдықтар паспортының нысаны бекітілсін.

      2. Мыналардың:

      1) "Қауіпті қалдықтар паспортының нысанын бекіту туралы" Қазақстан Республикасының Қоршаған ортаны қорғау министрінің 2007 жылғы 30 сәуірдегі № 128-ө бұйрығы (Нормативтік құқықтық кесімдерді мемлекеттік тіркеудің тізіліміне № 4720 тіркелген);

      2) "Қауіпті қалдықтар паспортының нысанын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Қоршаған ортаны қорғау министрінің 2007 жылғы 30 сәуірдегі № 128-ө бұйрығына өзгеріс енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Энергетика министрінің 2016 жылғы 27 желтоқсандағы № 569 бұйрығы (Нормативтік құқықтық кесімдерді мемлекеттік тіркеудің тізіліміне № 14746 тіркелген) күші жойылды деп танылсын.

      3. Қазақстан Республикасы Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігінің Қалдықтарды басқарудағы мемлекеттік саясат департаментіне заңнамада белгіленген тәртіппен:

      1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;

      2) осы бұйрықтың ресми жарияланғаннан кейін Қазақстан Республикасы Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігінің интернет-ресурсында орналастырылуын;

      3) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігінің Заң қызметі департаментіне осы тармақтың 1) және 2) тармақшаларында көзделген шаралардың орындалғаны туралы мәліметтердің ұсынылуын қамтамасыз етсін.

      4. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Экология, геология және табиғи ресурстар вице-министріне жүктелсін.

      5. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасы
Экология, геология және
табиғи ресурстар министрі
С. Брекешев

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасы

      Индустрия және инфрақұрылымдық

      даму министрлігі

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасы

      Қаржы министрлігі

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасы

      Сыртқа істер министрлігі

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасы

      Ұлттық экономика министрлігі

  Қазақстан Республикасы
Экология, геология және
табиғи ресурстар министрі
2021 жылғы 20 тамыздағы
№ 335 бұйрығымен
бекітілген

Қауіпті қалдықтар паспортының нысаны

Қауіпті қалдықтардың атауы және олардың қалдықтар сыныптауышына сәйкес коды

Қалдықтарды түзушінің деректемелер: жеке тұлға үшін жеке сәйкестендіру нөмірі және заңды тұлға үшін бизнес сәйкестендіру нөмірі, оның тұрған жері

Қауіпті қалдықтар түзілетін объектінің тұрған жері

Қалдықтардың шығу тегі: бастапқы тауардың (өнімнің) атауымен бірге, нәтижесінде қалдықтар түзілген технологиялық процестің немесе нәтижесінде тауар (өнім) өзінің тұтынушылық қасиеттерін жоғалтқан процестің атауы

Қалдықтардың қауіпті қасиеттерінің тізбесі

Қалдықтардың химиялық құрамы және олардың құрамдастарының қауіпті қасиеттерінің сипаттамасы

Қалдықтарды басқарудың ұсынылатын тәсілдері

Қалдықтарды басқару кезіндегі қажетті сақтық шаралары

Қалдықтарды тасуға және тиеу-түсіру жұмыстарын жүргізуге қойылатын талаптар

Қауіпті қалдықтарға байланысты табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайлардың және олардың салдарларының алдын алу және жою жөніндегі, оның ішінде тасу және тиеу-түсіру жұмыстарын жүргізу кезіндегі шаралар

Қосымша ақпарат (қалдықтарды түзуші хабарлайтын өзге де ақпарат).

1

2

3

4

5

6

7

8

9

10

11












      Осы арқылы мен осы қалдықтардың құрамында көрсетілген концентрацияларда жоғарыда аталған компоненттер ғана бар екенін (талдаулар, тестілер, бастапқы шикізат және осы қалдықтардың пайда болу технологиясы туралы білім және басқалар арқылы), соның нәтижесінде қалдықтар мен қауіпті деп жіктелгенін тексердім деп мәлімдеймін.

      Зертханалық зерттеулердің нәтижелері қоса беріледі (қажет болған жағдайда).

      Ақпарат сенімді, дәл және толық.

      Кәсіпорын басшысы ________________________________________________________

                                    Тегі, аты, әкесінің аты (бар болса), қолы

      20___ жылдың "______" ___________________

      Мөр орны (егер бар болса)

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады