"Кедендік әкелу баждарын төлеуді кейінге қалдыруды немесе бөліп төлеуді ұсыну үшін негіздемелердің растау қағидаларын және кедендік әкелу баждарын төлеуді кейінге қалдыруды немесе бөліп төлеуді беру немесе оны беруден бас тарту туралы шешімнің нысандарын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2018 жылғы 14 ақпандағы № 180 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2021 жылғы 15 қыркүйектегі № 943 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2021 жылғы 17 қыркүйекте № 24403 болып тіркелді

      БҰЙЫРАМЫН:

      1. "Кедендік әкелу баждарын төлеуді кейінге қалдыруды немесе бөліп төлеуді ұсыну үшін негіздемелерді растау қағидаларын және кедендік әкелу баждарын төлеуді кейінге қалдыруды немесе бөліп төлеуді беру немесе оны беруден бас тарту туралы шешімнің нысандарын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2018 жылғы 14 ақпандағы № 180 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 16603 болып тіркелді) мынадай өзгерістер енгізілсін:

      кіріспе мынадай жаңа редакцияда жазылсын:

      ""Қазақстан Республикасындағы кедендік реттеу туралы" Қазақстан Республикасы Кодексінің 92-бабы 4 және 6-тармақтарына және "Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 10-бабы 1) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:";

      1-тармақ мынадай жаңа редакцияда жазылсын:

      "1. Мыналар:

      1) осы бұйрыққа 1-қосымшаға сәйкес Кедендік әкелу баждарын төлеуін кейінге қалдыруды немесе бөліп төлеуді ұсыну үшін негіздемелерін растау қағидалары;

      2) осы бұйрыққа 2-қосымшаға сәйкес кедендік әкелу баждарын төлеуді кейінге қалдыру немесе бөліп төлеуді беру туралы шешімнің нысаны;

      3) осы бұйрыққа 3-қосымшаға сәйкес кедендік әкелу баждарын төлеуді кейінге қалдыру немесе бөліп төлеуге бас тарту туралы шешімнің нысаны бекітілсін.";

      көрсетілген бұйрықпен бекітілген, Кедендік әкелу баждарын төлеуін кейінге қалдыруды немесе бөліп төлеуді ұсыну үшін негіздемелерін растау қағидаларында:

      1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "1. Кедендік әкелу баждарын төлеуін кейінге қалдыруды немесе бөліп төлеуді ұсыну үшін негіздемелерін растау қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) "Қазақстан Республикасындағы кедендік реттеу туралы" Қазақстан Республикасы Кодексінің (бұдан әрі – Кодекс) 92-бабы 4 және 6-тармақтарына, "Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы" Қазақстан Республикасы Заңының (бұдан әрі – Заң) 10-бабы 1) тармақшасына сәйкес әзірленген және "Кедендік әкелу баждарын төлеуін мерзімдерін өзгерту" мемлекеттік көрсетілетін қызмет (бұдан әрі – мемлекеттік көрсетілетін қызмет) тәртібін айқындайды.";

      4-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "4. Құжаттарды қарау және мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесін беру мерзімі олар келіп түскен күннен бастап 5 (бес) жұмыс күнінен аспайды.

      Көрсетілетін қызметті алушы келу тәртібімен Мемлекеттік корпорацияға қағаз жеткізгіште толық құжаттар топтамасын ұсынған жағдайда:

      1) 15 (он бес) минут ішінде – Мемлекеттік корпорацияның қызметкері көрсетілетін қызметті алушы Мемлекеттік корпорацияға ұсынған құжаттарды қабылдайды, тексереді және тіркейді және оларды қабылдағаны туралы қолхат береді;

      2) 1 (бір) жұмыс күні ішінде – Мемлекеттік корпорацияның курьерлік қызметі көрсетілетін қызметті берушіге құжаттарды береді;

      Мемлекеттік корпорация арқылы қағаз жеткізгіште мемлекеттік қызмет көрсету кезінде өтініштер мен құжаттарды қабылдау күні мемлекеттік қызмет көрсету мерзіміне кірмейді.

      4 (төрт) сағат ішінде – көрсетілетін қызметті берушінің кеңсе қызметкері курьерлік қызмет ұсынған құжаттарды қабылдайды, ЭҚАБЖ-да тіркейді және құжаттар топтамасын қарау үшін көрсетілетін қызметті берушінің басшысына не оның міндетін атқарушыға береді, ол көрсетілетін қызметті берушінің жауапты орындаушысын айқындайды.

      Көрсетілетін қызметті берушінің жауапты орындаушысы осы Қағидалардың 4-тармағының бірінші бөлігінде көрсетілген мерзімде өтініште көрсетілген мәліметтердің және (немесе) мемлекеттік қызметті көрсету үшін қажетті ұсынылған құжаттардың Кодекстің 92-бабында және осы Қағидаларда белгіленген талаптарға сәйкестігін тексереді.

      Осы Қағидаларға сәйкес, мемлекеттік қызметті көрсету үшін қажетті ақпарат болмаған жағдайда, көрсетілетін қызметті берушінің қызметкері ұсынылған құжаттар келіп түскен күннен бастап 2 (екі) жұмыс күн ішінде көрсетілетін қызметті алушыға ұсынылған құжаттар топтамасы қандай талаптарға сәйкес келмейтінін және оны сәйкес келтіру мерзімін көрсетеді.

      Хабарламада көрсетілген құжаттарды сәйкестендіру мерзімі 2 (екі) жұмыс күнін құрайды.

      Егер хабарлама алған күннен бастап 2 (екі) жұмыс күні ішінде көрсетілетін қызметті алушы оны талаптарға сәйкес келтірмеген болса, көрсетілетін қызметті беруші өтінішті одан әрі қараудан бас тартады.

      Егер мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тартуға негіздер анықталған болса, көрсетілетін қызметті беруші көрсетілетін қызметті алушыға мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тарту туралы алдын-ала шешім туралы, сондай-ақ тыңдауды өткізу уақыты мен орны (әдісі) туралы хабарлау алдын-ала шешім бойынша көрсетілетін қызметті алушыға позициясын білдіру мүмкіндігі үшін хабарлайды.

      Тыңдау туралы хабарлама мемлекеттік қызметтерді көрсету мерзімі аяқталғанға дейін кемінде 3 (үш) жұмыс күн бұрын жіберіледі. Тыңдау хабарлама жіберілген күннен бастап 2 (екі) жұмыс күнінен кешіктірілмей өткізіледі.

      Тыңдау нәтижелері бойынша хаттама жасалады және көрсетілетін қызметті беруші рұқсат немесе мемлекеттік қызмет көрсетуден дәлелді бас тартуды береді.

      Бұл жағдайда, көрсетілетін қызметті алушының сұрауы болған жағдайда, тыңдау рәсімі жүргізілмеуі мүмкін.

      Кедендік әкелу баждарын төлеуді кейінге қалдыруды немесе бөліп төлеуді беру туралы не осы Қағидаларға 1-қосымшаның 9-тармағында көрсетілген жағдайларда және негіздемелер бойынша кедендік әкелу баждарын төлеуді кейінге қалдыруды немесе бөліп төлеуді беруден бас тарту туралы шешім мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесі болып табылады.

      Көрсетілетін қызметті берушінің жауапты орындаушысы мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесін көрсетілетін қызметті берушінің басшысына не оның міндетін атқарушы тұлғаға жолдайды.

      Мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесіне көрсетілетін қызметті берушінің басшысы не оның міндетін атқарушы тұлға қол қояды және Мемлекеттік корпорацияға курьерлік қызмет арқылы жіберіледі.

      1 (бір) жұмыс күні ішінде – Мемлекеттік корпорацияның қызметкері мемлекеттік көрсетілетін қызмет нәтижесін алады.";

      5-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "5. Заңның 5-бабы 2-тармағының 11) тармақшасына сәйкес деректерді мемлекеттік қызметтерді көрсету мониторингінің ақпараттық жүйесіне енгізу "Мемлекеттік көрсетілетін қызметтерді көрсету мониторингінің ақпараттық жүйесіне мемлекеттік көрсетілетін қызметті көрсету сатысы туралы деректер енгізу қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрінің міндетін атқарушының 2013 жылғы 14 маусымдағы № 452 бұйрығымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 8555 болып тіркелген) бекітілген Мемлекеттік көрсетілетін қызметтерді көрсету мониторингінің ақпараттық жүйесіне мемлекеттік көрсетілетін қызметті көрсету сатысы туралы деректер енгізу қағидаларында белгіленеді.";

      6-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "6. Көрсетілетін қызметті алушы мемлекеттік қызметтерді көрсету нәтижелерімен келіспеген жағдайда көрсетілетін қызметті берушінің әрекеттеріне (әрекетсіздігіне), шешімдеріне шағым Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес:

      көрсетілетін қызметті беруші басшысының атына;

      салықтардың және бюджетке төлемдердің түсуін қамтамасыз ету саласында басшылықты жүзеге асыратын уәкілетті органның басшысының атына;

      мемлекеттік қызметтерді көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті органға беріледі.

      Бұл ретте, Мемлекеттік корпорация қызметкерлерінің әрекеттеріне (әрекетсіздігіне) шағым Мемлекеттік корпорация арқылы қызмет көрсету кезінде Мемлекеттік корпорация басшысының атына, немесе ақпараттандыру саласындағы уәкілетті органға беріледі.

      Мемлекеттік қызметтерді тікелей көрсететін көрсетілетін қызметті берушінің, Мемлекеттік корпорацияның атына келіп түскен көрсетілетін қызметті алушының шағымы Заңның 25 бабы 2-тармағына сәйкес оның тіркелген күнінен бастап 5 (бес) жұмыс күні ішінде қаралуға жатады.

      Мемлекеттік қызметтерді көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті органға келіп түскен көрсетілетін қызметті алушының шағымы оның тіркелген күнінен бастап 15 (он бес) жұмыс күні ішінде қаралуға жатады.

      Мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері бойынша шағымды қарауды жоғары тұрған әкімшілік орган, лауазымды адам, мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті орган (бұдан әрі – шағымды қарайтын орган) жүргізеді.

      Шағымдар көрсетілетін қызметті берушіге және (немесе) шешіміне, әрекетіне (әрекетсіздігіне) шағым жасалып отырған лауазымды адамға беріледі.

      Көрсетілетін қызметті беруші шешіміне, әрекетіне (әрекетсіздігіне) шағым жасалып отырған лауазымды тұлға шағым келіп түскен күннен бастап 3 (үш) жұмыс күнінен кешіктірмей оны және әкімшілік істі шағымды қарайтын органға жібереді.

      Бұл ретте көрсетілетін қызметті беруші, лауазымды адам, шешімге, әрекетке (әрекетсіздікке) шағым жасайды, егер ол 3 (үш) жұмыс күні ішінде шағымда көрсетілген талаптарды толық қанағаттандыратын шешім не өзге әкімшілік әрекет қабылдаса, шағымды қарайтын органға шағым жібермеуге құқылы.

      Егер заңда өзгеше көзделмесе, сотқа жүгінуге сотқа дейінгі тәртіппен шағым жасалғаннан кейін жол беріледі.";

      көрсетілген қағидаларға 1-қосымша осы бұйрыққа 1-қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын;

      көрсетілген қағидаларға 2-қосымша осы бұйрыққа 2-қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын;

      көрсетілген бұйрықпен бекітілген, кедендік әкелу баждарын төлеуді кейінге қалдыру немесе бөліп төлеуге туралы шешімнің нысаны осы бұйрыққа 3-қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын;

      көрсетілген бұйрықпен бекітілген, кедендік әкелу баждарын төлеуді кейінге қалдыру немесе бөліп төлеуге бас тарту туралы шешімнің нысаны осы бұйрыққа 4-қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.

      2. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік кірістер комитеті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:

      1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;

      2) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің интернет-ресурсында орналастырылуын;

      3) осы бұйрық Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде осы тармақтың 1) және 2) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Заң қызметі департаментіне ұсынуды қамтамасыз етсін.

      3. Осы бұйрық 2021 жылғы 1 шілдеден бастап қолданысқа енгізіледі және ресми жариялануға жатады.

      Қазақстан Республикасының
Қаржы министрі
Е. Жамаубаев
      "КЕЛІСІЛДІ"
Қазақстан Республикасы
Ауыл шаруашылығы министрлігі
      "КЕЛІСІЛДІ"
Қазақстан Республикасы
Индустрия және инфрақұрылымдық
даму министрлігі
      "КЕЛІСІЛДІ"
Қазақстан Республикасы
Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш
өнеркәсібі министрлігі
      "КЕЛІСІЛДІ"
Қазақстан Республикасы
Ішкі істер министрлігі

  Қазақстан Республикасы
Қаржы министрінің
2021 жылғы 15 қыркүйектегі
№ 943 Бұйрыққа
1-қосымша
Кедендік әкелу баждарын
өлеуді кейінге қалдыруды
немесе бөліп төлеуді ұсыну үшін
негіздемелерін растау
қағидаларына
1-қосымша

"Кедендік баждарды төлеу мерзімін өзгерту" мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты

1

Көрсетілетін қызметті берушінің атауы

Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігі Мемлекеттік кірістер комитетінің облыстар, Нұр-Сұлтан, Алматы және Шымкент қалалары бойынша аумақтық органдары

2

Мемлекеттік қызметтерді ұсыну жолдары

Өтініштерді қабылдау және мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесін беру "Азаматтарға арналған үкімет" Мемлекеттік корпорациясы" Коммерциялық емес акционерлік қоғам (бұдан әрі – Мемлекеттік корпорация) арқылы жүзеге асырылады

3

Мемлекеттік қызметті көрсету мерзімдері

Құжаттар топтамасын тапсырған сәттен бастап – 5 (бес) жұмыс күн

4

Мемлекеттік қызметті көрсету нысаны

Қағаз түрінде

5

Мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесі

Кедендік әкелу баждарын төлеуді кейінге қалдыру немесе бөліп төлеуді туралы шешім немесе кедендік әкелу баждарын төлеуді кейінге қалдыру немесе бөліп төлеуге бас тарту туралы шешім

6

Көрсетілген қызметті алушыдан мемлекеттік қызметтер көрсету кезінде өндіріп алынатын төлем мөлшері және Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген жағдайларда оны жинау тәсілдері

Мемлекеттік көрсетілетін қызмет тегін ұсынылады

7

Жұмыс кестесі

Мемлекеттік корпорацияда – Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына сәйкес жексенбіні, мереке күндерін қоспағанда, түскі үзіліссіз, дүйсенбіден сенбіге дейін, белгіленген жұмыс кестесіне сәйкес сағат 9.00-ден сағат 20.00-ге дейін.
Қабылдау көрсетілетін қызметті алушының тіркелу орны бойынша жедел қызмет көрсетусіз электрондық кезек тәртібінде жүзеге асырылады, электрондық кезекті портал арқылы броньдауға болады.

8

Мемлекеттік қызметтер көрсету үшін қажетті құжаттар тізімі

Мемлекеттік корпорация:
1) осы Кедендік әкелу баждарын төлеуді кейінге қалдыруды немесе бөліп төлеуді ұсыну үшін негіздемелерін растау қағидаларына 2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша өтініш;
2) өтінішке кедендік әкелу баждарын төлеуді кейінге қалдыруды немесе бөліп төлеуді ұсыну және "Қазақстан Республикасындағы кедендік реттеу туралы" Қазақстан Республикасы Кодексінің 92-бабы 2-тармағында көрсетілген негіздемелерін растау үшін қажетті құжаттардың тізбесі қоса беріледі:
төлеушіге дүлей зілзала, технологиялық апат немесе еңсерілмейтін күштің өзгеде мән-жайлары нәтижесінде залал келтірілген кезде:
Табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайлардың алдын алу және оларды жою, халыққа щұғыл медициналық және психологиялық көмек көрсету, өрт қауіпсіздігін қамтамасыз ету және Қазақстан Республикасының және оның аумақтық бөлімшелерінің және (немесе) индустрия және индустриялық-инновациялық қызмет салаларында өнеркәсіптік қауіпсіздік және оның аумақтық бөлімшілері бөлігіндегі азаматтық қорғау саласындағы мемлекеттік органдардың аумақтық бөлімшелерінің төтенше жағдайлар туралы жазбаша растауы;
шарт (келісімшарт) және коммерциялық құжаттар;
кедендік әкелу баждарын төлеушіге мемлекеттік бюджеттен қаржыландыру немесе осы тұлға орындаған мемлекеттік тапсырысқа ақы төлеу кідіртілген кезде;
мемлекеттік бюджеттен қаржыландыру немесе осы тұлға орындаған мемлекеттік тапсырысқа ақы төлеуді кідірту туралы мемлекеттік бюджеттік бағдарламалардың тиісті әкімшісінің жазбаша растауы;
шарт (келісімшарт) және коммерциялық құжаттар;
Қазақстан Республикасының халықаралық шарттары шеңберінде тауарларды жеткізуді жүзеге асыру кезінде;
Қазақстан Республикасының тиісті халықаралық шарттарының расталған көшірмелері;
шарт (келісімшарт) және коммерциялық құжаттар;
Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттердің ауыл шаруашылығы қызметін жүзеге асыратын ұйымдар Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік аумағына, көшет немесе себу материалдарын, өсімдіктерді қорғау құралдарын, ауыл шаруашылығы техникасын, асыл тұқымды мал шаруашылығы объектілерін (асыл тұқымды ауыл шаруашылығы жануарларын, құстарды, балықтарды және асыл тұқымды мал шаруашылығының басқа объектілерін), асыл тұқымды өнімді (материалды), жануарларды азықтандыру үшін пайдаланылатын өнімдерді әкелу не оларды көрсетілген ұйымдар үшін жеткізу кезінде;
ауыл шаруашылығы қызметін жүзеге асыратын заңды тұлғаны мемлекеттік тіркеу туралы анықтамасы немесе куәлігі, көрсетілетін қызметті беруші ақпараттық жүйелерден "электрондық үкімет" шлюзі арқылы алады;
шарт (келісімшарт) және коммерциялық құжаттар.
Кодекстің 92-бабы 3-тармағында көрсетілген негіздемелерді растау үшін өтінішке кедендік әкелу баждарын төлеуді кейінге қалдыруды немесе бөліп төлеуді ұсыну үшін қажетті құжаттардың тізбесі қоса беріледі:
өнеркәсіптік қайта өңдеуде пайдалану үшін тауарларды, оның ішінде шикізатты, материалдарды, технологиялық жабдықты, олардың құрауыштарын мен оның қосалқы бөлшектерін әкелу кезінде:
шикізаттың, материалдардың, технологиялық жабдықтың, оларды өнеркәсіптік қайта өңдеуде пайдалану үшін құрауыштар мен оның қосалқы бөлшектерін, сондай-ақ коммерциялық құжаттарын жеткізу туралы шарт (келісімшарт);
әкелінетін тауарларды шикізат, материалдар, технологиялық жабдық, құрауыштар және оның қосалқы бөлшектері ретінде пайдалана отырып өндірудің технологиялық схемасы (өндірістің фрагменті).
3) кедендік әкелу баждарын бөліп төлеуді ұсынуы кезінде толтырылады кедендік әкелу баждарын бөліп төлеу кезеңінің кестесі.

9

Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тарту үшін негіздер

1) осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартының 8-тармағында көрсетілген құжаттар ұсынылмаған, немесе мерзімі өтіп кеткен құжаттар көрсетілген;
2) ұсынылған құжаттар Кодекстің 92-бабымен және Кедендік әкелу баждарын төлеуін кейінге қалдыруды немесе бөліп төлеуді ұсыну үшін негіздемелерін растау қағидасымен белгіленген талаптарға сәйкес келмейді;
3) көрсетілетін қызметті алушының кедендік баждар, кедендік алымдар, салықтар, арнайы, демпингке қарсы, өтем баждары, өсімпұлдар, пайыздар бойынша берешегінің болуы;
4) көрсетілетін қызметті алушыға қатысты банкроттық рәсім қозғалуы немесе құқық бұзушылық белгілері бойынша қылмыстық іс қозғалуы.

10

Мемлекеттік қызметті көрсету, оның ішінде электрондық нысанда көрсету ерекшеліктері ескеріле отырып қойылатын өзге де талаптар

1) Мемлекеттік көрсетілетін қызметті көрсету орындарының мекенжайлары көрсетілетін қызметті берушінің - www. kgd. gov. kz, www. minfin. gov. kz интернет-ресурстарында орналастырылған.
2) Көрсетілетін қызметті алушының мемлекеттік көрсетілетін қызметті көрсету тәртібі және мәртебесі туралы ақпаратты Бірыңғай байланыс орталығы арқылы қашықтықтан қол жеткізу режимінде алуға мүмкіндігі бар.
3) Бірыңғай байланыс орталығының байланыс телефондары: 1414, 8-800-080-7777.

  Қазақстан Республикасы
Қаржы министрінің
2021 жылғы 15 қыркүйектегі
№ 943 Бұйрыққа
2-қосымша
Кедендік әкелу баждарын
төлеуді кейінге қалдыруды
немесе бөліп төлеуді ұсыну үшін
негіздемелерін растау
қағидаларына
2-қосымша
  нысан
  ____________________________
(заңды тұлғаның толық атауы
немесе тегі, аты, әкесінің аты
(егер ол жеке басын
куәландыратын құжатта
көрсетілсе) (бұдан әрі – аты-
өні)
____________________________
(заңды мекен-жайы)
____________________________
(нақты мекен-жайы немесе
тұрғылықты жері)
____________________________
(бизнес-сәйкестендіру нөмірі
немесе жеке сәйкестендіру
нөмірі)
____________________________
(электрондық мекен-жайы,
телефон)
____________________________
(мемлекеттік кірістер
органының атауы)

Кедендік әкелу баждарын төлеуді кейінге қалдыру немесе бөліп төлеуге туралы шешім қабылдау өтініші

      "Қазақстан Республикасындағы кедендік реттеу туралы" Қазақстан Республикасы Кодексінің (бұдан әрі –Кодекс) 92-бабының 6-тармағына сәйкес кедендік әкелу баждарын төлеуді кейінге қалдыру немесе бөліп төлеу туралы шешім қабылдауды сұраймыз.

      Шарт (келісімшарт), коммерциялық құжаттар

      __________________________________________________________________ __________________________________________________________________ (нөмірі (ол болған кезде ) және күні)

Тауардың атауы және сипаттамасы

Тауардың саны (өлшем бірлігінің көрсетілуімен)

Еуразиялық экономикалық одақтың Сыртқы экономикалық қызметтің тауар номенклатурасы (бұдан әрі - ЕАЭО СЭҚ ТН)*





      Тиісті ұяшықтың бірі Х белгісімен белгіленеді:



      кедендік әкелу баждарын төлеуді кейінге қалдыру ұсыну туралы;



      кедендік әкелу баждарын бөліп төлеуді ұсыну туралы.

Кедендік әкелу баждарын төлеу мерзімдерін өзгерту мына негіздемелер бойынша іске асырылады (тиісті ұяшықтың бірі Х белгісімен белгіленеді):



      Кодекстің 92-бабының 1-тармағына сәйкес;



      кедендік әкелу баждарын төлеушіге дүлей зілзала, технологиялық апат немесе мән-жайлары салдарынан зиян келтіруі өзге еңсерілмейтін күш;



      кедендік әкелу баждарын төлеушіге мемлекеттік бюджеттен қаржыландыруды немесе осы тұлға орындаған мемлекеттік тапсырысқа ақы төлеуді кідіртуі;



      Қазақстан Республикасының халықаралық шарттары шеңберінде жеткізулерді жүзеге асыруы;



      ауыл шаруашылығы қызметін жүзеге асыратын ұйымдардың Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік аумағына, көшет немесе егу материалдарын, өсімдіктерді қорғау құралдарын, ауыл шаруашылығы техникасын, асыл тұқымды мал шаруашылығы объектілерін (асыл тұқымды ауыл шаруашылығы жануарларын, құстарды, балықтарды және асыл тұқымды мал шаруашылығының басқа объектілерін), асыл тұқымды өнімді (материалды), жануарларды азықтандыру үшін пайдаланылатын өнімдерді әкелген не олар көрсетілген ұйымдар үшін берілген кезде;



      өнеркәсіптік өңдеуге, оның ішінде шикізатты, материалдарды, технологиялық жабдықты, оның жинақтаушы және қосалқы бөлшектерін пайдалану үшін тауарларды Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік аумағына әкелу (кедендік әкелу баждары төлеуді кейінге қалдыру немесе бөліп төлеудің пайыздар төлеумен).

      Кедендік әкелу баждарын төлеуді кейінге қалдыру немесе бөліп төлеуге туралы шешім қабылдау кезінде тыңдауды өткізу қажет етеме

      (тиісті ұяшықтың бірі Х белгісімен белгіленеді):



      ия, қажет етеді



      жоқ, қажет етпейді

      Кедендік әкелу баждарын төлеуді кейінге қалдыру немесе бөліп төлеудің берілген мерзімі:

      __________________________________________________________________ (айдың саны)

      Төлеуді кейінге қалдыру немесе бөліп төлеуді ұсынуда төлеуге жататын кедендік әкелу баждардың сомасы

      **________________________________________________________________ (теңгеде)

      Бөлім кедендік әкелу баждарын бөліп төлеуді ұсынуы кезінде толтырылады кедендік әкелу баждарын бөліп төлеу кезінде кезеңімен бөліп төлеу кестесі:

Кедендік әкелу баждардың сомасы, теңгеде

Кедендік әкелу баждардың төлеу мерзімі

1



2




****

Барлығы***



      Өтінішке осы Кедендік әкелу баждарын төлеуді кейінге қалдыруды немесе бөліп төлеуді ұсыну үшін негіздемелерін растау қағидаларының 1-қосымшасының 8-тармағында көзделген тізбеге сәйкес құжаттар топтамасын қоса береміз:

      __________________________________________________________________ (нөмірі (ол болған кезде) және күні)

      Ескертпе:

      * Баған кедендік әкелу баждарын төлеуді кейінге қалдыруды немесе бөліп төлеуді Кодекстің 92-бабы 2-тармағының 4) тармақшасында және 3-тармағында белгіленген негіздер бойынша сұратылған кезде толтырылады, бұл ретте ЕАЭО СЭҚ ТН сәйкес тауарлардың сыныпталуының дұрыстығы кедендік декларациялауда кезінде айқындалады.

      ** Кейінге қалдыруды немесе бөліп төлеуді қатысты берілген кедендік әкелу баждарын төлеу сомасы, Қазақстан Республикасының салық заңнамасына сәйкес белгіленетін, кедендік әкелу баждарын төлеу бойынша кейінге қалдыруды немесе бөліп төлеуді беру туралы өтініш тіркеген күні қолданыста болатын валюталар айырбастаудың нарықтық бағамы бойынша жүргізіледі.

      *** Кедендік әкелу баждардың қортынды сомасы төлеуді кейінге қалдыру немесе бөліп төлеуді ұсынуда төлеуге жататын кедендік әкелу баждардың сомасына тең болуы керек.

      **** Кедендік әкелу баждарын төлеудің соңғы мерзімі кедендік әкелу баждарын төлеуді кейінге қалдыру немесе бөліп төлеудің берілген мерзімнен аспауы керек.

 
_________________________________________________ заңды тұлғаның толық атауы немесе жеке тұлғаның аты-жөні (егер ол жеке басын куәландыратын құжатта көрсетілсе)

________________
қолы

  Қазақстан Республикасы
Қаржы министрінің
2021 жылғы 15 қыркүйектегі
№ 943 Бұйрыққа
3-қосымша
Қазақстан Республикасының
Қаржы министрінің
2018 жылғы 14 ақпандағы
№ 180 бұйрығына
2-қосымша
  нысан

Кедендік әкелу баждарын төлеуді кейінге қалдыру немесе бөліп төлеуге туралы шешім

      № _________ 20 __ жылғы "___" ____________ _____________________________________________________________________ (мемлекеттік кірістер органдарының атауы) 20__ жылғы "___" _________ № ________ кедендік әкелу баждар төлшінің өтініші _____________________________________________________________________ (өтініш берушінің атауы) _____________________________________________________________________ (жеке сәйкестендіру нөмірі/бизнес–сәйкестендіру нөмірі немесе или бейрезиденттің бірегей сәйкестендіру нөмірі неризидента)

      Келісім (келісімшарт), коммерциялық құжаттар: ______________________________________ (нөмірі (ол болған кезде) және и мерзімі)

Тауардың атауы және сипаттамасы

Тауардың саны (өлшем бірлігінің көрсетілуімен)

Еуразиялық экономикалық одақтың Сыртқы экономикалық қызметтің тауар номенкратурасы*





      1. Тиісті екікөздің бірі Х белгісімен белгіленеді:


кедендік әкелу баждарын төлеуді кейінге қалдыру ұсыну туралы;



кедендік әкелу баждарын бөліп төлеуді ұсыну туралы.

      2. Кедендік әкелу баждарын төлеу мерзімдерін өзгерту мына негіздемелер бойынша іске асырылады (тиісті көздердің бірі Х белгісімен белгіленеді):


кедендік әкелу баждарын төлеушіге дүлей зілзала, технологиялық апат немесе мән-жайлары салдарынан зиян келтіруі өзге еңсерілмейтін күш;


кедендік әкелу баждарын төлеушіге мемлекеттік бюджеттен қаржыландыруды немесе осы тұлға орындаған мемлекеттік тапсырысқа ақы төлеуді кідіртуі;



Қазақстан Республикасының халықаралық шарттары шеңберінде жеткізулерді жүзеге асыруы;



ауыл шаруашылығы қызметін жүзеге асыратын ұйымдардың Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік аумағына, көшет немесе егу материалдарын, өсімдіктерді қорғау құралдарын, ауыл шаруашылығы техникасын, асыл тұқымды мал шаруашылығы объектілерін (асыл тұқымды ауыл шаруашылығы жануарларын, құстарды, балықтарды және асыл тұқымды мал шаруашылығының басқа объектілерін), асыл тұқымды өнімді (материалды), жануарларды азықтандыру үшін пайдаланылатын өнімдерді әкелген не олар көрсетілген ұйымдар үшін берілген кезде;



өнеркәсіптік өңдеуге, оның ішінде шикізатты, материалдарды, технологиялық жабдықты, оның жинақтаушы және қосалқы бөлшектерін пайдалану үшін тауарларды Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік аумағына әкелу (кедендік әкелу баждары төлеуді кейінге қалдыру немесе бөліп төлеудің пайыздар төлеумен).

      3. Кедендік әкелу баждарын төлеуді кейінге қалдыру немесе бөліп төлеудің берілген мерзімі:

      _____________________________________________________________________(айдың саны)

      4. Төлеуді кейінге қалдыру немесе бөліп төлеуді ұсынуда төлеуге жататын кедендік әкелу баждардың сомасы**

      _____________________________________________________________ (теңгеде)

      5. Бөлім кедендік әкелу баждардын бөліп төлеуді ұсынуы кезінде толтырылады кедендік әкелу баждарын бөліп төлеу кезінде кезеңімен бөліп төлеу кестесі бекітіледі:

№ т/б

Кедендік әкелу баждардың сомасы, теңгеде

Кедендік әкелу баждардың төлеу мерзімі

1



2




****

Қорытынды***



      Ескертпе

      * Кедендік әкелу баждарын төлеуін кейінге қалдыруды немесе бөліп төлеуді "Қазақстан Республикасындағы кедендік реттеу туралы" Қазақстан Республикасы Кодексінің 92-бабының 2-тармағының 4) тармақшасына, 3-тармақтарына айқындалған негіздердің болуын қатар толтырылады, бұл ретте СЭҚ ТН сәйкес тауарлардың классификациясы кедендік декларациялауда дұрыстығы айқындалады.

      ** Кейінге қалдыруды немесе бөліп төлеуді қатысты берілген кедендік әкелу баждарын төлеу сомасы, Қазақстан Республикасының салық заңнамасына сәйкес белгіленетін, кедендік әкелу баждарын төлеу бойынша кейінге қалдыруды немесе бөліп төлеуді беру туралы өтініш тіркеген күні қолданыста болатын валюталар айырбастаудың нарықтық бағамы бойынша жүргізіледі.

      *** Кедендік әкелу баждардың қортынды сомасы 3 бөлімде көрстеліген кедендік әкелу баждардың сомасына тең болуы керек

      **** Кедендік әкелу баждарын төлеу күні осы шешімнің 3 тармағында көрсетілген мерзімнен аспауы керек.

________________________________________________
Шешімді қабылдаған мемлекеттік кірістер органдарының лауазымды тұлғаның аты, тегі, әкесінің аты (ол болған кезде)

_________________
қолы

______________________________________________
Шешімге қол қойған мемлекеттік кірістер органның басшысы немесе орынбасары аты, тегі, әкесінің аты (ол болған кезде)

_________________
қолы

  Қазақстан Республикасы
Қаржы министрінің
2021 жылғы 15 қыркүйектегі
№ 943 Бұйрыққа
4-қосымша
  Қазақстан Республикасының
Қаржы министрінің
2018 жылғы 14 ақпандағы
№ 180 бұйрығына
3-қосымша
нысан

Кедендік әкелу баждарын төлеуді кейінге қалдыру немесе бөліп төлеуге бас тарту туралы шешім

      № _________ 20 __ жылғы "___"____________ __________________________________________________________________ (мемлекеттік кірістер органдарының атауы) 20__ жылғы "___" ___________________ № ________ кедендік әкелу баждар төлеушінің өтініші __________________________________________________________________, (өтініш берушінің атауы) __________________________________________________________________ (жеке сәйкестендіру нөмірі/бизнес–сәйкестендіру нөмірі немесе или бейрезиденттің бірегей сәйкестендіру нөмірі) Келісім (келісімшарт), коммерциялық құжаттар: ________________________________________________________________ (нөмірі (ол болған кезде) және и мерзімі) Тауар: _________________________________________________________________ (тауардың сипаттамасы, саны және тауардың өзге мінездемесі)

      Келесі негіздер бойынша кедендік әкелу баждарын төлеуді кейінге қалдыру немесе бөліп төлеуге бас тарту туралы шешім қабылданды (тиісті көздердің бірі Х белгісімен белгіленеді):



кедендік әкелу баждарын төлеуін кейінге қалдыруды немесе бөліп төлеуді ұсыну үшін негіздемелерді растайтын құжаттар тапсырылмаса



 

төлеушінің кедендік әкелу баждарын төлеу мерзімін кейінге қалдыру немесе бөліп төлеуге кедендік баждарды, кедендік алымдарды, салықтарды, арнайы, демпингке қарсы, өтемақы баждары, өсімпұлдарыды төлеу бойынша берешегі бар болса



Кедендік әкелу баждарын төлеушіге қатысты банкроттық рәсімі қозғалған болса



Кедендік әкелу баждарын төлеушіге қатысты қылмыстық құқық бұзұшылық белгілері бойынша қылмыстық іс қозғалғса, қабылданса


 
 
_________________________________________________ Шешімді қабылдаған мемлекеттік кірістер органдарының лауазымды тұлғаның аты, тегі, әкесінің аты (ол болған кезде)
 

________қолы

_________________________________________________ Шешімді қабылдаған мемлекеттік кірістер органдарының лауазымды тұлғаның аты, тегі, әкесінің аты (ол болған кезде)

________ қолы


Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады